Жергілікті өкілді органдар - мәслихаттар



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ
БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК
УНИВЕРСИТЕТІ
Экономика және құқық факультеті
Құқықтану кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС:
Тақырыбы:Жергілікті мемлекеттік органдардың
түрлері

Орындаған:Курмангазин.А.К

Тексерген: Бердыбаев Н.М

Ақтөбе- 2023
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

I. Жергілікті атқарушы органдардың жалпы сипаттамасы
1.1.Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

1.2.Жергілікті басқару органдарының қызметін ұйымдастыру ... ... ... ... ... ...7

1.3. Қазақстан Ресубликасында жергілікті өзін-өзі басқару принципі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9

II. Қазақстан Республикасында атқарушы биліктің жергілікті органдары
2.1.Облыстық әкімдер және олардың өкілеттіктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .12

2.2.Аудандық әкімдіктер Аудандық(облыстық маңызы бар қалалық)әкiмдiктiң құзыретi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15

2.3. Жергілікті өзін-өзі басқаруды енгізудің маңызы мен проблемалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17

2.4.Қазақстан Республикасында жергілікті басқару органдарының қызметін жетілдіру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

Кіріспе

Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30 тамызда қабылданған жаңа Ата Заңы еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық, зайырлы және егеменді мемлекет белгілерін бекітіп айқындап берді. Өз дамуын кеңейте түскен мемлекетте ерекше орын алатын орган жүйесі болып мемлекеттік аппарат табылады. Конституцияда мемлекеттік аппарат тармақтарының әрқайсысына кең өкілеттік берілген.
Қарастырып отырған курстық жұмыстың тақырыбы Қазақстан Республикасының мемлекеттік аппараты деп аталады.
Курстық жұмыстың мақсаты - мемлекеттік аппарат ұғымы, нысандары, құрылымы, қағидалары туралы нақты әрі толық мазмұнын ашып беру.
Мемлекеттік аппарат мемлекеттік органдардың жүйесін өзімен байланыстырады және мемлекет алдындағы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру арқылы өз қызметін айқын көрсетеді. Қандай да болмасын мемлекеттің ең негізгі құрамды элементі - бұл аппарат болып табылады.

Курстық жұмыстың тақырыбының мазмұнын толығымен ашып көрсету мақсатында төмендегідей сұрақтар қарастырылады. Олардың қатарына мыналар жатады:

- мемлекеттік аппараттың жалпы сипаты, нақтырақ айтқанда түсінігі, белгілері және нысандары;

- мемлекеттік аппараттың құрамын құрайтын мемлекеттік органдардың түрлеріне нақтырақ толық мәлімет беру,

- мемлекеттік аппарат қызметінің және ұйымдастырылуының негізгі принциптерін талдап беру.

Жалпы мемлекеттік аппарат өзінің мақсаты бар және оны орындау үшін - өз құзіреті бар мемлекеттік аппараттың бір буынына жатады. Курстық жұмыстың мазмұнын толық ашу үшін, әр сұрақты жеке - жеке қарастырып өтелік.

Жергілікті атқарушы органдардың жалпы сипаттамасы
Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
Жергілікті атқарушы органдардың өздеріне мемлекет жүктеген міндеттерді жүзеге асыруы үшін кең көлемде құзырет берілген.Құзыреттің негіздер республиканың Негізгі заңның 87 - бабында баянды етілген, ал жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы Заң мен басқа да нормативтік-құқықтық актілерде неғұрлым егжей-тегжейлі баяндалады.
Жергілікті атқарушы органдардың қарауына мыналар жатады:
- Аумақты дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті әзірлеу және олардың орындалуын қамтамасыз ету;
- Коммуналдық меншікті басқару;
- Жергілікті атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату. Жергілкті атқарушы органдардың жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелерді шешу;
Жергілікті мемлекеттік басқару мүдделері үшін рсепубликалық заңдарында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілетті жүзеге асыруы. ... Жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы заңда жергілікті әкімдердің, өзге де облыстық, аудандық, қалалық поселкелік және селолық әкімшілік органдардың өкілеттігі неғұрлым егжей-тегжейлі регламенттелген. Заңда жергілікті әкімдердің өкілеттігі баянды етілетінін, олардың өкілеттігін жүзеге асыру саласын бөліп көрсетілмейтінін атап өткен жөн. Заңның 42 - бабында облыстық, аудандық, қалалық әкімдердің өкілеттігі баянды етілген. Атап айтқанда, жергілікті әкім:
- облысты, ауданды, қаланы басқарудың бөлімдер, басқармалар және қызметтер жөніндегі үлгі тізбесін ескере отырып әзірленген схемасын мәслихаттың бекітуіне табыс етеді; - тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс бюджетінің жобасын мәслихаттың бекітуіне ұсынады, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді,экономикалық және әлеуметтік даму жоспарлары мен бағдарламаларын мәслихаттың бекітуіне ұсынады, олардың орындалуын қамтамасыз етеді, мәслихаттың сессиясында олардың орындалуы туралы есеп береді.
- әкімшілік-аумақтық бөліністің меншігін басқаруды жүзеге асырады, қарамағындағы кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің басшыларын тағайындайды және қызметінен босатады,
- жоғары тұрған атқарушы орган берген өкілеттікке сәйкес республикалық меншіктегі кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың қызметін үйлестреді;
- жергілікті әкімшілік органдарының басшыларын тағайындайды және қызметтен босатады, республика министрлктерінің, мемлекеттік комитеттері мен ведомстволарының, аумақтық органдарының, республикалық бағыныстағы кәсіпорындардың басшыларын тағайындауға келісім береді, оларды қызметтен босату және басқалар туралы ұсыныстар енгізеді.
- Поселкелік, селолық әкім поселке, ауыл, ауылдық округ азаматтары өкілдерінің жиналысын шақырады, олардың шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді,
-азаматтардың арыздарын, шағымдары мен өтініштерін қарайды.
-Ауыл, поселке, округ аумағының шеңберінде жер заңдарына сәйкес жер пайдалануға байланысты мәселелерді шешеді.
-Заңды жеке тұлғалармен шарттар жасасады, және банк құжаттарына қол қояды.
-Қоғамдық тәртіпті нығайтуға байланысты мәселелерді шешеді. Өртке қарсы қауіпсіздік пен судағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бақылау жасауды жүзеге асырады.
Жоғарыда келтірілген қызмет салаларында облыстық, аудандық, қалалық әкімшіліктердің өте кең өкілеттігі бар. Мәселен, жоспарлау, бюджет, шаруашылық қызмет, көлік пен байланыс саласында, бюджеттің облысты, ауданды, қаланы дамыту жоспарлары мен бағдарламаларының жобаларын әзірлейді, әкімшілік-аумақтық бөліністердің меншігіндегі кәсіпорындарды, мекемелер мен ұйымдарды құрады, қайта ұйымдастырады және таратады, еңбек ресурстарын есепке қамтамасыз етіп, олардың бөлінуін реттейді, халыққа кәсіпорындар мен ұйымдар көрсететін байланыс қызметінің сапасын бақылауды жүзеге асырады, оларға шарт негізіндегі почта, телефон, байланысы өзге де байланысты және басқаларын жақсартуда көмек көрсетеді.
Жер пайдалану, табиғат қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласында: табиғатты қорғауға және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады, табиғат қорғау, экологиялық сараптама, қорғау объектілерін салу мен қайта құру жөнінде бағдарламалар әзірлеуді ұйымдастырады, экологиялық сараптаманың теріс қорытындысы бар объектілерін салу мен қайта құруға тыйым салу және басқалар туралы қорытындылар дайындайды.
Құрылыс тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрмыстық қызмет көрсету, сауда, қоғамдық тамақтандыру, сәулет өнері, қаоа құрылысы саласындағы орталық мемлекеттік органмен міндетті түрде келісе отырып, аумақта құрылыс салуды жүзеге асырады, әлеуметтік-мәдени және өнеркәсіп объектілерін салу жөнінде тапсырысшы болуға құылы, жоспарлардың мемлекеттік сараптамасына, жеке және заңды тұлғалардың жобалау мен құрылыс салу қызметіне мемлекеттік лицензия беруге жәрдемдеседі.
Халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету саласында: білім беру ісін, балаларға мектепке дейін және мектептен тыс тәрбие беру жұмысын жүргізеді, облыстық, аудандық, қалалық білім беру мекемелерінің материалдық техникалық базасын нығайтуға қамқорлық жасайды; тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғауды жүзеге асырып, пайдалануды ұйымдастырады.

Жергілікті басқару органдарының қызметін ұйымдастыру
Жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқару органдары тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты жергілікті өкілді және атқарушы органдар жүзеге асыратын болады.
Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді. Сонымен бірге тиісті аумақтық мүддесі мен даму қажеттілігін ұштастыра отырып, атқарушы биліктің жалпымемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етіп отырады. Олардың құзыретіне : аумақты дамыту жоспарлары, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларды; жергілікті бюджетті әзірлеу және олардың атқарылуын қамтамасыз ету, коммуналдық меншікті басқару, жергілікті органдардың жұмысын ұйымдастыру т.б жатады.
Мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына - Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің заңдарын, актілерін және Конституцияны орындауды қамтамасыз ететін жергілікті атқару органдары жатады.
Жергілікті әкімшілік пен оның органдарының қызметін ұйымдастыру құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету үшін бюджет жобасын талдайтын және оны орындайтын жергілікті әкімшіліктің аппараты құрылады.
Жергілікті атқару органдарының өкілеттігі Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару Заңының 42-46 баптарында жете мазмұндалған.
Жергілікті өкілді органдар - мәслихаттар.Жергілікті өкілді орган облыстың, ауданның, халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шаралар белгілейтін және олардың жүзеге асуын бақылайтын сайланбалы орган болып табылады. Бірінші белгі - бұл сайланбалық. Бірақ сайланбалық жергілікті өкілді органдардың айрықша белгісі болып табылмайды.
Мәслихаттардың екінші белгісі оларды әкімшілік-аумақтық бірліктер халқы сайлайтыны және сондықтан осы бірліктердің өкілді органдары болып табылатынында.Мәслихаттар әкімшілік-аумақтық бірліктің тиісті аумағында тұрып жатқан халықтың еркін білдіреді. Егер аталған үш белгі жергілікті өкілді органдардың қалыптасу процесін сипаттайтын болса, онда төртінші белгі олардың қызмет саласына жатады. Жергілікті өкілді органдар өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асыруға және халықтың еркін іске асыру үшін қажетті шараларды белгілеуге тиіс.
Әкімшілік-аумақтық бөлініс қайта ұйымдастырылған (біріккен, қосылған, қайта қүрылған, бөліп шығарылған немесе бөлінген) жағдайда жаңадан сайланған мәслихат сессиясының жүмысы басталғанға дейін мәслихат депутаттары өкілеттігін сақтайды және қүрамына өз сайлаушыларының басым бөлігі кірген, қайта үйымдастырылған мәслихаттардың депутаттары болып табылады.
Тиісті мәслихат депутаттарының санын Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы мынадай шектерде: облыстық мәслихатта, Астана және Алматы қалалық мәслихаттарында -- елуге дейін; қалалық мәслихатта -- отызға дейін; аудандық мәслихатта -- жиырма беске дейін белгілейді.
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы. белгілеген оның депутаттары жалпы санының кемінде төрттен үші сайланған жағдайда мәслихат заңды болып есептеледі.
Мәслихат өз өкілеттігі мерзіміне тұрақты комиссиялар қүрады. Олардың саны жетеуден аспауға тиіс. Қажет болған жагдайда, мәслихат түрақты комиссияларды жаңадан құрып, таратьш және қайта үйымдастыра алады.
Тұрақты комиссиялардың тізбесі мен сан құрамын мәслихат белгілеиді. Түрақты комиссиялардың төрағалары мен мүшелерін өз депутаттары арасынан тиісті мәслихат сайлайды.
Тұрақты комиссиялар өздерін сайлаған мәслихат алдында жауапты және жылына кемінде бір рет өз қызметі туралы есеп береді.
Мәслихаттар депутаттарын сайлау Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңдарымен регламенттеледі.
Жергiлiктi өзiн-өзi басқару облыс, аудан, қала, қаладағы аудан, ауылдық (селолық) округ, ауылдық (селолық) округтiң құрамына кiрмейтiн кент пен ауыл (село) шегiнде жеке жүзеге асырылады
Жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды жергiлiктi қоғамдастық мүшелерi тiкелей, сондай-ақ мәслихаттар мен басқа да жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары арқылы жүзеге асырады.
Облыстың, ауданның, қаланың, қаладағы ауданның, ауылдық (селолық) округтiң, ауылдық (селолық) округтiң құрамына кiрмейтiн кент пен ауылдың (селоның) әкiмi мемлекеттiк басқару функцияларымен қатар жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының функцияларын да жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару принципі
Қазақстанда жергілікті мемлекеттік басқаруды жергілікті өкілді және атқарушы билік органдары жүзеге асырады.
Мәслихат Қазақстан Республикасының аумағындағы халықтың жергілікті өкілді органы болып табылады. Мәслихаттар тиісті аумақтық бірліктер халқының мүдделері мен ерік-жігерін білдіреді және жалпымемлекеттік мүдделерді ескере отырып, оларды іске асыру үшін қажетті шараларды алдын ала белгілейді, олардың іске асырылуын тексереді. Мәслихаттарды Қазақстан халқы жасырын дауыс беру арқылы жалпы, тең құқылы, тікелей сайлау құқығы негізінде төрт жыл мерзімге сайлайды. Жиырма жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан азаматы өз қызметін тек бір мәслихатта жүзеге асыра алады.
Жергілікті өкілді органның аппараты әдетте тексеру комиссиясының төрағасынан, хатшыдан, ұйым бөлімінен, консультанттардан, ұйымдастыру консультантынан, референттерден тұрады.
ҚР мәслихаттары өз қызметін келесі бағыттар бойынша жүзеге асырады:
- аумақты дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және оларды іске асыру туралы есептерді бекітеді;
- жергілікті әкімшілік-аумақтық құрылым мәселелерін шешеді;
- заңнамамен мәслихаттардың құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдар басшыларының есептерін қарайды;
- мәслихаттардың тұрақты комиссиялары мен басқа да жұмыс органдарын құрады, олардың қызметі туралы есептерді тыңдайды, жергілікті өкілді органдардың жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелерді шешеді;
- әкімнің ұсынысы бойынша әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасын бекітеді;
- заңмен бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленген ережелерді бекітеді;
- республикалық бағдарламалар мен басқа да іс-шараларды қаржыландыру үшін бөлінетін қаражатты бөлуге қатысады, олардың жұмсалуына бақылауды жүзеге асырады;
- лотереяларды шығару, шарттар, орналастыру және өткізу туралы, сондай-ақ жоғары тұрған бюджеттен немесе екінші деңгейдегі банктерден қаржы жылы шегінде уақытша кассалық алшақтықты жабу үшін қарыз шарттары түрінде және тиісті бюджетте қарыздың негізгі сомасын және ол бойынша сыйақыны өтеуге қаражат болған кезде ғана қарыз алу туралы шешімдер қабылдайды;
- Қазақстан Үкіметіне облыс орталығы құрылысының бас жоспарының жобасын, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың аудандық жоспарлау схемасын ратификациялау туралы ұсыныстар енгізеді, елді мекендер құрылысының бас жоспарларын бекітеді;
- әкімдіктердің ұсынысы бойынша байқау, әкімшілік комиссиялардың, тарих ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссиялардың, кәмелетке толмағандар істері және мәдениет жөніндегі комиссиялардың және өзге де арнайы комиссиялардың құрамын қалыптастырады және бекітеді;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республика халқының құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Қазақстан мәслихаттары әкімдіктермен тығыз байланыста ведомстволық бағынысты аумақтарды әлеуметтік дамыту бойынша өз жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ, ел мәслихаттары әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша шетелдік инвесторлармен ынтымақтасады. Жарқын мысал - "Шеврон" компаниясының Еуразиялық бөлімшесі. Аталған компания жергілікті басқару органдарымен бірлесіп Қазақстан бойынша бірқатар ұзақ мерзімді әлеуметтік жобаларды іске асырады, оларға мыналар жатады:
- балалар үйіндегі балаларға болашақ мамандықты таңдауға және өмірлік маңызды дағдыларды игеруге көмектесетін ұзақ мерзімді бағдарлама;
- университеттермен әріптестіктің жаһандық бағдарламасы шеңберінде Қазақ ұлттық техникалық университетімен әріптестік бағдарламасы;
- қолөнерді дамытуға бағытталған жоба;
- экологиялық сурет конкурсын және экологиялық бизнес-жобалар конкурсын жыл сайын өткізуді көздейтін "Жер-біздің ортақ үйіміз" экологиялық ағартуға бағытталған көпжылдық бағдарлама;
- АҚТҚЖҚТБ-мен ауыратын адамдарды қолдау бойынша жобалар және т. б.
Мәслихат депутаттары өздерінің жеке қызметінде халық қалаулылары ретінде өз сайлаушыларымен күнделікті проблемаларын шешу, олардың тапсырмаларын орындау, мәслихат қабылдаған бекітілген бағдарламалар мен шешімдерді іске асыруға қатысу үшін үлкен жұмыс жүргізеді. Жоғарыда келтірілген мысалдардан мәслихаттар заңмен бекітілген құзыреттер мен өкілеттіктер шеңберінде аумақтарды жалпы дамыту, әлеуметтік және басқа да проблемаларды шешу бойынша елеулі жұмыс жүргізіп жатқанын көруге болады. Бірақ бұл салада бірқатар проблемалар бар, оларға қаржылық тәртіптің төмендігі, мемлекет бөлген қаражатты ұрлау, сыбайлас жемқорлық компоненті және т. б.

ҚР-да тиісті аумақтық бірліктер әкімдерінің институты жергілікті атқарушы орган болып табылады. Бұл аппарат Қазақстан Президенті мен Үкіметінің өкілі болып табылады. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдерін Премьер-Министрдің ұсынуы бойынша ҚР Президенті қызметке тағайындайды, ал өзге де әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдерін оларға қатысты жоғары тұрған әкімдер тағайындайды.

Қазақстан Республикасындағы атқарушы биліктің жергілікті органдары
Облыстық әкімдер және олардың өкілеттіктері
Жергілікті атқарушы органдарға әкімдер және олардың аппараттары жатады. Заң талаптарына сәйкес, әкім - Қазақстан Республикасы Президенті мен Республика Үкіметінің, жергілікті атқарушы органдарды басқаратын, қарауындағы аумақта мемлекеттік саясаттың жүзеге асуын, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының барлық аумақтық бөлімдерінің үйлесімді қызмет жасауын қамтамасыз ететін, атқарушы органдарға басшылық жасайтын, тиісті бюджеттен қаржыландырылатын, Қазақстан республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік басқару өкілеттігіне ие, сол сияқты тиісті аумақтың әлеуметтік және экономикалық дамуына жауапты уәкілі болып табылады.
Жергілікті атқарушы органдардың және әкімнің қызметін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік мекеме - әкімнің аппараты құрылады.
Жергілікті мемлекеттік басқару дегеніміз - жергілікті өкілдікті және атқарушы органдардың белгілі бір аумақта мемлекеттің саясатын жүргізетін, осы және басқа да заң актілерінде көрсетілген өкілеттіктердің аясында оның дамуына және осы аумақтағы істің ахуалына жауапты болу үшін атқарылатын қызмет.
Ал, жергілікті атқарушы орган деген ұғымға келетін болсақ- бұл облыстың ауданның, қалалардың әкімдері басқаратын, өзінің өкілеттігі аясында тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган.
Жергілікті мемлекеттік басқару институтының негізгі буыны атқарушы органдар - әкімдер мен әкімшіліктер болып саналады.
Аудандық (қалалық), облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, Астананың) әкімдері Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді және тиісті аумақтың мүддесі мен мұқтаждарына байланысты атқарушы биліктің жалпымемлекеттік саясатын жүргізеді.
Облыстық, аудандық әкімшіліктерді заңда көрсеьілген тәртіппен сайланатын әкімдер басқарады. Ал, әкімшіліктің құрамына әкімнің орынбасарлары, аппарат басшысы, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бірінші басшылары кіреді.
Әкімшілік - заңдық тұлға санатына кірмейтін алқалы орган болып табылады. Әкімшіліктердің төмендегі буындары құрылады: 1) облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық; 2) аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың), республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудандық, аудандық маңызы бар қалалық, кенттік, ауылдық (селолық), ауылдық ( селолық ) округтік әкімшіліктер.
Облыстық әкімдіктер
Облыстық (Алматының, Астананың), аудандық (облыстық маңызы бар қаладағы (Астанадағы) аудандық, аудандық маңызы бар қалалық, кенттік, ауылдық (селолық), ауылдық (селолық) округтік әкімдіктер түзілмейтін болғандықтан, олар тиісті атқарушы органдардың бір бөлігі болып саналады.
Облыстық (Алматының, Астананың), аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімшіліктерінің ортақ бір міндеті бар: тиісті аумақтың мүдделері мен даму қажеттіліктеріне тіркес атқарушы үкіметтің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз ету.
Облыс әкімшілігінің құзыретінің төмендегідей бағыттары бар:
1)ұйымдық - шаруашылық; 2) басқарушылық, 3) реттеушілік; 4) үйлестірушілік5) консультативтік.
Ұйымдық шаруашылыққа төмендегі өкілеттіктер жатады: облысты (Алматыны, Астананы), облыстық (Алматының, Астананың) бюджетті дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын әзірлеу, облыс (Алматының, Астананың) аумағында кәсіпкерлік қызметті, инвестициялық ахуалды дамыту үшін жағдайлар жасау, облыс аумағында су құбырларының, тазартқыш құрылыстары, электр беру желістерінің, басқа да инфрақұрылым обьектілерінің құрылысын ұйымдастыру, қоғамдық тәртіп қорғау және қауіпсіздік сақтауды қамтамасыз етуді ұйымдастыру және т.б.
Басқарушылыққа төмендегі өкілеттіктерді жатқызуға болады:
Аграрлық сектордың ұтымды және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету, облыстық ( Алматы, Астаналық) маңызы бар жолдарды ұтымды іске пайдалану мен күтіп ұстауды қамтамасыз ету,мемлекеттік стандарттарды сақтауды қамтамасыз ету, азаматтардың кепілдік берілген медициналық қызметке құқығын іске асыруын қаматамасыз ету, облсытық коммуналық шеншікті басқару, оны қорғау бойынша шараларды жүзеге асыру, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер құру.
Реттеушілік заңдарға сәйкес жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыру жатады: әкімшілік нормативтік қаулылар қабылдайды.
Облыстық әкімшілік аудандық әкімшіліктердің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша олардың жұмысын үйлестіреді, халықтың әлеуметтік осал топтарына қайырымдылық және әлеуметтік көмек көрсету бойынша жұмысын үйлестіреді.
Облыстық (Алматы, Астаналық) әкімшілік консультативтік жұмысты жүзеге асырады, ол үшін ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша консультативтік-кеңестік органдар түзейді. Облыстық әкім Қазақстан Республикасының Конституцяисына сәйкес облыстардың (Алматының, Астананың) әкімдерін қызметке Премьер-Министрдің ұсынуы бойынша Президент тағайындайды. Облыстың әкіміне бірнеше түрге бөлуге болатын құзырет берілген:
Өкілдік өкілеттіктер. Облыстың (Алматының, Астананың) әкімі мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен қарым-қатынастарда облыстың мүдделеріне өкілдік етеді. Әкім өз құзыретін жүзеге асыру барысында Парламент пен сот органдарынан басқа, Үкіметтен бастап орталық атқарушы органдардан төмен тұрған атқарушы органдарға дейінгі барлық органдармен қарым-қатынастарға кіреді.
Бақылау өкілеттіктері. Орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері әкімшіліктің аумағында орналасады және қызмет істейді. Олардың қалай жұмыс істейтіні, өздерінің міндеттерін қалай атқаратыны, нормативтік актілер талаптарын орындайтыны облыс әкімшілігі үшін бәрі бір емес. Сондықтан облыс әкіміне орталық атқарушы органдардың басшыларына олардың аумақтық бөлімшілірінің заңдарды, Президент пен Үкіметтің актілерін, облыс әкімдерінің өздерінің және әкімшіліктерінің актілерін, облыс әкімдерінің өздерінің және әкімшіліктерінің актілерін орындау бөлігінде соңғылардың қызметі туралы ұсыныс енгізу құқығы берілген.
Кадрлық өкілеттіктер. Облыс әкімі төмендегі лауазымды адамдарды: 1) жоғары тұрған уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша облыс (Алматы, Астана) әкімінің орынбасарларын; орынбасаралрдың шекіт санын Үкімет белгілейді;
облыс (Алматы, Астана) әкімі аппаратының басшысын және оның құрылымдық бөлімшілеріның басшыларын; 3) заңдарда белгіленген тәртіпте нысанды киім кию құқығы және әскери немесе өзге арнайы атақ берілетін басшыларды қоспағанда облыс бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларын қызметке тағайындайды және қызметінен босатады.
Облыс әкімі қала аудандарының әкімдері арқылы жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара әрекеттеседі. Бұл облыс әкімінің жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен тікелей байланысы жоқ екенін білдіреді. Бірақ бұл облыс әкімі жергілікті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жергілікті өкілді органдар, олардың жүйесі, міндеттері, сайлану тәртібі және құрылымы
Жергілікті атқарушы және өкілетті билік органдарының арақатынасы
Жергілікті өкілді органдар, олардың жүйесі міндеттері, сайлау тәртібі
Қазақстан Республикасы жергілікті жерді басқару жетілдіру жолдары
Жергілікті өкілді және алқалы органдар
Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқарудың мәні және оны жетілдірудегі құқықтық мәселелер
Парламенттік басқару формасы
ҚР жергілікті өкілетті органдардың конституциялық-құқықтық мәртебесі
Қазақстан Республикасындағы президенттік-парламенттік басқару нысанындағы жергілікті өкілді органдар
Жергiлiктi мемлекеттiк басқару
Пәндер