Шортанбай поэзиясының тағылым қырларын ашу
Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі
Республикалық физика-математика мектебі
Шортанбай шығармаларындағы тағылым және жаңа әлеуметтік ұғымдар
Секция: Қазақ тілі мен әдебиеті
Орындаған: Қожахмет Исламбек
7 В сынып оқушысы
Жетекші: Алтынбек Мақсатхан
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Ғылыми кеңесші: Сүтжанов С.Н.
Филология ғылымдарының докторы, профессор.
Астана - 2022 ж.
Мазмұны
Аңдатпа ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1. Теориялық бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Шортанбай жыраудың өмірі мен шығармашылығы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..
1.2 Зар заман поэзиясының және Шортанбай жырау шығармашылығының әдеби үдерістегі орнын нақтылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2. Практикалық бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1 Шортанбай поэзиясының тағылым қырларын ашу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2 Шығармаларындағы жаңа әулеметтік ұғымдарды анықтау, мағынасын зерделеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Аңдатпа
Бұл жобада 19 ғасырда өмір сүрген жырау, әрі әдебиетіміздегі Зар заман деп аталатын (әйгілі) келеңсіз кер кезеңнің ірі өкілдерінің бірі Шортанбай жырау поэзиясының тағылымы мен жаңа әулеметтік ұғымдарды анықтау, мағынасын зерделеуге ерекше назар аударылады. Жоба екі бөлімнен тұрады. Біріншісі - теориялық бөлім. Ол өз ішінде Шортанбай жыраудың өмірі мен оның шығармашылығымен және зар заман поэзиясының белді өкілі ретіндегі Шортанбай жырау шығармашылығының әдеби үдерістегі орнын нақтылау туралы ақпарат беретін екі бөлімшеден тұрады. Екіншісі - практикалық бөлім. Онда Шортанбай жыраудың поэзиясының тағылым қырларын ашуға талпындық және шығармаларындағы жаңа әулеметтік ұғымдарды анықтау, мағынасын зерделеу жұмыстары жүргізіледі.
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: 19 ғасырда қазақ поэзиясы өзінің эпостық сипатымен де жаңа нышандарға ие болды. Мазмұны терең көркем толғау, шиырлық атқан ғажайып сюжетті , оқыс оқиғалары дастандар, романтикалық және эпикалық поэмалар да осы кезеңнің қосқан үлестері.
Қазақ лирикасы тақырыптық, көркемдік тұрғыдан түрленіп өсе түсті. Қазақ ақын-шайырлардың шеберлігі арта түсті. Олар ұлттық әдебиеттің дәстүрлі жетістіктерін жете игеріп қана қоймай, ілгері іздене берді. Батыс пен Шығыс поэзиясына қолдары жетіп өрісін ұзартты. Ұлттық оқшауланудан бас тартып, әлем мәдениетінің өнер жетістіктеріне бой ұра бастады.
Сөйтіп, қазақ әдебиеті өзінің жаңа өрлеу кезеңін бастады. Ұлттық кемеңгер ақындар дүниеге келді. Олар қазақ әдебиетінің жаңа бетін ашып, болашағын меңзегендей көш басшылары болды. Сондай шығармашылық иесінің бірі - зар заманның көрнекті жыршысы Шортанбай болды. Оның поэзиясы отарлық езгідегі қазақ халқының қоғамдық, әлеуметтік өмірінің ғажайып туындылары болды.
Өкінішке орай, Шортанбай қиын-қыстау заманда өмір сүрді. Адамдарда адамшылық жоқ кезінде Шортанбай зар заман өкілі болған. Орыстар ондай жазушыларды, олардың жазғандарын халыққа жариялауға тыйым салды. Тек 20 ғасырдың соңында тарихи мұрағаттар арқылы біз осындай ақындар, жыраулар туралы білдік. Адамдар бұл әсерлі тақырыпты толық зерттемеген соң, сол себептен Шортанбай жыраудың мұрасын терең зерттеу, оның шығармаларындағы тағылым мен жаңа әлеуметтік ұғымдарды анықтау, мағынасын зерделеу сөздердің мағынасын ашу және осы біліммен бөлісу - біздің жобамыздың өзектілігі болмақ.
Жұмыстың нысаны: Шортанбай шығармаларындағы тағылым мен жаңа әлеуметтік ұғымдар жұмыстың негізгі нысаны болмақ.
Жұмыстың мақсаты: Шортанбай шығармашылығын зерттеу, оның поэзияларында тағылым мен жаңа әлеуметтік ұғымдарды анықтап, мағынасын зерделеу
Жұмыстың міндеттері:
1. Шортанбай жыраудың өмірі мен шығармашылығымен танысу;
2. Оның поэзиясының танымдық эстетикалық қырларын ашу;
3. Шортанбай поэзиясының басқа елдерден келген анықтамалардың мағынасын ашып, зерделеу;
Жұмыстың ғылыми жаңалығы:
Қазақ әдебиетінің тұтас дәуірін қамтыған ағым ретінде зар заман поэзиясы мен оның көрнекті өкілі Шортанбай Қанайұлы өмір мен шығармашылық, оның қырлары талданады;
Зар заман поэзиясындағы және Шортанбай шығармашылығындағы дәуір сипаттын, жаңа ұғымдар зерделеу жұмыстың жаңалығы саналады.
1.Теориялық жұмыс
1.1. Шортанбай жыраудың өмірі мен шығармашылығы
Шортанбай жырау - 1818 жылы қазіргі Жамбыл облысы, Қаратау өңірінде дүниеге келген ақын, діни қайраткер, айтыскер. Шортанбай ақын әдебиетіміздегі Зар заман деп аталатын әйгілі кезеңнің ірі өкілдерінің бірі. Шортанбайдың Зар заман, Бала зары, Ақырғы сөз және т.б көптеген толғауларында өз заманның сипатын ашық байқады. Шортанбай өмір сүрген кезең халық қонысынын тарылып, түрлі бекіністер салынған, қазақтың көптеген қалаларының Ресейге бағына басталған кезі болған. Осы мәселелерді Шортанбай көріп, халықтың көзін ашып, санасын оятуға тырысты. Елді бірлікке, елін-жерін, тілін, дінін, салт-дәстүрін сақтап қалуға шақырды. Жердің талан-таражға түсуі себепті халық дәстүрінен айырыла бастады, ата-ананы, үлкендерді сыйлау азайып барады деп уайымдады. Ресей отаршылдығының зорлығын көзімен көріп, жан-тәнімен сезінген ақын өзінің Зар заман, Бала зары, Тар заман, Опасыз жалған секілді толғаулары арқылы ақиқаттың астарын ашып көрсетті.
Мына заман қай заман?
Азулыға бар заман,
Азусыз тар заман.
Тарлығының белгісі
Жақсы -- жаннан түңілген,
Жаман -- малдан түңілген,
Мұның өзі -- зар заман.
Зарлығының белгісі
Бір - бірлерін күндеген,
Жай-жайына жүрмеген,
Мұның өзі -- тар заман.
Тарлығының белгісі
Мұсылманнан хал кетті,
Тәңірім болғай деместен.
Анты жұқпас бойына,
Әр не түсер ойына,
Жалмауыз болды үлкенің,
Қазақ, сенің сорыңа.
(Зар заман толғауыннан үзінді)
Шортанбай шығармаларының өзегі - тосын өзгерістер, қатыгез қоғам, халықтың береке-бірлігі, ел өмірінің ырғағының бұзылуы, қоныстан, жерден көшіру негізіндегі езгі, отаршылдар мен жергілікті билеушілердің озбырлығы, тонаудың кейбір түрлері. жаңа қоғамдық қатынастардың, ел билеушілерінің екіұштыларының, содырлар мен қарақшылардың әрекеттерінен туындаған елдің. Ол өз шығармаларында патша отаршыларымен қатар байлар мен мал сататын саудагерлердің елді қанай бастағанын көрсетеді. Ел ішіндегі әртүрлі жетесіздерге, талан-таражға, опасыздыққа қарсы шықты. Әуелі өз елінің мінезін, мінін түзетпек болды. Жігерін оятып, тәуелсіздігі үшін аянбай күресуге шақырды.
1.2. Зар заман поэзиясының және Шортанбай жырау шығармашылығының әдеби үдерістегі орнын нақтылау
Зар заман атауын әдеби термин ретінде алғаш рет М.Әуезов қолданысқа енгізді. Ол өзінің 1927 жылы жарық көрген "әдебиет тарихы" атты еңбегінде зар заман ақындарына арнайы бөлім арнап, күрделі кезең поэзиясына жан-жақты талдау жасады, басты зар заман ақындарын айтты. Зар заман деген - 19 ғасырда өмір сүрген Шортанбай ақынның заман халін айтқан бір өлеңінің аты. Шортанбайдың өлеңі ілгергі, соңғы ақындардың барлық күй, сарынын бір арнаға тұтастырғандай жиынды өлең болғандықтан, бүкіл бір дәуірде бір сарынмен өлең айтқан ақындардың барлығына зар заман деген ақындары ат қойдық - деген М.Әуезовтың тұжырымды сөзі кейін әдебиеттану ғылымында нақты ұғым ретінде қалыптасты.
Қазақтың ірі қоғам кайраткері Х.Досмұхамедұлы М.Әуезовтың бұл еңбегінен соң шамамен бір жылдан кейін жарық көрген "Қазақ халық әдебиеті" деген ғылыми зерттеуде өзі жіктеген поэзиясының түрлерінің бірі "зар заман" деп атады. Ғалымның анықтамасы бойынша:Халық поэзиясының тағы бір соқталы түрі - зар заман мен толғау. Бұл өлеңдерде салт-сананың бұзылуы жырланады, халық өмірінің көне әдет-ғұрпы мен секі салттарының құлдырауы, билер мен әкімдердің пәтуасыздығы, тұрмыс-тіршіліктің нашарлауы , мал санасының азаюы мен халықтың жұтауы, жайылым қоныстың тарылуы, қоңыс аударушыларға шұрайлы жерлердің кесіліп беруі, жердің тозуы, елдің азуы, аштық, жұт сөз болады. Бұрынғы өткен өмір мен ескі салт-дәстүрлер мадақталып, кейінге өзгерістерге зар айтылады. Мұндай зар заман жырлары аса көп және мазмұны жағынан алуан түрлі
Шортанбай жыраудың Зар заман толғауы 1870 жылы академик В.Радловтың Түркі халықтардың халық әдебиет үлгілері атты көптомдық еңбегінің қазақ фольклорында арналған үшінші томында басылып шыққан. Кейін Радлов Шортанбай туралы арнайы (сәнді) сыни көзқарасын білдірді. Шортанбай өлеңінен кейін зар заман тіркесі қасіретті кезеңнің , аянышты халықтың жыр түрінде бейнеленуінің көрінісі ретінде қалыптаса бастаған.
Сәбит Мұқанов ақын поэзиясын зерттей келе: Шортанбайдың үш зары бар. Олар Зар заман, Бала зар, (Өлер) Өмір зар. Осы үш зарда да халықтың басына түскен зарды, заманының зарын айтқан - дейді. Бұл үш зар -- үш поэма жəне сюжет жағынан біріне-бірі жалғас, бірінің мазмұнын бірі өрбітетін поэма.
С.Сейфуллин тікелей Зар заман ақындары деп айдар тақпаса да, аталған айтулы шайырлардың шығармаларда өз зерттеулерінде біршама тоқталды. Ол өзінің еңбектеріне бұл дәуір өкілдері туралы бағалы пікірлер білдірді. Шортанбайдың шығармаларын жариялады. С.Сейфуллин төңкеріске дейінгі әдебиетті билер дәуірі (руды билегендер ғасыры), патша дәуірі (қазақ елі орыс патшасына бағынған дәуір) деп екіге бөлді. Оның біреуі - зерттеу тақырыбына өзек болған толғаулардың туындаған кезеңі.
Зар заман поэзиясы туралы шетел зерттеушілері де өз пікірлерін білдірді. 1958 жылы АҚШ-тың Дьюк университеті Томас Густав Виннердің Орталық Азия қазақтардың сөз өнері мен әдебиеті атты кітабын бастырып шығарды. Виннердің еңбегі ауыз әдебиеті нұсқалары ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz