САЯСИ КӨШБАСШЫЛЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

Тақырыбы: Саяси көшбасшылық

Түркістан 2022

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1. БӨЛІМ САЯСИ КӨШБАСШЫЛЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ . . . 5

1. 1. Көшбасшылық теориясы, концепциялары және типологиясы . . . 5

1. 2. Қоғамдағы саяси көшбасшылық теориясының зерттелуі . . . 13

2. БӨЛІМ ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚОҒАМНЫҢ ЖАҢҒЫРУЫНДАҒЫ ҚАЗАҚТЫҢ САЯСИ КӨШБАСШЫЛЫҒЫ МЕН ТӘСІЛДЕРІ . . . 18

2. 1. Көшбасшылықты жүзеге асыру тәсілдері . . . 18

2. 2. Қоғамның жаңғыруындағы қазақтың саяси көшбасшылығының қалыптасу мәселелері . . . 20

2. 3. Жаңғыру кезеңіндегі Елбасының саяси көшбасшылық тұлғасы мен инициативалары . . . 21

Қорытынды . . . 25

Пайдаланылған әдебитеттер тізімі . . . 27

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі . Біздің еліміз Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізген құқықтық, демократиялық даму жолын таңдаған зайырлы ел. Қазақ елі өзінің ұлттық таңдауын жасаған бүгінгі жағдайда Қазақстанның саяси тарихының тек қазіргі таңдағы мәселелері емес, сонымен бірге өткен кезең оқиғалары да саяси өмір сферасымен топтастырыла, үлкен ыждағаттылықпен қайта зерттелінуде. Ел болып, бесігімізді түзеген бұл уақытта ұлт мүддесі жолында күрескен қазақ көшбасшылығы өкілдерінің қоғамдағы қызметі мен тағдырын зерттеп тануға да зор мүмкіндік туып отыр. Осымен байланысты қазақтың ұлттық саяси көшбасшылық өкілдерінің саяси көзқарастары мен халқымыздың тәуелсіздігі, ұлттық қазақ мемлекетін құру жолындағы қызметін зерттеу саясаттану ғылымындағы және қоғамдық-саяси өмірдегі өзекті мәселелердің бірі болып саналады.
XX ғасырдың басындағы қоғамның жаңғыруындағы қазақтың ұлттық саяси-көшбасшылығының қоғамдық-саяси қызметін зерттеу, белгілі дәрежеде, тарихи қоғамдық құбылыс ретінде оның табиғи болмысын, тыныс-тіршілігін, әлеуметтік күш есебінде биік қасиеттері мен кемшіліктерін де танып білу екендігі түсінікті. Басқаша айтқанда, бүгінгі ұрпақ үшін олардың қандай тарихи іс тындырғаны ғана маңызды емес, тура сондай дәрежеде олардың қайраткер адам ретінде бар болмысымен кім болғандығы да мәнді, өйткені барлық өркениетті елдерде әрбір ұрпақ өзінің ерекшеліктерін, борыш-міндеттерін ата-бабаларының салған сара жолын терең әрі толық түсіне алған.
Қазақ қайраткерлерінің күрес тарихы негізінен екі кезеңнен тұрады, алғашқысы, ұлттық-демократиялық бағыттағы Алаш қайраткерлерінің, ал екіншісі, кеңес дәуіріндегі жаңа, жас буын өкілдері жүргізген күрес кезеңі. Алаштың көрнекті жетекшілері Ә. Бөкейханов, М. Шоқайұлы, Х. Досмұхамедұлы, және т. б. ондаған қайраткерлер Петербург, Москва, Варшава, Қазан, Омбы мен Орынбордың жоғарғы оқу орындары мен училищелерін бітіріп шыққан, аса білімді адамдар еді. Күні кешеге дейін, азуын қайраған кеңестік үкімет басқарған жылдарда ұлттық тәуелсіздік үшін күрескен қазақ қайраткерлерінің өмірі мен қызметін зерттеу мүмкін емес болатын. Ал, жазыла қалған күнде де, міндетті түрде кемсітіліп, қорланған эпитеттермен берілетін еді. Қазіргі жағдай өткен кезең уақиғаларын жан-жақты әрі терең зерттеуді талап етеді. Өткенге деген парасатты көзқарас қана оны дұрыс түсінуге жол ашады, яғни, бізге қазақтың саяси көшбасшылық өкілдерінің саяси ұстаным-көзқарастары мен қызметтерін тереңірек ұғынуға мүмкіншілік береді. Бүгінгі таңдағы біздің шұғыл міндетіміз осы туған халқын азаттық жолындағы күреске бастаған қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметін әдәл баға беру болып табылады.
Бұл ғылыми жобаның саяси көшбасшылық теориясына жете тоқталып, методологиялық негізін анықтай келе, XX ғасырдың басындағы қоғамның жаңғыруындағы қазақтың ұлттық саяси көшбасшылық өкілдерінің қоғамдық-саяси қызметіне саясаттану ғылымының бағыт-бағдары негізінде зерттеуге арналған. Саяси қайраткерлердің бүкіл саналы өмірі халқымыздың тәуелсіздігі жолындағы күреске бағытталды. Сондықтан да олардың саяси егемендік және ұлттық мемлекеттілік жолындағы қоғамдық саяси қызметін зерттеудің өзектілігі күмән тудырмайды

Ғылыми жобаның мақсаты мен міндеттері: Саясаттану ғылымында арнайы пән ретінде оқылатын «Саяси көшбасшылық» терминінің теориялық-методологиялық аспектісін, саяси көшбасшылық теориясының зерттелу деңгейінің ауқымын көрсету;

- Қоғамдағы қазақтың саяси көшбасшылығының қалыптасу мәселелерін мәнін ашу;

- ХХ ғасырдың басындағы қоғамның жаңғыруындағы қазақтың саяси көшбасшылық өкілдерінің қоғамдық саяси қызметі мен идеяларын талдап, маңызын ашу, саяси күресін бүгінгі күн тұрғысынан зерттеу. Жұмыстың міндеттері алдымызға қойған мақсаттарымыздан туындады. Ғылыми жобаның нақтылы міндеттері мыналар;

- Саяси көшбасшылықтың теориясының пайда болуы, қалыптасып даму динамикасын зерттеген авторлар инициативаларын талдау;

- Қазақ қоғамындағы саяси көшбасшылықтың мәселелерінінің қалыптасуына талдау жасау;

- ХХ ғасырыдың бас кезіндегі қазақ зиялыларының қалыптасуына ықпал еткен кезеңдегі саяси-әлеуметтің ақуалды анықтау;

- Саяси көшбасшылық өкілдерінің ұлттық мемлекеттік туралы идеяларының маңыздылығын дәлелдеп, обьективті баға беру.

Ғылыми жобаның метологиялық және теориялық негізіне еліміздегі және алыс-жақын шет елдегі саясаттану теориясы саласындағы кейінгі жылдардағы соңғы зерттеулер құрады. Зерттеу барысында жалпы әлемдік ғылыми әдебиеттегі саяси көшбасшылық, саяси билік, саяси көшбасшылық құрлымы, қызметі тәрізді зерттеулерге кеңінен арқа сүйедік.

Зерттеу әдіс-тәсілдері : Зерттеудің барысында жинактау, талдау, зерттеу әдістері пайдалану.

Ғылыми жобаның құрылымы ; кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

ХХ ғасыр басындағы қоғамның жаңғыруындағы қазақтың ұлттық саяси көшбасшылығының қызметі көп қырлы. Сондықтан да ол бір ғылыми жобалық зерттеудің тақырыбы бола алмайды. Біз өз жобамыздағы мәселенің бір ақ қырын, яғни қазақ зиялыларының белді өкілдермен Ә. Бөкейханов, М. Шоқайұлы, Х. Досмұхаммедұлы сынды саяси тұлғалардың қоғамдық қызметі, саяси ұстанымдары, көзқарастары, қоғамдық саяси қызметін зерттеудің ортақ тақырыбы етіп алдық. Әринетек бір ғана мәселенің де бғр ғылыми жобаның көлемінде қарап шығу мүмкін емес.

1. Саяси көшбасшылық теориясының методологиялық аспектісі.

1. 1 Көшбасшылық теориясы, концепциялары және типологиясы . Тарихи жағынан алғанда адамдарды ел билеуші таңдаулыларға және олардыңдегенін істейтін бағыныштыларға бөлу идеясы өте ертеден бастау алады. Мысалы, Конфуций (б. з. д. 551-479) адамдарды асыл азаматтарға (билеуші көшбасшылыққа) және төменгі (қарапайым) адамдарға бөлді. Көшбасшылар мен көшбасшылар (лидерлер) әлеуметтік құбылыс ретінде әлеуметтік-саяси ғылымдар зерттеулерінің маңызды объектісі болып есептелінеді.

Біздің заманымызғадейінгі 430 жылдың өзінде Ежелгі Грекияның белгілі саяси қайраткері Перикл:саясатты аз ғана адамдар жасайды, алайда ол жөнінде бәріде пікір айтады -деген екен. Қоғамда көптеген адамдар мен әлеуметтік топтардың әдетте саясиөмірге күнделікті тікелей қатынаса алмайтыны белгілі жайт. Мұнымен саясикөшбасшылық деп ғылыми анықтама алған және өз арасынан дайындығы әрі беделібар көшбасшылар ұсынатын кәсіби саясаткерлер, адамдардың ерекше жігішұғылданады. Осымен байланысты саяси көшбасшылыққа және саяси көшбасшыға қызығушылық таныту, осы күрделі де маңызды әлеуметтік құбылысты пайдалануғаталпыныс жасау көнеден тамыр тартады. Мысалы, Платонның пікірі бойынша қоғамды жан дүниесі аса дамыған, адамгершілікті меңгерген философтар рухындағы ақсүйектер билеуі тиіс және қоғамның басқа бөлігі яғни, көпшілікдана философтарға бағынуы тиіс. [7] . Алайда көшбасшылық теорияны көзқарастар жүйесі ретінде ХХ ғасырбасында Италия ғалымдары Г. Моска, В. Парето, неміс ғалымы Р. Михельс жәнет. б. қалыптастырды. Көшбасшылық терминін ғылыми айналымға енгізген Вольфредо Парето(1848-1923) болды. Жалпыға бірдей социология трактатында (1916) ол көшбасшылықтың айналу теориясын жасады. Ол бойынша көшбасшылық билік басына алдыңғы қатарлы идеяны ұсынудың арқасында келеді. Ол идея жүзегеасқанда олардың энергиясы азайып, ізденісі баяулай бастайды. Олардың орнына жаңа идеямен жаңа көшбасшылық билік басына келеді. Мұндай алмасу қоғамда әрқашан болмақ. Яғни, дейді олар, бір көшбасшылық екіншіні алмастырып, жаңарып, қоғамды алға жылжытып отырады. [8] . Саяси көшбасшылар мен саяси көшбасшылар - саясаттың аса белсенді субъектілері. Бұл субъектілер өз қызметінде нақты мақсаттар мен мүдделердікөздейді. Практикада халықтың көпшілік бөлігінің саяси үрдіске қатынасуыәдетте сайлаумен ғана шектелгендіктен нақты билікті саяси көшбасшылар мен саяси көшбасшылардың жүзеге асыратыны белгілі нәрсе.

Осы көшбасшылар(көшбасшылық ұғымы француз тілінен аударғанда - "ең жақсы", "сұрыпталған", "қалаулылар") және көшбасшы-лидерлер (ағылшын тілінен аударғанда лидер сөзі-"алда жүретін", "жол көрсетуші", "басшы" мағынасын білдіреді) . Олар қоғамды басқарады, стратегиялық маңызды шешімдер қабылдайды және оларды жүзегеасыруда мемлекеттік билік ресурстарын пайдаланады. Басқару міндеттерінатқара отырып, олар, сонымен қатар, билікте болып, оны ұстап тұруғакөмектесетін тұлғалық айрықша ерекшеліктер мен кәсіби сапаларды меңгерген. Осымен байланысты аталмыш көшбасшылыққа және көшбасшыға басқа адамдарға жетекшілік ету құқы не беретінен, олардың өздерінің саясиқызметінде нендей уәждерді басшылыққа алатынын анықтау қажет. Демек, саяси көшбасшылар мен саяси көшбасшылардың қоғамдық - саясиөмірдегі жэне қоғамдық саясаттағы ерекше рөліне не себепші болып отыр деген сұрақ туындайды. Бұл сауалға жауап беру үшін, ең алдымен, саясикөшбасшылықтың мазмұнын ашу керек.

Саяси биліктің көп қырлы, құпиясы мол, сынаптай сырғыған күрделіқұбылыс екенін білеміз. Оның ішкі қатпарларына үңіле түсуде саяси көшбасшылық мен саяси көшбасшылық (лидерлік) ұғымдарының маңызы зор. Көшбасшылық деген сөз француз тілінен аударғанда, таңдаулы, тәуір, қаймақ деген ұғымды білдіреді. Кез келген қоғамда билік тұтқасынуысында ұстап, сан-салалы маңызды мәселелерді шешуде ықпалы мол, айтқаныөтімді адамдар тобы болады. Оны - көшбасшылық деп атайды. Қазақ ел тізгінін ұстап, сөзін сөйлегендерді жақсы мен жайсаң деп те атайды. Саясаттың субъектілерінің мүмкіндігі, шама-шарқы әр басқа екенібелгілі. Жекелеген адамдар мен түрлі әлеуметтік топтардың барлығы бірдейұдайы саяси іс-әрекеттерге тікелей қатыса бермейді. Ондай іспен адамдардыңсаяси көшбасшылық деп аталатын арнаулы тобы шұғылданады. Саяси шешімдерді қабылдауға тікелей әсер жасайтын, саяси билік жүргізуге қатысатын немесеоған ықпалы бар айрықша топты - саяси көшбасшылық деп айтады. "Саяси көшбасшылық" дегенімізді саясаттану ғылымы: - шенеуніктік, төрешілдік, номенклатура (мәртебелілер тобы) . * жалпы мемлекеттік маңызы бар шешімдер қабылдауға құзырлы лауазымды орындарды иеленетін адамдар. * билеп-төстеуші таптың үстемдігін қамтамасыз ететін топ ретіндетүсіндіреді. [9] . Бұл анықтамалардың қай-қайсысында да билікті иелену, шешім , өкіметтің қызметін жүзеге асыру елеулі өлшем ретінде алынған. Дүние жүзінің әлеуметтану және саясаттану әдебиеттерінде саяси көшбасшылыққа берілген көптеген анықтамалар мен әр түрлі көзқарастар бар. Сондықтан отандық және шетелдік саяси ғылымда саяси көшбасшылықтың неекендігі жөніндегі түсінік те, толық бірлік те жоқ. Бұл сұраққа жауап беруүшін, ең алдымен, "саяси көшбасшылық", "басқару көшбасшылығы", "контр көшбасшылық", "бюрократия" ұғымдарын ажырата білу керек

Алғашқы ұғым көлемі жағынан ауқымды, себебі ол басқарушы көшбасшылықпен қатар контркөшбасшылық яғни саясатта белсенді ат салысатындарды, билікті қолға алуға тырысатындарды, бірақ дәл сол уақытта нақты басқару рулінен шеттетілгендер мен саяси оппозицияда қалғандарды қамтиды. Саяси көшбасшылықты анықтау мен оның ауқымын белгілеу үшін келес іөлшемдерді ұсынған жөн деп санауға болады: біріншіден, қоғамның саяси көшбасшылықтың жария саяси қызметпен кәсіби айналысатын барлығының күресінің түпкі мақсаты билік саналатын адамдар құрайды; екіншіден, олар қоғамнан біршама өзімен-өзі болумен қатар, сол саяси тәртіптің қалыптасқан"ойын ережесін" ұстайтын, қайсыбір де мысалы, билеуші және оппозициялықбөліктің мәнді ерекшеліктерін сақтайтын, сонымен бірге, әр түрлі саясикөшбасшылық фракцияларының мүдделері, құндылықтары және мақсаттары ортақбіріккен тығыз топты құрайды, үшіншіден, осы адамдарды саяси қайраткерлерретінде олардың өзіндік заңдылығын қоғамдық мойындау бар. Билеуші көшбасшылықты саяси көшбасшылықтың жетекші бөлігі ретінде оның саяси бағытты айқындауы, осы маңызды саяси-басқарушылық шешімдерқабылдауы және саяси ресурстарды бақылауы айшықты белгісі болып табылады. Қарапайым санада осы билеуші көшбасшылық әдеттегі саяси көшбасшылықпен ағат ұқсастырылады, әрине бұл дұрыс емес. Билеуші көшбасшылыққа саяси көшбасшылықтың, тікелей билікте тұрмаса да, оған қолдау көрсететін бөлігі жанасады. [10] .

Контркөшбасшылық - бұл билеуші көшбасшылыққа қатысты оппозиция ролін сол сәтте атқаратын саяси көшбасшылықтың бөлігі. Кейде оның да билеушітопқа кейбір басқару және кадрлық шешімдер қабылдауға жеткізетін қысым жасау ресурстары болады. Әйтсе де бюрократияның жоғарғы өкілдері билеуші көшбасшылықтың құрамына енетіні сөзсіз, оның еркін орындайтын соңғысын бюрократиялық аппаратпен шатастырмау керек. Дәрежесі кіші, орташа жәнежоғары қызметтегі шенеуніктер билеуші көшбасшылыққа тән белгілердіиеленбеген. Олар салыстырмалы түрде қосымша рөл атқарып, билеуші көшбасшылық қабылдаған саяси бағыт пен шешімдерді өмірде жүзеге асырушыларғана. Осымен байланысты, жалпы саяси көшбасшылық деген не, оның құрамына кімдер енеді, оның құрылымы қандай деген сұрақтар туындайды?

Саяси көшбасшылық - бұл қоғамды басқаруда билеуші қызметін атқаратынжәне мемлекеттік билікті қолына шоғырландырған, маңызды саяси шешімдер қабылдауға қатысатын мамандандырылған әлеуметтік жеңілдігі бар топ. Қоғамның саяси көшбасшылығының құрамына биліктік функцияны және уәкілдік құқты иеленген жоғарғы дәрежелі қызметтегі кәсіби саясаткерлер кіреді. Саяси көшбасшылықтың құрамына сонымен бірге, қоғам дамуының стратегиясын дайындауға, саяси бағдарламаларды әзірлеу мен жүзеге асыруға қатынасуға кәсіби дайындығы бар жоғарғы мемлекеттік қызметкерлерді жатқызуға болады. Саяси көшбасшылықтың басты сипаттарын баса көрсетеміз деп, оны көбінесе"елдің саяси басшылығымен", "саяси шешімдер қабылдау орталығымен"ұқсастырады. Жылдар өткен сайын көшбасшылық қызметкерлерінің құрамы өзгереді. Алайда қызмет құрылымы ешбір өзгеріске түспейді десек те болады. Бұған мемлекеттер басшылары ( монархтар, президенттер) биліктің атқарушы, заңшығарушы және сот органдарының, жоғарғы елшілік корпустардың және т. б. жетекшілері жатады. Әр түрлі елдерде берілген әр қилы баға бойынша саясикөшбасшылықтың саны 2-4 мың адамнан аспайды. Дегенмен саяси көшбасшылықтың ішкі құрылымы болатынын естен шығармауқажет.

Саяси көшбасшылықтың құрылымы: жоғарғы, орташа және төменгі деп үш деңгейге бөлінеді. Жоғарғы саяси көшбасшылық өзіне жетекші саяси басшыларды, сонымен қатар заң шығарушы, атқарушы және сот билік тармақтарында, жоғарғы қызметорындарында отырғандарды (президенттің тікелей төңірегіндегілер мен премьер-министр, оның орынбасарлары және жетекші министрлер, парламент спикері, депутаттық фракциялардың жетекшілерін) қамтыған. Бұлар миллиондаған адамдардың тағдырына қатысты қоғамдағы аса маңызды саяси шешімдерқабылдайтын саны жағынан мейлінше шектеулі ғана адамдар ( 100-200 немесе200-400 адам) . Орташа саяси көшбасшылық көптеп саналатын сайланған лауазымды адамдардан: губернаторлардан, парламенттік депутаттардан, саяси партиялармен қоғамдық қозғалыстар көшбасшыларынан, сонымен қатар кәсіподақтардың басшыларынан қалыптасады. Әйтсе де дамыған демократиялық институттары барелдерде партиялар мен кәсіподақтар көшбасшылары көшбасшылықтың жоғарғыжігінің қатарына кіре алады. Жалпы орташа саяси көшбасшылық өзінің саныжағынан халықтың 5 %-ін құрайтын аса маңызды адам топтарынан, сондай-ақаймақтық деңгейдегі билік органдарының өкілдерінен тұрады.

Саяси көшбасшылықтың төменгі жігін жергілікті жердегі саяси қайраткерлер-басшылар, жергілікті билік органдарының депутаттары және аймақтық деңгейдегі партия қайраткерлері қалыптастырады. Сонымен қатар, саяси көшбасшылықтың төменгі жігі өзіне қызметші-басқарушыларды, мемлекеттік орталық жэне аймақтық деңгейдегі шенеуніктерді қосқан. Негізінде ол әкімшілік -бюрократиялық аппараттың көптеп саналатын өкілдерін қамтиды. . [11] . Өздерінің беделі есебінен билеуші көшбасшылықтың және өз күші мен әрекет етуші көшбасшылықтың позициясын нығайтуда аса беделді техникалықжәне гуманитарлық интеллигенция өкілдерінен тұратын, сайланбайтын көшбасшылықтың бір түрі болып саналатын саясаттағы көшбасшылық саяси көшбасшылықтың ерекше құрылымдық элементі болып табылады. Көрнектіжазушылар, ғалымдар, спортшылар, шоу-бизнес өкілдері қайсыбір партияларға сайлауда жеңіп шығуына көмектесумен қатар олардың дағдарыс жағдайындағы немесе ескішіл ағымдағы саяси үрдістер кезіндегі саяси талаптарына қолдаукөрсетеді. Саяси көшбасшылыққа, сонымен бірге, әкімшілік, экономикалық, әскери, полициялық, идеологиялық-ақпараттық, рухани-мәдени және ғылыми мамандандырылған кіші әлеуметтік топтар жатады. Әкімшілік көшбасшылық - бұл билеуші көшбасшылықтың бөлігі, ол өз қолына биліктің техникалық-ұйымдық құрамдарын шоғырландырып, монополиялаған. Әкімшілік көшбасшылық жеке құрамында - ол министрліктер, департаменттер және мемлекеттік басқарудың басқа да органдарына жоғары орын алған жоғарғы жігі. Әкімшілік көшбасшылық саяси көшбасшылықты жалғастырушы, ұйымдық белгісі бойынша оны өз алдына жеке топқа бөлуге деболар еді. Әлеуметтану зерттеулері бюрократияны салыстырмалы түрдеөздерінің мүдделері мен мүмкіндіктеріне орай іштей біріккен дербе сәлеуметтік жік екенін көрсетеді.

Экономикалық көшбасшылық - бүл меншік ресурстарының негізінде билік құрылымына өзінің қатынасуын іске асыратын билеуші көшбасшылықтың бөлігі. Экономикалық көшбасшылыққа өз қолдарында материалдық және қаржы : ірі корпорациялар, банктердің иелері және олардың менеджерлері, бизнесмендер және т. б. адамдар кіреді. Билеуші көшбасшылықтың бұл бөлігі экономикалық үстемдікті жүзеге асыра отырып, көптеген саяси мәселелерді шешудің жолдарын анықтауға да қатысады. Әскери және полициялық көшбасшылық - билеуші көшбасшылықтың маңызды жігі. Олар қоғам өмірінде, саяси үрдістерде үлкен рөл атқарады, әскери, полициялық көшбасшылықты көбінесе саясаттың шешуші құралы ретіндепайданылады. Әскери және полициялық көшбасшылықтың құрамына елдің жоғары әскери басшылары, генералитет, ішкі істер министрлігінің басшылары, мемлекеттік қауіпсіздік, арнайы қызмет және т. б. басшылары кіреді. Бірқатарелдерде көшбасшылықтың бұл бөлігін саяси көшбасшылықтың қатарына жатқызады.

Саяси көшбасшылықтың маңызды жігін идеологиялық-ақпараттық көшбасшылық құрайды. Ол өз құрамына қоғамда дүние танымдық ұстанымдарды, құнды бағыт-бағдарларды, адамдарда идеялар мен сенімдерді қалыптастыру функцияларын атқаратын идеологиялық майданның қайраткерлерін - гуманитарлық ғылымдарының, білім берудің, діни қызметшілердің, бұқаралық ақпарат құралдарының жетекші өкілдерін кіргізген. Осы тұрғыдан алғанда бұқаралық ақпарат құралдарының - радио, теледидар, баспасөздің рөлі аса зор. Рухани-мәдени көшбасшылық - бұл рухани билікті алып жүрушілер. Ол аса беделді әрі ықпалды өнер, оқу-ағарту, әдебиет қайраткерлерінен және басқада шығармашылық интеллигенция өкілдерінен тұрады. Оның атқаратын рөлін қоғамның рухани өмірінің мынандай процестері: білім беру, әдебиет, өнердің дамуы, оның адамгершілік қуатына ықпал ету сипаты мен деңгейі анықтайды. . [12] . Ғылыми көшбасшылықтың қоғамның қоғамдық-саяси өмірінде маңызды позициясы бар. Ол интеллектуалды көшбасшылықтың аса дарынды бөлігінен тұрады. Оның рөлі - ғылым мен техниканың дамуына, ғылым мен техникалық прогреске және т. б. ықпал жасау деңгейімен анықталады. Осы көшбасшылық топтар ішкі жағынан біртектес, жеңілдікті, бүкілқоғамның өкілдігіне ұмтылатын саяси үстем етуші топты құрай отырып, бәрібір-бірімен өзара тығыз байланыста әрекет етеді. Осыған орай әрбір қоғамдағы саяси көшбасшылықтың өз ерекшеліктері болатынын айтуымыз керек. Көшбасшылықтың қандай болуы ең алдымен қоғамның сипатына, оның әл-ауқатының мөлшеріне, мүшелерінің білім деңгейіне, тарихисалт-дәстүріне, мәдениетіне және т. б. байланысты. Өз кезегінде саяси көшбасшылықтың сипаты қоғамның қалпына және оның динамикасына мейліншеүлкен ықпал етеді. [13] .

Саяси көшбасшылықтың өмір сүруі мына факторларға байланысты:

1) адамдардың психологиялық және әлеуметтік тұрғыданәртүрлілігі, олардың саяси процеске , мүмкіндіктерінің және ұмтылыстарының тең еместігі;

2) еңбек бөлу заңы - басқару ісі арнайы кәсіби дайындықты талапетеді;

3) басқару қызметі қоғамда жоғары мәртебеге ие;

4) басқару тетігін ұстаған адамдардың мүмкіндігінің кеңдігі, ықпалының пәрменділігі және олардың түрлі пайдалана алатындығы;

5) саяси басшылықты үнемі және толық бақылап отырудың мүмкінеместігі;

6) бүқара қауымның саяси ынтасының төмендігі, . Саяси көшбасшылық іштей жіктеледі:

1) бақарушы көшбасшылық - мемлекет билігінің тұтқасын ұстаған топ;

2) жоғарғы көшбасшылық - мемлекет пен қоғам тағдырына байланыстыасамаңызды саяси шешімдер қабылдауға қатысатын іріктелген топ ;

3) орташа көшбасшылық - саяси шешімді іс топтар;

4) әкімшілік көшбасшылық - басқару ісін жүргізіп отыратынқызметшілер, шенеуніктер, бюрократия.

Сонымен, осы заманғы қоғамның көшбасшылық сипаты айдан анық, саяси көшбасшылықтың өмір сүріп, іс-әрекет атқаруы - қажеттілік. Көшбасшылықтың сапасы, әлеуметтік беделі, ісінің нәтижелігі оның құрамын сұрыптау(рекрутирование) жүйесіне байланысты. Сұрыптау жүйесі көшбасшылықтың құрамы қалай қалыптасатынын, кімдер ол құрамға өте алатынын анықтайды. Тарихта саяси көшбасшыларды қалыптастырудың, жоғары лауазымдықызметке іріктеп алудың екі түрі бар :

1) антрепренерлік

2) гильдияжүйесі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Саяси психология» пәні бойынша студенттерге арналған лекция жинағы
Саяси көшбасшылық
Саяси психология саясаттану мамандықтарының студенттеріне арналған оқу құралы
Саяси элита және саяси көшбасшылық жайлы
Көшбасшылықтың ерте теориялары
Еңбек қолдаудың инновациялық модельдері
Қазақстандық қоғамды демократияландыру аясындағы саяси жаңарту үрдісі
Көшбасшылық ұғымының мәні: көп өлшемділік, анықтама
Жұмыспен қамту бағдарламасындағы жұмыспен қамтудың көрсеткіштері
Көшбасшылық теориясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz