Қазақ тілі дыбыстарының құрамының зерттелімі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті

Педагогикалық институт

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

«Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы» пәнінен

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Қазақ тіліндегі қатаң дауыссыз дыбыстардың түрленімі

Мамандық шифры

Оқу бөлімі

Мамандық шифры: 6B01707 - қазақ тілі мен әдебиеті
Оқу бөлімі:

Күндізгі- қашықтықтан

Орындаған: Ұзақбай А. Н.

Тексерген:

Бағасы:

Көкшетау, 2022

Тірек сөздер: артикуляциялық жасалым, акустикалық айтылым, перцепциялық естілім, үндесім түрленім, үйлесім түрленім, жуан әуезді түрленім, жіңішке әуезді түрленім, іргерлес түрленім, еркін түрленім, аллафон, фонологиялық сипат, фонетикалық талданым, үндесім заңы, фонологиялық қызмет, дауыссыз дыбыстар, қатаң, ұяң, үнді дыбыстар.

Мақсаты: Қазақ тілі дыбыстарының түрленім үлгілерінің (аллофондарының) фонологиялық белгілерін анықтап, қатаң дауыссыз дыбыстардың фонетикалық (кездесімі, артикуляциялық белгілері мен олардың модель-үлгісі, акустикалық мөлшері мен олардың модель-үлгісі, естілім сипаты) талданымын беру.

Міндеті:

- қазақ тілі дыбыстарының түрленіміне арналған зерттелімдерге шолу жасау;

- қазақ тілінің төл сөздерінің құрамындағы қатаң дауыссыз дыбыстардың кездесім ретін анықтап тізімдеу;

- қазақ тілінің жасалым қоры (артикуляциялық базасы) негізінде түрленім үлгілерінің сызба моделін беру.

Нәтиже:

- қазақ тіліндегі дыбыс түрленімдерінің құрамы анықталып, олардың атаулары тиянақталды;

- қатаң дауыссыз дыбыстардың қазақ тілінің төл сөздерінің құрамындағы кездесім реті анықталды;

- Қ[-К], Ғ[-Г] дауыссыз дыбыстарының кездесім шебіне лайық фонетикалық белгілері анықталып, олардың өзара айырым/ортақ жүйесі салыстырма түрде көрсетілді;

Практикалық қолданысы: Зерттеу жұмысының нәтижелері қазақ фонетикасының дыбыс түрленім теориясына, айырым белгілер теориясына, артикуляциялық сипаттама мен талданым саласына, практикалық тұрғыдан айтылым сөздіктер құрастыруға, дыбыс түрленімі жайлы арнайы курстар ұйымдастыруға, қазақ грамматикасын жетілдіруге, көрнекі құралдар мен компьютер бағдарламаларын жасауға негіз болады.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 4

1 ҚАЗАҚ ТІЛІ ДЫБЫСТАРЫНЫҢ ТҮРЛЕНІМІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ЖАЙЫ . . . 6

1. 1 Қазақ тілі дыбыстарының құрамының зерттелімі . . . 6

1. 2 Қазақ тіліндегі дыбыс түрленім үлгілері . . . 13

2 ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАРДЫҢ

ТҮРЛЕНІМ БЕЛГІЛЕРІ

2. 1 Қ[-К] дауыссызы аллофондарының кездесімі . . . 17

2. 2 Қ [-К] дауыссызы аллофондарының фонологиялық сипаты . . . 22

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 28

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 30

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстының өзектілігі. Қазақ тіліндегі дыбыс түрленім үлгілерінің әрқайсысының өзіне тән ұғымдары мен атаулары болады. Қазіргі фонетикалық зерттеулердің басты мақсаты-әр түрленімге тән ұғым атаулардың шегарасын ажыратып, жіктеп беруге болады.

Кез-келген тілдің тілдің фонема құрамы тұрақты болғанымен, олардың тілдегі дыбыс көрінісі «шексіз» болады. Фонема көрінісінің шексіз болуына әртүрлі фонетикалық жағдаяттар себеп болады. Қазақ тілі дыбыстарының сөйлеу үстіндегі түрленімінің құрамы да осындай фонетикалық жағдаяттарға байланысты. Егер фонетикалық жағдаят белгілі болса, онда сол фонетикалық жағдаяттан туындайтын дыбыс түрленімінің мән-мағынасын ашып, оны сипаттап беруге болады. Басқаша айтқанда, қазақ тіліндегі дыбыс түрленім үлгілерінің басын біріктіріп тұрған заңдылық ашылады.

Қазақ тілі дыбыстарының түрленімі - күрделі фонетикалық құбылыс. Қазақ тілі дыбыстарының түрленім аллофондарының құрамын анықтау теориялық тілтанымның, ал олардың фонетикалық сипаттамасын беру практикалық тілтанымның жаңа зерттелім бағыттары болып табылады.

Қазақ тілі дыбыстарының түрленімі алғаш рет зерттеу тақырыбы ретінде ұсынылып отыр.

Ендеше қазақ тілінің ең бір күрделі саласы болып табылатын дыбыс түрленіміне, оның ішінде шеп дыбыс түрленіміне, арналған зерттеу тақырыбының өзектілігі жоғарыда келтірілген теориялық және практикалық зәруліктерден туындайды.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Қазақ тілі дыбыстарының түрленім үлгілерінің (аллофондарының) фонологиялық белгілерін анықтап, дауыссыз дыбыстардың фонетикалық (кездесімі, артикуляциялық белгілері мен олардың модель-үлгісі, акустикалық мөлшері мен олардың модель-үлгісі, естілім сипаты) талданымын беру.

Ол үшін төмендегідей міндеттер атқарылады:

- қазақ тілі дыбыстарының түрленіміне арналған зерттелімдерге шолу жасау;

- қазақ тілінің төл сөздерінің құрамындағы дауыссыз дыбыстардың кездесім ретін анықтап тізімдеу;

- дыбыс түрленім варианттарының айырым/ортақ белгілер жүйесін талдау;

- қазақ тілінің жасалым қоры (артикуляциялық базасы) негізінде түрленім үлгілерінің сызба моделін беру;

- айтылым (акустикалық) мөлшері негізінде түрленім үлгілерінің көрнекі модельдерін көрсету;

Жұмыстың зерттеу нысаны. Қазақ тілінің төл сөздерінің құрамындағы жасалым ерекшеліктері (тілшік/тіл ортасы) өзгеше Қ[-К], Ғ[-Г] дауыссыздары алынды.

Жұмыстың зерттеу әдістері . Зерттеу барысында фонологиялық (айырым белгілер жүйесі), фонетикалық (жасалым, айтылым, естілім) және модельдеу әдістері пайдаланылды.

Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы. Зерттеудің негізгі жаңалықтары мен нәтижелері төмендегідей:

- қазақ тіліндегі дыбыс түрленімдерінің құрамы анықталып, олардың атаулары тиянақталды;

- дауыссыз дыбыстардың қазақ тілінің төл сөздерінің құрамындағы кездесім реті анықталды;

- Қ[-К], Ғ[-Г] дауыссыз дыбыстарына лайық фонетикалық белгілері анықталып, олардың өзара айырым/ортақ жүйесі салыстырма түрде көрсетілді;

- қазақ тіліндегі дыбыс топтарының (қатаң, ұяң, үнді, тоғысыңқы, жуысыңқы) өзіндік түрленім ерекшеліктері анықталды;

- дауыссыз дыбыстардың түрленім үлгілерінің фонетикалық қызметі көрсетіледі;

- дауыссыз дыбыстардың түрленім үлгілерінің фонологиялық қызметі анықталады.

Жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері. Зерттеу жұмысының нәтижелері қазақ фонетикасының дыбыс түрленім теориясына, айырым белгілер теориясына, артикуляциялық сипаттама мен талданым саласына, салыстырма-типологиялық ізденістерге қосылған елеулі үлес болып табылады.

Жұмыстың практикалық маңызы. Практикалық тұрғыдан айтылым сөздіктер құрастыруға, дыбыс түрленімі жайлы арнайы курстар ұйымдастыруға, қазақ грамматикасын «Дыбыс түрленімі» атты жаңа бөліммен толықтыруға, оқу-әдістеме (әсіресе, өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді үйретуде) жұмыстарын жетілдіруге, көрнекі құралдар (артикуляциялық альбомдар т. б. ) мен компьютер бағдарламаларын жасауға негіз болады.

Курстық жұмыстын құрылымы. Кіріспе, екі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ҚАЗАҚ ТІЛІ ДЫБЫСТАРЫНЫҢ ТҮРЛЕНІМІНІҢ

ЗЕРТТЕЛУ ЖАЙЫ

  1. Қазақ тілі дыбыстарының құрамының зерттелімі

Қазақ тіліндегі дыбыстардың түрленімін қарастыру үшін, алдымен қазақ тілі дыбыстарының құрамын анықтап алу керек болды. Өйткені қазіргі кезге дейін қазақ тілінің дыбыс құрамына деген көзқарас бір арнаға түскен жоқ. Оқулықтар мен оқу-бағдарламасында болсын, ғылыми монографияларда мен мақалалар болсын дыбыс саны әртүрлі аталып келеді. Ал қазақ тіліндегі дыбыс түрленімін сипаттап шығу үшін қазақ тілінің дыбыс құрамы дұрыс анықталған болу керек. Өйткені қазақ тілінің дыбыс құрамы дұрыс анықталмаса, онда дыбыс түрленімінің жүйесі бұзылады.

Қазақ фонетикасының ХІХ ғ. бастау көзінде тұрған Ильминский [1], Мелиоранский [2], Радлов [3, 4] т. б. болса, ХХ ғ. басында А. Байтұрсынұлы [5], Х. Досмұхамедұлы [6, 7], Қ. Кемеңгерұлы [8], Қ. Жұбанов [9] т. б. қазақ фонетикасының зерттелу деңгейін жаңа деңгейге көтерді, қазақ сөзінің төл айтылым үлгісі осы зерттеулерге негіз болды. ХХ ғ. екінші жартысына қарай І. Кеңесбаев [10], Б. Қалиев [11], Ж. Аралбаев [12], Ә. Нұрмаханова [13], С. Мырзабеков [14, 15], А. Айғабылов [16; 17] т. б орыс және батыс фонетистерінің іргелі (фундаментал) фонема теориясына сүйене отырып талдап шықты. Аталған ғалымдардың зерттеулері оқулықтар мен оқу бағдарламаларына толық еніп, осы күнге дейін дәрісханаларда пайдаланылып келеді. С. Мырзабеков өзінің көптеген еңбектерінде [18] А. Байтұрсынұлы, Х. Досмұхамедұлының еңбектеріне сүйеніп қазақ сөзінің айтылым үлгілеріне қатысты мол мұра қалдырды, қазіргі кезде шәкірттері С. Ақымбек [19] т. б. ғалым салған ғылыми мектеп жолын жалғастырып келеді.

Қазақ тілінің дыбыс түрленіміне келгенде зерттеушілердің тек жуан-жіңішкелікке ғана мән беріп отырғанын креміз. Жуан-жіңішкелікті алғаш аңғарғандардың бірі Н. И. Ильминский болған: «Подобно гласным согласные бывают толстые и тонкие» [1, б. 8] деп жазады. Қазақ сөздерінің құрамындағы үндесім белгілердің алғаш аталып отырғанын көреміз. Кезінде В. В. Радлов түркі тілдеріндегі л дауыссызының екі түрлі жуан-жіңішке болып дыбысталатынына мән беріп, жазуда екі түрлі таңбалап отырған [4] . Бірде дауыссыздың жіңішке вариантын l деп белгілесе, енді бірде оның жуан вариантын ł деп белгілеп отырған және дауыссыздың екі түрлі айтылатынына қарап екі дыбыс дегенге меңзейді. Сол кездегі түркі тілдерін зерттеген ғалымдардың бәріне тән пікір болған.

Алайда өзге дауыссыздардың жуан-жіңішкелік белгілерін жеке-жеке таңбаламаған. Дауыссыздардың үйлесім түрленіміне де мән берілмеген болатын.

В. В. Радлов нұсқасы (ХІХ ғ. ) :

а, ә, е, о, ө, ы, і, ұ, ү; к, қ, х, ғ, г, ж, дж, з, й, л, ł, м, н, ң, р, с,
т, б, у(w), п, ш, д

А. Байтұрсынұлы қазақ тілінің дыбыс құрамын анықтағанда да дыбыстардың үндесім варианттарына баса көңіл бөліп отырған. Ғалым қазақ тілінің негізгі әліпби үлгілерін түгендей келіп, «өзге 19 дыбыстардың һәр қайсысы бірде жуан, бірде жіңішке айтылады» [5, б. 324] . Сонда қазақ тілінде бас-аяғы 43 дауысты-дауыссыз дыбыс бар деген қорытынды жасайды. А. Байтұрсынұлы жуан-жіңішкелік дауысты мен дауыссызға бірдей тән деп қарап, қазақ тілінде 5 дауысты бар деген қорытындыға келеді.

Бұл жерде де қазақ тілінің дыбыс құрамы үндесім тұрғысынан және де тілдің көлденең қалпына байланысты бірде жуан, бірде жіңішке айтылатын дыбыс белгілері ескеріліп отыр. А. Байтұрсынұлы пікірінің ең басты құндылығы деп үндесім әуезінің қазақ тіліндегі барлық дыбыстарға бірдей тән деп отырғандығын айтамыз. Бұл өзіне дейінгі зерттеушілер мән бермеген тілдік (фонетикалық) құбылыстың қазақ тілі үшін маңызын ашып берген нәтиже болды.

А. Байтұрсынұлы нұсқасы (ХХ ғ. басы) :

а, ә, ы, і, о, ө, ұ, ү; б, д, ғ, г, ж, з, қ, к, п, т, с, ш, м, н, ң, л, р,
й, у, х, һ

Қазақ сөзінің үндесім айтылуына сол тұстағы қазақ зерттеушілердің бәрі көңіл аударған. Х. Досмұхамедұлы «Бір сөздің жуан, я жіңішке болып екі түрлі айтылуы қазақ-қырғыз тіліндегі әр дыбыстың біресе жуан, біресе жіңішке болып қос айтылуынан» [6, б. 83] деп түйіндейді. Х. Досмұхамедұлы жуан және жіңішке атылымның артикуляциялық себебін де түсіндіріп өткен: «Дыбыс жуан айтылғанда тілдің түбімен айтылып, тамақтан (көмейден) шыққандай болып сезіледі; сол дыбыс жіңішке айтылғанда тілдің ұшымен сөйлегендей болып, ауыздың алдыңғы жағынан шыққандай болып сезіледі» [6, б. 83] . Әрине ол кезде қазіргідей қалыптасқан артикуляциялық ғылыми аппарат болған жоқ, сондықтан да анықтама қарапайым тілмен түсіндіріліп отыр. Ғалым «сол дыбыс» деп әңгіме тек бір дыбыстың екі үндесім варианты жайлы айтып отырғандығын баса көрсетеді. Оны қазіргі фонетикалық тілмен айтсақ, дыбыстың «үндесім аллофоны немесе варианты» болып шығады.

Қ. Кемеңгерұлының қазақ тілінің дыбыс құрамын талдағанда «фонема» атауын негізгі фонетикалық бірлік ретінде пайдаланғанын көреміз. Сонымен қатар қажет деген жерінде кейбір дыбыстардың артикуляциясының сипаттамасын берген.

Өткен ғасырдың жиырмасыншы-отызыншы жылдарындағы зерттеулер негізінен емле мәселесіне арналды. Қазақ тілі дыбыстарын қалай таңбалау және қазақ сөздерін қалай жазу керек деген сұрақтар бірінші кезекте тұрды. Қазақ тілі дыбыстарының трленіміне де осы тұрғыдан мән беріліп отырды. Мысалы,

- қ дауыссызының ғ болып айтылатын тұстарын қалай белгілеу керек (ақ ешкі/ағ ешкі т. б. ),

- ы дауысты дыбысының көмескі естілетін тұстарын қалай белгілеу керек (қырық/қырқ т. б. ),

- р, л дауыссыздарының алдына дауысты қосып жазу керек пе (рет/ірет, лас/ылас т. б. ),

- й дауыссызының жеке және тіркес жазылымын қалай реттеу керек (ай, қый, жый т. б. ),

- у дауыссызының жеке және тіркес жазылымын қалай реттеу керек (тау, оқу т. б. )

Бұл кезде өзге де кірме дыбыстарды жазып реттеудің жолдары қарастырылып отырды. Сол кездегі басылым беттеріндегі жарияланымдар өте мол болды және емле мәселесіне қатардағы мұғалімдерден бастап, ғалымдарға дейін атсалысқан (проф. О. Жұбаева жинаған қолжазба мәліметтерден) .

Толық фонологиялық (фонема) деңгейдегі фонетикалық зерттеуді Қ. Жұбанов еңбектерінен табамыз [9] . Қазақ тілі дыбыстарының артикуляциялық жүйесін әр дыбыс үшін жеке анықтама ретінде беріп, артикуляциялық белгілеріне қарай жарыстыра сипаттап шыққан, артикуляциялық талдаудың нәтижелері кесте түрінде көрнекіленіп отырған.

Өткен ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ тілінің дыбыс құрамына деген көзқарас сингармонизм фонологиясы деңгейінде шешіліп үлгергенін көреміз.

Қазақ тіліндегі үйлесім түрленім сықылды күрделі дыбыс түрленімі болса бұл кезде де зерттеу нысанына айналмағанын көреміз.

Өткен ғасырдың екінші жартысында қазақ фонетикасы жаңа деңгейге көтерілді, оның басты белгісі ретінде қазақ тілі дыбыстарының әрқайсысына өз алдына артикуляциялық сипаттама беріле бастағаны болатын.

Қазақ тілі дыбыстарының түрленім (вариант) құрамы негізінен қ-к, ғ-г дауыссыздарының артикуляциясына байланысты болды. І. Кеңесбаев «Қ мен к бір фонеманың екі түрлі айтылуы (немесе жуанды, жіңішкелі варианты) деп қарау дұрыс емес» [10, б. 251] деп, олардың арасындағы артикуляциялық айырмашылықты сөз мағынасын ажыратудың тәсілі ретінде қарастырады, ал қалған «дауыссыздардың әрқайсысының жуан-жіңішкелі болып келуінің фонематикалық мағынаға әсері жоқ» [10, б. 251] деген қорытындыға келеді. Сол кездегі фонетикалық теория осы қағиданы берік ұстап отырды. Ғылыми еңбектер мен оқулықтарда олар жеке фонема ретінде берілді.

І. Кеңесбаев және С. Мырзабеков нұсқасы (ХХ ғ. екінші жартысы) :

а, ә, е, э, ы, і, о, ө, ұ, ү, и, у, я, ю, ё; б, д, ғ, г, ж, з, п, т, қ, к, с, ш,
м, н, ң, л, й, р, у, в, ф, х, ц, ч, щ, һ

Сингармонизм теориясының дамуына байланысты қазақ тілінің дыбыс құрамы үндесім тұрғысынан қайта қарастырыла бастады. Сингармонизм теориясы қазақ тілі дыбыстарының құрамын тек «әліпби дыбыстармен» («әліпби дыбыстар» деп Ә. Жүнісбек қазіргі әліпби тізіміне еніп отырған отырған дыбыстарды атайды) шектеуге болмайтынын көрсетті. А. Байтұрсынұлының ғылыми мұрасын жан-жақты зерттей келіп, М. Жүсіпұлы [20, 21] қазақ тілі дыбыстарының айтылым құрамы күрделі екенін көрсетті. Қазақ жазуының негізінде сингармонизм жатқанын және алдағы уақытта да емле-ережеге сингармонизмнің тікелей қатысы болу керектігін дәлелдеп, ұсыныстар жасаған. Сингармонизмен арнайы шұғылданған Ә. Жүнісбек [22] оның екпін, тон тәрізді сөзқұрауыштық қызметінің табиғатын ашып берді. Үнді-европа тілдерінде екпіннің, буын тілдерде тонның тілдегі дыбыстардың басын құрап, сөз етіп біріктіретін қызметі түркі (оның ішінде қазақ тілі) тілдерінде сингармонизмге тән екен. Соған орай қазақ тілінің дыбыс құрамының әуез жіктелімін ұсынды. Сингармонизм тұрғысынан қазақ тілі дыбыстарының үндесім түрленімін Ж. Нәзбиев « . . . метод сингармонической сегментации казахской речи . . . позволяет выявить и описать все проиносительные единицы в казахском языке и провести их сингармоническую интерпретацию» [23, 24, б. 6 ] талдап шықты.

Фонетиканың әр түрлі саласындағы мамандар үшін зерттеу нысаны ортақ, ол - қазақ тілінің дыбыс құрамы, бірақ әркім өз тұрғысынан, басқаша айтқанда қай тілдік деңгейде немесе қандай құбылыс ретінде талдайды, зерттеудің мақсаты мен міндеті соған байланысты болады.

Ә. Жүнісбек нұсқасы:

а ә п б м

ы і т д н

е қ(к) ғ(г) ң

ұ ү с з р

о ө ш ж л

й

у(w)

Ә. Жүнісбек ұсынған қазақ тілінің дыбыс құрамының өзіндік ерекшеліктері бар. Ең алдымен қазақ тілі дыбыстарын тізбектеп емес, негізгі белгілеріне қарай топтап береді. Дауысты/дауыссыздар өзара екі топқа жіктеледі. Дауыстылар жуан/жіңішке болып және бөлінеді. Ал дауыссыздар болса, дауыс қатысына қарай үшке бір топталса, жасалу тәсіліне қарай тоғысыңқы/жуысыңқы болып тағы жіктеледі. Қазақ тілі дыбыстарының осылай топталу тәсілі олардың жіктелім көрнекілігін арттырады.

Осы кезден бастап экспериментал фонетиканың әдістері кеңінен пайдаланыла бастады. Экспермиентал зерттеулер, негізінен, акустикалық талдаудың тиімді әдісі болды. Акустикалық зерттеулердің басында М. Исаев [25, 26], М. Райымбекова [27, 28], С. Татубаев [29], А. Қошқаров [30], З. Өтебаева [31], В. Шварцман [32] т. б. болды.

Акустикалық талдау мен қатар артикуляциялық талдау да қатар жүрді.

Рентген қондырғысы арқылы алынған дыбыс жасалымының көшірмесін Симонова [33], Исенгельдина [34], Ә. Жүнісбеков [35] еңбектерінен көреміз. Бұлар қазақ тілі дыбыстарының нақты артикуляциясын көрсететін еңбектер болды. Сөйтіп қазақ тілінің сипаттама артикуляциясына экспериментал артикуляция келіп қосылды. Қазақ тілі дыбыстарының жасалым жолдарын көрсететін шынайы рентген сызбалар жасалды.

Тіл дыбыстарының табиғатын бейнелейтін өлшемдердің бірі дыбыстың естілімі болып табылады. Қазақ тіліндегі дыбыстардың перцепциясын зерттеудің нәтижелерін осы саладағы алғашқы ізденістер болып табылатын Ж. Әбуов [36] еңбектерінен табамыз. Тіл дыбыстарын адамның естілім түйсігі қалай қабылдайды соны анықтау нәтижесінде фонетикалық құбылыстардың табиғатын ашуға болатынын түсіндірді. Сөз айтылымына қатысты оның шәкірті М. Әлімбаев [37] алдыңғы ғасыр жазба деректерін талдап келеді. Сол кездегі зерттеушілер қазақ сөзін қалай естісе солай жазып алып отырғандықтан, олардың грамматикалық материал ретінде жинап сөздік ретінде құрастырған қолжазбаларын қазіргі кездегі үнтаспа жазбаларымен қатар қоюға болады деген пікір ұсынады.

Қазақ тілінің интонация жүйесі де экспериментал әдістер арқылы кеңінен зерттеле бастады. Интонациялық зерттеулердің бастамасын Түркпенбаев [38] т. б. еңбектерінен кездестіреміз. Бертін келе қазақ тілінің интонация жүйесі жаңа теориялық тұрғыдан зерттеле бастады. Соның нәтижесінде қазақ грамматикасының интонация бөлімі өзалдына жеке бөлім болып қалыптасты. Бұл саладағы тың нәтижелерді З. Базарбаева [39, 40], А. Фазылжанова [41], т. б. Қазақ тілінің интонация жүйесінің құрылымды бірліктері ретінде З. Базарбаева енгізген «интонациялық конструкция» атауын ерекше айтуға болады. Қазақ тіліне тән интонациялық конструкцияның 8 түрін ұсынып отыр. Соның нәтижесінде қазақ мәтінін тұтас бірлік ретінде талдап, интонациялық табиғатын көрнекілеп шығуға болатын болды. Интонациялық зерттеулер З. Базарбаеваның шәкірттерінің Т. Кеншінбай [42], Ж. Кеншінбай [43], А. Аманбаева [44], Ж. Жұмабаеваның [45] зерттеулерімен толығып жатыр.

Фонетикалық зерттеулердің негізгі әдістерінің бірі ретінде қазақ тілі дыбыстарының артикуляциясының айырым-ортақ белгілерін пайдаланып модельдеу әдісі басталды. Бұл бағыттағы зерттеулерге негіз болып отырған Ә. Жүнісбек [46, 47] ұсынған «қазақ тілінің артикуляциялық базасы» болып отыр. Қазақ тілінің артикуляциялық базасының үлгісі фонетикалық зерттеулердің жаңа бағытын ашып отыр. Мұндағы негізгі теориялық идея кез келген тіл дыбысының негізінде артикуляция жатады. Ендеше «фонетикалық зерттеулер дыбыс, дыбыс тіркесі, буын, сөз т. б. деңгейдегі бірліктердің арткуляциясын анықтаудан басталу керек» [проф. Ә. Жүнісбектің аудитория және семинар дәрістерінен] . Артикуляциялық база үлгісінде қазақ тіліне тән мүмкін болған жасалым белгілердің бәрі көрнекіленген және олардың толық сипаттамасы берліген. Мұның өзін қазақ артикуляциясының «мәлімет қоры» деп қараса да болады. Үлгідегі айырым-ортақ белгілердің араласымынан (комбинациясынан) қазақ тіліндегі үндесім, үйлесім, тіркес (іргелес), шеп, сөз тіркес, шегара, сөйлем т. б. түрленімдердің бәрін ғылыми талдап шығуға мүмкіндік туады. Үлгідегі белгілердің араласым саны «шексіз» десе де болады, өйткені тілдің айтылым мүмкіндігі өте күрделі. Сондықтан кез келген зерттеуші кез келген фонетикалық тақырыпқа артикуляциялық сипаттама мен артикуляциялық үлгіні осы «мәлімет қорынан» таба алады. Әрі қарай зерттеуші өзінің зерттеу нысанына байланысты артикуляциялық үлгіні зерттеу амалы ретінде пайдаланып кете алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАРДЫҢ ТҮРЛЕНІМ БЕЛГІЛЕРІ
Қазақ тілі дыбыстарының артикуляциялық сипаты
Жуысыңқы дауыссыз дыбыстың жасалу тәсілі
Қазақ тіліндегі дыбыс тіркестері
Сөз позициясындағы дауыссыз дыбыстар және олардың морфонологиясы
Сөзді дыбыстық - әріптік талдауды оқытудың теориялық аспектілері
Қазақ тілі мамандығының магистратураға қабылдау емтиханның бағдарламасы
Қазақ тілінің лексикалық, фонетикалық жүйесі туралы
Ұяң дауыссыздардың түрленім жүйесі
Фонема туралы ілімнің алғашқы негізін салушылар. Фонетика ғылымын зерттеуде қолданылатын әдістер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz