Оқытудың ауызекі әдістері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
МАХАМБЕТ ӨТЕМІСҰЛЫ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні:
Тақырыбы: Оқытудың ауызекі әдістері

Орындаған:
Тексерген:
.

Орал қаласы 2023 жыл
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І. ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАНДЫРУ ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Қ.О. Бітібаеваның қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістері ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Ой тастау, ойланту, ойлау технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
II. ӘДЕБИЕТТІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІНІҢ ТОПТАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.1 М.Н. Скаткин мен И.Я. Лернер оқыту әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
2.2 Ю.К.Бабанский ауызекі оқытудың әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 25

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі. Әдебиетті оқытуда сөздік әдіс, көрнекілік әдіс, тәжірибелік әдіс, түсіндірмелі - иллюстративтік әдіс немесе репродуктивтік әдіс, эвристикалық әдіс, өзіндік жұмыс әдісі, проблемалық баяндау әдісі, мәтінді көркемдеу, мәнерлеп оқудың орны ерекше.
Инновациялық технологиядан іздену - қазіргі оқыту үрдісінің басты мақсаты. Инновациялық технология туралы В.Н.Кан - Калик, Ф.Н.Гоноболин, М.В.Кларин, Л.МлФридман, Л.С.Выготский, П.И.Пидкасистый,В.Монахов, Т.И.Шамова, С.Н.Данакин, В.Шепель, И.Г.Зайнышев, Қ.Қ.Қабдықайыров, Ш.Т.Таубаева, Б.Р.Айтмамбетова, Н.А.Әбішев, К.С.Құдайбергенова, Б.Әбдікәрімұлы, Ж.А.Қараев сынды ғалымдардың ізденістері баршылық.
Курстық жұмыстың мақсаты. Қазақтың ағартушы-демократтарының әдістеменің даму тарихында, қалыптасу үрдісінде қосқан тарихи еңбектері мен қазақ мектептерінің ашылуы,әдеби білім беру негізгі қағида болып табылатын оқу бағдарламалары мен оқулықтар жасау мәселелері жөнінде пікір қалыптастыру.
Әдебиетті оқыту әдістемесі - көне ғылымдардың бірі. Әдебиет пен әдебиетті оқыту ғылымы және пәні уақыт идеясымен байып, өзгеріп, түлеп отырады. Әдебиетті ғылым ретінде оқыту әдістемесі оқытудың теориясы мен жалпы принциптерін негіздейтін дидактика, әдебиет тарихы, теориясы, методологиясын қарастыратын әдебиеттану, тарих, тіл, музыка, бейнелеу өнерімен тығыз байланысты.
Курстық жұмыстың міндеттері. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтары оқушылардың оқуға, талқылауға және өз бетінше оқуға арналған әдеби шығармалар мәтінімен жұмысты қамтиды. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында басты назар мәтінге аударылуы тиіс. Сабақтың негізі-оқушының рухани дамуына ықпал ететін, оқушының рухани дамуына сәйкес келетін, оқушының жас ерекшеліктеріне сәйкес келетін, сонымен бірге интеллектуалды және эмоционалды тұрғыдан жаңа, орфографиялық, грамматикалық, пунктуациялық және мүмкіндігінше жаңа нәрсені қамтитын қызықты мәтін, пайдалану кезінде өзекті болуы тиіс.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және қолданылған әдебиеттерден тұрады.

І. ӘДЕБИЕТТІ ОҚЫТУДЫҢ АУЫЗЕКІ ӘДІСТЕРІ
1.1 Әдебиетті оқытудың өзіндік амал-тәсілдері

Әдебиетті оқытудың өзіндік амал-тәсілдері бар:
Көрнекілік әдісі- берілген білімнің мазмұны көрнекілікті тілеп тұрғанда уақыт үнемдеуге, әсіресе оқушы психологиясына әсер ету мақсатында өте тиімді болады.Сондай-ақ оқушы сабаққа қызықтыру, ынталандыру мәселесінде де маңызы зор.
Зерттеу әдісі - берілетін білімнің ғылымилығын арттыру қосымша материалдармен байыту, оқушыларды іздендіру,өз бетімен проблема шештіру мәселелерінде тиімді.Оқушылардың өздігінен ойлануы мен іскерлігін өз беттерінше уақытында жасау дағдыларын жетілдіруде өте пайдалы. Бұл әдіс негізінен, семинар, конференциция, сабақтарда баяндама, реферат жаздыруға ыңғайлы.Бұл әдістегі негізгі мақсат- оқу материалының бұрынғы сабақтарда қамтылмаган жаңа қырларын, тың астарын ашу. Бұл әдіс ұстаздың шәкәрттерге зерттеу тұрғысындағы проблемалық тапсырмалар беруі арқылы орындалады.
Шығармашылық әдісі - шәкірттердің оқырмандық қабілетін тәрбиелеу мақсатында көркем шығарманы оқып-үйренудің алғашқы кезеңінде де, қолданыуы мүмкін. Мұнда төмендегідей әдістемелік тәсілдер қолданылады:
-Мұғалімнің мәнерлеп оқуы.
-Көркемсөзөнерлерінің мәнелеп оқуы.
- Артистердің орындауындағы жеке сахналық көріністер.
-Оқушыны мәнерлеп оқуға үйрету.
-Көркем мәтінді ұстаздың коментарий түсінік бере оқуы.
-Әңгіме жүргізу.
-Шығармашылық тапсырма беру.
-Жаттау.
-Жоспар құру.
-Эпизодтарға тақырып қою.
-Мәтінге жақын баяндау.
-Көркем баяндау.
-Сценрий құру.
-Иллюстрация жасау.
-Пікір жазу(кітап,кино, спектакль, радио, телеқойылым, хабарларға)
- Шығарма жазу.
Эвристикалық әдіс - мұнда да негізгі оқу материалы-көркем шығарма. Оны талдау арқылы көркем-эстетикалық, рухани, адамгершілік, қоғамдық- философиялық мәселелердің мәнін ашу көзделді. Бұл әдіс кәбіне эвристикалық әңгіме түрінде жүргізіледі. Мұны кейде эвристикалық әңгімеден соң ұстаздың сұрау тапсырмалары бойынша шәкірттердің өздері орындауы да мүмкін. Бұл әдіс мынадай әдістемелік тәсілдер арқылы іске асырылады:
- Логикалық сұрақтар жүйесі (коркем шығарманы талдау,теориялық т.б мәселелер бойынша)
- Тапсырмалар жүйесі. Шығарма мәтіні бойынша ауызшпа, жазбаша жоспарлау, баяндау, теориялық т.б мәселелер бойынша.
- Мұғалімнің өзінің немесе мұғалім ұсынысымен шәкірттердің проблема қоюы, пікірталас ұйымдастыру.
Репродуктивті әдіс - бұл әдісте оқытушы белгілі бір оқу материалын проблема қоя отырып баяндайды, әрі оған өзі жауап береді, тақырыптың мәнін түсіндіреді. Содан соң шәкірттерден дәл осы ізбен қайталап, басқа оқу материялын түсіндіруді талап етеді. Бұл репродукция яғни қайталау, көшірме жасау әдісі болып есептеледі.
Репродуктивті әдісте қолданылатын тәсілдер:
- Әңгіме (жазушыылардың өмірі мен шығармашылығы жөнінде оқытушы әңгімесі)
- Шолу лекция (оқу құралдары, техникалық көрнекі құралдарды пайдалана отырып)
- Тапсырма беру (оқулық, оқу құралдары бойынша)
- Сұрақтарға жауап беру (оқу материялын арқау ете отырып)
Мектепте әдебиет пәнін оқытуда жоғарыда айтылған әдіс-амалдардың қай-қайсысы да көбінесе дара күйінде қолданылмайды. Олар сабақтың тақырыбы мен мақсатына, өтілетін оқу материялының өзгешелігіне байланысты араласып, тоғысып келіп отырады.Бұлардың қай-қайсысын қашан, қайда және қалай қолдану әдебиет мұғалімінің билігіне беріледі.
Мектептегі басқа оқу пәндері сияқты әдебиетті оқытудағы жетекші принцп пен қолданылатын негізгі әдіс-амалдар кластағы және одон тыс уақыттағы оқу-тәрбиелік процесте мұғалім мен оқушылардың барлық жұмыс түрлерін жандандырып отыуына негізделеді. Бұл принцпті жүзеге асыру үшін, мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатына, құрылысы мен мазмұнына сәйкес тиімді, қолайлы деп тапқан негізгі және көмекші әдіс-амалдардың түрлерін қолданады. Мұғалім әдебиет сабағындағы басты тұлға болғандықтан, оқытудың әдіс-амалдарын түрлендіре отырып, оқу-тәрбиелік процесті творчестволық өнерпаздықпен, белсенділікпен өткізуі тиіс. Сабақтың сапалы, нәтижелі болып өтуіне мұғаліммен бірге оқушылар да елеулі рөль атқарады. Мұғалім үнемі айтушы, көрсетуші, түсіндіруші де, ал оқушылар тек көруші, тыңдаушы, орындаушы ғана емес. Кластағы оқушылар коллективі-үлкен күш.Осы коллективті сабақтың барысында дұрыс ұйымдастырып басқару, дұрыс арнаға салып, айқын бағыт беріп отыру, оның сарқылмас күш-жігерін, тілек-мүддесін орнымне пайдалана білу, сөйтіп, олардың сабаққа белсенділік шабытпен қатысып, араласып отыруын қамтамасыз ету әдебиет ұстазынан үлкен еңбекті, асқан шеберлікті талап етеді.
Мектептегі өзге оқу пәндері сияқты әдебиет пәнін оқытуда қолданылатын көптеген негізгі және көмекші әдістер бар, Бұлардың кейбіреулері барлық оқу пәндерінде, әсіресе гуманитарлық пәндеріне, әсіресе гуманитарлық пәндерге ортақ әдістер болып табылады. Осымен қатар тек әдебиетті оқытуда ғана қолданылатын әдіс-тәсілдер де бар. Мысылы, көркем сөз тексін мәнерлеп оқу, түсініктеме бере, талдау жасай отыып оқу, сюжетті шығарманы әр түрлі вариантта ауызша мазмұндау, т.б.

1.2 Оқытудың ауызекі әдістерін жіктеу

Қазіргі кездегі дидактиканың өткір мәселесінің бірі - оқыту әдістерін жіктеу. Дәл қазір бұл мәселе туралы нақты бір жақты көзқарас жоқ, бұрынғы кездегі жіктеу бойынша оқыту әдістерін мұғалімнің жұмыс әдісіне: әңгімелеу, түсіндіру, әңгіме және оқушылардың жұмыс әдісіне, жаттығулар, өздік жұмыс т.б. бөлген.
Оқушының білім алу көздеріне қарай оқыту әдістері былайша жіктеледі:
- ауызша әдіс: білім негізінде ауызша сөйлесу немесе басылым сөзі жатады;
- көрнекілік әдіс: көрнекіліктер, бақыланатын, зерттелетін нәрселер құбылыстар;
- практикалық әдіс: оқушылар практикалық жұмыстарды орындай отырып білім алады, біліктілігі артады.
Оқытудың ауызша әдісі - оқыту әдістері жүйесінде жетекші орын
алады. Бір кездері бұл әдіс білім берудің бірден-бір тәсілі болған.Прогресшіл педагогтер Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский т.б. ол әдістерді ғана мойындауға қарсы болған, көрнекілік және практикалық әдістермен толықтыру қажеттілігін дәлелдеген. Қазіргі кезде оларды ескірген, "белсенді емес" деп жиі айтылып жүр. Ауызша әдіс аз уақытта көлемі жағынан үлкен, көп ақпарат беруге мүмкіндік жасайды. Мұғалім сөз арқылы адамзаттың өткені мен келешегі туралы айқын бейнелер арқылы балалардың санасына жеткізеді. Сөз оқушының ойын, есте сақтау қабілетін, сезімін жандандырады.
Ауызша әдістің мынандай түрлері бар: әңгімелеу, түсіндіру, әңгіме, пікірталас, лекция, оқулықпен жұмыс.
Әңгіме әдісі оқу материалының мазмұнын ауызша жеткізеді. Бұл әдіс мектептегі оқыту үрдісінің барлық кезеңдерінде қолданылады, тек әңгіме көлемі, сипаты, ұзақтығы жағынан ғана өзгереді. Әңгіме жаңа білімді баяндау әдісі сияқты әдетте педагогтық бірқатар талаптардан тұрады. Әңгіме:
- тек анық фактілерден тұру керек
- айтылатын ой-тұжырымның дұрыстығын растайтын сенімді де айқын мысалдар жеткілікті түрде болу керек;
- баяндау нақты ойға құрылу керек;
- сезімдік күші болу керек;
- қарапайым, түсінікті тілмен баяндау керек;
- баяндалған фактілер мен оқиғаларға деген оқытушының жеке бағасы мен көзқарасының элементтерін көрсетуі керек;
Түсіндіруді оқылатын объектінің, жеке түсініктер мен құбылыстардың маңызды қасиеттерін, заңдылықтарын ұғыну деп түсіну керек. Түсіндіру - бұл баяндаудың монологтік формасы. Түсіндіру көбінесе әр түрлі ғылымдардың теориялық материалдарын игеруде, химиялық, физикалық, математикалық есептерді, теорамаларды шешуде, табиғат пен қоғам өміріндегі құбылыстардың себептері мен салдарын ашуда қолданылады.
Түсіндіру әдісі мыналарды қажет етеді:
- есептер, мән-жайлар, мәселелер,сауалдарды нақты әрі дәл қалыптастыру;
- себеп-салдарлы байланыстарды, айғақтар мен дәлелдерді жүйелі түрде ашуды;
- салыстыруларды, теңестірулер мен ұқсастарды пайдалануды;
- айқын мысалдарды келтіруді;
- мінсіз, таза баяндауды.
Түсіндіру оқытудың әдісі ретінде әр түрлі жастағы балалармен жұмыс істегенде кеңінен қолданылады. Бірақ орта және жоғары мектеп жасындағыларға оқу материалының күрделілігіне және оқушылардың интеллектуалды мүмкіндіктерінің өсуіне байланысты төменгі сынып оқушыларына қарағанда бұл әдісті қолдану анағұрлым тиімдірек.
Әңгіме. Оқушылардың жаңа оқу материалын түсінуіне немесе өтілген материалды қаншалықты игергенгенін тексеруде мұғалімнің алдын-ала ойластырылған сұрақтар жүйесі жолымен шешкен оқытудың диалогті әдісі.
Әңгіме дидактикалык жұмыстың ең көне әдісіне жатады. Оны Сократ шеберлікпен қолдана білген. Сократтық әңгіме деген ұғым осыдан қалған. Орта ғасырларда оқулық бойынша сұрақтар мен жауаптарды тудыруға жетелейтін катехизикалық дейтін әңгіме кеңінен тараған. Қазіргі кезде мұндай әңгіме мектепте қолданылмайды.
Оқу материалының мазмұны мен нақты міндеттеріне оқушылардың шығармашылық, танымдық қызметтері мен дидактикалық үрдістегі әңгіме орнына байланысты әңгіменің әр түрі бар:
кіріспе немесе бастама әңгіме;
ұйымдастырылатын әңгіме;
хабарлама-әңгіме немесе жаңа білімді ашу және қалыптастыру (сократтық, эвристикалық);
синтездеу (топтау), жүйелейтін немесе бекітетін әңгіме.
Кіріспе әңгіменің мақсаты - бұрынғы алынған білімді көкейкесті ету, оқушылардың интелектуалды, потенциалды және нақты мүмкіндіктерін, назарларын олардың алдында тұрған міндеттерді шешуде оқу-танымдық іс-әрекеттерін күшейтуге аудару. Осындай әңгіме барысында оқушылардың жаңаны танудағы жаңа іс-әрекеттеріне дайындығы мен түсіну деңгейі анықталады.
Хабарлама- әңгіме (эвристикалық әңгіме) оқушының өзін жаңа білімді игеру үрдісіне енуіне, білімді алу тәсілдерін іздеуіне, мұғалімнің қойған сұрағына өзінің жеке жауаптарын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Эвристикалық әңгіме барысында мұгалім білімі мен практикалық тәжірибесіне сүйене отырып, оларды жаңа білімді игеру мен түсінуге, ережелер мен қортындыларды қалыптастыруға апарады. Оқушылардың осындай біріккен іс-әрекетінің нәтижесінде өзіндік күш жұмсау мен ойлау арқылы жаңа білімді игереді.
Синтездік немесе бекітетін әңгіме оқушыларды бұрыннан бар теориялық білімдері жүйелеуге, оларды жалпыға бірдей емес жағдайларда қолдану тәсілдерін және олардың шешулерін жаңа оқулық және пәнаралық негіздегі ғылыми мәселелерге аударуға бағытталған.
Әңгіме барысында сұрақ бір оқушыға (жеке сүхбат) немесе барлық сынып оқушыларына (жаппай әңгіме) қойылуы мүмкін. Әңгіме тағы бір түріне әңгімелесу жатады. Ол тұтас сыныппен де, оқушылардың жеке топтарымен де өткізілуі мүмкін. Әсіресе, әңгімелесуді жоғарғы сынып оқушыларымен жүргізген пайдалы. Себебі жоғарғы сынып оқушыларының өзіндік пікірлері болады, олар маңызды сұрақтарды қоя біледі, мұгалімнің талдауына қойған тақырыбына өз ойларын да айта алады.
Әңгіменің табысты өтуі көбінесе сұрақтардың дұрыс қойылуына байланысты. Мүғалім барлық оқушылар жауапқа дайындалуы үшін сұрақты сыныпқа қояды. Оқушының санасын ояту үшін сұрақтар қысқа, нақты, мағыналы құрастырылған болуы керек. Жауапты табуға итермелейтін немесе жауапты табуға көмектесетін қосарланған сұрақ қоюға болмайды. иэ немесе жоқ деген екі бірдей жауапты қажет ететін қарама-қарсы сұрақты қоюға болмайды.
Тұтастай алғанда әңгіме әдісінің мынадай артықшылықтары бар:
- оқушылардың оқу-танымдық әрекетін белсендіреді;
- есте сақтау мен ауызекі сөйлеуін дамыту;
- оқушылардың білімін ашық етуге көмектеседі;
- үлкен тәрбиелік мәні бар;
- жақсы бақылау (диагностика) құралы болып табылады.
Әңгіме әдісінің кемшіліктері:
-көп уақытты қажет етеді;
-қауіптің элементтері бар (оқушы басқа оқушылардың қабылдап алулары мен олардың есінде қалып қоятын дұрыс емес жауап беруі мүмкін);
- білімнің қосымша қоры болуы керек;
Оқу пікірталасы. Қазіргі заманғы мектептердегі оқытудың сөздік әдістерінің ішінде дискусиялық оқыту ерекше орын алады. Оқыту үрдісіндегі оның ең басты бағыты -оқушыларды нақты немесе басқа да мәселелерді әр түрлі көзқараста белсенді түрде талқылауға тартуда олардың танымдық қызығушылықтарын ынталандыру, бөтеннің және өз бағытының дәлелдеріне әр түрлі көзқарасты ойлауды тудыру. Бірақ бұл үшін оқушылардың алдын-ала немесе нақты мазмұнда және формалды дайындығынан бұрын талқыланып отырған мәселеге ең аз дегенде екі қарама-қарсы пікірі болуы керек. Білімсіз өтілген дискуссия мәнсіз, мазмұнсыз және нақты болмай, қарама-қайшылыкты, шашыраңқы, алдымен сынаушыларды сендіруге айналады. (И.П Подласый. Педагогика.М., 1996). Бір жағынан дискусиялық оқыту оқушылардың өз ойларын ашық әрі нақты айтуға, дәлелді айғақтар жүйесін құруға жетелесе, ал екінші жағынан оларды ойлауға, пікір таластыруға, өзінің дұрыстығын дәлелдеуге үйретеді. Осындай жағдайда әрине, мұғалім оқушылар алдында өзін үлгі етіп көрсетіп, оқушылардың өз ойларын тұжырымдап, сұрақтар келтіріп, дәлелдер жасай білу білігін дамыта алуы керек.
Оқу пікірталасы негізгі мектептердің жоғарғы сыныптары мен толық орта мектептердің сыныптарында жиі қолдануға болады. Жақсы өткізілген дисскусиялық оқытудың зор тәрбиелік және білімділік мәні бар: оқушылардың мәселені терең ойлауына, өз пікірін жақтай алуы мен өзгенің де пікірімен санасуға үйретеді.
Лекция - көлемді материалды баяндаудың монологтік тәсілі, ол әдетте жоғарғы сыныптарда қолданылып, бүкіл сабақты қамтиды. Лекцияның артықшылығы: оқу материалының логикалық мазмұндалуы; ақпарат ағынының көптігімен; берілетін білімнің жүйелік ерекшелігімен айқындалады. Қазіргі заманғы талаптарға сай жаңа оқу материалын тақырыптар немесе ірі бөлімдер бойынша игеруде лекцияны қолданудың маңыздылыңы барған сайын өсуде.
Мектепте өткізілетін лекция өтілген материалды қайталау кезінде де қолданылуы мүмкін. Мұндай лекцияларды шолу лекциялары дейді. Олар игерілген материалды жүйелеу мен қортындылау үшін бір немесе бірнеше тақырыптарға өткізіледі.
Қазіргі таңдағы мектептердегі оқыту әдістерінде лекцияны қолдану оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыруға, тақырыптық тапсырмаларды орындауға, оқу-танымдық міндеттерді шешу мәселелінде өзіндік ғылыми ізденістер жасауға ұмтылуға, өзіндік тәжірибе мен зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Міне, сондықтан да соңғы кездері жоғарғы сыныптарда лекцияны өткізу кеңінен етек алып келеді.
Кітаппен, оқулықпен жұмыс. Мектепте ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ӘДЕБИЕТТІ ОҚЫТУДЫҢ АУЫЗЕКІ ӘДІСТЕРІ
ТІЛ ДАМЫТУ ӘДІСТЕРІ
Орта деңгейде ағылшын тілінде ауызша сөйлеуді дамыту
Педагогика ғылымы ретінде шет тілдерін оқыту әдістемесі
Әр сыныптағы шет тілін оқытуда оқуға қойылатын талаптар
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ АЯСЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ
Бастауыш сыныпта ағылшын тілінен оқуға үйрету жолдары
Ақпараттық жүйе құрылымы
Орыстілді оқушылардың сөйлесу әрекетін дамыта оқытудың ғылыми-теориялық негіздері
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІНІҢ ЖҮЙЕСІ
Пәндер