Қылмыс жасаудың нысаны - әрекет


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ

ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік

университеті

Экономика және құқық факультеті

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

«Қылмыстық құқық» пәні бойынша

Тақырыбы: "Қылмыстық құқықтағы кінә түсінігі, оның маңызы"

Орындаған: Мурзалин. А. А

_6B04201_Құқықтану мамандығы 201-топ

Қабылдаған: Нурлин. А. Қ

ЖОСПАР

КІРІСПЕ

1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ КІНӘНІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҢЫЗЫ

1. 1 Кінәнің түсінігі

1. 2 Кінәнің нысандары

1. 3 Кінә түрлері

1. 4 Кінәнің күрделі нысаны және кінәсіз зиян келтіруі, ажыратуы.

2 КІНӘНІҢ ҚАСАҚАНА ЖӘНЕ АБАЙСЫЗДА ЖАСАЛҒАН НЫСАНЫ

2. 1 Қасақаналықтың түсінігі және түрлері

2. 2 Жанама қасақаналықты қылмыстық менмендіктен ажырату

2. 3 Абайсызда түсінігі және оның түрлері

Қорытынды

Пайдаланған әдебиет тізімдері

Қосымшалар

Кіріспе

Біз Қазақстан республикасында тұрып жатқан оның заңдарына бағынышты және ата заңды құрмет ететін мемлекетте, азаматтық қоғам құруға атсалысып тәуелсіз елде өмір сүріп жүрген азамат ретінде, әділ қоғам құруға, және басты қағидалары адам және оның өмірін жоғарға қойып, алдағы болашақта қоғамымыздың тыныштығын мен тәртібін сақтап, мақсат етілген ойларымызға жетуге атсалысуымыз керек ! Әрине бұның бәрі жоғарда айтылғандай бекерден бекер бола қоймас, сонда да біздің мемлекетімізде, барлық дамыған демократиялық мемлекеттердегідей көптеген заңдар қарастырылған, ең алдымен қоғам тыныштығын сақтау алдында, тәртіпсіздікке жол болдырмауға негізделген қылмыстық құқық жүйесі мен қылмыстық кодексі бар, біздің берілген тақырыбымыз "Қылмыстық құқықтағы кінә түсінігі, оның маңызы" қылмыстық кодексте көрсетілген жәнеде көптеген еңбектер жазылған. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі қысқасынан еліміздің бейбітшілігі мен қауіпсіздігін қорғау және қылмыстардың алдын алу болып табылатын заңдар жинағы. Кінә түсінігі біздің Қазақстан республикасының кодексінде бірнеше баптар мен қарастырылған, кінә түсінігі, нысаны, зиян келтіру жақтары ажыратуы, қасақана түсінігі дегеніміз не оны менмендікпен ажырату және абайсызда түсінігі. Осылайша бізде кінә түсінігі туралы бірнеше тараптар бойынша бөле аламыз, Кінә түсінігі дегеніміз кодекс бойынша 19 бапты келтіре аламыз ол дегеніміз адамның яғни тұлғаның іс-әрекеттері үшін немесе әрекетсіздігі үшін қоғамдық қауып тудырғаны немесе зардап тигізген үшін жауаптылыққа тартылады делінген. Әрине біріншіден біз тұлғаға кінә тағар алдында көптеген сараптамадан өтуіміз тиіс, дәл осы сараптамалар жолдары кодексте қарастырылған, тұлғаның іс-әрекеттері де мотивтері де жан жақты қарастырылады, оның мүмкін іс әрекеті абайсызда жасалған болуы да мүмкін, осы жағдайларды жан жақты қарастыру үшін кінә түсінігінде іс-әрекеттің нысанына бөледі, жоспар бойынша қарастырылғандай кінәнің абайсызда және қасақана нысаны болады осы жақтары да кінә түсінігін қамтиды. Біз қарастарын кінә түсінігі қазіргі таңда еліміздің қылмыстық кодексімен сәйкес келеді жәнеде ешқандай бөлек заңдық нормалармен көрсетілмеген осыған орай біздің басты заңдық түсіндірме күші болып табылатын құрал ол қылмыстық кодексте көрсетілген. Кінә ұғымы ежелден келеді, тарихқа ұғынатын болсақ, ежелгі Рим, Грек, мемлекеттерінде кінә ұғымы солардың қылмыстық құқықтық заңдарында кездеседі, мысалға алатын болсақ ежелгі елдерде адвокаттар атымен болмаған, сондықтан да екі жақ өдерін сот алдында өз-өдерін қорғауға және кінәсіз екенін сот алдында дәлелдеулері керек болатын, тек сөйлейтін сөздерін заңгерлер жазып беретін, осындай ерекшеліктер ежелгі кезде орын алған. Тағы бір ерекшелік ежелгі кезде қазіргідей тергеу органдары болмаған сондықтан, айыпталушы түлға сот алдында, әрине өзі ақтап шығып, үкіммен босталып оны ешкім кінәлі деп айыптауға құқығы болмады. Уақыт өте келе қылмыстық құқық жүйесі өзгеріп, кінәсіздік презумпциясы түсінігі қалыптасады, бүл заңдар жинағы ең алғаш рет Францияда 19 ғасырда заңдар жинағында жазылған. Қысқаша қылмыстық құқық жүйесінде кінә ежелден пайда болғындына куә боламыз. Қылмыстық құқықтағы кінә түсінігінің эволюция мәселесін қарастыра отыра құлиеленушілік және феодалдық қоғамда құқықтың даму дәрежесі сол кездегі адамзаттың ақыл-санасының даму деңгейінен жоғары болмағанын айтқан жөн. Сол замандағы адамдар өте ырымшыл болғандықтан, санасы жағынан, болған құбылысты шын мәнінде көре алмайтын. Мысалға: жерді домалақ емес, жазық деп түсінген, себебі жерді олар өзі тұрған жазықтық шегінде көрген, сол сияқты жерді күн айналады деген және тб. Сол сияқты адам қылықтарына да сол тұрғыдан қараған. Сол себептен адамды кінәлі деп тану үшін келтірілген зардап фактісінің болғаны жеткілікті еді. Міне сондықтан құлиеленушілік және феодалдық құрылым кезіндегі қылмыстық құқықта обьективті жүктеу принципінің болғанын түсіндіруге болады. Адамзаттың әрі қарай дамуының процессінде индивидтің әрекетінің сыртқы көрінісінде жағымсыз нәтиже себебі болатын оның ішкі еркін қарастыра бастайды. Сәйкесінше кінә туралы түсінік те өзгереді. Жағымсыз нәтижені тек субьектінің мінез-құлқының сыртқы фактісімен ғана емес, оның еркімен де байланыстырады Қылмыстық құқықта субьективті жүктеу принципінің пайда болуы еріктілік(психологиялық) кінәні қабылдаумен байланысты. Тұлға жасалған қылмыс үшін кінәлі деп, егер ол тек саналы түрде зардап келтірсе, танылады. Кінә мәні енді зиянды нәтижені тілеу фактісі, яғни қылмыстық нәтижеге субьективті қатынас арқылы анықталды Қылмыстық құқықта субьективті жүктеуді енгізудегі көшбасшы болып (қылмыстық-құқықтық доктрина тарихшыларының көз-қарасы бойынша) Рим классикалық мектебі саналды. Бұл мектепте ең бірінші ішкі кінә түсінігі яғни - қасақаналық (4оіие) дамыды. Кінә ұғымы тұлғамен тікелей қылмыстық нәтиженің болуын тілеу жағдайын білдірді. Бірақ тұлғаның психикалық қатынасының басқа мәселелері кінә құрамына кірмеді. Кінә туралы мұндай түсінік, яғни жаманшылық тілеу еркі сол кездердегі заңнамалар мен доктриналарда ұзақ уақыт шамасында сақталды.

Кінә түсінігі . Кінә дегеніміз бүл қылмыстың сүбъективті жағы. Біз білетін қылмыстың обьективті және сүбъективті белгілердің түрлерін ажыратамыз. Обьективті жағы бұл қылмыстың орны, жасалған уақыты, тәсілдері, жағдайы, қаруы, себептік байланысы жәнеде тағы да басқа көптеген жақтары ал сүбъективті жағы ол қылмыскердің өзінің ішкі сипаты яғни психикалық іс-әрекетті немесе ниеті деуге де болады. Сондықтан біз сүбъективті жағының көптеген заңды мазмұндарының бірін кінә деп танимыз. Кінә, қылмыстың сүбъективті жағы және негізгі белгісі. Тұлғаның өзі жасаған қауыпты іс әрекеті, көптеген нысандардың салдарына (қасақаналық, абайсыздан) байланысты психикалық қатынасы. Кінә қылмыстық құқықа сәикес және оның анықтамасымен, кінә ұғымы әрекет пен әрекетсіздіктің бір тұтас ажырамас бөлігі, соттың шешімімен, мемлекет атымен әшкереленетін, қоғамға жаслаған қауыпты әрекетіне, зардаптарына деген психикалық қатынасы кінә деп танылады. Кінә қылмыстық құқықа сәкес және оның анықтамасымен, кінә ұғымы әрекет пен әрекетсіздіктің бір тұтас ажырамас бөлігі, соттың шешімімен, мемлекет атымен әшкереленетін, қоғамға жаслаған қауыпты әрекетіне, зардаптарына деген психикалық қатынасы. Кінә ұғымы психикалық жағынан да қарауға болады өйткені қылмыскердің сүбъективті жағын ниетін, ойын мазмұнын адам психикасынан табуға болады. Адам психикасында, психикалық процестер үшке бөлінеді олар интелектуалдық, еркін қарай және сезімдік болып бөлінеді. Осы мәліметтер бойынша бізде қылмыста сүбъективті белгілерінде мазмұнын, мағынасын анықтау үшін бізге психикалық элементтерді ескеруіміз керек болады. Жоғары да айта кеткендей кінә қылмыстың сүбъективті жағында мазмұны бойынша негізгі белгісі болып табылады, егер тіпті кінә сүбъективті жағын толық қамтымаса да ол негізгі белгісі болып табылады. Қылмыс болмаған кезде кінә болмайды, болуыда мүмкін емес. Бұл дегеніміз қылмысты ажырататын басты белгісі деуге болады өйткені қылмыс немесе қылмысты іс еместігін ажыратуға болады, солай біз қылмыс түрлерін ажыратамыз. Кінә ұғымын аша келе бізде психикалық элементтер маңызды рөл атқарады. Мысалы сезімдік мазмұнын, абайсызда және қасақаналық қылмыстың мазмұны ретінде есепке алынбайды тек екі ғана түрі қолданылады олар интелектуалдық және еркіне қарай. Қылмыстық іс әрекетінің қоздырушы жағы сезімдік процестері болып табылады өйткені адам өз өзін қолға ала алмайтын кездерде(аффект жағдайында, күйзеліске түскен кезде) қылмыстың сүбъективті жағы ретінде осы сезімдік процесін қаруымызға болады, өйткені ол адамның психикасында болып жатқандығынан қарай аламыз. Қылмыстың сүбъективті басты белгісі - кінә. Адам өзінің кiнәсi анықталған қоғамға қауіпті іс-әрекеттері (әрекеттері немесе әрекетсіздігі) және оның қоғамға қауіпті зардаптарының туындауы үшiн ғана қылмыстық жауаптылыққа жатады. «ҚР ҚК-нің 19 бабы» Қылмыс жағдайын қарастыруымыз керек деп ойлаймын өткені қылмыс құрамын білсек, оның мазмұны және сүбъективті, обьективті жағдайын ажырата аламыз. Қылмыс бұл құқық бұзушылықтың бір түрі дейміз. Қылмыстың басты ерекшеліктері қылмыс жасаған да сол қылмысқа сәйкес жауапкершіліктің болуын айтамыз. Қазақстан республикасының кодексінде 9 бабында қылмыс турал ұғым көрсетілген. Қылмыс ол іс қимыл, әрекетпен әрекетсіздікпен жасалады. Қылмыс жасаудың нысаны - әрекет. Қоғамға қауыпты әрекет ол қылмыс деп аталады, зиян келтіру, қауып төндіру. Қылмыстың жауапкершіліктің элементтері, қылмыс үшін жауап беру, жаза тағайындау, кінә тағу, соттау. Қылмыстың сүбъективті жағы ол іс қимылы, психикалық көз қарасы, және қасақаналық содан соң абайсыз деп екіге бөлінеді. Кінә ұғымында да осы екі түсінік қалыптасқан абайсызда және қасақана. Осыған дейін біз сүбъективті жағын қарастырдық ал обьективті жағында кінә қалай қалыптасқан деген сұрақ туындау мүмкін, сондықтан қылмыстық кодексте ол туралы қарастырылған, "Обьективті айыптауға, яғни кінәсіз зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа жол берілмейді " қылмыстағы обьективті ақиқаттардың бірі ол кінә болады. Кінә дегеніміз бұл " қылмысты жасаушы мен жасалған қылмыстың обьектісінің арасындағы себепті байланыс" деген А. Я Вышинский деген пікір айтып кетті. Қазақстан республикасының кодексінде кінә туралы әсіресе 19 бап пен 22 бап тағыда басқа баптарда кінә туралы нақты анықталмаған. Сонымен бізде кінә туралы сүбъективті жағынан психикалық тұрғыдан қарастыра аламыз оны басты элементтері, ниетін, мақсаты, эмоциялары болып табылады (интелектуалдық, еркіне қарай, сезімдік) Түсінігіне байланысты кінә тұлғаның қылмысынан анықталады, қасақаналық немесе абайсыздан, бұл қылмыстар белгілі бір ниетпен жасалады. Ең бастысы біздер кінәнің мазмұны мен нысандарын шатастырмауымыз керек. Көптеген ғылыми жұмыстар бойынша кінә туралы нақты жауап берілмеген сонда да соңғы ғасырлар бойы кінә түсінігі уақыт өте келе өзгеріске ұшыраған, ежелгі дәуір ден бері кінә түсінігі бірнеше өзгерістен өтті бірақ та, кінә барлық уақытта қылмыстық жауапкершіліктің бір бөлшегі саналған, сүбъективті ретінен де толтырылған. Ал қазіргі кезде біз кінәні психикалық мазмұны ретін қарастыра аламыз өйткені адам мыйында болып толқулар қоғам үшін белгісіз себептерге алып келуі мүмкін сондықтан да біз әрдайым адамның жасаған іс әрекетіне толық есеп беруіміз қажет сондықтан да кінә ұғымы тек қылмыстық құқықтағы үғым ғана емес ол көб мағынада зерттелінген, психикалық, философиялық және тағыда да басқа спектрлік талдаудан өткен ұғым. Қылмыстың субъективтік жағы кінә, ниет және мақсаттан тұрады. Жекелеген ғалымдар оның құрамына эмоцияларды да жатқызады алайда олар оны кінәнің мазмұнына кіргізеді. Жалпы қалыптасқан пікір бойынша қылмыстың субъективтік жағын қылмыстың кінәнің нақты нысанымен, ниет және мақсатымен сипатталатын тұлғаның жасаған қылмысқа деген психикалық қатынасы ретінде бағаланады.

Әр психологиялық актке қандайда бір дәрежеде үш компонент кіреді -интеллектуалдық, еріктілік және эмоционалдық. Тұрғылықты өмірде бұл компоненттер бір-бірімен тығыз байланыста болып, бір психикалық қатынастың әртүрлі жақтары болып табылады; оларды жеке-жеке тек теориялық анализ кезінде қарастыруға болады. Интеллектуалдық кезең. Ойлау - заттар мен құбылыстарды олардың белгілерімен бейнелейтін және оларда, олардың арасында болатын әртүрлі байланыстарды ашатын адамның ой-санасындағы психикалық процесс. Адамның ойы оның ақыл-өрісіне сәйкес емес және ол сезіммен, қабылдаумен және есте сақтаумен бірге оның қаруы болып табылады. Ой-сана ойлаумен бірге адамның психикалық қатынасының интелектуалдық құрамын құрайды Еріктілік кезең. Ерік ой-сананың практикалық жағын білдіріп, адамның практикалық қызметін қалыптастырудан тұрады. Мінез-құлықты ерікті реттеу - ол ақыл-ой мен физикалық күштерді мақсатқа жету немесе белсенділіктен бас тартуға бағыттау. Еріктілік күші арқылы адам өзінің мінез-құлқын қадағалап, өз іс-әрекеттеріне басшылық ете алады, белгілі қоғамдық нормаларға қайшы әрекеттерге барудан бас тартады, мақсатына жету үшін жолындағы кедергілерден өтеді немесе жояды. Сонымен ерік адам санасының практикалық жағын білдіргендіктен, еріктілік қатынас тек нақты әрекет немесе әрекетсіздікте болады Эмоционалдық кезең. Адамның әр әрекетінің, сонымен қатар қылмыстық әрекеттің қажетті элементін білдіреді. Эмоционалдық кезең заңшығарушымен кінә нысандарының анықтамасына кіргізілмеген. Бірақ эмоция кінәнің психикалық қатынасының мазмұнына кіреді. Эмоция 1) кенеттен пайда болатын жағдайлардан туындайтын эмоция ретінде; 2) жүйке-психикалық тонустың өзгеруінен болатын эмоционалдық күй ретінде; 3) белгілі бір обьектіге бағытталған эмоционалдық (жағымды немесе жағымсыз) қатынастардың таңдаулы түрі ретінде көрініс табады. Осыған байланысты эмоция қылмыс жасау кезінде әртүрлі роль атқарады. Біріншіден, эмоция қылмыс жасау кезінде ниет ретінде (махаббат сезімі, жек көрушілік, қорқыныш, үрей, қатыгездік және т. б. ) орын табуы мүмкін. Екіншіден, ол кінәнің интелектуалдық және еріктілік процесстеріне әсер етіп, қылмыс жасауға түрткі болуы мүмкін. Үшіншіден, эмоция қылмысқа аффект1 әсерінен апаруы мүмкін. Қылмыстар өздерінің психологиялық механизмдері бойынша әртүрлі, және әртүрлі нұсқаларда интеллектуалдық, еріктілік және эмоционалдық бөлімдер әртүрлі роль атқарады Шынайы өмірлік ситуацияларда адамда әдетте мінез-құлық әрекетінің бірнеше нұсқасы болады. Субьект осы нұсқаларды бағалайды, яғни мінез- құлықтың әлеуметтік нормаларын ескереді, өзінің қылығымен пайда болуы мүмкін әртүрлі нәтижелерді бағалайды. Осы бағалаудың негізінде іс-әрекеттің жасалуына кедергі болатын кері ниет (контрниет) пайда болуы мүмкін. Мысалы, жауаптылықтан қорқу, зардаптың болуын тілемеу және т. б. - яғни бұл жерде ниеттер арасында психикалық күрес жүреді.

Осы күрестің нәтижесінде субьект белгілі әрекетті жасауға шешім қабылдайды. Шешімді қабылдау кезеңі қылмыстық қасақаналық немесе қылмыстық абайсыздықтың туу кезеңі болып табылады. Келесі қадам әрекетті жоспарлау, яғни кезеңдерді анықтау, мақсатқа жету құралдарын таңдау, ойлағанын жүзеге асыру және шешімді орындау болып келеді. Бұл келтірілген схематика қылмыстық әрекеттің көптеген жағдайларын көрсете алмайды; қылмыс жасаудың психологиялық механизмі жай ғана мөлшерлі немесе өте күрделі болып келе береді. Кей жағдайларда еріктілік актінің ашық этаптары кездеспеуі мүмкін, мысалы: ниеттердің күресі немесе әрекеттерді жоспарлау, адам өзін-өзі сақтап қалу үшін немесе басқада көптеген себептерден кенеттен қылмысқа баруы мүмкін және т. б. Бірақ қылмыс көп жағдайда адам мінез-құлқының саналы еріктілік актісін білдіреді, соған қарамастан бұл ережеден тыс ерекшелік жоқ деп айтуға болмайды. Себебі кей кезде тұлға өз мінез-құлқын ұмытшақтық немесе шашыраңқылықтық, жаңғалақтық нәтижесінен түсіне және бағалай алмайды. Қылмыс импульс арқылы жасалуы мүмкін. Егер қылмыс терең физиологиялық мастық нәтижесінен, қатты физиологиялық аффект немесе күнделікті автоматизм нәтижесінен жасалынса, ол саналы еріктілік бақылаудан айрылуы мүмкін. Бірақ. саналы еріктілік бақылаудан айрылған барлық жағдайларда адамда сәйкесінше саналы еріктілік акт мүмкіндігі болады, субьектіде өз мінез-құлқын реттейтін қабілеті негізінде ерік бостандығы болады, міне сондықтан адам осы жасаған ісіне жауапты болады. Кінәлі жауапкершілік принципінің эволюциясын анализдеу бізге индивидтің жауапкершілігі туралы түсініктің өзгеруі қылмысқа деген қөз-қарастың өзгеруімен байланысты екенін көрсетеді. Құлиеленушілік құрылым мен феодализм кезеңдерінде қылмыс туралы түсінік келтірілген зардап, зиян, зұлымдық түсініктерімен тығыз байланысты болғанын түсіндіреді. Кінә деп келтірілген зардаптың өзі түсінілген. Соған байланысты бұл кезеңде қылмыс субьектісі болып аңдар, құстар, жансыз заттар санала беретін, әрине, егер келтірілген зардап, зиян олармен немесе олардың әрекеттерімен байланысты болғанда. Сөйтіп, осы қадамда кінәнің материалдық мазмұны ашылған болатын. Қудалаудың негізі болып зардапты келтірушінің кінә дәрежесін анықтайтын материалдық зиян болып табылды. Кейінірек жаза таңдауда еріктіліктің орнына тарихта Талион қағидасы деп аталып келген ереже келеді. Бұл принцип бойынша кінә мен жауапкершілік мөлшері келтірілген зардап мөлшері мен сипатына сәйкес өлшене басталады (қанға қан, жанға жан) . Субьектіні кінәлі деп тану үшін зардап келтіру фактісінін болғаны жеткілікті. Істелгеннің психикалық қатынасы қылмыс жасаған адамды жазалауда маңызы болмады. Кейін бұл қағида обьективті жүктеу қағидасы деп аталып кетті.

Кінә нысандары. Кінә дегеніміз бұл кінә мазмұнының ішкі құрылысы басқаша айтқанда оларды байланысы және элементтердін қатынасы. Кінә нысаны, заң шығарушы арқылы анықталады. Осы ретте нысанды анықтауда біз психикалық элементті пайдаланамыз!

1. Интелектуалдық(ойлау, түсіну, болжау)

2. Обьективті қылмыс жағынан (Әрекет, Нәтиже)

3. Еріктілік

Осыларды топтастырау отырып бізд нысанды, мазмұнынан ажырата аламыз өйткені мазмұн элементтері көп қолданыла бермейді. Енді кінәнің нысандары және түрлері туралы. Олардың анықтамасы ҚК-тің 22; 23 баптарында берілген. Тікелей немесе жанама ниетпен жасалған әрекет қасақана жасалған қылмыс деп танылады. Егер адам өз іс-әрекетінің қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын алса білсе және осы зардаптардың болуын тілесе қылмыс тікелей ниетпен жасалған қылмыс деп танылады. Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуы мүмкін екенін алдын ала білсе, осы зардаптардың болуын тілемесе де, бұған санылы түрде жол берсе не бұған немқұрайды қараса, қылмыс жанама ниетпен жасалған деп танылады. Кінә нысаны мен түрінен басқа кіна дәрежесіне тұлғаның полхихасында болып жатқан интеллектуалды және ерікті процестер ереттпедігінің мазмұны ықпал етеді. Сананың көлемі мен айқындығын болжау, қасақана мақсатқа табандылықпен қарау қасақана қылмыс дәрежесіне айтарлықтай ықпал етеді. Жағдайды бағалауда немқұрайдылық-немесе менмендік саларынан қоғамға қауіптіліктің алдын алуға деген сенімділік, зиянды зардаптардың болу себептерінін алдын алуға сипаттылығы кінәнің абайсыздық нысанының дәрежесіне тез ықпал етеді. Кінәнің мязмұны, нысандары осы категорияларды дұрыс түсіне және қолдана білу, олардың қатынастары мен тәжірибелік маңызын білу кінәні зерттеудегі, нақы және дұрыс әдіс болады. Осы категорияларды зерттеу арқылы қылмыстық құқықтағы кінә институтын тереңірек білуге болады. Кінә мазмұны. Бұл категорияның нақты, бірақ тәжірибеде оның мазмұның нақты анықтау ауырлау. Өйткені көптеген обьективтік жағы ұқсас қылмыстар, көптеген кіна нысандары бірдей қылмыстар бар да ал мазмұны жағынан бірдей немесе жақын қылмыстарды кездестіру мүмкін емес. Сондықтан кінәнің мазмұның анықтау қылмыс субьектісінің кінәсін дұрыс анықтау және саралау үшін керек, кінә белгілі қылмыстағы субьетсінің психикалық жағдайы болғандықтан, кінә мазмұнына да субьектінің психикалық жағдайын құрайтын психикалық элементтер жиынтығы (ерік, ой-сана, эмоция, ниет, мақсат) кісс-ті, . Бірақ аталған психикалық элементтер қылмыстың

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық құқық бойынша жалған құжат түсінігі
Қылмыстың обьектісі және оның қылмыстық құқықтық маңызы
Жалған құжат жасағаны үшін жаза қолдану
Қылмыстық құқық бойынша қылмысқа қатысушылардың жалпы сипаттамасы
Қылмыс құрамы және қылмысты дәрежелеу
Қылмысқа қатысудың субъективтік белгілері
Қылмысқа қатысудың объективті белгілері
Ұйымдасқан топ жасаған қылмыс
Компьютерлік қылмыстың пайда болу формалары
Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz