Қылмыстық жауаптылықтың негізі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті КЕ АҚ

Экономика және құқық факультеті
Қылмыстық құқықкафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ҚР Қылмыстық құқығы (жалпы бөлім) пәні бойынша

Тақырыбы: Қылмыстық жауаптылықтың негізі

Білімгер:Тазан ЖансерікТобы: 6B04212 215
Жетекші:Бауберикова Айжан
Қорғауға жіберілді ____________________20____ж.___ ____________________
қолы
Жұмыс қорғалды __________________20__ж.бағасы_ ___________________
жазбаша
Комиссия мүшелері:__________________________ __________________________
аты-жөніқолы

___________________________________ _________________
аты-жөніқолы

___________________________________ _________________
аты-жөніқолы

Тараз 2022

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті КЕ АҚ

Мемлекеттік қызмет және әкімшілік кафедрасы
6B04212 тобының білімгеріне Тазан Жансеріктен курстық жоба (жұмыс)ҚР Қылмыстық құқығы (жалпы тарау) пәні бойынша
ТАПСЫРМА
ҚР Қылмыстық құқығы (жалпы тарау)пәні бойынша
1. Тақырыбы: Қылмыстық жауаптылықтың негізі
2. Тапсырманың арнайы нұсқауы: Кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланылған қайнар көздер тізімі

3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараулары (жұмыстары)
Орындау кестесі

Көлемі, %
Орындау уақыты
Кіріспе
10%
15.10.2022
Негізгі бөлім:

16.10.2022
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ
10%
19.10.2022
1.1. Қылмыстық жауаптылықтың түсінігі
10%
22.10.2022
1.2. Қылмыстық жауаптылықтың негіздері
10%
25.10.2022

ҚЫЛМЫС ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРАМЫ
10%
29.10.2022
2.1. Қылмыс құрамының түсінігі және маңызы
10%
1.11.2022
2.2. Қылмыс және қылмыс құрамы
10%
4.11.2022

ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
10%
8.11.2022
3.1. Қылмыс құрамының түрлері
5%
8.11.2022
3.2. Қылмыстың субъективтік жағы мен субъектісі
5%
8.11.2022
Қорытынды
7%
11.11.2022
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
3%
13.11.2022
4. Графикалық материалдарының тізімі (сызулардың масштабы келтіріледі)

5. Жобаның (жұмысты) жинақтау мерзімі

6. Қорғау

Кафедра мәжілісінде бекітілген ___________________20___ ж. хаттама № ______
Жетекшісі: Бауберикова Айжан
Тапсырманы орындауға қабылдадым _______________20___ж.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31. ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..51.1. Қылмыстық жауаптылықтың түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...51.2. Қылмыстық жауаптылықтың негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
2. ҚЫЛМЫС ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРАМЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .122.1. Қылмыс құрамының түсінігі және маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .122.2. Қылмыс және қылмыс құрамы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
3. ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 193.1. Қылмыс құрамының түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 193.2. Қылмыстың субъективтік жағы мен субъектісі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
ҚОЛДАНЫЛҒАН НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР МЕН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26

Кіріспе
Қазақстан Республикасы 1991 жылы егемендік алғаннан бастап құқық жүйесі толығымен реформаланды. Қылмыстық құқық саласында да бірқатар өзгертулер мен толықтырулар орын алды. Атап айтқанда, жаңа Қылмыстық Кодекс, Қылмыстық атқару кодексі сынды маңызды құжаттар қабылданды. Сот тәжірибесінде жасалған іс - әрекеттің қылмысты екен дігін нақтылау өте маңызды болып табылады. Өйткені дұрыс анықталған фактілер адам тағдырын шешуге де ықпал етері сөзсіз. Осындайда қылмыс дұрыс жіктелінуі үшін қылмыстық жауапкершіліктің негіздерін дұрыс анықтап алу өте маңызды. Қылмыстық жауапкершіліктің негіздерінің нысандарын белгілеу - қылмыстық ғылымның міндеті, ал келешекте оны іс жүзінде дұрыс пайдалану - құқық пайдаланушылардың: судьялардың, прокурорлардың, тіпті заңды дұрыс қолданып, айыпталушыны қорғау үшін қорғаушы үшін де өте маңызды. Сол себепті қылмыстық құқық саласындағы негізгі әрі өте маңызды мәселелердің бірі - қылмыстық жауаптылықтың негіздерін дұрыс анықтау болып табылады. Менің курстық жұмысымның тақырыбы Қылмыстық жауаптылық және оның негіздері ретінде таңдалынуының себептері де осы. Сонымен қатар, жоғарыда айтылған курстық жұмыс тақырыбының өзектілігін де сипаттайды. Яғни, курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі - жасалған қылмыстың негізі бар немесе жоқ екендігін анықтап білу, бар болған жағдайда оларды дұрыс топтастырып, тисіті деңгейде құқықтық сипаттама жасау.
Менің курстық жұмысымның тақырыбым Қылмыстық жауаптылық және оның негіздері.Бұл тақырыпты зерттеу барысында әдебиеттер мен басылымдарды қолдандым. Зерттеу барысында келесідегідей тақырыптарға жіктеп қарастырдым:
:: Қылмыстық жауаптылықтың түсінігі
:: Қылмыстық жауаптылықтың негіздері
:: Қылмыс құрамының түсінігі және маңызы
:: Қылмыс және қылмыс құрамы
:: Қылмыс құрамының түрлері

Курстық жұмысты жазудағы ұстанған мақсатым: қылмыстық жауаптылық және оның негіздерініңтүсінігін, қылмыс құрамының түсігі мен мазмұнын және қылмыс құрамының түрлерінтолықтай зерттеу болып табылады.Сонымен қатар курстық жұмысымда толығырақ бөлімдер бойынша мағлұматтар айтылады. Бұл курстық жұмыс көптеген қызықты мағлұматтарды қамтиды. Енді қысқаша мәлімдеме беріп кететін болсақ:Негізгі бөлімнің бірінші тақырыбы бойынша қылмыстық жауаптылықтың жалпы түсінігі, қылмыстық жауаптылықтың мазмұны, сондай-ақ қылмыстық жауаптылық сипатына қарай жаза тағайындалмайтын және жаза тағайындалатын қылмыстық жауаптылыққа жалпы түсінік берілген. Қылмыстық жауаптылықтың негіздері, қылмыс құрамының түсінігі, мазмұны және қылмыс құрамының элементтерін екінші және үшінші тақырыптарда қарастырдым.Негізгі бөлімнің төртінші, бесінші тақырыптарында қылмыс және қылмыс құрамы және олардың өзара бір-бірімен тығыз байланысты және бір-бірімен ұқсамайтын қылмыстық-құқылық түсініктер екендігі жайлы, сондай-ақ қылмыс құрамының түрлерін жан-жақты қамтуға тырыстым.
Зерттеу жұмысымның мақсаттары мен міндеттері: Курстық жұмысымның мақсаты қылмыстық жауаптылықтың негіздерінің, мәнін, жүйесін, мақсатын, қағидаларын толығырақ ашып, толық мәліметтер беру.
Зерттеу жұмысымның құрылымы: кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды, қосымша, пайдаланған әдебиеттерден тұрады.

1. ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ
1.1.Қылмыстық жауаптылықтың түсінігі
Қазақстан Республикасының заңнамасына сай мемлекет өз азаматтарынан конституцияда көрсетілген белгілі бір әлеуметтік талаптарды қатаң орындауды талап етеді, оны орындамаған ретте азаматтарға заңда көрсетілген негізде моральдық немесе құқылық жауапкершілік жүктеледі.Құқылық жауапкершіліктің ішіндегі ең қатал түрі қылмыстық жауаптылық болып саналады.
Қылмыстық жауаптылық мемлекеттік заң шығарушы органы арқылы қылмыстық жазалау қатерімен тиым салынған қоғамға қауіпті кінәлі түрде істелген іс-әрекет үшін ғана белгіленеді.
Адам қылмыстық жауаптылыққа істеген іс-әрекеттерінде қылмыстық заңда көрсетілген нақтылы бір қылмыстың құрамы болған жағдайда ғана тартылады.Мысалы: тонау, ұрып-соғу, денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру, бұзақылық, т.б.Мұның өзінде қылмыстық жауаптылық оның іс-әрекеті нақты қылмыс құрамын түзейтін қылмыстық құқылық нормаларды кінәлі түрде ғана бұзғанда жүзеге асырылады.
Яғни, қылмыстық жауаптылық бұл қылмыстық құқылық норманы бұзудың нәтижесі, қоғамға қауіпті іс-әрекеттің көрінісі болып табылады.Қылмыс істелмесе қылмыстық жауаптылық та болмайды.Қылмыстық заң бойынша жазалау қатерімен тиым салынған қоғамға қауіпті іс-әрекеттер үшін қылмыстық жауаптылық тек қана қылмыс істеу арқылы келтірілген зиянның көлеміне, қылмыстың жасалу тәсіліне, кінәнің нысанына, қылмыскердің тұлғасының ерекшеліктерін еске ала отырып жүзеге асырылады.
Қылмыстық жауаптылық өзіне тән ерекшелегімен оқшауланған құқылық жауапкершіліктің бір түрі болып табылады.
Қылмыстық жауаптылық - өзінің нысаны, мазмұны жағынан мемлекеттік күштеу мәні бар жауаптылықтың түрі.Өйткені мемлекет кез келген қылмысқа тиісінше баға бере отырып, оны істеген адамға мемлекет тарапынан заңда көрсетілген күшпен орындалуға тиісті шараларды қолдануды жүзеге асырады.Яғни, қылмыстық жауаптылықтың әлеуметтік мазмұнының өзі сол субьектіге қылмыстық жауаптылық жүктей отырып, мемлекет оның істеген қылмысын мінеп, оған заңдылық баға береді.[2,69-74Қылмыстық жауаптылықтың мазмұны (теріс қылыққа моральдық саяси баға беріп мінеу және мемлекет, қоғам тарапынан қылмысын бетіне басу) және заңдылық (қылмыс істеген адамға қолданылатын мемлекеттік күштеу шаралары).Бұлар қылмыстық жауаптылықтың маңызды, мәнді екі бөлігі болып табылады.
Сонымен, қылмыстық жауаптылық деп- қылмыс заңы бойынша қылмыс деп белгіленген нақты іс-әрекетті істеген адамды мемлекет атынан оның тиісті органдары арқылы мінеушілігін ( айыптаушылығын) айтамыз.
Қылмыстық жауаптылық-қылмыстық құқылық қатынас мәселесімен тығыз байланысты.Бұл байланыс екі жақты көрініс арқылы белгіленеді.Біріншіден, қылмыстық құқылық қатынас қылмыстық жауаптылық сияқты істелген қылмыстың құқылық зардабы.
Яғни, нақты қылмыс жасалмаса қылмыстық жауаптылық та, қылмыстық құқылық қатынас та жоқ.Екіншіден, нақты қылмыс жасалған уақыттан бастап қылмыстық жауаптылық, ал мұнымен бірге бір мезетте істелген қылмыстың салдарынан қылмыстық құбылыс, яғни қылмыстық құқылық қатынас пайда болады. Бұл жерде істелген қылмыс заңдылық факт болып табылады.Тараптардың арасында қылмыстың субьектісімен (қылмыс жасаған адаммен) мемлекеттің атынан өкілдік алған органдардың арасында тиісінше құқылық қатынастар пайда болады.Қылмыстық құқылық қатынас бір жағынан мемелекет атынан әділ соттылықты жүзеге асыратын анықтама, тергеу, прокуратура, сот органдарымен, екінші жағынан қылымыс істеген субьектінің арасындағы қатынас болып табылады.Бұл қатынастар материалдық мазмұнға ие болады.
Олар істеген қылмыстың фактісіне қатысты:істелген қылмыстың құрамы қандай, кінәнің нысаны, дәржесі, қылмыскердің тұлғасы, біткен немесе бітпеген қылмыс па? Мұнда қылмысқа қатысу немесе қылмысқа жанасушылық болады ма және т.б.Сондай-ақ жазаны тағайындау немесе жазаны өзгерту шарттары, жазадан босату сияқты мәселелерге байланысты болады.[3,30-33б]
Қылмыстық құқылық қатынас іс жүргізу құқықылық қатынастармен тығыз байланысты.Өйткені, қылымыстық құқылық қатынас қылымыс істеу фактісіне байланысты болады.Істелген қылмыс бойынша оны қозғау, тергеу,сотта қарау мәселелері қылмыстық іс жүргізу құқылық қатынастар арқылы дамып, жүзеге асырылады.Бұл қатынастар субьектімен мемлекеттің
Қылмыстық құқылық қатынастар субьектілері заң бойынша айрықша құқықтар мен міндеттерге ие болады.Қылмыскер құқықтық қатынастың обьектісі болып танылады.
Мемлекет қылмыскерді жазалай отырып, басқаларды қылымыс істеуден сақтандырады және сотталған адамды түзеу мақсатын жүзеге асырады. Мемлекеттің осы функциясын атқару кезінде қылмыскерде мемлекетке өз көзқарасын білдіретін қатынастың субьектісі ретінде көрінеді.Мұндай жағдайда мемлекет осындай қатынастың обьектісі болып қалады.
Қылмыстық құқықтық қатынастың пайда болуын қылмыстық жауаптылықтың жүзеге асырылуы деп түсінуге болмайды.Тек соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен кейін ғана қылмыстық жауаптылық жүзеге асырылады.Сот айыптыны кінәлі деп тани отырып, қылмыскер мен мемлекет арасында кінәлінің қылмыс жасаған уақытынан бастап қылмыстық құқықтық қатынастың орын алғандығын бекітеді.
Қылмыстық құқылық қатынас мемлекеттің жаза жөніндегі құқығы мен қылмыскердің тиісінше қылмысытың жауаптылығын көтеру міндеттілігімен ғана шектеліп қоймайды.қылмыскер тиісті үкімет органының күштеу арқылы ықпал ететін обьектісі ғана емес, белгілібір құқықтардың субьектісі де.Өйткені жазалау шаралары оған оның жасаған қылмысының табиғатына осы қылмысқа заңда белгіленген жазаға, яғни сакцияға, Қылмыстық кодекстің Жалпы бөліміндегі жаза тағайындау туралы ережелерге сай жүзеге асырылады.Сондықтан да қылмыстық құқылық қатынас мемлекеттің қылмыскер жөніндегі құқығын белгілеп қана қоймайды, сонымен бірге әділ соттылықты жүзеге асыруда дарындылықтың кепілі ретінде
Адамның қылмыстық жауаптылығы оған сот тағайындаған жазаны өтеумен жүзеге асырылады.Яғни, оның жүзеге асырылуы жаза өтеліп болған соң жойылады.Бірақта қылмыстық жауаптылық барлық уақытта да жазаны өтеу ретінде жүзеге асырылмайды.Мысалы, қылмыс жасаған адам анықталмады делік.Мұндай ретте қылымыстық құқықтық қатынас (қылмыс істеген адам мен мемлекет арасындағы) жүзеге аспайды.Қылмыс жасаған кінәлі адамегерде ол ауыр қылмыс жасаумен байланысты болса, қылмыстық жауаптылыққа және жазаға тартылады.Бірақта қолданып жүрген қылмыстық жазаға сәйкес барлық уақытта да қылмыс жасаған адамға жаза тағайындалуы міндетті емес.Мысалы, Қылмыстық кодекстің 68- бабының 1,2-бөліктерінде қылымыс белгілері бар әрекет жасаған адамды егер сот істі қараған кезде жағдайдығ өзгеру салдарынан ол жасаған әрекет қоғамға қауіпті емес деп танылса, сот қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.
Бірінші реткішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адамды, егер ол адамның одан кейінгі мүлтіксіз мінез-құлқына байланысты іс сотта қаралған уақытта ол қоғамға қауіпті деп есептеле алмайтындығы белгіленсе, сот қылмыстық жауаптылықтан босату мүмкін делінген.осы бапта қылмыстық жауаптылықтан босату негізі көрсетілген.Ал Қылмыстық кодекстің 74- бабының 1-бөлігінде: кішігірім және ортша ауырлықтағы қылмысы үшін сотталған адамды, егер жазаны өтеу өрт немесе кездейсоқ апат, отбасының еңбекке жарамды жалғыз мүшесінің ауыр науқастануы немесе қайтыс болуы немесе бпасқада төтенше мән-жайларының салдарынан сотталған адам немесе оның отбасы үшін оның жазасын өтеуі аса ауыр зардапқа әкеліп соқтыруы мүмкін болса, сот жазадан босатуы мүмкін деп көрсетілген.Мұнда қылмыстық жазадан босатудың негізі ғана көрсетілген.Сонымен қылмыстық жауаптылық өзінің сипатына қарай жаза тағайындалатын және жаза тағайындалмайтын болып екіге бөлінеді.Жаза тағайындалмайтын қылмыстық жауаптылық айыптаушылық фактісімен аяқталады.Ал жаза тағайындалатын қылмыстық жауаптылықта айыптаушылықпен бірге жазалау фактісі де бар.Осыған байланысты қылмыстық жауаптылық бұл жазаға қарағанда жеке, ауқымы кең, қылмыстық құқылық түсінік екендігін оның жазасыз ақ қолдананылатындығын және орындалатынын көреміз. Қылмыстық жауаптылықсыз жаза тағайындау мүмкін емес.Сонымен, қылмыстық жауаптылық және жаза өзара бір-біріне ұқсас емес ұғымдар екендігін аңғарамыз.[4,8-10б]
Біріншіден, қылмыстық жауаптылық қылмыс жасалған адамның өз істегеніне қылмыстық заңға сәйкес жауап беруге міндетті екендігі ретінде қарастырылады.
Екіншіден, қылмыстық жауаптылық деп әлгі көрсетілген міндеттің жүзеге асырылуы, яғни ақыры қылмыстық-құқықтық шама санкциясының жүзеге асырылуы танылады.
Мемлекет қылмыскерді жазалай отырып, басқаларды қылымыс істеуден сақтандырады және сотталған адамды түзеу мақсатын жүзеге асырады. Мемлекеттің осы функциясын атқару кезінде қылмыскерде мемлекетке өз көзқарасын білдіретін қатынастың субьектісі ретінде көрінеді.Мұндай жағдайда мемлекет осындай қатынастың обьектісі болып қалады.
Қылмыстық құқықтық қатынастың пайда болуын қылмыстық жауаптылықтың жүзеге асырылуы деп түсінуге болмайды.Тек соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен кейін ғана қылмыстық жауаптылық жүзеге асырылады.Сот айыптыны кінәлі деп тани отырып, қылмыскер мен мемлекет арасында кінәлінің қылмыс жасаған уақытынан бастап қылмыстық құқықтық қатынастың орын алғандығын бекітеді.
Қылмыстық құқылық қатынас мемлекеттің жаза жөніндегі құқығы мен қылмыскердің тиісінше қылмысытың жауаптылығын көтеру міндеттілігімен ғана шектеліп қоймайды.қылмыскер тиісті үкімет органының күштеу арқылы ықпал ететін обьектісі ғана емес, белгілібір құқықтардың субьектісі де.Өйткені жазалау шаралары оған оның жасаған қылмысының табиғатына осы қылмысқа заңда белгіленген жазаға, яғни сакцияға, Қылмыстық кодекстің Жалпы бөліміндегі жаза тағайындау туралы ережелерге сай жүзеге асырылады.Сондықтан да қылмыстық құқылық қатынас мемлекеттің қылмыскер жөніндегі құқығын белгілеп қана қоймайды, сонымен бірге әділ соттылықты жүзеге асыруда дарындылықтың кепілі ретінде
Адамның қылмыстық жауаптылығы оған сот тағайындаған жазаны өтеумен жүзеге асырылады.Яғни, оның жүзеге асырылуы жаза өтеліп болған соң жойылады.Бірақта қылмыстық жауаптылық барлық уақытта да жазаны өтеу ретінде жүзеге асырылмайды.Мысалы, қылмыс жасаған адам анықталмады делік.Мұндай ретте қылымыстық құқықтық қатынас (қылмыс істеген адам мен мемлекет арасындағы) жүзеге аспайды.Қылмыс жасаған кінәлі адамегерде ол ауыр қылмыс жасаумен байланысты болса, қылмыстық жауаптылыққа және жазаға тартылады.Бірақта қолданып жүрген қылмыстық жазаға сәйкес барлық уақытта да қылмыс жасаған адамға жаза тағайындалуы міндетті емес.Мысалы, Қылмыстық кодекстің 68- бабының 1,2-бөліктерінде қылымыс белгілері бар әрекет жасаған адамды егер сот істі қараған кезде жағдайдығ өзгеру салдарынан ол жасаған әрекет қоғамға қауіпті емес деп танылса, сот қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.
Бірінші реткішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адамды, егер ол адамның одан кейінгі мүлтіксіз мінез-құлқына байланысты іс сотта қаралған уақытта ол қоғамға қауіпті деп есептеле алмайтындығы белгіленсе, сот қылмыстық жауаптылықтан босату мүмкін делінген.осы бапта қылмыстық жауаптылықтан босату негізі көрсетілген.Ал Қылмыстық кодекстің 74- бабының 1-бөлігінде: кішігірім және ортша ауырлықтағы қылмысы үшін сотталған адамды, егер жазаны өтеу өрт немесе кездейсоқ апат, отбасының еңбекке жарамды жалғыз мүшесінің ауыр науқастануы немесе қайтыс болуы немесе бпасқада төтенше мән-жайларының салдарынан сотталған адам немесе оның отбасы үшін оның жазасын өтеуі аса ауыр зардапқа әкеліп соқтыруы мүмкін болса, сот жазадан босатуы мүмкін деп көрсетілген.Мұнда қылмыстық жазадан босатудың негізі ғана көрсетілген.Сонымен қылмыстық жауаптылық өзінің сипатына қарай жаза тағайындалатын және жаза тағайындалмайтын болып екіге бөлінеді.Жаза тағайындалмайтын қылмыстық жауаптылық айыптаушылық фактісімен аяқталады.Ал жаза тағайындалатын қылмыстық жауаптылықта айыптаушылықпен бірге жазалау фактісі де бар.Осыған байланысты қылмыстық жауаптылық бұл жазаға қарағанда жеке, ауқымы кең, қылмыстық құқылық түсінік екендігін оның жазасыз ақ қолдананылатындығын және орындалатынын көреміз. Қылмыстық жауаптылықсыз жаза тағайындау мүмкін емес.Сонымен, қылмыстық жауаптылық және жаза өзара бір-біріне ұқсас емес ұғымдар екендігін аңғарамыз.[4,8-10б]
Біріншіден, қылмыстық жауаптылық қылмыс жасалған адамның өз істегеніне қылмыстық заңға сәйкес жауап беруге міндетті екендігі ретінде қарастырылады.
Екіншіден, қылмыстық жауаптылық деп әлгі көрсетілген міндеттің жүзеге асырылуы, яғни ақыры қылмыстық-құқықтық шама санкциясының жүзеге асырылуы танылады.
Үшіншіден, соңғы жылдары қылмыстық жауаптылық оң (позитивтік) тұрғыда (позитивтік қылмыстық жауаптылық дейтін) қарастырыла бастайды, бұл жауаптылық негізінде жеке тұлғаның құқыққа сәйкес тәртібінде және оның қылмыстық заң тыйым салған қылмысты іс-әрекетті жасамау керектігін түйсінгендігінде жатыр.

1.2. Қылмыстық жауаптылықтың негіздері
Қылмыстық жауаптылықтың негізін дұрыс анықтау құқық қолдану органдары қызметінің заңдылықты қатаң сақтауының кепілі болып табылады.
Қылмыстық құқық бойынша қылмыстық жауаптылықтың негізі болып қылмыстық заңда көрсетілген қылмыс құрамының барлық белгілері бар іс-әрекетті істеу болып табылады (3-бап).Яғни, бұл деген қылмыстық жауапқа және жазаға тек қана қылмыс істегенде, яғни қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді қасақана немесе абайсыздықтан істегенге айыпты адамға ғана тағайындалатынын көрсетеді. Демек, қылмыстық жауаптылық негізі іс-әрекетте қылмыс құрамының болуы болып табылады.
Қылмыстық заң қылмыс құрамы деген терминнің мазмұнын ашып көрсетпейді. Бұл мәселе қылмыстық құқық теориясында ғана ашып көрсетіледі.
Адамның (қылмыс субьектісінің) қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді (қылмыстың обьективтік жағы) кінәлі түрде қасақана немесе абайсыздықтан істеуі (қылмыс субьективті жағы) қылмыс құрамының белгілері болып табылады.
Қылмыстың обьектісі болып табылатын қылмыстық заң қорғайтын қоғамдық қатынастардың жиынтығы Қылмыстық кодекстің 2-бабында көрсетілген. Сонымен, Қылмыстық жауаптылықтың негізі болып қылмыс құрамы болатынын білдік.Іс-әрекетінде қылмыс құрамының ең кем дегенде бір белгісі жоқ болса ол қылмыстық жауаптылыққа тартылатын негіз жоқ.
Ізінше атап кетейік -- қылмыстық жауаптылық ұғымын анықтауда көрсетілген бағыттардың бәрі де өз алдына "өмір сүре алады, өйткені қылмыстық жауаптылыққа тән оның мазмұнының өздеріне сәйкес ерекшеліктерін өздерінше айқындайды. Тек мұндай жағдайлардың мақсатты бағыттарын дұрыс белгілеп және олардың іс жүзінде қолдануын жөн анықтаудың маңызы бар.
Философиялық әдебиетте жауаптылық ұғымы:
:: ретроспективті (өткендегі үшін жауаптылық) және
:: белсенділік (болашақ үшін жауаптылық) тұрғысында (аспектісінде) қарастырылады.
Екінші мағынадағы жауаптылық ұғымы әдетте иман (мораль) мен әдептің (этиканың) еншісіне жатады. Бұл мағынадан алғанда, айталық, әңгіме ата-аналардың балаларының болашағы үшін, оларды тәрбиелеудегі қоғам алдындағы жауаптылығына қарай ойысады. Бұл тұрғыдан алғанда да, жауаптылық адамның борышы, міндетімен сабақтасатын іштей бағыттаушы-реттеушісі іспеттес сипатқа ие болады. Және қылмысты жауаптылықты анықтауға келгенде аталған бағыттардың біріншісі жауаптылықтың әдептілік бағытталуынан туындайды.[5,54-64]
Заң жүзіндегі жауаптылық құқық бұзушылықтан барып, яғни қорғалатын құқық қатынастарының нәтижесінен (олардың негізінде құқық шамасын бұзу, құқыққа қарсы қылық жатыр) туындайды. Тап сондай-ақ, қылмыстық жауаптылық оларды дәстүрлі түрде түйсінгендегі қорғалатын қылмыстық-құқықтық қатынастардың нәтижесі болып табылады. Сондықтан, қылмыстық жауаптылық ұғымы қорғалатын қылмыстық-құқықтық қатынастардың мазмұнына байланысты болғанда ғана айқындалуы мүмкін.
Әдетте, құқықтың адамдардың еріктілік тәртібіне әсер ететіндігі белгілі болса, ал құқықтық реттеудің көздегені қоғамдық қатынастар екені даусыз. Қылмыс оқиғасы құқықтық қатынастардың үш түрін: қылмыстық-құқықтық, қылмыстық-орындаушылық және қылмыстық-процессуалдық түрлерін туындатады. Бұл қатынастар ішінара тығыз байланысты, сондықтан қылмыстық-құқықтық қатынастарды қылмыстық-құқықтық реттеудің көздеген нысанасы ретінде ара жігін айыру үшін, әрбіреуі ілгеріде көрсетілген құқықтық қатынастардың әрқайсысына қатысы бар мына элементтерді анықтау қажет:
а)олармен байланысты тиісті құқықтық қатынас пайда болатын заң жүзіндегі фактілер;
ә) құқықтық қатынастардың субъектілері;
б)құқықтық қатынастардың пайда болған және тоқтаған уақыты;
в)құқықтық қатынастар субъектілері құқықтары мен міндеттерінің мазмұны.
Тек қылмыстық-құқықтық, қылмыстық-процессуалдық және қылмыстық-орындаушылық құқық қатынастарының аталған бөлшектерін (компоненттерін) салғастырып қана біз қылмыстық-құқықтық реттеудің қатынасын белгілей аламыз.
Құқық қатынасы әрдайым заң жүзіндегі фактіге сәйкес туындайды. Қорғалатын қылмыстық-құқықтық қатынас үшін ондай факті жеке тұлғаның қылмыс жасауы болып табылады1. Бұл ережеге кейбір криминалистер қарсы пікір айтып та жүр. Осыған орай, қайсыбір авторлар қылмыстық-құқықтық қатынастың басталуын қылмысты істің қозғалуымен байланыстырса, енді біреулері, оны жеке тұлғаның айыпталушы ретінде жауапқа тартылуынан бастайды, ал үшіншілері қылмыстық-құқықтық қатынастар, тек қана, айыптау үкімі шығарылған (немесе, оның заңды күшіне енген) сәтте туындайды деп есептейді.
Қылмыстық құқық теориясында қылмыстық жауаптылық негіздерінің проблемасы, әдетте философиялық және заң жүзіндегі аспектілерге қарастырылады. Алғашқысы мынадай сауалға берілетін жауаппен байланысты: адам қылмыстық тұрғыда өзі жасаған қылмысқа қашан және неге жауап бере алады? Жобалап айтқанда, сонау XVIII ғ. бастап бұл тұрғыда философия мен құқықтануда детерминистер (детерминизм -- барлық құбылыстардың жалпылама заңды түрдегі байланысы мен себепті өзара қисындастығы жайлы ілім) мен индетерминистер (ондай байланыстарды жоққа шығаратындар) арасындағы пікірталас әлі де толастар емес.
Индетерминизм философиядағы идеалистік ағым ретінде сайып келгенде сыртқы шарттар мен жағдайлардан тәуелсіз толық (абсолютті) ерік бостандығын мойындауға арқа сүйеді (Кант). Және бұл тұрғыда қылмыскердің зілді еркі қылмыстық жауаптылық негізі болып саналады.
Ал философиядағы детерминистік ағымның өкілдері жауаптылық негізіне басқа қырынан келді. Оның өзі механикалық және диалектикалық детерминизм ретінде бой көрсетті. Алғашқысының тұжырымына қарағанда адам -- сыртқы жағдайлардың қолындағы "соқыр" ойыншық іспеттес. Оған салса, адам ешқашан да, ештеңеден де бостандықта болмайды және оның әр қимылы сыртқы жағдайлармен құрсауланып тасталған.[6,44-46]
Мұндай көзқарастарды нағыз толық күйінде XVIII ғ. француз материализмінің өкілдері дамытты. Оларды адам еркінің бостандығын мойындамауға (теріске шығаруға) табиғат пен қоғамдағы қажеттілік проблемасын теңестіруге алып келді. Олар адамдардың қоғамдағы қылығы табиғаттағы кез-келген үрдіс тәрізді алдын-ала реттеліп қойылған деп санаған. Осы тұжырымдары оларды санасы мен адам еркінің белсенді рөлін теріске шығаруға апарып соқтырған.
2. ҚЫЛМЫС ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРАМЫ
2.1. Қылмыс құрамының түсінігі және маңызы
Қылмыстық заңда қылмыстың жалпы түсінігі берілген, сонымен бірге Ерекше бөлімде нақты қылмыстар жеке-жеке көрсетілген.
Қылмыстық заң қылмыс құрамы деген түсінікті ашпайды.Бұл түсінікті қылмыстық құқық теориясы ғана береді.
Қылмыстың құрамы деп - қылмыс заң бойынша қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді белгілі бір қылмыстың қатарына жатқызу мүмкіндік беретін қылмыстың обьективтік және субьективтік жақтарынан құралған элементтердің және олардың белгілерінің жиынтығын айтамыз.
Қылмыстың құрамының әрқайсысы оның субьективтік және обьективтік белгілерімен сипатталады.Барлық жүйелер секілді қылмыстың құрамы да белгілі бір элементтерден тұрады.Осы белгілердің қосымша жүйелерінің ең болмағанда біреуінің жоқ болуы жүйенің болмауына, яғни қылмыс құрамының тұтастай жоқ болуына әкеп соғады.Бұл жерде қылмыс құрамының элементтері деп, қылмыс құрамы жүйелерін құрайтын бастапқы компаненттерді айтамыз.
Қылмыс құрамы белгілеріне мынадай 4 түрлі элементтер жатады: обьект, обьективтік жағы, субьект, субьективтік жағы. Мысалы, бөтен мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру қылмысы (187-бап) белгілері болып біріншіден, басқа біреудің мүлкіне қол сұғу, екіншіден, осы мүлікті жою немесе бүлдіру, үшіншіден, осы әрекетті қасақана істеу, төртіншіден, бұл іс-әрекет ауырлататын жағдайда жасалса ол үшін 14-ке толған адам жауапқа тартылады.Осы көрсетілген төрт белгінің біреуі жоқ болса, онда бұл қылмыс құрамы болмайды.Егер адам бөтен адамның мүлкін абайсызда бүлдірсе немесе жойса онда кінәлінің әрекетінде басқа бір қылмыс құрамы болады.Себебі, бұл жерде 187-бапта көрсетілген қылмыстың басты белгісі қылмысты қасақаналықпен істеу жоқ.Әрбір қылмыс құрамының белгілері Ерекше бөлімдегі баптардың диспозициясында ғана емес, қылмыстық заңның көптеген белгілері аталып көрсетілген.Мұның өзінде диспозициялардың ерекшелігін анықтайтын және оны басқа қылмыстардан ажырататын соған тән белгілерінің тізбегін береді.[8,187б]
Барлық қылмыстарға жалпылама ортақ немесе нақты қылмыс топтарына тән белгілер Жалпы бөлімнің баптарында анықталады.Мысалы, бөтеннің мүлкін ұрлауды анықтайтын Қылмыстық кодекстің 175-бабының диспозициясында осы қылмыстың не субьектісі, не кінәнің нысаны аталмаған.
Бұл жалпылама белгілер Қылмыстық кодекстің 15 және 20-баптарында көрсетілген. Қылмыстық кодекстің 175- бабында ұрлықтың оған тән белгісі - басқа біреудің мүлкін жасырын түрде ұрлау ғана көрсетілген.Осы белгі арқылы ұрлық тонаудан ерекшеленеді. Әрбір қылмыс істелген уақытында көптеген белгілермен сипаталады. Осы белгілердің барлығы да қылмыс құрамына жатпайды. Қылмыс құрамында мұқияттылқпен таңдап алынған түрлік белгілер ғана қосылады.[6,33]
Түрлік белгілер дегеніміз барлық қылмыстарға ортақ, олардың қоғамға қауіптілігін және құқыққа қайшылығын білдіретін жиынтығының көрінісі болады.Түрлік белгіге жатпайтын тек қана жекелеген қылмысқа тәне белгілер қылмыс құрамына қосылмайды.Сондықтан олар қылмыс құрамынан тысқары болады да, осыған байланысты оның қылмысты саралау үшін мвңызы болмайды.Мысалы, біреудің мүлкін ұрлағанда (ақша, зат, құжат т.с.с) немесе ол ұрлықтың қашан болғаны қылмысты саралауға әсер етпейді.
Түрлік белгі сол немесе басқа қылмыстың міндетті белгілері болып табылады.Осы түрлік белгілердің біреуі жоқ болса, онда қылмыс құрамы да болмайды.Мысалы, басқа біреудің мүлкін ұрлаудың түрлік белгісі - оны жасырын ұрлау.Егер басқа біреудің мүлкін алу жасырын түрде емес, ашық түрде жүзеге асырылса, онда ұрлық емес, басқа қылмыс құрамы - тонау болады.
Қылмыс құрамы бір ғана қылмыстық құқылық нормада - бір бапта көрсетілуі мүмкін. Мысалы, 314-бап - қызмет жөніндегі жалғандық.
Басқа жағдайларда Қылмыстық кодекстің бір бабында қылмыс құрамының бір немес бірнеше түрі қарастырылуы мүмкін. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 308-бабында қылмыстың қауіптілік дәрежесіне қарай билікті немесе қызметтік өкілеттілікті асыра пайдаланудың үш құрамы көрсетілген: баптың бірінші бөлімінде осы қылмыстың жай түрі, ал екінші, үшінші бөлігінде осы қылмыстың ауыр немесе өте ауыр түрлері көрсетілген.
Алдын ала қылмысты әрекеттерде немесе қылмысқа қатысушы адамдардың: ұйымдастырушы, айдап салушы, көмектесуші әрекеттеріне сол немесе басқа қылмыстың құрамының барлық белгілері болмайды.Мысалы, әйелді зорлауға оқталғанда онымен зорлап жыныстық қатынас жасау орындалмайды немесе кісі өлтіруге оқталғанда қылмыстың зардабы - адам ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық құқықтық қатынастар және қылмыстық жауаптылық
Қылмыстық жаза тағайындаумен арқылы жүзеге асырылатын қылмыстық жауаптылық
Қылмыстық жауаптылықтың басқа құқықтық жауаптылықтардан айырмашылығы
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Қылмыстық жауаптылықтың негіздері
Ескіру мерзіміне байланысты жауаптылықтан босату
Қылмыстық жауаптылық және оның негіздері
Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
Қылмыс және қылмыс құрамы
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН БОСАТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер