Жуысыңқы дауыссыз дыбыстың жасалу тәсілі


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау Университеті КеАҚ
Педагогикалық институты
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
«Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы және қазақ жазуының тарихы »пәнінен
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Қазақ тіліндегі жуысыңқы дауыссыз дыбыстарының фонетикалық түрленімі »
Орындаған: А. Е. Сержан
Тексерген: С. К. Жукенова
Бағасы:
Көкшетау, 2022 жыл
Мазмұны
Кіріспе:
1. Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар зерттелімі .
1. 2. Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстардың дауыс қатысына қарай жіктелуі .
2. Қазақ тіліндегі жуысыңқы дауыссыз дыбыстар түрленімі .
2. 1. Жуысыңқы дауыссыз дыбыстың жасалу тәсілі .
3. Бейімбет Майлин «Баянсыз бақ» әңгімесіндегі жуысыңқы дауыссыздарды талдау.
4. Қорытынды.
5. Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазіргі қазақ тілінің фонетикасына қысқаша түсіндірме жұмысын жүргізетін болсақ. Фонетикалық ерекшеліктерді танудың тіліміздегі даму, қалыптасу, сауатты сөйлеудегі тіл мәдениетін көтеруде қызмет атқарады. Бұл жұмыста мен дыбыстардың жіктелуіне байланысты дауыссыз дыбыстарды яғни консонантизмдерді тереңірек зерттейтін боламын. Дауыссыздардың дауыс қатысына қарай, дауыссыздардың айтылу жолына қарай, артикуляциялық орнына қарай жіктелімін айтатын боламыз. Жалпы қазақ тілінің тіл білімінің зерттелу жұмысы сонау Н. И. Ильминский, П. М. Мелиоранский, В. В. Радлов бастау алады. Осы тұлғалар қазақ фонетикасының бастапқы зерттелім дәуірі яғни естілім зерттелім дәуірі деп атаймыз. Тақырыпқа сай айта кететін болсақ Н. И. Ильминский 1860 жылы жарық көрген «Материалы к изучению киргизского наречия» еңбегінде дауыссыз дыбыс(консонантизмдер) саның 19 деп жіктеді. Олар: (п, б, м, у, т, д, н, ж, з, ш, с, р, л, й, к, г, қ, ғ) деп бөлді. 1878 жылы А. В. Старчевский «Спутник русского человека в средней Азии» деген еңбегінде дауыссыз дыбыстарды(консонантизмдерді) 17 деп жіктеді. В. В. Радлов өз еңбегінде дауыссыз дыбыстар саның 20 деп көрсеткен. Қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы Ахмет Байтұрсынұлы 1915 жылы Тіл құралы еңбегінде 17 дауыссыз дыбыс(консонантизмдер) бар деп көрсеткен. Ғалым Ісмет Кеңесбаев 1974 жылы «Қазақ тілінің фонетикасы» еңбегінде дауыссыздар консонантизмдер саның 26, 25 деп жіктеген. Ал зерттеуші Әлімхан Жүнісбеков дауыссыз дыбыстарды 17 деп қарастырған Қазіргі қазақ тілінде 25 дауыссыз дыбыс консонантизмдер бар деп ғалым Сапархан Мырзабеков жіктеген. Консонантизмдер дауыссыз дыбыстар дауыс қатысына қарай:қатаң, ұяң, үнді деп бөлінеді. Дауыссыздар айтылу жолына қарай 3 топқа жіктеледі олар:шұғыл, ызың, діріл. Курстық жұмыста мен дауыссыз дыбыстың консонантизмдердің жасалу тәсіліне байланысты жуысыңқы дауыссыз дыбыстарды зерттеймін.
1. Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар зерттелімі.
Қазақ тілінің фонетикасы бойынша алғашқы ақпаратты біз Н. И. Ильминскийдің 1860 жылы « Материалы к изучению киргизского наречия» деген еңбегінен біле аламыз. Н. И. Ильминский қазақ тілі дыбысын екі топқа жіктеді дауысты дыбыстар (вокализмдер) мен дауыссыз дыбыстар (консонантизмдер) деп жіктеді . Консонантизмдер дауыссыз дыбыстар дегеніміз өкпеден шыққан ауаның ауыз қуысында кедергіге ұшырап шығуынан жасалуын дауыссыз дыбыстар яғни консонантизмдер деп атаймыз. Қазіргі қазақ тілінде 25 консонантизмдер бар (б,
в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, е, т, ф, х, ц, ч, ш, ц, у) . Дауыссыз дыбыстарға тән өзіндік белгілері бар, оларды созуға келмейді және буын құрай алмайды. Дауыссыз дыбыстар салдыр мен үннің қатысына қарай 3 топқа бөлінеді. Дауыссыз дыбыстар консонантизмдер жасалу жолына қарай шұғыл және ызың деп бөлінеді. Жасалу орнына қарай дауыссыз дыбыстар ерін тобы және тіл тобы болып үлкен екі топқа бөлінеді. Дауыссыз дыбыстардың құрамындағы дж, ч дыбыстарын аффрикат дыбыстар деп көрсеткен.
Алғаш түркі тілдерінің фонетикасын зерттеген ғалым В. В. Радлов Дауыссыздар(консонантизмдер) саның 20 деп көрсеткен және дауыссыздарды қатаң, ұяң, үнді деп бөлген. П. М. Мелиоранский дыбыстардың құрамын зерттей келе консонантизмдер дауыссыз дыбыстар 21 деп жіктеген. П. М. Мелиоранский В. В. Радловтың тұжырымымен келісіп. «л» сонороның жуан-жіңішке түрде айтылатын вариантын дербес фонема деп жіктейді. Тіл ортасы «к, г» тіл арты «қ, ғ» дауыссыз дыбыстарын көмей дыбыстар деп атаған.
Қазақ фонетика мәселелерін, тіл дыбыстарының фонологиясы мен жіктелуін, үндестік заның, сөздің буын құрылысын дыбыстардың өзгеру құбылысына зерттеу жұмыстарын Құдайберген Жұбанов жүргізген. Ахмет Байтұрсынұлы 1915 жылы Тіл құралы еңбегінде 17 консонантизмдер бар деп көрсеткен. Ахмет Байтұрсынұлы дауыссыз дыбыстарды шала дауыстылар қазіргі танда үнділер және ауыз шығысты, мұрын шығысты деп жіктеген. А. Байтұрсынұлы дауыссыздарды ( консонантизмдерді) қысаң және босаң деп екіге бөлген. Қысаң дауыссыз дыбыстарға (п, т, с, ш, қ, к) дыбыстарын жатқызса, босаң дауыссыз дыбыстарға (б, ж, д, з, г, ғ) деп бөлген. Қазіргі кезде қысаң, босаң дегеніміз қатаң және ұяң дауыссыз дыбыстар. Консонантизмдерді ашық ( с, ш, ж), тұйық(п, т, қ, б, д, ғ, г) деп жіктеген еді. Бұл жердегі ашық дегеніміз ызың, ал тұйық шұғылдар. Ахмет Байтұрсынұлы ұяң дауыссыз дыбыстар «з, ж» сөздің басында да, аяғында да келеді, ал «б, д» дауыссыз дыбыстары сөздің аяғында келмейді, ал «ғ, г» дыбыстары сөз басында да аяғында да келмейді деп зерттеген. Қазіргі қазақ тілінде 25 дыбыс, 26 дауыссыз әріп бар деп жіктеген І. Кеңесбаев. Әлімхан Жүнісбеков классификациясы бойынша 25 дауыссыз дыбыс бар деп жіктеген. Сапархан Мырзабеков классификациясы бойынша 25 дауыссыз дыбыс бар, 26 дауыссыз әріп оның ішінде щ әріпін дыбыспен шатастырып жүр. Негізінен щ ол дыбыс емес, әріп деген тұжырым жасаған С. Мырзабеков. Қазіргі қазақ тілінде 25 дауыссыз фонема болатын болса, орыс тілінде олардың саны-37. Қазіргі қазақ тілінде бұрын болмаған, орыс тілінен енген дауыссыздар саны бес: в, ф, х, ц, ч дыбыстары. Дауыссыздардың ішіндегі «к, г» дыбыстарын Ахмет Байтұрсынұлы ешқашан жіңішкермейді. К және г дыбыстары тоң дыбыстар анықтама берген. Ал зерттеуші Х. Досмұханбетұлының анықтауынша к мен г дыбысының жіңішке түрін қ мен ғ дыбысы деп көрсеткен. Қарама қарсы пікірді Әлімхан Жүнісбеков білдіреді. Зерттеушінің пікірінше қ мен к қатаң бір к фонема, ғ мен г бір фонема деп анықтама береді. Әлімхан Жүнісбеков классификациясы бойынша қазақ тілінде 17 жауыссыз фонема бар деп көрсеткен. Қазақ тілінде бар, орыс тілінде жоқ дауыссыздар бесеу:ғ, қ, ң, у, һ. Дауыссыздардың айтылу мен жазуладағы ерекшеліктерін қарастырамыз. Б, п фонемалары астыңғы еріннің үстінгі ерінге тиіп, тез ажырап кетуінен жасалады. Консонантизмдер акустикалық, артикуляциялық, перцепциялық аспекті бойынша І. Кеңесбаев пен С. Мырзабеков классификациясы бойынша бұл ерін мен қос ерін( билобиаль) деп аталады. Бұлардың ерекшелігі дауыс алғашқысында (б) аздап қатысады да, екіншісіне( п) қатыспайды. Атап айтқанда соңғы позицияда б жазылған уақытта соңғы дауыссыз б дыбысы п болып айтылады. Ал п дауыссыз дыбысы барлық сөздің позициясында ұшырай береді. Тіліміздегі п-дан басталатын сөздердің көбісі кірме сөздер. Сөз басында б мен п айтуда, тіпті жазуда да ( орфографиялық сөздікте) кейде жырысып жүреді. Мысалы: байым-пайым, балуан-палуан, палау-балау.
1. 2. Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстардың дауыс қатысына қарай жіктелуі.
Консонантизмдер( дауыссыз дыбыстар) - Өкпеден шыққан ауаның ауыз қуысында кедергіге ұшырап шығуынан жасалған дыбыстарды дауыссыз дыбыстар деп атаймыз. Қазақ тілінде консонантизмдер саны 26 оның 25 дыбыс, щ дыбыс емес әріп деп көрсетілген.
Дауыссыз дыбыстың ( консонантизмдердің) өзіндік ерекшеліктер:
- Тек салдырдан, кейде үн мен салдырдан тұрады .
- Созуға келмейді
- Буын құрай алмайды
Консонантизмдер( дауыссыз дыбыстар) салдыр мен үннің қатысыга қарай 3 топқа бөлініп жіктелген.
- Қатаң дауыссыз дыбыстар- дауыссыз дыбыс тек салдырдан жасалады, үн болмайды:к, қ, п, с, т, ф, х, һ, ш, щ, ч, ц
- Ұяң дауыссыз дыбыстар- үн мен салдырдан жасалады, бірақ үннен салдыры басым болады:б, в, г, д, ж, з.
- Үнді дауыссыз дыбыстар- үн мен салдырдан жасалады бірақ салдырдан үні басым болмайды:й, л, м, н, р, у.
Консонантизмдер( дауыссыз дыбыстар) артикуляциялық ерекшелігіне қарай 2 топқа бөлінеді.
. Шұғыл(эксплозив) дауыссыз дыбыстар дегеніміз-Өкпеден шыққан ауаның қуысында дауыссыз дыбысты айтқанда дыбыстау мүшелері бір-біріне жабысады да, бірден кілт ажырап, ауа сүзіліп, шұғыл шығады:п, б, т, д, к, г, қ, ц, ч, м, н, ң;
Ызың(фрикатив) дауыссыз дыбыстар дегеніміз- дауыссыз дыбысты айтқанда жымдасуынан емес, тек өзара жуысуынан соның нәтижесінде ауаның сүзіліп шығуынан болады: ф, в, с, ш, ж, з, х, һ, ғ, л, й, у;
Ахмет Байтұрсынұлы дауыссыз дыбыстардың артикуляциялық ерекшелігіне жасалу тәсіліне қарай бөлінген шұғыл(эксплозив), ызың(фрикатив) жабысыңқы және жуысыңқы деп бөлген.
Консонантизмдерді (дауыссыз дыбыстарды) Ахмет
Байтұрсынұлы үнділер және үнсіздер деп екі топқа бөлген. Үнділерді мұрын жолды:м, л, н, ң; ауыз жолды:л, р, й, у; дауыссыз дыбыстары жатады. Үнсіздер дегеніміз қатаң және ұяң дауыссыз дыбыстар.
Консонантизмдер артикуляциялық, акустикалық, перцепциялық тұрғыда Ісмет Кеңесбаев пен Сапархан Мырзабеков 8 топқа топтастырған:
- Ерін мен қос ерін (билобиаль) :м, п, б, у
- Тіс пен ерін (лабильденталь) :ф, в
- Тіс ( денталь) :т, с, з, д, ң
- Тіл ұшы (альвиал) :ч, н, л
- Тіл алды ( палаталь) : ш, ж, р, й
- Тіл ортасы ( препалаталь) : к, г
- Тіл арты (веляр) :қ, ғ, ң, х
- Көмей ( фарингаль) : һ
Дауыссыз дыбыстар ариикуляциялық, акустикалық, перцепциялық тұрғыда Әлімхан Жүнісбеков төрт топқа бөлді.
- Ерін ( п, б, м, у)
- Тіл ұшы (т, д, н, ш, ж, с, з, р, л)
- Тіл ортасы ( к, г)
- Тілшік(қ, ғ, ң, й)
Консонантизмдер жасалу тәсіліне байланысты 3 топқа бөлінеді
- Тоғысыңқы
- Жуысыңқы
- Жабысыңқы
Дауыссыз дыбыстарға байланысты ғалымдардың пікірлері: Сапархан Мырзабеков: Дауыссыз дыбыстарда(консонантизмдерде)
дауыстың дәрежесі әр түрлі, бірақ үнділерде көбірек, ұяңдарда азырақ деп жазған өз еңбегінде.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz