Қылмыстық құқық бұзушылықтағы объектінің түрлері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Экономика және құқық факультеті

Құқықтану кафедрасы

Курстық жұмыс

Пәні: “Қылмыстық құқық”

Тақырыбы: “№6 Қылмыстық құқық бұзушылық объектісінің түсінігі және маңызы”

Қабылдаған: Нурлин А. К

Орындаған: Өмірбек Ө. Ж.

Құқықтану мамандығының 2- курс студенті

Ақтөбе 2022

Мазмұны

Кіріспе . . .

I Қылмыстық құқық бұзушылықтың сипаттамасы

1. 1. Қылмыстың түсінігі . . .

1. 2. Қылмыстың заңды құрамы . . .

II Қылмыстық құқық бұзушылықтағы объект сипаттамасы

2. 1. Қылмыстық құқық бұзушылықтағы объект түсінігі . . .

2. 2. Қылмыстық құқық бұзушылықтағы объектінің түрлері . . .

2. 3 Қылмыс заты . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Тақырыбтың өзектілігі: Қазақстан Республикасының Конститутцияның 1- бабында өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп жазылған. Адам және оның өмірі және одан пайда болатын құқықтық- қатынастар маңызды болғандықтан олар заңдармен қорғалып, құқықтар беріледі. Сондықтан құқық саласы мемлекетіміздің өзекті де, маңызды салалардың бірі. ҚР өзін дамыту жолында көптеген стратегияларды қабылдап, техникасын, білімін, заңдарын өзгертіп, жаңартып келе жатыр. Бұл жаңартулар заң ескермеген, реттеуден тыс қалған жаңа қоғамдық құқық қатынастарды туғызады, ал бұл өз кезеңінде жаңа қылмыстар болуына себеп болады. Бұл дегеніміз жаңа қылмыстар болуымен оның бағытталу нысаны жаңарады деген сөз, яғни қылмыста құқық бұзушылық бағытталатын жаңа нысандар мен объектілер пайда болады. Сондықтан, менің тақырыбым “қылмыстың объектісі” осы құқық саласындағы өзекті мәселелердің бірі ретінде қарастырылады. Қазіргі таңда қылмыстың бағытталған бағыты бірнеше болуы немесе күрделі болуы таңғарарлық жағдай емес, қылмыстыңтың объектісі ешқашан біркелкі болмайды.

Курс жұмысының мақсаты: Қылмыстық құқық бұзушылықтағы объектісінің ұғымын және олардың түрлерін ашып көрсету және объектінің маңыздылығын талдап, анықтау.

Курстық жұмыстың міндеті: Қылмыс ұғымын қылмыстық құқық категориясы ретінде қарастыру, қылмыс объектісін зерттеу, қылмыстардың әртүрлі түрлерін және олардың объектілерін қарастыру.

Курстық жұмыстың құрылымы : үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Біз әрқайсысымыз қоғам мүшесіміз. Әр бір адам өз алдына жеке тұлға бола тұра, өзінің жеке өмірі, таңдауы, ойы, жеке меншігі болғанымен, бәріміз бір қоғамда өмір сүреміз. Әр қайсысымыз сол қоғамға пайдамызды, үлесімізді, еңбегімізді, зиянымызды тигізу арқылы қоғамды дамытамыз, өзгертеміз. Қоғам әр уақыт сайын белгілі бір өзгерістерге ұшырап отырады. Қазіргі уақытымызбен бұрынғы жылдарды алсақ айырмашылықтары жер мен көктей, бізде қазір техникалар мен бұқаралық ақпараттың дамыған кезеңіндеміз, бізде техникалар адамның өмірін жеңілдету мақсатында, өмір сүруді жеңілдету үшін шығарылған, ақпарат көзін кез келген жерде, кез келген уақытта қол жетімді қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Мысалы, 90-жылдары қылмыстың көбісі физикалық түрде орын алса, ал қазіргі таңда бұқаралық ақпарат көздері дамып, қылмыстың жаңа түрлері пайда бола бастады. Оларға алдау, алаяқтық, заңсыз пирамидалар, т. б. сол сияқты физикалық қатынас болуын қажет етпейтін желілі, адамдарды алдау арқылы белгілі бір материалдық, материалдық емес игіліктерге, молральдық жеке басына, іскерлік беделіне, ар-намысына, қадір-қасиетіне қолсұғушылық сияқты тағы басқа да құқық бұзушылықтар жатады. Әрине бұлар қылмыстық құқықбұзушылық болғаннан кейін жауапсыз қалдырылмайды, сондықтан, қоғамда мұндай құқық бұзушылықтар болмауы үшін, қоғамды реттеп отыратын заңдар мен нормативтік актілер шығарылады, өзгеріп, толықтырылып отырады.

Қоғам біздің ортақ меншігіміз болғандықтан оны сақтау үшін, қорғау үшін алдымен өзімізден бастауымыз керек. Яғни қоғамға қарсы, заңға қарсы теріс қылықтар мен мінез-құлықтардан, қылмыстық, азаматтық, әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасаудан аулақ болуымыз керек. Бұл әрине қылмыстың мүлдем жоқ болуына әкелмегенімен, қылмыстың санын азайтуға бірден бір негіз бола алады. Сондықтан, қылмыс жасамас бұрын алдымен оның басқаларға, қоғамға қауіп- қатерін, тигізетін зиянын түсініп білуіміз керек. Бұларды ұғынбасақ, келешекте қоғамда сенімсіздік пен сыбайластық, алаяқтық сияқты жаман қасиеттер көбейіп кетуі мүмкін. Ал бұлар мемлекеттің дамуына, жетілуіне үлкен кедергі болады.

Қылмыс объектісінің қазіргі отандық тұжырымдамасының негізгі аспектілерінің бірі оны қабылдау мәселесі болып табылады. Бұл тұрғыда, бір жағынан, бірнеше онжылдықтар бойы осы мәселені қарастыратын барлық дерлік жұмыстарда бірауыздан белгілі бір қоғамдық қатынастар қылмыс объектісі ретінде танылуы керек және олар ғана қабылдануы керек деген ойдың болуы тән. Әдебиеттегі заңнама мен жалпыға бірдей танылуға сілтеме жасай отырып, көптеген авторлар қылмыс объектісі туралы осындай идеялардың түбегейлі маңыздылығын, олардың кез-келген қылмыстық қол сұғушылықтың әлеуметтік мәні мен әлеуметтік қауіптілігін дұрыс түсінудегі маңыздылығын атап көрсетеді. Қарастырылып отырған тұжырымдаманың екінші жағына келетін болсақ, мұнда екі мәселе назар аударарлық. Біріншіден, авторлар әлеуметтік қатынастардың өзін әр түрлі түсіндіруге бағытталған.

Сонымен қатар, ең маңызды айырмашылық-бұл қоғамдық қатынастар адамның қоғамдағы жағдайын (оның мәртебесін), оның нақты мінез-құлқын, адамдардың мүдделерін және т. б. ашатын нәрсе ретінде сипатталатындығында емес, бірақ көбінесе қоғамдық қатынастар адамдар арасындағы кез-келген әлеуметтік байланыстарды, соның ішінде нақты, жеке, ал қоғамдық қатынастар тек типтік, тұрақты байланыстармен байланысатын көптеген жұмыстар бар. Екіншіден, осы немесе басқа автор қоғамдық қатынастарды қылмыс объектісі ретінде түсіндіруде қандай ұстанымға ие болса да, ол қылмыстардың жекелеген құрамдарын талдау кезінде сирек растайды, өйткені олардың объектісі: "қоғамдық және мемлекеттік жүйе", "сыртқы қауіпсіздік", "тұлға", " өмір және адам денсаулығы", " азаматтың құқықтары мен бостандықтары", "әйелдің жыныстық еркіндігі (немесе қол сұғылмаушылығы), "мемлекеттік аппараттың қызметі", "сот төрелігінің мүдделері" және т. б., яғни өзін қоғамдық қатынас деп атауға болмайтын нәрсе.

I Қылмыстық құқық бұзушылықтың сипаттамасы

1. 1 Қылмыстың түсінігі

Қоғамда өзгермейтін, тұрақты құбылыстар бар. Оның бірі - қылмыс. Қылмыс ол қоғамның бір бөлігі деп айтуғада болады. Қылмыс әр уақытта да, әр кезеңдерде де әрдайым орын алып отырады. Қылмыстың болуы тұрақты жағдай, яғни қылмыс адамның дамуы кезеңінің бастап, бірге келе жатқан құбылыс. Адамдар дамыса, қылмыста өзгеріске ұшырады. Бұл дегеніміз, қылмысты түбімен жою мүмкін емес екенін түсінеміз. Иә, бұрынғы ғасырларда қылмыс орын алды, бірақ олардың қазіргі қылмыстан айырмашылығы атауы мен оған беретін жазасында ғана.

Қауымдық кезеңді алсақ та, мемлекет пен құқық, қылмыс пен жазаның бәріне ортақ ұғымы мен түсінік болмағанымен, қандай да бір адам шектен шығып қауымға, оның мүшелеріне, жеке адам үшін зиян тигізетін қауіпті іс- әрекеттер жасаса, тайпа-рулық тәртіптік ережелерден шыққан жазалар қолданумен, мәжбүрлеу шаралары арқылы күресті. Мысалы: рудан, тайпадан қуу, қауымға масқаралау, судан, тамағынан ауыру мен шектеу сияқты тағы да басқа жазалар жатады.

Қылмыстың атауы мен түрлері өзгергенімен, оның нақты, заңды ұғымы мен мағынасы, функциясы өзгермейді.

Кейінірек адам, қоғам, еңбек дами келе құқық, қоғам, мемлекет, қылмыс деген сияқты терминдерге көп мән бере бастады.

Қылмыс ұғымын анықтау қылмыстық құқықта негізгі мәселелердің бірі. Жеке адам мен адам, қоғам мен адам арасындағы туындайтын құқықтық қатынастарды реттеу, қатынастарының қақтығысуының нәтижесінде қоғамға қауіптілік дәрежесін анықтау қылмыстық заңның негізгі міндеттерінің бірі. Қылмыс әр қашанда белгілі бір әрекеттерден немесе әрекетсіздіктерден тұрады. Сонымен қылмыс адамның сыртқа шығарған нақты орын алған іс- әрекеті (әрекет немесе әрекетсіздік) мен мінез- құлқы деп тұжырымдасақ болады.

Құқыққа қайшы кез келген мінез-құлық белсенді әрекеттен немесе әрекетесіздік күйде орын алуы мүмкін. Бұл айтылғаннан біз әрекет пен әрекетсіздіктің не екенін біліп алайық. Қылмыстық құқықта әрекет деп заңда тыйым салынған нәрселерді істеу болса, әрекетсіздік деп өзіне жүктелген немесе орындауға міндетті заңдарды, нормативті актілерді, жарлықтар мен нұсқауларды, бұйрықтарды орындамау деп түсінуімізге болады. Қылмыс жасамас бұрын, яғни құқыққа, заңға қайшы келетін іс-әркеттер (әрекет немесе әркетсіздік) бірінші ойлаудан басталады. Егер іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) орындалмаған жағдайда, ол тек ойлау жүйесінде қалса, оның ойы қаншалықты қоғамға қауіпті, қатерлі болғанымен оны қылмыс деп санамайды. Яғни әлі орын алмаған іс- әркекттер жүзеге асырылмаған, тек ниеттеніп, ойлау мақсаттары қылмыс деп танылмайды, себебі бұлар қоғамға қауіпі жоқ, қауіп туғызбайды деп тұжырымға келуге болады.

Қылмыстың ұғымын алғаш рет бұрынғы Кеңестік Одағының жүйесінде 1919 жылы РКФСР- дың Қылмыстық құқық жөніндегі басшылық негіздерінің 5- бабында: “Қылмыстық құқықпен қорғалған қоғамдық қатынас тәртіптерін бұзу қылмыс” деп көрсетті. Кейіннен 1922 жылғы РКФСР- дың Қылмыстық Кодексінде: “Қылмыс деп қоғамға қауіп тудыратын кез келген іс- әрекеттер (әрекет немесе әрекетсіздік) ” деп таныды.

КСРО- да және онымен одақтас мемлекеттердің 1924 жылғы құқықтық заңнамаларының негізгі бастамаларында қылмыс ұғымын ашатын, қылмысқа арналған баптар болған жоқ. РКФСР 1926 жылғы Қылмыстық Кодексінде қылмыс деп, қоғамға қарсы іс әрекет деп таныды. Бұл кезде қылмыс деп кеңестікке немесе қоғамдық тәртіпке қарсы шығу, оны орындамау, қарсы әрекеттер немесе әрекетсіздік жасау қоғамға қауіпті деп танылып, қылмыс ұғымымен қарастырды. КСРО мен оның одактас мемлекеттерінің 1958 жылғы заңнамаларында “Қылмыспен қорғалған, социалисттік, экономткалық және саяси жүйелері мен меншігіне, азамататтардың, тұлғалардың жеке басына, еңбек, саяси, мүліктік және басқа да сол сияқты құқықтары мен бостандықтарына қарсы зиян келтіретін қолсұғушылық қоғамға қарсы іс- әрекет, яғни әрекет немесе әрекетсіздік, сондай- ақ социалистік қоғамдық құқық тәртібіне қарсы жасалған іс- әрекеттер - қылмыс” деп табылып, қарастырған. Осындай қылмыстың анықтамасы КСРО одағына кірген барлық мемлкеттердің, соның ішінде ҚазақКСР- ның 1959 жылы 22 шілдеде қабылданған Кодексінің 7- бабында жазылған. Кейіннен 1997 жылы Қазақстан Республикасы өзінің Қылмыстық Кодексін қабылданды. 2014 жылы 3 шілдеде Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне толықтырулар, жаңартулар мен өзгерістер енгізіліп, қылмысқа жаңа ұғым берді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодекісінің 10- бабының 2 тармағында: “айыппұл салу, қоғамдық жұмыстарға тарту, бас бостандығынан шектеу, түзеу жұмыстары, бас бостандығынан айыру түріндегі жазалануы мүмкін қатерлерімен тыйым салынған қасақана, айыпты жасалған, қоғамға қауіпті іс-әрекеттер, яғни әрекет немесе әрекетсіздік қылмыс” деп белгіленді. Сонымен қылмыс құқыққа қайшы келетін, қоғамға қауіп төндіретін іс- әрекеттер (әрекет немесе әрекетсіздік), кінәлілік пен қылмысты жасаған адамның жазалануымен үйлеседі.

Қазақстан Республикасының Кодексі мен 1960 жылға дейінгі қолданыста болған Қылмыстық Кодекстерден айырмашылығы, 1960 жылға дейінгі қолданылған Қылмыстық Кодекстерде заңда көрсетілмеген іс- әрекеттерге (әрекет немесе әрекетсіздік) заңда көрсетілген соған ұқсас, жақын нормаларды қолдануға жол берілді. Бұл қоғамда қылмыстар жасау мен заң бұзуға, қоғамда бейберекетсіздікке әкеліп соқтырды. Ал қазіргі біздің қолданыстағы Қылмыстық Кодексте заңды ұқсастығы бойынша қолдануға жол берілмеді.

Бегілі бір іс- әрекеттерді (әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп тану үшін, алдымен қылмыстың белгілерін білуіміз керек. Оларға: қылмыстық құқыққа қайшылық, қоғамға қауіптілігі, кінәлілік және жазаланушылық жатады. Осы белгілердің барлығы бар болған жағдайлар да ғана әрекетті қылмыс деп тануға болады. Яғни, осы жоғары айтылған белгілер болса ғана қылмыс жайлы сөз қозғауымызға болады. Осы белгілер белгілі бір іс- әрекеттерді қылмыс деп тек заң шығарушылар үшін қылмыс қатарына жатқызуына мүмкіндік береді.

Бірінші қылмыстық белгісі - қылмыстық құқыққа қайшылық. Қылмыстық құқыққа қайшылық дегеніміз - адамның заң нормаларында тыйым салынған белгілі бір іс-әрекеттерді орындау, істеу. Егер заңда тыйым салынбаған, заң көрсетпеген іс-әрекеттерді белгілі бір адам жасаса ол қылмыс деп атауға болмайды. Қылмыстық құқыққа қайшылық белгісінің мәні қоғамға келетін қауіп дәрежесін білдіріудің заңды нысаны ретінде етілетін әрекет ретінде анықталады. Және тағы бір қылмыстық құқыққа қайшылық белгісінің мәні ол қоғамдық зиянды, теріс әрекеттер мен қылмысты ажыратуға көмектеседі. Әрекет қаншалықты қоғамға қауіпті болғанымен, ол іс- әрекет заңда белгіленіп, көзделмесе оны қылмыс санатына қосып, қылмыс деп санауға болмайды.

Белгілі бір іс- әрекетті қылмыстық құқыққа қайшылылығын белгілеген заң, нармотивтік актілер жарияланған сәттен бастап, ондай іс- әрекеттерді қылмыс қатарына жатқызуға болады. Керісінше, егер бұрын құқыққа қайшылық белгіленген іс-әрекеттер туралы заңдар мен нормативті актілердің күші тиісті тәртіппен жойылса, тиісінше ол іс- әрекеттер қылмыс қатарынан шығарылады. Сонымен, егер қылмыстың қатарынан шығарылып тасталған іс- әрекеттерді, қылмыс қатарынан шығарылып тасталғаннан кейін істесе ол қылмыс деп есептелінбейді. Мысалы: Кеңес Одағы кезінде, егер адам өз тұрғылықты жерінде заңда көзделген күннен бастап ешқандай жұмыс жасамаса, жұмыспен айналыспаса, өз тұрғылықты жерінде жата беретін болса, бұл қылмыс деп танылды. Тағы бір заңдарында Кеңес Одағында барлығы тең, тең өмір сүрі мақсатында, ақшаны тек еңбекпен табу қағидаты бойынша, салықтар салу мүмкін болмағандықтан алып сату саудасына заңмен тыйым салды. Осы сияқты басқа да қылмыс деп танылған әрекеттердің көрсетілген заңдары мен нормативтің актілері күшін жойғаннан кейін, олар қылмыс қатарынан шығарылды. Қазір мемлекетіміз нарықтық дамуды алға қойғаннан бастап, алыпсатарлық қылмыс деп танылмайды, яғни ол іс- әрекет қоғамға еш қауіп төндірмейді. Тиісінше көп күн жұмыс жасамау да қылмыс болып танылмайды.

Қылмыстың тағы бір негізгі әрі сапалық белгісі ол - қоғамға қауіптілігі. Қылмыстың қоғамға қауіптілік белгісі арқылы қылмыстың материалдық белгісін анаықтау мен не үшін осы немесе басқада іс- әрекеттерді қылмыс қатарына жататындығын түсіндіреді. Белгілі бір кез келген іс- әрекеттің қоғамға қауіптілік белгісінің болуы деген, ол белгілі бір қоғамдағы құқықтық қатынастарға зияны келтіру немесе зиян келтіру қаупін туғызады деген сөз. Қылмыстың қоғамға қауіптілік белгісін қылмыстығ объективтік белгісі ретінде қарауға болады. Ол қоғамдық қатынастарға зиян келтіруімен қоғамның бір қалыпты өмір сүру шарттарына қайшы, кедергі болады. Осы кезде заң шығарушы қоғамның өмір сүру жағдайларын дұрыс саралап, талдап, оған баға беріп, осыған байланысты зиян келі қауіп туғызатын іс- әрекеттердің қайсысы қылмыс қатарына жататындығын анықтап, шешім қабылдауы қажет.

Қылмыстық Кодексте қылмыстың қоғамға қауіптілік белгісінің сипаттамасын қылмыстық заңда көзделген адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, заңды мүдделері, заңды тұлғалар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне, қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпке, қоршаған орта мен табиғи ортаға және тағы да сол сияқты қоғамдық құқықтық қатынастар тудыратын қолсұғушылық жасалынатын объектілерді тізбектеп көрсету арқылы берілген. Бірақ іс- әрекеттің қоғамға қауіптілік қылмыс қолсұғушылық болатын оъектілерді тізбектей көрсету арқылы ғана шектеліп тұжырымдалмайды. Бұл тек қылмыстың қоғамға қауіптілік белгісін сипаттайтын мәнді жақтарының бірі ғана.

Қылмыстың қоғамға қауіптілік белгісі қоғамға зиянын тигізетін немесе тигізу қаупі бар іс- әрекеттердің өзінің тікелей ерекшеліктеріне, оны істеу орны мен уақытына, істеу тәсіліне, жағдайына байланысты болуы мүмкін. Яғни іс- әркекеттің қай жерде, қай уақытта, қалай, немен жасалғаны, қандай жағдайлар мен себептерден жасалғаны маңызды. Мысалы: рұқсат етілмеген, заңмен қорғалып, тыйым салынған жерлерде немесе заңмен қорғалатын, тыйым салынған жануарларды, аңдар мен құстарды ауласа, тыйым салынған өсімдіктер мен ағаштарды, гүлдерді жұлса, оларды кесіп, бүлдірсе, заңмен қорғалатын, тыйым салынған басқа да қоршаған орта мен табиғи орталарға зиян келтірсе ол заңсыз болып табылады. Төтенше жағдайларда егер тыйым салынған ереуілдерге басшылық жасаса, кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмыс процесіне кедергі жасайтын болса, онда мұндай іс- әрекеттер қылмыс болып саналады. Қоғамға қауіп келтіретін немесе қаіп келтіруі мүмкін іс- әрекеттер қоғамға келетін қауіптің көлемін көрсететін негізгі белгі болып саналады. Кез келген іс- әрекеттің қоғамға тигізетін қауіптілігін және қылмысқа жатқызуға мүмкіндік беретін зардаптардың сипаттамасын заң шығарушы әр түрлі бейнелеп, көрсетуі мүмкін. Бірақ заң шығарушы қылмыстың зардап сипаттамасын заңның өзінде дәл көрсетуі мүмкін. Мысалы: материалдық залал көрсету, денеге жарақат салу, ауыр зардаптың болуы, моральдық залал келтіру, жеңіл зардаптар келтіру т. б.

Келтірілген дене жарақатының ауырлылығына байланысты Қылмыстық Кодекстің 106- бабында: денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру туралы, 104- бабында: денсаулыққа қасақана ауырлылығы орташа зиян келтіру деп екі бабтарға бөліп қарастырған. Зиян тек дене жарақатын тигізумен шектелмейді, зардап әр түрлі болғандықтан оны заң шығарушы бәрін нақтылап жаза бермейді. Яғни, заң шығарушы мұндай зардаптарды жалпылама түрде жазып кетеді. Мұндай жағдайларда келтірілген залалдың мөлшерін анықтау үшін нақты орын алған фактілерге байланысты шешіледі. Қылмыстың қоғамға қауптілігі оның қылмыстық ниеті мен мақсатына да байланысты болып табылады. Кейбір қылмыстарда қоғамға қаупті іс-әрекетті жасаған адамның өзінің тікелей ерекшеліктеріне де байланысты болып келеді. Кейбір қылмыс жасаған адамның жәбірленушімен ерекше қатынаста болуымен байланысты. Мысалы, ҚР ҚК 105- бабына сәйкес, жәбірленушіні қорқытуы, оған қатігездікпен қарауы н/е оның адами қадір- қасиетіне үнемі қорлау арқылы адамды өзін- өзі өлтіруге дейін н/е өлтіруге баруға халіне дейін жеткізуі. Кей жағдайда қылмыс субъектісінің ерекше жағдайына байланысты қылмыстың қоғам үшін зияндылығын күшейтеді. Мысалы: мемлекеттік жауапты қызметтегі лауазымды тұлғаның пара алуы.

Қылмыстық құқық қоғамға қауіптілікті сапалылық пен сандық жақтарын бөліп қарастырады. Қылмыстық Кодекске сүйеніп жаза тағайындаудың негіздерін анықтап, сот жазаны тағайындау кезінде жасалған қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесі мен сипатын есепке алу керек екенін көрсетеді. Бұл дегеніміз қылмыстың сипатын қылмыстың- сапалық, ал қылмыстың дәрежесін қылмыстың- сандық сипаттамасы. Қылмыстың сипатына қарай іс- әрекеттің қоғамға қауіптілік экономикалық, зорлық, қасақана және абайсыздық, жеке адамға, меншікке қарсы қылмыстар деп бөлінеді. Қоғамға қауіптілік сипатын қылмыстың объектісі бойынша сипаттауға болады. Объектілердің тізбегін Қылмыстық Кодекстің 2- бабында көрсеткен, ал Ерекше бөлімінде объектілерді топтық түрде белгілеріне байланысты тарауларға бөліп көрсеткен. Яғни, Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінде топтық объектілердің маңыздылығына қарай рет- ретімен орналастырған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық құқық бұзушылыққа тағайындалатын жаза түрлері
Сыбайлас катысып жасалған кылмыстық кұкык бұзушылык үшін жаза тағайындау
Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысу ұғымы
Құқық бұзушылық мәні, сипаты
Қылмысқа қатысу түсінігі
Құқықтық тәртіп ұғымы, оның негізгі түрлері мен себептері
ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП, ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
Қылмысқа қатысудың объективті белгілері
Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысу нысандары
Заң алдындағы жауаптылық және құқықтық санкциясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz