ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУ ПРИНЦИПТЕРІ


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

Тарих, экономика және құқық факультеті

«Құқықтық пәндер» кафедрасы.

6В04202 - мамандығы - «Құқықтану»

C:\Users\acer\AppData\Local\Microsoft\Windows\INetCache\Content.Word\download.jpg

Курстық жұмыс

Пәні: «Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу құқығы»

Тақырыбы: « Қылмыстық процесті жүргізу принциптерінің түсінігі және түрлері »

Орындаған:

Юр-31 студенті Увиньвя Қ. М.

Ғылыми жетекшісі:

з. ғ. м., аға оқытушы Самуратова А. У.

Орал, 2022

ЖОСПАР

КІРІСПЕ . . . 3

I. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТІ ЖҮРГІЗУ ПРИНЦИПТЕРІНІҢ ЖАЛПЫ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ . . . 6

1. 1 Заңдылық . . . 6

1. 2 Сот төрелігін соттың ғана жүзеге асыруы . . . … . . . 12

1. 3 Адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға тікелей байланысты принциптер . . . 14

II. ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУ ПРИНЦИПТЕРІ . . . 20

2. 1 Кінәсіздік презумпциясы . . . 20

2. 2 Қайта соттауға және қылмыстық ізге түсуге жол берілмеуі . . . 22

2. 3 Сот төрелігін заң мен сот алдындағы теңдік негіздерінде жүзеге асыру . . 23

2. 4 Судьялардың тәуелсіздігі . . . 25

2. 5 Сот процесін жүргізуді тараптардың бәсекелестігі мен тең құқықтылығы негізінде жүзеге асыру . . . 26

2. 6 Істің мән-жайын жан-жақты, толық және обьективті зерттеу . . . 28

2. 7 Дәлелдемелері ішкі сенім бойынша бағалау . . . . . . . … . . . 29

2. 8 Күдіктінің, айыпталушының қорғану құқығын қамтамасыз ету және өзге де процесстік қағидалар . . . 31

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 38

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 40

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі . Қазақстан Республикасының Ата заңы Конституцияның бiрiншi бабының бiрiншi тармағына сәйкес «Қазакстан Республикасы өзін демократиялык, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі, құкықтары мен бостандықтары» болып табылады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық процесті жүргізу жүйесін жетiлдiру аясында, сот актiлерiн орындауға байланысты бірқатар бағдарламалар іске асырылып, олардың арасында бірқатар басым мәселелерді кезең - кезеңмен шешiп және белгiлi бiр он нәтижелерге қол жеткізуге мүмкiндiк алғанымызбен, елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың 2012 жыл 15 желтоқсандағы «Қазақстан - 2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты Қазақстан халқына жолдауындағы Парламентке қойған тапсырыстарының бірі өзекті заң актілерінің қабылдануы қылмыстық сот iсiн жүргiзудi және, ең алдымен, қылмысқа қарсы мемлекеттiк күрес саясатын тұжырымдық тұрғыдан жаңғыртады, біздің құқықтарымызды қазіргі сын - қатерлерге өз дәрежесінде әрекет жасайтындай деңгейге көтереді деген Президентіміздің сенімі, қылмыстық іс жүргізу саясатын тиiмдi iске асыру, соның iшiнде сот актілерін атқаруға байланысты мәселелерді шешудің заңнамалық сапасы мен жанашалауга бетбұрысты жолдайды.

Осыған орай ескі Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексi занды күшi жойылып, 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық - процестік кодексі қабылданып, 2015 жылы 1 қантардан бастап күшiне ендi.

Сонымен қатар, құқық қорғау органдарының жүйесі реформалануда, қылмыстық іс жүргізу құқығы саласын ізгілендіру, азаматтық қоғам институтхарын нығайту жалғасуда. Соңғы жылдар ішінде демократияландыру мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия, Омбудсмен институты, Ұлттық Кеңес, бұқаралық ақпарат құралдарының Қоғамдық Кеңесі құрылды, сот төрелігі жүйесіне присяжныйлар сотын енгізу туралы заң қабылданды, барлық салаларда сыбайлас жемқорлықпен күресу күшейіп келеді. Сезсiз, аталған жағдайлардың барлығы Қазақстанда құқықтық мемлекеттiн негiзгi институттарының берiк қалыптасып жатқандығының айғағы. Сондай-ақ, аталған реформаларға байланысты қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу алi де талай өзгерістерге ұшырайтындығы белгілі.

Бүгiнде қылмыстық саясатты ізгілендіру мейлінше қоғам өмiрiнiң кептеген салаларын қамтып келеді, жалпы жұрт таныған халықаралық нормалар мен қағидаларды қамтитын халықаралық стандарттар молынан енiп келедi. Құқықтық саясат, ел Президенті атап өткендей екi векторлық бағытта: бір жағынан қоғам және мемлекет үшін аса қауiптi қылмыс жасағаны үшін жауаптылық қатаңдатылуы қажет, екінші жағынан елiмiзде ауырлығы төмен қылмыстар үшін жазаның iзгiленуi қажет, яғни егер қылмыс аса ауыр болмаса, қоғамға қауіптілік деңгейi басым болмаған жағдайда ол адамға ізгілікпен қарау. Бұл орайда, рақымшылық және кешірім жасау ізгілікке бағытталған оң қадамдардың бірі болып отыр, ал Қазақстан Республикасының қылмыстық іс - жүргізу кодексінде орын алған қылмыстық процестің қағидаларының маңызы ерекше.

Қылмыстықпен күресуде қазіргі уақытта қылмыстылықтың алдын алу алдыңғы орыға қойылып, негізгі бастама бағытты құрайды. Осыған орай, қазіргі уақытта қылмыстылықтың алдын алуды тиiмдi ұйымдастыру, оның iшiнде қылмыскерлердiң кiнәсін әшкерелеп, анықтау, әділетті жаза тағайындау барысында қылмыстық іс жүргізу қағидаларын сақтауды камтамасыз ету мәселелерi aca маңыздылыққа ие болды. Бұл жайында ҚР Президенті 20. 09. 2002 жылы мақұлдаған №949 Қазақстан Республикасының Құқықтық саясаты Тұжырымдамасында: "Қылмыстық заңнамада қылмыстылықтың алдын алу және оны болдырмау, онымен күрестегі табандылық, жедел - iздестіру қызметін жетілдіру, нақты қалыптасқан оперативтік ахуалға тиiсiнше көңіл аудару, ақпараттық қамтамасыз ету мен талдау жұмысының деңгейін көтеру басым бағыттар болуы тиiс" деп нақты белгіленген.

Қағида қандай да бір теория, білім, ғылымның және тағы басқалардың негізгі бастапқы жағдайы, басшылыққа алатын ережелері. Қағида бір нәрсенің негізін, алғышартын білдірсе де, субъективтік категория, себебі адам санасында көрініс табады.

Курстық жұмыстың объектісі айыпқа тартуды топтастырудың ғылыми негіздерін белгілеуге мүмкіндік беретін теориялық қағидаларды анықтау және қылмыстық іс жүргізу қағидаларынна байланысты қатынастарды реттеу.

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті. Жұмыстың басты мақсаты мен міндеті кiнәлiге әдiл жаза тандау немесе қылмыстық іс жүргізу құқығының сипаттағы басқа да шара тағайындаумен байланысты теориялык, нормативтік құқықтық проблемаларды кешенді түрде, кең тұрғыда талдау негiзiнде жаза институтына қатысты жазаны топтастырудың теориялық ережелерін жүйелеп шығару және сот практикасына осыған орай кепілдемелер беру болып табылады. Көрсетілген мақсатка жету үшін төмендегідей мiндеттерді шешу жолы қарастырылды:

- Қылмыстық іс жүргізу қағидаларының түсінігі және маңызын ашу;

- Заңдылық және сот төрелигiн тек соттың ғана жүзеге асыруы қағидаларын зерттеу;

- Адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға тікелей байланысты қағидаларын анықтау;

- Қылмыстық сот iсiн жүргiзу қағидаларын талдау.

Курстық жұмыстың әдістемелік негіздерін танымның қазіргі әдістері, онын iшiнде жалпы және жалпы ғылыми да (диалектикалык, жүйелік - құрылымдык, институционалдық өлшеу, құрылымдық - функционалдық, социологиялық және т. б. ), арнайы да (тарихи - заңдық, формальды - заңдық) әдістер зерттеудің методологиялық негізін құрады .

Курстық жұмыстың әдістемелік негізін Қазақстан Республикасының зандары, ережелері, шетелдік және отандық заңгерлердің ғылыми еңбектері, оқулықтар, мерзімді басылымдардың мәліметтері құрайды.

Курстық жұмыстың құрылымы зерттеу объектісін таңдауға, нысанасын ықшамдауға, қойылған мақсаты мен міндеттеріне негізделедi.

Курстық жұмыс кіріспеден 2 тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен құралған.

I. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТІ ЖҮРГІЗУ ПРИНЦИПТЕРІНІҢ ЖАЛПЫ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ

1. 1 Заңдылық принципі

Қағида термині (латынша "principum") түсініктемесiнiң үш мағынасы бар: философиялық затты - қолданбалы және теориялық - құқықтық. «Қағида» ұғымының философиялық мағынасы мынада: жалпы таным негiзiне немесе әлде-бiр бiлiм саласы негiзiне алынған, заңдылықты айқындайтын және бiлдiретiн әдеттегі нәрселер теория жүзiнде талдап қорытылады.

Қағида ұғымының затты - қолданбалы мағынасы осы қызмет өзне сай келуге тиiстi негiзгi, жалпы талапты бiлдiредi. Қағиданың теориялық - құқықтық маңызы - ақиқатты тиісті және құбылыс мәнінің талданған, объективті орын алып отырған онда қолданылатын заңдылықтарды бейнелейтін көрінісі.

Кез - келген құқықтық саланың қалыптасуы мен дамуына көңіл аудармастан бұрын, нақты құқықтық сала негізделіп негізгі бастау алып тұрған қағидаларды арнайы зерттеп, саралау кажет. Жалпы, «қағида», яғни «принцип» деген термин латын сөздігінен туындаған және өз тілімізге аударғанда негіз, бастау деген мағынаны бiлдiреді. Н. И. Матузов пен А. В. Мальконың көзқарасы бойынша құқық қағидасы - бұл құкыктың пайда болуының, дамуының және жұмыс істеуiнiң адамгершілік және ұйымдық негізін құрайтын бастапқы, анықтаушы идеялар, ережелер, нұсқаулар.

С. С. Алексеевтің пікірінше, құқық қағидасы бұл қоғамдағы құқықтың мазмұнын, оның мәнін және мағынасын сипаттайтын алға қоятын идеялар. Бір жағынан, олар құқықтың заңдылықтарын көрсетеді, екінші жағынан, құқықтық реттеудің барлық аясында әрекет ететін және барлық субьектілерге тарайтын жалпы нормаларды білдіреді. Бұл нормалар занда тікелей көрсетіледі немесе заңның жалпы мағынасынан туындайды. Құқық қағидалары заң шығарушы үшін алға қоятын идеялар ретінде бола тұрып, құқық нормаларын жетілдіру жолдарын анықтайды. Қағидалардың арқасында құқық жүйесі адам мен қоғамның маңызды мүдделері мен қажеттіліктеріне бейiмделедi.

Ф. Энгельстің мына пiкiрiне ден қоялық: « . . . Қағидалар табиғатқа және адамзат тарихына қолданылмайды, олардан дерексіздендiрiледi: табиғат пен адамзат қағидаларға лайықталмайды, керісінше қағидалар табиғат пен тарихқа қаншалықты сәйкес келсе, соншалықты ғана дұрыс болады. Сонымен, «қағида» термині негiз, яғни негізгі бастама деген мағынаны қызмет саласының негіздерін құрайтын және заңда белгіленген бастама ережелер ретінде қарастырылады.

Профессорлар Н. А. Селиванов пен В. А. Снетковтың редакциялығындағы еңбекте қылмыстық процесс қағидаларының мынадай анықтамасы келтiрiледi: «қылмыстық процесс қағидалары бұл қылмыстық процестің ең маңызды қасиеттері мен заңдылықтары туралы негiзгi, бастама идеялары». Бұл тұрғыдан олар орындалуы мiндеттi құқыктық канондар ретінде бағаланады.

Қандай да болсын ережелердi қылмыстық процестік іс жүргізу құқығы категориясына жатқызу үшін олар мына талаптарға сай келуі тиіс:

1. олар (ережелер) анықтау, тергеу, прокуратура және сот органдарының ұйымдастырылуы мен қызметінде негiзгi, бастапқы сәттерді айқындап, олардан өз кезегінде жеке дара сипатты ережелер туындайды;

2. қағидалардың өздерінде адамдардың ерік берiлген немесе мiндеттi iс қимылдарының барлық жактары және құқықтық норманың барлык элементтері (болжам, диспозиция, санкция) тұжырымдалуы тиiс емес;

3. негiз қалаушы айқындамаларға еркін мазмұн беруге болмайды, өйткені олар қылмыстық іс жүргізу логикасымен объективті түрде байланысты;

4. қағидалар категориясына жатқызылған ережелер объективті және субьективті негіздерді бірдей дәрежеде ұштастыруға тиiс (мазмұн объективті, заң сөзінің нысанасы субьективті) ;

5. қағида ережелерінің мәнiне орнықтылық, тұрақтылық тән болуға тиіс (құқық нормалары өзгертіледі, заңдар ауыстырылады, ал қағидалар сақталады) ;

6. өктем, әмірлі сипатта болуға тиіс;

7. қылмыстық іс жүргізу құқығы жүйесiнде басым жағдайда болуға тиiс.

Сонымен, Қазақстандық ғалым Е. Е. Ерешевтiң ойынша, қылмыстық iс жүргізу қағидалары - қылмыстық сот iсiн жүргiзудiң тәртiбi негiзделген және оның маңызды сипаттары мен белгілерін көрсететін заңда бекiтiлген бастама ережелер болып табылады. Бұл қағидалардың маңызы осы аталған тұжырымның өзiнен туындайды. Бiрiншiден, қылмыстық іс жүргізу қызметі осы қағидаларға негізделген және олар қылмыстық процестің ең манызды жақтарын сипаттап көрсетедi. Екiншiден, кылмыстық іс жүргізу органдары осы қағидаларды басшылыққа ала отырып өз қызметін атқарады және бұл қағидаларды қатан сақтауға міндетті. Үшiншiден (Жана Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексінің 9 - бабында айтылғандай), бұл қағидаларды сақтамау оның аты мен мәнiне қарай, іс жүргізудің барысында шығарылған шешімдерді бұзуға және осы кезде жиналған iстiң материалдарының заңды күшi жоқ деп табуға әкеліп соқтырады.

Қағидаларды кең мағынада талқылаудың маңызы келесiде тұжырымдалған:

- бiрiншiден, қылмыстық iс жүргiзу құқығы жүйесiндегi қағидалар орталық жетекшi орын алады, олар бiр-бiрiмен тығыз және үйлесiмдi байланысқан бастапқы, әуелгi нормалар, олар құқықтық ұйғарым сияқты құрылады және нормативтiк мiнез-құлықты болады;

- екiншiден, қағидалар iс жүргiзу құқығының негiзгi бағыттарын, даму перспективаларын анықтайды, қылмыстық процестiң әлуметтiк тағайындалуын, оның табиғатын және жүйесiн түсiнуге кiлт болып табылады;

- үшiншiден, қағидалар қолданыстағы заңнаманың өзгертiлуiмен және толықтыруымен байланысты сөйлемдердiң тұрақтылығын анықтаудағы басты өлшеуiш ретiнде шығады және процесуалдық нормалардың дұрыс талқылануына мүмкiндiк тудырады. Қылмытық процесс қағидаларының басты маңызы осыда тұрады деп сенiмдiлiкпен бекiтуге болады.

Процессуалды құқықтық жүйесiнде қағидалар басшылық орын алады, әрдайым бiр-бiрiнен шығарылмайтын және қағидаларының мәнi нақтыланған және бағынылған нормалармен қамтылып жүзеге асады. Ортақтақтың жоғары дәрежесiмен ие болған, басқа ережелерде қалыптасқан қылмыстық құқықтық әсер етудiң бiр тектiк жүйесiне күрделi мән беретiн процессуалдық нормалардың барлық жүесiнiң дәл өзiн көрсетедi.

Процессуалдық нормалардың барлық жүйесiнiң дәл өзiн көрсеткен, ортақтықтың жоғары дәрежесiмен ие болған және басқа ережелерде қалыптасқан қылмыстық құқықтық әсер етудiң бiр тектiк жүйесiне күрделi мән беретiн қағидалар.

Дәл осы қарым-қатынас барлық қылмыстық iстер бойынша жалпы және нақтылайтын нормалардың бiртектiгiн және қылмыстық сот өндiрiсiнде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етедi.

Қылмыстық процестiң қағидалары барлық сатыда жүзеге асырылады, олар әр сатыда шешiлетiн мәселе бойынша жиi кездеседi. Бiрақта, олар әдiл сот қағидалары да болғандықтан сот өнiрiс сатысында толығымен жүзеге асырылады.

Қағидалар мазмұны бойынша объективтi, сонымен қатар қоғамдық және мемлекеттiк өмiрдiң заңдылықтарын көрсетедi.

Адам және тиiстi мемлекеттiк органдар қылмыстық сот өндiрiсiнiң адресаты болып табылады. Тиiстi мемлекеттiк органдар қылмыстық процестегi орнатылған қағидалар негiзiнде жүргiзуi және олардың бұзылған салдарын қалына келтiруi тиiс. Сондықтан, адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын тану, сақтау және қорғау мемлекеттiң мiндетi.

Қылмыстық процестiң қағидалары - қылмыстық процестiң құрылымын, оның мәнiн, сонымен қатар алдында тұрған мақсаттарының орындалуын қамтамасыз ететiн, Конституция мен ҚПК-де бекiтiлген негiздеушi құқықтық ереже.

Құқық қағидалары қоғамда басшылық ететiн құқықтық көзқарастарды, пiкiрлердi ғана көрсетпей, сонымен бiрге құқықтық қатынастың қатысушыларына тиiстi талаптар қояды: судьяларға, прокурорларға және адвокаттарға, жәбiрленушi мен айыптаушыға, азаматтық талапкер мен азаматтық жауапкерге. Сондықтан құқық қағидалары - құқықтық қатынастарды реттейтiн маңызды құрал.

Қылмыстық сот өндiрiсi қағидаларының жүйесi. Салалық қылмыстық процесс заңнамасы ҚР Конституциясының қағидалары кез келген сот өндiрiсi сатысында жүзеге асыру шектерiн дамытып, нақтылап және өзгеде салалық қағидалармен толықтырады. Сондықтан әдебиеттерде арнайы қағидалардан гөрi Конституциялық қағидаларды ерекше белгiлейдi.

Арнайы қағидалардың қатарына мыналар кiредi: ҚР Конституциясының 23, 24, 12, 25, 31 баптары. Қылмыстық процестегi конституциялық қағидаларды ҚР Конституциясында бекiтiлген қылмыстық процестiң құрылымын, мәнiн және мiнез - құлқын анықтайтын негiз қалаушы құқықтық пiкiрлер ретiнде қарастыруға болады. Олар қылмыстық процестiң фундаментi мен базасын құрайды.

Заңдылық. (ҚР Конституциясының 1, 4, 34, 77, 78 баптары; ҚР ҚПК-нің 10 б. ) - Қоғамдық және мемлекеттiк өмiрде жүзеге асырылатын жалпы құқықтық және жалпы мемлекеттiк қағида, барлық құқық салаларының жетекшi қағидасы. Бұл қағида ҚР Конституциясының көптеген баптарында негiзделедi. Конституция жоғары заңи күшiне ие болып, ҚР барлық территориясында жүзеге асырылатындығы 4 бапта көрсетiлген. 1 бапта Қазақстан өзiн демократиялық, зайырлы құқықтық және әлеуметтiк мемлекет деп көрсетедi. 34 бапта ҚР заңнамасын сақтау, ары және намысын құрметтеу мiндеттiлiгi жарияланған.

Әдiл сот саласында бұл қағида мынаны бiлдiредi:

- бiрiншiден , сот әдiлдiгiн тек қана соттар жүзеге асырады;

- екiншiден, соттар сот әдiлдiгiн жүзеге асыру барысында тәуелсiз және Конституция мен өзге де заңдарға бағынады;

- үшiншiден, сот талқылауы барысында материалды және процессуалды заңдылықты дұрыс қолдану;

- төртiншiден, сот iстерi бойынша өндiрiс тәртiбi ҚР заңдарымен орнатылған.

Заңдылықты сақтау талабы ҚПК - нің барлық нормаларын сақтауын, қылмыстық заңның және басқа материалдық заңдардың дұрыс орындалуын бiлдiредi.

Заңдлық соттың, прокурордың, тергеу органдарының iс жүргiзу қызметiнде сақталуы мiндеттi. Сондықтан қылмыстық iс жүргiзу заңында тек қана қылмыстық iс бойынша тергеудi және соттық қарауды жүзеге асыратын тұлғалардың құқықтары мен мiндеттерi ғана емес және қылмыстық процестiң өзге де субъектiлерiнiң құқықтары мен мiндеттерi көрсетiлген(айыпталушы, жәбiрленушi, қорғаушы және т. б. ) .

Сот өзiнiң құзыретiне қарамастан әдiл сотты заң негiзiнде және заңға сәйкес жүзеге асырады. Сот тек өзi ғана заңды сақтамай сонымен қатар тараптардың қызметiн олардың құқықтары мен мiндеттерi негiзiнде қамтамасыз етедi.

Алдын ала тергеу сатысында заңдылықтың талаптары дегенiмiз қылмыстық iс жүргiзуге жауапты тұлғалардың (тергеушi, анықтаушы, прокурор), алдын ала тергеудiң басқа да қатысушыларының (сезiктi, айыпталушы, жәбiрленушi және т. б. ) және заңдарға ведомствалық бақылауды жүргiзетiн субъектiлердiң (тергеу бөлiмiнiң бастығы, анықтау органының бастығы, прокурор, сот) заңға сәйкес қызметiн орындауы.

Қоғамдық қатынастарды сотта анықтауда және алдын ала тергеуде реттеу барысында заңдылықтың күйi заңдардың жүйесi ретiндегi тиiстi құқықтық база мен себеп болған. Дұрыс заңдардың бар болуы - заңдылықтың iрге тасы, бiрақта әлi заңдылық емес. Қылмыстық сот өндiрiсiндегi заңдылық қағидасы қоғамдық қатынастардың барлық қатысушыларының заңдарды бас тартпай орындауына, азаматтардың талаптарын және мемлекеттiк органдардың қызметтерiн құқық нормаларының талаптарына сәйкестендiруге бағытталған.

Тергеушiлер мен анықтау органдары үшiн заңдылық талаптарын сақтау дегенiмiз қылмысты тез және толық тергеудi қамтамасыз ету, барлық тергеу әрекеттерi негiзiнде дәлелдемелердi жинау және зерттеудi қатаң заңдарға сәйкес жүргiзу болып табылады. Осы мақсаттарда ҚР ҚПК-де заңмен рұқсат етiлген барлық процессуалдық әрекеттердiң және процессуалдық шешiмдердiң өндiрiстерi нақты көрсетiлген. Оның негiзiнде олар тек қана қылмыстық iс жүргiзу заңының талаптарын ғана емес, сонымен қатар қылмыстық заң талаптарын дәл сақтауға мiндеттi.

Бiрақ алдын ала тергеу өндiрiсiнде заңдарды сақтау және орындау талаптары қылмыстық процестiң басқа да сатыларында сияқты тек қана қылмыстық iс бойынша өндiрiс жүргiзетiн субъектiлiрге ғана емес, сонымен бiрге қылмыстық өндiрiс саласына тартылған азаматтарға, олардың қорғаушылары мен өкiлдерiне, сарапшыға, мамандарға және т. б. көрсетiлген. Сонымен қатар, азаматтар қылмыстық процеске дер кезiнде түсу үшiн тергеушi және iс бойынша өндiрiс жүргiзушi өзге де субъектiлер мiндеттi:

А) дер кезiнде олардыi iчке қатысу рұқсаты жайлы шешiм қабылдау (мысалы, тергеушiмен адамды айыпталушы ретiнде жауапқа тарту туралы дәлелдi қаулы шығару, кiнәсiн мойындап келу және т. б. ) ;

Б) оларға берiлген құқықтар мен мiндеттердi түсiндiру;

В) тиiстi құқықтарын жүзеге асыру мүмкiндiгiң қамтамасыз ету. Бұл талаптар қазiргi уақытта тек қана ҚПК-де ғана емес және ҚР Конституциясының ережелерiнде тiкелей негiзделген (12-бап) .

Конституцияның 4-бабының 4-тармағына сәйкес азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты ресми түрде жарияланбаған нормативтiк құқықтық актiлердi соттардың және олармен өздерiнiң шешiмдерiн тұрақтандыруға құқығы жоқ.

Сот бiрiншi, апелляциялық, қадағалау сатыларында Конституцияның 78-бабының талаптарын орындалғанда тиiстi заң немесе өзге де нормативтiк құқықтық акт Конституциямен баяндв етiлген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiредi деп тапса, осы актiнi Конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Конституциялық еңеске iстi қарастыру барысында кез келген уақытта жүгiнуге құқылы. Сонымен қатар соттар 29. 12. 1995 ж. ҚР Президентiнiң “ҚР Конституциялық Кеңесi туралы” Конституциялық заң күшi бар жарлығының 22-бабына сәйкес Конституциялық Кеңеске жүгiну ережелерi мен мазмұнын қатаң сақтауға мiндеттi.

Заңдылық - ол қолдану саласы өте кең қағида. Ол қылмыстық процестiң барлық кезеңдерi мен институттарына, барлық субъектiлерiне қатысты болып, барлық әрекеттер мен процесуалдық шешiмдерге таралып, басқа қағидаларға және олардың фактiлiк жүзеге асырылуына әсер етедi. Сондықтан бұл қағида қылмыстық процестiң басқа қағидаларының арасында маңызы зор.

Қағидалардың барлығы және әрқайсысы заңдылықты жүзеге асырып, олардың бұзылуы заңдылықтың бұзылуы деп есептеледi.

1. 2 Сот төрелігін соттың ғана жүзеге асыруы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық процесс принциптері
Істерді алқалы түрде қарау принципінің сот қызметін ұйымдастыру принциптерінің арасында алатын орны мен мәні
Сот төрелігін тек соттың ғана жүзеге асыруының принципі
Қылмыстық процестік құқық пен қылмыстық процестің тәрбиелік алдын алушылық маңызы
Қылмыстық процесс принциптерінің ұғымы мен мәні
Азаматтық сот ісін жүргізудің функционалдық әдістері
Заңдылық принципі
ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУ ПРИНЦИПТЕРІНІҢ ЖҮЙЕСІ
Қылмыстық іс жүргізу принциптері
АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz