Ұңғыны пайдалану


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Слайдтың сөздері

  1. Кіріспее

Өзен мұнай кен орны 1961 жылы ашылып, 1965 жылы өнеркәсіптік пайдалануға берілді.

Кен орны оңтүстік шөлейт бөлігінде Маңғышлақ түбегінде орналасқан. Әкімшілік жағынан кен орнының аумағы Қазақстан Республикасының Маңғыстау облысының құрамына кіреді.

«Өзен» кен орнын «Өзенмұнайгаз» ААҚ басқарады, ол құрылымдық жағынан 2 мұнай-газ өндіру басқармасынан (МГӨБ), қабат қысымын ұстау цехынан (ҚҚҚБ), мұнай дайындау және өңдеу цехынан (МӨЗ), Қазақ газ өңдеу зауытынан (ҚазГӨЗ), өндірістік қызметтен тұрады, базасы «Өзэнергомұнай» (энергиямен жабдықтау үшін) . Бұрғылауды бұрғылау ұйымы - бұрғылау жұмыстарын басқару (ББР) жүргізеді.

2. Техника-технологиялық бөлім

Негізгі сызбанұсқадағы бекітілген негізгі ережелер келесідей:

1) Төрт пайдалану объектісін бөлу:

Iобъект - XIII-XIVгоризонттар;

IIобъект - XV-XVI горизонттар;

IIIобъект - XVII горизонттар;

IVобъект - XVIII горизонттар;

1-сурет. Горизонттар бойынша өндірілетін және іске тартылған қор

3) Мұнай өндіру және кенорынның игерудегі жағдайы.

Кестеде көрсетілгендей ең жоғарғы мұнай бергіштік 13 (0, 361) және 16 (0, 360) горизонттарда тіркелген. Және де осы горизонттарға сәйкесінше болжамды ең жоғарғы мұнай бергіштік келеді - 0, 494 және 0, 457. Ең төменгі мұнай жинау қоры және МАК екі горизонтта байқалады, олар - 17 (Парсымұрын) - 0, 044 және 18 (Қумұрын) - 0, 054 сәйкесінше осы горизонттарға ең төменгі болжамды мұнайбергіштік тиесілі - 0, 107 және 0, 058.

Жалпы алғанда 13-18 горизонттар бойынша өндірілетін мұнай қоры 65% құрады (2. 2 сурет), іске асырылған мұнай қоры 384787 мың. т., потенциалды МАК - 0, 390. Сонымен, бекітілген МАК бойынша, соңғы есептеуде аталған горизонттар бойынша Өзен кенорнында ағымдағы игеру сатысында қалған мұнай қоры 165930 мың. т. құрады.

2-сурет. 13-18 горизонттар бойынша өндірудің негізгі көрсеткіштерінің динамикасы

4) Ұңғыма қорының жағдайы

01. 01. 2018 жылғы жағдай бойынша кен орнында игеру басталғаннан бері 6000 астам ұңғыма (оның ішінде 15 су ұңғымасы) бұрғыланды, 132 бақылау санатында, 1500 қараусыз қалды.

Механикалық әдіспен өндірілетін ұңғымалар қоры жалпы әрекетті қордың біраз бөлігін алып жатыр(98, 8 %) .

Штангылы терең сорап құбырлармен өнділетін ұңғымалар саны - 774. Фонтанды әдіспен 2 ұңғыма өндіріледі. МГӨБ-4 бойынша 7 ұңғы ЭОТСҚ тәсілімен өндірілуде. Ұңғымалардың эксплуатациялық қоры соңғы жылдары жаңаан бұрғыланған ұңғымалар есебінен көбеюде. Бірақ соңғы жылдары кенорында әрекетсіз тұрған ұңғымалар саны өткен жылдармен салыстырғанда артып жатыр.

Әрекетсіз өндіру ұңғымалар қорының жартысынан көбі, ұңғыда болған апаттарды жою мүмкін болмағандықтан жойылу кезегін күтіп тұр. Қалғандары эксплуатациялық тізбек бұзылуынан, жерасты құрылғыларының апаттарынан, перфорациялық аралықтың бітелуінен және сулану деңгейінің өсінен тоқтап тұр. 01. 01. 2013 жылғы мәліметтерге қарағанда ұндіру ұңғылар қорын пайдалану коэффициенті орта есеппен алғанда - 0, 910, пайдалану коэффициенті - 0, 792 құрады, ал айдау қоры - 0, 771 және 0, 715 сәйкесінше. Кенорынды өндірудің соңғы 5 жылында ұңғы өніміндегі судың пайыздық өсуі анық байқалады. ( МГӨБ-4 01. 01. 18 жылғы 86, 6%) Әрекетті қордың жартысынан көбі (62%) жоғары сулану дәрежесіне жатады, яғни өнім құрамындағы су мөлшері 80% асады.

5) БЕТ

3-кесте. МГӨБ-4 2012 жылғы әрекетті қордың 1 ұңғымасының орташа тәуліктік сұйықтық пен мұнай өнімділігінің, өткізгіштік динамикасы

2012 жылдың жағдайына қарағанда МГӨБ-4 ӨФ «Өзенмұнайгаз» АҚ «РД «ҚМГ» жоспар бойынша 1287 595 тонна мұнай өндіру керек болса, нақты жоспар 1102 529 тонна. Өндірілмей тұрғаны 185066 тонна. МГӨБ-4 тің 2012 жылға орташа тәуліктік өндірілетін мұнайы 3020тн құрайды. Жылдық өнімнің орындалмауының басты себебтері қаңтар, ақпан, айларындағы ауа райының қаталдығына байланысты электір энергиясының жиі сөнуі, кен орынның сонғы сатыда игерілуіне байланысты өндірілетін өнімнің сулануы, сәйкесінше осыған байланысты мұнай өнімінің азаюы болып табылады.

Игеруден бастап қабатқа су айдау жиынтығы- 174 651 423м³. Ал 2012 жылғы қабатқа су айдау жиынтығы- 12 180 000м³. Сонымен қатар орташа тәуліктік қабатқа су айдау33370 м³ теңделді. Әрекетті қордағы бір өнім өндіріп тұрған бір су айдау, ұңғыларының орташа тәуліктік өнімі- 28, 1және3, 9т/тәу. Әрекетті қордағы бір су айдау ұңғысының орташа өткізгіштігінің құрағаны -144 м3/тәу. Мәліметтер 2. 3-кестеде көрсетілген. Орташа сулануы - 86, 26%

2012жылғы көрсеткіш бойынша бір су айдау ұңғымасының қабылдау көрсеткішінің ауытқуы тәулігіне 133-157м3. Бұл суретте көрсетіліп тұрғандай 1 жыл ішінде қабылдау көрсеткіші бір деңгейден өзгертіліп тұрғанын көрсетеді.

Соңғы 5 жылдағы ұңғылардың сулану динамикасы 3. 17 кестеде көрсетілген, барлық өндіру уақытымен 3. 17 суретте. Кестеден көріп отырғанымыздай, жоғары сулану дәрежесіне ие ұңғымалар қоры (90 % жоғары) жалпы кенорын бойынша 2007 жылы 1407 ұңғымадан 2008 жылы 1224 ұңғымаға дейін төмендеген және әрекетті қордың 40% құраған. Бұл жағдай былай түсіндіріледі: соңғы 2 жылда ұңғымалардың белгілі бір көлемі (300-ге жуық) әрекетсіз қорға ауыстырылған болатын және жойылу кезегін күтуде. Бұлар ұңғы түбінде апаттар болған ұңғымалар, эксплуатациялық тізбек бұзылған ұңғымалар және қатты суланған ұңғымалар. Егер осы көріністі әр горизонт бойынша бөлек қарастырсақ, 13 горизонт бойынша қатты суланған ұңғымалар саны соңғы 5 жыла 396-дан 442-ге өскен, ол осы горизонттағы ұңғымалар қорының өсімен сипатталады(жаңа ұңғымалар және жоғарғы горизонтқа қайтару) .

Ал қалған горизонттар бойынша пайдалану және әрекетті қордың төмендеуі байқалады, сәйкесінше қатты суланған ұңғымалардың көлемі де азаяды: 14 горизонт бойынша 496-дан 380-ге, 15 горизонт бойынша 185-тен 176-ға, 16 горизонт бойынша 157-ден 129-ға, 17 горизонт бойынша 82-ден 67-ге және 18 горизонт бойынша 16-ан 15-ке төмендеген.

6) Өзен керорнының 01. 01. 2013ж. жағдайына қарасақ

МГӨБ -4 жалпы ұңғымалар қоры 1173. Эксплуатациялық қордағы өндіруші ұңғымалар саны - 783 болса, оның ішінде әрекеттісі - 711, әрекетсіз - 72. Айдау ұңғымалары - 552, әрекеттісі - 191, әрекетсіз қор 71 ұңғыма. Бақылаушы ұңғымалар саны - 11, су алғы ұңғымалар - 5. Кенорын өндірудің барлық уақытында 528 ұңғыма жойылған, нақтырақ айтсақ 286 ұңғыма өндіру қорынан, 242 ұңғыма айдаушы қордан. Механикалық әдіспен өндірілетін ұңғымалар қоры жалпы әрекетті қордың біраз бөлігін алып жатыр(98, 8 %) .

4 сурет. МГӨБ-4 бойынша ұңғылар қорының пайдалану мерзімінің жағдайы 01. 01. 2012ж

Штангылы терең сорап құбырлармен өнділетін ұңғымалар саны - 774. Фонтанды әдіспен 2 ұңғыма өндіріледі. МГӨБ-4 бойынша 7 ұңғы ЭОТСҚ тәсілімен өндірілуде. Ұңғымалардың эксплуатациялық қоры соңғы жылдары жаңаан бұрғыланған ұңғымалар есебінен көбеюде. Бірақ соңғы жылдары кенорында әрекетсіз тұрған ұңғымалар саны өткен жылдармен салыстырғанда артып жатыр.

Әрекетсіз өндіру ұңғымалар қорының жартысынан көбі, ұңғыда болған апаттарды жою мүмкін болмағандықтан жойылу кезегін күтіп тұр. Қалғандары эксплуатациялық тізбек бұзылуынан, жерасты құрылғыларының апаттарынан, перфорациялық аралықтың бітелуінен және сулану деңгейінің өсінен тоқтап тұр. 01. 01. 2013 жылғы мәліметтерге қарағанда ұндіру ұңғылар қорын пайдалану коэффициенті орта есеппен алғанда - 0, 910, пайдалану коэффициенті - 0, 792 құрады, ал айдау қоры - 0, 771 және 0, 715 сәйкесінше. Кенорынды өндірудің соңғы 5 жылында ұңғы өніміндегі судың пайыздық өсуі анық байқалады. ( МГӨБ-4 01. 01. 12 жылғы 86, 6%) Әрекетті қордың жартысынан көбі (62%) жоғары сулану дәрежесіне жатады, яғни өнім құрамындағы су мөлшері 80% асады.

7) Қабат қысымын ұстау жүйесі

Өзен кен орнында суды айдау 1967 жылдан бастап жүргізіледі. Алдымен температурасы +34 оС, +43оС альб - сеноман суын айдады. Сосын 1971 жылы температурасы 7-20 оС теңіз суын айдап бастады.

Өзен кен орнында 1974 жылдан 1999 жылға дейін мұнай айдаудың барлық негізгі әдістері - гидродинамикалық, термиялық, физико - химиялық қолданылады.

1. Термиялық (жылу) әдістері :

- ыстық сумен айдау.

2. Мұнай айдауды өсірудің гидродинамикалық әдістері :

- пайдалану объектілерін өндірудің блокты жүйесі;

- стационарлық емес (циклдық) су айдау, мұнда 1а блоктарында фильтрациялық ағындар бағыттарының өзгеруімен болады (XIII - XVII горизонттар) ;

8) Ұңғы өнімдерін жинау, кәсіпшілік ішінде тасымалдау және дайындау

Өзен кен орнында ұңғы өнімін ішкі кәсіпшілік жинау бірқұбырлық саңылаусыз жүйе арқылы жүргізіледі. Мұнай, су, газ ағыны бір құбырөткізгішке түседі және ұңғының буферлік қысымы арқылы өлшеу (ӨҚ) және топтық (ТҚ) қондырғыларға тасымалданады. Ұңғылар ТҚ мен ӨҚ-ларына сәулелік жүйемен, аумақтық принцип бойынша ұңғылардың игеру кешендеріне тиістілігін есепке алмай қосылады.

Жоғары парафинді және тұтқыр мұнайларды өндіргенде шығару құбырөткізгіштерін пайдалануда парафиннің жиналуына және мұнайдың қоюлануына байланысты күрделі жағдайлар туындайды, әсіресе күз-қыс мезгілінде. Ұңғылардың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін оларды сағада УН-0. 2 маркілі сағалық қыздырғыштар көмегімен қыздырады. Қазіргі кезде жолаушы газбен жұмыс істейтін сағалық қыздырғыштармен ұңғылар қорының 6 %-і жабдықталған. Топтық қондырғыда мұнай шығымы өлшенеді, мұнайды айырудың бірінші сатысында қыздыру өтеді, мұнай жинау коллекторына және одан ары мұнайды дайындау-айдау цехына(2. 11 сурет) (МДАЦ) айдалады.

Шығым өлшеу «Спутник А-40» автоматтық өлшеу қондырғыларында өтеді. Әрбір ТҚ-да орнатылған ТОР-1-50 және ТОР-1-80 қосынды сұйық өндіру есептегіштері өндірілген өнімді есептеуге мүмкіндік береді. Әрбір мұнай кәсіпшілігі өндіретін өнімді жеке есептеуді ұйымдастыру үшін МДАЦ-ына бөлек мұнай құбыры тартылады және оларға КОР-МАС мұнайды есептеу станциялары қондырылады. КОР-МАС (массалық шығымды корригирлі есептеу) құбырөткізгіштен ағып жатқан мұнайгаз қоспасы мен таза мұнайдың массалық шығымы мен көлемін өлшеуге арналған.

Мұнайөткізгіштердің диаметрі 530 мм, ұзындығы 12-25 км. Кен орнын пайдаланылатын мұнайды жинау жүйесі мұнайды ТҚ-дан МДАЦ-ына дейін тасымалдауды мүлтіксіз атқарады. Бірақ пайдалануда тек парафин жиналуларымен, өнімнің қатуына байланысты қиындықтар ғана емес, сондай-ақ тұз жиналуларымен, жолай өндірілетін қабат суларының жоғары агрессивтілігі себебінен қарқынды коррозиямен байланысты қиындықтар туындайды. Айталық, ингибиторлық қорғаусыз мұнайды ішкікәсіпшілік жинау және тасымалдау жүйесі құбырөткізгіштерінің коррозия жылдамдығы 3-8 мм/жыл, мұнайды жинау коллекторларының қызмет мерзімі 2-3 жыл, жарылулар жиілігі жылына 1 км-ге 3 жарылудан асып түседі.

Қорғау ингибиторын қолдану тек коррозия жылдамдығын азайтады, бірақ бұл мәселені түбегейлі шешпейді. Қабат суын алдын-ала бөліп тастау құбырөткізгіштер коррозиясын төмендетпейді және мұнайды жинау жүйесі мен дайындау кешендерінің жұмысына жағдай жасай алмайды.

Тұз жерасты жабдықтарында да, жерүсті жабдықтарында да жиналады. Ұңғы өнімдерінің сулануы артқан сайын жабдықтарда тұздардың жиналуы көбейеді. Бұл барлық жүйенің жұмысын бұзады. Тұз жиналуларымен күрестің ең тиімді әдісі ДПФ-1, СНПХ-5301, SP-203 типті тұз жиналу ингибиторларымен өңдеу.

- сурет. ШСС схемасы

1 - фильтрация блогы, 2 - өлшеуіш; 3 - химиялық қоспа қондырғысы; 4 - ортадан тепкіш секциялы сорабы; 5 - дренажды ыдыс; 6 - су айдау сорабы; 7 - су бөлу блогы (СББ) және гребенка блогы (БГ) .

9) Ағынды су, кенорыннан мұнаймен қоса өндіріліп, мұнай дайындау орталық пунктінің ҚҚС жүйесіне келеді. Сонымен қоса 2 алдын ала су бөлу қондырғысынан өтіп (УПСВ-1 және 2), ол жерден тұндыру арқылы тазарады.

Теңіз суы, кенорынға ЖШС «ҚазАтомПром» Ақтау-Өзен су таратқыш магистралі арқылы (1020 мм және 150 шақырым) келеді. Жобалық қуаты 150 мың м3/тәу. Теңіз суының бір бөлігі Жетібай кенорнына қажеттіліктер үшін қалдырылады.

10) Ұңғыны пайдалану

Өзен кен орны 40 жылдан астам игерілуде және оны пайдалану жағдайы өте қиын болып келеді. Пайдалануды қиындататын және өндірісті төмендететін факторлар, келесілер: парафинды шөгінділер, жерасты және жерүсті жабдықтарындағы тұзды шөгінділер, күкіртсутектің әсерінен болатын коррозия және өнімнің сулануының жоғары болуы. Және осылар жабдықты таңдауда белгілі бір шарттар мен шектеулер тудырады. Штангілі ұңғылы сорапты қондырғының жер үсті жабдығы келесі станок-качалкалармен көрсетілген: 6СК6, ПШНГ, 7СК8, СК12, (ИР12 - румындық), Лафкин (американдық) . Олардың жүккөтергішітігі сәйкесінше 6, 8, 12, 10 тоннаны құрайды.

11) Кен орнында мұнай жинау жүйесі бар кен орындарын игерудің оңтайлы нұсқасының техникалық-экономикалық негіздемесі

Экономикалық есептеу барлық қажетті материалдар негізінде жүргізілді, соның ішінде мұнай және газ жабдықтарына бағалар, сметалық құжаттаманы есептеу және беру, SANA-2001 бағдарламалық пакеті, жабдықтың көтерме бағаларының жинақтары, сондай-ақ интернет-құрылымдарының қолданыстағы деректер базасы.

Күрделі салымдардың көлеміне қарай мұнайды кен орындарын жинау жүйесі бар кен орнын игеру нұсқаларының техникалық-экономикалық негіздемесі жүргізілді.

Шығындар атауы
ГТШ-ға дейін
ГТШ-дан кейін
Шығындар атауы: Энергия шығындары
ГТШ-ға дейін: 7028479
ГТШ-дан кейін: 13525074
Шығындар атауы: ЦППН шығындары
ГТШ-ға дейін: 9945060
ГТШ-дан кейін: 19137522
Шығындар атауы: Еңбекақы қоры
ГТШ-ға дейін: 2929842
ГТШ-дан кейін: 2929842
Шығындар атауы: Зейнетақы қоры
ГТШ-ға дейін: 292984
ГТШ-дан кейін: 292984
Шығындар атауы: Әлеуметтік салық
ГТШ-ға дейін: 585968
ГТШ-дан кейін: 585968
Шығындар атауы: Амортизациялық
ГТШ-ға дейін: 25574098
ГТШ-дан кейін: 25574098
Шығындар атауы: Ағымдағы жөндеу
ГТШ-ға дейін: 4580436
ГТШ-дан кейін: 4580436
Шығындар атауы: ТСҚ өткізуге
ГТШ-ға дейін: 1742810
ГТШ-дан кейін: 1742810
Шығындар атауы: Үстеме шығындар
ГТШ-ға дейін: 10496578
ГТШ-дан кейін: 16797116
Шығындар атауы: Өндірістік емес шығ.
ГТШ-ға дейін: 262414
ГТШ-дан кейін: 419928
Шығындар атауы: Барлығы :
ГТШ-ға дейін: 73699283
ГТШ-дан кейін: 103768802
Шығындар атауы: Ортатәуліктікт шығым, т
ГТШ-ға дейін: 18, 5
ГТШ-дан кейін: 35, 6
Шығындар атауы: Жылдық мұнай табу, т
ГТШ-ға дейін: 1582416
ГТШ-дан кейін: 3045082
Шығындар атауы: 1т мұнайдың өзіндік құны, долл
ГТШ-ға дейін: 58, 6
ГТШ-дан кейін: 27, 71

12) Қоршаған ортаны қорғау

Атмосфераны қорғау

  • пештердің, жылу жүйелерінің, газотурбиналық қозғалтқыштар жұмыстарының оптимальды жинау режимін бақылау;
  • магистральды құбыр өткізгіштерді конденсат жинағыш орнату және атмосфераны газбен, конденсатпен, мұнайдың булану өнімі арқылы ластаудан сақтау;
  • мұнай құбырларын, желілерді, коллекторларды дер кезінде жөндеуден өткізу;
  • факельден бөлінетін зиянды заттарды 15 % азайтатын арнайы қондырғылар орнату;
  • өндіру техникаларын, мұнай мен газды дайындап, тасымалдауға қоршаған ортаны қорғау шарттарына сәйкес жетілдіріп отыру.

Санитарлық қорғау зонасы зиянды заттар көздерімен, тұрған үйлердің шекарасында орналасуы керек.

Су ресурстарын қорғау

Су ресурстарын қорғау үшін осы жобада келесілер қарастырылған:

  • Өндірістің жоғары тиімді үрдістерін, су қалдықты және қалдықсыз

технологиялық, сондай-ақ өндірістік үрдістерді пайдалану;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік ақшабұлақ аймағындағы барлау ұңғысын орналастыру
Құмкөл кен орнындағы жобаланған және жақсы бұрғыланған ұңғыманың сипаттамаларын зерттеу
Қабат пен ұңғыны зерттеу
Жетібай кен орны жайлы
ГАЗ АУА КӨТЕРГІШІНІҢ КОНСТРУКЦИЯСЫ
С.Балғымбаев кен орнын игерудің техника - экономикалық көрсеткіштері
Жаңажол кен орынындағы ұңғыны жобалау
Газды қабатқа айдаудың қолданылып жүрген қысымының орташа мәні
Газ орналасқан қабаттың аумағы 36516 мың шаршы метр, мұнайдың аумағы 71475 шаршы метр
Тұз қышқылмен өңдеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz