Кеңес берушінің ықпал ету құралдары


- ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІАБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ Айнұр
Әлеуметтік-педагогикалық кеңес беру бойынша авторлық бағдарлама құрастыру
ҒЫЛЫМИ ЖОБА
- 5В012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығы бойыншаАлматы, 2022ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІАБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ«Қорғауға жіберілді»Мектепке дейінгі білім, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі танубілім беру бағдарламаларының жетекшісі Қыяқбаева Ұ. Қ. «___» 2022 ж. ҒЫЛЫМИ ЖОБА
Тақырыбы: Әлеуметтік-педагогикалық кеңес беру бойынша авторлық бағдарлама құрастыру
- 5В012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығы бойынша
- Мурзағалиева Айнұр
- Булшекбаева А. Ип. ғ. д., профессор
Алматы, 2022

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ
- МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ, ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
«Бекітемін»
- Мектепке дейінгі білім, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
білім беру бағдарламаларының жетекшісі
п. ғ. к., қауымдаст. профессор
Ұ. Қ. Қыяқбаева
Ғылыми жобаға
ТАПСЫРМА
Студент Мурзағалиева Айнұрдың университет ректорының бұйрығы бойынша «Әлеуметтік-педагогикалық кеңес беру бойынша авторлық бағдарлама құрастыру» тақырыбында Ғылыми жобасы бекітілді.
Ғылыми жобаның аяқталуы -
Ғылыми жобада қарастырылған сұрақтар тізімі:
- Әлеуметтік-педагогикалық кеңес беру жұмысы. Кеңес беру қызметінің бағыттары мен әдіс-тәсілдері
- Кеңес берушінің ықпал ету құралдары
- Клиентке кеңес беру барысында орындалатын талаптардың маңызы және кеңес берудің этикалық принциптері
- Отбасына әлеуметтік-педагогикалық кеңес берудің теориялық негіздері
Негізгі әдебиеттер тізімі:
1.
Касымова Р. С
. Әлеуметтік педагогтың жұмыс технологиясы: Оқу құралы. Алматы: ҚазҰУ, 2020. - 200 б.
2.
Бұзаубақова К. Ж., Елубаева М. С
. Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Оқулық. Тараз, 2019. - 379 б.
3. «Өзін -өзі тану және әлеуметтік педагогика» журналы 2000-2012 жылдар
4. Отбасы: «Бала мен ана».
С. С. Қоңыратбаев
. Алматы 2006 жыл
5. https://www. freepapers. ru/18/psihologiyaly-kees-beru-procesn-teoretikaly/249955. 167. list6. html
Сызба материалдарының тізімі:
1. Кеңес беру принциптері;
2. Кеңес беру журналы;
3. Ата-анаға кеңес беру журналы.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Ғылыми жобаның өзектілігі
: Қазіргі білім беру ошақтарында оқушыларды қолдаудың әлеуметтік-педагогикалық жүйесін қолдау мен дамытуды талап етеді. Бүгінгі күнгі қоғамдағы проблемаларға байланысты қазір өзін əлеуметтік қорғаныста сезінетін халықтың əлеуметтiк топтары iс жүзiнде жоқ. Өкінішке орай, бұл жағдай негізінен ең алдымен балаларды әлеуметтік қорғау және балаларға әлеуметтік көмек көрсету саласындағы мамандардың жұмысын қиындатады. Екінші жағынан, осы жағдайдың өзі мәселені сараптап бағалай алатын және оны шешуге көмектесетін әлеуметтік қызмет мамандарына, әлеуметтік педагогтерге сұранысты арттырады. Сондықтан да әлеуметтік педагогика мен әлеуметтік педагогика саласының мамандарын дайындаудың маңызы зор.
Жобаның мақсаты
:
Әлеуметтік-педагогикалық кеңес беру бойынша авторлық бағдарлама құрастыру
Жобаның міндеттері:
1. Әлеуметтік педагогикалық кеңес беру тәсілдеріне теориялық талдау жасау;
2. Қазіргі кездегі актуалды отбасылық проблемалардың жаңаша шешімдерін қарастыу.
Жобада күтілетін нәтиже: Меніңше, егер жас әлеуметтік педагогтар өз қызметтерінің қыр-сырын толық меңгеріп, кез келген мәселелердің шешімін тауып, үнемі кәсіби құзыреттілігін дамытып отырса қоғам мәселелерінің бірқатар саны азаяр еді.
Жобаны іске асыру кезеңдері:
1. Зерттеушілік кезең: Жобаның тақырыбы мен өзектілігін анықтау; мәселені іздену және зерттеу; жобаның мақсат, міндеттерін қою;
2. Талдау кезеңі: Жинақталған ресурстарды, ақпарат көздерін талдау, жүйелеу; жоба мақсатына жетудің оңтайлы тәсілдерін іздеу (балама шешімдерді талдау), қызмет алгоритмін құру; жобаны іске асыру жоспарын нақтылап, кезең-кезеңімен жоспарлау;
3. Тәжірибелік кезең: Жоспарланған технологиялық операцияларды орындау; ағымдағы сапаны бақылау; дизайндық, технологиялық өзгерістерге, әдіс-тәсілдерге өзгерістер енгізу (қажет болған жағдайда) .
4. Қорытынды кезеңі: Слайд-шоу, бейнеролик, презентациялық материалдарды дайындау; жобаны таныстыру; жобаның нәтижелерін пайдалану мүмкіндіктерін зерттеу (ұсыну, жариялау т. б) . Жобанының орындалуын, нәтижелерін, тиімділігін талдау; жобаны орындау сапасын бағалау.
Жобаны дамыту перспективалары: Біз осы жобаны орындау барысында мектеп оқушылары мен олардың ата-аналарымен консультациялық жұмыстыр жүргізу негізінде өз жұмысымыздың нәтижесінің тиімді екеніне көз жеткіздік. Бұл жұмыс ата-аналарға бала тәрбиесіне көмек құралы, жеке тұлғаға қатысты мәселелерді шешу, ата-анамен бала арасында қарым-қатынас үйлесімдігін орнату және т. б. өмірлік жағдайлардағы әлеуметтік-педагогикалық кеңес беру қажеттілігі айқындалды. Біздің жобамыздағы технологияларды әлеуметтік педагог, психолог мамандарының белсене қолдануына, олардың жаңа әдіс-тәсілдерді енгізіп, дамытуға ұсынамыз.
Негізгі бөлім
1. Әлеуметтік-педагогикалық кеңес беру жұмысы және оның бағыттары мен әдіс-тәсілдері
Қазіргі уақытта әлеуметтік педагог лауазымы жоғары мәнге ие. Әлеуметтік педагог - бұл тарихи және мәдени дәстүрлерді ескере отырып, гуманизм қағидалары негізінде педагогтар мен ата-аналардың қызметін ұйымдастыра отырып, оқушылардың әлеуметтік және кәсіби өзін-өзі дамуына жағдай жасайтын тұлға. Осы орайда атқарылатын кәсіби жұмыстардың бірі - кеңес беру.
Кеңес беру - әлеуметтік қызметкердің кәсіби қызметінің салыстырмалы түрде жаңа саласы, ол соңғы уақытта дәстүрлі жұмыс түрлерімен қатар дербес қызмет саласы ретінде пайда болды. Кеңес беруді тұлғааралық қарым-қатынастардағы қиындықтармен байланысты әртүрлі әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған адамдармен тікелей жұмыс түрі. Мұнда әсер етудің негізгі құралы белгілі бір жолмен құрылған әңгімелесу болып табылады. Әрине, бұл арнайы және кәсіби дайындықты қажет етеді.
Кеңес беру нәтижесі көбінесе кеңесші мен кеңес беруші арасындағы түсіністікке қол жеткізуге байланысты. Ол үшін келесі технологиялық шарттарды сақтау қажет.
Біріншіден, кеңесшінің позициясы клиенттің көзқарасына қайшы келмеуі керек. Екіншіден, клиентке олардан күтілетін әрекеттер оның қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыруға ықпал ететінін және сәйкес келетінін нақты көрсету қажет. Үшіншіден, барлық тең жағдайларда адамдар эмоционалды оң көзқарасты сезінетін адамның позициясын оңай қабылдайтынын ескеру қажет. Клиенттің эмоционалды оң көзқарасын ояту-әлеуметтік жұмыс маманының басты міндеті. Клиентке кеңес беретін әлеуметтік жұмыс маманы сенімге ие болудың және өзара түсіністікті қалыптастырудың арнайы психологиялық әдістерін қолдануы керек. Ол ауызша және вербалды емес қарым-қатынастың мазмұны мен формасына тыңдай, бақылай, сезімтал жауап бере білуі керек. Тәжірибелі кеңесші болу үшін қамқорлық пен түсіністік жеткіліксіз, жұмыс әдістері мен әдістерін тәжірибеде шебер қолдану қажет.
Кәсіби кеңесшілер алдына келген клиентті таңдамайды. Мейлі ол қандай мақсатпен келсе де, мұқият тыңдап, дұрыс көз қараспен, адамгершілік қасиетпен қарсы алуы керек. Бұл тек маманның беделін жоғалтпау үшін ғана керек емес, ол сондай-ақ кәсіби әлеуметтік педагог маманы ретінде алдына келген адамның барлығына көмек қолын созуға міндетті. Клиенттің басындағы проблемасын анықтау үшін оның әңгімесін мұқият тыңдап, әрбір қимыл-қозғалысын қалт жібермей қарап отыру арқылы мұндай проблемаға соқтығысуының мәнін анықтайды. Келесі бір маңызды қадам ол - клиенттің жеке тұлға ретіндегі қасиеттерін анықтау. Бұл деректерсіз кеңесшіге шешім қабылдау қиянға соғады.
Кеңес беру жұмысының бірнеше бағыттары бар:
1. білім алушыларға, ата-аналар мен педагогтерге олардың сұранысы бойынша консультация беру;
2. білім алушыларға, ата-аналар мен педагогтерге жеке тұлғалық, кәсіптік өзін-өзі айқындау проблемалары және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынастар бойынша жеке және топпен консультация жүргізу;
3. күйзелістік, жанжалдық, қатты эмоционалды күйзелістік жағдайда болып табылатын білім алушыларға психологиялық қолдау көрсету;
4. тұлғааралық және топаралық жанжалдарды шешуде делдалдық жұмыстарды ұйымдастыру;
5. білім беру жүйесінде және әлеуметтік ортада кеңес берудің ең көп қолданатын саласы мектеп оқушыларына және олардың ата - аналарына кеңестер беру;
6. баланың психологиялық дамуын шешу мәселесі бойынша;
7. педагогикалық-психологиялық көмекті қажет ететіндерге дер кезінде қажетті іс - шаралар жөнінде;
8. ата - аналарға балалармен ара қатынастарындағы қиындықтар себебі бойынша;
9. ұстаз бен шәкірт арасындағы қарым - қатынас бойынша;
10. сұраныс бойынша баланың арнайы қабілетіне жеке тұлғалық ерекшелігіне, интеллектуалдық дамуына диагностика жүргізу және ата- аналарға бағыт беру және т. б.
Кеңес беру бағыттары бойынша кеңесші мына міндеттерді атқарады:
1. Оқу-тәрбие мекемелерінің әкімшілігіне, мұғалімдерге, тәрбиешілерге, ата-аналарға балаларды оқыту, тәрбиелеу және бірлесіп жұмыс істеу мәселесі бойынша кеңестер береді.
2. Балаларға оқу, жетілу, өмірлік және кәсіби өз-өзін анықтау, ересектермен және құрбыларымен өзара қарым-қатынас, өз-өзін тәрбиелеу және т. б. мәселелері бойынша жеке және топтық кеңес беріледі.
3. Жеке және топтық кеңес беру арқылы педагогикалық кеңестерге, әдістемелік бірлестіктерге, жалпы мектептік және кластық ата-аналар жиналысына қатысып, дәріс оқу арқылы педагогтардың, ата-аналардың, қоғамдық өкілдердің психологиялық мәдениетінің жоғарылауына септігін тигізеді.
4. Бала тағдырында мүмкін болатын өзгерістерді (арнайы оқу-тәрбие мекемелеріне жіберу, ата-ана құқығынан айыру, бала асырап алу ж. т. б. ) анықтауға байланысты сәйкес инстанциялардан дұрыс шешім шығару мақсатында, халықтық соттың, қамқорлық көрсету ұйымдарының сұранысы бойынша баланың психикалық жағдайы, психикалық даму ерекшеліктері туралы сұрақтар бойынша шешім қабылдаған кезде кеңесші-сарапшы ретінде кеңес береді.
5. Өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру сұрақтары бойынша нақты балалар мекемесіндегі тәрбиелеу жағдайларын балалардың жас ерекше-ліктеріне сәйкестендіріп, психологиялық ерекшеліктерінің негізінде оқу-тәрбие шараларын жоспарлауға кеңесші ретінде қатысады[1] .
Клиенттің әңгімесін интерпретациялау кезінде қолданылатын техникалар :
Клиенттің әңгімесінен дұрыс қорытынды жасау үшін және оның проблемасын бағалауда қателеспеу үшін, сондай-ақ клиенттің өзін әңгімесінің интерпретациялануы дұрыс екендігіне сендіру үшін консультант әңгіменің интерпретациялану процесінде келесі ережелерді еске ұстау қажет:
1 . Қорытынды жасауға асықпау. Мүмкіндігінше клиенттің шағым-мұңынан (исповеди) соң 10-15 минут онымен қарым-қатынасты үзе отырып, оның орнына ойланып, қорытынды жасау керек. Мұндай үзіліс тек консультантқа қана емес, клиентке де керек. Үзіліс кезінде ол тынышталып, кеңес берушіні тыңдауға және онымен диалог құруға дайындалады.
Мысалы, мұндай үзіліс кезінде шай ішуді ұсынуға болады. Үзіліс кезінде сондай-ақ консультант ойын жинақтап, қажет болса клиентке қосымша сұрақтар қоюға мүмкіндік береді.
2. Кеңес беруші клиент әңгімесінің интерпретациясы кезінде клиент мәселесі және оны шешу әдістері туралы шешім жасалуда негіз болатын, сондай-ақ бір-біріне қайшы келетін мәнді детальдардың қалып кетпеуін қадағалап отыру керек. Егер бұл маңызды ережені сақтамаса, істе қарама-қайшылық міндетті түрде көрінеді және қорытынды жасауда да қайшылықтар болады.
3. Ұсынылып отырған фактілердің интерпретациясы бір жақты болып қалмауын қадағалау керек. Әр түрлі теориялар ережелерін орынды пайдалана білуді үйрену керек. Мұндай практикалық шеберлік әртүрлі психологиялық теорияларды жақсы кәсіби деңгейде меңгерген әр түрлі консультант-мамандардың ұжымдық жұмысында жақсы игеріледі. Сондай-ақ бір мәселеге өздерінің кәсіби бағдары бойынша әр түрлі мамандарды кіріктіретін консилиумды жиі өткізу жақсы нәтиже береді. Мұндай консилиумдар консультанттың өзіндік практикалық іс-әрекетінің басында әсіресе пайдалы болады.
Арнайы тапсырма беру әдіс-тәсілдері.
Киенттің психологиялық жағдайын өзгертуге арналған арнайы тапсырмалар және жаттығулар ретінде пайдаланылатын әдістемелер мен арнайы жасалған техникалар үлкен орын алады. Оларға, мысалы, гиштальт-терапия шеңберінде жасалған «бос орындық техникасы», отбасылық терапия шеңберінде жасалған “келісімдер жасау” т. с. с. әдістемелер жатады. Сонымен қатар клиенттің нені және қалай жасауы керектігін қысқаша қағаз бетіне түсіруді талап ететін үй тапсырмалары, клиентпен қосыла отырып бір шешім қабылдауға бағытталған пікірталастар және т. б. түрлері бар. Көбінесе бұл тәсілдер әңгімелесу процесімен тығыз байланысты, тікелей солардан шығады да, клиент үшін ол ерекше сезім тудыратын мәселе болады. Бұл тәсілдерді қолдану көбіне кеңес берушінің теориялық бағдарымен, сонымен қатар психологиялық көмек сұраған адамның проблемасының сипатымен анықталады.
Әдіс-тәсілдердің мұндай түрін меңгергендігі маманның тәжірибесінің қалыптасқандығын және оның кеңес беру бойынша теориялық еңбектермен таныстығын, бұл жұмыстардың ерекшеліктерін толық түсінгенін, сондай-ақ әріптестерімен кәсіби қарым-қатынас жасап олардың тәжірибесін үйреніп жүргенін көрсетеді. Сондықтан мұндай техникалардың кең тізбегімен таныстығы кеңес берушінің кәсіби шеберлігінің, оның кәсіби жинақтылығының шарты болып табылады. Олар кеңес беру әңгімесін мағналы жағынан тереңдетіп, оны эмоцианалды жағынан үйлесімді етеді. Бұл техникаларды дұрыс пайдалану психологиялық ықпалдың тиімділігін, клиент пен кеңес берушінің байланысын қалыптастырудың және дамытудың мүмкіндіктерін кеңейтеді және ұтымдылығын қамтамасыз етеді.
2. Кеңес берушінің ықпал ету құралдары
Кеңес берушінің ықпал етуінің вербальдық құралдарынан басқа вербальдық емес құралдарының да көптеген түрлері бар. Бұл құралдарды пайдалану көбінесе қандай да бір нақты мақсатқа жету үшін қызмет көрсетіп, клиентпен кеңес беруші арақатынасының тез қалыптасуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, бұл тәсілдер консультантқа деген сенімді арттырады және клиенттің қауіпсіздігіне кепіл береді. Психологиялық ықпалдың табысты болуының негізгі шарты - әңгімені ұйымдастыру барысында келесі тілсіз жүргізілетін байланыс түрлерін тиімді пайдалану болып табылады:
а) психологтың көзқарасы - сөйлесу барысында клиенттің көзіне қарап, айтқан сөздерінің мағынасына түсініп отырғанын білдіру;
б) отырысы - отырғанда клиентке қарама-қарсы емес, кішкене бір-біріне бұрыштап отырғаны әңгімелесуге ыңғайлы жағдай туғызады;
в) бет көрінісі -кеңесшінің бет-әлпетінде тілектестік, мейрімділік, түсінушілік байқалғаны дұрыс;
г) дене қалпы - консультанттың отырысы емін-еркін, дене қалпы ашық, клиенттен жабық емес болуы керек. Қол қусырылған, қолы тыныш таппаған адам клиентке теріс әсерін тигізеді, сондықтан кеңес берушінің дене қалпы клиентке психологиялық ыңғайлы жағдай тұғызатындай болуы керек;
д) даустың ырғағы күші маман дауысы жұмсақ, тілектестік белгісі анық сезілетін, кей-кезде сыбырласып сөйлескеннің үлкен әсері бар;
е) паузаларды пайдалану - кейде үндеместен отырып клиентке өз ойын, тағылымын толық айтуға мүмкіндік береді .
Осы талаптарға сай ұйымдастырылған кеңес беру өз функциясын толық орындайды[2] .
Консультациялық қызметтің тағы бір түрі - қашықтықтан кеңес беру. Телефон арқылы кеңес беру оның негізгі нысаны ретінде көптеген азаматтарға тікелей маман-кеңесшіден көмек сұраудан тартынуға немесе мұндай мүмкіндікке ие болмауға, оларды толғандыратын әлеуметтік мәселелер бойынша сырттай кеңестер мен ұсыныстар алуға мүмкіндік береді.
Телефон арқылы кеңес берудің ерекшелігі - клиентте кеңесшінің қиял-ғажайып бейнесін қалыптастыратын анонимділік принципі. Көрнекі әсердің болмауы қабылдаудың дыбыстық арнасына жүктемені күшейтеді. Хабарлама мәтінінің өзі ғана емес, сонымен қатар тон, тембр, сөйлеу жылдамдығы, кідіріс, үнсіздік ұзақтығы да мәнге ие болады. Телефон арқылы кеңес берудің негізгі әдістері (тыңдау, парафразалау, қорытындылау және т. б. ) байланыс орнатуға мүмкіндік береді.
Қашықтықтан кеңес берудің бір түрі - хат алмасу бойынша кеңес беру немесе скриботерапия. Ол белгілі бір қалада (ауданда) "сенім телефоны" қызметінің, клиенттің телефонының болмауына, сондай-ақ оның әлеуметтік кеңесшімен көзбен кездесуге құлықсыздығына байланысты телефон арқылы кеңес беру қиын болған жағдайларда қолданылады. Сонымен қатар, халықтың жекелеген санаттары үшін (жазасын өтеп жатқан тұтқындар) хат алмасу бойынша кеңес беру өмірлік маңызды кеңес алудың жалғыз мүмкіндігі, апаттың алдын алатын құрал бола алады. Сонымен қатар, хат алмасу бойынша кеңес беру көптеген жағдайларда тиімді болып табылады.
Консультациялық көмекке мұқтаж ел азаматтарының санаттары арасында егде жастағы адамдар мен мүгедектер ерекше орын алады. Мұндай әлеуметтік қызмет көрсету мамандары арнайы орталықтарда жұмыс істейді. Бұл бөлімшелердің қызметкерлері әлеуметтік-консультациялық көмекке мұқтаж адамдарды анықтайды, қарт азаматтар мен мүгедектер тұратын отбасылармен жұмыс істейді, олардың бос уақытын ұйымдастырады. Олар сондай-ақ өз құзыреті шегінде құқықтық көмек көрсетеді, мүгедектерді оқыту, кәсіптік бағдарлау және жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша консультациялар жүргізеді, түрлі әлеуметтік-психологиялық ауытқулардың алдын алумен айналысады.
Егде жастағы адамдар мен мүгедектерді әртүрлі қызмет түрлеріне жеңілдіктер беру, зейнетақыны қайта есептеу және индекстеу, өсиет ресімдеу, сыйға тарту мәселелері толғандырады. Әлеуметтік қызметкерлер өз клиенттерін толғандыратын осы және басқа сұрақтарға жауап беруге дайын болуы керек. Бұл жандардың қамқорлығы үшін үнемі жаңа ақпарат жинақтаған жөн.
Егде жастағы адаммен консультативтік әңгіме әртүрлі бағытта болғанымен, ескеру қажет әдеттегі сәттер де бар. Атап айтқанда, әңгіменің алғашқы минуттарынан бастап әлеуметтік қызметкер мейірімділік пен сыпайылық танытуы керек. Клиентке құрметпен, толық аты-жөнімен жүгіну керек. Кейде әзіл-қалжыңды, комплиментті қолданған жөн, бұл сонымен бірге егде жастағы адамды әңгімеге орналастыруға, оның мәселелерінің шешімін бірлесіп іздеуге мүмкіндік береді. Әңгімелесу барысында әлеуметтік қызметкер клиентке оған және оның проблемаларына қызығушылық танытып, көмектесуге ниет білдіруі өте маңызды. Егде жастағы адамдар кейде ұмытшақ, болады, бұл әлеуметтік қызметкерден түсінуді ғана емес, сонымен қатар ерекше шыдамдылықты қажет етеді.
Кеңес берудің жалпы процедураларының көмегімен кеңес берудің тапсырмалары, мәселелері шешіледі. Осының барлығы кеңес беру психологиясының процедураларының нәтижесіне байланысты. Процедура негізгі нақты психологиялық этаптармен байланысты. Осы этаптар арқылы оны бөліп қарастыруға болады. Кеңес беру псхологиясының бірінші этабында клиенттің эмоционалды қолайлылығы қалыптасады. Клиентпен кездесу процедурасы клиенттің маманмен кездесу алдындағы нақты бір іс-әрекет өзіне қосады. Осы этапта консультанттың жағдай сұрауы және алғашқы кеңес беруі клиент үшін өте маңызды. Көптеген клиенттер консультантқа келгенде психологиялық кедергі мен комплекс пайда болады. Ол консультантқа және басқа да адамдарға байланысты. Әсіресе, психологиялық кедергі мен комплекс танымайтын адамдарға байланысты пайда болады. Оған мысал ретінде консультантпен алғашқы кездесуін алуымызға болады. Осы бейтарап мүмкіндікке жағымсыз іс-әрекет комплексі және психологиялық кедергіні алу үшін арнайы процедура « Психологиялық кедергіні алу» қолданылады. Осы процедураны қолдану барысында консультант клиентімен нақты бір іс-әрекеттерді қолдану арқылы клиентті тыныштандырып, қауіпсіз психологиялық күйге, өзінің сеніміне кіргізеді.
Кеңес беру психологиясының екінші этабында эмпатикалық тыңдау процедурасы белсенді жұмыс жасайды. Консультант клиентті эмоционалды жағынан түсініп әңгімелерін басынан-аяғына дейін қабылдауы тиіс. Клиенттің сөздеріне яғни жағдайын ойланып, қобалжып кетуге болмайды. Клиентті тыңдай отырып, консультант клиенттің бейнесіне, роліне еніп, ойланып, өзін психологиялық қалыпқа келтіреді, яғни психологиялық жағынан көмек беруге дайындалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz