Қылмыс құрамының міндеті белгісі ретінде обьективтік жағы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Экономика және құқық факультеті

Құқықтану кафедрасы

Курстық жұмыс

Пәні: “Қылмыстық құқық”

Тақырыбы: “№6Қылмыстық құқық бұзушылық объективті жағының түсінігі және маңызы”

Қабылдаған: Нурлин А. К

Орындаған: Мэлсов Е. Б

Құқықтану мамандығының 2- курс студенті

Ақтөбе 2022

Мазмұны

Кіріспе .

1. Қылмыс құрамы.

1. 1. Қылмыс және теріс қылық түсінігі.

1. 2. Қылмыс құрамы және оның элементтері.

2. Қылмыс құрамының міндеті белгісі ретінде обьективтік жағы.

2. 1. Қылмыс обьективтік жағы түсінігі.

2. 2. Қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік.

2. 3 Қоғамға қауіпті салдар және зардап түсінігі.

2. 4. Себепті байланыс және оның қылмыстық құқықтық мәні.

2. 5 Обьективті жағының факультативті белгісі.

Қорытынды .

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

КІРІСПЕ

Сіздің назарыңызға өзімнің курстық жұмысымды ұсынамын. Менің алған курстық жұмысымның тақырыбы «Қылмыстық құқық бұзушылық объективті жағының түсінігі және маңызы». Қылмыстык кұкык пәнінің Жалпы бөлімін терең оқып меңгеру болашақ заңгерлер үшін заңдылық қағидасын берік сактаудың, оны іс жүзіне асырудың кепілі болары сөзсіз. Бәріне белгілі, Қазакстан Республикасының Конституциясында қазак тілі мемлекеттік тіл деп жарияланган. Осыған орай еліміздің бірқатар заң оқу орындарында қылмыстык кұкык пэні, баска да құкыктық пэндер мемлекеттік тілде окытылып келеді. Қылмыстык кұкыктың Ерекше бөлімі кылмыстык кұкык бұзушылыктың жеке түрлеріне кылмыстык кұқық бұзушылық үшін жауаптылық негіздерін жэне осы қылмыстардың кұрамының белгілерін, сондай-ак оган тагайындалатын тиісті жаза түрлерін белгілейтін нормалардың жиынтыгы болып табылады. Қылмыстык кұкыктың Жалпы бөлімінде кылмыстык кұкык бұзушылык туралы ұгым, жаза түрлерінің тізбегі, кылмыстық кұкык бұзушылық үшін жауаптылықтан және жазадан босатудың жалпы принциптері (кагидалары) сөз болса, ал Ерекше бөлімде нақты кандай когамга кауіпті ісәрекеттің кауіпті қылмыстык кұкык бұзушылық болатыны жасалган қылмыстык кұкык бұзушылыкка кылмыстык кұкыктың Жалпы бөлімінің нормаларымен бел- гіленген накты бір жаза түрін тагайындау мэселелері карастырылады. Қылмыстык кұкыктың Жалпы жэне Ерекше бөлімі өзара тығыз байланыста болады, осы екі бөлімнің жиынтыгы Қазакстан Республикасының кылмыстық құкығын кұрайды. Қылмыстык құкықтың өзін Жалпы және Ерекше бөлім деп бөлудің себебі, осы пэнді қылыми-эдістемелік тұрғыдан терең окытудың кажеттігінен туындап отыр. Өйткені Қылмыстык кұкыктың Жалпы бөліміндегі теориялық мэселелерді Ерекше бөлімнің әрбір бабы бойынша тагы да қайталамау үшін, сондай-ак Ерекше бөлімдегі жеке кылмыстык кұкык бұзушылыктардан кұрамының бел- гілерін кайталап сипаттап жатпау үшін осы пән екі бөлімге бөлініп окытылады. Негізінен а іганда Жалпы және Ерекше бөлім тұтастай бір кылмыстык құкык ғылым пэнін кұрайды. Жалпы жэне Ерекше бөлімнін бірлігі сот тәжірибесінде айкын көрінеді. Жалпы бөлімнің нормаларын басшылыкка алмайынша, Ерекше бөлімнің нормаларын колдану мүмкін емес, немесе керісінше, Ерекше бөлім ңормалары болмаса, Жалпы бөлім нормаларының іске асырылуы мүмкін емес. Қылмыстық құқыктың Ерекше бөлімінде көрсетілген Қылмыстық құқықтың нақты белгілі бір бабы бойынша қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінде көрсетілген қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Жалпы бөлімде көрсетілген нормаларга соқпай өтуге болмай- ды. Мысалы, кінәнің нысандары және олардың мазмұны, қылмыстық құқық бұзушылық үшін жауаптылыкты белгілейтін жас мөлшері, кылмыстық кұкык бұзушылыкка қатысудың ұгымы, кылмыска катысу нысандары жэне катысушылардың түрлері, қылмыстык құкық бұзушылыкка даярлангандык немесе оқталгандык сиякты түсініктер тек қана Жалпы бөлімде айкындалган. Істелген кылмыстык кұкык бұзушылыкка жаза тагайындаганда да Қылмыстық кодекстің Жалпы бөліміндегі нормаларды айналып өтуге болмайды. Өйткені жазаның ұгымы мен максаттары, жазаның түрлері, жаза тагайындаудың жалпы негіздері кылмыстык құкык бұзушылык үшін жауаптылыктан жэне жазалаудан босату тек кана Жалпы бөлімде көрсетілген.

Қылмысты кұқық бұзушылықты дұрыс саралау қылмыстылықтың жағдайын, деңгейін, кұрылысын, козғалысын дұрыс аныктауға мүмкіндік береді. Істелген кылмыстык кұкык бұзушылыктың статистикалык есебін нақты белгілемейінше, ол құбылыспен тиімді күрес жүргізу мүмкін емес. Сол себепті де кылмыстық кұқық бұзушылықпен тиімді күрес жүргізу үшін оның 7 жағдайын, сандық, сапалык көрсеткіштерін, жасаган қылмыстык кұкык бұзушылыктардан мэнін, қылмыскердің тұлғасын толық ашу қажет. Бұл мәселелерді анықтамай тұрып, қылмыстык кұкык бұзушылықпен күрес жүргізу өзінің оңды нәтижелерін бермейді. Қылмыстық кұқық бұзушылықты дұрыс саралау сот төрелігін эділ жүзеге асырудың кепілі жэне заңдылык, әділеттілік принциптерінің іске асырылуының басты шарты болып та- былады. Құқык коргау және кұкық қолдану органдары беделінің мәртебесінің биік болуы да істелген іс-әрекетке дұрыс, заңды баға беруіне де тікелей байланысты. Заңға негізделген әділ үкім сот органдарынын беделін нығайтады. Қылмыстығ құқық бұзушылыкты дұрыс саралау - жеке адамдардың Қазакстан Республикасы Конституциясында, баска да заңдарда көрсетілген кұкыктарын, бостандыктарын корғаудың кепілі болып табылады. Қылмысты дұрыс сараламаудың сотталган адамга тигі- зетін зардабы да зор. Кінэлінің іс-әрекетін дұрыс сараламау, оның заң қоргайтын мүддесіне келтірілген зор кесел болып табылады. Іс-әрекетті дұрыс сараламау салдарынан адамға заңга негізделмеген жаза тағайындалып кана қоймайды, ол оның тағдырына байланысты көптеген зардаптарға әкеліп согады. Мысалы: қылмыстық кұқық бұзушылыкты дұрыс сараламаган жагдайда, оган көп немесе аз жаза тагайындалуы мүмкін. Қылмыстык кұкык бұзушылыкты дұрыс сараламау оған белгіленген түзеу қолониясының түріне де, сондай-ак кінәліні мерзімінен бұрын шартты жазамен босату немесе босатпауға да әсер етеді. Қылмыстық құқық бұзушылықты дұрыс саралаудың маңызы ерекше.

Менің курстық жұмысым көптеген қызықты мәліметтерді қамтиды. Енді соларға қысқаша мәлімдеме беріп кететін болсақ:Ең алдымен қылмыс жайлы жалпы тоқтала кетсек. Қылмыс әр уақытта да белгілі бір іс-әрекеттің көрінісі, нәтижесі болып табылады.

Әрекет дегеніміз - адамның қылмыстық заң тиым салған нәрселерді істеуі, ал әрекетсіздік дегеніміз адамның заң, нормативтік кесімдер, нұсқаулар немесе жарлықтар, бұйрықтар бойынша өзіне жүктелген міндетін орындамауы.

Қылмыс дегеніміз қысқаша айтқанда қылмыстық заңдармен тиым салынған, қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздікті айтамыз.

Қылмыстың белгілеріне мыналар жатады:қоғамға қауіптілігі, заңға қайшылығы, айыптылығы, жазаланатындығы.

Менің бұл курстық жұмыс жазудағы мақсатым және міндетім: қылмыстық құқық бұзушылық объективті жағының түсінігі мен маңызын зерттеп және оны жанжақты ашу. Сонымен қатар бұл курстық жұмысымда осы тақырыбым бойынша және өзгеде қосымша ақпараттар біле аласыздар.

Негізгісі қылмыстық құқық пәні және түсінігін қысқаша айтып кетемін және қылмыстық құқық бұзышылықтың объективті жағы, қылмыстық әрекетті(қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік), қылмыстық нәтижені, олардың арасындағы себепті байланысты(әрекетті немесе әрекетсіздікті және туындаған салдарды), қылмыстық құқықбұзушылықтың объективті жағының факультативті белгісін, қылмыстық құқық бұзушылық жасау орнын, уақытын, жағдайын, тәсілін, қаруы мен құралдарын сипаттайтын сыртқы белгілерін осы курстық жұмыста қарастыратын боламыз. Осы айтылған барлық тақырыптар Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі 1997 жылы шілденің он алтысы қабылданып, 1998 жылы бірінші қаңтарда күшіне еніп 2014 жылы 3 шілдеде өзгерістер енген Қылмыстық Кодексінде жалпы және ерекше бөлімдерінде қаралған. 1995 жылы 30 тамызда Республикалық референдумда қабылданған Конституциясындағы 1 бабында жазылғандай Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары дегендей, ең басты қазына адам және адам өмірі. Белгілі бір қылмыстық іс бойынша Сот жаза тағайындаған кезде, жауаптылыққа тартқан кезде, қылмысқа кінәлі деп тану мәселелерін шешу кезінде заңның үстемдігін қамтамасыз ету өте маңызды. Себебі бұл соттың шешімімен белгілі бір адамның тағдыры шешіледі. Біздің кәзіргі уақытта заңгерлер орны бөлек.

1. Қылмыс құрамы.

1. 1. Қылмыс және теріс қылық түсінігі.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 10-бабында көрсетілгендей

1. Қылмыстық құқық бұзушылықтар қоғамға қауіптілік және жазаланушылық дәрежесіне қарай қылмыстар және қылмыстық теріс қылықтар болып бөлінеді.
2. Осы Кодексте айыппұл салу, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту, бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты жасалған, қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) .
3. Қылмыстық теріс қылық деп қоғамға зор қауіп төндірмейтін, жеке адамға, ұйымға, қоғамға немесе мемлекетке болмашы зиян келтірген не зиян келтіру қатерін туғызған, оны жасағаны үшін айыппұл салу, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту, қамаққа алу, шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберу түріндегі жаза көзделген, айыпты жасалған іс-әрекет (әрекет не әрекетсіздік) танылады.
4. Осы Кодекстiң Ерекше бөлiгiнде көзделген, формальды түрде, қандай да бiр іс-әрекеттiң белгiлерi бар, бірақ маңызы жағынан болмашы болғандықтан, қоғамға қауiп төндірмейтін әрекет немесе әрекетсiздiк қылмыстық құқық бұзушылық болып табылмайды.

Барлық құқық бұзушылық қоғамға қауіптілігінің сипаты мен деңгейіне байланысты екі топқа бөлінеді: қылмыс және теріс қылық.

Қылмыс қоғамға қауіпті және заңмен жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты әрекет - әрекетсіздік. Ол қоғамның қалыпты өмір немесе мемлекеттік құрылыс, шаруашылық жүйе, меншік және азаматтардың саяси, еңбектік, мүліктік және басқа да құқықтары. Қылмыстың заңды сипаты - оларға қылмыстық заңмен тыйым салу мен жазалау шараларын қолдану болып табылады. Қылмыстық заңда көрсетілген, қылмыстың барлық нысандық белгілерін иеленуші құқық бұзушылық өзінің жеңіл мәнділігіне байланысты қоғамға қауіпті болмаса, қылмыс болып саналмайды. Қылмыс басқа құқық бұзушылық түрлерімен салыстырғанда қоғамға үлкен қауіп әкеледі. Қылмыстың қоғамдық дәрежесін білу үшін, мынандай факторларға сүйену керек: обьектінің құндылығы, құқыққа қайшы әрекеттің мазмұны, жағдайы, уақыты, әдісі, келтірген зиянның көлемі мен сипаты, құқық бұзушының жеке мінездемесі.

Теріс қылық дегеніміз - қылмыспен салыстырғанда қоғамға қауіптілігі біршама төмен және қоғамдағы құқықтық тәртіптің жекелеген жақтарына нұқсан келтіруші құқық бұзушылық. Теріс қылық қоғамға зиян келтіргендіктен, әлеуметтік қауіпті болып табылады. Теріс қылық қоғам өмірінің қай саласында жасалуы, келтірген зиянының сипаты және тиісті құқықтық санкциясының ерекшеліктеріне байланысты әкімшілік, тәртіптік, азаматтық құқық бұзушылықтарға жіктелінеді.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 10-бабының 3-тармағына сәйкес, қылмыстық теріс қылық - қоғамға зор қауіп төндірмейтін, болмашы зиян келтірген неадамның жеке басына, ұйымға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтіру қатерін туғызған, оны жасағаны үшін айыппұл салу, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза көзделген, іс-әрекет (әрекетсіздік) болып танылады делінген.

Яғни қылмыстық теріс қылықтың өзіне тән негізгі 4 белгісі болуы тиіс:

1. Әрекет қасақана болуы;

2. Қоғамға зор қауіп төндірмеуі;

3. Болмашы зиян келтіру немесе келтіру қаупін туғызу;

4. Оны жасағаны үшін айыппұл салу, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту, қамаққаалу түріндегі жаза көзделуі тиіс.

Жаңа қылмыстық кодексте барлығы 156 қылмыстық теріс қылық енгізілген, оның ішіне қазіргі 47 әкімшілік құқық бұзушылық қылмыстық теріс қылықтар қатарына жатқызылған. Бұл қылмыстық теріс қылықтар қатарына жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылықтардың көбісі жеке тұлғаға, кәмелетке толмағандардың құқықтарына, қоғамдық тәртіпке қол сұғатын және отбасы-тұрмыстық саласындағықұқыққа қарсы әрекеттер және т. б. табылады.

Сонымен қатар, аталған санатқа қолданыстағы онша ауыр емес 100 қылмысенгізілген. Осы жерде айта кететін бір жәйт, аталған 100 онша ауыр емесқылмыстардың 20-сы үшін қолданыстағы қылмыстық заң бойынша «бас бостандығынан айыру» жазасы тағайындалатын қылмыстар болып табылады, алжаңа кодекске сәйкес, ондай қылмысты жасаған тұлғанының соттылығы даболмайды.

Қылмыстық теріс қылықтардың қатарына бұрын қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте болмаған 9 құқыққа қарсы әрекеттер енгізілген. 47 әкімшілік құқық бұзушылық қылмыстық теріс қылықтар қатарына жатқызу -жауапкершілікке тартылатын тұлғаның қорғануы құқықтарын күшейтетіні сөзсіз.

Бұл деген - қорғаушының міндетті қатысуы - қылмыстық процесстік кодексте көзделген процессуалдық кепілдігінің барлық кешенін қолдану деген сөз.

Жаңа заңға сәйкес, қылмыстық теріс қылықтар үшін қамауға алудың ең жоғарғы мерзімі 6 ай көзделген. Қолданыстағы қылмыстық кодекспен салыстырғанда, жаңа кодексте бас бостандығынан айыру жазасының орнына баламалы жазаларды қолдану басты назарға алынып, жаза түрлері мен жаза тағайындау жүйесі айтарлықтай өзгерген. Қабылданған кодекстің 40 бабында қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін және қылмыс жасағаны үшін кінәлі адамға тағайындалатын жаза түрлері бөліп көрсетілген. Енді қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін айыппұл, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту, қамаққа алу қолданылса, қылмыс үшін айыппұл, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу, бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкiн.

Өткен жылы Ақтөбе облысының соттарында қылмыс бойынша барлығы 1567 іс аяқталған, соның ішінде 802 тұлғаға қатысты жаза тағайындалған. Ал теріс қылық бойынша 830 іс аяқталып, оның ішінде 646 тұлғаға қатысты жаза тағайындалған екен.

1. 2. Қылмыс құрамы және оның элементтері.

Қылмыс құрамы түсінігін қылмыстық құқық теориясы түсіндіреді. Қылмыс құрамы қоғамға қауіпті іс әрекеттерді заң бойынша белгілі бір қылмыстардың қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін қылмыстың объективтік және субъективтік жағынан құралған элементтердің және олардың белгілерінің жиынтығын айтамыз. Кез келген қылмыстың құрамы оның әр қайсысы субъективтік және де объективтік жағымен сипатталады. Қылмыс құрамы белгілі бір жүйе және ол кез келген жүйелер сияқты белгілі бір элементтерден тұрады. Әрбір қылмыс құрамының белгілері Ерекше бөлімдегі баптардың диспозициясында ғана емес, қылмыстық заңның көптеген белгілері аталып көрсетілген. Мұның өзінде диспозициялардың ерекшелігін анықтайтын және оны басқа қылмыстардан ажырататын соған тән белгілерінің тізбегін береді. Барлық қылмыстарға жалпылама ортақ немесе нақты қылмыс топтарына тән белгілер Жалпы бөлімнің баптарында анықталады. Мысалы, бөтеннің мүлкін ұрлауды анықтайтын Қылмыстық кодекстің 175-бабының диспозициясында осы қылмыстың не субьектісі, не кінәнің нысаны аталмаған. Бұл жалпылама белгілер Қылмыстық кодекстің 15 және 20-баптарында көрсетілген. Қылмыстық кодекстің 175- бабында ұрлықтың оған тән белгісі - басқа біреудің мүлкін жасырын түрде ұрлау ғана көрсетілген. Осы белгі арқылы ұрлық тонаудан ерекшеленеді. Әрбір қылмыс істелген уақытында көптеген белгілермен сипаталады. Осы белгілердің барлығы да қылмыс құрамына жатпайды. Қылмыс құрамында мұқияттылқпен таңдап алынған түрлік белгілер ғана қосылады. Түрлік белгілер дегеніміз барлық қылмыстарға ортақ, олардың қоғамға қауіптілігін және құқыққа қайшылығын білдіретін жиынтығының көрінісі болады. Түрлік белгіге жатпайтын тек қана жекелеген қылмысқа тәне белгілер қылмыс құрамына қосылмайды. Сондықтан олар қылмыс құрамынан тысқары болады да, осыған байланысты оның қылмысты саралау үшін маңызы болмайды. Мысалы, біреудің мүлкін ұрлағанда (ақша, зат, құжат т. с. с) немесе ол ұрлықтың қашан болғаны қылмысты саралауға әсер етпейді. Түрлік белгі сол немесе басқа қылмыстың міндетті белгілері болып табылады. Осы түрлік белгілердің біреуі жоқ болса, онда қылмыс құрамы да болмайды. Мысалы, басқа біреудің мүлкін ұрлаудың түрлік белгісі - оны жасырын ұрлау. Егер басқа біреудің мүлкін алу жасырын түрде емес, ашық түрде жүзеге асырылса, онда ұрлық емес, басқа қылмыс құрамы - тонау болады. Қылмыс құрамы бір ғана қылмыстық құқылық нормада - бір бапта көрсетілуі мүмкін. Мысалы, 314-бап - қызмет жөніндегі жалғандық. Басқа жағдайларда Қылмыстық кодекстің бір бабында қылмыс құрамының бір немес бірнеше түрі қарастырылуы мүмкін. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 308-бабында қылмыстың қауіптілік дәрежесіне қарай билікті немесе қызметтік өкілеттілікті асыра пайдаланудың үш құрамы көрсетілген: баптың бірінші бөлімінде осы қылмыстың жай түрі, ал екінші, үшінші бөлігінде осы қылмыстың ауыр немесе өте ауыр түрлері көрсетілген.

Қылмыс құрамының элементтері мынандай болып төртке бөлінеді: обьектіден және субъектіден, обьективті жағынан және субъективті жағынан тұрады. Егер осы жүйеде яғни қылмыс құрамында осы айтылған элементтердің біреуі ғана жоқ болса, жүйе яғни қылмыс құрамы толығымен жойылады. Яғни әрбір элемент өздігінен ерекше мәнге ие. Ал менің бұл курстық жұмысымдағы тақырыбым сол төрт элементтің біреуі яғни қылмыс құрамының объективті жағы. Қазір осы элементтерге қысқаша жеке-жеке тоқтала кетеміз.

Біріншіден қылмыс субъектісіне тоқтала кетсек, қылмыс субъектісі кез келген адам бола алмайды. Қылмыстық құқық бұзушы белгілі бір қылмыс жасаған кезде заңда белгіленгендей белгілі бір жасқа толуы тиіс және есі дұрыс өзінің жасаған ісіне жауап бере алатын жеке тұлға болуы тиіс. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 15 бабында көрсетілгендей қылмыстық жауаптылыққа есі дұрыс он алты жасқа толған жеке тұлға тартыла алады, ал кейбір қылмыстарда мысалыға 99-бап кісі өлтіргені үшін, 106-бап адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені үшін, 107-баптың екінші бөлігі ауырлататын мән-жайлар кезінде денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіргені үшін, 120-бап зорлағаны үшін, 121-бап сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері үшін, 125-бап адам ұрлағаны үшін, 173-бап халықаралық қорғауды пайдаланатын адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасағаны үшін, 174-бап әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздырғаны үшін, 177-бап Қазақстан Республикас Тұнғыш Президентінің яғни елбасының өміріне қолсұғушылық жасағаны үшін, 178-бап Қазақстан Республикасы Президентінің өміріне қол сұғушылық жасағаны үшін, 184-бап диверсия, 188-бап ұрлық жасағаны үшін, 188-1 бап мал ұрлағаны үшін, 191-бап тонағаны үшін, 191-бап қарақшылық жасағаны үшін, 194-бап қорқытып алғаны үшін, 200-бап ауырлататын мән-жайлар кезінде автомобильді немесе өзгеде көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа жатпайтын әрекетпен иеленіп алғаны үшін, 202-бап ауырлататын мән-жайлар кезінде басқа бір адамның мүлігіне қасақана әрекетпен жойғаны немесе бүлдіргені үшін, 255-бап терроризм актісі, 256-бап терроризмге итермелегені, шақырғаны немесе насихаттағаны немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақырғаны үшін, 257-бап террористік топ құрғаны және оған басшылық еткені және оның әрекетіне қатысқаны, 258-бап террористтік немесе экстремисік әрекетті қаржыландырғаны үшін және терроризмге не экстремизмге өзге де дем берушілік жасағаны үшін, 261-бап адамды кепілге алғаны үшін, 269-бап ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасағаны үшін немесе оларды басып алғаны үшін, 273-бап терроризм актісі туралы жалған хабарлағаны, 291-бап қаруды, жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғылары және оқ-дәрілерді жымқырғаны үшін немесе қоқытып алғаны үшін, 293-баптың екінші және үшінші бөліктерінде қарастырылғандай ауырлататын мән-жайлар кезінде бұзақылық жасағаны үшін, 298-бап психотроптық заттарды, есірткі, сол тектестерді жымқырғаны не қорқыту жолымен алғаны үшін, 314-баптың екінші бөлігінде қарастырылғандай ауырлататын мән-жайлар кезінде өлген адамдардың мәйіттерін және олар жерленген жерлерді қорлағаны үшін, 350-бап жеке көлік құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана әрекетпен жарамсыз еткені үшін қылмыстық жауаптылыққа 14 жастан тартылады. Ал егер қылмыс жасаған белгілі бір адам осы жоғарыда айтылып кеткендей заңда белгіленген жасқа толған болса бірақ психикасының бұзылуына байланысты емес психикалық даму жағынан артта қалған болса жеңіл немесе орташа ауырлықтағы қылмыстарды жасаған уақытта өзінің әрекетіне немесе әрекетсіздігіне толықтай түсіне алмаса онда бұл жағдайда бұл жеке тұлға қылмыстық жауаптылыққа тартылмауы мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыс кұрамының белгілеріне мынадай
Қылмыстық құқықтағы қылмыстың обьективтік жағы
Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының түсінігі
Қылмыстың объективтік жағының түсінігі
Қылмыстық құқық бұзушылықтың белгілері
Қылмыс құрамының ұғымы
Қылмыстық құқық бұзушылық құрамының түрлері
Қылмыс құрамының құрылымы
Қылмыстың құрамы және оның маңызы
Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының факультативтік белгілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz