Тележурналистика жүйесіндегі сұхбат жанры



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым мистірлігі
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
Журналистика және комуникациялық менеджмент кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырып: Аудиовизуалды Бақ жүйесіндегі сұхбат жанры

Пән: Телерадиожурналистика
6В03201-Журналистика білім беру бағдарламасы

Орындаған: Умиртаев А.Т, күндізгі оқу нысанының 2курс студенті
Ғылыми жетекші: ә.ғ.м, аға оқытушы Маркабаева Г.Т

Курстық жұмыс қорғауы
болған күні_____2022ж.
Бағасы_______________

Қостанай 2022
Мазмұны:
Кіріспе
1. Телевизиялық журналистикадағы жанрлар жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ...
1.1 Тележурналистикадағы дәстүрлі және жаңа жанрлар ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2 Тележурналистика жүйесіндегі сұхбат жанры ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.Сұхбат жанрынын заманауи тенденциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1. Телесұхбат әдістемесі,түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2 Сұхбат жанрындағы журналистің позициясы (Хабар телеарнасындағы Бетпе-бет бағдарламасын талдау) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Жанр сөзі француз тілінен енгенде түр деген мағынаны білдіреді. Жанрдың қамтымайтын саласы жоқ. Шығармашылық мамандықтардың барлығында да жанр ерекше орын атқарады.Мысалы музыка саласының жанрлары ретінде ән, романс тағы басқаларды алып қарастырсақ, сурет өнерінде портрет, пейзажды атаймыз. Ал әдебиетте роман, әңгіме жанрлар қатарын құрайды. Жалпы жанр ұғымы кейбір ғылыми еңбектерде мәтін типі деген терминдік атаумен айтылып келеді. Егер мәтіннің типтеріне, яғни, түрлерге ажырауының басты себептерін қарастыратын болсақ, онда оның тілдік бірліктері іріктеліп, сүрыпталып, топтасып қолдану ұстанымына байланыстылығы екендігі бірден айқын байқалады. Мәтіннің типтерге, түрлерге бөлінуі сөздің жанрларға жіктелетіндігін толық көрсетеді. Орыс тіл ғылымында жанр туралы зерттеулер өткен ғасырдың сексенінші, тоқсаныншы жылдарында басталған болатын. Жанр туралы ғылыми жүйеленген анықтама, ережелер әлі толық тұрақталған жоқ. Әдебиеттану тұрғысынан алып қарағанда жанр-міндеттері түрлер ретінде қарастырылады. Ал қазақ тіл ғылымында сөзтану ғылымы зерттелінбегендіктен, жанр мәселесі тіпті айтыла қойған жоқ [1]. Жанрдың бірнеше түрі бар олар: Әдебиет жанрлары, журналистика жанрлары, музыка жанрлары, киноөнер жанрлары, театр жанрлары, бейнелеу өнері жанрлары, тіл жанрлары, фотография жанрлары, компьютерлік жанрлар. Соның ішінде журналистика жанрлары ақпараттық- публицистикалық, талдамалы-публицистикалық және көркем-публицистикалық болып бөлінеді. Жанрлық бөліну белгілі бір берілістердің, олардың бөліктерінің функционалдық ерекшеліктеріне, тақырыптық ерекшелігіне, шығарманың барысын құрудың техникалық шарттарына, сондай-ақ нақты шындықты көрсету тәсіліне негізделген. Осы тұрғыдан келгенде Журналистика жанрлары бір-біріне тәуелді. Олар өзгеріа біртұтас жүйені құрайды.Журналистика жанрларының жүйесі қоғамның саяси өмірімен біте қайнаса отырып дамиды,-дейді академик Д.С.Лихачев.[2] Жанр- белгілі бір шығарманың міндеттерін жүзеге асыратын шығарма түрі. Кез келген шығарманың мазмұны өзіне сәйкес жанрмен белгіленуі мүмкін. Яғни, әртүрлі жанрға бөлудің ең негізгі шарты-шығарманың мазмұны болып табылады. Кез келген шығарманы жанрға бөлу пішін сәйкестігінебайланысты топталған жанр белгілері арқылы анықталады, дейді жазушы К.Федин[3]. Тақырыптың өзектілігі көгілдір экранда, баспасөзде ең кең тараған жанр. Сұхбаттың әлі күнге дейін өз ерекшклігімен көрермендерді таңқалдырып өзектілігін жоймай, заманауи талаптарға сай өзгеріп жаңа қырымен танылды. Біріншіден әрі жанр, әрі ақпарат алу әдісі ретәнде дуалистік сипат алған бұл жанр өз еңбек жолын теледидардан бастаған жас мамандар тандайтың бірден-бір жетекші жанр болып отыр. Себебі өзге жанрлардың да құрамында кездесетін сұхбат ең оңай болып көрінеді. Сұхбатты терең зерттеп оның қыр сырына үңіле берсек оны сыры көп сыршыл жанр екенің аңғарамыз.Уақыт талабына сай сұхбатта қойылатын талап пен талғам да өсуде. Жүрек түкпірінен бұлқына шыққан шынай ойлардың, табиғи, әсірелеусіз күйінде көрермендерге берер әсері мол. Көрікті ой бар асылымен қопарыла көтеріп, мөлдір таза күйінде ұсынылса ғана жасандық пен жаттандықтан аулақ болады. Боямасыз шынайлылық ғана болу керек. Сұхбат бұрынғыдай емес қазір өзгерген.
Өнердегі жаңалық дәстүрдің пішіні мен мазмұны жағынан қалайда жетіле білуі. Ал теледидар өнерәңдегі жаңалық нышаны алдымен әр жанрдың ғасырлар тезінен өткен технологиялық деңгеіне орай, тұрлендіру болса керек[4].
Зерттеудің мақсаты: аудиовизуалды БАҚ жүйесіндегі сұхбат жанрының спецификалық ерекшелігін анықтау. Бүгінгі тележурналистикада сұхбат жанрының алатын орны мен рольін зерттеп зерделеу. Сұхбат жанрының трансформациясына тоқталу.
Зерттеудің міндеттері:
-журналистикадағы жанрлар жүйесін талдау;
-тележурналистикадағы сұхбат жанрынын трансформациясын анықтау;
-сұхбат алушы журналистін кәсіби біліктілік деңгейін қарастыру;
Зерттеу әдісі: сұхбат жанрының телевизияда көрініс табуына сараптама жасау, Хабар телеарнасындағы сұхбаттарға контент-анализ жасау.
Зерттеу нысаны: Хабар агенттігінін тікелей эфирінде өтетін Бетпе-бет бағдарламасы.
Зерттеу пәні: аудиовизуалды БАҚ жүйесіндегі сұхбат жанрының теориялық және методологиялық негізін қарастыру.
Жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, негізгі екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Телевизиялық журналистикадағы жанр жүйесі
1.1 Тележурналистикадағы дәстүрлі және жаңа жанрлары
Тележурналистика дегеніміз арнайы ақпарат құралдары арқылы бейнелі ақпарат таратып, жаңалықтар мен болып жатқан оқиғаларды көрермеңге жеткізіп, қоғамдық ой пікірді қалыптастырады. Жалпы хабарда журналистер тек қана фактіні баяндаумен ғана шектелмейді, бір мезгілде оған талдау жасауға ұмтылады, оны басұалармен салыстырады, жағдайға баға береді, мәселені шешетін жолдар ұсынады.Талдамалы жанр ақпараттық жанрмен салыстырғанда материалды, ауқымдылығымен, кеңдігімен, маңыздылығымен айрықшаланады.Белгілі бір кезеңдегі бір типті фактілерді жинақтау кезінде автор оларды қорытыңдылау мен маңызды проблемасын барлық қырынан айқындауға ұмтылыс танытады.Талдамалы жанрлар заттағы танымдық, нысанды кескіндеу, танымдық - тәрбиелік міндетімен, оқиғаны кең түрде көрсетуімен, ауқымды түйін және қорытындысымен, әдеби - ститилистикалық құралдар характерімен, айқындаушы - көркемдеуші құралдарымен де ерекшеленеді. Жанрдың осы тобына жататыңдардың ішінде негізгілердің бірі корреспенденция жанры, онда нақтылы материялда тар ауқымдылығымен салыстырғанда, аналитикалық планда тақырыптың өзектілігі айқындалып, қандай да бірлеселе шешіледі. Корреспенденция хабарлама түрінде де болып: онда, шетелдегі тілшілердің хабарламасы, жаңа бір құбылыстар, ғылыми жаңалықтар өндірістік тәжірибелер әңгімеарқауына айналуы мүмкін. Ол толық заметканы көз алдымызға елестетіп әрі белгілі бір тақырыптағы кең қамтуымен де ерекшеленеді. Талдамалы корреспонденция суреттелген құбылыстың себебін ашады. Материалдағы фактіні талдау негізіне көпшілігіне жаңа бір тосын мәселелер әрі саяси өмірдегі және әлеуметтік - экономикалық саладағы өткір сұрақтар қойылып жатады. Мұндай корреспонденциялар телепублицистикада қойылымдық деп аталынады. Ал кейде журналист көрермендермен бірлікте кейбір фактілерді бағалап, салыстырып, талдап жатад, осының негізінде корреспонденция - толғау өмірге келеді. Прохоров, Жалпы тележурналистикада жаңалық табу оқиға. Ойға қызмет ететің форманың бәрі жаңалық болуға тиісті және ол жеңіл қабылдануға бағытталса тіпті ұтымды болар еді[5].
Тележурналистикада жанрлар мен пішіндері газет пен радиода орныққан, кезеңдер бойынша сыннан өткен жанрлар негізінде дамып, орнықты. Газет жанрлары радионың өзгешелігіне сәйкестеніп, келе - келе радиоэфирге сіңісті. Радио ағашында радиогазет үлгісінде дамыса, телеэкранспецификасына тележурнал ыңғайлы болды. Сөйтіп, тележурналистика жанры тележурнал қойнауынан бастау алып, дамыды. Зерттеуде баспасөз бен кино, радио мен телевизия жанрларының арасындағы әлеуметтік - саяси, танымдық - тәрбиелік функцияларының бір-біріне жақые екендігі ғылыми дәлелденді. Дегенмен, тележанрларды зерттегенде сюжеттің өң бойындағы көріністі мәнерлеуші құралдардың бейнені саналуан пішінге құбылтатын ерекшелігіне айрықша назар аударылды. Тележурналистика мемлекеттік идеологияның жалау насихатшысы ғана емес, оның елдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани саласының кем-кемшін тұстарын түзетуге көмек жасайтын бұөаралық сипаты да басым[6]. Телеэкран заңдылығына ыңғайланған жанрлар мен пішіндер бірте-бірте көрермендерге таныс бола бастады. 1958-1990 жылдардағы телехабарлардың негізгі пішіндерін: телевизиялық жинақ, телеплакат, лекция, телевизиялық анықтама, телеспектакль, телепастановка, телеконференция, телеэкспедиция, телетолғау, телевизиялық клуб, телефистиваль, телеальманах, телевикторина, телекалендарь,телевизиялық рейд, киносаяхат, кионпанорама, калейдаскоп, көрермендер хаттары, анкета, эстрадалық программа, концерт-әңгіме, поэзия театры, лирикалық минуттар, фильм-концерт, фильм-спектакль, пьеса-хроника, телекөрермендердің сұрақтарына жауаптар, жиналыс, конференция, лекторий,консултация, музыкалық-әдеби викторина, музыкалық сәлемдеме, кино қойылымдарының қысқаша антотациясы, эстрадалық программалар құрайды. Ал 1958-1990 жылдардағы жанрлар ретінде тележурнал, телехабар, тележаңалықтар, телехроника, телеәңгімен, телешоу, телеочерк, пікірталас, баспасөз конференциясы, телесұхбат, корреспонденция, суреттеме, телефельтон, телефильмді атауға болады. Жалпы тележурналистиканың бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі пішіндері бүгінгі таңда заман ағымындағы өзгермелі құбылыстар, технологиялық бағыттар аясында жаңаша сипат алуда, яғни жаңаруда. Мысалға алатын болсақ интерактивті бағдарламалар- соңғы он бес жылдан астам уақыт аралығындағы тележурналистиканың кәсіби әдісіне айналған тікелей эфир аясында пайда болған пішіндердің бірі. Тележурналистиканың пішіндері:соңғы жылдар аумағында көгілдір экранның сәні мен мәніне айналған пішін - ток-шоу. Ток-шоу сөзі ағылшын тілінен аударғанда talk show, сөйлейтін шоу деген мағынаға ие. Ток-шоу жанрындағы бағдарламаларда бірнеше адам студияға жиналып, бір тақырыптың аясында пікір алмасып, ойды ортаға салады. Бұл жанр америкалық экранда жиырмасыншы ғасырдың 60-шы жылдары пайда болды. Онын негізін қалаушы - журналист Фил Донахью. Жанрдың пайда болуына байланысты ел арасында түрлі аңыздар тараған екен. Бірде тікелей эфирде Фил Донахью студияға шақырылған қонаққа қоярға сұрақ таппай дал болады. Келеңсіз жағдайдан сәтті шығудың жолын іздеген журналист, студияда отырған көрермендердің бірінен: Қонағымызға қояр сұрағыңыз бар ма?, деп сұрайды. Әп-сәтте көрерменнің де сұрағы табыла қалады. Міне осылайша, әйгілі журналист ток-шоу жанрын дүниеге әкелген. Алғаш рет Фил Донахью 1963-1967 жылдары студияға қонақтар шақырып, тікелей эфирде ток-шоу өткізеді. Біздін елімізге бұл жанр көршң мемелекеттен келеді одан бұрын 2002 жылға дейін болмаған. Ең бірінші біздін еліміздегі ток-шоу Сағат Ашимбаевтын Қарыз бен парыз бірақ бұл ток-шоуға жатпады мұнда тек ток-шоудын элементтері ғана болатын.Күнделікті өмірлік фактілерді, саяси оқиғалар мен әлеуметтік проблемаларды фактіден ақпаратқа айналдырып оперативті түрде қалың бұқараның алдына тосатын - жаңалықтар желісі. Сол жаңалықтар желісінің ең әсерлі, ең салмақты бөлігі болып табылатын пішін - телесюжет. Шығармащылық еркіндікті пайдаланып, кәсіби шеберлікті танытуға жол ашып, журналисттің жетекші рөлін айқындайтын пішін - авторлық бағдарламалар.
Сонымен қатар, тележурналистиканың реккреативті функциясын жүзеге асыратын музыкалық - көңілашар бағдарламалар. Және де шығармашылық еркіндікті пайдаланып, кәсіби шеберлікті танытуға жол ашып, журналистің жетекші рөлін айқындайтын пішін - авторлық бағдарламалар. Ал дәстүрлі тележурналистика жанрлары үшке бөлінеді :ақпараттық, талдамалы,көркем публицистикалық болып бөлінеді. Ақпараттық публицистика жанры жаңа нәрсені хабарлауға тән. Қоғамға елеулі ықпал етеді. Оған : есеп, бейнеақпарат, репортаж, сұхбат жатады. Келесі талдамалы публицистикалық жанр бұл мәселені талдайды яғни жалпыдан-жекеге. Оған:корреспонденция, комментарий, мақала, хат, түйіндеме жатады. Үшінші ол көркем публицистикалық жанры оған: очерк, суреттеме, эссе,фельтон жатады.
1.2 Тележурналистика жүйесіндегі сұхбат жанры
Журналистика жанрлар жүйесінің негізгі түрлерінің бірі - сұхбат жанры болып табылады. Сұхбат алдымен ақпаратық жанр. Ақпараттық жанрлар белгілі бір оқиға, факт жөнінде хабарлау, өоғамды ақпараттандыру, ол хабарлама немесе репортаж түрінде берілуі әбден мүмкін. Оған қойылатын талап-жедеғабылдылық, дәлдік, ақпараттың қысқалығы. Барлық ақпараттық жанрға ортақ қасиеті бар, факті өзектілігі, оның берілу жеделділігі.Бақылау, тәжірибе, сұхбат- бұл ақпараттық жанрлардағы материал дайындаудың негізгі әдістері.Сұхбат интервью ағылшын тілінде interview - кездесу, әңгімелесу деген маңына береді. Ол саяси, қоғамдық немесе өзге де өзекті мәселелер жөнінде журналистің белгілі тұлғалармен әңгімесіне құрылған публицистика жанры. Бүгінгі таңда аз уақыт ішінде адамға көп ақпарат беруді мақсат ететін журналистикада, заман талабына сай ақпараттық жанрлар алға шығуда. Сұхбат оқырманға да, тыңдарманға да, тіпті көрерменге де журналист - интервью алушының көріп - білген әңгімесін тікелей және тез жеткізетін жанр болып табылады. Бір жағынан, сұхбат - жанрлар жүйесінде көпқырлы позицияға ие, күрделі және жан-жақтылығымен ерекшеленеді. Сондықтан қазіргі журналистика жүйесіндегі сұхбаттың алатын орны мен онын түрлілігін анықтау өзекті мәселе. Сұхбаттың журналистика жанрлар жүйесінен көрініс беретін құбылыстарын толық талдамай тұрып, жанрлар тобына сипаттама бермей анықтау мүмкін емес. Сұхбаттың журналистика жанрлар ішіндегі орнын анықтап қана қоймай, техника дамуы мен қоса қарыштаған журналистика жанрларының эволюциясына, сұхбаттың газет, радио және теледидардағы негізгі түрлері мен өзіндік ерекшеліктеріне тоқталғанымыз жөн. Күрделі жүйенің құрамы ретінде сұхбат қолданылу жиілігімен, орындалу техникасымен осы жүйедегі жоғары позициялардың бірін иемденеді. Қазіргі заманауи әлемдегі адамдар алатын ақпараттар ағыны жылдаи, сондықтан қазіргі журналлистика заман талабына сай оқырман, көрермен және тыңдарманға ақпарат береде оны терең талдап, сараптама жасауға емес, нақты ақпарат беруге ұмтылады. Осыған орай, журналистер арасында кеңінен қолданылатын жанр, ешқандай себеп-салдарлық байланыстарды қамтымайды, тыңдарман-ға қажет нақты ақпаратты беруді мақсат тұтып, сөйтіп ақпараттық жанрға айналды.
Сұхбат- БАҚ-тағы сұхбат құрамында көп кездесетін субьективтілік болғанына қарамастан, ақпарат алушыларға қажет материалды бірінші болып алуға жағдай жасайды. Аталған субьектизм журналистің алған ақпаратын сұхбатқа айналдырып, қағаз бетіне көшірген кезіңде өз елегінен өтуізуге мүмкіндік береді. Сонымен, газет бетіндегі интервьюер мен сұхбат берушінің сұрақ - жауап түріндегі әңгімесі оның түпнұсқасы емес. Бұл журналист пен сұхбат берушінің сол әңгімесі, бірақ сұхбат алушы біраз өзгеріс енгізеді. Алайда, атап кеткендей бұл ерекшелік көбіне журналистің тыңдаған дүниесін оқырман оқитын газет сұхбатына тән, ал аудитория ақпаратты тікелей тыңдап және көре алатын радио мен теледидар сұхбатына көбіне жат болып келеді. Соңғы жағдайда, тыңдарман ақпаратты сұхбат алушымен қатар тікелей сұхбат берушіден тыңдап, көреді. Мұндай жағдайда, сұхбат беруші адам тікелей қатысып оны өз санасынан өткізетіндіктен белгілі деңгейде оқиғаға қатысушы есебінде болады. Бұл жерде ақпаратты оқырман, көрермен, тыңдарман тындап, көргенін өз дүниетанымына, өмірлік көз қарасына сәйкес қабылдайды. Сұхбат - көп қырлы жанр. Бұл сұхбаттың ақпараттық жанрға да, талдамалы жанрға да қатыстылығын дәлелдейді. Сұхбат өзіндік жеңілдігіне қарамастан, белгілі бір стратегия мен тактикаға бағынуды талап ететін күрделі жанр. Сұхбат біздің көзқарасымыз бойынша ғана жеңіл, себебі, ақпарат алудың көзі ғана болып көрінеді. Сұхбат әртүрлі болады. Жанр ретінде сұхбат: хабарлама(әңгіменің маңызды тұстары алынып, жауаптар қысқа беріледі), сұхбат - диалог (әңгіменің толық мәтіні беріледі), сұхбат - суреттеме(әңгіме мазмұнынан өзге оның қандай жағдайларда алынғаны, сипаты беріледі),сұхбат - пікір(оқиғаға, құбылысқа, деректерге түсіндірме беріледі), бұқаралық сұхбат(баспасөз конференцияларынан, брифингтерден беріледі)болып бөлінеді. Публицистика жанрлары мен пішіндеріне арналған орыс тіліндегі Справочник журналиста кітабінда сұхбаттың монолог, диалог,суреттеме, анкета және ұжымдық түрлерін атайды[7]. Мұнда дөңгелек үстел басындағы әңгімені сұхбаттың ұжымдық түріне жатқызады.
Сұхбат - публицистикалық жанр, журналистің бір немесе бірнеше тұлғамен әңгімесі. Егер сөздердің семантикасына назар аударатын болсақ, inter - өзара қатынасы бағыттас деген мағынаны берсе, view сөзінің мағынасы - көзқарас, пікір дегенді білдіреді. Демек, сұхбат - көзқарас, дерек, ақпарат алмасу. Жанрлардың құрылуы кезінде, яғни белгілі бір жанрға жатқызу үшін публикациялардың болашақ сипаталуымен жанр аттарын айыра білу керек. Публикациялардың әлі де жанрлық анықтама алмаған жаңа тобының қатаң принциптік негізі жоқ және белгілі заңдылыққа сүйенбейді. Кейде атау жанрға ат беруші жанр құрылушы бір факторда субьектінің назары бір оқиғаға баса назар аударылуы негізінде беріледі. Сұхбатты журналистиканың бір жанры деп қарастырмас бұрын, алдымен оның даму тарихына тоқталған жөн. Журналистикадағы кез келген жанрдың даму үрдісі негізінен техниканың дамумен, радио мен телевидениенің пайда болуы және таралуымен тығыз байланысты. Сондықтан да біз сұхбаттың даму тарихын техникалық даму үрдісімен тығыз байланыста қарастырамыз. Сол арқылы газет, радио және телевидениедегі сұхбатты осыған сай БАҚ әдістемелері бойынша талдаймыз. Сұхбаттың эволюциясы: журналистиканың кез-келген жанрының басқалардан бөлектеніп тұратын ерекшеліктері бар. Олар пішіні, берілу әдісі, эмоциональды-айшықты белгілері бойынша бір-бірінен ерекшеленуі мүмкүн. Жанр эволюциясы техниканың дамуымен өте тығыз байланысты дамиды. Сол арқылы радио мен телевидения ескі жанрладры түрлендіріп, оларға ерекше реңк беруі заңды құбылыс. Радио және телевизиялық сұхбат пайда болды, алайда, ол газеттегі сұхбат жанрын ығыстыра алмады. Керісінше, олармен бір деңгейде дамып келеді.
Сұхбат жанрының айқындала түсуі сұхбат әдісі пайдаланылған жарияланымдардын көптеп пайда болуы арқылы жүзеге асты. Ол сұхбаттасу кезеңін немесе сұрақ - жауапқа негізделген пішін, сұхбаттың пайдаланылуымен тығыз байланысты. Егер де автор сұхбат алушыдан алған материялдарға комментарий бермей, тек қана көпшілік қауымды құлағдар етуді мақсат еткен болса, ол ақпараттық материялға жол салды деуге болады. Алайда осы тектес сұхбаттарда сұхбат беруші кім? қайда? қашан? деген сұрақтарға дауап бере алғанда ғана толық мәнді ақпараттық болып есептеледі. Ақпараттық сұхбаттың алдына қойған мақсаты - автор тапқан жаңалығы жайлы көрерменге ақпарат беруді көздейді. Алайда, оны сараптамадан өткізбейді. Оған мынадай тікелей эфирден алынған қарапайым мысал келтіруге болады. Тақырыбы: Танысыңыз. Серік Аблайұлы.
-Сіздің сүйікті асыңыз?
-Балық.
-Сіздің сүйіп оқитын кітабыңыз?
-М.Әуезов шығармалары.
-Саяжайыңыз бар ма?
-Жоқ.
