Тәрбие мақсатының мәселесі педагогикалық ойлар тарихында


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Тақырыбы: Тәрбие мақсатының әлеуметтік негіздері

Дайындаған: Ерлібек. Ұ

Тобы:ПМД-111

Қабылдаған:Джаздықбаева. М

Жоспар:

1. Кіріспе

2. Тәрбие мақсаты түсінігіне сипаттама

3. Тәрбие және жеке тұлғаны әлеуметтендiру.

4. Тәрбие мақсатының мәселесі педагогикалық ойлар тарихында

5. Қорытынды

6. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Тәрбие мазмұнының мәні. Тәрбие мақсатының, міндеттерінің және мазмұнының диалектикалық өзара байланыстары мен қатынастары. Педагогика теориясы мен тәжірибесінде тәрбие мазмұны ең маңызды және көкейкесті ұғымдардың бірі. Қазіргі тәрбие мазмұны ғасырлар бойы қалыптасып, белгілі бір тарихи кезеңде қоғамдық сананың даму ерекшеліктеріне идеяалық және құндылық ұстанымдарға байланысты жетіліп отырды. Ұрпақтардың табиғи түрде алмасуы қай кезде болмасын маңызды қоғамдық міндет болып табылатын алдыңғы ұрпақтардан келесі ұрпақтарға әлеуметтік тәжірибені жинақтап жеткізетін тәрбие процесі орындалатын білім беру жүйесіне қоғамның аса көп көңіл аударуын талап етіп отырған. Тәрбие мазмұнын жаңаша қарастыру, оны іске асырудағы тұлғалық бағдарлық және іс-әрекеттік тәсілдер ғалымдар мен педагогтарды жеке тұлғаны қалыптастыру міндеттерін шешудің тиімді құралдарын тұтас педагогикалық процесс тұрғысынан іздестіруге ынталандырады. Тәрбие мақсаттарын тереңінен білу педагогтарда негізінен қандай адамды қалыптастыруы қажет екені туралы, өздерінің іс-әрекеттеріне не нәрсе саналылық, айқын бағыт, қисындылық беретіні туралы көзқарас тудырады. Сонымен қатар тәрбие мақсаттарының одан ары айқындалуы оның міндеттерінің қалыптасуына ықпал етеді. Тәрбиенің мақсаттары мен міндеттері тәрбиелік жұмыстардың мазмұнын анықтауға тікелей қатысты. Тәрбие мазмұны - әр тұлғаның өмірдегі өз орнын өзі белгілеуіне қамтамасыз етуге, оның өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдайлар жасауға бағытталған, қоғамның экономикалық және әлеуметтік даму көрсеткіштерінің бірі. Сонымен бірге, тұлғаны ұлттық және әлемдік мәдениетке тәрбиелеу, өз қоғамына тығыз байланысты, және сол қоғамды жетілдіруге ұмтылған адам және азамат қалыптастыру қамтамасыз етіледі. Әлеуметтік тәжірибені меңгеру адамдардың, халықтардың қандай болса да нәсілдік, ұлттық, тайпалық, діни және әлеуметтік топқа жататындарына қарамастан, өзара түсінушіліктерін, ынтымақтастықтарын нығайтуылары тиіс, сонымен қатар, әр-түрлі дүниетанымдық көзқарастар ерекшеліктерін ескерулері қажет. Тұтас педагогикалық процесс теориясында педагогикалық процесс мәнінің қазіргі қоғамдағы тәрбие мақсаты - қоғамның шығармашылық іс-әрекетін белсенді қатыса алатын үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастырумен толық сәйкес келуіне көп көңіл аударылады. Сондықтан да педагогикалық процесстің негізгі тәрбиелік механизмдері оқушыларға қатысты барлық іс-әрекеттер түрлері қалыптасатын қатынастар жазықтығында орналасқан. Жеке тұлға тек өз іс-әрекеті арқылы ғана дамитыны бәрімізге белгілі. «Іс-әрекет тек қана менікі, менің жүрегімде тууы тиіс» - деп кезінде К. Д. Ушинский түсінікті де, әсерлі анықтама берген. Сондықтан да педагогтар тәрбие процессін ұйымдастыру барысында балалар әрекеттерінің ішкі мотивтеріне сүйене отырып, тәрбиеленушілердің кез келген әрекеттер түрін мазмұнды етіп толықтырулары қажет. Тәрбие мазмұнының мәселесі тәрбие бағдарламаларымен тығыз байланысты. Нақты бір білім беру мекемесіндегі тәрбие мазмұны мекеменің өз бетінше жасап, қабылдап іске асыратын білім беру бағдарламаларымен анықталады. Тәрбие бағдарламалары тәрбиенің негізгі мақсаттары мен міндеттер шеңберін анықтап, тәрбие мазмұнының сипаттамаларын, ерекшеліктерін, негізгі бағыттарын ашып көрсетеді. Қазіргі қоғам жастарын тәрбиелеудің стратегиялық бағыты ретінде делдалдық қасиетке ие, жалпы адамзаттық құндылықтарды игере алатын, ұлттық санасы дамыған, көп мәдени тұлғаны қалыптастыру болып саналады. Тәрбиенің құралдары, формалары мен әдістері туралы түсінік. Мектеп пен жанұяның педагогикалық процесінде оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру жүзеге асады. Педагогикалық процесті сауатты ұйымдастыру үшін мұғалім оның теориялық негіздерін түсініп, оның мақсаттарын, міндеттерін, мазмұнын, құралдары, формалары және әдістерін, тәсілдерін ажырата білуі керек. Құралдары формалар мен әдістер педагогикалық процеске қатысушылардың іс-әрекетінің қозғаушы күші болып табылады, соның арқасында жеке тұлғаның қалыптасуы жүзеге асады (Н. Д. Хмель) . Материалистік диалектика адам табиғатын биологиялық пен әлеуметтіктің (тұқымқалаушылық мүмкіндіктер мен әлеуметтік ортаның) бірлігі деп түсіндіреді. Адам, басқа да тіршілік иесі сияқты, табиғат және қоғаммен өзара әрекеттестікте болады, оларды өзінше қабылдайды, яғни осы әрекеттестіктің белсенді қатысушысы. Қоршаған дүниені өзгерте отырып, адам өзін де өзгертеді (К. Маркс) . Бұл ретте әр түрлі іс-әрекеттің орны ерекше. Адамның психикасы мен санасы қоршаған ортамен әрекеттестігі арқасында және нақты бір іс-әрекет барысында дамиды. Бұл ретте индивидумның іс-әрекеті жеке дара емес, басқа адамдардың (ата-ана, мұғалімдер, оқушылар т. б. ) іс-әрекетімен тығыз байланыста жүзеге асады. Сондықтан жалпы адамзаттық мәдениетті игеру үшін бала қоршаған ортамен басқа адамдар арқылы әрекеттестікте болуы керек, яғни олармен қарым-қатынас жасауы қажет. Осылайша, іс-әрекет пен қарым-қатынас жеке тұлғаның қалыптасуының ең маңызды шарты болып табылады. Педагогикалық ықпал етудің амалдары да осылар. Педагогикалық ықпал ету тәсілдері дегеніміз жеке тұлғаның қоршаған ортамен мақсатты әрекеттестігін ұйымдастыруға жағдай жасау. Сондықтан педагогикалық құралға жеке тұлғаның әрекеттестік жасайтын ортасы (табиғи, әлеуметтік, материалдызқ, рухани) және осы әрекеттестікті ұйымдастыратын іс-әрекеттің түрлері (қарым-қатынас, таным, ойын, еңбек, т. б. ) жатады. Педагогикалық құралға қатысушылардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасы педагогикалық ықпал ету арқылы жүзеге асады. Оқу-тәрбие процесінің субъектілері-әрекеттестігінің формалары мен әдіс-тәсілдер арқылы шешілетін белгілі бір мақсаттары мен міндеттері, тиісті мазмұны бар, логикалық тұрғыдан аяқталған, белгілі бір уақыт аралығындағы педагогикалық процесс. Ұйымдастыру формалары тұтас педагогикалық процеске қатысушылардың қарым-қатынасы мен әрекеттестігінің тәсілі ретінде де қарастырылады. Педагогикалық процестің ұйымдастыру формаларын былай жіктеуге болады:- қатысушылар құрамы (жеке даралық, шағын топтық, топтық, ұжымдық, жаппай) ; тұтас педагогикалық процестің оқу жұмысында қолданылуы (сабақ, семинар, факультатив, экскурсия) ; таным іс-әрекетінің сыныпта және сыныптан тыс уақыттағы байланысы (бірлесіп жасайтын жұмыс, аз топпен жұмыс, білімді тексеру, оқу жағдайындағы кездесу т. б. ) оқушылардың сыныптан тыс іс-әрекеті кезіндегі өзара әрекеттестігі (ертеңгілік, пәндік кеш, конференция, олимпиада т. б. ) . Тұтас педагогикалық процесті ұйымдастыру формалары әдістер мен әдістемелік тәсілдер арқылы жүзеге асады. Тәрбие әдістері дегеніміз тәрбие мақсат-міндеттерін шешуге бағытталған тәрбиеші мен оқушының өзара байланысты іс-әрекеті. Педагогикалық процеске қатысушылардың тәсілдері мен нақты әрекеттері, оқушылардың белсенді іс-әрекетінің ынталануы тәрбие мақсатына бағытталуы керек. Тәсіл деген де ұғым бар. Әдістемелік тәсіл дегеніміз әдістің жеке көрінісі. Әдіске қарағанда ол бағыныңқы сипатта болады. Формалар, әдістер, тәсілдер сияқты ұғымдар шынайы педагогикалық процесте өзара тығыз байланыста болады. Біріншіден, олар бір-біріне тәуелді (формалар мен әдістер, әдістемелік тәсілдер құралдар арқылы жүзеге асады) ; екіншіден, күнделікті тәжірибеде олардың арасында белгілі бір айырмашылық жоқ. Тәрбие әдістері мен тәсілдері әрқашан бірін-бірі алмастырып отырады: кей жағдайларда әдіс тәсілге айналады. Тәрбие мақсаты төңiрегiндегі пiкiрталас ежелі дәуiрдің өзiнде-ақ басталған. Ежелгi ойшылдар тәрбиенiң мақсаты iзгi, рақымшыл азаматтарды тәрбиелеу деп түсiндi. Ал, «рақым туралы пiкiрде олардың ойлары бiр жерден шыкпады. Сократтьң түсiнiгiнше, тәрбиенiң мақсаты- заттардың табиғатын зерттеу емес, өз-өзiңдi тану, аса құлықтылықты жетiлдiру. Сократтың шәкiртi Платон ақыл-ой, ерiк және сезімді тәрбиелеуге көп ықылас бiлдiрдi. Ол тәрбиенi өкiметтiң өзi ұйымдастыру керек, үстемдiк етуші топтар - философтар мен жауынгерлердiң талап-тiлегiне сай жұмыс iстеу деп түсiндi. Платонның шәкiртi Аристотель, тәрбиенiң максаты жан рақымы акыл-ес псн ерiк-жiгердi дамыту деп білдi. Я. А. Коменский тәрбиенің кушiне сендi, оның ойынша тәрбие үш мақсатқа жетуге бағытталуы кажет: өзіңдi және қоршағак ортаны тану (ақыл-ой тәрбиесi) және құдайға сиыну (дiни тәрбие) . Дж. Локтың ойынша, тәрбиенiн негiзгi максаты джентельмендi өз iстерiн акылмен және байыппен жүргізетiн адамды қалыптастыру. Ж. Ж. Руссо қоғамдык құндылықтарды қалыптастыруға тәрбие максаттарының бағыт-ұстанымынан айныған емес. И. Г. Пестолоццидың тәрбие мақсаты, адамның табиғи күш-қуаты мен қабiлеттiлiгiн дамытуға негiзделудi, сонымен қатар, бұл даму жан-жақты және үйлесiмдi болуының биігінен көрінуі. кажеттiлiгiне тоқталса, ал ИФ. Гербарттың ойынша, тәрбие мақсаты, рахымды адамды калыптастыруға, қалыптаскан карым-катынастарға бейiмделе алатын, қоғамдағы белгiленген тәртiптi сыйлайтын, оған бой ұсынатын адамдар деген түйiнге келедi. Тәрбиенiң ең жоғарғы максатын А. Дистервег «акиқат, сұлулык және мейiрiмдiлiкке өз ынтасымен қызмет» ету деп анықтаған. Ресейде, социал-демократтар тәрбие мақсаттары туралы өз көзқарастарын әлемге ұсынды. ХIХ г. 40-жылдарында В. Г. Белинский крепостнойлық право мен патшалык саясатка карсы күрескердi тәрбиелеу деп жазды. АМ. Герцен тәрбие мақсаты - коғамдағы «әдiлетсiздiкпен күресетiн еркiн ойлы, адамгершілiгi мол, қайраткер, жан-жақты дамығал тұлғалны дайындау деп санады. Бiз ақыл-ойдың дамуына таныммен қатар адамгершiлiк тәрбиенiң міндетi анағұрлым маңызды- деп, К. Д. Ушинский жазды. Сол себептi, бүгiнгi тәрбиенiң максатын әлеуметтендiру мәселелерiмен бiрлiкте қарастыру өзектi мәселелердiң бiрi екенiне ерекше мән берген орынды. Тәрбие мақсаты туралы түсiнiк. Тәрбие мақсаты - ол педагогикалық процесс пен қоғамнаң қажеттiлiгiне қарай өзгерiп отырады. Тәрбие максаты қоғамның әлеуметтiк сұранысына қарай және оның табысты орындалуы ұстаздың кәсiби дайындығына байланысты келедi. Ұстаздың қызметi мақсаттылығынан басталса оқушылар оку iс-әрекетiнің мақсатын нақты ұгына отырып, тапсырманы орындауын бастайды Тәрбие мақсаты - бұл қоғамның бетбұрысына, кандай мұраттарына қол жеткiзуiне бағытталған. Тәрбие мақсаты - педагогиканың ең маңызды мәселесi. Мақсат-тәрбиенің жалпы мақсаттылығынан, тәрбие жүйесiнiң сипатын айқындаушы ретiлде көрiнедi. Мақсат пен мiндет бүтiн және бөлшек ретiнде ара қатынаста болады, жүйесi мен оның компоненттерiне тәуелдi. Қорыта айтқанда, тәрбиенiң мақсаты нақты тәрбие мiндеттерiнiң жүйесi. Тәрбие мақсатын анықтауда маңызды себептердiң қатарына жататындар, мақсатты құрастыру, оны белгiлi заңдылыққа негiздеудi есепке алу. Ол саясат, мемлекет идеологиясы сияқты факторлармен бiрге, тәрбие мақсатын айқындауда қоғам өзiнiң қажеттi талабы мен мүддесiнің маңыздылығьн ұдайы есепке алу жұмыстың дұрыс жүруiне кепiлдiк бередi. Тәрбие мақсаты қоғамда жастардың белгiлi бiр функцияларын жүзеге асыру процесiнде олардың уәждiк қажеттiлiгiнен туады. Қоғам қажеттiлiгi өндiрiс тәсiлi мен өндiрiс күшi және өндiрiс түрi қатынасының даму деңгейiмен анықталады. Сондықтан тәрбие мақсатыньң нәтижесi әрқашан қоғам дамуының жетiстiк деңгейiн бейнелейдi, ал өндiрiс тәсiлiн өзгертумен анықталып отырады. Ойымызды нактылау үшiн, тәрбие мақсатының қоғамдык-экономикалық қатынас түрiне байланысты екенiн атап өтемiз. Тәрбие және жеке тұлғаны әлеуметтендiру. Әлеуметтік ұғым психология, философия және педагогикалық еңбектерде кеңiнен қолданылады. «Әлеуметтендiру» ұғымы адамды әлеуметтiк қарым-қатынастар жүйесiнде әр түрлi әлеуметтiк бiрлiктердiң (топтар, институт, ұйымдар) түрлерiне интеграциялау, одақтық қауымдастыру. Әлеуметтендiру - мәдени элементтердi түсiндiру, әлеуметтiк мұраттар мен құндылықты игеру негiзiнде жеке тұлға қасиеттерiн қалыптастыру. Сөз жоқ, әлсуметтендiру жүйесiнің мазмұны қоғам талабымен айқындалатындығы, яғни оның мүшелерi қоғамның маңызды салаларын бiлу, өндiрiстiк қызметке қатысу, берiк үйелмен, заңды басшылыка алатын азамат болуы қажет. Адамдардың мiнез-құлкы әлеуметтендiрудiң объектiсi ретiнде қалады. Бiрақ, адам бұл процестiң объектiсi ғана емес, субъектiсi болған жағдайда ғана әлеуметтенедi. Әлеуметтендiру қоғам талаптарын жеке тұлғаның қалыптасу кезеңінде бiрте-бiрте игеруi, сана мен тәртiпттiң маңызды әлеуметтiк мiнездерi, оның қоғаммен қарым-қатынасын реттейдi. Әлеуметтік тәрбие қоғамдық көзқараста әлеуметтік, рухани және эмоциналды адамға қажетті құндылықтарды адамдардың игеруі үшін мүмкіндік жасайды. Әлеуметтік адамға қажетті құндылықтар дегеніміз- білім, көз жеткізер сенім, ептілік, мөлшерлер, қарым-қатынас, мінез-құлық үлгілері т. б. Әлеуметтік тәрбиенің міндеті - әлеуметтікке оның мүшелерімен бірге табысты қол жеткізуге жағдай жасау, бұл адамның қоғамдағы бейімделу, дағдылану көндігу және икемдеу тепе-теңдігін, сондай-ақ оның қоғамдағы оңашалануын ұсынады. Әлеуметтік тәрбие процесі жанұяда, білім беру мекемелерінде, биресми қатынастар ортасында жүзеге асырылады. Тәрбие- кез-келген қоғамның аса маңызды қызметі, бұл әлеуметтік процесс болып табыла отырып, адамның мінез-құлқы мен қызметіне қоғамдағы барлық институттар, қоршаған орта және осы процесстің субьектісі ретінде жеке тұлғаның өзінің белсенділігі арқылы мақсатты түрде әсер етуі. Әлеуметтік микроорта бір жағынан, жеке тұлғаның өзін-өзі тарату процесін жеделдететін немесе баяулататын аса маңызды факторлардың бірі, екінші жағынан, осы процестің табысты дамуына қажетті жағдай болып табылады. Қоғамдық әлеуметтік тәрбие- қоғамдық көмек көрсетудің педагогикалық көрсетудің бір мақсатқа лайықталған жүйесі, ол өскелең ұрпаққа олардың өмірге араласы кезеңінде қажетті жағдайы. Бұл тәрбиелік білім беру процесінде барлық құралдар мен мүмкіндіктер арсеналын толыққанды пайдалануды көздейді, бұларды қоғам жеке тұлғаны қалыптастыру мақсатында бір жүйеге орналастырып отырады. «Әлеуметтік қалыптастыру» - кең көлемдегі түсініктердің бірі- ол жеке тұлғаның қалыптасуын сипаттайды. Бұл дегенің балаға барлық әлеуметтік әсер етудің процестері мен нәтижесі: мақсатты түрдегі, стихияалы, позитивті және - қоғамдық қатынастар жүйесіне қосылуды ұсынатын жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибесін жетілдіру процесі . Әлеуметтендіру әр түрлі әлеуметтік, әлеуметтік психологиялық, психологиялық-педагогикалық және психологиялық факторлармен шарттасады. Олардың арасынан қоғамның мақсатты бағытталған күштері мен жеке тұлғаны қалыптастыратын әр түрлі әлеуметтік институттарды ажырата білген жөн. Әлеуметтік тәрбиенің негізгі мақсаты адамның жеке тұлға ретінде дамуына, оның қоғамдағы қабілеті мен мүмкіндігінің таралуына ықпал ету болып табылады. Жеке тұлғаның жан-жақты дамуындағы қоғамдық тәрбие мақсатын анықтайтын идеал, негізгі мақсат ретінде қарастырылады, оның қол жеткізер жетістігі қоғамдық тәрбие жүйесінде ерекше жолдармен, құралдармен жүзеге асырылады. Әлеуметтік тәрбие мазмұнындағы нақты мақсаттар құрылымда алдыңғы жоспарға екі жақтың өзара әрекетінің сәйкес келуі. Яғни, барлық субъектілер мен әрбір адамның өмірлік қызметі саласындағы қызығушылықтың тәрбиелік мүмкіндіктердің бағыттаушы қоғам және жеке тұлғаның өзінің белсенділік механизмі, оның қоғамның пайдасы үшін көрсетер шығармашылық потенциалы. Жеке тұлғаның даму бағыты жалпылама түрде берілуі тиіс, ол жеке вариантивтілікке кедергі келтірмеуі қажет. Сонымен әлеуметтік тәрбиенің басты міндеті-адамның жеке тұлғалық мәнді саласын дамытуға қажетті жағдай

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда педагогика және әлеуметтік педагогика тарихына үлес қосқан тұлғалар
АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАСЫ
Педагогика теориясы мен тарихында балалар тәрбиесі маңызды мәселе
Тәрбие және оның мақсаттылығы
Педагогиканың дәрістері
Бастауыш мектеп кезеңі
Педагогика тарихында балалар тәрбиесі маңызды мәселе
Бала тәрбиесі
ТӘРБИЕ ПРИНЦИПТЕРІН ТАЛДАУ
Бастауыш сыныпта ана тілі сабағы арқылы жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz