Айша бибі мазары


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

I. Кіріспе . . . 3-5

II. Негізгі бөлім

2. 1. Қазақстанның жеті кереметі . . . 6

2. 2. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі . . . 6-7

2. 3. Тайқазан . . . 7

2. 4. Айша бибі мазары . . . 8

2. 5. Тамғалы кешеніндегі жартасқа салынған суреттер . . . 8

2. 6. Алтын адам . . . 8-9

2. 7. Домбыра . . . 9-10

Қорытынды . . . 11

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 12

Қосымшалар . . . 13-15

Анотация

«Әлемнің жеті кереметі», «Қазақстанның жеті кереметі» өшпес сұлулықтың, табиғат өзі жасай алмай, адамның жасауына қалдырған архитектуралық алқасы. Адамзат мәдениетінің ғажайып ескерткіштері баршылық. Бірақ ол жұртшылықтың бәріне бірдей мәлім емес, дегенмен игілікті болашақтан қайтады деген ниетпен ақпарат жұртшылыққа осы зерттеу жұмысында қарастырылып берілді.

Кіріспе

Зерттеу жұмысының мақсаты :

Қазақстанның жеті кереметін жете танып біле отырып, олардың жасалу жолдарын зерттей отырып, Қазақстанның жеті кереметін сақтау жолдарын қарастыру.

Зерттеу жұмысының өзектілігі :

Адамзат мәдениетінің ғажайып ескерткіштерімен, яғни сәулет және мүсін өнерінің керемет тамаша үлгілерімен таныу. Қазақстанның кереметтері халықтардың мұрасы екендігін ұғыну. Дүние жүзілік дамудағы адамзаттың орны ерекше екендігін және ол жасаған бүкіл әлемдік құндылықтарды біліп, өз отаным - Қазақстанның дамуы үшін пайдалану.

«Әлемнің жеті кереметі» антика /латынның ежелгі деген сөзі/заманында сәулет пен мүсін ескерткіштерінің сол кездегі ең даңқты жетеуі осылай аталған.

Б. ғ. д. III ғ 7 кереметтің үлгісі:

1. Мысыр /Египет/ пирамидалары;

2. Вавилонның /Семирамиданың/ аспалы бағы;

3. Эфес Артемидасының ғибадатханасы;

4. Галикарнас мовзалейі;

5. Александрия маягі;

6. Олимпиядағы Зевс мүсіні;

7. Родос алыбы.

«Керемет» деген ұғым баяғы заманнан бері орныққан дәстүр бойынша кең мағынасында қолданылады. Жоғарыда аталған кереметтерді дүниеге келтірудегі атқарылған жұмыстың мінсіздігі мен ауқымының жерден ақылға сыймаса да, керемет атаулының бәрі сырттың көмегінсіз жер бетіндегі адамдардың қолынан шыққан. Көркем шығарма мүмкіндігінің өзі еңбекпен тығыз байланысты.

«Еңбек - өнерден көне»- деген Плеханов. Демек, бүкіл дүние жүзіндегі өнер өзінің пайда болуымен еңбекке борышты. Өйткені Ф. Энгельс жазғандай, тек еңбектің және еңбек туғызған өзгерістердің арқасында «адам баласының қолы жетілгендіктен сондай бір жоғарғы сатысына жетті, міне осы сатыда адам баласының қолы бейне бір сиқырдың күшімен жасалғандай Рафаэльдің суреттерін, Торвальдсеннің статуяларын, Паганинидің музыкасын дүниеге келтірді».

«Жұлдызды аспанның кең байтақтығы ғажап емес, адамның соны өлшеп білгендігі ғажап». /Франс/

«Жаратылыстың қолынан бәрі де келеді және ол бәрін де жасайды». /Монтень/

«Егер сен өмірден ләззат алғың келсе, онда өнерден білімдар адам болуың керек». /К. Маркс/

Гете архитектураны «үнсіз музыка» деп атаған.

Атақты грек философы Демокрит: «Ляззаттың бәріне құмар болма, тек әсемдікке байланысты құмарды ғана таңдай біл» - деген.

«Әсемдікті сезіну» адамдық қасиет шарты. Онсыз, осынау сезімсіз кемеңгірлік те, талант та, ақыл да жоқ, тек үй ішіндегі тірлік үшін ғана емес, өзімшілдіктің күйкі есебі үшін ғана қажет құрғақ ақыл» қалмақ. Тек би музыкасына үн қататындар жүрегімен емес, аяғымен үн қатады, музыка көңіл сарайын әлдилеп, жанын тербемейтін, суретті тек бөлменің сәнін кіргізетін галантериялық зат деп біліп, оның жақтауын ғана тамашалайтын, өлеңді жастайынан сүйіп өспеген, драманы тек театр пьесасы деп білетін, романды еріккенде ермек үшін керек ертегі деп білетін пенде - адам емес. Эстетикалық сезім - ізгілік негізі, адамгершілік негізі» - деп жазған болатын Белинский.

Бірақ осындай сезімді адам өз бойында қалай дамыту керек?

Мұның ең жақсы жолы - өнерді жан - тәнімен сүйетін, әрі сол бір таңданысқа толы түсінігін басқаларға жеткізе алатын адамның басшылығы арқала ғана өнермен қауышу. Кезінде Белинский жазғанда «адамның бойындағы нәзіктікті сезінуді сол нәзіктіктің өзі тудырады . . . » Мұның өзі Маристің «өнер туындысы . . . өнерді түсінетін және әсемдіктен ләззат алуға қабілетті адамдарды туғызады» - деген белгілі қағидасына сәйкес келеді.

Әлемнің кереметтері халықтардың мұрасы, сондықтан оларға барша халық ие. Енді Қазақстанның жеті кереметіне тоқталайық.

1. 1. Қазақстанның жеті кереметі

Біздің елімізде әлемнің жеті кереметіне тең келерлік ғажайыптар жеткілікті. Мысалы, Қазақстандағы тарих, археология, сәулет және монументалды өнер ескерткіштерінің саны 25 мыңнан асады. Ал енді сіздің сұрағыңызға қарай Қазақстанның кереметі деп саналатын ескерткіштерді санамалап көрелік.

2. 2. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі .

Қожа Ахмет Яссауи кесенесін атақты шығыс қолбасшысы Ақсақ Темір салғызған. Оның көлемі - 46, 5х65, 5 метр. Орталық залдың айналасына әр түрлі мақсатқа пайдаланылған үлкенді-кішілі 35 бөлме орналасқан.

Түркістан - Орта Азия мен Қазақстан халықтарының материалдық және рухани өмірінде маңызды орын алған Шығыстың көне қалаларының бірі. 1500 жылдығын тойлап өткен Түркістан-руханият ордасы, оған ерекше мәртебе беру қажет. Бірақ бүгінгі сөзіміз Қ. А. Иассауи ғимараты туралы. Ахмет Иассауи Оңтүстік Қазақстанның Сайрам (бұрынғы Испиджаб) қаласында 1103 жылы дүниеге келген. Ол алғаш білімді жергілікті дінбасы Арыстан бабтан алады. Өзінің ана тілінен басқа арабша және парсыша сөйлей білген. Қыпшақ, қаңлы, қоңырат және көне түркі тайпалары арасында Ислам дінін уағыздаушы Ахмет Иассауиді рухани басшы санаған халық оны «Әулие ата» атап кеткен.

Қожа Ахмет - өз өмірінде-ақ өлеңмен жазылған көп хикметтерді дүниеге келтірген пәлсапашыл ақын. Біздің қолымызға жеткен екі жүзден асатын хикметі бар. 63 жасынан бастап, соңғы 12 жылын ол жер астында жатып, күн сәулесін көрмей өткізді. Бүкіл Шығысқа әмірін жүргізген атақты қолбасшы Ақсақ Темір далалықтар мен қалалықтар қосылып пір тұтатын, күніне жүз мәртебе тағызым етіп, мінәжат қылатын Қожа Ахметке зәулім ескерткіш тұрғызуды қолға алды. Ескерткіш құрылысын Темір қарамағында игі істермен көрінген Мәулен Ұбайдулла Садырға жүктейді. Кесене нақты әрі гармониялық жоспармен салынған. Екі жағы мұнарамен жалғасқан бас портал еңселі арқадан тұрады. Қожа Ахмет Иассауи кешені порталды-күмбезді құрылыс. Оның көлемі 46, 5х65, 5 метр. Орталық залдың айналасына әр түрлі мақсатқа пайдаланылған үлкенді-кішілі 35 бөлме орналасқан. Оның бірінде сопы ақынның мүрдесі жерленген. Орталық бөлмеде қолымен жазылған Құранның көшірмесі, діни кітаптар, шежірелер сақтаулы.

Бұл күнде Қожа Ахмет Иассауи ғимараты-шығыс халықтарының тамаша сәулет өнері жұлдыздарының бірі. Жылда 100-150 мыңнан астам адам келіп тамашалайды. Оларды мұнда сұлулық пен ұлылықтың тылсым сырын білуге деген құштарлық сезімдері жетелейді.

2. 3. Тайқазан.

Қожа Ахмет Яссауи ғимаратындағы бағалы ескерткіштердің бірі - тайқазан. Өзі екі тонналық қазанға үш тонна су сыяды.

Қожа Ахмет Иассауи ғимаратындағы бағалы ескерткіштердің бірі - тайқазан. Петергбург Эрмитажынан өз тұғырына қайта қонған тайқазанды Әбділәзиз шебер құйып жасаған. Ол Қаратау ішінен, Ащысай, Мырғалымсай кеніштерінен тайқазанға қажетті қорытпа шығатын тастарын жинап, Қарнақ қаласына жеткізеді де, қазанды жасауға кіріседі. Тайқазан дайын болғанда, оны арбаға тиеп әкеліп, Қожа Ахмет ғимарат күмбезінің астындағы кіреберіс ғажайып кең бөлмесінің ортасына үш бұт етіп иген шойын тұғырдың үстіне орнатты. Бұдан былай бұл жер «Қазандық» деп аталады. Қазақ ұлысының қара шаңырағы алыстан көз тартып, әрқашан қазаны асулы тұрсын деген ырымды ниет етті. Сондықтан, тайқазанды кереметтердің санына кіргізуге болады.

2. 4. Айша бибі мазары.

Кесене ХІІ ғасырда салынған. Айша бибі тарихтан белгілі Қараханның әйелі болған. Күмбезді Қарахан салғызған, сәулетші туралы нақты дерек жоқ. Ел мен тарихын, ата-бабалар тарихын терең білуге үндеп, қайта-қайта жадына салып, халықтың көз алдындағы көкке бой созған тарихи ескерткіштердің бірі-Тараз қаласының оңтүстігінде жиырма шақты шақырым жерде тұрған Айша бибі мазары. Айша бибі кесенесі - сәулет өнері ескерткіші. ХІІ ғасырда салынған. Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Айша бибі тарихтан белгілі Қараханның әйелі болған. Күмбезді сол Қарахан салғызған, сәулетші туралы нақты дерек жоқ. Халықтың ауызындағы аңызға қарағанда Айша бибі Тараз қаласында Қараханды қарсы алуға аттанады. Таразға жақындап қалғанда қасындағы құрбыларымен бірге өзенге шомылады, өзеннің жағасында жылан шағып қайтыс болады. Бүгінгі күнде айша бибі мазары маңынан адам үзілмейді. Әсіресе, жаңадан шаңырақ құрған жастар мазарына барып, тағзым етіп жатады. Айша бибі кесенесі Қазақстанның жеті кереметінің бірі деген.

2. 5. Тамғалы кешеніндегі жартасқа салынған суреттер. Бұл адамзаттың рухани мәдениетін, анық дүниетанымын білдіретін аса маңызды деректер жиынтығы саналады. Қола дәуірінің тасқа салынған суреттері көрген адмды таң қалдырады. Ертедегі адамдар күнге күйген жылтыр тау жартастарына жануарларды, адамдарды, арбаларды, соғыс көріністерін қашап салды. Бұл адамзаттың рухани мәдениетін, анық дүниетанымын білдіретін аса маңызды деректер жиынтығы саналады. Қазақстан жартастағы суреттер, петроглифтердің саны және әр алуандағы жөнінен әлемдегі ең бай жерлердің бірі Тамғалы жартастағы таңғажайып суреттерді археологтеріміз әбден зерттеді. Нәтижесінде олар дүниежүзі мәдениетінің қазыналы қорына қосылды. Мына суреттер ежелгі адамдардың өмірі, көне тайпалардың салт-дәстүрі, діни нанымдары, аңшылық пен соғыс існе байланысты салынған туындылар. Алматы обылысындағы Тамағалы кешені жартас суреттері - бүкіл әлемдік мәдени жәдігерлер қатарында. Бұларды Қазақстанның кереметіне кіргізуге болады.

2. 6. Алтын адам.

1960 жылы Есіктен табылған бұл ескерткіштің ерекшелігі: осыдан 2500 жыл бұрын жерленген адамның киімі түгелдей алтынмен апталған. 1960жылдардың аяқ кезінде археолог ғалымдар Есік қаласына жақын жердегі обадан «Алтын киімді адамды» тапты. Ол мұнан 2500 жылдай бұрын жерленген жас жігіт екен. Марқұмға кигізілген бас киімнің, етігінің қонышының сыртына алтыннан жасалған түрлі ұсақ аттың, барыстың, таутекенің, құсиардың бейнелері жапсырылған. Олардың саны төрт мыңдай. Есік қорғанынан табылған олжа бүгінде әлемге әйгілі. Алматыдағы Тәуелсіздік монументіне де негіз болып отыр. Осы күнге дейін сақталып келген Алтын адамның өзі неге тұрады? Бұл да Қазақстанның кереметінің бірі деп санауға болады.

2. 7. Домбыра.

Ғалымдар осыдан кемінде 2 мың жыл бұрынғы бейнелердегі қос ішекті аспаптың қазақ домбырасымен ұқсастығын айта келіп, оның Қазақстан жеріндегі байырғы көшпелілер арасында кең тараған аспаптың бірі болғандығын дәлелдеді. Ендігі сөз қазақ халқының жан сезімі, жан серігі-домбыра туралы. Домбыра-халық даналығы. Олхалқымыздың өмір тәжірибесі мен табиғат, адам, әлем туралы білімдерін, ескі діни наным- сенімдері мен философиялық көзқарасын бейнелеп, оларды атадан-балаға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасиырып отырды. Домбыра - көшпелі елдің көнекөз шежіресі, көпті көрген қарияның көкірек күйі. Ол халықтың тарихи тағдырмен тамырлас. Тарихтың хатқа түспеген талай беттерін паш еиіп, халқымыздың тарихнамасына айналады. Ғалымдар осыдан кемінде 2 мың жыл бұрынғы бейнелердегі қос шекті аспаптың қазақ домбырасымен ұқсастығын айта келіп, оның Қазақстан жеріндегі байырғы көшпелілер арасында ең тараған аспаптың бірі болғандығын дәлелдейді. Домбыра - әр дәуірде мәдениетімізде дарынды тұлғалардың дүниеге келуіне мүмкүндік туғызды. Аты аңызға айналған Кетбұғы, Асанқайғы, Қарт Ноғай сияқты ең таңдаулы есімдері біздің заманымызға да жетті. Домбыра дәстүрінің дамуы ХІХ ғасырда шарықтау шыңына жетті. Мәдениетіміздің дәстүрінде көптеген кәсіби күйші-композиторлар қалыптасып, күйшілік дәстүр көптеген мектептерге бөлінді. Бұл күйші- композиторлар өзіндік стильдік ерекшелігімен, қағыс техникасымен, музыкалық тілімен, орындау шеберлігімен оқшауланып, өнерімізде жарқын із қалдырды. Атап айтсақ, төкпе күй шеберлері: Құрманғазы, Дина, Баламайсан, Дәулеткерей, Ұзақ, Махамбет, т. б. Шертпе күй шеберлері: Тәттімбет, Сүгір, М. Хамзин т. б. Қазіргі заманда атақты домбырашы-күйшілер: Н. Тілендиев, Қ. Ахмедияров, А. Үлкенбаева т. б.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Қазақстан облысының көрікті жерлері
Тараз қаласымен экскурсия
Тарихи архитектуралық ескерткіштер тарихы
Жамбыл облысындағы дін
Қазақстанның тарихи-сәулет ескерткіштері
Айша бибі және Бабажы қатынға орнатылған ескерткіштер
Алаша хан кесенесі
Қарахан кесенесі
Қазақстанның жеті кереметі
Айша бибі кесенесі және тарихи орындар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz