Кәсіпорындағы еңбек қорғауды басқару жүйесінің құрылымы


аңдатпа

Бұл дипломдық жобаның негізгі мақсаты денсаулық, еңбек және қоршаған ортаны қорғау бойынша шараларды жүзеге асыру болып табылады. ААҚ «Қазақстанкаспийшельф» Қайдақ сорында және Маңғыстау облысында құрлыққа жанасатын жерлерде мұнай мен газға байланысты геологиялық құрылымдарды іздеу мақсатында сейсмобарлау және гидравликалық жару жұмыстарын жүргізеді.

Қабатты гидравликалық жаруды жүргізу үшін жұмыс параметрлерін дұрыс тағайындау және экономикалық тиімділігін есептеу келтіріледі.

Бұл жоспар негізінен Қайдақ соры ауданында сеймобарлау жұмыстарын жүргізуде, ААҚ «» негізінде жасалған далалық партияның денсаулық, еңбек, қоршаған ортаны қорғау жүйесінің сипаттамасын көрсетеді.

АННОТАЦИЯ

Цель данного дипломного проекта является мероприятий по охране здоровья, труда и окружающей среды ОАО «Казахстанкаспийшельф», во время проведение сейсморазведочных работ с целью поиска геологических структур перспективных на нефть и газ на соре Кайдак и прилегающей суше в Мангистаукой области.

Рассмотрены вопросы увелечения производительности при гидравлическом разрыве призабойной зоны пласта и приведен расчет его эконмической эффективности.

1 КӘСІПОРЫНДАҒЫ ЕҢБЕК ҚОРҒАУДЫ БАСҚАРУ

жүйесінің құрылымы

1. 1 «Қазақстанкаспийшельф» кәсіпорыны жайлы жалпы мәліметтер

Жұмыс түрі - мұнай мен газды іздеу және өңдеу

Жұмыстың масштабы - 1:100 000

Алаң - 9589 кв. км

Километрі көлем - 50 км кем емес

Жұмыс ауданының әлеуметтік орналасуы - Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысының, Маңғыстау ауданы. Жер бедері - сулы кеңістік батпақты жазықтық, Үстірт үстіртінің кемершығында шығыс жағалауда орналасқан.

Абсолюттік белгілер - 26, 5-тен + 30 дейін.

Қатысты көтерілімдер - 40-50 м

Тұздылықты, батпақтану, шөлдік, егіндік, жер сулық - батпақтануы - кейбір жерлерде сирек тасты жамылғымен. Климаттық жағдайлары - күрт континенталды, жазда ауалық температурасы + 40 градус, қыста -40 градус, күшті желдер тән, көбінесе оңтүстік-шығыс бағытта. Жауын-шашындар өте сирек, негізінен күз-көктем уақытында.

Гидрографиялық торап, жағалаулардың тіктігі, қыста қату тереңдігі - сордың солтүстік бөлігі толған; батыс жағалауы жазық, шығысы тік және Үстірт кемершығының - жазық таулары түрінде шығады. Су тұзды, қыста қатпайды.

Қондырғылардың қажеттілігі және жөндеулер саны жұмыстар арнайы кемелердің көмегімен жүргізіледі және жөндеу жұмыстарықажет емес. Қажетті жағдайларда автокөліктер үшін сордың оңтүстігінде су тасушы бойында жол дамба пайдаланылады. Жұмыс ауданындағы қозғалыс мүмкіндігі және өндірістік көліктің әртүрлі түрлерін пайдалану - сордың сумен толған бөліктері үшін сулы көліктің әртүрлі түрлері автокөлікті, трактор, барлық жерде жүретін амфиболдар, қалған территория үшін арнайы техника.

Сейсмикалық костарды, механикалық сымды жазу мен байлауды қолдану мүмкіндігі - сулы және өтпелі белдемдерде жартылай механикаланған тәсіл және құрғақ белдемдерде - механикаланған тәсіл.

Өндірісте жұмыстың барлық түрлерінің қиындық категориясын негіздеу - қиындықтың жоғарғы категориясы сулы, батпақты белдемде және тасты аудандарда. Алаңның құрғақ бөлігінің көлемі төмендегідей таралған: қиындықтың түрлері 50 пайыз және 80 пайыз, 100 пайыз көлемінде.

Өндірістік жұмыс жағдайларының қиындық категориялары бойынша алаңды тарату - сулы, батпақты - 70 пайыз, құрғақ белдем - 30 пайыз. Бұрғылау агрегаттарын техникалық сумен қамтамасыз етуге болады.

Алаң мен қима бойынша көпжылдық таңды таужыныстарының таралуы болмайды. Елді-мекендер, темір жол бекеттері, аэродромдардың болуы облыс орталығы Ақтау қаласында. Оңтүстікте 200-220 км, аудан орталығы Бейнеу қаласы шығыста 150 км жерде, жұмыс алаңында Ақшыңырау және Қызан ауылында.

Жобаланған жұмыстардың алаңында базалар саны мен оларды ұйымдастыру қажеттілігі аудандағы - Ақшыңырау ауылының базасына тамақ және ауыз сумен қамтамасыз ету Ақтау қаласынан немесе жақын елді-мекендерде жүзеге асырылады.

Өндірістік жұмыс орынында жұмысшыларды жалға алу мүмкіндігі жергілікті кадрларды максималды қабылдау арқылы тендерден жеңген компания мамандары пайдаланылады.

Алаңды өңдеу реті 1999 жылы 200 км дейінгі профилмен, оның ішінде 2 профиль - субмеридионалды бағытта және екеуі субенді; 2000 жылы сулы, батпақты және құрғақ белдемде 300 км профилдер, олардың орналасқан жерлері бірінші жылғы нәтижелерді алғаннан кейін нақтыланады. Далалық мезгілдердің ұзақтығы мен олардың саны - 1999 және 2000 жылдары 2 мезгіл 5 ай ұзақтықта болады. Топографиялық карталармен қамтамасыз етілуі - толық м-1:100 000.

Далалық сейсмикалық деректерді жазу сейсмостанциясында жүргізіледі. Жаздың ұзақтығы 8мк. сек. қозғалыс қадамы 3мк. сек. Сейсмикалық толқындарды тудырудың көздері ретінде дірілдеткіштер мен жарылғыш материалдар пайдаланылады. Жарылғыш материалдар ретінде «Дайносайс» және электрлі детонатор «Суперсайсмик» таңдалды. Барлық пайдаланылатын жарылғыш заттар жарылу жұмыстарының қауіпсіздігі бойынша бірегей ережелерге сәйкес сақталып, тасымалданады.

Зерттеулерді екі мезгіл жүргізеді 1999-2000 жылдардың қыркүйек және қараша айлары. Судың тереңдігі мен зерттелетін жұмыс алаңының күрделілігіне байланысты шартты түрде үшке бөлінеді: сулы, батпақты және құрлықты. Жұмыстың барлық көлемі белдемдер бойынша келесідей қатынаста: 35 пайыз сулы және батпақты белдем және 30 пайыз құрлықты белдем. Сулы белдем 2-3 м тереңдікке дейін сумен толған сордың терртиориясын алып жатыр. Батпақты белдем сордың жағалық жолағы мен сулы дамбаның оңтүстігінде таралған. Барлық қалған территория құрлықты белдемге жатады.

Осындай бөлінулерімен байланысты далалық сейсмикалық жұмыстар сулы және құрлықты модификацияларда жүргізіледі. Оларда әртүрлі техникалар қолданылады.

Жұмыс территориясында Ақшыңырау және Қызан елді - мекендері, сол сияқты Қарақұдық мұнай кеніші бар.

Жұмыс алаңына жақын елді мекендер сордың оңтүстік-шығысында Сай-Өтес және Бейнеу ауылдары болып табылады. Сай-Өтес жұмыс участігінің оңтүстік шекарасы бойынша өтетін Ақтау-Мақат темір жол бекеті болып табылады.

Ауданның инфрақұрылымы нашар дамыған. Жақын темір жол Ақтау-Мақат сызығы бойынша жұмыс участігінің оңтүстік бөлігі бойынша өтеді. Осы сызықта қатты жамылғылы автокөлік жолы өтеді. Құлсары-Бейнеу-Сай-Өтес мұнай мен газ құбыры осы жолдардың бойынан өтеді. Сол сияқты электр мен телефон сымдары да осы жерден өтеді. Самолеттерді қабылдайтын жақын аэропор алаңының оңтүстік-батыста шамамен 190 км жердегі Ақтау қаласында болды. Кішкене аэродромдар Арман және Қаражанбас кенорындарының шектерінде және Бейнеу поселкесінде болды.

Бұл аудан төмен кәсіпорындық дамуымен сипатталады және көбінесе ауылшаруашылықты болып табылады. Ірі кәсіпорындық объектілер жоқ.

Зерттеу ауданы тұщы судың жер беті және жерасты көздерінің жоқтығымен сипатталады. Қазіргі уақытта Теңіз кенорыны мен Бейнеу поселкесіне су Волга өзенінен су құбыры бойынша беріледі. Қаламқас мұнайшылар поселкесіне ауыз су шығыста 10-20 км орналасқан таяз ұңғымалардан құбыр бойынша беріледі.

  1. Кәсіпорынды электроэнергиямен, сумен жабдықтау

Мұнайгаз өнеркәсібі кәсіпорнының өндірістік шаруашылық қимылының тиімділігі эергиямен, сумен жабдықтау қызметінің ұйымдастырылуына да байланысты. Өнеркәсіптің бұл саласының кәсіпорындары электр энергиясының ірі тұтынушылары болып табылады. Энергиямен, сумен жабдықтау қызметі электрмен, сумен және жылумен кешенді әрі үзіліссіз қамтамасыз ету қызметі сораптық, қазандық, айдау станцияларын, су қоймаларын, электр желілерін, суды тазарту қондырғыларын күнделікті жөндеуден өткізіп отырады.

Бірақ кен орнының су айдауға дайын еместігіне байланысты 2. 5 жыл бойы ешбір әсер етусіз табиғи серпінді су арынды режимде игеріледі.

Өзен кен орнының барлық өнімді горзонттары бойынша әсер етудің қолданлудағы жүйесінің тиімсіздігінен скважиналар шығымы төмендей берді. 1991 жылға дейін су айдау көлемінің өсуіне қарамастан жылдық өндіру өсіміне тек өндіру скважиналары қорының артуы арқылы ғана қол жеткізіледі. Негізгі аландар мен горизонттар бұрғыланып біткеннен соң мұнай өндіру төмендеді және скважиналар өнімінің сулануы қарқындады. Мұнай өндірудің құлау коэффиценті 1989 жылы жасалған игеру жобасында келесі жағдайлар қарастырылады;

әрбір горизонт жеке игеру обьектісі болып табылады;

өнімді горизонттар ені 2 км блоктарға айдау скважиналары қатарларымен бөлінеді;

жаңа скважиналар әрбір горизонтқа жеке бұрғыланады;

ыстық су айдаудың жобалық көлемі ұлғайтылды және кен орнын 1990 жылғы қарай толығымен ыстық суға көшіру ұйғарылды.

Соңғы шарттың орындалуы қосымша 49. 3 млн. т. мұнай алуға мүмкіндік берер еді, бірақ жоба орындалмады да, ыстық суға көшу толығымен 1993 жылы ғана аяқталды.

Өнімді горизонттардан мұнайды алу ерекшеліктері мұнайдың қорын игеру сипатының күрделі екендігін көрсетті. Күрделі жағдайларда тек блоктық су айдау, жеткіліксіз болғандықтан кейін сатылық термалдық су айдау пішімдік су айдау сияқты технологиялар қолданылды. Бұл технологиялар кен орнын игеруді тиімділігін арттыруға жәрдемдесті.

Қазіргі кезде ыстық су айдау қондырғыларда дайындалады. Ыстық суды дайындауға көп шығын шығатын болғандықтан ыстық су айдаудың циклдік әдісі игеріледі. Оның мағынасы өнімді қабатқа берілген көлемде бірде ыстық, бірде салқын су айдалады. Ыстық су айдау процесінде қабаттың жабыны мен табаны қыздырылады. Бұл жағдайда салқын су қабаттың қызған жабыны мен табанынан келетін жылу арқылы жылиды, ал артынан салқын су айдағанда ыстық су қабатқа қарай ысырылады.

1. 3 Өндіріс жобалары бойынша қысқаша мәліметтер тізімі

Далалық жұмыстарды төмендегідей параметрлер мен әдістер бойынша жүргізу ұсынылады:

- Зерттеу әдісі: сейсмобарлау жұмыстары;

Пайдаланылатын толқындар типі: Бойлық;

Бақылау әдістемесі мыналар болып табылады:

- бақылау жүйесі - орталық, симметриялы;

- бақылаудың қысқалығы - 70;

- орналасу ұзындығы - 7000 м;

- каналдар арасындағы арақашықтық - 25 м;

- гидрофондар, сейсмоқабылдағыштарды топтастыру - сызықты, 25 м базасында;

- жару аралығы - 50 м;

- дару аралығын шығару - 25 м;

- қайнар көзі - ұңғымалардағы жарылыс;

- зарядытың орташа мәні - 1, 0 кг;

- ұңғыманың орташа тереңдігі- 55 м.

  1. Базалық лагерь және өндірістік ғимараттар

Сейсмикалық партиялардың базасы Ақшыңырау поселкесінің шығысында орналасқан, сол сияқты мәдени-тұрмыстық және санитарлық-гигиеналық жағдайлармен қамтамасыз ету үшін геофизикалық жұмыстарды бастар алдында және оларды жүргізу процесінде жылжымалы кешенді далалық лагерді салу қарастырылады.

Кез-келген жағдайда далалық лагерь үшін барлық құрылымдарды қою немесе тасымалдау қарастырылады. Бұл құрылымдардың қатарына жазда және қыста тұруға сәйкес тұрғын үйлер, жанармайды сақтау үшін сыйымдылықтар, ауыз су үшін сыйымдылықтар, жарылғыш материалдарды сақтау орындары және оларды қорғау үшін қондырғылар; электр энергиясы мен байланыс жүйесін беру жолдары жатады. Далалық лагерь вертолеттар үшін алаңмен, сол сияқты медицина ғимараттарымен жабдықталады. Жарылыс заттар қоймасы ретінде жару жұмыстарын қауіпсіз жүргізу ережелері мен нұсқауларына сәйкес арнайы жылжымалы қойма пайдаланылады.

Сол сияқты сейсмокос және сейсмоқабылдағыштарды жөндеу мен профилактика үшін арнайы жабылған ғимараттар жалға алынып немесе салынуы қажет.

Жылжымалы далалық лагерді пайдалану жағдайында құрылыс көлемі жобаланады.

Далалық сейсобарлау партияларының лагері Сай-Өтес поселкесінен 10 км арақашықтықта Маңғыстау облысының, Маңғыстау ауданында табылады.

Жобамен тікұшақ және медициналық ғимараттар үшін алаңдармен жабдықталған далалық базалық лагердің құрылысы қарастырылады. Базалық лагердің территориясы қоршаған ортаның жағдайларына сәйкес келетін тұрғын және өндірістік ғимараттармен жабдықталуы қажет.

Тұрғын үйлерге, өндірістік және қызметтік ғимараттарға, гигиенаға, өртті өшіру және электрмен қамтамасыз ету жүйелерінің жабдықтарына, сақтау жүйелеріне, жанғыш материлдар тасымалдауға қойылатын талаптар лагер орнатылғаннан кейін бірден орындалуы керек.

Лагердің гигиенасы туралы сол жердегілердің барлығына айту керек. Лагерь тұрғын вагондары, асхана, рефрижератор, шаруашылық және қоймалық ғимараттар, монша, вагондар, жанармайлар, дәретханалардан тұрады. Сейсмикалық жұмыстарды жүргізу территориясы ауыз су көздерінің жоқтығымен сипатталады. Жұмысты жүргізу кезінде жақын елді -мекеннен суды тасымалдайды. Далалық жұмыстарды бастар алдында су көзі арнайы мамандармен тексерілуі керек және оны тұтынуға болатындығы туралы рұқсат қажет. Бір адам үшін ауыз судың нормасы 25 дм 3 /тәу.

Ауыз суды сақтау үшін далалық лагердің территориясында 5 куб. м сыйымдылықты арнайы резервуарлар орнатылуы қажет. Сол сияқты 5 куб. м сыйымдылықты техникалық сулар үшін арнайы резервуарлар орнатылуы қажет. Жүк және жеңіл көліктерді қою орындары нақты белгіленуі керек. Сол сияқты жолаушыларды отырғызу түсіру орындары да нақты белгіленуі керек. Көліктерді қоятын жерлерде автомобилдерді жөндеу мен техникалық қызмет көрсетуіне тыйым салынады. Автомобилдерді жөндеу арнайы алаңдарда жүзеге асырылуы қажет. Сол сияқты белгілі бір орында қосымша бөлшектер үшін контейнерлер болулары қажет.

Лагерде медпункт болады, онда жақсы мамандалған дәрігер күні-түні қызмет көрсетеді. Арнайы медициналық машина болады. Клиника бірінші медициналық көмек көрсетуге дайын болуы керек.

Партияның қызметкері ААҚ «», жұмысшыларымен, польша мамандары және қазақстанның мамандарымен көрсетілген. қазақстандық жұмысшылар саны - 193, жапондықтар - 5, польшалықтар - 5.

Далалық партияның бүкіл қызметкерлері жұмыс басталғаннан бастап міндетті түрде өндірістегі қауіпті жағдайлардан сақтандырылуы қажет.

Далалық жұмысшылардың жұмыстарының қабылданғани режимі келісім шартта көрсетіледі. Кез-келген режимде жұмыс уақыты тәулігіне 12 сағатты және аптасына 41 сағаттан аспауы керек.

Жұмыс уақытындағы байланыс радиосымен жүзеге асырылады. Далалық партияның базасы тұрақты байланыспен қамтамасыз ету үшін Инмарсат немесе басқа да ұқсас станциямен жабдықталады. Ағалаулық станцияда жылжымалы радиоқабылдағыштар орнатылады.

Барлық қызметкерлер, сол сияқты көліктер қол рацияларымен немесе мобилді байланыспен қамтамасыз етілуі керек. Партия жұмысшыларына раиямен жұмы істеуді және оны жұмыста қолдану ретін үйрету қажет.

Базалы радистанция радиорубкада базалы далалық лагерде болуы қажет. .

  1. Технологиялық процестер және аспаптар мен қондырғылар

Аспаптар мен қондырғыларды техникалық тексеруден өткізу пайдаланудан шыққанда және механиканы бақылаумен жүзеге асырылады. Айналатын қондырғы қорғаудың сәйкес келетін тәсілдерімен жабдықталуы керек. Кез-келген механизм қосқыштарымен жабдықталуы қажет. Электрлік қондырғылар сенімді қосулар мен жерлендіруді иеленеді. Сулы және батпақты белдемдерде жұмысты орындау үшін аппаратура мен қондырғының келесідей түлерін қолдану қарастырылады:

- багги типтес немесе соған ұқсас ARGO;

- ауалы винтті көп мақсаттағы катерлер;

- бұрғылау станоктары үшін жылжымалы тіреулерде платформа;

- тіркейтін аппарат кеме;

- 2. 5 т жүк көтеретін адамдарды тасымалдау үшін арналған қайықтар;

- навигациялық жабдықтар үшін кеме;

- қондырғыны тексеру, орындау параметрлері мен базалық өңдеу үшін арналған программалық және аппараттық толық жиынтық;

-Marshland УШ-2Т типтес бұрғылау станкалары;

-гидрофондар -3240 дана;

- GDAPS-4A Crocodil;

- 1. 5 жиынды-екі жақты сым;

- GDAPS-4A Crocodile типтес телеметрикалық бекет;

- 1. 5 жиынды екі жақты сейсмокостар;

- тіркейтін аппарат үшін жоғары өткізгішті автокөлік;

- сейсмоқабылдғштар-5184 дана;

- УРБ-2. 5, УШ-2Т және Е100 бұрғылау қондырғылары.

Негізгі назар тарнспорттық шаралар мен стандарттарға аударылады. Транспорттық шаралардың қауіпсіздігінің элементтері жүргізушіні таңдауды, оны оқытуды, алдын - ала тексеруді қосады. Партияның барлық жылыжмалы қондырғылары үшін сапарларды басқару жүйелері пайдаланылады. Қараңғыда жол жүрулер апаттық жағдайларды болдырмау үшін шектелуі қажет, тек партияның басшысының рұқсатымен ғана шығуға болады.

Осы жобаны орындау рамкаларында партияның қызметкерлері мен жүктерін тасымалдау үшін негізнен автомобилді және темір жолдарды пайдалану қарастырылады. Жұмыс орынына дейін тамақ өнімдерін, жанармай мен қондырғылар арнайы автотранспортпен жеткізіледі. Қыс-көктем айларында Ақтау қаласынан қондырғы мен жанармайды тасымалдау былай болады: Сай-Өтес станциясына дейін темін жолмен, станциядан далалық лагерге дейін автотранспортпен тасымалданады. Қалған уақыттарда Ақтау қаласы мен партия базасы арасындағы оптималды транспорт автотранспорт болып табылады.

Партияның қызметкерлері автотранспортпен тасымалданады. Ауалық көлік тек қатты ауырған жұмысшыға ғана пайдаланылуы мүмкін.

Көліктің қозғалуының барлық нақтылықтары радиооператормен тіркелінеді.

Жұмыс ауданы территориясының шектерінде қондырғыны, тауар мен қызметкерлерді тасымалдау партия басшысының рұқсатымен ғана жүзеге асырылады. Қажет болғанда байланыс спутникті телефон бойынша жүзеге асырылады.

Барлық кемелер жергілікті органнан рұқсат алуы керек. Барлық кемелер берік болуы керек. Жеке құтқару тәсілдері әрбір қайықта болулары керек және оларды барлық жолаушылар жабдықталуы қажет. Жұмыстарда қатысатын барлық қызметкерлер жүзуден тексеруден өіп құжат алулары қажет.

Теңізде жүргізілетін барлық жұмыстар геофизикалық жұмыстарды жүргізуде техника қауіпсіздігі бойынша жеекшімен сәйкес жүзеге асырылады.

Түнгі уақытта жеіңл қайықтарды пайдалануға тыйым салынуы керек, тек қауіпті жағдайларда ғана басшының рұқсатымен ғана болады.

  1. Қолданылатын шикізаттар мен материалдар

Жанармай - жанармайды пайдалану, сақтау және тасымалдау жергілікті органдармен қарастырылған ұқсас операциялар туралы жағдайлармен реттеледі. Жанармайды сақтау үшін құрылымдар қауіпсіздік бермасын иеленеді. Жанармай қоймасы лагерден төменде қауіпсіз арақашықтықта орналасуы керек. Қойма территориясында тез жанатын материалдар болмау керек. Резервуарлар әрдайым тексерулері қажет. Металл бөшкелер жер бетінен көтеріліп отналасуы қажет.

Қауіп - қатер жағдайларын болдырмау үшін алдын- алу шаралары:

- Жанармай материалдарын жақсы сақтау, оларды дұрыс пайдаланбау өрттерге әкелуі мүмкін;

- Жанармай котейнерлерде сақталуы керек, оларда «темекі шегуге болмайды» деген жазу болу керек;

- Жанармай сақтау орындарын өртті сөндірудің құралдарымен қамтамасыз етілуі керек;

- Командамен оқу тәжірибелерін жүргізу керек;

- Жанатын материалдар ағуын уақытында тоқтату;

- Өңделген майды жинау үшін контейнерлерді пайдалану;

- Әр түрлі жағдайларда локализация үшін және тұрғылықты жерлерден қауіпсіз арақашықта жанармайлық қоймаларды орналастыру.

Жарылғыш заттар - барлық жарылғыш заттар геофизикалық жұмыстарды жүргізуде техника қауіпсіздігі бойынша жетекшімен және жергілікті ережелерге сәйкес пайдаланылып, тасымалданып және сақталуы қажет.

Жарылғыш затпен жұмыс жасайтын қызметкер жарушының арнайы құжатын иеленуі керек.

Жарылғыш заттарды пайдалану, сақтау және тасымалдау уақытында жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық сақтық шараларын жүргізу қажет. Партияның башысы барлық пайдаланылмаған жарылғыш заттардың таралуы, күн бойында таралуы және алынуына жауапты. Қажетті органдарға міндетті түрде айтылуы керек жағдайлар:

- жарылғыш затардың жетіспеушілігін;

- жарылғыш заттарды ұрлануы мен жоқ болуы;

Жарылғыш заттардың қабығының дұрыс еместігі жару заттарды тасымалдауда «Жару жұмыстарында қауіпсіздік ережелерін», сол сияқты электрлік дәнекерлеу жұмыстарында қауіпсіздік ережелерін сақтау керек және зарядтарды дайындауда және оларды ұңғымаға төмен түсіруде қауіпсіз технологияларды қолдану.

Вибратор - вибраторды қолдануда техника қауіпсіздігінің ережесі бастапқы инструктаж уақытында қарастырылады. Вибраторларды пайдалану геофизикалық жұмыстарды жүргізуде техника қауіпсіздігі бойынша жетекшімен сәйкес жүзеге асырылады.

Вибраторды пайдаланғанда жоғары қысымды гидравликалық жүйесінің қауіпсіздігі бойынша шараларды қабылдау қажет, мысалы, гидравликалық шлангтар үшін қауіпсіздік шаралары. Жүйе қысымда болғанда оператор болуы керек. Реттеу мен жөндеу жүйеден қысымды алғанда ғана мүмкін.

Бұрғылау - негізгі назар денсаулық, еңбек және қоршаған ортаны қорғау ережелерін сақтауды қамтамасыз етуде жауапкершілік пен бақылауға аударылады. Бұрғылау жұмыстарын жүргізуде экологиялық мәселелер төмендегідей: бұрғылау үрдісі мен одан кейін болған зияндарды төменге дейін деректер жер беті су қабатын қорғау, ұңғымада тығынды орнату және жұмыс істейтін құрылымдардың ауытқуы.

Кез-келген бұрғылау жұмыстарының бастағанына дейін жұмыс қауіпсіз арақашықтықта жүргізілуі керек. Бұрғылаушы кез-келген қауіптілік болғанда жару пунктарының участкілерін тексеру қажет және ұңғыманы бұрғылау тек жағдай қауіпсіз болғанда ғана жүргізіледі.

Бұрғылау бригадасының қызметкерін жеке қорғау тәсілдері каскалар мен перчаткалардан тұрады. Бригаданың мүшелері айналып тұрған қондырғының бөлігіне ілініп кетпес үшін, кең киім кимеулері керек.

Бұрғылау қодндырғынсының техникалық тексерілуі қондырғыны өшіргенде және тоқтатқан уақытта ғана жүргізіледі.

1. 3. 4 Өнеркәсіптегі жұмысшылардың жалпы құрылымы және жауапкершіліктері

Далалық партияның ұйымдастырылған құрылымдары және денсаулық, еңбек, қоршаған ортаны қорғау жүйесін басқару құрылымдары, жауапкершіліктері қарастырылған.

Партия басшысы - тапсырушы мен компанияның мақсаттарына жауап беретін, жоғары сапалы қызмет көрсету үшін сейсмопартияның жұмыстарының барлық аспектілеріне жетекшілік ету. Осы мақсаттарға жетуде партияның басшысы денсаулық, еңбек және қоршаған ортаны қорғау сұрақтарына, қызмет көрсету сапасы, олардың тиімділігі, оқу мен рентабелділікке байланысты ААҚ «Қазақстанкаспийшельф» стандарттарын орындауға жауапты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбекті қорғауды басқару жүйесінің ұйымдық сұлбасы
Көлік бөлімінің басшысы
Сапа менеджментінің принциптері
Кәсіпорындағы кызметкерлерді әлеуметтік қорғау және еңбекті қорғау
Қатаң құпия ақпарат
Өндірістің техникалық дайындығын меңгеру
Еңбекті қорғау
Ақпараттық қауіпсіздікке қауіптер
ҚР корпоративтік басқару
Дағдарысқа қарсы басқаруда стратегияның мәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz