Оқытудың инновациялық технологиялары
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университтеті
Әлеуметтік - гуманитарлық ғылымдар факультеті
Педагогика және психология кафедрасы
БӨЖ
Тақырыбы: "Оқытудың инновациялық технологиялары"
Орындаған: Әлайдар Рамазан
Қабылдаған: Шынпейіс Гүлжаухар
Түркістан 2022
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Оқыту технологиясы педагогикалық әдістері
2.Инновациялық үрдіске түскен ұжым даму барысы
3.Инновация модификациялық, комбинаторлық, радикалдық
Қортынды
Кіріспе
Қазіргі кезде білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер түрлі ынталы бастамалар мен түрлендірулерге кеңінен жол ашуда. Осы тұрғыдан алғанда ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әлеуметтік-педагогикалық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру қажеттігі туындайды. Бұл үшін оқытушылардың инновациялық іс-әрекеттің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі мақсат етіледі. Ал жаңа технологияны пайдалану міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып мүмкіндік деңгейге жеткізеді. Сондықтан оқытушының біліктілігін көтеру мен шығармашылық педагогикалық әрекетін ұйымдастыруда қазіргі педагогикалық технологияларды меңгерудің маңызы зор.
Оқыту технологиясы педагогикалық әдістерге негізделген. 1960 жылдарда шет ел зерттеушілері "Педагогикалық технология" терминін енгізді. В.Беспалько "Педагогикалық технология дегеніміз - тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс, тәсілдер - оның құрамды бөлігі ғана" - деген тұжырымдама берді.
Педагогикалық технология оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру және оны өткізудің формасымен анықталады. Педагогикалық технологияның өзіндік ерекшелігі: қойылған мақсатқа жету мүмкіндігіне кепілдік беретін оқыту үрдісін құрастыру және оны жүзеге асыру. Оқытылатын пән мазмұны оқытушы мен студенттің өзара байланыс іс- әрекеті, студенттің ішкі даму үрдісі негізінде анықталған нақты мақсат ғана педагогикалық технология құрылымын түсіну кілті бола алады.
Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.
"Инновация" ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э.Роджерс инновацияны былайша түсіндіреді: "Инновация- нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея". Майлс "Инновация - арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз" дейді.
Ендеше инновация ұғымы - педагогикалық сөздік қорына ежелден енген термин. Ол кейбір ғалымдардың еңбектерінде "жаңа", "жаңалық енгізу", деп көрсетілсе, кейбіреулер оны "өзгеріс" деген терминмен анықтайды.
"Инновация" деген сөз - латынның "novus" жаңалық және "in" енгізу деген сөзінен шыққан, ал оның қазақша аудармасы "жаңару, жаңалық, өзгеру" деген мағынаны білдіреді.
Т.И.Шамова, П.И.Третьяковалардың еңбегінде "Инновация дегеніміз - жаңа мазмұнды ұйымдастыру, ал жаңалық енгізу дегеніміз - тек қана жаңалық енгізу, қалыптастыру, яғни, инновация үрдісі мазмұнды дамытуды, жаңаны ұйымдастыруды, қалыптастыруды анықтайды, ал "жаңаша" деп жаңаның мазмұны, оны енгізудің әдіс- тәсілі мен технологиясын қамтитын құбылысты түсінеміз" делінген. Энциклопедиялық сөздіктерде "инновация"әр түрлі анықталады. Үлкен энциклопедиялық сөздікте бұл ұғым "жаңаша білім беру" деп түсіндіріледі.
Ал А.И.Кочетов "инновация" ұғымына төмендегідей анықтама береді: "Көрсетілген деңгейге апаруды қамтамасыз ететін теориялық, технологиялық және педагогикалық іс-әрекеттің біртұтас бағдарламасы". Алайда Р.Масырова мен Т.Линчевская мұндай анықтамамен келіспейтіндігін білдіреді. Олардың тұжырымдамасында, "Егер баратын деңгей" алдын-ала көрсетілген болса, ол қандай инновация" делінген. В.Кваша мен В.Латинаның пікірлері бойынша "инновация"- бұл жаңа үлгілердің бағытындағы нақты әрекет, мөлшердің шегінен шығатын кәсіптік іс- әрекеттің жаңа сапалы деңгейге көтерілуі болып табылады.
Инновациялық құбылыстар білім беру саласында өткен ғасырдың сексенінші жылдары кеңінен тарала бастады. Әдетте инновация бірнеше өзекті мәселелердің түйіскен жерінде пайда болады да, берік түрде жаңа мақсатты шешуге бағытталады, педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелейді. " Масырова Р., Линчевская Т - "Жаңару" (новшество) дегенімізді былай деп түсіндіреді: "Жаңару - белгілі бір адам үшін әділ түрде жаңа ма, әлде ескі ме оған байланысты емес, ашылған уақытынан бірінші қолданған уақытымен анықталатын жаңа идея.
Инновациялық үрдіске түскен ұжым даму барысының бірнеше кезеңін бастан кешірді: 1) жалтақтап күдіктену; 2) даңғазашылдық; 3) тұрақтану; 4) ынтымақтастық қалыптасу. Соңғы екі кезең - инновациялық үрдісті ұжымның шығармашылықпен сезінген, түсінген кезеңдері. Олар әрбір адамның аталған кезеңдерді басынан өткізуімен сәйкестеледі.
Инновация термині қазіргі білім берудің теориясы мен тәжірибесінде кеңінен қолданылып жүр. Бірақ, ғылымда бұл терминнің нақтылы анықтамасы белгілі бір категория ретінде берілмеген. Берілетін анықтамалардың көпшілігі бұл ұғымды кеңінен терең таныта алмайды. Инновацияны "Білім беру жүйесіндегі жаңалық енгізу" деп айтсақ, оның мағынасын тарылтқан болар едік.
"Инновация" ұғымы ең бірінші XIX ғасырда мәдениеттанушылардың зерттеуінен пайда болды, яғни, бір мәдениет түрлерін екінші ел мәдениетіне енгізу дегенді білдіреді және бұл ұғым этнографияда әлі күнге дейін сақталған.
Инновация аударғанда жаңа, жаңалық, жаңарту дегенді білдіреді дедік. Яғни, С.Ожегов сөздігіне сүйенсек, инновация бірінші рет шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған, бұрынғының орнын басатын, алғаш ашылған, бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық болып шығады. Инновация ұғымын әр елде әртүрлі түсінген. Кейбір мемлекеттерде (АҚШ, Нидерланды) бұл термин кең тараған. Ал, Арабия, Жапония тәріздес мемлекеттерде кезіктіру мүмкін емес.Сондықтан әр елде бұл құбылысқа қандай көзқарас қалыптасқанын анықтау мақсатымен ғылыми-педагогикалық, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz