Соттылықтың қылмыстық - құқықтық мәні



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Құқықтану кафедрасы

Курстық жұмыс
Тақырыбы: Сотталғандық және оның құқықтық салдары

Орындаған: Құқықтану-203 тобының
студенті Көлжан Диас
Қабылдаған:Нурлин А.К.

Ақтөбе, 2022 ж

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

Сотталғандық

Сотталғандық ұғымы және түсінігі
Соттылық жағдайының туындауы

2. Сотталғандық және оның құқықтық салдары
2.1 Соттылықтың қылмыстық-құқықтық мәні
2.2 Соттылықтың алдын алу
2.3 Соттылықты жою мерзімдері
2.4 Рақымшылық
Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Қосымшалар

Кіріспе

Сіздерге Сотталғандық және оның құқықтық салдары зерттеу тақырыбының өзектілігі жайында талдауға арналған өзімнің студенттік ғылыми еңбегімді ұсынамын. Қылмыстық құқық институттарының ішінде соттылық институты еркше орын алады. Соттылықтың заңнамалық анықтамасы жоқ. Құқықтық әдебиеттерде оның ғылыми анықтамалары ұсынылған, бірақ соттылық туралы біркелкі түсінікке қол жеткізілген жоқ.
Бірәқта қазіргі уақытта қоғамға қауіпті іс-әрекетпен оның ішінде қылмыспен күресу барысында қылмыстық жазаның алатын ролі зор. Өйткені, қылмысқа әсер ету жүйесінің ең қажетті элементі соттылық болып табылады. Жаза сотталған тұлғаны түзеуге, қайта тәрбиелеуге, жаңа қылмыс жасаудан ескертуге қызмет етеді. Осы аталған жазаның мақсаттарын жүзеге асыруда жаза институты маңызды орын алады. Негізгі және қосымша жазаны үйлестіре дұрыс қолдану жазаны жекелендіру қағидасының жүзеге асырылуына, алға қойған мақсатқа нәтижелі жетуге септігін тигізеді. Қылмыс жасағаны үшін жазаны тағайындау қылмыстылықпен күресудің басты құралы және қылмыскерді түзеу, қайта тәрбиелеу және жаңа қылмыс жасаудан ескерту құралы ретінде де қолданылады. Жазаның мақсатына қол жеткізумен соттылықты сақтау қажеттілігі сәйкес келеді. Өйткені, қылмыстық жазаның сотталушы тұлғаны түзеу және қайта тәрбиелеу, сондай-ақ, сотталушыны жаңа қылмыс жасаудан сақтандыру мақсаттарын жүзеге асыруда маңызды ролді соттылық институты алады.
Соттылықтың болуы адам үшін қылмыстық-құқықтық және өзге де сипаттағы қолайсыз зардапқа әкеп соғады. Басқа зардапқа педпгогикалық қызыметпен айналысу мүмкін еместігі, белгілі бір лауазымдарға орналасуға тыйым салу және т.б. жатады. Заң қылмыстық-құқықтық сипаттағы зардапқа қылмыстың қайталануы мен қауіпті қайталануы кезінде және жаза тағайындау кезінде соттылықтың ескерілетінін жатқызады. Соттылықтың болуы адамды шынайы өкінуіне байланысты және қылмыстық жауаптылқ пен жазадан босатудың басқа түрлері бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатуға кедергі болатындығын меңзейді. Яғыни біз осы сотталғандық және оның құқықтық салдары ұғымын және түсінігін

1. Сотталғандық

1.1.Сотталғандық ұғымы және түсінігі
Қылмыс жасаганы үшін сотталган адам соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген күннен бастап сотталғандығы өтелген немесе алып тасталған кезге дейін сотталган болып есептеледі. Сотталғандық осы Кодекске сәйкес қылмыстардың қайталануы, қылмыстардың қауіпті қайталануы айқындалған кезде жэне жаза тагайындау кезінде ескеріледі.
Жазадан босатылған, сондай-ақ қылмыстық теріс қылық жасаганы үшін сотталган адам сотталғандығы жок деп танылады (ҚК-тің 79-бабы, 2-бөлігі).
Заң бойынша сотталғандық атагы жоқ адамдарга ғана бас бостандығын шектеу (44-бап) жаза түрі тағайындалады. Сотталгандык атақ түзеу мекемелерінің түрін бел- гілеуге (46-бап), адамды ауыр немесе аса ауыр қылмысты қайталаған деп тануға (14-бап) тікелей әсері бар. Сотталғандык атак жауаптылықты және жазаны ауырлататын мән-жайлар ретінде қарастырылады. Мысалы, (54-бап, 1-бөлігі, 1 тармағы). Бұрын сотталғандық көптеген нақты қылмыс кұрамдарының күшейтілген, жетілдірілген белгісі ретінде де көрініс табуы мүмкін.
Сотталғандық атақтың кейбір реттерде қылмыстық құкылык емес зардаптары да бар (мысалы, бұрын сотталган деген сөздің өзі онын моральдык беделіне кір келтіреді). Заңда белгіленген тәртіппен қылмыстық жауаптылықтан жэне жазадан босатылғандар бұрын сотталғандар деп саналмайды. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 65 -- 69, 70-78-баптары.
Жоғарыда көрсетілгендей, сотталгандық атактың құқылык зардабы мэңгілік емес, заңда белгіленген белгілі бір мерзім өткен соң ондай атақ жойылады. Заңда көрсетілген тәсілмен сотталғандықтан арылу жэне оны жою бір мезетте оның заңдылык зардабын жояды.
Сотталғандыктан арылу деп қылмыс жасап сотталған адамның айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен кейін заңца белгіленген белгілі бір мерзім ішінде ол жөніндегі үкімнің орындалмауын айтамыз. Сотталғандықтан арылу белгілі мерзім өткен соң өзінен-өзі жойылады. Ол үшін соттың арнаулы шешімінің болуы қажет емес. Қылмыстық кодекстің
79- бабының 3-бөлігіне сәйкес соттылық:
3. Сотталгандық:
1) шартты түрде сотталған адамдарга қатысты - пробациялык бақылау мерзімі өткен

соң; .
2) бас бостандыгынан айыруға қарағанда жазаның неғұрлым жеңіл түрлерше

сотталған адамдарға қатысты -- жазаны іс жүзінде өтеген соң,
3) онша ауыр емес немесе ауырлыгы орташа кылмыстар үшін бас бостандыгынан айыруга
сотталган адамдарга катысты - жазаны өтегеннен кейін үш жыл өткен соң;
4) ауыр қылмыстар үшін бас бостандығынан айыруға сотталган адамдарға қатысты - жазаны өтегеннен кейін алты жыл өткен соң;
5) аса ауыр кылмыстар үшін бас бостандыгынан айыруга сотталған адамдарға қатысты жазаны өтегеннен кейін сегіз жыл өткен соң жойылады.
4. Егер сотталган адам Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тэртіппен жазасын өтеуден мерзімінен бүрын босатылса немесе жазаның өтелмеген бөлігі жазаның негүрлым жеңіл түрімен ауыстырылса, онда сотталгандықты жою мерзімі жазаның іс жүзінде өтелген мерзімі негізге алына отырып, негізгі жэне қосымша жаза түрлерін өтеуден босатылган кезден бастап есептеледі.
5. Егер соттың үкімі бойынша адамға негізгі жазамен қатар қосымша жаза тағайындалса, онда сотталғандықты жою мерзімі негізгі жэне қосымша жаза түрлерін өтеу кезінен бастап есептеледі.
Белгілі бір лауазымды аткару немесе белгілі бір қызметпен айналысу күқыгынан өмір бойына айыру түрінде қосымша жаза тағайындалған жағдайларда, онда сотталғандықты жою мерзімі жазаның негізгі түрін өтеу кезінен бастап есептеледі.
6. Адам әртүрлі ауырлык дәрежесіне жататын қылмыстар үшін қылмыстык күқық бүзушылықтардың жиынтыгы бойынша немесе үкімдердің жиынтығы бойынша сотталган кезде, сотталгандык эрбір қылмыс үшін жеке жойылады, бүл ретте жою мер- зімдері қылмыстық қүқық бүзушылықтардың жиынтығы немесе үкімдердің жиынтыгы бойынша жазаны өтеу кезінен бастап есептеледі (ҚК-тің 79-бабы, 1-6-бөліктері).

Сотталгандықтан арылу сот тағайындаған жазаның түрі мен мерзіміне байланысты эр түрлі болады.
Сотталғандыктан арылу мерзімі негізгі және қосымша жазаны өтеген немесе одан босатылган күннен бастап есептелінеді. Сотталгандықтан арылу мерзіміне ескіру мер- зімі үзілмеген айыптау үкімін орындаудың барлык мерзімі кіреді. Егер үкім заң күшіне енгеннен кейін орындалмай қалса, онда сотталгандық атақ үкімді орындаудың ескіру мерзіміне байланысты жойылады. Егер адам заңда белгіленген тәртіппен жазадан шартты түрде мерзімінен бүрын босатылса немесе оның жазасы негүрлым жеңіл жаза- мен ауыстырылса, сотталғандықтан арылу мерзімі жазаның нақты өтелген уақытынан бастап есептелінеді.
Сотталғандыктан арылу рақымшылық немесе кешірім беру актісі арқылы да жүзеге асырылуы мүмкін. Сотталгандықтан арылуды сотталгандық атақты жоюдан ажырата білу керек. Сотталғандық атакты жою Қылмыстық кодексте көрсетілген шарттар негізін- де соттың арнаулы шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Қылмыстық заңда сотталғандықтан арылудан басқа накты бір жагдайларға бай- ланысты адамның сотталғандық атағын мерзімінен бүрын жою туралы мәселесі де қарастырылған.
Егер сотталган адам жазасын өтегеннен кейін өзін мінсіз үстаса, сот оның өтініші бойынша соттылыкты жою мерзімі откенге дейін одан соттылықты алып тастай алады.
Бұл норма ауыр немесе аса ауыр қылмыстар үшін бас бостандыгынан айыруға сотталган адамдарга, сондай-ақ қылмыстардың қауіпті немесе аса қауіпті қайталануы жагдайында жаза тагайындалган адамдарга қолданылмайды (79-бап, 7-бөлігі).
Егер сотталған адам соттылықты жою мерзімі өткенге дейін тагы да қылмыс жасаса, соттылыкты жою мерзімі тоқтатылады. Бірінші қылмыс бойынша соттылықты жою мер- зімі сонгы қылмысы үшін негізгі және қосымша жазаны іс жүзінде өткеннсн кейін қайта

