Септік категориясы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Реферат

«Зат есімнің септелуі»

Орындаған: Абдрасилова Диана

Тобы: КО-32

Тексерген: Саменова С. Н

Қарағанды, 2022 жыл

ЖОСПАР:

I КІРІСПЕ

Зат есім

II НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2. 1 Зат есімнің түрлену жүйесі

2. 2 Септік категориясы

2. 3 Септік категориясы мен септік жалғауларының арақатынасы

2. 4 Септік жалғауларының мағынасы

III Қорытынды

IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Пайдаланылған əдебиет тізімі:

  1. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. -Алматы, 1996.
  2. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. - Алматы 1992.
  3. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. - Алматы, 2007.
  4. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. - Алматы, 1991.
  5. Исаев С. Қазақ тілі жайында ойлар. - Алматы, 1997.
  6. Маманов Ы. Қазақ тіл білімінің мəселелері. - Алматы, 2007.
  7. Оралбай Н. Қазақ тіл білімінің мəселелері. - Павлодар, 2011.

«Зат есімнің септелуі»

Қазақ тілі грамматикасының негізін қалыптастырған ғалым Ахмет Байтұрсынұлы «Тіл тағлымы» еңбегінде сөздерді атауыш және шылау сөздер деп бөліп, зат есімді атауыш сөздердің ішінде қарастырады. Сөздердің кейбіреуі нәрсенің өзін атайды. Кім? Не? Деген сұраққа жауап береді десе, ғалым Қ. Жұбанов «Есім-(мағынаша) заттың өзін не тұрғылықты белгісін көрсетеді, морфологияда көптеледі, септеледі, тәуелденеді, жіктеледі; синтаксисте сөйлем мүшелерінің қайсысы да бола алады» дейді. Ал ғалым Н. Оралбай зат есім - жалпы грамматикалық мағынасы бойынша заттық ұғымды білдіретін сөздерден тұратын, олардың сандылық, тәуелдік, септік категориялары бар, баяндауыш қызметінде жақ категориясының көрсеткіштерімен түрленетін сөз табы дейді.

Сөз таптарының ішінде грамматикалық құрылысы, синтаксистік қызметі жағынан ерекшеленетін негізгі сөз таптарының бірі - зат есім .

Зат есім - заттың атын, жанды-жансыз ұғымдардың атауын білдіріп, сөйлемде негізінен бастауыш пен толықтауыш болатын толық мағыналы сөздер табы. Зат есімдердің жеке сөз табы ретіндегі лексика-грамматикалық ерекшеліктері оның мағыналық және құрылымдық топтарын анықтауға мүмкіндік береді. Зат есімдер мағыналық сипатына қарай деректі және дерексіз, жалпы және жалқы, көптік мәнді, реңдік және үстеулік мәнді деп бірнеше топқа бөлінеді. Зат есімдердің түрлену жүйесі оның грамматикалық категорияларымен сипатталады. Зат есімдердің сан-мөлшерлік, тәуелділік немесе меншіктілік-объективтілік сияқты грамматикалық мағыналары және олардың сөйлемде басқа сөздермен грамматикалық қарым-қатынасқа түсуі көптік, тәуелдік және септік жалғаулары арқылы жүзеге асады.

Зат есімнің грамматикалық категорияларының ішінде ауқымдысы, көлемдісі - септік категориясы. Септік категориясы ұғымы мен септік жалғауы ұғымының арақатынасы септік жалғауларының септік категориясының грамматикалық көрсеткіші қызметіндегі қолданысымен, мағынасымен айқындалады. Зат есімнің сөйлемдегі басқа сөздермен дəнекерлесе байланысу үшін септік жалғауларын қабылдауы оның грамматикалық тұлғасының өзгеріп, грамматикалық мағынасының түрленуіне ықпал етеді. Қазақ тіліндегі септік жалғауларының түрлері, олардың қосымшалары мен сөзге үстейтін грамматикалық мағынасы зат есімнің септік категориясының грамматикалық категория ретіндегі сипатын анықтауға, оның зат есімнің басқа грамматикалық категорияларынан өзіндік ерекшелігін анықтауға мүмкіндік береді. Н. Оралбай септік категориясы тұлғасы жағынан морфологиялық категория болғанымен, əрбір септік жалғауының синтаксистік қызметіне де назар аудару қажеттігін атап көрсетеді. Септік жалғауларының бұл қызметі зат есімдерді сөйлемдегі етістіктермен, шылау сөздермен жəне басқа есім сөздермен байланыстырып, əр алуан грамматикалық байланысқа түсіруімен анықталады. Осы тұрғыдан, септік категориясын морфологиялық категория ретінде қарау жеткіліксіз. Оның сөз тұлғасын өзгертуі, сөзді түрлендіруі морфологиялық категорияға тəн белгісін танытса, сөйлемдегі сөздерді өзара байланыстырып, септестіру арқылы белгілі бір қызмет атқаруы синтаксистік категорияға қатысты екендігін көрсетеді. Бұл белгісі оны сандылық немесе көптік жəне тəуелдік категорияларынан ерекшелендіреді.

Септік категориясының сөз таптарына қатысына келсек , К. Аханов септік категориясын əртүрлі тілдерге жəне олардағы есім сөздерге тəн грамматикалық категория ретінде түсіндіріп, түркі тілдерінде грамматикалық септік категориясы, негізінен алғанда, зат есімдер мен есімдіктерге тəн категория болып танылатындығын ай- тады.

Түркі тілдеріндегі септіктерді кеңістік қатынасты жəне грамматикалық қатынасты білдіретін септік жалғаулары деп екі үлкен топқа бөлу дағдысы бойынша қазақ тіліндегі септік жалғаулары да грамматикалық жəне кеңістікті білдіретін септік жалғаулары болып екіге бөлінеді. Септік жалғауларының бұл топтары қызметі жағынан өзара ерекшеленеді. Бастауышты, нақты айтқанда, субъектінің тікелей өзін, тəуелділігін жəне нысанын, яғни бастауышқа қатысты белгіні білдіру грамматикалық септіктердің негізгі қызметі болса, қимылды, оның мекенін, мезгілін, нақты өту орнын білдіру кеңістікті білдіретін септік жалғауларының қызметі ретінде анықталады.

Септік жалғауларын грамматикалық жəне кеңістікті білдіру сипатына қарай топтастыруда қарама-қайшылықтар кездеседі. Мəселен, кеңістік қатынасты білдіретін барыс септігі « Қазақ тілінің грамматикасында» (1967) грамматикалық септіктер қатарында қарастырылады. Ал «Қазақ грамматикасы» (2002) мен жекелеген еңбектерде барыс септігі кеңістікті білдіретін септік жалғауы ретінде өзінің грамматикалық мағынасы мен қызметіне сəйкес топта қарастырылады.

Сонымен, грамматикалық септіктерге атау, ілік, табыс септіктері, кеңістікті білдіретін септіктерге барыс, жатыс, шығыс жəне көмектес септіктері жатады. Септік жалғауларын грамматикалық немесе кеңістік қатынасты білдіруіне қарай топтастыруда əрбір септік жалғауының бастауышқа немесе қимылға қатысты грамматикалық мағынасы негізге алынады.

Қазақ тіліндегі атау септігі басқа септік жалғауларынан арнайы грамматикалық қосымшасының болмауымен ерекшеленеді. Атау септігінің осы ерекшелігі, оның сөздің септік жалғауын қабылдамай тұрғандағы күйі басқа септік жалғауларына негіз болатын атау тұлғадағы сөз ретінде танылуына себепші болады. Ғалымдар атау септігінің басқа септіктермен арақатынасы, септіктер жүйесіндегі орны мен қызметіне қатысты түрлі тұжырымдар жасайды. А. Ысқақов атау септігін , бір жағынан, басқа септіктердің формалары мен мағыналарын салыстырып ажырату үшін қабылданған негізгі форма, екінші жағынан, тек белгілі бір затты атау үшін ғана емес, одан əлдеқайда кең грамматикалық қызмет атқаратын, арнайы талдайтын негізгі форма ретінде қарастырса, С. Исаев бұған қарама- қайшы пікір айтады. Ғалымның тұжырымдауынша, атау септігі - өзіне тəн мағынасы бар, сөйлеу үдерісінде басқа септіктер сияқты өзге сөздермен синтаксистік байланысқа түсіп, белгілі бір қызмет атқаратын, нөлдік көрсеткіші бар септіктердің бір түрі. Сонымен, атау септігі - қимылдың логикалық субьектісі мен нысанын, субстан- циясын білдіріп, сөйлемде предикатпен грамматикалық байланысқа түсетін, өз алдына дербес септіктің бір түрі.

Ілік септігі қазақ тілінде меншікті заттың иесін білдірудің көрсеткіші ретінде зат есімнің тəуелдік категориясымен тығыз байланысты болады. Септіктің бұл түрі, негізінен, зат есіммен немесе оның орнына қолданылатын сөзбен байланысып, меншіктілік, иелік мағынаны білдіреді. Сөйлемде ілік жалғауымен келген сөз өзі байла- нысатын тəуелдеулі сөздің грамматикалық мағынасын толықтырып тұрады. Мысалы, ғалымның пікірі, оның ойы, жақсының сөзі, т. б. Ілік септігі жалғауының сөзге жалғанып я жалғанбай тұратын жағдайлары да болады. Бұл қазақ тіл білімінде нөлдік форма ұғымымен түсіндіріледі. Ілік септігінің мұндай қолданысы сөз мағынасына айтарлықтай əсер етпегенмен, ілік септігі жалғауы ашық қолданылғанда сөз мағынасы нақты, жасырын, яғни түсіріліп қолданғанда жалпы сипатқа ие болады. Мысалы , қаланың халқы, қала халқы, күннің райы, күн райы, т. б.

Барыс септігі етістік сөзбен тікелей немесе жанама түрде байланысып, қимылдың, істің кімге, неге бағытталғанын білдіреді. Бағыттық мағына барыс септігінің негізгі грамматикалық мағынасы ретінде анықталғанымен, сөйлемде белгілі бір сөздермен лексика- грамматикалық байланысына қарай барыс септігіндегі сөз одан өзге қосымша грамматикалық мағыналарды да білдіреді. Олар: 1) іс- əрекеттің, қимылдың барып тірелер, аяқталар жері: кітапханаға келді, мұражайға барды; 2) қимылдың, іс-əрекеттің бағыты: досына қарады, сөзге құлақ асты; 3) қимылдың, іс-əрекеттің мақсаты: оқуға кетті, айтарға сөз жоқ; 4) мөлшер, мезгіл мағынасы: бір сағатқа сұранды, жарты жылға кетт і т. б.

Табыс септігі қимылдың, іс-əрекеттің тура нысанын білдіріп, сөйлемде сабақты етістікті меңгереді. Бұл септік жалғауы да, ілік септігі сияқты, сөйлемде бірде ашық, бірде жасырын түрде қолданылады. Жалғаусыз келген жағдайда табыс септігі сыртқы тұлғасы жағынан атау септігіндегі сөзге сырттай ұқсас болады. Ал одан ерекшелігі: табыс септігінсіз келген сөз қандай тұлғада болмасын, үнемі сабақты етістікпен тіркесіп, сөйлемде тура толықтауыштың қызметін атқарады. Мысалы: кітап оқыды, хат жазды, досын көрді, анасын сағынды т. б.

Жатыс септігі грамматикалық мағынасы жағынан іс-əрекеттің, қимылдың жүзеге асу уақытын, мезгілін, мекенін, көлемін білдіреді. Мысалы: тоғызда басталады, екі айда оралады, жұмысында жоқ, т. б. Бірақ жатыс септігінің мағынасы үнемі тұрақты сипатта болмай- ды. Барыс, шығыс, көмектес септіктер тəрізді, жатыс септігінің де грамматикалық мағынасы түбір сөздің семантикасы мен контекстегі қолданысына қарай өзгеріп отырады. Мысалы, жазда, түнде, екіде сөздерінде түбір сөздің семантикасына сəйкес мезгілдік мағынаны білдірсе, ауылда, қалада сөздерінде мекендік мағынаны білдіреді.

Шығыс септігі іс-əрекеттің, қимылдың бастапқы орнын, себебін, өлшем-мөлшерін, т. б. мағыналарын білдіреді. «Қазақ тілінің грамматикасында» (1967) аталған септік жалғауының мы- надай мағыналарын көрсетеді: 1) іс-əрекеттің, қимылдың қандай объектінің төңірегінде, маңында өткендігін білдіреді: м аңдайынан сипады, бетінен сүйді, т. б. ; 2) істің, қимылдың себебін білдіреді: суықтан тоңды, айқайдан зəресі ұшты, т. б. ; 3) сындық мағынадағы сөздермен грамматикалық қатынаста салыстыру мəнін білдіреді: балдан тəтті, бетегеден биік, т. б. ; 4) белгілі бір бөлшегі, үлесі алынатын затты білдіреді: астан ауыз тиді, т. б. ; 5) нəрсенің, заттың тегін, неден істелгендігін білдіреді: барқыттан тігілген т. б. ; 6) сөздің негізгі лексикалық мағынасына қарай өлшем, мөлшер мағынасын білдіреді: жеті айдан асты, бес келіден алды, т. б. ; 7) іс-қимылдың мекенін білдіреді: көлден тартты, т. б. ; 8) объекті мен істің, қимылдың арасындағы түрлі грамматикалық қатынасты білдіреді: сөзінен жаңылды, малынан айрылды, т. б. Бұл топтасты- рудан шығыс септігінің етістіктермен ғана емес, сондай-ақ есім сөздермен де грамматикалық байланыста боатындығын анықтауға болады. Шығыс септігінің мағыналық сипатындағы тағы бір ерекшелігі, жатыс септігі тəрізді, өзі жалғанатын сөздің семантика- сына байланысты мағынаны да білдіреді. Оған жоғарыда келтірілген өлшем, мөлшер мағынасы дəлел бола алады.

Қазақ тілінен басқа түркі тілдерінде жеке септік жалғауы ретінде танылмайтын, қазақ тіліндегі септіктер жүйесінде кейіннен қалыптасқан септік жалғауы - көмектес септігі. Қазақ тілін басқа түркі тілдерінен ерекшелендіретін бір белгі - көмектес септігінің дербес септік ретінде танылуы. Көмектес септігінің грамматикалық көрсеткіштері ( -мен//-бен//-пен//-менен// -бенен// -пенен ) тіліміздің сингармонизм заңына бағынбай, жуан буынды сөздерге де осы тұлғада жалғана береді. Грамматикалық мағынасына қарай іс- əрекеттің, амалдың мезгілін, мекенін, жүзеге асу құралы мен тəсілін т. б. белгілерін білдіреді. Көмектес септігінің мағыналық құрамы аса күрделі. Ғалым Н . Оралбай зат есімге үстейтін грамматикалық мағынасына қарай көмектес септігінің мынадай мағыналарын бөліп көрсетеді:

1) қимылдың құралы: балтамен шапты;

2) ортақтық мағына: туыстарымен жасады;

3) қимылдың тəсілі: ақылмен істе;

4) қимылдың мекені: жолмен жүрді;

5) қимылдың мезгілі: күнімен күтті, т. б.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Грамматикалық категория
Әр түрлі тілдерде грамматикалық жақ категориясы
Грамматикалық категория туралы түсінік
Грамматикалық ұғымдар
Сөз және оның морфологиялық құрылымы
Септік категориясының мағыналары
ЗАТ ЕСІМНІҢ ЖАЛҒАУЛАРЫ
Сөздің грамматикалық мағынасы
СЫН ЕСІМНІҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАРЫ
Грамматикалық категория және оның түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz