Қылмысқа қатысу түсінігі


Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
«Құқықтану» кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: « Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысу түсінгі және белгілері »
Орындаған: «Құқықтану»-204 тобының
студенті
Қабылдаған:Нурлин А. К.
Ақтөбе, 2022 ж
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Қылмысқа қатысу түсінігі
2. Қылмысқа қатысудың түрлері және нысандары
3. Қылмысқа қатысушылардың түрлері
4. Қылмысқа қатысушылардың жауаптылығы
5. Қылмысқа қатысушылардың шектен шығуы
6. Қылмысқа жанасушылық
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
- Қылмысқа қатысу түсінігі
Екі немесе одан да көп адамның қасақана қылмыстық қуқық бүзушылық жасауга қасақана бірлесе қатысуы қылмыстық қуқық бузушылыққа сыбайлас қатысу деп танылады. Қылмыстык кұқық бұзушылық - бір адам аркылы немесе бірнеше адамның бірлесуі аркылы істелуі мүмкін. Бірнеше адамнын кылмыстык кұкык бұзушылық істеуінін нәтижесінде істелген қылмыстың мәні, одан туындайтын зиянның мөлшері де жеке дара адам істеген қылмыстық құқық бұзушылыкка қарағанда едэуір өзгереді және мұндайда кылмыстық кұқық бұзушылық істегені үшін жауапты болатын адамдардың санын тура анықтау қажеттілігі туындайды. Сондай-ақ бұл адамдардың жауаптылығының негізі мен шегін, олардың әрқайсысының бірлесіп қылмыстық құқық бұзушылық істеудегі кінэсінің мэні мен дәрежесіне карай салыстыру, әрбір қылмыскердің жеке тұлғасының ерекшеліктерін анықтаудың маңызы зор. Қылмыстык кұқық бұзушылыққа қатысу институты гана осы мәселелерді анықтауга толық мүмкіндік тугызады. Жаңа қылмыстық заңда қылмыстық құкык бұзушылыққа бірлесіп сыбайластықпен қатысудың 107 ұғымы, оған катысушылардың (орындаушылар, ұйымдастырушылар, айдап салушылар мен көмектесушілер) жекелеген іс-эрекетін сипаттайтын белгілер және оларға жаза тағайындаудың негізгі қагидалары, сондай-ақ қылмыска қатысу нысандарының аныктамасы берілген (ҚК-нің 27, 28, 29, 31-баптары) . Қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысу қылмыстық құқық бойынша қылмыс істеудің ерекше нысаны ретінде қарастырылады, өйткені жеке-дара қылмыстык құкық бұзушылықты жасауга қарағанда, кылмыстық құкықбұзушылыкты осы нысанда істеудің қауіптілік дэрежесі жэне келтіретін залалы да зор. Бірнеше адамның күш біріктіріп бір немесе бірнеше кылмыстык құқық бұзушылықты істеуі олардың - қатысушылардың өзара бірін-бірі қолдауы, қылмыстық құқық бұзушылықты істеуді жеңілдетіп қана қоймайды, сонымен бірге қылмыстық заң қорғайтын қогамдық қатынастарға үлкен қауіп келтіреді немесе соны келтіру қаупін туғызады. Қылмыстық кұкык бұзушылық істеу- ді осылай жүзеге асыру қылмысты іс-әрекеттің өзін жоюға, кайсыбір жағдайларда бір адамның қолынан келмейтін кылмыстық құқық бұзушылықты істеуді дайындауға немесе жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Көптеген ауыр қылмыстык құқық бұзушылықтарды, атап айтқанда, бөтен біреудің мүлкін өте көп мөлшерде талан-таражға салу, валюталық операциялар жөніндегі ереже- лерді бұзу, паракорлық, әйел зорлау, кісі өлтіру сияқты қылмыстык құкық бұзушылық бірлесіп істеу арқылы жүзеге асырылады. Қазакстан Республикасында қылмыстык құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысудың ұғымы Қазақстан Республикасының 2014 жылы қабылданған Қылмыстық кодексінің 27-бабында «Екі немесе одан да көп адамның касақана кылмыстық құкық бұзушылық жасауға қасакана бірлесе қатысуы қылмыстық кұқық бұзушылыққа сыбайлас қатысу деп танылады», - делінген. Қылмыстық құқык бұзушылық істеудің ерекше нысаны болып табылатын кылмыстық кұқык бұзушылыкка қатысудың өзіндік объективтік жэне субъективтік белгілері бар. Қылмыстық кұкық бұзушылыққа қатысудың объективтік жағының бір белгісі бір қылмыстық кұқық бұзушылыкка екі немесе одан да көп адамдардың сыбайластықпен қатысуы болып табылады. Бұл жерде қатысушылардың бәрінің есі дұрыс, қылмыстық заң бойынша жауап беретін жасқа толған болуы кажет. Есі дұрыс емес адамды немесе қылмыстык жауап беру жасына толмаган жасөспірімдерді қылмыс істеуге пайдалану қылмыс жасаудың құралдары болып саналады, сол себептен ол қылмысқа сыбайластықпен катысу болып саналмайды. Ондай адамдарды қылмыс істеуге пайдаланғандардың өздері қылмыстык кұқық бұзушылықты тікелей орындаушы ретінде жауап береді. Ал кәмелетке толмаган адамды қылмыстық құқык бұзушылыққа тарту Кодекстегі 132-бап бойынша жеке қылмыс құрамы болып есептеледі. Қылмыстық құқықбұзушылык істеуге сыбайластықпен қатысуда екі немесе одан да көп адам қылмысты бірлесіп істейді. Объективтік жағынан алғанда қылмыстық құқық бұзушылык істеуге сыбайластықпен бірлесіп қатысу дегеніміз оны істеуге бірге қатысқан әрбір қатысушылардың әрекеті белгілі бір кылмысты, іс-әрекетті істеуге және соның орындалуын жүзеге асыруға бағытталуы. Өзінің мәні жөнінен жекелеген адамдардың қылмысқа қатысуы әр түрлі болуы мүмкін. Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті баптарда көрсетілген қылмыстарды тікелей орындаушымен бірге, сыбайластықпен қатысушылар санына қылмыс істеуге бі- реуді көндірген (айдап салушы), қылмыс істеуді үйымдастырган немесе оған басшылық етуші (үйымдастырушы) немесе қылмыс жасауга жағдай тугызган (көмектесуші) адамдар да кіруі мүмкін. Қылмысты ұйымдастырушылардың; айдап салушылардың; комектесушілердің әр түрдегі және әр түрлі дәрежедегі сыбайластықпен қылмыстың істелуіне мүмкіндік туғызумен бірге уақыты жағынан істелген қылмысты орындаушының әрекетінің алдын алуы немесе сонымен тұспа-тұс келуі және олардың барлығының осы қылмысты әрекетті істеумен себепті байланысты болуы шарт. Әрбір қатысушының әрекеттерінің өзара себепті байланысы мен шарттарының болуы істелген кылмыстық катысушыларының сыбайластықпен бірлескен қылмыстық кұкық бұзушылыкты іс- әрекеттерінің салдары екендігін дэлелдейді, барлык қатысушылардың бірдей жагдайда жауаптылыкқа 108 тартылуының алгы шарты екендігін көрсетеді. Қылмыстык құкык бұзушылыққа қатысуда іс-әрекет пен қылмыстық құқық бұзушылықтың зардабының озара байланысының жеке адамның істеген қылмыстық қүқык бұзушылыгына қараганда өз ерекшелігі бар. Қылмыстық кұқық бұзушылыққа қатысуда қылмыстық кұқық бұзушылыктың зардабы мен орындаушылардың немесе бірге орындаушылардың іс-әрекеттері ғана байланысты болады. Айдап салушы, көмектесуші, кейде ұйымдастырушы тікелей зиян келтірмейді. Олар тек қана кылмыстық кұқық бұзушылықтың зардабының тууына себепші болады. Мұндай себепші болу қылмыстық құқық бұзушылықты тікелей орындаушыға оның қылмыс істеуге деген шешімін қоздыру арқылы жүзеге асырылады. Субъективтік жагынан алганда қылмыска қатысу барлык қатысушылардың кылмысты қасақана істегенін білдіреді. Бұл жерде екі немесе одан да көп адамдардың касақана қылмыс жасауга қасақана қатысуы ұиымдастырушының, азғырушының, көмектесушінің, орындаушының істеи- тін қылмысының мәнісінен хабардар болатындыгы және олардың өз іс-әрекеттерімен орындаушыга қылмыс істеуге мүмкіндік туғызатыны немесе соған түрткі болатыны туралы сөз болып отыр. Қылмыстык кұқык бұзушылыққа сыбайластықпен қатысу тек касакана істелетін қылмыстык құқық бұзушылықтағы гана болады. Абайсыздықпен істелетін қылмыстык құқык бұзушылықтағы қылмысқа қатысушылық болмайды. Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайластықпен қатысуда барлық қатысушылар іс- әрекетті касакана, оның ішінде тек қана тікелей қасақаналықпен жасайды. Бұл жерде бұл қылмыстық құкық бұзушылықты істеуді тілеу бірнеше адамдарды қылмыстык құқық бұзушылық іс-әрекетке біріктіреді. Кейбір жагдайларда қылмыстық құқық бұзушылыққа катысу нақтыланбаган тікелей қасақаналықпен де болуы мүмкін. Л., Н. деген азаматтар төбелеске бірге қатысып, қарсыластарының біріне екеуі де пышақ салган. Нәтижесінде бір адам ауыр жарақаттанган. Бұлардың әрекетін аудандык сот нақтыланбаған тікелей касақаналықпен істелген қылмысты әрекет деп бағалап, оларды Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3- бөлігі бойынша саралаған. Себебі олар пышақ жұмсаудан кез келген ауыр зардаптың немесе кісі өлімінін болуы мүмкіндігіне саналы түрде жол берген.
Қылмыстық құқық бұзушылықты ұйымдастырушы, кылмыстык кұкық бұзушылыкка көмектесуші немесе айдагі салушы қылмыстық құқық бұзушылықты орындаушының істейтін қылмыстық құкық бұзушылығының мәнін, ниетін, және өздерінің орындаушының қылмыстық құқық бұзушылықты істеуіне жағдай туғызатынын сезінуі кажет. Ал кылмыстық құқық бұзушылықты орындаушы қылмыстык құқық бұзушылыққа басқа сыбайластықпен катысушылардың өзіне қылмыстық құқык бұзушылыкқа дайындалғанына немесе жасауына жәрдем жасағанынан әр уақытта да хабардар болады. Оның үстіне, қылмыстық құқық бұзушылыкты орындаушылардың арасында бірлесіп қылмыстық құқық бұзушылық жасауға деген өзара келісім болады, мұның өзі барлық қылмыстық құқық бұзушылықка қатысушылардың өз әрекеттерінің келісушілікпен жүзеге асырылатындығын және мұның қылмысты іс-әрекеттің тиімді түрде жүзеге асырылатындығын көрсетеді. Қылмыстық құқық бұзушылык катысу - барлық қатысушылардың бірыңғай қылмыстық құқық бұзушылықты нәтижеге жетуі үшін бағытталған, ортақ қылмыстық құқық бұзушылық ниетінің болуын білдіреді. Қатысушылардың мінез-құлқының, ниеті мен мақсатының бір-біріне сай келуі де, келмеуі де мүмкін. Мысалы: кісі өлтіруге қатысушылардың біреуі кызғаныштан, екіншісі кек алушылықпен, ал басқа біреуі пайдакүнемдік ниетпен әрекет жасауы мүмкін. Қылмыстық құқық бұзушылық қатысудағы басты шарт - барлық сыбайластықпен қатысушылар қылмыстык құқық бұзушылықты орындаушының істейтін қылмысының мәнін сезе отырып, әр түрлі ниетпен соның болуын тілеп, қылмыстык кұкык бұзушылықты жүзеге асыру үшін өздерінің кылмыстық кұқық бұзушылық әрекеттерін біріктіреді.
- Қылмысқа қатысудың түрлері және нысандары
1Ұйымдастырушы, айдап салушы және көмектесуші орындаушымен бірге қылмыстық қуқық бузушылыққа сыбайлас қатысушылар деп танылады. 2. Қылмыстық қуқық бузушылықты тікелей жасаган не оны жасауга басқа адамдармен (бірге орындаушылармен) бірлесіп тікелей қатысқан адам, сондай-ақ жасына, есінің дұрыс еместігіне немесе осы Кодексте көзделген басқа да мән-жайларға байланысты қылмыстық жауаптылыққа жатпайтын басқа адамдарды пайдалану арқылы, сол сияқты іс-әрекетті абайсызда жасаған адамдарды пайдалану арқылы қылмыстық қуқық бузушылық жасаган адам орындаушы деп танылады. 3. Қылмыстық қуқық бузушылық жасауды ұйымдастырган немесе оның орындалуына басшылық еткен адам, сол сияқты қылмыстық топты қурган не оган басшылық еткен адам уйымдастырушы деп танылады. 4. Басқа адамды азғыру, параға сатып алу, қорқыту жолымен немесе басқа да тәсілмен қылмыстық құқық бузушылық жасауға көндірген адам айдап салушы деп танылады. 5. Кеңестерімен, нусқауларымен, ақпарат, осы іс-әрекетті жасайтын қару немесе құралдар беруімен не оны жасауға кедергілерді жоюымен қылмыстық қуқық бузушылықтың жасалуына жәрдемдескен адам, сондай-ақ орындаушыны, қылмыстық құқық бузушылық жасау қаруын немесе өзге де қуралдарын, осы іс-әрекеттің ізін не қуқыққа қарсы жолмен қол жеткізілген заттарды жасыруга күні бұрын уәде берген адам, сол сияқты осындай заттарды иемденуге немесе өткізуге күні бурын уәде берген адам көмектесуші деп танылады. Қылмыстық құкықта қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайластықпен қатысушылар орындаушылар, ұйымдастырушылар, айдап салушылар жэне көмектесушілер деп бөлінеді. Оларды бұлай бөлуге қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайластықпе қатысудағы агқаратын іс-әрекетінің мәнісі мен дәрежесі негіз бола алады. Қылмыстық құкық бұзушылыққа сыбайластықпен қатысушыларды осылай бөлудің олардың жауаптылыгын негіздеу, іс-әрекеттерін дұрыс саралау жэне жаза тагайындағанда әрқайсысының ерекшеліктерін еске алу үшін маңызы өте зор.
Қылмыстык кұқық бұзушылыкка сыбайластықпен қатысушылардың түрлері және олардың әрқайсысына заңдылық сипаттама ҚК-нің 28-бабында көрсетілген. Орындаушы. Қылмыстық кұкык бұзушылықты тікелей жасаған немесе оны жасауға басқа адамдармен (коса орындаушылармен) бірге тікелей катысқан адам, сондай-ак жа- сына, есінің дұрыс еместігіне немесе осы Кодексте көзделген баска да мэн-жайларга байланысты қылмыстық жауапқа тартуға болмайтын басқа адамдарды пайдалану арқылы, сол сияқты әрекетті абайсызда жасаған адамдарды пайдалану жолымен қылмыс жасаған адам орындаушы деп танылады (28-бап, 2-бөлігі) . Қылмыстык құқық бұзушылықты орындаушы қылмыстық құқық бұзушылыкты жеке өзі немесе оны бірнеше басқа адамдармен қоса орындап, тікелей жүзеге асыруы мүмкін, мысалы, топ болып әйелді зорлау. Қайсыбір жағдайларда қылмыстық кұкык бұзушылықтың субъектісі болып танылатын жасқа толмаған адамдарды пайдалану арқылы қылмыстық кұкық бұзушылык жасаған адам қылмыстық кұқык бұзушылықтың тікелей орындаушысы болады. Немесе есі дұрыс емес адамды кісі өлтіруге пайдаланса, онда оны пайдаланған адамның өзі қылмысты орындаушы, ал есі дұрыс емес адам қылмыстық кұқық бұзушылық істеудің құралы болып табылады. Егер абайсыздықпен әрекеттенген адамды пайдалану арқылы қылмыстық құқық бұзушылық жасалса да, қылмыстық кұкық бұзушылықты орындаушы болып соны пайдаланган адамның өзі танылады. Мысалы, С. деген адам өзі жек көретін Ж. деген жолдасының қарсы келе жатқанын көріп, оны баска біреудің қолымен өлтіру үшін өзіне таяп қалғанда жанында келе жатқан Т. деген серігін алдап «Ж-ны қорқытайық, мына мылтық ішіне ок салынбаған, құр дәрімен ғана жабдыкталған оталғыш бар, соған каратып мылтык ат», - дейді. Т. мылтықты алып Ж-ға карсы мылтық атады, нәтижесінде мылтық атылып, Жның кеу- десіне оқ тиіп, табан астында қаза болады. Бұл жерде Т-ның әрекеті абайсызда, ал С-ның әрекеті қасақана кісі өлтіру болып табылады. Өйткені ол мылтық оғын С-га сеніп тек- сермеді. Яғни, қасакана қылмыстық құкык бұзушылықты орындаушы С. болып табылады. Ол бұл жерде абайсыздыкпен әрекеттенген адамды кылмыстык кұқық бұзушылык істеуге пайдаланды. Орындаушының арам ниетінің мазмұны мынандай болып табыла- ды: а) адам қылмыстық құкық бұзушылықты баскалардың көмегімен (біреу болса да) істелгенін сезеді; б) қылмыстык құкык бұзушылыктың нәтижесінін жалпы зардабын болжайды; в) соның болуын тілеп немесе соған саналы түрде жол береді. Қылмыстык құқық бұзушылықты орындаушылардың әрекеті ҚК-нің 28-бабы, 2- бөлігіне сілтеме жа- салмастан ҚК-нің Ерекше бөлімінде көрсетілген қылмыстық кұкык бұзушылық құрамы бойынша тікелей сараланады. Үйымдастырушы. Қылмыстық құқык бұзушылык жасауды ұйымдастырған не- месе оның орындалуына басшылык еткен адам, сол сиякты кылмыстык топты кұрған не оларға басшылық еткен адам ұйымдастырушы деп танылады (28-бап, 3-бөлігі) . Ұйымдастырушы қатысушылардың ішіндегі ен қауіптісі болып табылады. Оның әрекеті Қылмыстық кодекстің 29-бабына сілтеме жасала отырып сараланады. Қылмысты ұйымдастырушылардың әрекеті көбінесе тұрақты қылмыстык топ құруға байланысты болады. Ұйымдастырушылар объективтік жагынан алганда қызметі қылмыстық кұқық бұзушылыққа қатысушыларды табу, оның дайындығына, жүзеге асырылуына жоспар жасау, қылмыстық құқық 121 бұзушылыққа қатысушылардын арасында берік тәртіп орнату, олардың өзара міндеттерін бөлу, сондай-ақ қылмысты істеу барысында оган тікелей басшылық жасау жагынан көрінеді. Барлық жағдайларда да ұйымдастырушы, қылмыстық құқық бұзушылықты істеуді дайындағанда немесе басқарганда олардың катысушыларын біріктіріп, басшылық жасайды, көп жағдайларда қылмыстық құқық бұзушылык істеудің бастамашысы болады. Кейбір ретте қылмыстық құқық бұзушылықты ұйымдастырушы өзінің ұйымдастырушылық қызметін істелген қылмыстық құқық бұзушылықтың тікелей орындаушылық қызметімен коса аткаруы да мүмкін. Бірақ та мұндай жағдайда оның ұйымдастырушылық қызметін қылмыстық құкық бұзушылықты орындаушылық қызметімен алмастыруға болмайды. Өйткені қылмыстық құқық бұзушылыкты ұйымдастырушының зияндылыгы орындаушыга қараганда жогары жэне қауіпті болып табылады. Ұйымдастырушы тек кана тікелей қасақаналықпен эрекет жасайды. Ол эрекетінің қоғамга қауіпті екенін біле тұра, содан туындайтын зардаптардың болуын болжай тұра, сол зардаптың болуын тілеп істейді. Яғни басқаша айтқанда, ұйымдастырушы қылмыстық құкық бұзушылыкка қатысушылардың барлығының қылмыстық құқық бұзушылық әрекетінің біріктірушісі болады жэне сол үшін де өзі ұиымдастырған нақты қылмыстық құқық бұзушылық құрамының санкциясына сэикес жазаға тартылады. Айдап салушы. Басқа адамды азгыру, параға сатып алу, қорқыту жолымен немесе өзге де жолмен қылмыстық құкык бұзушылық жасауға көндірген адам айдап салушы деп танылады (28-бап, 4-бөлігі) . Айдап салушы болашақ қылмыстық кұқык бұзушылықты орындаушыны эр түрлі әдіспен қылмыс істеуге азғырып, көндіріп, оның батылдыгына жігер береді. Айдап салушы (азғырушы) қылмыстык кұқык бұзушылықты істеушінің сана-сезіміне, еркіне тікелей әсер етіп, оны қылмыстық құқық бұзушылық жасауға тікелей жігерлендіреді. Айдап салушының өзі қылмыстық құқық бұзушылық істеуге көндірген адаммен қатынас жасауы ауызша, жазбаша, қимыл көрсету және тагы баска сан түрлі болуы мүмкін. Қылмыстық кұкық бұзушылық істеуге біреуді көндірудің тәсілі, құралы да сан түрлі болуы мүмкін. Мұнда қорқыту, өтіну, сатып алу, сый-сияпат жасау, өз өкілдігі мен бе- делін пайдалану сияқты сан алуан әдістер пайдаланылуы мүмкін. Кейбір жағдайларда айдап салушы біреу емес, бірнешеу болуы да ыктимал. Айдап салудың барлық тәсілдері мен әдістері азғыруға көнушінің еркін басуға немесе оны шатасуга әкеліп соқтырмауы керек, қайта оның белгілі бір қылмыстық құкык бұзушылықты жасауға деген жігерін қоздырып, соны істеуге деген бел байлағандыққа итермелеуі керек. Айдап салушы барлық уақытта да белсенді әрекет күйінде жүзеге асырылады. Айдап салушыны интеллектуалдық көмек берудің түрінен ажырата білу керек. Интеллектуалдық көмек беруде адам қылмыстық құкық бұзушылыкты орындаушының ниетін кұптайды, ал айдап салушылықта қылмыстык кұкық бұзушылық істеуге біреуді белсенді түрде көндіреді. Яғни, бұл екі ұғымның айырмашылығы осында. Айдап салушылық өзінің істеген іс- әрекетінің мәнін сезуге қабілеті нақты бір шешім жасайтын адам жөнінде ғана орын алады. Сондықтан да есі дұрыс емес адамды, қылмыстык құқық бұзушылық үшін кәмелеттік жаска толмаған жасөспірімді айдап салушылықта қылмысқа қатысу тәртібі колданылмайды, бұл жерде айдап салушының әрекеті біреу арқылы зиян келтіру ретінде багаланады. Сол сияқты біреуді әдейілеп қасақана теріс багытқа салып, соның қатесін иайдаланып, сол арқылы қылмыстық құқық бұзушылықты жүзеге асыру да кылмыстық күқық бүзушылыққа сыбайластыкпен қатысудагы айдап салушылық болмайды. Мұндай реттерде ондай әрекеттерді істеген адамның өздері қылмыстык құқық бүзушылықтың тікелей орындаушысына айналып кетеді. Субъективтік жагынан алғанда, айдап салушылык әрекеті тікелей касаканалық арқылы сипатталады. Өйткені айдап салушының арам ниеті біріншіден, орын алатын накты кылмыстық құқық бұзушылық құрамының объективтік жагынан туындайтын барлык мән-жайларды, екіншіден, озінің әрекетімен қылмыстык қүқық бүзушылық нәтижесінің себепті байланысынын жалпы дамуын болжайды. Демек, айдап салушы қылмыстык қүқық бұзушылық істеуге басқа біреуді көндіріп, оны 122 накты бір қылмыстық құқық бұзушылықты орындауга көндіреді. Егер адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауға азгырмайтын өзінің теріс көзқарасымен көңіл-күйін білдірсе, онда ондай адамның әрекетінде айдап салушылық болмайды. Кей кезде мүндай іс-әрекет нақты бір жагдайларға байланысты жеке қылмыстық қүқық бұзушылық құрамын түзуі мүмкін (179, 180-баптар) . Көмектесуші. Кеңестерімен, нүсқауларымен, ақпарат, осы іс-әрекетті жасайтын қару немесе қүралдар беруімен не қылмысты жасауға кедергілерді жоюымен қылмыстык құқық бүзушылықтың жасалуына жәрдемдескен адам, орындаушыны, кылмыстық қүқық бұзушылық жасау қаруын немесе өзге де қүралдарын, осы іс-әрекеттің ізін не құқыққа қарсы жолмен қол жеткізілген запарды жасыруға күні бұрын уәде берген адам, сол сиякты осындай запарды иемденуге немесе откізуге күні бүрын уэде берген адам көмектесуші деп танылады (28-бап, 5-бөлігі) .
- Қылмысқа қатысушылардың түрлері
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz