Отбасы мүшелері арасындағы алиментті құқықтық реттеу



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қaзтұтынуодaғының Қостaнaй жоғaры колледжі Мекемесі
Учреждение "Костaнaйский высший колледж Кaзпотребсоюзa"
Institution "Kostanay higher college of Kazpotrebsoyuz"

Мaмaндығы: 0201000 Құқықтaну

Курстық жұмыс

Азаматтық құқық пәнінен
Тaқырыбы: Алименттік міндеттемелер

Орындaғaн: Омаров Ілияс,
Пкaз-16 тобының 3 курс студенті
Тексерген: Айнур Саметовна,
оқытушы

Қостaнaй, 2022 ж.

Мазмұны

1.Жалпы алименттік міндеттемелер мен алименттік қатынастардың теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.1.Алименттік қатынастар мен олардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 6
1.2.Алименттік міндетемелер: төлеу және тоқтатылу тәртібінің құқықтық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
1.3. Отбасылық құқықтағы алименттік міндеткерліктің негізгі ұғымдары мен мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.Отбасы мүшелері арасындағы алиментті құқықтық реттеу ... ... ... ... ... ... 18
2.1.Отбасы мүшелері арасында алименттік міндеткерліктердің негізгі түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.2. Отбасы мүшелері арасындағы алиментті құқықтық реттеу
шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Неке және ажырасу-азаматтардың басым көпшілігінің осы салада құқықтық қадағалау жөнінде біршама молынан хабары бар қоғамдық қатынас болып табылады. Өйткені жыл сайын мыңдаған адамдар өз тәжірибесінде осы құқықтық процедураның бүге-шүгесімен жақыннан таныса алады, не адам неке қибдың мерекелік қуанышын сезінсе, не сол некеден ажырасудың зардабын тарта алады.
Бірақ осы неке мен ажырасудың адам өмірімдегі құқықтық нәтижелерінің күрделілігін көпшілік біле бермейді.
Неке-заңды тәртіп негізінде, екі жақтың толық келісімімен отбасы құру мақсатында әйел мен ер адамның тең құқылы одақ құруын айтамыз.
Неке құру-біріге өмір сүру туралы келісім ғана емес, екі бір-бірін жақсы көретін адамдардың тек қуанышта бірге өмір кешуі ғана емес, бұл сонымен бірге бір-біріне көмектесу, ортақ (отбасылық) жақсылықтарға қол жеткізу үшін өзіндік жеке игіліктерінен бас тарта алуы да керек. Осының бәрі-әрбір ерлі-зайыптылардың қосымша міндеткерліктері, осы міндеткерліктерінің болуының арқасында отбасы мекемденіп( мықтыланып), қоғамдағы орны беки түседі. Бірақ ерлі-зайыптылардың барлығы осындай міндеткерліктер мен жүктемелерді өзіне шектеу ретінде алып жүре алмайды. Көбінесе эгоизм мен жеңіл көзқарасқа берілген ерлі-зайыптылардың некесі, отбасы осылай бұзылады. Сондықтан некені құру шарттары мен тәртібін анықтайтын құқықтық нормалар осы қатынастарды түбегейлі, әрі қатал қадағалаумен бірге, некені құру іспеттес шешім дені сау отбасын құру, отбасы мен отбасы мүшелерінің арасында сыйластық пен жауапкершілікті сезінуін талап етеді.
Қазіргі біздің өмір сүріп отырған қоғамымызда отбасылық қатынастандың қиындалғаны соншалықты қамқоршылық, қолдау көрсету, сыйлау іспеттес табиғи түсініктердің орнына алименттер, қамқоршылық жасау құқығы деген іспеттес түсініктер орнын басып барады. Сондай-ақ қазіргі қоғамда отбасының ажырасуы-бұл сирек құыбылс емес, осы өкінішті де. Сотта отбасының ажырасуынан туындайтын алименттерден басқа да отбасы мүшелеріне қатысты алименттік міндеткерліктер мәселесі шешіледі.
Кәмелетке толмаған балалар ата-анасынан қаржылай, экономикалық жағынан тәуелді. Әкесі мен анасы баланы 18 жасқа толғанға дейін, яғни сол бала кәмелетке толғанша күтіп-бағуға, материалды қамтамасыз етуге міндетті. Сонымен қатар кәмелетке толған балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына көмектесуі де міндетті.

Неке және отбасы құқығының негізгі, әрі бірегей институттарының бірі алименттік міндеттемелер институты болып табылады. Бүгінгі таңда тәжірибе көрсетіп отырғандай алименттік қатынастар даулы қатынастардың бірі болып отыр, сондықтан да мемлекет тарапынан қатаң бақылауды талап етуде. Осындай даулы қатынастар сотта қаралғанда әділ де, дұрыс шешім қабылдаған жөн, себебі әлеуметтік жағдайы төмен азаматтардың өмір сүру жағдайына тікелей әсер етеді. Өкінішке орай, алименттік міндеттемелер құқықтық қатынастарын оқытатын отандық әдебиеттер көптеген уақыт бойы жоқтың қасы болды.
Зерттеу объектісі мен пәні - Отбасы мүшелері арасындағы алиментті құқықтық реттеу.
Зерттеу жұмысының мақсаты: отбасы мүшелері арасындағы алиментті құқықтық реттеу мәселесіне теориялық шолу жасау.
Осы мақсатқа сәйкес зерттеуге-мынадай міндеттер қойылды:
-Алименттік қатынастар мен олардың түрлеріне сипаттама жасау;
-Алименттік міндетемелер: төлеу және тоқтатылу тәртібінің құқықтық негіздеріне тоқталу;
-Отбасылық құқықтағы алименттік міндеткерліктің негізгі ұғымдары мен мәнін ашу;
-Отбасы мүшелері арасында алименттік міндеткерліктердің негізгі түрлерін анықтау;
-Отбасы мүшелері арасындағы алиментті соттық тәртіп негізінде реттеу шараларын зерттеу;
-Отбасы мүшелеріне алиментті келісім негізінде төленуін саралау;
-Отбасы мүшелеріне алименттік міндеттемені орындамағаны үшін тартылатын заңды жауаптылықты зерттеу.
Зерттеу объектісі-отбасы мүшелері арасындағы алименттік қатынастандың барлық түрлері.
Зерттеудің нормативтік негіздеріне-Азаматтық кодекс, Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы кодексі, қылмыстық заңнамалар жатады.
Зерттеу жұмысының әдістемелік негіздері. Қазіргі уақытқа дейін өз отандық заңтану саласында отбасы мүшелері арасындағы алиментті құқықтық реттеу мәселелері жан-жақты қарастырылмаған институтут болып табылады. Алименттің түрінің қоғамда кеңінен таралуы-сол мемлекеттің әлеуметтік жағдайының нашарлығын білдіретін бірден-бір маңызды көрсеткіш. Осыған орай Кеңестер Одағында отбасы мүшелері арасындағы алименттік құқықтық қатынастардың кеңінен таралуы, алименттік міндеткерлік түрлерінің көп болуынан КСРО әлеуметтік-экономикалық ахуалының нашар болғандығын байқай аламыз. Сол Кеңестер Одағы тұсында 1955-1960 жылдарда алимент пен алименттік қатынастар, алименттік міндеттелердің түрлік топталуы жөнінде біршама зерттеулерді кездестіре аламыз.
Осы еңбектерде қазіргі тәуелсіз еліміз үшін маңыздылығы зор, іске асырылмайтын оңтайлы ойлар байқалады.
Курстық жұмысын жазу барысында Е.М. Ворожейкин, С.П. гришаев, Джандарбек Б, Г. Матвееев, НһГ. Мукашеева, М. Мұқанова, г. Свердлов, т.с.с. ғалымдардың еңбектері мен мақалалары салыстырмалы теориялық негіз ретінде пайдаланылды.
Сонымен қатар әдістемелік негізіне-бұл диалектикалық, тарихи-логикалық, институционалдық, құрылымды-жүйелік, салыстырмалы-құқықтық және баяндаушы ғылыми әдістердің жиынтығы.
Курс жұмысының зерттеу әдістеріне-осы тақырып бойынша ғылыми әдебиеттерді талдау, жинақтау және алименттік міндеткерлік бойынша статистикалық талдау жасау, қорытындылау, синтездеу әдістерін қолданылды.
Зерттеудің теориялық негізі. Жұмыс қортындысы табиғи құқық теориясына, Қазақстан Республикасының Конституциясы, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еңбектеріне, ұлттық және шет мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілеріне, халықаралық құқық нормаларына сүйене отырып жазылған. Жоғарыда аталған мәліметтермен қатар мемлекет және құқық теориясы саласындағы отандық және шетел ғалымдарының еңбектері, конституциялық құқық, философия, политология салаларынан құнды мәліметтер алынған.
Курстық жұмысының қолданыстық маңыздылығы. Зерттеу жұмысының тақырыбы Азаматтық құқық, Отбасы құқығы, Отбасы мүшелері арасындағы алименттік қатынастар мәселесіне арналған еңбектер қатарын толықтыра алады. Зерттеудің негізгі қағидалары мен тұжырымдарын заңгер мамандары, саясаткерлер, журналистердің пайдалануына болады. Жұмыстың материалдары отбасы құқығы, неке шарттары, алименттік міндеткерліктер мәселесін зерттеушілердің, сонымен қатар мемлекеттік саяси мекемелер үшін де көмекші құрал ретінде практикалық қызығушылығын арттыруы мүмкін. Сонымен бірге зерттеу жұмысының материалдары құқықтану мамандықтары бойынша оқитын студенттерге жалпы және арнайы курстарды жүргізу процесінде де қолданыла алады.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Курс жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімі екі тараудан, қорытындыдан тұрады. Жұмыстың соңында пайдаланған әдебиеттер тізімі және қосымшалар берілді.

1.Жалпы алименттік міндеттемелер мен алименттік қатынастардың теориялық негіздері
1.1.Алименттік қатынастар мен олардың түрлері

Алименттер-алуға құқығы бар екінші адамға бір адам беруге міндетті болатын асырау қаражаты.
Алименттер (латын тілінде alimentum деген сөзінен-"тағам, асырап-бағу" дегенді білдіреді)-заңда белгіленген жағдайларда бір отбасы мүшелерінің оның өзге мүшелерінің пайдасына төлеуге міндетті белгілі бір ақшалай қаражат.
Алиментті міндеткерліктер-туысқандық қатынастардың, заң күшінің негізінде туындаған объективті міндеткерліктердің (жауапкершіліктердің) жиынтығы. Алименттік қатынастарға берілген осындай түсініктеме заңнамалық әдебиеттерде кеңінен қолданысқа ие. Сонымен қатар юрист-ғалымдар алименттік міндеткерліктер ұғымынан алименттің пайда болу сот актілері, алиментті төлеу келісім-шарттары, алименттің пайда болуындағы фактілік құрылымын ажыратып алады.
Алименттік қатынастар келесідей заңнамалық фактілердің негізінде қалыптасады:
1. Субъектер арасында отбасылық қатынастардың болуы;
2. Екі жақ арасындағы келесім немесе заң бойынша бекітілген алименттік қатынастарға негіз бола алатын жағдайдың болуы (мысалы, алимент алушылардың кәмелетке толмағандығы немесе еңбекке жарамсыздығы, алимент алушының мұқтаждығы және т.б.).
3. Алимент төлеу жөнінде екі жағтың келісімі немесе алимент төлеу жөнінде соттың шешімі.
О.Ю. Косов алименттік қатынастар немесе алименттік міндеткерліктер арнайы және ғылыми әдебиеттерде кеңінен қолданысқа ие болғандығымен көптеген шарттарға тәуелділігін атап көрсетті. Сонымен қатыр автор, алименттік қатынастар мен алименттік міндеткерліктер ұғымына келесідей анықтамалар береді: алименттік қатынастар немесе міндеткерліктер-заңнамада көрсетілгендей отбасылық-құқықтық байланыс немесе жекелеген құқықтық қатынастар бойынша бір жақ екінші жақты қамтамасыз етуші (алимент төлеуші), ал екінші жақ сол алиментті талап етуге құқығы бар.
Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, заң алименттік міндеткерліктің презумпциясын ортанатындығын, бірақ алименттік құқықтық қатынастар белгілі бір анық заңнамалық фактілергі байланысты ғана күшке енетіндігін мәлімдеуіміз де керек. Ондай фактілерге:
1. Субъектілер арасында отбасылық қатынастардың болуы;
2. Белгілі бір жағдаяттардың туындауы (мысалы, баланың туылуы, еңбекке жарамсыз болып қалуы және т.с.с.);
3. Екі жақтың алимент төлеу жөніндегі өзара келісімдері немесе соттың алимент төлеу жөніндегі шешімі.
Алимент терминін тек отбасылық құқықта ғана қолданылмайды. Бұл терминнің мағынасы бір жақтың екінші біржақты материялды қамтамасыз етуінде жатыр. Кез-келген қоғамда кіші жастағы балалар еңбекке жарамсыз болғандықтан да тіршілік ету үшін өздері, тәуелсіз тіршілік етуіне (жұмыс істеуіне) болмайды. Кәмелетке толмаған балалардың тіршілігі мен күн көрісін ата-аналары қамтамасыз етуі тиіс. Тек балалар ғана емес еңбекке жарамсыз тұлғалардың барлығы дерлік осындай өзін қамтамасыз ете алмауы да ықтимал. Отбасылық құқықта алименттік міндеткерлік ұғымының астарында алиментке міндетті тұлға (алимент төлеуші) екінші тұлғаға (алиментті алушыға) отбасы заңнамалары мен екі жақтың келісімі негізінде келісім бойынша мүлікпен, қаражатпен қамтамасыз етуін айтамыз.
Қазіргі таңда алименттік міндеткерліктің табиғаты ерекше күмәнділікті туындатпайы. Мұндай міндеткерліктің сипаты келесі белгілерінде байқалады:
1. Мүліктік - құндылығымен;
2. Қайтарылмайтындығымен (ақысыз);
3. Міндетті түрде жеке (басқаға жарияланбайтындығы);
4. Оның жақтастары формальды түрде тәуелсіздік пен автономды қалаға ие.
Алимент кәдімгі азаматтық құқықтық-қатынастары іспеттес, материалды игіліктің борыштардың (төлеушінің) мүліктің сферасынан кредиторлың (төлемді алушының) мүліктің сферасына өтуін айтамыз.
Алименттік міндеткерліктер басқа да азаматтық міндеткерліктерге ұқсас. Алиментті құқықтық қатынастардың мазмұны азаматтардың пайдасына ұзақ мерзімді төленетін, кейде өмір бойы кейде мерзімі шектеусіз төлемдермен байланысты кейбір келісім-шарттарға ұқсас. Мысалы, ренталық келесімдер (мерзімсіз және мерзімді). Осы міндеткерліктердің бір-біріне ұқсастығымен, бір-бірінен түбегейлі ажыратылып тұрады.
Біріншіден, аталған келісімдер ақылы (өтемді) болып табылады, өйткені рентаның төлемдері - төлемді алушы мүлкінің төлеушіге белгілі бір мүлікті беруінің нәтижесінде қалыптасатын келісімдер. Сондай-ақ бұл келісімдер тәуекелді сипатқа ие. Ал алиментті міндеткерліктер қайтарымсыз болып табылады.
Екіншіден, рентаны алушылар кез-келген азамат болуы мүмкін, кейде коммерциялық емес ұйым да болуы ықтимал. Ал алиментті міндеткерліктер бір-бірімен отбасылық (неке) құқықтық қатынаспен байланысты адамдардың шеңберімен шектеледі.
Үшіншіден, ренталық келісімдер келісім-шарттың құрылу негізінде ғана қалыптасады, ал алиментті міндеткерліктер ешбір келісім-шартсыз да, тікелей заң мен сот шешімінің негізінде де қалыптасады.
Алименттік міндеттемелердің негізі- отбасылық қатынастар болып саналады, ал алименттік міндетеммелердің басты мақсаты-отбасы мүшелерінің еңбекке жарамсыз және көмекті қажетсінетіндерін асырау, материалды көмек көрсету. Алименттер 2 жолмен іске асырылады:
1. Сот шешімімен. Бұл жол бойынша алимент төлеуге міндеттелген адамға соттық тәртіппен алимент міндеткерлігі жүктеледі.
2. Алимент төлеудің ерікті тәртібі немесе алименттік келісім-шарт негізінде. Бұл дегеніміх алимент төлемдері екі жақтың ерікті келесімі негізінде жасалынатын шарт.
Алименттік қатынастар мен алименттік міндеттемелердің келесідей түрлерін ажыратуға болады:
1. Ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларына қатысты алименттік міндеттемелері;
2. Ата-аналардың кәмелетке толған бірақ еңбекке жарамсыз балаларына қатысты алименттік міндеткерліктері;
3. Ерлі-зайыптылардың немесе бұрынғы ерлі-зайыптылардың (жұбайлардың) бір-біріне қатысты алименттік міндеткерліктері;
4. Кәселетке толған ағалары мен қарынтастары, әжелері мен аталарының алименттік міндеткерліктері.
Алименттік міндеткерліктерді бөлудің негізінде субъективті сипаттар жатыр. Сондықтан осыған сәйкестене отбасылық заңнама келесі тұжырымдамаларды (алименттік міндеттемелердің келесі түрлерін) негіздейді:
1. ата-аналардың балаларының алдындағы алименттік міндеттемелері;
2. балаларының ата-аналарына қатысты алименттік міндеттемелері;
3. ерлі-зайыптылар мен бұрынғы ерлі-зайыптылар арасында алименттік міндеттемелер;
4. отбасының басқа да мүшелері арасында алименттік міндеттемелер.
Соңғысы, яғни отбасының басқа мүшелері арасындағы алименттік міндеттемелер келесі түрлерге ажыратылады:
1. кәмелетке толған аға,әпкелердің кәмелетке толмаған немесе еңбекке жарамсыз іні мен сіңлілерінің алдындағы алименттік міндеткерліктері;
2. әжесі мен атасының кәмелетке толмаған жастағы немерелерінің алдындағы алименттік міндеткерліктер;
3. Немерелерінің әжесі мен атасының алдындағы алименттік міндеткерліктері;
4. Өгей ана мен өгей әкенің алдындағы өгей бала немесе өгей қыздың
алименттік міндеткерліктері.
Кезекті екі алименттік міндеткерліктер бар.

Біріншісіне әлеуметтік және биологиялық жақын туыстардың арасындағы алименттік міндеткерліктер:ата-ана мен балалар арасындағы, ерлі-зайыптылар мен бұрынғы ерлі - зайыптылар арасындағы алименттік міндеткерліктер.
Екіншісіне қалған барлық алиментті-міндеткерлік тұлғаның болмаған сәтінде туындаған алименттік міндеткерліктер. Алименттік міндеткерліктің аясы тұрақты емес, ол өмірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайына тәуелді.
Алименттік қатынастарды (міндеткерліктерді) басқа да критерийлер бойынша дифференциациялауға болады. Мысалы, алименттік міндеткерліктерді алименттік міндеткерліктердің пайда болу негіздеріне қарай ажыратуға болады:
1. алиментті сот шешімі бойынша өтеу;
2. алиментті екі жақтың келісімі негізінде төлеу.
Қазақстандық тәжірибе бойынша негізінен алименттік міндеткерліктер сот шешімі негізінде жүзеге асырылады. Сондықтан бұл топты асыра жіктеп, тереңінен келесі 2-ші тарауда қарастырамыз. Ал алименттік келісім-шарт отбасылық құқықтың жаңашыл институты болып отыр, осы ұғым салаішілік спецификаға ие екендігін де мойындауымыз керек.
Алименттік төлем туралы келісім-шарт азаматтық-құқықтық келісім болып табылады, нәтижесінде алимент төлеуші алимент алушыға келісілген шарттар бойынша материалды қамтамасыз етуге міндеттелінеді. Табиғаты жағынан біржақты-міндеттеуші, қайтарымсыз және консенсуалды болып келеді.
Жоғарыда алименттің міндеттілігі мен қайтарымсыздығы туралы мәліметтер келтірілген болатынбыз. Алименттік келісім-шарттың консенсуалдылығы дегеніміз алимент төлеушінің міндеткерлігі алимент алушымен келісімге келер сәтте ғана туындауын айтамыз.
Сонымен, алименттің негізгі мөлшері және осы алиментті төлеу шарттары және тәртібін анықтайтын-алимент төлеу жөніндегі келісім-шарт алиментті төлеуге міндетті субъект пен осы алиментті алушы субъект арасында, сондай-ақ алиментті төлеуге міндетті субъект пен алимент алушы еңбекке жарамсыз болған жағдайда осы аталған субъектілердің занды өкілдері арасында жасалады (ст. 160 Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы кодексі).
Ата-аналардың мынадай алименттік міндемелері ажыратылады:
* өздерінің кәмелет жасына толмаған балаларын күтіп-бағуға, материалдық қамтамасыз етуге ата-аналар міндетті;
* ата-аналар өз балаларын асырап-бағу туралы келісім-шарт жасауға құқығы бар;
* егер ата-аналар өздерінің кәмелет жасына толмаған балаларын күтіп-бағу мәндеткерлігін өз еркімен мойнына алмаса. Онда алименттік міндеткерлік сот арқылы өндіріледі.
1.2.Алименттік міндетемелер: төлеу және тоқтатылу тәртібінің құқықтық негіздері

Алименттік міндеттемелер (алименттің мөлшері, төлеу шарттары және тәртібі) туралы келісім алиментті төлеуге міндетті адам және оны алушы адам арасында, ал алиментті төлеуге міндетті адам немесе алимент алушы әрекетке қабілетсіз болған жағдайда осы адамдардың заңды өкілдері арасында жасалады.
Алименттік міндеттемелер туралы келісімнің нысаны-жазбаша түрде жасалады. Бұл келісімнің нотариат кәуландыруы шарт. Екі тарап та (алимент алушы мен алимент төлеуші) алимент мөлшерін аталмыш келісімде белгілейді.
Сонымен қатар алиментті төлеудің келесідей әдістерін ажыратуға болады:
+ Алимент мөлшеріндегі сумманы алимент төлеуге мәндетті тұлғаның табысына және де басқа да кірісіне үлес (пайыз) есебімен;
+ Тұрақты, әдайым (белгілі бір мерзімге дейін) төленіп тұратын тұрақты ақша суммасымен;
+ мүлік беру жолдарымен;
+ бір жолғы (бір реттік) төленетін тұрақты ақша суммасымен;
+ сондай-ақ алимент төлеу келісім-шартында келісілген басқа да әдістерімен төленуі мүмкін.
Алименттің мөлшері.
1. Кәмелетке толмаған балаларға қатысты алименттің мөлшері. Әр ай сайын-бір балаға- (14) (25%); екі балаға-13 (33%); үш немесе одан да көп балаға-тең жартысы-50%. Аталмыш үлестердің мөлшерін сот алимент төлеуші де алимент алушы тараптардың материалдық-отбасылық жағдайларын, сонымен қатар назар аударылуы тиіс басқа ла мән-жайларды ескерген күйде алимент мөлшерін не азайтып, не көбейтуі мүмкін.
2. Кәмелетке толған балалардың ата-аналарын асырап-бағу жөніндегі міндеткерліктері мынадай:
- Кәмелет жасына толған және еңбекке жарамды балалар өздерінің еңбекке жарамсыз, әрі мұқтаж ата-аналарын асырап-бағуға, сондай-ақ қамқорлық жасауға міндетті:
- алимент төлеу туралы келісім болмаса, алименттік мәндеткерлік сот тәртібімен өндіріліп алынады.
Кәмелетке толған балалардың ата-аналарын асырап-бағу жөніндегі міндеткерліктерінің мөлшерін анықтау кезінде сот-егер балаларының бәріне, не біреуіне, немесе олардың бірнешеуіне алименттік міндеткерлікке талап қойылғанына қарамастан, талап қоюшы ата-ананың кәмелетке толған, еңбекке жарамды балаларының бәрін ескеріп, алименттік міндеткерлікті бірдей бөлуге (өндіруге) құқылы.
Талап беруші ата-ана сол алименттік міндеткерлікті өндіруге талап қойылған балаларына қатысты өз міндеткерліктерін (бұрын) орындаудан жалтарқандығын немесе сол ата-ананың баласына кезінде алименттік міндеткерліктерін орындамағандығын анықтаса, балалары еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж болған ата-аналарын асырап-бағу алименттік мәндеткерліктерінен босатылуы да мүмкін. Ең негізгісі ата-ана құқығынан айырылған ата-ана өз балаларына алимент төлеу талаптарын қоюға құқығы жоқ.
Ерлі-зайыптылардың (немесе бұрынғы ерлі-зайыптылардың) бір-біріне материалдық (қаржылай) көмек көрсетуі. Аталмыш алименттік міндеткерлік адамгершілік борыш қана емес, ерлі-зайыптылардың заңды міндеткерліктері болып табылады.
Ерлі-зайыптылардың (немесе бұрынғы ерлі-зайыптыладырдың) арасындағы алимент төмендегідей жағдайларда талап етіледі:
+ Зайыбы еңбекке жарамсыз немесе мұқтаж болғанда;
+ әйелі жүкті болса немесе ортақ баласы болса (туған күннен бастап 3 жыл бойы);
+ жұбайы мұқтаж және асырауында ерлі-зайпытылардың ортақ мүгедек баласы болсы (18 жасқа толғанғаи дейінгі).
Бұл міндеттен босату немесе міндеттің мерзімін шектеу келесідегідей:
+ спирт ішімдіктеріне, есірткі заттарына, психотропты заттарға салынып кетуі салдарынан немесе қасақана қылмыс жасауы салдарынан көмекке мұқтаж жұбайы еңбекке жарамсыз болып қалған;
+ ерлі-зайыптылар некеде ұзақ тұрмаған;
+ алимент төлеуді талап ететін жұбайдың отбасында өзін лайықты ұстамаған жағдайларда шектеуі мүмкін.
Бұрынғы жұбайын асырап-бағу жөніндегі міндет мынадай жағдайларда:
+ көмек алуға құқығы бар жұбай жаңа некеге тұрғанда;
+ тараптардың бірінің қайтыс болуы;
+ еңбекке жарамсыз жұбайдың еңбекке қабілеттігінің қайтадан қалпына келуі;
+ және тағы басқалар сот шешімімен тоқтатылады.
Алименттік міндеттемелерді тоқтатылады, егер:
1) алимент төлеу туралы келісіммен белгіленген алименттік міндеттемелер осы келісімнің күшінде болу мерзімі біткенде немесе осы келісімде көзделген негіздер бойынша, сондай-ақ тараптардың бірі қайтыс болғанда тоқтатылады.
2) сот тәртібімен өндіріп алынатын алиментті төлеу:
бала кәмелетке толғаннан кейін немесе кәмелетке толмаған балалар кәмелетке толғанға дейін толық әрекетке қабілетін алған жағдайларда;
асырап-бағу үшін алимент өндіріп алынған бала асырап алынғанда;
сот алимент алушының еңбекке жарамдылығы қалпына келтірілген немесе көмекке мұқтаждығы тоқтатылған деп танығанда;
еңбекке жарамсыз, бұрынғы жұбайының көмекке мұқтаж болып келген алимент алушы жаңа некеге тұрғанда;
алимент алушы адам немесе алимент төлеуге міндетті адам қайтыс болғанда тоқтатылады.
Алименттер сот тәртібімен өндіріліп алынған кезде кәмелетке толмаған балаларға өндіріліп алынатын алименттер мөлшерін заң төлеуші жалақысына үлесті қатынаста айқындайды. Сонымен көмелетке толмаған бір балаға ата- анасының айлық жалақысының не өзге де табыстарының төрттен бір бөлігі, екі балаға-үштен бір бөлігі, үш және одан да көп бала үшін-тең жартысы мөлшерінде. Сот, сондай-ақ тараптардың материалдық немесе отбасылық жағдайларын немесе өзге де көңіл бөлуге тұратын жайттарды ескере отырып, бұл үлестердің мөлшерін көбейте немесе азайта алады.
Егер ажырасқаннан кейін ерлі-зайыптылар арасында алименттерді төлеу тәртібі және мөлшері туралы келісім құрастырылса, онда іс жүзінде төлем келісуге сай келуі керек. Егер алименттерді төлеу туралы келісім болмаса, онда Кодекстің 139-бабына сәйкес кәмелетке толмаған балаларға алиментті ата-анасы сотпен төлетеді.
Алименттер ай сайын мынадай мөлшерде төленуі тиіс:
* бір балаға ата-анасының еңбекақысынан жәненемесе өзге табысының (14) төрттен бірі;
* екі балаға-ата-анасының еңбекақысының жәненемесе өзге табысының үштен бірі (13);
* үш және одан да көп балаларға-ата-анасының еңбекақысының жәненемесе өзге табысының жартысы (12).
Кейбір жағдайларда осы үлестер мөлшері тараптардың материалдық немесе отбасылық жағдайын және басқа балалар және өзге де назар аударатын жағдайларды ескерумен азайтылуы немесе ұлғайтылуы мүмкін.
Алимент төлеушінің жалақысынан ұстап қалудың жалғыз шектеуіші Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы Заңның 95-бабы болып табылады, оған сәйкес борышкерде жалақысының немесе өзге де табысының 50% кем емесі сақталуы тиіс.
Ата-анасының жұмыс таба алмауы осыған жатқызылуы мүмкін. Сот мұндай жағдайда алимент мөлшерін азайтып жалақының 14 бөлігінің орнына 16 бөлігін өндіріп алуды белгілейді.
Сот әрбір нақты жағдайда осы жайттардың бәрін де ескереді. Заңда, сонымен қатар ерекше жағдайлар туындаған кезде ата-аналардың балаларды асырап-бағуға қосымша шығындар жасауға қатысу міндеттері де белгіленген.
Заңда жалақының немесе табысының үлестері ретіғіде алимент өндіріп алудан басқа-ай сайын төленуге тиісті тұрақты ақша сомасын өндіріп алу сияқты алимент төлеудің өзге де тәсілі қарастырылған. Сот бұл соманың мелшерін тараптардың материалдық және отбасылық жағдайларына орай әрбір нақты жағдайды жеке айқындайды. Алименттердің тұрақты ақша сомасы ретінде өндіріп алынуының мысалдары көп кездеседі: алимент төлеушінің табысының тұраксыздығы немесе жиі өзгеріп отыруы; жалақысын заттай алуы және т.б.
Алимент төлеуші суретші болса, сома мөлшері оның сататын картиналарының санына және бағасына байланысты болады. Егер алимент төлеуші ата-ананын жалақысы не өзге де табыстары мүлде болмаса, алимент мүлік түрінде өндіріліп алынады. Ата-аналардың табыстары және мүліктері болып, оны олар жасырған жағдайда күшпен мөжбүрлеп өндіріп алу қолданылуы немесе алимент төлеуден касақана жалтарғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Ата-аналардың көмелетке толмаған балаларға қатысты алименттік міндеті балалар кәмелетке толғанда тоқтатылады. Алайда заң көмелетке толған балаларға қатысты, олар еңбекке жарамсыз және көмекке мұқтаж болған жағдайда алименттерді сақтау мүмкіндігін де қарастырады. Бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедек балалар еңбекке жарамсыз болып табылады.
Сот балалардың мұктаждығын нақты жағдайларды ескере отырып аныктайды. Біріншіден, ешқандай табысы жоқ адам мұқтаж деп танылады, екіншіден, егер тапкан табысы қалыпты тұрмыс құруға жеткіліксіз болса (өмір сұру минимумынан төмен).
Сот жақтардың материалдық және отбасылық жағдайларын ескере отырып, еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балалардың алиментін ол төленетін соттегі айлық есептік көрсеткішке (АЕК) қатысты еселеп белгілейді.
АЕК 1000 теңге болса, сот 6 еселік көрсеткіш белгілейді, демек, айсайын өндіріліп алынатын сома 6000 тенге (1000x6=6000) болады.
Еңбекке жарамсыз кемекке мұқтаж көмелетке толған балаларды асырап-бағу міндеті ата-аналардың екеуіне де бірдей.
Ата-аналарға қамқорлық . Көмелетке толған балалар еңбекке жарамсыз ата-аналарына қамкорлық жасауға және оларға кемек көрсетуге міндетті. Ата-анаға қамқорлық дегеніміз-оларға моральдық қолдау көрсету, тиісті көңіл бөлу, күрметтеу және көмектесу. Олардың өмір сүруіне қажетті материалдық қаржы бөлу, ата-аналарға көрсетілетін көмектің айрықша түрі болып табылады. Әдетте, көмелетке толған балалар тарапынан көмек көрсету ерікті болып табылады. Бірақ көмелетке толған балалары тиісті көмек көрсетпеген жағдайда, ата-аналарының сот арқылы олардан алимент өндіріп алуға қақысы бар.
Алименттер көмелетке толған балалардың әрқайсысынан өндіріліп алынады. Алимент мөлшерін тараптардың материалдық және отбасылық жағдайларын ескере отырып, айлық есептік көрсеткішке қатысты еселенген түрде сот айқындайды. Демек, сот балалардың әрқайсысына қатысты тең еселенген көрсеткіш не бұған керісінше көрсеткіш қолдана алады.
Қызы 5 еселенген мөлшерде алимент төлеуге міндетті болса, ал ұлы-7 еселенген мөлшерде, өйткені сот бұл арада қызының көмелетке толмаған өз балалары барын да ескерген. Сонымен айлық есептік көрсеткіш 1000 теңгені құрайтын болса, еңбекке жарамсыз ана ай сайын 12000 теңге (5х1000)+(7х1000) алып тұратын болады.
Алайда балаларынан алимент талап етуші ата-аналары бұрын оларды асырапағудан жалтарған болса, онда сот балаларды ата-аналарын асырап-бағу міндетінен босатуы мүмкін.
Отбасылық заңнама сондай-ақ ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алиметтік міндеттемелерді құқықтық реттеу
Ата - ана мен балалардың алименттік міндеттемелері
Неке және отбасы туралы жалпы түсінік. Отбасылық құқық
Ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтары мен міндеттері
Балалармен ата - аналардың арасындағы қатынастар
Еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балалардың алимент алуға құқығы
Отбасы құқығы ұғымы
Отбасы құқығы: ұғымы, негіздері мен принциптері
Алименттік міндеттемелер
ЕРЛІ ЗАЙЫПТЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
Пәндер