Жанр техникасы. Бір жанрдың үш түрі де (баспасөз, радио, теледидар) бір-біріне ұқсас. Алайда, атап өткеніміздей, олардан айтарлықтай айырмашылықтары бар. Радиомен телевидениядегі сұхбат газеттегіге қарағанда көркемдік пен көрнекілік жағынан ерекшеленеді. Радиомен телесұхбатта көрермен мен тыңдарман сұхбатқа тікелей атсалыспаса да, оның қатысушысына айналады. Ақпаратты тұтынушыға жеткізуде радиосұхбат пен телесұхбаттың сапасы көрнекі болуы маңызды, себебі, ақпаратты қабылдаушы сол арқылы болған оқиғаның неге, не үшін, қалай болғаны жайлы өзі шешім шығара алады. Бұл сапа журналистке оңай түспейтін олжа, ол аудиторяға қызықты, маңызы бар, әділ ақпарат беруі тиіс. Олай болмаған жағдайда көрермен басқа арнаға, ал тыңдарман басқа толқынға ауысуы ықтимал.
БАҚ сұхбаты оқырманның туғызады. Жоғарыда атап өткеніміздей, бұл сұхбат субьективтілігімен ерекшеленеді. Би - Би - Си- арнасы журналистерінің тұжырым бойынша: Екі бірдей тең адамның ғана сұхбаты сәтті, әрі толыққанды болады,-дейді[8]. Журналист алдына қойған мақсатына жету барысында маңызды емес деген сұрақтарды алып тастай алады, сол арқылы басқа сұрақтарға толығырақ тоқталады. Керек болған жағдайда журналист сұрақтардың ретінде өзгерте алады. Яғни, осылай газет бетіне шыққан сұхбат журнаист пен сұхбат берушінің сол әңгімесі болмай қалады. Сұхбаттың басқа түрлерін пайда болуының өзі БАҚ-тағы сұхбаттан бастау алған. Сұхбат жүргізудің техникасын игеру барысында сұхбатқа дайындалу мен оны жүргізудің қиындықтарын ескерген абзал. Кез келген сұхбаттың алғашқы кезеңі әрине - дайындықтан басталады. Сұхбат алушының ұстанымын былай анықтауға болады: Мен сіздің мен білмейтің нәрсені білетініңізді білемін ұстанымы. Журналистін дайындықсыз сұхбат жүргізуіне құқығы жоқ. Кейбір жағдайда білмеуі мүмкін, алайда, болған жағдайды алдын-ала анықтап алу, сұхбат берушіге деген құрметті көрсетеді. Кей жағдайда барлығын жақсы деңгейде білген журналист, сұхбат берушіні көлеңкеде қалдыруы мүмкін, адасушылықтың пайда болу қаупі осында. Тақырыпты журналистің өте жақсы меңгергендігі әңгіменің тартымды болуына септігін тигізіп, оны керек жаққа бағыттап, сұхбат берушіге ғана белгілі деректерді табуы мүмкін. Сұхбат жанрында сұрақтар маңызды рөл атқарады. Олар мына ұстанымдарға сәйкес болғаны жөн:
1.Сұрақтар анық болуы керек. Сұхбат беруші сұрақты түсінбесе, оған журналист кінәлі. Сұрақтың түсінікті болу үшін оны алдымен журналистің өзі түсінуі қажет.
2.Күрделі сұрақтарды қоймаған жөн. Осындай жауап алатын сұрақтар көп жағдайда радио мен телевиденияда сирек пайдалануы мүмкін. Оның өзінде егер сұхбат берушіні толық таныстырудан қашқанда ғана қолданылады.
3.Сұрақты қою барысында сұхбат берушіге деген сыйластықты ұмытпауы керек. Журналистің этикалық сезімі оның сұрақтарының қалай әсер ететінін анықтап отыруы қажет. Сұхбат берушінің іс-әрекетін байқап отыру журналистің кәсіби шеберлігін көрсетеді.
4.Қойылатын сұрақ қызықты болуы шарт.
Сұхбат жанрында жұмыс істейтін журналистің алдына тәжірибе барысы бірнеше шығармашылық сұрақтар қояды. Сұхбат берушіні қойлатын сұрақтармен алдын-ала таныстыру қажет пе? Мүмкін, болашақ әңгіменің тақырыьын ғана атап өткен жөг болар?!
Және де осы жайлы журналистика теориясын зерттеуші ғалым М.И.Шостак: Сұхбат-журналистің ой-өрісінен туындайтын жайт...Сұхбат алушының басты мақсаты сұхбат берушінің пікірін, көз қарасын толықтай жетік білдіруіне ерік беру,-дейді[9]. Сұхбат жанрындағы әлемдік тәжірибе көрсеткендей оның жақсы шығуының өзі көптеген шартқа байланысты, мысалы, журналист өз жұмысын қаншалықты деңгейдке меңгергеніне редакция талаптарының қаншалықты нақты екендігіне, әңгімелесушінің дайындығына байланысты болуы мүкін. Тілші сұхбат берушіден тыңдарманның аузынан естігісі келген сұрақты қоюға құқылы. Радио және телесұхбатта маңызды, қызықты ақпаратты тек шақырылған кейіпкер бере алатыны ұмытпау керек. Сондықтан журналист керек кезде өз жоспарын өзгертіп отыруға, сұхбат барысын мұқият қадағалауға мүмкіндігі бар. Мысалы, жоспардағы сұраққа әңгіме барысында жауап беріліп қойса, ол сұрақты алып тастағаны жөн. Әңгіме қызығына кіріп кетіп сұхбат беруші тақырыптан ауытқып кетуі де ықтимал. Сол үшін журналист керекк кезде сұхбат берушіні тақырыпқа бағыттып отырғаны жөн. Біз жкрналистика жүйесіндегі сұхбат жанрының қыр-сырын қарастырып, жанр жүйесіндегі негізгі түрлерін анықтап, саралауға талпынамыз. Сұхбат жанры автордың сұхбаттасуы арқылы алған мәліметтерінің журналист мәтініңде бектітілгендігінің нәтижесі болып келеді. Бұл әдістін теориялық әдістегре жатпайтыны белгілі. Сондықтан сұхбат жанры көбінесе ақпараттық жанры ретінде қарастырлады. Сұхбат ақпараттық қана емес, сараптамалық мәліметтерді алу үшін де қолданылатыны ұмытқалып жатады. Сұхбат арқылы алынған материялдар газет бетінде корреспонденция, есеп, мақал арқылы да оқырманға ұсынылуы мүмкін. Яғни, ақпарат жинауюарысында аталмыш әдісті пайдалану бірден сұхбат жанрын туғызбайды. Мәтінде осы әдістің белгілері анық көрініп тұрса, яғни диалог, сұрақ - жауап байқалса ғана ол оның пішін анықтап бере алады. Тек осындай белгілері бар мәтін сұхбат жанры деп танылады. Сұхбаттың ақпараттық немесе сараптамалық жатуы-жатпауы мәтіннің мазмұнына қарай анықталады. Егер ақпараттық сұхбат кім?не?қайда?қашан?деген сұрақтарға жауап беріп, белгілі бір дерек туралы хабарлайды. Сараптамалық сұхбат соған қоса деректі сараптай отырып, неге?қалай?не үшін? деген сауалдарға жауап алуға септігін тигізеді. Сараптамалық сұхбаттағы автордың рөлі- ол өз сұрақтары арқылы сұхбат алушыны мәселені сараптауға бағыттап отырады, себебі, бұл жанрда сараптауды сұхбат берушінің өзі жасайды. Осы мақсатпен сұрақтар белгілі бір оқиға, құбылыс, іс-әрекеттердегі түйінді шешуге бағытталады.

2.Сұхбат жанрынын заманауи тенденциясы
2.1 Телесұхбат әдістемесі,түрлері
Телесұхбат.Журналист керекті ақпаратты маңызды оқиғалар, құжаттар және дерекнамаларымен таныса отырып, ең алдымен, ақпаратты білетін адаммен араласа отырып алады. Кез-келен адаммен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сұхбат түрлері
ФИЛОЛОГИЯ МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША КӘСІПТІК ПРАКТИКА ЕСЕБІ
Телевидениедегі сұхбат жанры және тікелей эфир
Тележурналистиканың БАҚ саласындағы алатын орны
Ток - шоу тікелей эфир арқылы миллиондаған көрермен жинай алатын бағдарлама
Қазіргі саяси журналистика
ҚАЗАҚ ТЕЛЕЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ ДАМУЫ
Экрандағы бейне мен сөздің үйлесімі, телеарналар ерекшелігі
Репортаж жанрының ерекшелігі
Телерепортаж- алдынғы тележурналистика жанры
Пәндер