қылмыстың ең ауыры үшін соттылық мерзімі өткенге дейін олар үшін сотталған деп есептеледі (79-бап, 8-бөлігі).
Бірақ та қылмыстык заңда қанша уақыт өткеннен кейін соттың сотталғандыкты мер- зімінен бүрын жоя алатындыгы көрсетілмеген. Егер сотталған адам жазасын өтегеннен кейін еңбекке, оқуға деген адал көзқарасымен, үлгілі мінез-құлқымен өзінің түзелгендігін дәлелдесе, сот белгілі бір мерзімінің өткеніне қарамастан, сотталғандық атақты мерзімі- нен бұрын жоюға құқылы.
Сотталғандықты мерзімінен бұрын жою туралы ұсыныс жазаны өтеген немесе одан босатылған адамның тұрғылықты жеріндегі аудандық (қалалық) сот арқылы міндетті түрде прокурордың, өзі жөнінде ұсыныс келтірген адамның немесе ұсыныс берген еңбек, оқу ұжымы өкілінің қарауымен шешіледі.
Сотталғандықты жоюдың тэртібі Қазақстан Республикасы Қылмыстық істер жүргізу кодексінде нақты көрсетілген. Сотталғандықты жою немесе алып тастау өмір боиы- на тағайындалган жазаның косымша түрімен белгіленген шектеулерді қоспағанда, сотталғандыққа байланысты барлық құқыктық зардаптардың күшін жояды (ҚК-тің 79-бабы, 9-бөлігі).
Соттылық түсінігіне қатысты әртүрлі пікірлер қылмыстық-құқықтық әдебиеттерде қалыптасқан. Г.Б. Виттенбергтің пікірінше, соттылық - жасалған қылмыс үшін жаза шарасы тағайындалған, тұлға үшін соттылық фактісін құрайтын қылмыстық-құқықтық жағдай. Қылмыстық құқық бойынша сотта айыпталушы тұлғаға қандайда қылмысты жасағаны үшін қылмыстық жаза тағайындалған және соттың айыптау үкімі заңдық күшіне енген уақыттан бастап сотталған деп танылады. Сотталушы тұлға жазаны өтеу көзінде де және сонымен қатар, жазаны өтегеннен кейін заңда белгіленген мерзім ішінде де сотталған болып есептеледі.
Тұлғаны сотталған деп тану белгілі бір қылмыстық-құқықтық салдарды қамтиды. Бұл салдар тұлғаның соттылығымен байланысты соттылық қылмыстық жазаны тағайындауымен пайда болады және соттылық тұлға жазаны өтегеннен кейінде сақталады, сонымен соттылықтың тағайындалуы қылмыстық жазаның мақсатымен тығыз байланыста болады. Соттылықтың мәнін, жазаның мақсатын белгілеудегі және жүзеге асырудағы алатын ролін дұрыс анықтамайынша соттылықтың құқықтың табиғатын ұғыну мүмкін емес. В.Д. Филиминов былай дейді: соттылық жағдайы қандайда бір қылмыс жасаған кезде туындайтын мәселе болғандықтан одан құтылу мүмкін емес.
Қылмыс үшін бұрын сотталған тұлға жаңа қылмыс жасаса (яғни бұрын қылмыстық жаза қолданылған болса) түзелмеген және қолданылған жаза оны түзеуі үшін жеткіліксіз болған. Мұндай тұлға мемлекет және қоғам үшін аса қауіпті болып есептелінеді. Сондықтан, жаңа қылмыс жасаған кезде тұлғаның соттылығы бар болса, жалпы ереже бойынша жаңа қылмысы үшін жаза тағайындау кезінде жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар ретінде қарастырылады. Сонымен, соттылығы бар тұлға жасалған жаңа қылмыстының қоғамға қауіптілігі аз болса да, қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды, яғни жоғарыда аталған институт қолданылмайды.
Сотталғандық деп танылған адам соттылығы алнып тасталынады:
Шартты түрде сотталған адамдарға қатысты - пробациялық бақылау мерзімі өткен соң;
Бас бостандығынан айыруға қарағанда жазаның неғұрлым жеңіл түрлеріне сотталған адамдарға қатысты - жазаны іс жүзінде өтеген соң;
Онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыстар үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға қатысты - жазаны өтегеннен кейін үш жыл өткен соң;
Ауыр қылмысытар үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға қатысты - жазаны өтегеннен кейін алты жыл өткен соң алынып тасталынады;
Аса ауыр қылмыстар үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға қатысты жазаны өтегеннен кейін сегіз жыл өткен соң жойылады.

1.2 Соттылық жағдайының туындауы
Соттылық жағдайы ең алдымен ҚР-ның Қылмыстық кодексінде көзделгендей белгілі бір обьек, обьективті жағы және субьек субьективті жағы орын алу себебінен соттау кезінде айыптау үкімнің заңды күшіне енген кезімен байланысы қажет. Яғыни соттылық жағдайының туындауы қылмыстық жауаптылыққа жататын адамдар жасаған қылмысына байланысты туындалады.
Қылмыстық жауаптылыққа жататын адамдар
Қылмыстық құқық бұзыушылық жасаған уақытта он алты жасқа толған есі дұрыс жеке тұлға қылмыстық жауаптылыққа жатады.
Қылмс жасаған уақытта он төрт жасқа толған адамдардың адам өлтіргені (99-бап), Адам өлтiру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату -
сегіз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Адам өлтiру:
1) екi немесе одан көп адамды;
2) адамның қызметтiк жұмысын жүзеге асыруына не кәсiптік немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты осы адамды немесе оның жақындарын;
3) кінәлі адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi адамды, сол сияқты адамды ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан;
4) кінәлі адамға жүктiлік жағдайда екенi көрінеу белгiлi әйелдi;
5) аса қатыгездiкпен жасалған;
6) басқа адамдардың өмiрiне қауiптi тәсiлмен жасалған;
7) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
8) пайдакүнемдік ниетпен, сол сияқты жалдау бойынша не қарақшылықпен немесе қорқытып алумен ұштасқан;
9) бұзақылық ниетпен;
10) басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңiлдету мақсатымен жасалған, сол сияқты зорлаумен немесе сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерiмен ұштасқан;
11) әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк, дiни өшпендiлiк немесе араздық не қанды кек уәжі бойынша;
12) жәбiрленушiнiң ағзаларын немесе тіндерiн пайдалану мақсатымен жасалған
13) бірнеше рет жасалған;
14) көрінеу камелетке толмаған адамды;
15) қылмыстық топ жасаған, сол сияқты төтенше жағдай кезiнде немесе жаппай тәртiпсiздiк барысында жасалған адам өлтiру -
мүлкi тәркiленіп немесе онсыз, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Жас баланы олтыру -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жиырма жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға не мүлкін тәркілеп немесе онсыз, бас бостандығынан өмір бойына айыруға жазаланады.
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені (106-бап), . Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру -
үш жылдан сегіз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мынадай:
1) екi немесе одан да көп адамға қатысты;
2) адамның қызметтік жұмысын жүзеге асыруына немесе кәсiптiк немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты осы адамға немесе оның жақындарына қатысты;
3) кыналы адамга дарменсыз күйде екенi көрінеу белгiлi адамға қатысты, сол сияқты адамды ұрлаумен не кепiлге алумен ұштасқан;
4) аса қатыгездікпен;
5) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
6) пайдакүнемдік ниетпен, сол сияқты жалдау бойынша;
7) бұзақылық ниетпен;
8) әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк, дiни өшпенділік немесе араздық уәжі бойынша;
9) жәбірленушінің ағзаларын немесе тіндерін пайдалану мақсатында;
10) бырнеше рет;
11) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты;
12) тотенше ахуал кезынде немесе жаппай тәртіпсіздік барысында жасалған дәл сол іс-әрекет -
Мулкы таркыленып немесе онсыз, алты жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан не қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер - мүлкi тәркiленіп немесе онсыз, сегіз жылдан он екі жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ауырлататын ман-жайлар кезынде денсаулыққа қасақана аурлығы орташа зиян келтіргені (107-баптың екінші бөлігі), Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру -
бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мынадай :
1) екi немесе одан да көп адамға қатысты;
2) адамның қызметтік жұмысын жүзеге асыруына немесе кәсiптiк немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты осы адамға немесе оның жақындарына қатысты;
3) аса қатыгездiкпен, сол сияқты кiнәлi адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi адамға қатысты;
4) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы, қылмыстық топ жасаған;
5) бұзақылық ниетпен;
6) әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк, дiни өшпенділік немесе араздық уәжі бойынша;
7) бірнеше рет;
8) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған дәл сол іс-әрекет екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Зорлағаны (120-бап), сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әректтері (121-бап), Зорлау, яғни жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау - бес жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мыналар:
1) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
2) өлтіру қатерін төндірумен ұласқан, сондай-ақ жәбірленушіге немесе басқа да адамдарға қатысты аса қатыгездікпен жасалған;
3) жәбірленушіге соз ауруын жұқтыруға алып келген;
4) бірнеше рет жасалған;
5) адам қызметтік міндеттерін орындау кезінде жасаған зорлау -
тоғыз жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып еркек пен еркектің жыныстық қатынасы, әйел мен әйелдің жыныстық қатынасы немесе жәбірленушіге немесе басқа адамдарға жасалған сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер -
бес жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мынадай:
1) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
2) өлтіру қатерін төндірумен ұласқан, сондай-ақ жәбірленушіге немесе басқа адамдарға қатысты аса қатыгездікпен жасалған;
3) жәбірленушінің соз ауруын жұқтырып алуына әкеп соққан;
4) бірнеше рет жасалған;
5) адам қызметтік міндеттерін орындау кезінде жасаған дәл сол іс-әрекеттер -
тоғыз жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

адам ұралғаны (125-бап), Адамды ұрлау -
төрт жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мынадай:
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
2) бiрнеше рет;
3) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданып;
4) қаруды немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданып;
5) көрiнеу кәмелетке толмаған адамға қатысты;
6) кiнәлi адамға жүктiлiк жағдайда екенi көрінеу белгілі әйелге қатысты;
7) екi немесе одан да көп адамға қатысты;
8) пайдакүнемдiк ниетпен жасалған;
9) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған;
10) жәбірленушінің жеке басын куәландыратын құжаттарды бұрмалап, жасырып не жойып жасалған дәл сол іс-әрекет -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды:
1) қылмыстық топ жасаса;
2) ұрланған адамды қанау мақсатында жасалса;
3) абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Халықаралық қорғауды пайдаланатын адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасағаны (173-бап), Шет мемлекеттiң өкiлiне немесе халықаралық қорғауды пайдаланатын халықаралық ұйымның қызметкерiне немесе онымен бiрге тұратын оның отбасы мүшелерiне, сол сияқты халықаралық қорғауды пайдаланатын адамдардың қызметтiк немесе тұрғын үй-жайларына не көлiк құралдарына шабуыл жасау, сол сияқты осы адамдарды ұрлау немесе бас бостандығынан күштеп айыру, сондай-ақ көрсетілген әрекеттерді жасау қатерін төндіру -
үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бiрнеше рет не қаруды немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып не адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған не денсаулыққа ауыр зиян келтiрумен ұштасқан, сол сияқты соғысқа арандату немесе халықаралық қатынастарды ушықтыру мақсатында жасалған дәл сол іс-әрекеттер -
мүлкi тәркiленiп, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, абайсызда адам өліміне әкеп соққан немесе қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер -
мүлкi тәркiленiп, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. (174-бап), Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру
1. Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыруға, азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадiр-қасиетiн не дiни сезiмдерiн қорлауға бағытталған қасақана әрекеттер, сол сияқты азаматтардың дiнге көзқарасы, тектiк-топтық, ұлттық, рулық немесе нәсiлдiк қатыстылығы белгiлерi бойынша олардың айрықшалығын, артықшылығын не толыққанды еместігін насихаттау, егер бұл іс-әрекеттер жария немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып, сол сияқты әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты насихаттайтын әдебиетті немесе өзге де ақпарат жеткiзгiштердi дайындау немесе тарату жолымен жасалса, -
екі мыңнан жеті мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұл салуға не екі жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған немесе бiрнеше рет жасалған немесе күш қолданумен не оны қолдану қатерін төндірумен ұласқан, сол сияқты адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып не қоғамдық бiрлестiк лидері жасаған, оның ішінде шетелдік көздерден алынған қаражат пайдаланыла отырып жасалған дәл сол әрекеттер -
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, қылмыстық топ жасаған не ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекеттер -
белгiлi лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, он екі жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздырғаны (ріне қолсұғушылық (177-бап), Қазақстан Республикасы Президентінің өміріне қолсұғушылық (178-бап), дивепсия (184-бап), ұрлық (188-баптың-екінші,үшінші,төртінші бөліктері), мал ұрлау (188-1-баптың екінші,үшінші,төртінші бөліктері), Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4) ақпараттық жүйеге заңсыз кіру не телекоммуникациялар желісі бойынша берілетін ақпаратты өзгерту жолымен жасалған ұрлық -
мүлкі тәркіленіп, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бес жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Мынадай:
1) ірi мөлшерде;
2) бірнеше рет:
3) тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық -
мүлкi тәркiленіп, екі жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Мынадай:
1) қылмыстық топ жасаған;
2) мұнай-газ құбырынан;
3) аса iрi мөлшерде жасалған ұрлық -
мүлкi тәркiленiп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
1. Мал ұрлау, яғни бөтеннің малын жасырын жымқыру -
мүлкі тәркіленіп, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мынадай:
1) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
2) ірi мөлшерде жасалған мал ұрлау -
мүлкi тәркiленiп, үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Мынадай:
1) бірнеше рет;
2) тұрғын үй-жайдың, кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің, мал қораның, қашаның немесе өзге де қойманың ауласына кiрумен жасалған мал ұрлау -
мүлкi тәркiленіп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Мынадай:
1) қылмыстық топ жасаған;
2) аса iрi мөлшерде жасалған мал ұрлау -
мүлкi тәркiленіп, жеті жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескертпе. Осы бапта мыналар мал деп түсініледі:
ірі қара мал;
жылқылар мен есектер;
түйелер;
ұсақ мал;
шошқалар
Яғыни бұданда бөлек т.б баптар қылмыстық жауаптылыққа соттылық жағдайының туындауына жатады.
Егер кәмелетке толмаған адам 15-баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген жасқа толған болса, бірақ психикасының бұзылуына байланысты емес психикалық дамуы жағынан артта қалуы салдарынан қылмыстық құқық бұзушылық жасаған уақытта өзінің әрекеттерінің іс жүзіндегі сипты мен қоғамаға қауіптілігін толық көлемде ұғына алмаса не оларға ие бола алмаса, ол қылмыстсық жауаптыллыққа жатпайды.
Қылмыстық құқық бұзыушылық жасаған адамды оның суъбектісі ретінде тану үшін аталған үш белгінің анықтау қажет. Олардың ең болмамса біреуі болмаукы қылмыстық құқық бұзушылық құрамының жоқтығын куәландырады (өйткені қылмыстық құқық бұзушылық субъектісі жоқ), осыған байланысты адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін негіз де жоқ. Адамдар түрлі теріс қылықтар, соның ішінде қылмыстық құқық бұзушылықтар жасай отырып, өздерінің күш жігерлерін бірікткірп, ұжымдық шешімдер қабылдай аладды. Алайда қылмыстық жауапкершілік әрқашан қатаң жеке болады.

2. Сотталғандық және оның құқықтық салдары
2.1 Соттылықтың қылмыстық-құқықтық мәні

Соттылықтың жалпы құқықтық салдары:
- Белгілі бір қызыметпен немесе белгілі бір кәсіппен шұғылдануына шек қою:
Белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру мемлекеттiк қызметте, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында, қаржы ұйымдарында белгiлi бiр лауазымдарды атқаруға не белгiлi бiр кәсiптiк немесе өзге де қызметпен айналысуға тыйым салудан тұрады.

2. Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру бір жылдан он жылға дейінгі мерзімге белгіленеді.

Осы Кодекстің 238-бабының екінші бөлігінде, 239-бабының екінші бөлігінде, 250-бабының екінші бөлігінде көзделген, қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері, ірі қатысушы (ірі акционер) - жеке тұлға, қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) - заңды тұлғаның басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, оның ішінде осы Кодекстің 239-бабының екінші бөлігінде көзделген қаржы ұйымының басқару органының немесе атқарушы органының функцияларын уақытша не арнайы өкілеттік бойынша орындайтын тұлғалар жасаған, экономикалық қызмет саласындағы және қаржы ұйымдарындағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыс жасағаны үшін белгілі бір лауазымды атқару құқығынан айыру бес жылдан қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқаруға және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болуға өмір бойына тыйым салу белгіленгенге дейінгі мерзімге белгіленеді.

Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстарды, сондай-ақ осы Кодекстің 132-бабының екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде, 133-бабының екінші және үшінші бөліктерінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру міндетті түрде тағайындалады және педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеумен байланысты лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салудан тұрады.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасағаны үшін белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру міндетті түрде тағайындалады және мемлекеттік қызметте, судья қызметін, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда, мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салудан тұрады.

Осы Кодекстің 345-1-бабының төртінші бөлігінде және 346-бабында көзделген көліктік қылмыстарды жасағаны үшін белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру көлік құралын басқару құқығына өмір бойына тыйым салудан тұрады.

3. Белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру, егер сот жасалған іс-әрекеттің сипаты мен қоғамға қауiптiлiк дәрежесiн және кiнәлi адамның жеке басын ескере отырып, оның белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығының сақталуы мүмкiн емес деп таныса, ол осы Кодекстiң Ерекше бөлiгiнің тиiстi бабында тиісті қылмыстық құқық бұзушылық үшін қосымша жаза ретінде көзделмеген жағдайларда да тағайындалуы мүмкiн.

4. Бас бостандығынан айыруға, қамаққа алуға қосымша жаза ретінде осы жазаны тағайындау кезінде, ол негiзгi жазаны өтеудiң барлық уақытына қолданылады, бiрақ бұл ретте оның мерзiмi бас бостандығынан айыру, қамаққа алу өтелген кезден бастап есептеледi. Жазаның басқа негiзгi түрлерiне қосымша жаза түрi ретiнде белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру тағайындалған жағдайда, сондай-ақ жазаны өтеу кейінге қалдырылған немесе шартты түрде сотталған кезде оның мерзiмi үкiмнің заңды күшiне енген кезінен бастап есептеледi.
- Қаруды иеленуіне шек қою:
Атыс қаруын, оқ-дәрілердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын күзету тапсырылған адамның өз мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы, егер бұл олардың жымқырылуына немесе жойылуына не өзге де ауыр зардаптардың туындауына әкеп соқса, -

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Жаппай қырып-жою қаруын не жаппай қырып-жою қаруын жасау кезiнде пайдаланылуы мүмкiн материалдарды немесе жабдықты күзету жөнiндегi мiндеттердi тиiсiнше орындамау, егер бұл ауыр зардаптарға әкеп соқса не олардың туындау қатерін туғызса, -

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, екi жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
- қарулы күштерде әскери қызметпен айналысуны тыйым салу:
Қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшiн соттаған кезде сот кінәлі адамның жеке басын ескере отырып, оны арнаулы, әскери, құрметтi немесе өзге де атағынан, сыныптық шенiнен, дипломатиялық дәрежесiнен, бiлiктiлiк сыныбынан айыра алады.

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары, сол сияқты Қазақстан Республикасының Президентi берген арнаулы, әскери, құрметтi немесе өзге де атағы, сыныптық шенi, дипломатиялық дәрежесi немесе бiлiктiлiк сыныбы бар адамды қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшiн соттаған кезде сот үкiм шығарғанда сотталған адамды осы наградалардан, атақтардан, сыныптық шенiнен, дипломатиялық дәрежесiнен немесе бiлiктiлiк сыныбынан айыру туралы ұсыныс енгізе алады, ал сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша Қазақстан Республикасының Президентiне ұсыныс енгiзеді.
Соттылықтың қылмыстық-құқықтық салдары:
- қылмыс рецедивінде ескеріледі;
- соттылығы бар тұлғаның қылмыс жасаған кезде нәтижесінде қылмыстың қайталануы қалыптасады;
- түзеу колониясының режимін анықтауда қолданылады;
- жаза тағайындайда ескеріледі.
Соттың айыптау үкімі күшіне енген күннен бастап соттылығы жойылған немесе алып тасталаған уақытқа дейін тұлға сотталған деп есептеледі.
Соттылықтың қылмыстық - құқықтың салдарының маңызы төмендегідей:

- тұлғаның жаңа қылмыс жасауына жол бермеуге тырысады, яғни тұлғаны түзеу және жаңа қылмыс жасаудан тұлғаны сақтандыру мақсатын орындайды;

- өзге тұлғаларды қылмыстық заңды бұзудан сақтандырады.

2. Соттылық қайтадан жасалған қылмыстың саралайтын белгісі ретінде. Қылмыстық заңда соттылық-қылмыс құрамының арнайы саралайтын белгісі ретінде қолданылады. Егер шартты түрде сотталушы сынақ мерзімі өткенге дейін өзінің түзелгенін дәлелдесе, шартты түрде сотталушының мінез-құлқына бақылау жасауды жүзеге асыратын органның ұсынысы бойынша сот шартты түрде сотталудың күшін жою және сотталған адамнан соттылықты алып тастау туралы қаулы ете алады. Бұл орайда шартты түрде сотталудың белгіленген сынақ мерзімінің кем дегенде жартысы өткенсоң күші жойылуы мүмкін.

Егер шартты түрде сотталған адам өзіне сот жүктеген міндеттерді орындаудан жалтарса немесе сол үшін өзіне әкімшілік жаза салынған қоғамдық тәртіпті бұзса, сот осы баптың бірінші бөлігінде аталған органның ұсынысы бойынша мерзімі ұзарта алады, бірақ ол бір жылдан аспауы керек.

Шартты түрде сотталған адам сынақ мерзімі ішінде өзіне сот жүктеген міндеттерді ұдайы немесе әдейі орындамаған, сол сияқты қоғамдық тәртіпті ұдайы немесе қасақана бұзған жағдайда сот осы баптың бірінші бөлігінде аталған органның ұсынысы бойынша шартты түрде сотталудың күшін жою және сот үкімімен тағайындалған жазаны орындау туралы қаулы етеді.
Шартты түрде сотталған адам сынақ мерзімі ішінде абайсызда қылмыс жасаған не кішігірім ауырлықтағы қасақана қылмыс жасаған жағдайда шартты түрде сотталудың күшін жою немесе оны сақтау туралы мәселені сот жаңа қылмыс үшін жаза тағайындалған кезде шешеді.
Шартты түрде сотталған адам сынақ мерзімі ішінде орташа ауырлықтағы қасақана қылмыс, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған жағдайда сот шартты түрде сотталудың күшін жойып, оған осы Кодекстің 60-бабында көзделген ережелер бойынша жаза тағайындайды. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген жағдайларда да жаза осы ережелер бойынша тағайындалады.

3. Осы аталған соттылықтың қылмыстық-құқықтың салдары қылмыс рецидивімен күресуде маңызы зор. Жаңа ұқсас қылмыс жасаудан сақтандырады. Осы жерде соттылық жазаның мақсатына жетуге ықпал етеді.

4. Соттылық - жазаның шегін күшейтетін мән-жай ретінде. Егер сотталған адамның ісі бойынша сот үкім шығарғаннан кейін оның бірінші іс бойынша үкім шығарылғанға дейін жасаған басқа бір қылмысқа айыпты екені анықталса, жаза нақ сол ережелермен тағайындалады. Бұл жағдайда соттың бірінші үкім бойынша өтелген жаза түпкілікті жазалау мерзіміне есептеледі.

Соттылығы бар тұлға жаңадан қылмыс жасаса, жаңадан жасаған қылмысы үшін тағайындалатын жазаның шарасы күшейтілінеді және жаза мақсатына жетуге атсалысады.

5. Соттылық тұлғаны аса қауіпті рецидивист деп тану негізі ретінде қолданылады. Бұл жерде соттылық - қоғамға аса қауіптілік тудыратын сотталғандарды ескертуге бағытталған маңызды құқықтық қурал ретінде қолданылады.

6. Соттылық бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеу түрлерін анықтауға әсер ететін мән-жай ретінде. баптың тармағына сәйкес, егер осы айқындау белгі ретінде қылмыс жасаған адамның соттылығына сілтеме болса, сондай-ақ ерекше мән-жайлар болған кезде қылмыстың қайталануы немесе аса қауіпті қайталануы кезінде жаза осы баптың екінші бөлігінде көзделген ережелерді ескермей тағайындалады.
Сонымен, соттылықтың қылмыстық-құқықтың салдары жазаның мақсатын белгілеуде және нәтижесіне жетуде маңызды роль алады. Осыған орай соттылық қылмыстың түсінігімен байланыста болады. Соттылығы бар тұлғаның құқықтық салдарының әртүрлігі жасалған қылмысқа байланысты.
Жағдайда, тұлғаның соттылығы туралы сөз қозғағанда тек соттылығын ғана көздемей, нақты қандай қылмысты жасағаны Қылмыс сияқты соттылықта нақты ұғым. Сондықтан, кез келген үшін сотталғандығын көрсетуіміз қажет. Соттылықтың құқықтық табиғатын және оның мазмұнынын ашып көрсету соттылық ұғымын анықтауға мүмкіндік береді. 1956 жылғы заң сөздігінде берілген, соттылық ұғымы сол кездерде ең тиімді болған. Бұл анықтама мәні бойынша дұрыс, бірақ толық емес. Біздің пікірімізше, соттылыққа төмендегідей анықтама беруге болады. "Соттылық қылмыс жасағаны үшін сотталған адам соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген күннен бастап алып тастау кезіне дейін сотты болған деп есептеледі.
Соттылықтың өзімен бірге жалпы құқықтық және қылмыстық-құқықтық мазмұнындағы салдары қоса туындайды.
2.3 Соттылықты жою мерзімдері
Соталғандық дегеніміз кінәлі адамның қылмыс істегені үшін қандай бір жазаға сотталып, соған байланысты белгілі бір құқылық шектеуге душар болу жағдайын айтамыз. Қылмыс жасағаны үшін сотталған адам соттың айыптау үкімі занды күшіне енген күннен бастап соттылықты жою немесе алып тастау кезіне дейін сотты болған деп есептеледі. Осы Кодекске сәйкес соттылық қылмыстың әлденеше рет қайталануы, қылмысты қайталау кезінде және жаза тағайындау кезінде ескеріледі (Қылмыстық кодекстің 77-бабы, 1-бөлігі). Қылмыстың әлденеше рет қайталануының түсінігі Қылмыстық кодекстің 11- бабында көрсетілген. Қылмыстың қайталануы дегеніміз бұрын қасақана жасаған қылмысы үшін сотталғандық атағы бар адамның қасақана қылмыс істеуі болып табылады (ҚК, 13-бап). Заң бойынша сотталғандық атағы жоқ адамдарға ғана бас бос-тандығынан шектеу (45-бап), тәртіптік әскери бөлімде ұстау (48-бап), жаза түрлері тағайындалады. Сотталғандык атақ түзеу мекемелерінің түрін белгілеуге (48- бап), адамды ауыр немесе аса ауыр қылмысты қайталаған деп тануға (13- бап) тікелей әсері бар. Сотталғандық атақ жауаптылықты және жазаны ауырлататын бөлігі, "в" тармағы. Сотталғандық атақтың кейбір реттерде қылмыстық құқылық емес зардаптары да бар (Мысалы, бұрын сотталған деген сөздің өзі оның моральдық беделіне кір келтіреді). Заңда белгіленген тәртіппен қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатылғандар бұрын сотталғандар деп саналмайды. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 65-69,70-76-баптары. Жоғарыда көрсетілгендей сотталғандық атактың құқылық зардабы мәңгілік емес, заңда белгіленген белгілі бір мерзім өткен соң ондай атақ жойылады. Заңда көрсетілген тәсілмен сотталғандықтан арылу және оны жою бір мезетте оның зандылық зардабын жояды. Сотталғандықтан арылу деп қылмыс жасап сотталған адамның айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен кейін заңда белгіленген белгілі бір мерзім ішінде ол жөніндегі үкімнің орындалмауын айтамыз. Сотталғаңдықтан арылу белгілі мерзім өткен соң ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Соттылықты жою мерзімдері
Қылмыстық істердің соттылығы
Азаматтық істердің соттылығы
Жазадан босату ұғымы және оның түрлері
Республиканың Жоғарғы сотына
Соттылық түсінігі мен оның жойылу салдары
Қылмысты қайталануы жағдайындағы жауаптылық мәселесі
Қылмыстардың қайталануы қылмыс құрамының міндетті белгісі ретінде
Қылмыстық құқықтағы соттылық ұғымы және оның өзекті мәселелері
Көптік қылмыстарды саралаудың теориялық мәселелері
Пәндер