Жеке кәсіпкерлік субъектісі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Павлодарт облысының білім беру басқармасы
Жоғары инновациялық көп салалы колледжі

Курстық жұмыс

Пәні:Кәсіпорын экономикасы
Тақырыбы: "Кәсіпкерлік қызмет субъектілері мен түрлері"

Мамандығы:04130100-"Менеджмент"
Курс:3
Тобы:М-31
Орындаған: Абдалинова И.Н.
Тексерген: Асембаева А.А

Павлодар қаласы.
2022-2023
Жоспар:
І. КӘСІПКЕРЛӀК ҚЫЗМЕТ СУБЪЕКТӀЛЕРІ
1.1. КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТ СУБЬЕКТІЛЕРІ ҰҒЫМЫ
1.2. КСІПКЕРЛІК КЫЗМЕТ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ КУКЫКТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
1.3. КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ
ІІ. КӘСІПКЕРЛӀК КЫЗМЕТ СУЬЪЕКТӀЛЕРӀН ҚҰРУ, ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ТАРАТУ
2.1. КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТ СУБЪЕКТІЛЕРІН ҚҰРУ ТӘРТІБІ
2.2 КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТ СУБЪЕКТІЛЕРІН ҚАЙТА КҰРУ ЖӘНЕ ТАРАТУ

І. КӘСІПКЕРЛӀК ҚЫЗМЕТ СУБЪЕКТӀЛЕРІ
1.1. Кәсіпкерлік қызмет субьектілері ұғымы
Кәсіпкерлік кызмет субьектілері болып коммерциялык ұйымдар (меншік түріне карамай, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік емес заңды түлғалар да) жэне кәсіпкерлік кызметпен айналысатын жеке тұлгалар (жеке кәсіпкерлер) саналады. Кәсіпкерлік қызметтің басқа катысушылары қатарына: кәсіпкерлікпен айналысатын коммерциялык емес ұйымдарды; кәсіпкерлік кызметпен тіркеусіз айналысатын азаматтарды; коммерциялык ұйымдардың (оның ішінде шетелдік те) филиалдары мен окілдіктсрін; кэсіпкерлер бірлестіктерін - холдингтерді, каржылык-өнеркәсігітік топтарды, консорциумдарды (карапайым серіктестіктерді) жоне заңды тұлға қүрмаған басқа да бірлестіктсрді жатқызуга болады.
Кәсіпкер дегеніміз - ол кәсіпкерлік қьізметті заңмен немесе келісім-шартпен белгіленген тәртіпте тұрақты негізде жүзеге асыратып тұлға.
Экономикалык қатынастардың кандай да бір қатысушысын кәсіпкер деп тану үшін, ол бслгілі бір талаптарға: 1) оқшауландырылған (дара) мүлкінің болуы; 2) кәсіпкерлік кұкықтары мен міндеттерінің (шаруашылық құзырының) болуы; дербес мүліктік жауапкершілік; кәсіпкерлік қызмет субъектісі ретінде мемлекеттік тіркелуі сияқты белгілерге сай болуга тиіс.
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін субъектінің оқшауланған мүлкі болуға тиіс, өйткені кәсіпкерлік қызмет белгілі бір мақсаттарга жету үшін мүлікті пайдалануға тікелей байланысты. Мұндай оқшауланудың негізгі формалары болып жеке меншік құқыгы жэне шаруашылық жүргізу қүқығы саналады (сонымен бірге тікелей басқару құқығы және жалдау құқығы және т.б. формалары да болуы мүмкін).
Кәсіпкерлік қызмет субъектісіне заңға немесе келісім-шартқа сәйкес берілген құзыреттер жинала келе, оның шаруашылық құзыретін құрайды. Әдетте, шаруашылық құзыреттің мынадай түрлері ажыратылады: 1) жалпы құзырет (соған сәйкес субъект кэсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қажетгі субъективті құқықтар мен заңдық міндеттерге ие болады, ягни жалпы құзырет жеке кәсіпкерлік субъектілеріне беріледі); 2) арнайы құзырет (құрылтайшылық құжаттарда айқындалады жэне заңмен белгіленген нақты субъект (мысалы, коммерциялық емес ұйым) қызметінің мақсаттарына сай болуга тиіс; 3) шектеулі құзырет (жалпы құзыретке ие субъектінің оз қалауы бойынша құрылтайшылық кұжаттарда айқындалады); 4) дара шаруашылық құзырет (қызметтің басқа түрлерімен айналыса алмайтын кәсіпкерлік кызметтің жекелеген субъектілеріне, мысалы, табиғи монополиялар субъектілеріне, банктерге және т.б. қатысты заң белгілейді).
Кәсіпкерлік қызмет субъектілері өзіне тиесілі мүлікпен өз міндеттері бойынша жауапкершілік алуға тиіс. Заңды тұлғалардың дербес азаматтык-құкыктык жауапкершілігі ҚР АК 44-бабымен бекітілген. Алайда бұл ережеден төмендегілер: 1) арнайы қаржы ұйымдары; 2) кұрылтайшы каржыландыратын мекемелер; 3) мемлекеттік мекемелер; 4) қазынашылық кәсіпорындар үшін бірқатар шегерулер (шығарып тастау) коздслген. Мысалы, мемлекеттік мекемелердің немесе қазынашылык кәсіпорындардың акшасы жеткіліксіз болған жагдайда, субсидиялық жауапкершілікті ҚР Үкіметі немесе жергілікті атқару органы көтереді.
Азаматтық зандар кәсіпкердің жоғары жауапкершілігін белгілеген, ол кінәсінің бар-жоғына қарамастан, кәсіпкердің міндеттемелерін орындамағаны немесе қанағаттанғысыз дәрежеде орындағаны үшін мүліктік жауапты екендігінен көрінеді. ҚР АК 359-бабының 1-тармағына сәйкес, кәсіпкерді жауапкершіліктен босататын жалғыз негіз форс-мажорлық (төтенше) жагдайлар немесе шама жетпейтін күш жағдайлары (табигат апаттары, әскери іс-кимылдар жэне т.б.) болып табылады. Мұндай жағдайларга, мысалы, нарықта тауарлардың, жұмыстардың немесе атқаратын қызметтердің болмауы жатқызылмайды.
Одан тыс заң аркылы төмендегілердің: 1)толық серіктестік қатысушыларынын: егер тарату кезінде қолда бар мүлік онын барлық қарыздарын жабуға жеткіліксіз болған жағдайда (ҚР АК 70-бабының 1-тармағы; 2) салған салымдарының еселенген көлеміндегі сомасы жеткіліксіз, сонымен бірге катысушылардың бірі банкрот болған жағдайда, косымша жауапкершілігі бар серіктестік катысушыларынын ортақ жауапкершілігі орын алатын жағдайлар көзделген. Одан өзге, заңмен төмендегілердің: 1) заңды тұлға мүлкінің құрылтайшысының (қатысушысының) немесе меншік иесінің: занды тұлғаның қаражаты (ҚР АК 44-бабының 3-тармағы) жеткіліксіз болган кезде, кұрылтайшының (қатысушының) немесе онын мүлкінің меншік иесінің әрекеттерінен туындаған банкроттык жағдайында, мысалы, еншілес ұйым негізгі ұйымның кінэсінан банкрот болғанда, негізгі ұйым субсидиялық жауапкершілікті көтеретін (ҚР АК 94-бабының 2-тармагы); 2)өндірістік кооператив мүшелерінің кооператив міндеттері бойынша, субсидиялык жауапкершілігі (ҚР АК 96-бабының 3-тармагы) орын алатын жагдайлар карастырылган.
Мемлекеттік тіркеу нәтижесінде субъект кәсіпкер мәртебесін иеленеді және толық келемде өз құкықтары мен заңды мүдделерін коргау, жеңілдіктер және артыкшылықтар алу мүмкіндігіне ие болады. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеудің жалпы негіздері жэне тәртібі ҚР Азаматтық кодексі және 1995 ж. сәуірдің 17-індегі № 2198-ші Заңды тұлгаларды мемлекеттік тіркеу жэне филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы ҚР Заңы арқылы реттеледі. Арнайы ережелер Жеке кәсіпкерлік туралы Заңмен көзделген (бұл туралы тереңірек 6-тараудан караңыз).
Сөйтіп, бір нсмесе басқа қатысушыны кэсіпкерлік кызмет субъектісі деп тану үшін, барлық жоғарыда аталған белгілердің болуы міндетті.

1.2. Кәіпкерлік кызмет субъектілерінің құқықтары мен міндеттері
Заңдарга сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілері төмендегілерді орындауға құқылы:
1) егер ҚР заңымен басқадай көзделмеген болса, жеке кәсіпкерліктің кез келген түрін жүзеге асыруға;
2) ҚР заңдарына сәйкес жеке кәсіпкерлікті жалдама еңбекті пайдаланып жүзеге асыруга;
3) ҚР зандарымен көзделген тәртіпте филиалдар мен өкілдіктер құруға;
4) ҚР заңдары белгілеген жағдайларды есептемегенде, өндірілетін тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) өз бетінше баға белгілеуге;
5) шағын кәсіпкерлік субъектілеріне өтем негізінде қаражат (қарыз) беруге;
6) өз құқығы қабілеті шегінде сырткы экономикалык кызметті жүзеге асыруға;
7) шағын кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерін кұруға;
8) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тіркелген бірлестіктері аркылы сараптама кеңестері жұмысына қатысуға;
9) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарының бұзылуына кінәлі болған тұлғаларды жауапкершілікке тарту мәселелері бойынша бақылау және қадағалау қызметтерін атқаратын құқық қорғау жэне мемлекеттік органдарга шағымдануға;
10) өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін, сот органдарына шагымдануға;
11) жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің орындалмауына немесе тиісті емес дәрежеде орындалуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы мемлекеттік органдарда қарауға ұсыныстар беруге (Жеке кәсіпкерлік туралы Заңның 8-бабы, 1-тармағы).
Жеке кәсіпкерлік субъектілері төмендегілерді орындауға міндетті:
1)ҚР заңдарын, жеке жэне заңды тұлғалардың заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделерін сақтауға;
2)өндірілетін өнімнің ҚР заңдары талаптарына сай болуын камтамасыз етуге;
3)жеке кәсіпкерліктің лицензиялауға жататын түрлерін жүзеге acыру үшін, ҚР лицензиялау туралы заңына сәйкес лицензия алуға;
4)ҚР эаңдарына сәйкес азаматтык-құкықтык жауапкершілікті міндетті сактандыруды орындау (Жеке кәсіпкерлік туралы Занның 8- бабы, 2-тармағы).
Заң тәртібімен кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің адал емес бәсекслестікті іске асыруына жол бермеу туралы ереже бекітілген. Атап айтқанда, Жеке кәсіпкерлік туралы Занның 9-бабына сәйкес, жеке кәсіпкерліктің басқа субъектілерініц ҚР зандарымен бекітілген (бәрінен бұрын, 2008 ж. желтоқсанның 25-індегі № 112-IV ҚРЗ Бәсекелестік туралы ҚР Заңы) еркін бәсекеге деген құкықтарын бұзу жолымен бәсекелестікті шектеу немесе жоюға бағытталған әрекеттеріне (әрекет етпеуіне) тыйым салынады. Кәсіпкерлер - отандык тауар өндірушілер туралы айтар болсақ. ішкі нарықты корғау тарифтік немесе тарифтік емес реттеу шаралары (1998 ж. желтоқсанның 28 - індегі № 337-1 Тауарлар импорты барысында ішкі нарыкты корғау шаралары туралы ҚР Заңының нормаларына сәйкес) аркылы жүзеге асырылады.
Жеке кәсіпкерлік туралы заңда коммерциялык құпия саналатын ақпаратты заңсыз алуға, таратуға немесе пайдалануға тыйым салу болып табылатын жеке кәсіпкерлік субъектісі туралы акпаратты құқықтық корғау мәселелеріне айрықша көңіл бөлінген. Жеке кәсіпкерлік субъектісі: 1) коммерциялык құпия болып саналатын ақпаратқа еркін қол жеткізу құкы бар адамдар тобын белгілейді және оның кұпиялылығын қорғау шараларын қабылдайды; 2) акпаратты жария ақпарат санатына жатқызу тәртібін, коммерциялык кұпия болып саналатын ақпаратты сақтау және пайдалану шарттарын белгілейді; 3) коммерциялық құпия болып саналатын акпаратты жария етпеу туралы қызметкерлерден қолхат алуға, ал оны тексеретін адамдарға ҚР заңдарына сәйкес жауапты екендіктерін ескертуге құқылы; 4) мемлекеттік органдарға және лауазымды тұлғаларға тіркеу, бақылау қызметтерін және баска да әрекеттерді атқару кезінде ҚР заңдарымен белгіленіп жүктелген қызметтерді орындауға кажетті ақпараттан басқа, коммерциялык құпия болып табылатын ақпаратты бермеуге қүкылы. Онымен коса міндетті жариялануға немесе акционерлерге, шаруашылық серіктестік қатысушыларына немесе басқадай белгілі бір адамдар тобына жеткізілуге жататын ақпарат тізімдемесі ҚР зандарына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектісінің қүрылтайшылық құжаттары арқылы белгіленеді.
Мемлекеттік орган өзіне жүктелген қызметтерді орындау барысында алған жеке кәсіпкерлік субъектісі туралы кез келген ақпарат, ҚР заңдарына сәйкес басқа мемлекеттік органға берілуге тиісті жағдайларды есептемегенде, жария етуге және таратуға жатпайды.
Кұкық корғау органдары кажетті ақпаратты, оның ішінде коммер-циялык кұпия саналатындарды косканда, жеке кәсіпкерлік субъектісінен де, сол ақпаратты иеленуші мемлекеттік органнан да прокурордын рұксаты (санкция), тергеу органдарының кылмыстық іс козгау туралы қаулысы немесе сот қаулысы негізінде (Жеке кәсіпкерлік ту-ралы Заңның 11 -бабы, 9-тармағы) сұратып алуға және алуға кұқылы.
Жауапкершілік туралы айтқанда, жеке кәсіпкерлік субъектісі туралы акпаратты қоргау ережелерін бұзғаны үшін азаматтык- қүкыктық жауапкершілік жүктелетінін ерекше атап өткен жөн. Сөйтіп, Жеке кәсіпкерлік туралы Заңның 11-бабының 4-тармагы бойынша коммерциялык құпия саналатын ақпаратты заңсыз әдістермен алган, ашкан немесе пайдаланған адам ҚР азаматтық заңдарына сәйкес келтірілген залалды өтеуге міндетті.
Заң шығарушының коммерциялык кұпия немесе заңмен корғалатын баска да кұпия саналатын ақпаратты пайдалану тәртібіне қоятын басты талабы оның жеке кәсіпкерлік субъектісінің келісімінсіз жария етілмеуі (бұл ережеге жатпайгын жалғыз-ақ нәрсе - заңды күшіне енген сот шешімі) болып табылады. Жеке кәсіпкерліктін нақты субъек-тісінің қызметі туралы мәліметтерді ашпайтын жалпылама акпаратка қатысты белгіленгені - ол көпшілікқолды (копшілік пайдаланатын) болып танылады (Жеке кэсіпкерлік туралы Заңның 11-бабы, 11-тармағы).
Заң жеке кәсіпкерлік субъектісінің уәкілетті органга статистикалық есептеме тапсыру міндетін белгілемесе де, алайда ол шектеулі сипатта болады, өйткені мемлекеттік органдар мемлекеттік статистика саласында нормативтік құқықтық актілермен көзделмеген мәліметтерді талап етуге құқылы емес (мысалы, 1997 ж. мамырдың 7-індегі № 98-1 Мемлекеттік статистика туралы ҚР Заңы).
1.3. Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің түрлері
Кәсіпкерлік субъектілерін жіктеу әртүрлі негіздер бойынша жүргізілуі мүмкін. Біріншіден, соның негізінде кұрылған және жұмыс істейтін меншік түріне байланысты мемлекеттік және жеке үйымдарды белуге болады. Екіншіден, кэсіпкерлік қызмет субъекті-лерінің заңды тұлға құқықтарының болуы немесе болмауына сүйене отырып, оларды мынадай: кәсіпкерлер - заңды тұлгалар немесе жеке кәсіпкерлер деп саралауға болады. Үшіншіден, ұйым пайда (табыс) табу үшін кұрылғанына жэне оны өзара қатысушылар (құрылтайшылар) арасында бөлісуіне байланысты коммерциялык, жэне коммерциялық емес үйымдар деп белуге болады.
Бөлудің басқа негізі ретінде жүзеге асырылып жатқан кэсіпкерлік кызметтің Жеке кәсіпкерлік туралы Заңмен белгіленген сандық жэне сапалык көрсеткіштері алынуы мүмкін жэне соларға сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілсрі: 1) шағын кәсіпкерлік субъектілері; 2) ортаиш кәсіпкерлік субъектілері; ірі кәсіпкерлік субъектілері деп үш топка бөлінген.
Шағын кәсіпкерлік субъектілері болып занды тұлга кұрмаган, жұмыскерлерінің орташа жылдық саны 50 адамнан аспайтын жеке кәсіпкерлер және жұмыскерлерінін орташа жылдық саны 50 адамнан аспайтын әрі активтерінің орташа жылдық кұны жыл ішінде тиісті каржылык жылга республикалык бюджет туралы заңмен белгіленген (заңга сэйкес 2009 ж. қаңтардың 1-інен бастап, АЕК - 1273 тенге) алпыс мың еселенген айлык есептік көрсеткіштен (бұдан ары карай - АЕК) жоғары емес жеке кәсіпкерлікпен айналысатын заңды тұлғалар саналады, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің орташа жылдық саны барлық жұмыскерлерді, филиалдар, өкілеттіктер және сол субъектінің басқа да оқшауланған бөлімшелерінің жұмыскерлерін қоса есептеп аныкталады.
Аталган шартгардың біреуі артық болган жағдайда, шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін қарастырылған жеңілдіктерді бұл шагын кәсіпкерлік субъектісі пайдалана алмайды. Бұл жерде сөз шагын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары туралы да, басқа жеңілдіктер туралы да (оның ішінде бухгалтерлік есептің жэне каржылык есеп-кисап жасаудың оңайлатьшған түрі) болып отыр.
Сонымен катар зан аталған шарттар талабына сай болганмен, шағын кәсіпкерлік субъектілері болып таныла алмайтын субъектілерді арнайы бөліп көрсетіп отыр. Атап айтқанда, оларга төмендегідей қызмет түрлерін: 1) есірткі заттары, психикага эсер ететін заттар, прекурсорлар айналымына байланысты кызмет; 2) акцизделген өнім өндіру және (немесе) көтерме саудамен сату қызметі; 3) астық қабылдау орындарында астық сақтау бойынша қызмет; 4) лотерея өткізу қызметі; 5) ойын-сауык жэне шоу-бизнес саласындағы кызмет; 6) сертификация, метрология және сапаны басқару саласындағы кызмет; 7) мұнай, мұнай онімдерін, газ, электр жэне жылу энергиясын шығару бойынша қызмет; 8) радиоактавті материалдар айналысына байланысты кызмет; 9) банк қызметі (немесе банк операцияларының жекелеген түрлері) жэне сақтандыру нарыгындагы (сақтандыру аген- тінің қызметінен баска) қызмет; 10) аудиторлык кызмет; 11) бағалы қагаздар нарығындагы кәсіби кызмет (Жеке кәсіпкерлік туралы Заңның 6-бабы, 4-тармағы) жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер мен занды тұлгалар жатқызылады. Мұндай шектеулер кездейсоқ енгізіліп отырган жоқ, аталған субъектілер мемлекеттік қолдау шараларының көрсетілуіне мұқтаж емес деген жорамал жасалган.
Орташа кәсіпкерлік субъектілері болып заңды тұлға кұрмастан, жұмыскерлерінің орташа жылдық саны елу адамнан асатын жеке кәсіпкерлер де, жұмыскерлерінің орташа жылдық саны елу адамнан асатын, бірақ екі жүз адамнан артық емес жэне активтерінің орташа жылдык құны жыл ішінде тиісті қаржылық жылға республикалык бюджет туралы заңмен белгіленген үш жүз жиырма бес мын еселенген айлык есептік көрсеткіштен жоғары емес жеке кәсіпкерлікпен айналысатын заңды тұлғалар да саналады (Жеке кәсіпкерлік туралы Занның 6-бабы, 7-тармагы).
Ӏрі кәсіпкерлік субъектілері болып жұмыскерлерінің орташа жылдық саны екі жүз елу адамнан асатын немесе активтерінің орташа жылдық кұны жыл ішінде тиісті қаржылык жылға республикалык бюджет туралы заңмен белгіленген үш жүз жиырма бес мың еселенген айлык есептік көрсеткіштен жогары жеке кәсіпкерлікпен айналысатын заңды тұлғалар саналады (Жеке кәсіпкерлік туралы Занның 6-бабы, 8-тармағы).
Ақырында, кәсіпкерлік кызмет субъектілерін жіктеу олар атқаратын қызметтерге байланысты болып шықгы. Осы ұстанымдар бойынша: 1) кэсіпкерлік кызмет субъектілері (кәсіпкерлік қызметте жүзеге асыру негізгі міндет болып саналатындар); 2) негізгі міндеті әлеуметтік, мэдени, гылыми жэне басқадай шаруашылык, қызмет болып табьиатын кэсіпкерлік құқыц субъектілері (олардың негізгі міндеттерін іске асыру үшін шаруашылык айналымға түсу, кәсіпкерлік шарттар жасасу жэне т.б. қажет болатын жағдайларда кәсіпкерлік құқық субъектілері ретінде эрекет ететін коммерциялық емес ұйымдар); 3) кәсіпкерлік қызметті реттеуді (ұйымдастыруды) жүзеге асыратын субъектілер (оларға, бәрінен бұрын, шаруашылық кызметті тиісті аумақта реттейтін, кәсіпкерлік қызметті өздері құрған мемлекеттік кәсіпорындарда ұйымдастыратын мемлекеттік органдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдары жатады) жеке-жеке ажыратылады.
Қорыта келе, субъектілерді кэсіпкерлік кызметті жүзеге асырушылар және оны реттеушілер деп бөлу жеткілікті дәрежеде шартты сипатқа ие екенін айтқан жөн. Бір субъект аталган сапалардың екеуін де атқаратын жагдайлар болуы мүмкін, мысалы, ұлттық компаниялар кэсіпкерлік қызметті жүргізумен қатар, шаруашылық айналымның басқа қатысушыларына қатысты бақылаушы кызметін де атқара алады.

ІІ. КӘСІПКЕРЛӀК КЫЗМЕТ СУЬЪЕКТӀЛЕРӀН ҚҰРУ, ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ТАРАТУ
2.1. Кәсіпкерлік қызмет субъектілерін құру тәртібі
Кәсіпкерлік қызмет субъектісін кұру үшін, мүлік иеленушінің онын кұрылтайшысы ретінде саналы-жігерлі қызметі қажет. Бұның тең дәрежеде жеке кәсіпкерге де, заңды тұлғаға да катысы бар. Алайда егер зан жеке кәсіпкерге катысты тек бір ғана кұрылу тәсілін (алдын ала шешу, ягии жеке кәсіпкер ретінде тіркеу) белгілесе, ал заңды тұлғаларға катысты мұндай тәсілдер үшеу:
4) өкімдік - мемлекеттік билік немесе басқару органының тікелей бұйыруы, өкім беруі жолымен кұрылады (мұндай бұйрыкты мүліктің меншік иесі немесе оның өкілі өкімдік акт шығару түрінде бере алады - осындай тәртіппен, мысалы, мемлекеттік кәсіпорындар, мемле-кеттік мекемелер кұрылады);
5) рұқсат беру - заңды түлғалар өздерінің кұрылтайшыларының (мемлекеттік жэне жеке кәсіпорындар, қоғамдык ұйымдар мен азаматтар) бастамашылығымен, бірак тиісті мемлекеттік мекемелердін рұксат беруі мен құрылады;
6) алдын ала шешу (тіркеу) - заңды тұлғаны мұндай жолмен кұру үшін мемлекеттік органның рұқсаты талап етілмейді (екі шарттың болуы кажет: 1) мұндай заңды тұлга құру тәртібі заңда алдын ала көзделуге тиіс; 2) занды тұлға мүшелерінің тиісті заң актісі талап- тарына жауап беретін ұйымга бірігу туралы жалпы жиналысының шешімі болуы керек).
Заңды тұлғаның заңдык қабілеті ол кез келген занды тұлға үшін міндетті саналатын мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап пайда болады.
Жеке кәсіпкерлік туралы заңмен жеке кәсіпкерлік субъекті-лерін - заңды жэне жеке тұлғаларды мемлекеттік тіркеудің әртүрлі тэсілдері белгіленген. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін - заңды түлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) заңды тұлғаларды мемле-кеттік тіркеу заңына сәйкес (1995 ж. сэуірдің 17-індегі № 2198-інші Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы ҚР Заңы) жүргізіледі. Занды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мемлекеттік тіркеуге ұсынылған кұрылтайшылык жэне басқадай кұжаттардың ҚР заң актілеріне сәйкестігін тексеруді, тіркеу нөмірін белгілей отырып, оларға мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік беруді, филиалдар мен өкілдіктер туралы мәліметтерді филиалдар мен өкілдіктер тізбесіне енгізуді (Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы ҚР Заңының 1 -бабы) қамтиды.
Жеке кәсіпкерлік субъектілері - жеке тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді, айтатын болсақ, оларлы тіркеу тәртібі жеке кэсіпкерлік туралы заң нормаларына сәйкес анықталады. Жеке кәсіпкерлік туралы ҚР Заңынын 27-бабынын 1-тармағына сәйкес, жеке кәсіпкерлікті занды түлға құрмай жүзеге асыратын жеке тұлғаларды мемлекет-тік тіркеу алдын ала шешілген сипатта болады және оны жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгенде көрсетілген тұрғылықты мекенжайы бойынша аумақтық салық органында есепке алудан тұрады.
Мемлекеттік тіркелу міндетті болып табылатын занды түлғалардан айырмашылығы - жеке тұлғалар - жеке кәсіпкерлік субъектілері өз кызметтерін мемлекеттік тіркеусіз-ақ жүзеге асыра алады. Сонымен коса, жеке кәсіпкерлік туралы заң жеке кәсіпкерлердің кейбір жекелеген санаттары үшін мемлекеттік тіркелудің міндеттілігін бекіткен. Атан айтқанда, төмендегі шарттардың біріне жауап беретін:
1) тұракты негізде жалдамалы жұмыскерлер еңбегін пайдаланатын;
2) жеке кәсіпкерліктен ҚР салық заңына сәйкес есептелген, жеке тұлғалар үшін ҚР заңымен белгіленген салық салынбайтын (АЕК көлеміндегі жалпы сома) жиынтық жылдық табыстан асатын көлемде жиынтык жылдық табыс табатын жеке кәсіпкерлер үшін тағайындалған. ҚР заңымен көзделген жағдайлардан езге, жоғарыда аталған жеке кәсіпкерлердің мемлекеттік тіркеусіз қызметіне тыйым салынады.
Тұрақты түрде жалдамалы жұмыскерлер еңбегін пайдаланбайтын, Қазақстан Республикасы салық заңымен белгіленген мынадай: 1) төлем көзінен салык салынатын табыстан; 2) мүліктің табыстан; 3) басқадай табыстан пайда табатын жеке тұлға жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеуге құқылы.
Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік шектеусіз мерзімге беріледі. Мемлекеттік тіркеу үшін, жеке кэсіпкер тіркеуші органға: 1) тіркеуші орган белгілеген үлгі бойынша арыз; 2) жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке төленетін соманың төленгенін растайтын құжат; 3) түпнұсқасын көрсете отырып, жеке тұлға екендігін куәландыратын кұжаттың көшірмесі; 4) 3,5x4,5 көле-міндегі сурет; 5) жеке кәсіпкердің түрғылықты жерін растайтын (азаматтарды тіркеу кітабы немесе жылжымайтын мүлікке меншік немесе оны пайдалану қүкын растайтын құжат табыстайды. Егер арызданушы кәмелетке толмаған болса, онда аталған кұжаттарға ата- анасының, асырап алушылардың немесе қамқоршының келісімі, ал мұндай келісім беру болмаса, кәмелетке толмаған адамның әрекет етуге толық жарамдылығы туралы сот шешімі коса беріледі.
Тіркеуші орган жеке кәсіпкерден басқадай құжаттар тапсыруды талан етуге кұқылы емес жэне жоғарыда көрсетілген кұжаттар тапсырылганнан кейін 3 күннен кешіктірмей, жеке кәсіпкерді мемле-кеттік тіркеуге алуга тиіс.
Қайта тіркеу заңды тұлға құру емес, жұмыс істеп жаткан тіркелген заңды тұлғаны қолданылып жүрген заңдар талаптарына сәйкестендіру дегенді білдіреді. ҚР АК 42-бабынын 6-тармағына сәйкес, заңды тұлға мынадай:
1) жарғы кагшталының жэне акционерлік коғамның жарияланған жаргы капиталының көлемі азайган; 2) занды тұлга атауы өзгерген; 3) шаруашылық серіктестіктерінде жэне жабык акционерлік қоғамдарда қатысушылар құрамы өзгерген жағдайларда жэне басқадай негіздер бойынша қайта тіркеуден өткізіледі.
Жеке кәсіпкерліктің дамуын колдау және әкімшілік тосқауылдарды алып тастау мақсатында, заң шығарушы кәсіпкерлік қызмет субъектілерін мемлекеттік тіркеудің (кайта тіркеудің) жэне олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеудің (кайта тіркеудің) қысқартылган мерзімдерін белгіледі. Сөйтіп, шағын кәсіпкерлік қызмет субъектілерін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) жэне олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (кайта тіркеу) кажетті құжаттарды қоса отырып арыз берген күннен бастап, 3 жүмыс күнінен кешіктірмей жүргізілуге тиіс.
Өз қызметін үлгі жарғы негізінде жүргізетін орташа және ірі кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттарды коса отырып арыз берген күннен бастап, 3 жұмыс күнінен кешіктірмей. ал басқадай заңды түлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) жэне филиалдар мен өкілдіктерді, оның ішінде шетелдік заңды тұлгалардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) кажетті кұжаттарды коса отырып арыз берген күннен бастап, 10 жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізілуге тиіс (Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы ҚР Заңының 9-бабы).
2.2 Кәсіпкерлік қызмет субъектілерін қайта кұру және тарату
Жеке кәсіпкерлік субъектілерін қайта құру жэне тарату заңды тұлғалар және қандай да бір заңды тұлға құрылган нақты ұйымдық - құкықтық формалар үшін азаматтық заң, сонымен катар арнайы заң (мысалы, ҚР АҚ туралы Заңы немесе ҚР ЖШС жэне ҚЖС туралы Заңы жэне т.б.) белгілеген жалпы негіздерде жүзеге асырылады.
Заңды тұлганың кызметін тоқтатуы туралы жалпы ережелерді айтканда, оның негізгі формалары заңды тұлғаны қайтадан ұйымдастыру (заңды тұлға құрамынан басқа ұйым бөліп шығару (ҚР АК 45- бабы) жагдайынан баска) жэне занды тұлғаны тарату (ҚР АК 49-бабы) болып табылатынын атап өткен жөн.
Занды тұлғаны қайта құру оның мүлкінің меншік иесінің немесе меншік иесі уәкілеттік берген органның, кұрылтайшылардың (катысушылардың) шешімі бойынша. сонымен катар занды тұлғаның құрылтайшылык кұжаттарымен өкілеттік алған органның шешімі немесе зал актілерімен карастырылган жағдайларда сот органдарының шешімі бойынша жүзеге асырылады. Заң заңды тұлғаны кайта кұрудың бес формасын: қосу, біріктіру, белу, бөліп иіыгару, өзгертуді (соны-мен бірге басқа формаларда да кайта кұруды іске асыру мүмкіндігі көзделген) ерекше атап керсетеді.
Қайта құру ерікті немесе мәжбүрлі түрде жүргізілуі мүмкін. Мәжбүрлі кайта құру заңмен көзделген жагдайларда сот органдары шешімімен жүзеге асырылады (мысалы, монополияга карсы заңды, банкроттық туралы заңды бұзғаны үшін жэне т.б.).1
Заңды тұлға, косылу түріндегі қайта құрудан баска жағдайда, жаңадан пайда болған заңды тұлғаны тіркеу сәтінен бастап (заңды тұлғаны оған басқа заңды тұлғаны біріктіру жолымен кайта құрғанда. олардың алдыңғысы біріктірілген заңды тұлғаның кызметі тоқтатылғаны туралы зацды тұлғалардың мемлекеттік тізбесіне жазу енгізілген сэттен бастап қайта құрылған болып есептеледі) кайта құрылған болып есептеледі (ҚР АК 45-бабының 4-тармағы).
Қайта құрылған заңды тұлғаның мүліктік кұқықтары мен міндеттері жаңадан пайда болған занды тұлғага: қосылган жэне біріккен жағдайда - өткізу актісіне сәйкес, ал бөліну, бөлініп шығу жағдайында - бөлу теңгеріміне (баланс) сәйкес өтеді. Аталған құжаттар кайта құрылған занды тұлганың барлық кредит берушілеріне жэне борышкерлеріне қатысты барлық міндеттері бойынша, тараптар талап ететін міндеттерді де қосқанда, кұкықтық мираскорлық туралы ережелерді камтуға тиіс. Заңды тұлғаның мүлкін иеленуші немесе заңды тұлғаны қайта құру туралы шешім қабылдаған орган өткізу актісін жэне бөлу теңгерімін бекітеді, содан кейін оларды құрылтайшылық құжаттармен бірге тіркеуге береді. Құрылтайшылық құжаттарды, тиісінше өткізу актісі мен бөлу теңгерімін табыс етпеу, сонымен қатар оларда кайта кұрылған занды тұлғаның міндеттері бойынша кұқықтық мираскорлық туралы ережелерінің болмауы жаңадан пайда болған заңды тұлғаларды тіркеуден бас тартуга негіз болады.
Занды тұлғаны тарату - бұл оның заңды тұлғалардың мемлекеттік тізбесінен шығарылу жолымен кызметін тоқтатуы. Заңды тұлғаны тарату нәтижесінде, - кайта құрудан айырмашылығы, - мұнда құкықтық мирасқорлық болмайды.
Тарату ерікті түрде немесе мәжбүрлі түрде жүзеге асырылуы мүмкін. Ерікті жағдайда оның мүлкін иеленушінің немесе меншік иесі өкілеттік берген органның шешімімен, сонымен катар құрылтайшылық кұжаттармен өкілеттік берілген заңды тұлға органының шешімімен занды тұлға кез келген негіздеме бойынша таратылуы мүмкін (ҚР АК 49-бабының 1-тармағы).
Жеке кэсіпкерлік субъектісі борышкердің арызы негізінде немесе ҚР заңымен көзделген жагдайларда басқа да тұлғалардың сотка берген арызы негізінде сот шешімімен банкрот болып жарияланады.
Сот шешімімен (мәжбүрлі түрде) занды тұлга төмендегідей жағдайларда: 1) банкроттық; 2) занды тұлганы кұру кезінде жою мүм-кін емес сипаттағы зац бұзушылықтар орын алуына байланысты занды тұлганың тіркелуі зансыз деп танылған; 3) жүйелі түрде заңды тұлға құрылтайшылық мақсаттарына қайшы келетін кызметті іске асырған; 4) тиісті рұксатсыз (лицензиясыз) кызметті немесе заң актілерімен тыйым салынған кызметті немесе заңды бірнеше рет немесе өрескел түрде бұзған, оның ішінде корпораңиялык табыс салығы туралы (жиынтық жылдық табыс және орындалған шегерімдер туралы) мағлұмдама немесе табыс ету туралы заң белгілеуі бойынша бір жыл өткеннен кейін оңайлатылған мағлұмдама тапсырмаған, заңды тұлғаның орналаскан жері немесе нақты мекенжайы бойынша болмауы, сонымен катар заңды тұлға оларсыз бір жыл ішінде жұмыс істей алмайтын кұрылтайшылардың (қатысушылардың) және лауазымды адамдардың болмауы; 5) заң актілерімен кезделген басқадай жағдай-ларда таратылуы мүмкін (ҚР АК 49-бабының 2-тармағы).
Заңды тұлға мүлкінің меншік иесінің жэне заңды тұлғаны тарату жөнінде шешім қабылдаған органның негізгі міндеттерінің катарына мыналар жаткызылады: 1) заңды тұлғаларды тіркейтін эділет органына таратылғаны туралы жазбаша түрде кешіктірмей хабарлау; 2) тарату тәртібі мен мерзімдерін белгілеу; 3) тарату комиссиясын кұру (ол өз кезегінде орталық әділет органының ресми басылымдарында тарату туралы ақпаратты, кредит берушілердің арыздану тэртібі мен мерзімдерін жариялауға, сонымен катар кредит берушілерді аныктау жэне оларды хабардар етудің барлық шараларын қабылдауға міндетті; ондай кезде жарияланған сәттен бастап, наразылық арыздарын беру мерзімі 2 айдан кем болмауга тиіс).
Кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырудан кейін қалған мүлік қүрылтайшылық құжаттарда көрсетілген мақсатгарға бағыт-талады. Таратылушы қазынашылық кәсіпорынның мүлкі, ал таратылушы мекеменің кредит берушілердің талабын қанағаттандыруға акшасы жеткіліксіз болған кезде, соңғылар талаптарының қалган бөлігін осы кәсіпорын немесе мекеме мүлкін иеленуші есебінен канагаттандыру туралы сотка шағымдануга құқылы (ҚР АК 50-бабының 9-тармағы).
Заңды тұлға таратылган кезде оның кредит берушілерінің талаптары төмендегідей кезектілікпен қанағаттандырылады:
1. бірінші кезекте - жалақыдан жэне (немесе) баскадай кірістен ұсталған алименттерді төлеу жоніндегі талаптар, сонымен қатар солардың алдында өміріне немесе денсаулығына задал келтіргені үшін таратылып жатқан заңды тұлға жауапты болатын азаматтардың талаптары тиісті мерзімдік төлемдерді капиталға айналдыру жолымен қанағаттандырылады;
2. екінші кезекте -- еңбек шарты бойынша жұмыс істеген адамдардың еңбекакысын жэне өтемдерді, Мемлекеттік әлеуметтік сактандыру қорына әлеуметтік аударымдар бойынша берешектер төлеу бойынша, жалақыдан ұсталатын міндетті зейнетакы жарналарын төлеу жөніндегі берешектерді, сондай-ақ ҚР Банкроттық туралы ҚР Заңы- ның 78-бабында көзделген жагдайларды есептемегенде, авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу бойынша есеп айырысулар жүргізіледі (кредит берушілердің еңбекақы төлеу жэне бір жылдан бастап банкроттық туралы іс қозғалғанға дейін есептелетін жұмыскердің жалақысын көтеру нәтижесінде пайда болған өтемдерді төлеуді талап етуді ұлғайту сомалары, сонымен қатар кредит берушілердің еңбекақы және өтемдерді (айыппұлдар, өсімдер, индексация және басқалары) өтеу талаптарының қалған сомалары кредит беруші талаптарының тізілімінде бесінші кезек құрамында есепке алынады;
3. үшінші кезекте - кредит берушілердің қамтамасыз ету сомасы шегінде, таратылатын банкроттың мүлкін кепілге алу арқылы камтамасыз етілген міндеттер бойынша талаптары қанағаттандырылады;
4. төртінші кезекте - салықтар жэне бюджетке төленетін баска да міндеттір төлемдер бойынша берешектер өтеледі;
5. бесінші кезекте - заң актілеріне сәйкес (1997 ж. қаңтардың 21-індегі № 67-1 Банкроттык туралы ҚР Заңының 75-бабы) басқа кредит берушілермен есеп айырысу жүргізіледі.
Әрбір кезек талаптары алдыңғы кезек талаптары толык қанағаттандырылып болғаннан кейін қанагаттандырылады. Таратылып жаткан заңды тұлғаның мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда, ол тиісті кезектің кредит берушілері арасында канағаттандырылуга тиісті талаптар сомаларына тепе-тең (егер заңмен (ҚР АК 51-бабының 5- тармағы) баскадай жағдай көзделмесе) бөлінеді. Кредит берушілердің талаптарын канағаттандырудан қалған мүлік осы мүлікке заттық қүқы немесе занды түлғаға қатысты міндетті құкықтары бар (егер заңмен немесе заңды тұлғаның кұрылтайшылық құжаттарымен басқадай жағдай көзделмеген болса) заңды тұлғаның меншік иесіне немесе күрылтайшыларына (қатысушыларына) беріледі.
Азаматгық заңға сәйкес төмендегілер: 1) таратылып жатқан заңды тұлғаның мүлкінің жеткіліксіздігі себепті талаптары қанағаттандырылмаған кредит берушілердің наразылыктары; 2) тарату теңгерімі бекітілгенге дейін ұсынылмаған талаптар; 3) тарату комиссиясы мойындамаған талаптар, егер кредит беруші сотка шағым бермеген болса; 4) сот шешімі бойынша кредит берушінің талаптарын канағат- тандырудан бас тартқан жағдайда өтелген болып саналады.
Банкроттык - таратуға негіз болып табылатын борышкердің сот шешімімен танылған дәрменсіздігі ( Банкроттык туралы ҚР Заңынын 1-бабынын 6-тармағы).
Дәрменсіздік деп борышкердің - жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлганың кредит берушілердің ақшалай міндеттемелерін қанағаттандыруға, еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндсрдін еңбекакысын төлеуге, сонымен қатар салықтар мен бюджетке жэне бюджеттен тыс корларға төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге кабілетсіздігі танылады.
Банкрот деп тану ерікті тәртіппен (борышкердің сотка арыз беруі негізінде) немесе мәжбүрлі түрде (борышкердің, ал заң актілерімен көзделгендей, баска да тұлғалардың сотқа арыз беруі негізінде) болуы мүмкін. Заң қала құрушы заңды тұлғалар мен ауылшаруашылық ұйымдары үшін банкроттык туралы арнайы ережелер белгілеген.
Таратуды болдырмау мақсатында төлеуге кабілетсіз борышкерге оның төлеуге қабілеттігін қалпына келтіруге багытталған, заңга кайшы келмейтін кез келген шара қолданылуы мүмкін. Аталган шаралар тәртібі мен мерзімдері заңмен анықталатын қалпына келтіру амалдары шегінде жүргізіледі.
Сырттай бақылау амалдары сот арқылы мынандай мақсаттарда жүргізіледі: борышкер мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету; 2) әдейі және жалган банкроттык белгілерін анықтау; 3) борышкердің каржылық жай-күйіне жэне кредит берушілер алдында міндеттемелерін орындаудан жалтару әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) талдау жасау; 4)кредит берушілер тарапынан борышкердің каржылык-шаруашылык кызметінін жай-күйіне жэне оның қайта құру өткізуіне бақылау жасау; 5)негізгі құралдарды иеліктен шығару, мүлікті кепілге немесе жалға беру бойынша мәмілелер, сондай-ақ орындалуы борышкерге залал келтіруі мүмкін нарықтық бағадан айтарлықтай төмен бағамен немесе жеткіліксіз негіздемелер бойынша басқа да мәмілелердің жасалуын бақылау (ҚР АК 54-Ӏ-бабы).
Конкурстық іс қозғалған кезден бастап: 1) дәрменсіз борышкердің мүлікті иеліктен шығаруына (иеліктен шығаруға кредит берушілердің жиналысы рұқсат еткен жағдайдан басқа), мүлікті басқа біреуге беруіне және міндеттемелерді өтеуіне тыйым салынады; 2) дәрменсіз борьгшкердің барлық карыздық міндеттемелерінің мерзімі өтіп кеткен болып саналады; 3) дэрменсіз борышкердің берешектерінің барлық түрлері бойынша айыпақы жэне сыйакы (мүдделілік) есептеу тоқтатылады; 4) дәрменсіз борышкердін мүлікке ондіріп алуға берген талап- арыздарын заңдык шектеу алынып тасталады; 5) егер дэрменсіз борышксрдің қатысуымен сотта қаралып жатқан мүліктік сипаттагы даулар туралы кабылданған шешім заңды күшіне енбеген болса, олар тоқтатылады (ҚР АК 55-бабының 1-тармагы).
Заңды тұлғаның - банкроттың қызметі ол Заңды түлгалардың мемлекеттік тіркелімінен шыгарылған сәттен бастап токтатылады.
Жеке кэсіпкерлік туралы Заңның 28-бабының 2-тармагына сәйкес, жеке кәсіпкердің банкроттығы тэртібі занды тұлғалар үшін белгіленген ережелер бойынша, ҚР азаматтық заңцарымен көзделген кредит берушілердің талаптарын қанағаттандыру кезектілігіне байланысты ерекшеліктерін сақтай отырып жүргізіледі.
Сот шешімімен мэжбүрлі түрде жеке кәсіпкерлер үшін қызмепті тоқтатудың мынадай айрықша негіздері карастырылған:
1) ол банкрот болып танылган жагдайда;
2) тіркеу барысында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік - құқықтық заң бойынша
Кәсіпкерлік саласындағы қылмыстардың қылмыстық құқықтық және криминологиялық сипаты
Кәсіпкерліктің негізгі ұйымдастырушылық нысандары
Кәсіпкерлік қатынастардың субъектілері
Шағын кәсіпкерлік субьектілеріне салық салу ауыртпалығын азайту тәсілдері
Кәсіпкерлердің құқыққа қарсы бейім мінез-құлықтарының алдын алу мәселелері
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың түсінігі, құрамы және түрлері, тергеу ерекшеліктері
Шағын кәсіпкерліктің түсінігі мен қызметінің құқықтық негіздері
Заңсыз банктік қызмет
Кәсіпкерлікті дамытудың әлеуметтік - экономикалық шарттары және заңдылықтары
Пәндер