Топтың түрлері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университтеті
Педагогика және психология кафедрасы

БӨЖ
Тақырып: Тұлғаның және топтардың қарым-қатынасы

Орындаған: Әлайдар Рамазан
Тобы: ЖМА-111
Қабылдаған: Үмбетова Арайлым

Түркістан - 2022ж.
Жоспар:
Кіріспе
Негізігі Бөлім
1. Топ және ұжым туралы түсінік. Топтың түрлері
2.Қарым-қатынас психологиясы
3. Топтағы адамдардың қарым-қатынасы
Қорытынды
Пайдалынған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Білім беру саласында жеке тұлғаның коммуникативтік мәдениетін, тұлғааралық қарым-қатынасын қалыптастыру маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Қазіргі қоғамның қарқынды дамуы әлеуметтік, экономикалық құндылықтарды, оның ішінде қарым-қатынас және адам мәдениетінің деңгейін түбегейлі жетілдіруді керек етіп отыр. Әсіресе, әлемдік деңгейде қарым-қатынас мәселелерінің шиеленісіп отырған шағында тұлғааралық қарым-қатынасты ізгілендіру, оны жоғары мәдениеттіліктің деңгейіне көтеру қажеттігі айқындала түсуде.
Қазақстан Республикасы Президентінің Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін, бәсекеге қабілетті ұлт үшін деген Жолдауында ұлттық бәсекелестің қабілеті бірінші кезеңде білімділік деңгейімен айқындалады деп атауы білім беру саласында жаңаша көзқарас, кәсіби қарым-қатынас қалыптастыруды міндеттейді.
Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңында білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау екендігі атап көрсетіліп, онда білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді. Осындай міндеттерді жүзеге асыру үшін Елбасы Н.Назарбаев Интеллектуалды ұлт - 2020 ұлттық жобасын ұсынды. Интеллектуалды ұлт болу үшін тұлғаның ғылыми, кәсіби, мәдени ақпаратына, білімі және біліктілігіне, психологиялық, моралдық ерекшеліктері мен әлеуметтік ұжымда өзін-өзі ұйымдастыра, басқара алуына баса назар аудару қажеттігі туындап отыр.
Тұлғааралық қарым-қатынас - білім мен тәрбиенің нәтижесі болып қана қоймай, бүгінгі күннің өте маңызды әрі күрделі де ұзақ мерзімді қажет ететін көкейкесті мәселелерінің бірі. Қарым-қатынасқа түспей тұрып жеке адамды толық түсіну, оның адами қасиеттері мен дамып-жетілуін талдау мүмкін емес. Педагогика ғылымының кез келген мәселесі адамдардың жан дүниесімен, қоғам мен әлеуметтік өмірдің сан алуан сырларымен тығыз байланысты.

1.Топ және ұжым туралы түсінік. Топтың түрлері.
Топ және ұжым дегеніміз не? Бұл адамдардың тіршілік қажетін өтеу үшін бірлесу. Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмай А.С.Макаренконың айтуынша ұжым бұл - бұл мақсат мүдделері, көзқарастары ортақ белгілі бір салт дәстүрі бар, өзін-өзі басқара алатын әлеуметтік адамдар тобы. Топтың жоғары дәрежеде ұйымдасқан түрі ұжым деп аталады. Ұжым адамдардың тобы болғандықтан, оған топтың белгілері тән. Алайда ұжымның топта жоқ белгілері де болады. Сондықтан қандайда болмасын ұжымды топ деп атауға болады, ал топтың бәрі бірдей ұжым бола алмайды. Ұжым байланысына қарай контактілі және негізгі ұжым болып бӛлінеді. Контактілі ұжым - ол ұжымдық белгілірі бар бастапқы топ. Негізгі ұжым контактілі ұжымдардың бірігуі. Мысалы, студенттер тобы контактілі ұжым, ал факультетті негізгі ұжым деп қарауға болады. Тұлға ұжымнан оқшау болмайды. Ол ұжымның басқа мүшелерімен байланыста болады. Топтардың өзі шартты және нақты болып 2-ге бөлінеді. Шартты топ шынында болмайтын жалған топтар. Адамдардың тек қағаз жүзінде ғана бар қауымдастығы шартты топ деп аталады. Мысалы, спорт тақырыбына жазатын журналистер әлемнін таңдаулы футболшыларынан команда құрады. Олар әр елдің ең таңдаулы футболшыларын бір тізімге тіркейді. Бұл ойыншылардың ешқашан басы қосылмайды және олар ешқашан бір командада жарысқа түспейді. Бірақ құрама команда құрылды және ол шартты түрде бар деп есептелінеді. Яғни, шартты топта адамдар қатынаста болмауы мүмкін. Бірақ та бұл адамдар нақты топ ішінде өзара қарым-қатынасқа түседі. Ал, нақты топ дегеніміз біршама тұрақты, жалпы мақсат арқылы өзара байланысқан, өздері белгілі бір кеңістікте, азды-кӛпті мерзім ішінде аралас-құралас жүретін адамдардың нақты ұйымы. Бұл топтағы адамдардың 1-ден мақсаты бір, 2-ден мүшелері бір-бірін жете білуі керек. 3-ден мақсатқа жету жолында бір-бірімен тығыз қарым-қатынас жасайды.Кез-келген адам қандай да болмасын белгілі топқа кіреді. Топтар үлкен (макро), кіші (микро), ресми, бейресми, ұйымдасқан, ұйымдаспаған, контактілі, оқшауланған, референт т.б. болып бөлінеді.
Біршама тұрақты, құрамы жағынан көп емес, мүшелері бір-бірімен тікелей қатынас жасай отырып, ортақ мақсатқа ұмтылған адамдардың бірлестігі шағын топ деп аталады. Оның топтың барлық мүшесінің күш-жігері соған жетуге жұмылдырған ортақ мақсаты болады. Кіші топқа кіретіндер бірін-бірі жақсы біледі және топтың алдында тұрған міндетті орындау кезінде өзара қоянқолтық қатынаста болады. Қіші топ мүшелерінің саны екі адамнан аз болмайды және 30-40адамнан аспайды.Жанұя, өндірістік бригада, мектеп сыныбы, студенттер тобы, т.б. контактілі, реалды топқа жатса, концерт залындағы, футбол алаңындағы, автобус салонындағы отырған адамдар ұйымдаспаған топқа жатады. Студенттер тобы, сынып оқушылары ресми топ болса, жанұя мүшелері, ағайынтуыс, дос-жарандар ресми емес топқа жатады
Адам бір мезгілде бірнеше кіші топқа мүше болады. Мысалы, оқушы өз сыныбының мүшесі, футбол камандасында және т.б. үйірме тобына мүше болуы мүше болуы мүмкін.Құрылу принципі мен әдісіне қарай шартты және нақты формалды және формалды емес топтар болады. Шартты және нақты топтар. Нақты топ -- адамдардың бір-бірімен өзара қарым-қатынас және байланыс жасай отырып, алдарына қойған мақсат, міндеттерін орындауға жұмылған, өмір сүріп тұрған бірлестігі. Нақты топ қысқа мерзімді, не ұзақ өмір сүруі, мүшелерінің саны аз не көп болуы мүмкін. Ол қауымдастық ретінде өмір сүріп қызмет істейді.Адамдардың тек қағаз жүзінде ғана бар қауымдастығы шартты топ деп аталады. Формалды (ресми) және формасыз (бейресми) топтар. Формалды (ресми) топ штат кестесі, және басқа да ресми құжаттар негізінде құрылады. Мысалы, жоғары оқу орынындағы студенттер тобы, мектептегі мұғалімдер мен қызметшілер штаты -- мұның бәрі ресми топқа жатады.Формалды топ мүшелерінің арасында белгілі құжаттардың талабына сәйкес әp түрлі сипаттағы іскерлік қатынастар орнайды. Ондай қатынастардан жетекшіге бағыну, тиісті құқықты орындау, ресми орындардың алдындағы жауапкершілікті сезіну ерекше көрінеді. Формалы топтарда (іскерлік қатынаста) кейде теріс эмоциялық жағдайлар, яғни бір-бірін ұнатпау, сыйламау, менсінбеу, жауласу сияқты құбылыстар да болуы мүмкін. Бұл жәйт ондағы іскерлік қатынасқа теріс әсерін тигізеді.
Формасыз (бейресми) топтар ұнату, көзқарас бірдейлігі сенім жақындығы
т.б. арқылы қалыптасады. Мұндай топқа ресми құжаттардың, тиісті нұсқаулардың күші жүрмейді. Мәселен, бірлесіп балық аулау, аңшылықпен айналысу, бірге қыдыру, отау тігу, дос-жарандық қатынастағы адамдардың тобы. Бұл топтарда бірін-бірі ұнату, біріне-бірі бауыр басу, сыйлау қасиеттері жоғалатын болса, онда ол біртіндеп ыдырап, топ болудан қала бастайды.Референт тобы. Референт (эталон) тобы деп көзқарас, талаптары үлгі болып саналатын ақиқат өмір сүруші немесе қиялдағы топ айтылады. Адам өзі нормасын, қадір-қасиетін бағалаған, өзі оны қолдап, ең жақсы деп есептейтін топқа кіреді. Сонда адам бұл нормаларды қолдап-қана коймай, оны қорғайды да, қажет болса насихаттайды да. Кейде былай да болуы мүмкін адам бір топтың мүшесі бола отырып, екінші бір топтын көзқарасын, нормасын қастерлеп, қадір тұтады. Басқаша айтқанда, тұлға үшін басқа топ үлгі эталон болып есептеледі. Мысалы, жеткіншек жоғары сынып оқушыларының немесе ересектердің тобына мүше болуға тырысады. Егер бұған онын қолы жетпесе, онда ересектер тобында орын алған мінез-құлық нормаларына еліктеп,соларға ұқсауға тырысады.

2.Қарым-қатынас психологиясы.
Психология ғылымындағы негізгі ұғымдардың бірі - қарым-қатынас мәселесі. Қарым-қатынасқа түспей тұрып жеке адамды толық түсіну, оның адами қасиеттерін, дамып жетілуін талдау мүмкін емес. Сондықтан тұлғаның дамуында қарым-қатынастың орны ерекше.Қарым-қатынассыз қоғам ыдырап кетеді. Адамның психикасы айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Қарым-қатынас жасау мүмкіндігінен айырылған адам ойдағыдай дами алмайды. Қарым - қатынас дегеніміз - тіл арқылы пікір алмасу. Адамдардың қарым-қатынасы ақпарат алмасудың жеке дара жағдайына айналады. Сөйлеу құралдарымен қатар адамдарда қарым-қатынастың сөзден тыс жолдары бар: келбет, ым, мимика т.б. Жануарлар дүниесінде келбет, сыртқы көрініс, дене құрылысы, түс, иіс мағыналы ақпараттық сигнал қызметін атқарады. Адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан тыс адам өмірнің болуы мүмкін емес.Кез келген адам дүниеге келісімен екінші бір адаммен қарым-қатынасқа түсуді қажетсінеді. Мәселен, нәрестенің анасымен тілдесу қажетін канағаттандырмау -- біртіндеп оның мейірімсіз болып өсуіне, кішкентайынан айналасына деген сезімінің азаюына әкеліп соқтыратыны байқалып жүр. Сөйтіп, басқалармен қарым-қатынасқа түсу -- қай жастағыларға болмасын, оған киім-кешек, баспана, ұйкы, демалу қандай қажет болса, айналадағы жұртпен араласып, дұрыс қарым-қатынас жасай білуде сондай қажет Аристотель қарым-қатынасты қоғамдық өмірдің қажетті және жалпы көрінісі ретінде қарастырды. Ол алғаш рет қарым қатынас процесінің жалпы үлгісін (схемасын) жасаушы. Өзінің Риторика деген еңбегінде ұлы ойшыл: ...кез-келген қарым-қатынасқа кем дегенде үш элемент қажет. Олар: бет, сөйлеу, құлақ -- деп көрсетті.
Қарым-қатынастың ішкі құрылымы да өте күрделі, оны шартты түрде үш жаққа бӛлуге болады: коммуникация, перцепция, интеракция. Біртұтас, ішкі бірлігі бұзылмас процесті біз ғылыми мақсатта, терең және жанжақты талдау үшін үшке бӛлеміз. Естен шығармайтын жайт: тіршілікте арақатынас - біркелкі,бұзылмайтын процесс.Коммуникация - арақатынас партнерлерінің бір-бірімен ақпарат алмасуы, білімді, идеяны, пікірді, сезімді беру мен қабылдау процесі.Интеракция - тұлғааралық қимыл ұйымдастыру, қатысушылардың өзара қозғалыс пен әрекет алмасуы.
Перцепция - адамдардың бірін-бірі тануы мен тәрбиелеуі негізінде құрылатын белгілі тұлғааралық қатынастар.Адамдар арасындағы қарым-қатынасты күрделі, өзгермелі, өзара байланысты жүйе ретінде қарастыра отырып оның бірнеше түрін бөліп көрсетуге болады. 1.Ресми қарым-қатынас -- қызметтік негізде қалыптасады, заңмен тұрақтанады, жарғымен, ережелермен реттеледі.
2. Ресми емес қарым-қатынас -- жалпы қабылданған зандар мен талаптарды белгілі тұрақтанған ережеге бағынуды талап етпейтін адамдардың бір-біріне деген қарым-қатынасы. Бұл ұнату, жақсы көру, достық, жолдастық, жек көру, жауласу т.б. себептер негізінде пайда болады.
3.Тігінен қарым-қатынас -- бұл тұлғааралық байланыс, басшы мен оған бағынушылар арасындағы, көшбасшы мен басқа ұжым мүшелері арасындағы байланысты көрсетеді, жалпы ұжымда ресми мәртебеге ие тұлға мен қалғандары арасындағы қатынас түрі. 4.Көлденеңінен қарым-қатынас -- бұл бірдей мәртебеге ие ұжым мүшелерінің арасындағы тұлғааралық қарым-қатынасы. Ұжым ішінде тігінен және көлденеңінен қарым-қатынас түрлерін бір-бірімен салыстыруға, қарамақарсы қоюға болмайды.
5.Іскерлік тұлғааралық қарым-қатынас -- бірлескен іс-әрекет, қызмет барысында адамдар арасында болатын қарым-қатынас түрі.
6.Жеке қарым-қатынас -- орындалатын іске тәуелді емес адамдар арасындағы қарым-қатынас. Іскерлік және жеке қарым-қатынас түрлері бірбірін толықтырады. Іскерлік қатынастарға шек қоюға болады, ал жеке қатынасқа шек қою мүмкін емес.
7. Рационалды тұлғааралық қарым-қатынас -- адамдардың бір-бірі туралы білігі, басқа адамдардың оны объективті бағалауы жатады.
8. Эмоционалды қарым-қатынас -- адамның адам даралығын қабылдауы. Бұндай қарым-қатынас түрі жағымды және жағымсыз қарым-қатынас негізінде іске асырылады.Аталған қарым-қатынас түрлері ұжымды дамытуда, ондағы дұрыс қарымқатынасты қалыптастыруда маңызды.

3.Топтағы адамдардың қарым-қатынасы.
Топтағы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасын зерттеген кезде бақылау, эксперимент, әңгімелесу т.б. әдістерді пайдаланады. Мұны таңдау әдісі деп атайды. Бұл әдісті тұңғыш ұсынған америка психологы Дж.Морено болды. Бұл обьективтік әдіс, бұны адамдардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Топ аралық қарым - қатынас психологиясы
Қылмысқа қатысушылардың әрекетін қатысу нысандары бойынша квалификациялау
Топтардың түрлері мен олардың сипаттамасы
Қылмыстық топ
Статистикалық мәліметтерді жинақтау, топтастыру
Экскурсияның белгілері мен функциялары
Статистикалық мәліметтерді жинақтау
Жеке тұлға психологиясы
Қоғамдағы саяси лидердің рөлі
Білім берудегі оқу жұмысын ұйымдастыру
Пәндер