Жаза тағайындау түсінігі


Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
«Құқықтану» кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы:Қылмыстық құқық бұзушылықтардың және үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау
Орындаған: «Құқықтану»-204 тобының
студенті Туйтебаева Мадина Бериковна
Қабылдаған:Нурлин. А. К
Ақтөбе, 2022 ж
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
- Жаза тағайындаудың жалпы негіздеріЖаза тағайындау түсінігіҚылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындауҮкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындауЖаза мерзімдерін есептеу және жазаны есепке алуАяқталмаған қылмыс үшін, қатысып жасалған қылмыс үшін және қылмыстардың қайталануы жағдайында жаза тағайындау
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
Кіріспе.
Тақырыптың өзектілігі . Қылмыстық жаза мемлекеттiң қылмыспен қарсы күрес жүргiзу құралдары және мемлекеттiк күштеу шараларының бірi ретінде саналады. Мемлекет қылмысқа қарсы күрес жүргiзуде әр түрлi шаралардың түрiн кеңiнен қолданады, солай қылмыстан сақтандыру мәселелерiне ерекше көңiл бөледi. Қылмыстық шара мемлекеттiк күштеу шарасы ретiнде тек заңда көрсетiлген жағдайда жүзеге асырылады. Мұндай шараны қолдану қылмыс iстеген адамдарға мемлекеттiң атқаратын функциялары ретiнде қарастырылады. Қылмыстық-құқықтық күштеу шараларын, ауыр, өте ауыр қылмыс iс-тегендерге соған сәйкес қолдану мемлекеттiң мiндетi болып табылады. Қылмыстық шара мемлекеттiк күштеу шараларының жеке бiр түрi болып, өз ерекшелiктерiмен оқшауланады. Қылмыстық жаза-мемлекеттiк күштеу шарасы ретiнде қылмыстық заңмен ғана белгiленедi. Жазаның сот үшiн мiндеттi тiзбектерi мен оны қолданудың тәртiбi қылмыстық кодексте тұжырымдалған. Жазаны сот қылмысқа кiнәлi адамға қылмыстық заңда көрсетiлген шараның шеңберiнде оның шегiнен шықпай тағайындайды. Тек ерекше жағдайларда көрсетiлгеннен гөрi жеңiлiрек жаза тағайындалады.
Қылмыстылықпен күресудегі қылмыстық жазаның ролімен байланысты мәселелерді түсіну мен шешудің жаңа жолдарын іздестіру өзекті тақырып. Ілімде жаза туралы түсініксіз әрі даулы жақтар өте көп. Конституциялық құрылым негіздерін, адамгершілікті, денсаулықты, өзге тұлғалардың құқытары мен міндеттерін, ел қорғанысын қамтамасыз және мемлекет қауіпсіздігін қылмыстық қол сұғушылықтардын қорғау қажеттілігімен негізделген адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын шектеу мүмкіндігін ҚР Конституциясы қарастырады.
Қылмыс жасаған адамның түзелуi және жаңа қылмыстардың алдын алу үшiн қажеттi жаза тағайындалуға тиiс. Неғұрлым қатаң жаза жасалған қылмыс үшiн көзделген жазаның онша қатаң емес түрi жазаның мақсатына жетудi қамтамасыз ете алмайтын болса ғана тағайындалады. Қылмыстық кодекстiң ерекше бөлiмiндегi тиiстi баптарда көзделген қатаң жаза қылмыстық кодекстiң 58 және 60-баптарына сәйкес қылмыстардың жиынтығы бойынша немесе үкiмдердiң жиынтығы бойынша тағайындалуы мүмкiн. Жасалған қылмыс үшiн қылмыстық кодекстiң ерекше бөлiмiндегi тиiстi баптарда көзделгеннен қатаңдығы төменiрек жаза тағайындау үшiн негiз қылмыстық кодекстiң 55-бабында белгiленедi.
Қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауiптiлiк дәрежесi айыпкердiң жеке басы, сонымен бiрге оның қылмыс жасағанға дейiнгi және одан кейiнгi мiнез-құлқы, жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлар, сондай-ақ тағайындалған жазаны сотталған адамның түзелуiне және оның отбасының немесе оның асырауындағы адамдардың тiршiлiк жағдайына ықпалы жаза тағайындау кезiнде ескерiледi.
Жаза тағайындау кезінде заңдылықтың қатаң сақталуы жаза мақсаттарына жетуге кепіл болады.
Курстық жұмыстың мақсаты : заң нормаларының түсініспеушіліктері мен қайшылықтарын жоюға талпыныс жасау, үкімдер жиынтығы бойынша жаза тағайындау ережелерін айқындап, жаза тағайындау институтын жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеттері: қылмыстық құқықтағы жаза ұғымы мен түрлеруне шолу жасап, жаза тағайындаудың жалпы негіздерін және жазаны ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларды талдау. Үкімдер жиынтығы бойынша жаза тағайындау кезіндегі заңдылықты сақтау мәселелері қарастыру.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы: Көріп отырғанымыздай қазіргі таңда қауіпті құбылысқа айналған қылмыстар жеткілікті, оларды сот, тергеу, прокуратура органдарында анықтау қиындық тудырады. Бүгінгі күгде анықталған қылмыстарға көптеген жазалау түрлері қолданылып, заңдар шығарылуда.
Жұмыстың теориялық және тәжірбиелік маңызы. Қылмыстық құқықты қолдану барысындағы ең жауапты кезең - жаза белгілеу. Құқық қорғау органдар - сот, прокуратура, ішкі істер департаменті қылмысқа қарсы өз жұмыстарын атқаруда.
Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымщалар тұрады.
Негізгі бөлім
1. Жаза тағайындаудың жалпы негіздері
Әрбір нақты іс бойынша жаза тағайындау кезінде сот басшылыққа алуы тиіс заңмен бекітілген белгілер - жаза тағайындаудың жалпы негіздері боллып табылады. Жазаның әділеттілігі, мақсатқа лайықтылығы, тиімділігі қылмыстық заңда жаза тағайындаудың жалпы негіздері деп айтылады. Қылмыстық кодекстің 52-бабы 1-бөлігінде «Қылмыс жасауға айыпты деп танылған адамға ҚК-нің Ерекше бөлімінің тиісті бабында белгіленген шекте және ҚК-нің Жалпы бөлімінің ережелері ескеріле отырып, әділ жаза тағайындалады» делінген. Жаза жасалған қылмыстың ауырлығына, қоғамға қауіптілік сипаты мен дәрежесіне, кінәлінің жеке тұлғасына және қылмысты жасау жағдайларына сәйкес тағайындалса әділетті деп танылады Сонымен қатар, жаза негізді болуы керек. Жазаны сотталғаннан бастап қоғамның барлық мүшелері заңды, негізді және көз жетерлік деп қабылдаса ғана ол әділетті болады. Жасалған қылмыстың қауіптілігін бағалай отырып, сот алдымен, қылмыстың түріне ҚК-нің Ерекше бөліміндегі заң шығарушының берген бағасын ескеруі керек.
Қылмыстық заң сотты жаза тағайындау кезінде жаза мақсаттарының біреуіне қол жеткізу болып саналатын - жазаның сотталған адамның түзелуіне әсер ететіндігін көре білуді және жасалған қылмыс пен қылмыскерді сипаттайтын барлық мән-жайларды ескере отырып, жазаның мүмкіндігінше ең қатаң емес түрін дұрыс тағайындай білуді, оның мөлшерін анықтауды міндеттейді. Сот жазаны ҚК-нің Жалпы бөлімінің ережелерін ескере отырып тағайындайды. Жаза тағайындау кезінде сот мына жағдайларды міндетті түрде ескеруі тиіс:
1) . Жасалған қылмыстың қоғамға қауіптілік сипаты мен дәрежесі;
2) . Кінәлінің жеке басы;
3) . Кінәлінің қылмыс жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқы;
4) . Жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар;
5) . Жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар;
6) . Тағайындалған жазаның сотталған адамның түзелуіне және оның отбасының немесе оның асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайына ықпалы.
Қылмыстың қоғамға қауіптілігі - бұл Қылмыстық кодексте қарастырылған қылмыстық заңмен қорғалатын іс-әрекеттің объектілерге нақты зиян келтіру немесе нақты зиян келтіру қаупін тудыруының объективті қасиеті. Қылмыстың қоғамға қауіптілік сипаты - қол сұғушылық объектісінің ерекшелігімен, яғни объектінің қоғам мен мемлекет үшін құндылығымен, қылмыс нәтижесінде келтірілген зиянның мөлшерімен жағдайлармен анықталады. Барлық қылмыстар бір-бірінен осы қоғамға қауіптілік сипаты бойынша ерекшеленеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz