Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
Факультет / институт “Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті”
Кафедра: Тарих және география
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Жаңартылған білім беру мазмұнында Қазақстан тарихын оқытудың әдістемесі
Тақырыбы: «Қазақстан және халықаралық ұйымдары»
Студент Бестасов Абусейт Тобы ИСТ-19-1
/Аты-жөні/ /қолы/
Жетекшісі: Аға оқытушы Серубаева Аурика Темирхановна
/ лауазымы / / Т. А. Ә. /
Қорғауға жіберілді" "20ж.
/ қолы/
Жұмыс қорғалған ""20ж. бағасы
/ жазбаша/
Комиссия мүшелері:
/Аты-жөні/ /қолы/
/Аты-жөні/ /қолы/
Тараз 2022
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ . . .
I. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР
- Қазақстан Республикасы және БҰҰ ынтымақтастығы . . .
1. 2 БҰҰ-ның басты органдары және олардын кызметі . . .
1. 3 Қазақстан Республикасы мен ЕҚЫҰ арасындағы карым-катынас . . .
II. ҚАЗАҚСТАН МЕН НАТО- БЕЙБІТШІЛІК ҮШІН ӘРIПТЕС
2. 1 Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық . . .
2. 2 Ғылым және қоршаған орта, Қоғамның ақпаратпен қамтамасыз етілуі. .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі:
Курстық жұмыстың сипаттамасы:
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті:
Курстық жұмыстың хронологиялық шегі:
Курстық жұмыстың маңызы:
I. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР
1. 1 Қазақстан Республикасы және БҰҰ ынтымақтастығы
Қазақстан Республикасы мен БҰҰ ынтымақтастығы Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бастап БҰҰ-ның және оның арнайы мекемелерінің жұмысына белсенді қатысуда. Бұл ынтымақтастык мемлекетіміздің сыртқы бағыттарының бірі. Осы бағыттың негізгі мақсаты саясатының басым халықаралық сахнада Қазақстан Республикасынын ғаламдық және аймактық кауiпсiздiк саласындағы стратегиялык мүдделерiн, саясат пен экономикада әділетті әлемдік тәртіп пен тұрақты даму ортасын құруды, әлемдік қауымдастық мүшелері арасындағы қарым-катынастарды үйлестіруді көздейді. Біріккен Ұлттар Ұйымы ұжымдық қауіпсіздік және халық-аралық ынтымақтастық арқылы бейбітшілікті сақтау мақсатымен II дуниежүзілік соғыстан кейін 1945 жылдың 26 маусымында 51 мемлекет катысуымен кұрылды. Біріккен Ұлттар Ұйымы ең ірі, бірегей халықаралык ұйым болып табылады және халықаралық катынастар жүйесінде маңызды рөл ойнайды. Аталмыш ұйымды құрған мемлекеттер бүкіл әлемде бейбітшілік және қауіпсіздікті сактау, ұлттар арасындағы достық катынастарды дамыту, әлеуметтік жағдайдын жақсаруына көмек көрсету, өмір және адам құқықтары саласы жағдайларын жақсарту колдаушылары болып табылды. Қазiргi кезде БҰҰ-на 193 мемлекет мүше болып табылады. БҰҰ әлем қауымдастығында орын алған дағдарыстар мен шиеленістерге, «қырғи-қабақ соғысына», жана мемлекеттер мен әртүрлi блоктардың ыдырауы мен кұрылуына қарамастан заманауи талаптарга бейiм ұйым екендiгiн дәлелдедi. БҰҰ қызметi ядролык соғыстын қауiп-қатерлерiн жоюға, адамзаттын жаһандық бейбітшілік жағдайында өмiр сүру мүмкіншіліктерін жасауға, отаршылык жүйенi жойып, кейбір аймактық шиеленiстердi шешуге мүмкіндік туғызды. Адам құқықтарын қорғау саласында әмбебап құжаттын әзірлеу мен қабылдау, гуманитарлык және табиғат қорғау салаларында халықаралық құқықтық база құруда да БҰҰ-ның рөлі зор. БҰҰ өз жарғысына сәйкес келесi негiзгi максаттарды көздейді:
-Дүниежүзінде бейбітшілік пен кауіпсіздікті сактау негіздеген:
-Ұлттар арасындағы достық қарым-қатынастарды дамыту:
-Халыкаралык мәселелерді шешуде халықаралық ынтымақтастыкты жүзеге асыру және адам құқығын құрметтеуді колдау:
-Ұлттар мен мемлекеттердің бірлесіп әрекет ететін орталығы болу:
Ұйым кызметі көп кырлы және ең ауқымды маңызды мәселелерді қамтиды. Атап айтар болсақ, тұрақты даму, ланкестікпен күрес, демократияны жандандыру және дамудың баскару жүйесінен бастап, қоршаған ортаны қорғау және ғаламдык медициналык мәселелерді шешу, сондай-ак, келешек ұрпактын тагдырын және ғаламдық қауіпсіздік мүддесін қамтитын кызметтердi үйлестіру және т. б. Тәуелсіз Қазақстан тарихында 1992 жылдың 2 наурыз Казакстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылдануымен ерекшеленеді. Елiмiз БҰҰ Бас Ассамблеясының 46-сессиясында 46/224 карарға сәйкес Ұйымның жаңа мүшесі болып кабылданды. Қазақстан БҰҰ-на мүше мемлекет ретінде болгандыктан 1992 жылдын күзiнде БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясына алғаш қазақстандык делегация катысты. Бұл сессияда Қазақстан Республикасынын Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халыкаралык саясат жөнiнде сөз сөйледі.
1992 жылдан бері Казакстан тек халықаралык қауымдастыктың белсенді мүшесі болып ғана қоймай, сонымен бірге өзiнiң лайыкты орнын тапкан бастамашыл ел ретiнде калыптасты. БҰҰ шеңберіндігі ұсынған Қазақстаннын негiзгi халыкаралык бастамаларын атап өтер болсак: Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастыктын манызды тарихи оқиғалары ретiнде 2002 жылғы 17-18 казандағы БҰҰ Бас Хатшылары Кофи Аннан мен 2010 жылғы 6-7 сәуірдегі Пан Ги Мунның Қазақстанга ресми сапарларын ерекше атауга болады. БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Муннын Семей сынак полигоны аумағына келуi аса манызды оқиға болды. Семей полигонында сөйлеген сөзінде Пан Ги Мун өзге мемлекеттерге Қазақ елінін үлгі болар iстерi көп екендiгiн және Қазақстан Республикасынын Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтын ядролык карудан бас тартып, полигонды жабу шешiмi онын ерекше көшбасшылык касиетiнiн белгiсi екенін ерекше атап өтті. Қазақстан БҰҰ-на мүше болганнан бері БҰҰ-ның барлық негізгі шараларына, халықаралык форумдарга белсене қатысып, ұйымдастыру шараларын да абыроймен аткарып келеді. Атап айтар болсак, олар: Теңізге шығу мүмкiндiгi жок елдер Конференциясы (2003 жылғы тамыз, Алматы), ЭСКАТО-н 63-сессиясы (2007 жылғы мамыр, Алматы), Алғашкы медициналық-санитарлық көмек көрсету Алматы Декларациясының 30 жылдығына арналған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Конференциясы (2008 жылғы казан, Алматы), Дүниежүзілік туристік ұйымының XVIII Бас Ассамблеясы (2009 жылғы қазан, Астана) Экологиялық мәселелердің өзектілігін ескере, Қазақстан Астана қаласында БҰҰ әлеуметтік қорғау және экология министрлерінің 6-Конференциясын (2010 жылғы кыркүйек, Астана) және Жалпы еуропалык «Қоршаған орта Еуропа үшін» атты 7-Конференциясын (2011 жыл, Астана) откiзуге ұсыныс жасады. Казакстан БҰҰ-нын көптеген мамандандырылған мекемелерiнiн және есірткі мәселелер жөніндегі, тұрақты даму бойынша, сондай-ак БҰҰ-нын екi аймактык Комиссиялары (ЕЭК, ЭСКАТО), ЮНЕП Баскарушылары, ЮНИСЕФ және ЮНЕСКО Аткарушы Кенесі сиякты функционалдык комиссияларының мүшесі болып табылады. 2010 жылы Қазақстан ресми түрде 2017-2018 жылдары Кауіпсіздік Кеңесінің (ҚК) тұрақсыз мүшелер құрамына, БҰҰ Бас Ассамблеясының 71-сессиясының төрағалығына, 2012-2015 жылдары БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Кеңесінің құрамына өз кандидатурасын ұсынды. Казакстан Республикасының БҰҰ аясында қарусыздандыру және ядролық қаруларды тараптау тәртібін нығайту саласында рөлі көпшілікте белгілі. Қазақстанның ғаламды ядролық қарудан азат ету шарасына коскан үлесін ерекше атаған жөн. Қазақстан әлемдегі ең iрi полигондарды ядролык сынак полигонын жауып, әлемдегі төртінші ядролык арсеналдан өз еркімен бас тарткан ел ретінде белгілі. Астана және Семей калаларында 2011 жылдын 12-13 қазанында өткен «Халықаралық ядросыз әлем үшін форумы» Семей полигоны жабылуының 20 жылдығына арналды. Семей өңірін сауықтыру шараларына әлем қоғамдастығын жұмылдыруға БҰҰ шеңберінде көптеген манызды іс-шаралар аткарылды. Көп жыл қатарынан «Халықаралык ынтымақтастык және кызметтiк үйлестіру мақсатымен Семей аймагынын халкы мен экологиясын және оның экономикалык дамуын оңалту атты БҰҰ-ның Бас Ассамблеясынын карарларына сәйкес Семей өңіріне халыкаралык бағдарлама асында көмек көрсетіледі.
БҰҰ-да карастырылатын барлык сұрактар жиынтығы бiздiң елiмiздiн де мүддесiне сай келеді. Бұл ретте айрықша атап өтетін жайт, ҚР аталмыш ұйыммен ынтымақтасуда экономикалык, экологиялык және әлеуметтік даму, халықаралық құқықты жетілдіру, адамнын кұкыктарын сактау, халыкаралык лаңкестікпен күрес, ұйымдаскан кылмыс және есiрткi саудасымен күрес салаларына ерекше көңіл бөлінеді. БҰҰ-ның қазіргі уақыттағы кызметi әлеуметтік-экономикалык салада кең етек алган жаһандык экономикалык және каржы дағдарысы шеңберінде дами түсуде. Осыған байланысты каржы дағдарысы зардабын жою туралы өткір талас-тартыстар БҰҰ-ның сухбат аланында ерекше орын алады. Сонымен қатар болашак үшiн азык-түлiк және энергетикалык кауiпсiздiктi қамтамасыз ету сондай-ак БҰҰ мыңжылдық даму жоспарлары да күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелер.
Қазақстан өз кезегінде мыңжылдык даму максаты бойынша мiндеттемесін табысты iске асыру бағытын ұстанады. Қазақстанда әйелдер кұкығын жан-жақты қорғау және кедейшілік деңгейін темендету шаралары бойынша бірқатар жұмыстар аткарылды. 1992 жылғы ақпаннан бастап Қазақстанда БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелерiнiн, қорларының және бағдарламаларының өкілдіктері жұмыс iстеуде. Олардын кызметі техникалык, кеңес және каржылык көмек көрсетуге бағытталған. БҰҰ басты мақсаты - әртүрлі экономика салаларындағы нарықтық реформалар және ұлттық мамандарды әзірлеу мәселелері сұрақтары бойынша жәрдемдесу және ҚР үкіметіне кеңес бере отырып, әкімшілік реформа және бірқалыпты дамуды қамтамасыз етуге көмек. Біріккен Ұлттар Ұйымының бағдарламалары мен қорларының мамандандырылған агенттіктері Қазақстан Республикасындағы өз жұмыстарын елiмiз 1992 жылы наурызда БҰҰ-ға мүше болғаннан кейiн бастады. Біріккен Ұлттар Ұйымының жүйесінде жұмыс істей отырып, әрбір агенттіктің өзінің жеке мандаты мен кызмет болады. Сондай-ақ қызметтің белгілі ерекше назар аударады. Агенттiк Басшылары резидент-үйлестірушінің басшылығымен БҰҰ-ның Өңірлік командасын калыптастырады. БҰҰ Өңірлік командасы барлык агенттіктердің ұжымдық пәрменді жактарына сүйене отырып, дамудын ұлттық басымдықтарына кол жеткiзудiн стратегиялык үлесін арттыруды камтамасыз етедi. Бүгінде БҰҰ Өңірлік командасы Қазақстанда жұмыс iстейтiн мынадай ұйымдарды қамтиды:Аткару Комитетінің Агенттігі: БҰҰ Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ), БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ), БҰҰ Қорының халықты қоныстандыру саласындағы косалкы-аймактык кеңсесі (ЮНФПА) . Бiлiм, Ғылым және Мәдениет мәселелерi жөнiндегі Біріккен Ұлттар Үйымының аймақтық өкідіктері (ЮНЕСКО), БҰҰ Жогары Комиссарынын Босқындар ісі жөніндегі басқармасы (БҰҰ ЖКБІБ), БҰҰ-әйелдер, БҰҰ АИВ/ЖИТС жөніндегі. Біріккен (ЮНЭЙДС), БҰҰ Гуманитарлық мәселелерді үйлестіру жөніндегі Басқармасы (БҰҰ ГМҮБ) . БҰҰ Қоғамдық Ақпарат Департаментінің кеңселері (БҰҰ ҚАДО), Бүкілдүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы (БДҰ), БҰҰ Есірткі және қылмыс басқармасы (UNODC), БҰҰ Еріктілері, Халықаралық Еңбек Ұйымы (ХЕҰ) . Өңірлік деңгейдегі барлық агенттіктер, бағдарламалар мен қорлардың қызметі үшін басты біріктіруші құжат - БҰҰ Дамыту максатында көмек көрсету жөніндегі негіздемелік бағдарламасы (ЮНДАФ) . ЮНДАФ БҰҰ жүйесінің ұлттық басымдықтарды іске асыру және Мыңжылдык даму мақсаты (МДМ) шеңберінде, сонымен қатар даму саласында басқа халықаралық міндеттерді шешуде ұжымдық, келісілген және өзара ықпалдастықты қамтамасыз ету үшін жасалған негізгі стратегиялық құжат болып табылады. Бағдарлама бес негізгі қағидалардан тұрады: адам құқығын сақтау, гендерлік теңдік, қоршаған ортаның тұрақтылығы, нәтижеге бағытталған басқару және әлеуеттік нығаю. Атқару Комитетінің Агенттігі (БҰҰДБ, ЮНИСЕФ және ЮНФПА) ЮНДАФ күтілетін нәтижелер негізінде өз қызметі жоспарын калыптастырады.
Қазақстанда 2005-2009 жылдарға арналған ЮНДАФ табысты іске асырылып, 2010-2015 жылдарға арналған ЮНДАФ өз күшіне енді. 2010-2015 жылдарға арналған ЮНДАФ-тің негізгі мақсаты ұлттық стратегиялар мен бәсекелестікті арттыру жөніндегі жоспарларды іске асыру. Бұл ретте, ел аумағында тұратын барлық халықтың игілігі үшін адамның дамуына айырықша көңіл бөле отырып, Қазақстан Республикасына көмек көрсету. Бағдарлама ынтымақтастықтың мынадай негiзгi үш багытын қамтиды: әйелдерді, балаларды, оралмандарды, боскындарды, жастарды, қарттар мен мүгедектердi коса алғанда халықтын неғұрлым аз корғалған топтарына ерекше көңіл бөле отырып, барлығы үшін экономикалық және әлеуметтік игілік жасау;
-климаттың өзгеруіне, табиғат апатына және басқа төтенше
-жағдайларға байланысты мәселелермен күреске ерекше көңіл бөле отырып, қоршаған ортаның тұрақтылығын сақтау;
-институцияландыру әлеуетін, азаматтық қогамды және бұқаралық ақпарат құралдарын, сондай-ак адам құқығын коргауга ерекше назар аударатын мемлекеттi тиiмдi басқару жүйес.
Соңғы 15 жыл көлемінде әріптестік нәтижесінде БҰҰДБ Қазақстанға маңызды стартагиялык құжаттардың ұлттық және аумақтық деңгейде дамуына, заңдылықтарды дайындауға және әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік органдардың ұйымдастыраушылық әлеуетінің нығайуына көмек көрсетті. Бұл осы салалардағы дүниежүзілік алдыңғы қатарлы тәжірибені енгiзу мен Мыңжылдықтың Даму Мақсаттарына жетудегі тұрақты көмектің нәтижесінде мүмкін болды. БҰҰДБ 1995 жылдан бері даму және ұлттық саясат жөніндегі ұлттық қарым-қатынастарға мүмкіндік туғызатын, Адамзат Дамуының Ұлттық есебін (АДҰЕ) және басқа да сараптық құжаттарды дайындауға қатысып келеді. БҰҰ дайындап шығаратын адамзат дамуы бойынша оқыту шаралары мен әдістемелік құралдар Қазақстанның Жоғарғы оку орындарында қолданылуда. Кез келген мемлекеттің ұлттық мүддесінде тұрақты даму мен елдегі кедейшілік деңгейі аса жоғары аймақтардағы тұрмысы төмен адамдардың әлеуметтік теңсіздігін жою мәселесіне ерекше орын берілетіндігі анық. Ал БҰҰДБ серіктері осындай аймақтардағы ұлттық тетіктерді тандап, іске косудагы озык дүниежүзілік тәжірибе мен дағдыларды тағайындауды қажет етеді. Мемлекет айтарлықтай экономикалық өрлеуге кол жеткізген кезде, аймактык теңсіздікті төмендету мен азаматтардың әлеуметтік қызметтерге бірдей мүмкіндіктерінің болуын қамтамассыз ету Қазақстандағы БҰҰДБ-ның басты басымдылыктары болып табылады. Сондай-ақ Қазақстанда бұл бағыттағы шара елде жұмыс істейтін дербес компаниялармен іскерлік қарым-қатынас арқылы да іске асуда. Қазақстандағы Бағдарламаның ағымдағы жұмыстарынын бiрi қоршаған ортаны қорғау мен энергетика мәселелері. БҰҰДБ қоршаған ортаны қорғау мен сақтауды жақсарту, су қорын колдану мен жер ресурстарын пайдалану бойынша инновациялық тәжірибелерді тарату үшін Қазақстанның Тұрақты дамуының
2024 жылға дейінгі Тұжырымдамасын енгiзуде ұлттык серiктерiне колдау көрсетті. Сонымен қатар БҰҰДБ мемлекеттің ғаламдык жылу мəселелерiне, энергетикалык тиiмдiлiктi ынталандыру, су ресурстарын үнемді пайдалану мен жел куатын коса алғанда, энергиянын кайта жаңартылган түрлерiн тиiмдi пайдалану бағытында жұмыла жұмыс жасауга колдау көрсетеді. БҰҰДБ-ның бүгінгі таңдағы манызды багыттарының бiрi демократиялық басқару тәжірибесін насихаттау болып табылады. Бұл саладагы жұмыстар бірнеше бағыттарда: қоғамдық институттардың тиімділігін жақсарту, адам құқығы институттарын нығайту, қоғамдық саясатты жүзеге асырудағы және онын қызметін барлап саралаудағы YЕҰ мен мемлекеттiк органдар сұхбаты мен ынтымақтастығы, парламенттік салт-ғұрыптарды дамыту бағытында жүргізіледі. Орталық Азиядағы БҰҰДБ жұмысының аумақтық тұжырымдамасына сай, экономикалык реформалар мен сауда-саттык үшін оңтайлы жағдайларды тудыру, сонымен қатар демократиялык және экологиялык баскару реформалары саласындағы аумақтық бастамаларға Қазақстанның белсенді қатысуына ерекше көңіл бөлінеді.
1. 2 . Қазақстан Республикасы мен ЕҚЫҰ арасындағы қарым қатынастар
ЕҚЫҰ-құрамына 56 қатысушы мемлекет кіретін жалпыеуропалық ұйым. БҰҰ Жарғысының 8-тарауына сәйкес, ұйымның міндеті - Еуропада болуы мүмкін дағдарыстардың, жанжалдардың алдын алу, және оларды болдырмау, болып жатқан жанжалдарды реттеу, осы ұйымға мүше елдердің қарулануын бакылау, сенім мен қауіпсіздік шаралары, адам құқықтарын, экономикалық және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сайлауға бақылау жасау, басқа да демократиялык үдерістерді дамыту болып табылады. Яғни, ұйым кең мәселелермен ауқымды айналысады.
ЕҚЫҰ қауіпсіздікті кешенді ұғым деп санап, толық қауіпсіздікті нығайтуға жәрдем ете отырып, оның үш «өлшемі»: әскери-саяси, экономикалық экологиялык және адами өлшемі аясында кызмет етеді. 1970 жылдардың басында Шығыс пен Батыс арасындағы «ункатысуды» жолға қою үшін көпжақты форум - Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі кеңес (ЕҚЫК) шақырылған болатын. Еуропаның қауіпсіздік және ынтымақтастык жөніндегі кеңесінің негізі 1973 жылы Кеңестер Одағының ұйытқысымен қаланған. Шығыс пен Батыс елдері арасында орын алған шиеленісті жағдайды реттеу максатында 1973 жылдың шiлде айында Хельсинки каласында 33 мемлекеттің басшысы бас косты. Осы кездесуде кауіпсіздік мәселелері арқау болған келісімшарт жасалды. Алайда бұл құжатқа екі жыл өткен соң, 1975 жылдың 1 тамызында ғана қол қойылды. Тарихта «Хель-синки келісімі» деген атпен қалған осы қорытынды акт - ЕҚЫҰ-ның негізін қалыптастырушы басты құжат болып табылады. Бұл- бүкіл әлем үшін бетбұрыс кезеңі болды. ЕҚЫК аясында НАТО мен Варшава Шарты ұйымына мүше елдердің, сондай-ақ Еуропа құрлығындағы бейтарап мемлекеттердің күш-жігері бірікті. Хель-синки қорытынды актісі ЕҚЫК-ге қатысушы мемлекеттердің өз азаматтарына катысты, сондай-ақ өз араларындағы қатынастардың негізгі қағидаттарын бекітті. 1990 жылға дейін ЕҚЫК нормалар мен міндеттемелер тұжырымдалатын кездесулер мен конференциялар түрінде жұмыс iстедi. Мерзім-мерзімімен олардың орын-далуы туралы ақпараттар тындалып отырды.
ХХ ғасырдың 80-90-шы жылдары Кеңес Одағы күйреп, сонымен бірге Варшава Шарты ұйымы да ыдырады. Қос Германия бірікті. Осынау қарама-қайшылыққа толы кезеңде ЕҚЫК белгілі бір тұрақтандырушы рөл атқарып қана қоймай, сенім шаралары мен кауіпсіздікті нығайту жөнінде маңызды кадамдар жасады. ЕҚЫК Орталық және Шығыс Еуропа елдеріндегі, Еуразия мемлекеттеріндегі демократиялык және нарықтық өзгерістерге колдау білдірді. Форум қызметіндегі бетбұрыс жасалған сәт -1990 жылғы жоғары деңгейде өткен Париж кездесуi болды. Жана Еуропа үшін Париж хартиясында Еуропадағы тарихи өзгерістер үдерісін басқаруға үлес қосу және «қырғи қабақ соғыс» біткен соң туындаған жаңа сын-талаптарға жауап беру мiндетi койылды. Осы міндеттерді шешу үшін бірнеше мекемелер мен институттар құрылып, кездесулерді тұрақты негізде өткізу жолға қойылды. Осылайша Кеңестің жұмысына жүйелі сипат берілді. 1990 жылықарашада ЕҚЫҚ үдерісі шеңберіндегі келіссөздерде қарулануға бақылау кою саласындағы маңызды келiсiм-Еуропадағы әдеттегі карулы күштер туралы шарт (ЕӘҚКШ) әзірленді. ф1994 жылғы жоғары деңгейдегі Будапешт кездесуінде ЕҚЫК-ні Еуропадағы қауiпсiздiк және ынтымақтастық жөніндегі ұйым (ЕҚЫҰ) деп қайта атау туралы шешім қабылданды. Бұл Ұйым жұмысына жана саяси серпін бере отырып, бір мезгілде оның институционалдык даму жолының көрінісіне айналды. 1996 жылғы жоғары деңгейдегі Лиссабон кездесуінде «ХХІ ғасырдың Еуропасы үшін жалпы және бәрін қамтитын қауіпсіздік үлгілері» туралы декларация қабылданды. «Қару-жараққа бақылаудың негіздері» және «Қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимыл бойынша форумның күн тәртібін дамыту» бекітілді. Дәл сол кезде ЕҚЫҰ-ның қауіпсіздік пен тұрақтылықты барлық өлшемдерде нығайту ісіндегі шешуші рөлі туралы тезис одан әрі дамытыла бастады. Бұл кездесудің қорытындысы 1999 жылы Ыстамбұлда Ұйымның жедел мүмкiндiктерiн жетiлдiрудi көздейтін Еуропалык кауiпсiздiк хартиясын қабылдауға себепші болды. Осы кезде ЕҚЫҰ-ға қатысушы 30 мемлекет Ыстамбұл декларациясын қабылдап, Еуропадағы әдеттегі қарулы күштер туралы бейімделген шартқа кол койды. ЕҚЫҰ-ның басқарушы органы Тұрақты кеңес. Аталған ұйымға мүше елдердің басшыларының және үкімет басшыларының кездесуі ЕҚЫҰ саммиті деп аталады. Өткен қырық жылдай уақытта 1975 жылғы ұйымның негізгі құжатын қабылдаған Хель-синки саммитінен берi жоғары дәрежедегі саммит тек жеті рет қана өтті. Олар: 1990 жылы «Жаңа Еуропа Хартиясына» қол қойылған Париж саммиті, 1994 жылғы ұйымның негізгі құрылымын өзгертуге шешім қабылдаған Будапешт саммиті, 1996 жылғы «XXI ғасырдың Еуропасы үшін жалпы және жан-жақты қамтитын қауіпсіздік үлгілері» туралы декларация, «Қарулануға бақылаудың негіздері» және «Қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимыл бойынша форумның күн тәртібін дамыту» туралы құжаттарды бекіткен Лиссабон кездесуі және 1999 жылғы Еуропа қауіпсіздік Хартиясына кол койылған Ыстамбул саммиті. Сонгы саммит он бір жылдан кейін 2010 жылы Астанада өтті. 2010 жылдың желтоқсанында ЕҚЫҰ Саммитінің ұйым өмірінде жана кезенге бастау болған қорытынды құжаты - Астана Декларациясы қабылданды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz