Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің маңызы
Қазтұтынуодағының Қостанай жоғары экономикалық колледжі Мекемесі
Учреждение "Костанайский высший колледж Казпотребсоюза"
Institution "Kostanay higer colloge of Kazpotrebsoyuz"
Мамандығы: 0201000 Құқықтану
Курстық жұмыс
Азаматтық құқық пәнінен
Тақырыбы: Азаматтың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу
Орындаған:Уразалин Марат, Пказ-16 тобының 3 курс студенті
Тексерген: Накышбаева А.С., оқытушы
Қостанай, 2022 ж.
Жоспар
I.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-4
1. Зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8-10
1.2 Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11-17
II. Негізгі бөлім
2. Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің пайда болу шарттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1 Азаматтардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу ... . 22-23
2.2 Азаматтардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін және моральдық зиян келтіргені үшін жаупкершілік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24-25
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Курстық жұмыстың тақырыбы азаматтың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу .Тақырыптың негізгі мақсаты - азаматтың өмірі мен денсаулығына келтірілген зияннан туындайтын міндеттемелердің түсінігі мен манызын, пайда болу шарттарын, зиян келтірудің жекелеген жағдайлары үшін туындайтын жауапкершілік,
адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін және моральдық зиян келтіргені үшін жауапкершілік. Адамардың өзара қарым-катынасында бір тұлғаның екіншісіне зиян келтіруге алып келмейтін адам өмірінің бірде бір аясы жоқ. Ол басқа азаматтар мен заңды тұлғалардың әртүрлі іс-әрекеттерінің салдарынан азаматтық-құқықтық қатынастар субъектілеріне тиесіліктер мен құқықтарға келтірілуі мүмкін.
Зиян келтіру өндіріс аясында орын алады, ол автокөліктер мен басқа да көлік құралдарының иелерімен, кауіпті заттармен, жануарлармен, тауарларды, жұмыстар мен кызмет көрсетулерді сатудан, лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік билік пен басқару органдарының заңсыз іс-әрекеттердың бұзылған құқықтары меп мүдделерін бірдей қалпына келтіруге, аталған тенденциялардың қауіптілігін елеулі түрде төмендетуіе мүмкіндік беретін азаматтық құқықтық институты бөлып азаматтық-құқыктық жауапкершілік табылады. Зиян келтіруден туындайтын міндеттеме - бұл зиян келтірушінің немесе заңнамада аталға өзге де тұлғаның келтірілген зиянды толық көлемде өтеу міндетін камтыған, жеке немесе зиянды тұлғалардың (мемлекеттік немесе әкімшілік-аумақтық бөліністін) заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделеріне құқыққа қайшы іс-әрекеттермен (әрекетсіздікпен) мүліктік және мүліктік емес зиян келтіру салдарынан тікелей заңнама нұсқауларынан туындайтын міндеттеме.
ҚР АҚ 917-бабының 2-тармағында зиян келтірушінің егер зиян өзінің кінәсінен келтірілмегендігін дәлелдесе, оны өтеу жауапкершілігінен босатылатындығы көзделген. Заңнама мен тұлғаға зиянды өтеу жауапкершілігі оның кінәсінің болу болмауына қарамаста жүктелетін жағдайлар көзделуі мүмкін.
Сонымен зиян келтіргені үшін жауапкершіліктің жалпы негіздері (шарттары) болып мыналар табылады:
1)құқыққа кайшы іс-әрекет (әрекетсіздік);
2) зияннның болуы:
3) тұлғаның іс-әрекеті (әрекетсіздігі) мен туындаған құқыққа қайшы салдардың (зиянның)
арасындағы себепті байланыс;
4) кінә.
Зиян келтірудің жекелеген жағдайларындагы жауапкершілікті карастыра отырып біз өзгеше
Зиян келтірудің жекелеген жағдайларындагы жауапкершілікті карастыра отырып біз өзгеше субъектілік құраммен (мысалы, бір тұлғалардың басқаларының іс-әрекеті үшін жауапкершілігі
көзделгенде) туындайтын кінә тікелей заңмен көзделген негіздер бойынша туындайтын кінә болмаған кезде және басқада ерекшеліктері бар міндеттемелерге тоқталамыз.Мұндай жауапкершілік туындайтын жағдайлардың бірі болып өзінің еңбек (қызметтік,
лауазымдық) міндеттерін атқар) кезінде жұмыскер мен келтірілген зиянды өте кезіндегіміндеттеме табылады.
Азаматтың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян жалпы негіздерде етеледі. Тұлғаның өмірі мен денсаулығына зиян келтірген кезде келтірілген мүліктің зиянның сипаты мен
құрамына сүйену керек. Оның дәл осы ерекшелігі осындай зиянды етеу мәселе лерін бөлек қарастыру кажеттілігін туындатады.
I. Зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер
1.1. Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің түсінігі
Адамардың өзара қарым-қатынасында бір тұлғаның екіншісіне зиян келтіруге алып келмейтін адам өмірінің бірде бір аясы жоқ.
Ол басқа азаматтар мен заңды тұлғалардың әртүрлі іс-әрекеттерінің салдарынан азаматтық- құқықтық қатынастар субъектілеріне тиесілі игіліктер мен құқықтарға келтірілуі мүмкін.
Зиян келтіру өндіріс аясында орын алады, ол автокөліктер мен басқа да көлік құралдарының иелерімен, кауіпті заттармен, жануарлармен, тауарларды, жұмыстар мен кызмет көрсетулерді
сатудан, лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік билік пен басқару органдарының заңсыз іс-әрекеттерімен және т.б. келтіріледі.
Жоғарыда аталған субьектілердің іс-әрекеттері зиян келтіре отырып, бірқатар жағдайларда, құқыққа қайшы сипатқа да ие болады. Олар, оларды жасаған тұлғаға азаматтық-құкықтық жауапкершілік жүктелуге мүмкін болатын белгілерге сәйкес болған кезде, азаматтық құқық бұзушылық, басқаша айтқанда деликтілік, сипатка ие болады. Осы тұрғыдан алып қарағанда,
олар азаматтық құқықтық жауапкершіліктің негіздемесі ретінде бағаланады,
Бұдан ары біз осыған қажетті шарттарды (талаптарды) сондай-ақ зиян келтіру салдарынан туындайтын құқықтык қатынастарды қарастыру кезінде қолданылатын түсініктерді айқындайтын боламыз. Алдымен азаматтық-құқықтык жауапкершілік тусінігіне қысқаша тоқталайық. Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарына және заңмен қорғалатын мүдделеріне зиян келтіру заң шығарушының назарынан тыс кала алмайтындығы сөзсіз. Олай болмаған жағдайда қоғамдық қатынастарының реттеушісі ретіндегі азаматтық құқықтың құндылығы елеулі түрде төмендетілер еді. Сол бір немесе өзге субъектілерге зиян келтіру жағдайларын тиісті назардан тыс қалдыру әртүрлі құқықтық және өзге де өзекті мәселелерді одан әрі туындайтын, бір немесе бірнеше құқық бұзушылықтар жасаған құқық бұзушы тарапынан құқық бұзшылықты одан әрі ушықтыруға алып келуі әбден мүмкін. Бұл, өз кезегінде жәбір көрген тарапты озбырлыққа (рұқсат етілген шектен шығуға) және жауап ретінде құқық бұзшылық жасауға итермелеуі мүмкін.
Тұлғалардың бұзылған құқықтары меп мүдделерін бірдей қалпына келтіруге, аталған темденциялардың қауіптілігін елеулі түрде төмендетуіе мүмкіндік беретін азаматтық құқықтың институты болып азаматтық-құқыктық жауапкершілік табылады. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің қырлары шарттық міндеттемелерді қарастыру кезінде зерделенген болатын. Онда шарттық жауапкершілік туралы сөз болған. Бұл жауапкершілік көп жағдайда азаматтық құқықтық шарттар қатысушыларының арасындағы даулы құқықтық қатынастарды реттеуге септесетіндігімен сипатталады.[1]
Сонымен қатар белсенді қолданысқа деликтілік жауапкершілік те ие. Оны субъектілер өзара шарттық қатынастармен байланысты болмайтын жағдайларда құқық бұзушылықтар жасағаны үшін туындауға тиіс болатын азаматтық құқықтық жауапкершіліктің бір түрі деп атауға болады
(қазіргі құқық аясында оны бұрынғыдай біржақты түсінбейді).
Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің аталған түрлерінің ортақтығына қарамастан олардың айырмашылыктарын да атап ету кажет. Деликтілік жауапкершілік дәстурлі турде азаматтык құқыктык өз алдына бөлек институты болып табылады. Оның өзіне тән ерекшеліктері бар,
олар ең алдымен оның құрамында императивтік нормалардың басым болуымен сипатталады.
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік - заңдық (құқықтық) жауапкершіліктің бір түрі болып табылады. Оған да заңдық жауапкершіліктің белгілері тән. Олар:
1) мемлекеттік мәжбүрлену мен ажырағысыз байланыс;
2) іс-жүзіндегі негіздеме - құқык бұзушылық болуы;
3) құқық бұзушы тәртібінің мемлекеттік және қоғамдық айыптаумен байланысы. Алайда азаматтық-құқықтық жауапкершілік спецификалық өзіне тән ішкі белгілерге ие. Ол қылмыстық-құқықтық, әкімшілік-құқықтық тәртіптік жауапкершілілікпен қатар жеке өзіне арналған мақсаттарға ие. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік субъектілері іс-әрекеттерінін
айрықша азаматтық-құқықтық салдарына реакция білдіру ретінде' қолданылады және өзі сонымен бірге өзін колдану үшін түрткі болғандардан ерекшеленетін, белгілі бір азаматтық- құқықтық салдарға алып келеді.
Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің басқа да заңдық (құқықтық) жауапкершіліктерден тағы бір ерекшелігі ол туралы нормалар оны жүзеге асырудың ерікті тәртібін де жоққа шығармайды. Соған орай азаматтық-құқыктық жауапкершілікті азаматтық құқық теориясында жасалып қойған құқық бұзушылықтар үшін жауап беру қажеттілігі ретінде анықтайды.
Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктен деликт жасаған құқық бұзушыға әсер ету шарасы болып табылатын, оның санкцияларын ажыратқан жөн. Зиян келтіргені үшін (шарттан тыс, деиліктілік жауапкершілік аясында табылады.
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік жеке сипатқа ие. Яғни оның қолданылуы құқықтары мен мүдделеріне зиян келтірілген субъектінің немесе жәбірленушінің атынан талап-арыз коюға құқылы тұлғаның еркіне тәуелді болады. Кәмелетке толмағандардың мүдделеріне зиян
келтірілген кезде егер олар ата-анасының қамқорлығында болмаса, талап-арыз бала тәрбиелеу мекемелерімен, корғаншылар мен қамқоршылармен, тікелей қорғаншылық және қамқоршылык органдарымен немесе прокурормен қойылады. Өз құқықтарын өздері қорғай алмайтын тұлғаларға зиян келтірілген жағдайларда азаматтық-құқықтық жауапкершілік
мүмкіндігінше мүлтіксіз жүзеге асырылуға тиіс. Ол үшін қажетті жағдайлар заңнамамен қалыптасуға тиіс. Мұндай қажеттілікті деликтілік құқық нормаларын қолданатын мемлекеттің құзіретті органдары мен соттары тарапынан ескерген жөн. Мемлекетке, жария мүддеге зиян келтіру жағдайларына да қатысты осындай ой айтыла алады. Азаматтық - құқықтық жауапкершіліктің жеке сипаттылығының тағы бір қыры - азаматтық- құқықтық жауапкершілік лекциялары жәбірленушінің өз пайдасына қолданылады, ал жария-құқықтық жауапкершілікті қолдану санкцияларды салыстырмай-ақ біреудің пайдасына не мемлекет пайдасына қолдануға алып келеді. Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің жеке-құқықтық сипаты зиян келтіруден туындайтын міндеттеме болып табылады.
Және айта кетсек, талап арызға жәбірленушіге зиян келтірілгені туралы растайтын дәлелдемелер, атап айтқанда, ұйым әкімшілігінің еңбек жарақатын алған қызметкерге келтірілген зиянды өтеу туралы шешімі (бұйрығы, өкімі); жазатайым жағдай немесе қызметкердің еңбек қызметіне байланысты денсаулығына келтірілген өзге де зақым туралы акт; жазатайым жағдайды арнайы тексеру туралы акт; дәрігерлік-әлеуметтік сараптама комиссиясының (ДӘСК) еңбек міндеттерін атқаруына байланысты жарақат алған немесе денсаулығына өзгедей зиян келтірілген қызметкердің кәсіптік еңбек қабілетін жоғалту дәрежесін (пайызбен алғанда) анықтау туралы қорытындысы; сот-медициналық сараптама комиссиясының денсаулыққа басқадай зақым келген жағдайда берген қорытындысы; жәбірленушінің басқа адамның күтімін және басқа қосымша шығындардың түрлерін қажетсінетіні туралы қорытынды; АК-нің 938-бабына сәйкес есептелетін орташа айлық есептік көрсеткіштің (табыстың) мөлшері туралы мәліметтер, сондай-ақ басқа да қажетті құжаттар қоса тіркелуге тиіс.
Жасы 14-тен 18-ге дейiн аралықтағы кәмелетке толмаған баланың келтiрген зиянын өтеу туралы iстердi қараған кезде, соттар АК-нiң 22-бабының 4-тармағына сәйкес олар өздерiнiң әрекеттерiнiң салдарынан келтiрiлген зиян үшiн Азаматтық Кодекстiң ережелерi бойынша жауапты болатынын ескеруi керек. Жасы 14-тен 18-ге дейін аралықтағы кәмелетке толмаған баланың зиянды өтеу үшiн жеткілiктi мүлкi немесе басқа табыстар көзi болмаған жағдайда, зиянды толық немесе оның жетiспейтiн бөлiгiн өтеу мiндетi, егер зиянның пайда болуына олардың кiнәлi әрекеттерi себеп болған жағдайда, ата-анасына, асыраушыларына немесе қамқоршыларына жүктеледi. Зиян келтiрген адам кәмелетке толғаннан кейiн немесе онда зиянды өтеу үшiн жеткiлiктi мүлiк немесе басқа да табыс көзi пайда болғаннан кейiн ата-ананың, асыраушыларының, қамқоршыларының бұл мiндетi тоқтатылады.
Зиян келтірудің жекелеген жағдайларындағы жауапкершілікті қарастыра отырып біз өзгеше субъектілік құраммен (мысалы, бір тұлғалардыңщ басқаларының іс-әрекеті үшін жауапкершілігі көзделгенде) туындайтын, тікелей заңмен көзделген негіздер бойынша туындайтын кінә болмаған кезде және басқа да ерекшеліктері бар міндеттемелерге тоқталамыз.Мұндай жауапкершілік туындайтын жағдайлардың бірі болып өзінің еңбек (қызметтік, лауазымдық) міндеттерін атқару кезінде жұмыскер мен келтірілген зиянды өтеу кезіндегі міндеттеме табылады. Зиянды өтеу міндеті жүктелуі мүмкін болатын субъектілер болып азаматтармен еңбек ққықтық қатынастарына (басымды түрде) түсе алатын кез келген тұлғалар табылады. Оған барлық мүмкін болатын ұйымдастырушылық құқықтық нысандардағы кез келген меншік нысанына негізделген заңды тұлғалар жатады. Сондай-ақ оларға сол бір немесе өзге азаматтармен еңбек шарттарын жасасқан заңды тұлғаны құрмай-ақ әрекет ететін жеке кәсіпкерлер де жатады.
Зиян еңбек шартының шарттарымен немесе заңнамамен жұмыс уақыты ретінде анықталған кез келген уақытта келтірілуі мүмкін. Ол мерзімінен тыс жұмыс жасағанда, демалыс және жұмыс күндері жұмыс істеген кезде келтірілуі мүмкін. Бұл арада ең бастысы, зиян еңбек (қызметтік, лауазымдық) міндеттерді атқару аясындағы немесе жұмыс берушінің біржолғы тапсырмаларына сүйене отырып жасалған іс-әрекеттермен келтіруте "тиіс". Егер жұмысшылар кәсіпорындағы үзіліс уақытында ішімдік суларын ішіп алып, артынан төбелес шығарса және өз іс-әрекеттерімен біреуге залал келтірсе, жұмыс беруші олар үшін зиянды етеуге міндетті емес.
Жаңа азаматтық заңнамамен аталған тұлғаларға зиянды өтеу жөніндегі міндетті жүктеудің мүмкін болатын жағдайлары елеулі түрде кеңейтілген. Белгілі бір тұлғалардың қызметіне, олармен бекітілген азаматтық-құқықтық шарттардың негізінде бақылау жасауға тиіс болған, сондай-ақ жұмыстар жүргізуге тапсырма берген заңды тұлғалар мен азаматтар өздерімен шарт жасасқан тұлғалардың (мердігерлердің) келтірген зияны үшін егер зиян келтірген іс-әрекеттер олармен тапсырма аясында жасаласа, немесе зиян келтіру тапсырыс беруші тарапынан тиісті бақылаудың болмауынан орын алса, жауап береді. Шаруашылық серіктестіктер, акционерлік коғамдар мен өндірістік кооперативтер өздерінің қатысушылары (мүшелері) серіктестіктің акционерлік қоғамның немесе кооперативтің кәсіпкерлік өндірістік немесе өзге де қызметін жүзеге асыруы кезінде соңғылары келтірген зиянды өтейді. Мемлекеттік органдардың заң актілеріне сәйкес келмейтін актілерді шығарғаны үшін жауапкершілікті көздейтін Азаматтық кодекстің ережесі де жаңа норма болып табылады. Қазақстан Республикасы Президентінің заңдарына, халықтарына, Қазақстан Республикасының Парламентінің қаулыларына сәйкес келмейтін актілер мемлекеттік басқару органдарымен, жоғары атқарушы органдармен, лауазымды тұлғалармен шығарылуы мүмкін. Олар жеке реттеушілік маңызға не нормативтік сипатқа ие болуы мүмкін.
Заңға сәйкес келмейтін актілерді шығару нәтижесінде азаматтар мен заңды тұлғалардың әртүрлі құқықтарына шек қойылуы мүмкін (меншік құқығы, өзге де заттық құқықтар, кәсіпкерлікпен айналысу құқығы және т.б.). Аталған актілерді шығару нәтижесінде келтірілген зиян сот шешімінің негізінде өтелуге жатады. Бұл арада акті шығарған органдар мен лауазымды тұлғалар кінәсінің болуы талап етілмейді. Зиян мемлекеттік қазына есебінен өтеледі. Актілер қандай органдармен немесе лауазымды тұлғалармен жергілікті не жоғары атқарушы орган-дарымен шығарылғанына байланысты өтеу республикалық немесе жергілікті қазына қаражатының есебінен жүзеге асырылуға тиіс. Қа-зына өкілдері болып, әрбір жеке жағдайда қаржы органдары не ар-найы тапсырма бойынша басқа органдар мен азаматтар шығады.Жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен лауазымды адамдар кез келген заңға қайшы іс-әрекеттерімен келтірілген зияны үшін өз алдына дербес жауап береді. Оларды жауапкершілікке тарту кезінде жергілікті өзін-өзі басқару органдары өз иелігіндегі қаражаттармен жауап беретін болады. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жауапкершілік мәселесін қарастыра отырып, олардың Қазақстанда енді ғана құрылатынын ұмытпаған жөн. Оларды ұйымдастырумен олардың қызмет ету тәртібі туралы заң әлі қабылданған жоқ.
Зиян заң актілеріне сәйкес келмейтін акітлерді шығару мен ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік басқару аясындағы мемлекеттік органдар лауазымды тұлгаларының кез келген басқа да іс-әрекеттерімен де келтірілуі мүмкін. Бұл орайда зиянды өтеу жалпы ережелер бойынша, яғни зиян келтірушінің кінәсі болған кезде жүргізілуге тиіс. Мысалы, салық органының өкілі саудагерлерден оның тауарын алып қоюдың заңдығын білетұра оны алып қояды және артынан тауардың бүлінуіне жол береді. Зиян мемлекеттік басқару органының иелігіндегі қаражат есебінен өтелуге тиіс. Қаражаттың жетіспеушілігі орын алған кезде зиян мемлекеттік қазына есебінен субсидиарлық тәртіпте өтелетін болады.
ҚР АК 921-бабының 1-тармағында аталған іс-әрекеттерді жасау нәтижесінде аталған органдардың іс-әрекеттерімен келтірілген зиян анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдары лауазымды тұлғалары зиян келтірудегі кінәсіне қарамастан мемлекетпен өтеледі.Яғни мұнда сот, тергеу, қателіктері туралы сөз болып отыр. Жасалатын іс жүргізушілік әрекеттердің формалды заңдылығына қарамастан, нәтижесінде қылмыстық қудалау немесе іс жүргізушілік шараларды заңсыз қолдану орын алуы мүмкін. Басқа да заңсыз іс-әрекеттер болуы мүмкін.Атап айтқанда, субъект заңсыз сотталуы, заңсыз қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін, оған алдын алу шарасы ретінде қамауға алу, үйде ұстау ешқайда кетпеу қолхатын алу заңсыз қолданылуы мүмкін. Адамға қамау немесе түзеу жұмыстары түріндегі әкімшілік жаза заңсыз белгіленуі мүмкін. Адам психиатриялық стационарға немесе өзге де емдеу мекемесіне заңсыз жатқызылуы мүмкін.Егер зиян азаматқа немесе заңды тұлғаға соттың прокуратура, алдын ала тергеу және анықтау органдарының заң актілеріне сәйкес келмейтін актілерді шығарумен келтірілсе, онда келтірілген зиян, егер ол ҚР АК 923-бабының 1-тармағына сәйкес өтелуге жатпаса, ҚР АК 922-бабының 1-тармағына сәйкес өтелетін болады. Егер азамат жала жасаса, оған келтірілген зиян өтелуге жатпайды. Алайда егер іс бойынша тергеу жүргізудің рұқсат етілмеген әдістерін қолдану не сезіктімен, айыпталушымен, сотталушымен жала жабуға немесе жалған жауап беруге алып келуі мүмкін болған басқа да заңсыздықтар анықталса, тұлғаға заңсыз соттау мен немесе қылмыстық процесс жүргізетін органдардың өзге де заңсыз іс-әрекеттерімен келті-рілген зиян өтелуге жатады.
1.2. Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің манызы
ҚР АК 917-бабының тармағына сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалардың мүліктік немесе мүліктік емес игіліктері мен құқықтарына заңсыз іс-әрекеттермен (әрекетсіздікпен) келтірілген мүліктік және (немесе) мүліктікемес зиянды, оны келтірген тұлға толық төлем де өтеуге тиіс.
Сондай-ақ заң актілерінде зиянды өтеу міндеті зиян келтіруші болып табылмайтын тұлғаға жүктеледі, сонымен қатар өтеудің неғұрлым жоғары мөлшері белгіленуі мүмкін екені ескертіледі. Аталған бап, негізінен зиян келтіруден туындайтын жауапкершіліктің жалпы негіздерін белгілеу үшін арналғанмен, ол, сондай-ақ зиян келтіру салдарынан туындайтын
міндеттеме түсінігінің өзінде анықтау үшін қолданылады. Зиян келтіруден туындайтын міндеттеме - бұл зиян келтірушінің немесе заңнамада аталған
өзге де тұлғаның келтірілген зиянды толық көлемде өтеу міндетін камтыған, жеке немесе заңды тұлғалардың (мемлекеттік немесе әкімшілік-аумақтық бөліністін) заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделеріне құқыққа қайшы іс-әрекеттермен (әрекетсіздікпен) мүліктік және мүліктік емес зиян келтіру салдарынан тікелей заңнама нұсқауларынан туындайтын міндеттеме.
Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелерді жүзеге асырумен азаматтық-құқықтык жауапкериялік және сонымен қатар, оның функциялары жүзеге асырылады. Оның функцияларын компенсациялық, айыппұлдық, тәрбиелік және алдын алушылық ретінде анықтауға болады. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің компенсациялық функциясы өз мақсаты ретінде бұзылған құқықтар мен мүдделерді олардын бұзылуына тепе-тең түрде
қалпына келтіруді көздейді. Аталған жауапкершілікті қолдану құқық бұзушыны, оның сірә өзі деликт жасай отырып байып кетпеген мүліктік аясын кеміту жолымен жазалайды. Оларға азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің санкпияларын қолдану салдарынан және сот
процестеріне негізінен жауапкерлер ретінде қатыскандықтан, құқық бұзушылар азаматтық- құқықтық жауапкершіліктің белгілі бір тәрбиелік ықпалын да сезінері анық. Бұл азаматтық құқықтық жауапкерпііліктін белгілі бір шамада құқық бұзушыларды одан да ауыр құқық бұзушылықтар жасаудан ұстап қала алатын, алдын алушылық маңызына себепші болады.
Зиян келтіруден туындайтын міндеттеменің элементтерін қарастырайық.
Міндеттеме субъектісі болып кредитор (жәбірленуші) және борышқор (зиян келтіруші немесе оның әрекеті үшін заң бойынша жауапты өзге де тұлға) табылады. Міндеттеме қатысушыларының көптігі кредитор тарапынан да, борышқор тарапынан да орын алуы мүмкін.
Жәбірленуші ретінде кез келген жеке және заңды тұлғалар, мемлекет және әкімшілік- аумақтық бөліністер бола алады. Объективті түрде, өмірі мен денсаулығына зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша кредиторлар ретінде, егер сөз регрестік міндеттемелер туралы болып отырмаса, жеке тұлғалардан басқа өзге субъектілер бола
алмайды. Борышқорлар ретінде де, құқыққа қайшы іс-әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) салдарынан зиян келтірген, кез келген субъектілер танылады. Басқа тұлғалардың әрекеттері үшін заң бойынша
жауап беретін тұлғаларға ата-аналар (асырап алушылар) қамқоршылар, оқу, емдеу, тәрбие және кәмелетке толмағандар мен әрекетке қабілетсіз тұлғаларға қадағалауды жүзеге асыруға тиіс өзге де мекемелер мемлекеттік ұйымдар жатқызылуы мүмкін. Орын алған жағдайға, зиян келтіруден -туындайтын міндеттеменін пайда болу себебіне (не мүліктің не мүліктік емес
зиянды келтіру), міндеттемелер қатысушыларына байланысты оларды әмбебап құқық мираскорлығына немесе суброгацияға жол берілуі мүмкін. Мысалы, мұрагерлер, құқық мираскорлығының нәтижесінде, қайтыс болған азаматтың мүлкіне келтірілген зиянды өтеуді талап ету құқығына ие болуы мүмкін. Сақтандыру ұйымы азаматтық-құқықтық жауапкершілікті
сақтандыру шартына катыса отырып, сақтандыру жағдайы туындаған және ол зиянды етеу кезінде зиян келтіруден туыйдайтын міндеттемеде кредитор орнын иеленетін болады. Борышқор үшін зиянды өтеген тұлға (мысалы, солидарлы борышқорлардың бірі) да одан қатысты регрестік міндеттеме аясында кредитор болады.
Міндеттеме түрі болыл ол бойынша тиесілі өтем табылады. Өзге міндеттемелерге қарағанда зиян келтіруден туындайтын міндеттеме пәні өте жиі жагғдайларда анықталмаған болып табылады. Зиян келтіруден туындайтын талап-арыздар "бәсекелесе"" алатын талап- арыздарға жатады, зиян мөлшері және тиісінше тиесілі өтем ақы мөлшері талап-арыз
бергенде, тәжірибе жүзінде дәлме-дәл есептеле алмайды. Сол себептен міндеттеме пәні әдетте сотпен нақтыланады. Міндеттеме пәні зиянды өтеудің сотпен таңдап алынған тәсіліне байланысты болады. Сот зиянды өтеу туралы талапты қанағаттандыра отырып, істің мән- жайына сәйкес зиян үшін жауапты тұлғаны келітірілген залалдарды толығымен өтеуге немесе
оны заттай етеуге міндеттейтін болады.
Адам өмірі мен денсаулығына және моральдық зиян келтірілген зиянды.
өтеу міндеті кіреді. Оны өтеу тәртібі, мерзімдері заңнамамен, сот шешімімен, тараптардың келісімімен анықталатын болады немесе міндеттеме мәнісінен туындайды.Жәбірленуші зиянды өтеу жөніндегі міндетті оның алдында іс жүзінде орындауды талап етуге кұқылы.
Жәбірленушілер тарапынан тұлғалардың көптігі, мүлік екі және одан да көп тұлғалардың ортақ бірлескен меншігінде болған кезде немесе өзге де соған ұқсас жағдайларда орын алады.
Зиянды бірлесе отырып келтіру ретінде зиян келтіру сол үшін жауапты бірнеше тұлғалардың ортақ ниеттерімен (бірлескен іс-әрекеттермен жүзеге асырылған) қамтылатын жағдайлар бағаланады.
Ол заңнамаға сәйкес солидарлы (немесе ортақ) жауапкершіліккі алып келеді. ҚР АК 932- бабына сәйкес. Бірлесіп зиян келтірген тұлғалар жәбірленушінің алдында ортақтасып жауап береді. Ортақ жауапкершілік кезінде зиян келтірушілердің әркайсысы жәбірленуші алдын да толық көлемде жауап береді. Зиянды ортақтасып өтеу қазіргі таңда Қазақ ССР
заңнамасындағыдай бір жақты түрде қолданылмайды. Енді сот жәбірленушінің арызы бойынша және оның мүдделері үшін бірлесіп зиян келтірген тұлғаларға үлестік жауаптылық жүктеуге құқылы. Зиян келтірушінің әрқайсысы төлеуге тиіс өтемнің мөлшері олардың сол бірі
неме е өзге біреуі іс жүзінде келтірген зиянның мөлшеріне сәйкес айқындалатын болады. Егер мұндай анықтау мүмкін болмаса, онда оларға бірдей үлестегі жауапкершілік жүктелуі
мүмкін.
II. Негізгі бөлім.
2.1. Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің пайда болу шарттары
Жоғарыда бір зиян келтіруден туындайтып міндеттемелердің пайда болуының негізгі
шарттарына нұскайтын азаматтық заңнама нормаларына сілтеме жасаған болатынбыз. Сондай-ақ ҚР АҚ 917-бабының 2-тармағында зиян келтірушінің егер зиян өзінің кінәсінен келтірілмегендігін дәлелдесе, оны өтеу жауапкершілігінен босатылатындығы көзделген. Заңнама мен тұлғаға зиянды өтеу жауапкершілігі оның кінәсінің болу болмауына қарамастан
жүктелетін жағдайлар көзделуі мүмкін. Құқыққа қайшылық түсінігі азаматтық құқықта көп қырлы болып табылады. Құқықка қайшылык
ең алдымен тұлғалар іс-әрекетінің (қадамдарының) құқықтық әртүрлі салаларына нормаларына қайшы келуіне сүйене отырып бағаланады. Бұл конституциялық құқық, кылмыстық кұқық, әкімшілік құкык және т.б. болуы мүмкін. Іс-әрекеттердің (әрекетсіздіктің) объективтік құқық нормаларына қайшы келу белгілері олардың қағидасы әрекет ететіндігін ұмытпаған
жөн.
Соның салдарынан, егер зиян келтіруші оған заң актілерімен уәкілденген болмаса иемесе тұлғаның оған зиян келтіруге деген келісімі болмаса, кез келген зиян келітірушілік құқыққа кайшы танылатын болады.
Жалпы адамгершілік және әділеттілік талаптарына қайшы болуына яғни азаматтық құқықтық жалпы бастауларына сүйене отырып бағаланады.
Әрекетсіздіктін құқыққа қайшылығын анықтау кезінде біршама өзгеше белгілер қолданылады. Белгілі бір уақытта орын алған жағдайда сол бір немесе өзге субъект заңнамага сәйкес сол бір немесс өзге онды іс-әрекеттер жасауға тиіс болған, бірақ оларды жасамаған жоқ соның салдарынан басқа тұлғаның құқықтарымен мүдделеріне зиян келтірілген жағдайда ғана
әрекетсіздік құқыққа қайшы болып табы лады. Атап айтканда, полиция кызметкері кызметге бола отырып және тұлғаның жеке басына қол сұғушылык болып жатқанын көре тұра өзінің қызмепттік борышын орындамауы мүмкін, ауру адам жеткізілген медициналық мекеме ауру
адамға шұғыл дәрігерлік көмек көрсетпей оны басқа медиииналык мекемеге жөнелтуі мүмкін.
Осы аталғандар құқыққа қайшы әрекетсіздіктің мүмкін болатын жағдайларының бірі ғана болып табылады. Өкінішке қарай, сот органдары әрекетсіздікке карағанда әрекеттіліктің құқыққа қайшылығын белсенді түрде қабыл алады және бірқатар жағдайларда әрекетсіздікке бой алдырған субъект оны азаматтық құқықтық жауапкершіліктің өзге де түрлеріне тартудан
құтылып кететінін айта кеткен жән.
Зиян келтіру барлық жағдайларда дерлік сол немесе өзге бір жасалатын іс-әрекеттерердің қайшылығын білдіретінін біз жоғарыда айтқан болатынбыз. Заңдылық пен құқыққа қайшылык азаматтық құқықта ажырағысыз түсінікгер болып табылады. Іс-әрекеттердің құқыққа қайшы салдарының болмауы, оларды азаматтық құқықтық жауапкершілік негіздемесінің құрамдас
бөлігі ретінде карастыру мүмкіндігінен айырады.
Егер адамдардың іс-әрекеттері болашақта зиян келтіру қаупін тудыратын болса. онда бұл іс-әрекеттеріне тиым салу туралы талап қоюға зиян келтірудін алдын алуға бағытталған талап-
арызға негіз бола алады. Әрине, мұндай талап-арызды кою кезінде іс-әрекетпен (әрекетсіз-дікпен) зиян келтірілу
міндетті емес болып табылады. Бұл талап келтірілген зиянды өтеу туралы талап-арызбен бірге қойылуы мүмкін. Кейбір
жағдайларда адамдар (басым жағдайларда бұл кәсіпкерлер) зиянды өтегеннен кейін, өздеріне тиесілі кәсіпорындардың, құрылымдардын қызметін, өзге де өндірістік қызметті жалғастыра береді, ол өз кезегінде зиян келтіруді де жалғастыруы немесе жаңа зиян келтіру мен қауіп төндіруі мүмкін, сот мұндай жағдайларда жауапкерді зиянды өтеумен қатар тиісті
кызметті тоқтауға міндеттеуте тиіс.
Кейбір жағдайларда тұлғаның тиым салуға арызданып отырған қызметтің әлеуметгік манызын ескере отырып, сот оның талап-арызын қанағаттандырудан да бас тартуы мүмкін. Егер субъектінің кызметінде заңнаманы бұзу орын алып отырса, мұндай бас тарту негізсіз деп
танылады. Сот, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz