ДАРЫНДЫ БАЛА ҰҒЫМЫ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
МҰРЫН ЖЫРАУ СЕНГІРБЕКҰЛЫ АТЫНДАҒЫ МАҢҒЫСТАУ
ЖОҒАРЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІМКҚК

Қорғауға жіберілді
________20__ж

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:Талантты және дарынды балаларды оқыту.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту жне оқу

Орындаған:Какабай Ә.М
Тексерген:Айтжанова А.К

Ақтау 2023ж
Жоспары:
Кіріспе
I ДАРЫНДЫЛЫҚ ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 ДАРЫНДЫ БАЛА ҰҒЫМЫ
1.2 ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫС
II ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛЕУ ЕРЕКШЕЛІГІ
2.1 ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ АСПЕКТІЛЕРІ
2.2 ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІ
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың қазақстандықтарға Жолдауында "Ғасырдағы экономикалық және әлеуметтік ұмтылыстағы негізгі жетекші күш -- адамдар, олардың еркі, жігері, табандылығы, білімі" делінген. Олай болса, алға қойған мақсаттарды орындау үшін еліміздегі жастардың шығармашылық деңгейін жан-жақты өсіруге ден қою қажеттілігі туындайды. Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайда кәсіби жетістікке жалпы және арнайы қабілеттілік, білімділік, шығармашылық арқылы ғана жетуге болады деп ойлаймын. Сондықтан ата-аналардың, мүғалімдердің алдына жаңа міндеттер жүктеледі. Олар балалардың жеке қабілеттілігін, білімділігін анықтау және оны дамыту, соның негізінде олардың болашағына бағыт беріп отыруы қажет.
Қазақстан Республикасы егемендік алғалы бері еліміздің білім жүйесі үзіліссіз реформалар үстінде келеді. Авторлық, тереңдетіп оқыту, дарынды балалар мектептері жұмыс істеуде. Он екі жылдық орта білімге өтуге қадамдар жасалуда. Осыған орай курстық жұмыстың тақырыбы елеулі мәселе - дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеу мінездемесіне арналады.
КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ: Дарындылық теориясының негізі кешегі Кеңес психологтерінің еңбектерінде де көрініс тапқан. Л.Выготский, В.Крутецкий, Н.Лейтис, В.Тепловтардың психологиялық тұжырымдары дарындылыққа интегралдық жеке тәрбие ретінде жүйелі көзқарас тууына негіз болады, адам кабілеттілігінің құрылымдылық бөліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Ал қазіргі күні Қазақстандағы дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеу әдістемесінің дамуы кең орын алуда.
КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ МАҚСАТЫ: Қазақстанның гүлденуіне, егеменді еліміздің өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосар білімді, мәдениетті еліміздегі дарынды жастар мен балаларды оқыту мен тәрбиелеуге мінездеме беру және онда қолданылатын әдіс-тәсілдерді және қол жеткізген жетістіктерін айқындау болып табылады.
КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ЗЕРТТЕУ ОБЪЕКТІСІ: Жалпы дарындылық түсінігі, дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеу әдістері. Дарынды балаларды айқындау үрдістері.

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС МАҚСАТЫН ІСКЕ АСЫРУ ҮШІН КЕЛЕСІ МІНДЕТТЕР ШЕШІЛЕДІ: Дарынды бала ұғымына түсінік беру. Дарындылық теориясының негіздерін қарастыру; Дарындылық терминінің мағынасын ашу; дарынды балалармен жұмыс түрлерін зерттеу. Араб сөз бостандығының негізін қалаған Фердоуси, Н.Хорезми, Бируни, Әль-Фараби, және тағы сол сияқты ғалымдар, зерттеушілер философия, логика, химия, астрономия, география, медицина, психология ғылымдарымен бірге жас жеткіншектерді тәрбиелеу мәселесіне көп көңіл бөлген.
ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ: Курстық жұмысты зерттеу барысында әлеуметтік, ғылыми, педагогикалық, психологиялық, дәстүрлі және де зерттеу әдістері қолданылды. Чех елінің белгілі ойшылы, педагог Я.Коменский еңбектерінің бірінде: "Педагог үшін ең бастысы - баланың кішкентай зерттеушілер ретінде дамуына кедергі келтірмеу. Балалар әр нәрсені тасымалдайтын ара деп есептесек, оларға өз істері белгілі бір мөлшерде пайда әкелетіндей көмек беруіміз керек" деген. Д.Дьюннің айтуынша, мүғалімнің мақсаты - "таңқаларлық жайдың қасиетті шырағын нық ұстап, алауын тарату". Шығармашылық оқыту ойларын дамыту және зерттеу тәсілдерімен шүғылданатын В.Вахтеров, В.Зеленский және тағы басқа ғалымдар осы пікірді ұстанады.
Питер Клайн айтқандай, балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түседі. Мектепте оқушыны ізденушілікке баули отырып, ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға, ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттерін ашуларына кемектесу әрбір ұстаздың абзал борышы. Сондықтан да еліміздің өркендеп дамуы, гүлденуі үшін, болашақта биік мансаптарға жету үшін ең алдымен дарынды, білімді жастарды оқыту мен тәрбиелеу болып табылады.

I ДАРЫНДЫЛЫҚ ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 ДАРЫНДЫ БАЛА ҰҒЫМЫ
Елімізде дарынды балаларды ерте тауып, арнайы мектептерде, гимназияларда оқытуға қатысты айтарлықтай іс шаралар атқарылуда. Алайда осы іс-шаралардың түпкі нәтижелерін қарастырсақ, онда ауыз толтырарлықтай ешнәрсе таба алмайтынымыз, дарынды деген бала дарынды болмай шығып немесе дарындылығын тез жоғалтып алып, оның өзі де, мұғалімі де қиналып жүретіні ащы болса да шындық.
Мұның басты себебі: мектеп өмірінде дарын және дарынды бала ұғымдарының толық зерттелінбеуінде, ерекшеліктерінің толық айқындалып көрсетілмеуінде, оқу үрдісінің осы ерекшеліктерге сай жүргізілмеуінде болса керек. Сонымен дарын деген не? Дарынды баланың қандай ерекшелігі бар?
Жалпы кез келген адам үш параметр: мүмкіндік, қажеттілік және мүдделілік арқылы сипатталынады. Мүмкіндік - адамның нәтижесі тек өзі үшін ғана қажетті іс-әрекетті дұрыс орындай алу деңгейін көрсетсе, қажеттілік - оның нәтижесі қоғамға немесе әлеуметтік топқа қажетті іс-әрекетті дұрыс орындай алу деңгейін көрсетеді. Ал мүдделілік - адамның жеке тұлға ретіндегі сипаттамасы.
Нәтижесі орындаушы адам үшін ғана керек болатын іс-әрекеттің оқу іс-әрекеті деп аталатыны бәрімізге белгілі. Яғни, мүмкіндік - адамның оқушы ретіндегі сипаттамасы болады. Ал қажеттілік - адамның белгілі бір әлеуметтік топ мүшесі ретіндегі сипаттамасы. Мүдделілік - адамды дүниені танып білуші, ғалым ретінде сипаттамасы.
Мүмкіндік - орта мектеп қабырғасында, қажеттілік - жоғары мектепте, ал мүдделілік - аспирантура немесе докторантура қабырғасында қалыптасады. Мүмкіндік қалыптасқан адам - оқыған, қажеттілік қалыптасқан адам - білімді, ал мүдделілік қалыптасқаны - ғалым деп аталады. Еліміздің білім жүйесінде қалыптасқан нормативтерге сай оқығандық дәрежеге жету үшін кемінде 11-12 жыл, білімділікке жетуге 15-17 жыл, ал ғалым болу үшін 17-20 жыл қажет. Алайда, белгілі бір себептермен білімділік не шығармашылық сипат оқушылық кезеңде көрініс беруі мүмкін. Бірінші жағдайда - ол қабілет, ал екінші жағдайда - дарын деп аталады. Яғни, дарын деп іс-әрекеттің шығармашыл сипатының оқушылық кезеңде көрініс табуын айтамыз. Дарынды атауының тек бала, оқушы үшін, ал қабілетті атауының оқушы үшін де, қызметкер үшін де айтылатындығы осыған байланысты.
Әрине, білімді адам деп өзінің қоғамдағы орнын, өзінің неліктен осы орында отырғанын біліп, түсінетін және оны өзі тиімді өмір сүру үшін, өзінің жеке қажеттіліктері үшін пайдалана алатын адамды айтамыз. Ал ғалым қоршаған орта, дүниетаным туралы өз көзқарасы қалыптасқан адам. Ол өз көзқарасы ауқымында ғана іс-әрекет жасайды.
Дарынды бала оқушы бойында бұл қасиеттердің бірде бірі, әсіресе, дүниетанымдық көзқарасты қалыптасып үлгермейді. Сондықтан оқушының дарындылық қасиеті барынша орнықсыз қасиет. Оның басқа түрге енуі немесе сөніп қалуы көзқарастың өзгеруіне байланысты кез келген сәтте орын алуы мүмкін. Сонымен бірге уақыт өте келе дарындылық қабілеттілікке, ал қабілеттілік кәдімгі қатардағы қасиетке ауысады. Жоғары сынып оқушылары арасында дарынды балалардың болмайтындығы сондықтан.
Дұрыс оқытылған жағдайда баладан ғалым, ал қабілетті баладан жақсы қызметкер шығады. Алайда, дарындылықты дамыта отырып, орнықты шығармашыл қызметке айналдыру үшін орта мектепте оқытудың қазіргімен салыстырғанда тіптен өзгеше, жаңашыл түрлері қажет.

1.2 ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫС
ХХ ғасырдың екінші жартысында барлық өркениетті мемлекеттерде әлеуметтік-экономикалық, политехникалық, мәдени ағымдардан жеке тұлға өзгеріп, дарынды балаларды оқыту, дамыту жұмыстары жаңа мазмұнға ие болды.
Қазақстан Республикасының 2005 -- 2010 жылдарға арналған Мемлекеттік білім дамыту бағдарламасында "Бастауыш мектеп бағдарламасы оқушының жеке тұлғалық ерекшелігін дамытуға, оның дара қабілеттігін ашуға бағытталған" деп көрсетілген. Талабы таудай, қабілет-қарымы мол, ізденімпаз жастар көбейіп, адамзат игілігіне үлес қосып жатса, олар ұлтымыз үшін мақтаныш, еліміз үшін абырой, әрине. Ендеше талантты да қабілетті, ерекше дарынды жасқа айрықша көңіл бөліп, назар аудару қажет.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына 2008 жылдың 1-наурызындағы Жолдауында нақты айтылғандай, "Білім беру реформасы -- Қазақстанның бәсекеге кабілеттігін камтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі". Жолдауда межеленген таяу уақытта Қазақстанды бәсекеге қабілетті әрі дамыған мемлекеттер қауымдастығында алғашқы елу елдің біріне айналдыру міндетін шешуге білім саласына, оның ішінде білімді, білікті мамандарды даярлау негізгі рөл атқаратындығы дүниежүзілік дамыған елдер тәжірибесінен дәлелденіп отыр. Дарынды бала - бұл болашақта жаңа технология шығарушы, әділ саясаткер, рухы биік адам, бұл - ұлттық құндылық.
Қазақстандағы талантты жастарды колдау мақсатында Мемлекеттік бағдарлама негізінде 1998 жылдың 24 наурызында жаңа ұйым - республикалық ғылыми-тәжірибелік "Дарын" орталығы ашылған болатын. Қазақ халқында Бұлақ көрсең -- көзін аш деген ұлағатты сөздің мән-мағынасы осында жатыр. Бұл мәселе жөнінен талантты жастарды қолдау және дамыту мақсатында құрылған "Дарын" республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы айтарлықтай жұмыстар жүргізуде. Қол жеткізген жетістіктері де аз емес. Оған елімізді қуанышқа бөлеп жүрген көптеген дүниежүзілік олимпиадалар жеңімпаздарын мақтанышпен айтуға болады. Мысалы, Сингапур, Қытай, Малайзия және тағы басқа сол сияқты елдер өз жастарын АҚШ пен Ұлыбританияның ең озық университеттерінде оқытып, білікті мамандар даярлау арқылы өз елдерін аса жоғары қарқынмен дамытуға қол жеткізеді. Міне, осы елдер тәжірибесінен үйреніп, Қазақстан жастарынан осы заманғы білімді меңгерген білікті мамандар даярлау -- Елбасы Жолдауындағы стратегиялық басым бағыттардың бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың қазақстандықтарға Жолдауында "Ғасырдағы экономикалық және әлеуметтік ұмтылыстағы негізгі жетекші күш -- адамдар, олардың еркі, жігері, табандылығы, білімі" делінген. Олай болса, алға қойған мақсаттарды орындау үшін еліміздегі жастардың шығармашылық деңгейін жан-жақты өсіруге ден қою қажеттілігі туындайды. Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайда кәсіби жетістікке жалпы және арнайы қабілеттілік, білімділік, шығармашылық арқылы ғана қол жеткізуге болады. Сондықтан ата-аналардың, мұғалімдердің алдына жаңа міндеттер жүктеледі: балалардың жеке қабілеттілігін, білімділігін анықтау және оны дамыту, соның негізінде олардың болашағына бағыт беру.
Бүгінгі таңда дарынды балалар мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттер жинақталған. Адамның психикалық ерекшеліктері жөніндегі идеялар, оның ішіндегі қабілеттілік туралы ойлар сонау ертедегі грек философтерінің еңбектерінде, қайта өрлеу дәуірі ғалымдарының және алдыңғы қатарлы әр елдің озық ойлы педагогтерінің ғылыми еңбектерінде көптеп кездеседі. Қабілеттілік пен дарындылық мәселесі -- Орта Азия мен Қазақстан ойшылдарын да толғандырған мәселелердің бірі.
Араб сөз бостандығының негізін қалаушылар Н.Хорезми, Фердоуси, Әль-Фараби, Бируни және т.б. философия, логика, химия, астрономия, география, медицина, психология ғылымдарымен бірге жас жеткіншектерді тәрбиелеу мәселесіне көп көңіл бөлген. Мысалы, Әль-Фарабидің Бақытқа жету трактаты еңбегінде этикалық мәселелермен қатар адам қабілеттілігіне, білім берудегі түрлі озық әдіс-тәсілдерді қолдану жолдарына көңіл бөлінгендігі жазылған.
XX ғасырдың бірінші жартысында неміс психологі В.Штерн адамның жеке бас ерекшеліктерін зерттеп, жеке бас психологиясының негізін қалады. Ол талантты бағалау әдістерін қарастырып, оқушылардың ақыл-ой қабілетін анықтауға арналған "қабілеттілік коэффициентін" көрсеткен болатын.
Дарындылық теориясьның негізі кешегі Кеңес психологтерінің еңбектерінде де көрініс тапқан. Л.Выготский, В.Крутецкий, Н.Лейтис, В.Тепловтардың психологиялық тұжырымдары дарындылыққа интегралдық жеке тәрбие ретінде жүйелі көзқарас тууына негіз болады және адам кабілеттілігінің құрылымдылық бөліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Мазмұндық бөлімі мемлекеттік стандарт пен жаңа бағдарламаларға негізделген оқу үрдісі жаңа оқу технологиялары мен қажетті оқулықтарды шығарудағы бірізділік, жүйелілік, тұрақтылық, ұзақ мерзімділік зандылықтарын сақтау, мұғалімнің педагогикалық жоғары деңгейі және кәсіби білімін ұдайы жетілдіруі барысында жүзеге асады. Құрылымдық бөліміне психологиялық қызмет, дарындылықты анықтау, олимпиада, ғылыми жоба жарысы, валеологиялық орталық жұмыстары кіреді. Оқушыларды іріктеу кезінде психологиялық жұмыстар жүргізіп, олардың жоғары парасаттылығына, ой-өрісіне, қабілеттеріне ерекше көңіл бөлінеді. Әлеуметтік бөлімде микроәлеуметтік бағытта сынып жетекшісінің жұмысы балаларды шығармашылыққа ынталандыру, дарындылықты дамыту жұмыстарымен бірге балаға жеке тұлғалық өсу картасын жүргізу болып табылады. Ата-аналармен өзара іс-әрекет жүйесін құру, негізгі бағыттарды дұрыс анықтау, сонымен қатар әдіс-тәсілдердің тиімді формаларын құрастыру жұмыстары жүргізіледі. Іс-әрекеттік бөлімде үйірмелердегі, спорттық секциялардағы, шығармашылық таным бірлестіктегі оқудан тыс шаралар жүргізіледі. Денсаулықты жақсарту, ағзаны шынықтыру кеңес беру, денсаулық сақтаушы жұмыс сауықтыру бөлімінде жүргізіледі. Басқару бөлімінде мүғалімдерден құрылған шығармашылық топ әрбір оқушыны шығармашылыққа баулуға, оның дара қабілеттерін ашып дамытуға көп көңіл бөледі. Ең негізгі бөлімдердің бірі -- нәтижені бағалау бөлімі білім сапасы мен нәтижесіне мониторинг құру арқылы әрдайым қорытынды шығарып отырады. Сонымен бұл модель дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстың жүйелі бөлігінен тұрады.
Дарынды баланы анықтау, оқыту, тәрбиелеу, дамыту - қазіргі уақытта білім беру жүйесіндегі колға алынып отырған өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Болашақта білікті маман дарынды оқушылармен жұмыс істегенде өзінің мынадай касиеттерімен ерекшеленеді:
1. Дарындылықты анықтау, дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөледі және сол бағытта талмай жұмыс жасай алады.
2. Олар дарынды оқушыға қосымша тереңдетілген бағдарламалар жасай алады және олардың өздігімен жұмыс жасауына, шығармашылық ізденістеріне қажетті кеңес береді.
3. Оқушыға дұрыс бағыт-бағдар беру арқылы оның ғылыми зерттеу жұмысымен айналысуына көмек көрсету керек.
4. Педагогикалық үрдісті диагностикалау жұмысын жүргізе алады және оларды бір-бірімен байланыстыра алады.
5. Дарындылықты анықтауда әртүрлі психодиагностикалық әдістемелерді және оқытудың әртүрлі жаңа технологияларын тиімді пайдалана біледі.
Оқыту мен дамыту өз алдына жеке тұлғаның дамуына әсер етеді. Швейцария психологі Ж.Пиаженің, Аустрия психологі З.Фрейдтің, Американдық философ, психолог Д.Дьюид "Бала даму барысында оқиды, яғни бұнда бала психикасының дамуына сүйенеміз" деген пікірдің айтады.
XX ғасырда А.Выготский, А.Леонтьев, С.Рубинштейн, Д.Эльконин, В.Давыдов сияқты ғалымдар да "Бала оқу арқылы дамиды" дегенді алға тартты. Дарындылықты айқындау, олардың дамуына қолайлы жағдай жасау, мектеп, отбасы, мүғалімнің рөлін анықтау үшін бағдарлама қажет болады. Бағдарламаның мақсаты - баланың жеке бас ерекшеліктерінің дамуына жол ашу, қабілетіне қарай шығармашылық тұлға қалыптастыру, оның дамуына ерекше жағдай туғызу болып табылады. Жалпы барлық таным үрдістері бірігіп интеллектуалды жүйені құрайды. Оқушының интеллектуалды жүйесін дамытуда зерттеушілік белсенділігі арқылы оқушы озін-өзі дамытып, танып білуге жол ашады. Оқушының жеке бас дамуын зерттеу үрдісі екі бағытта жүргізіледі. Оқушымен кезендік жұмыс мүғалімдер, сынып жетекшісінің қатысуымен мектеп психологының көмегімен кем дегенде бір екі рет өткізіледі. Оқушының іс-әрекетін, мінез-құлқын барлық мұғалімдер және оқушының өзі белгілі бір мақсатқа үнемі бағыттап, бақылап отыруы қажет. Оқу тәрбие үрдісінде оқушы екі жақтылы сипатқа ие болуы керек. Тәрбиенің әрі обьектісі, әрі субьектісі болуы тиіс.

II ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛЕУ ЕРЕКШЕЛІГІ
2.1 ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ АСПЕКТІЛЕРІ
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің өткен онжылдығы оның дамуының стратегиялық бағыттарын дұрыс таңдағанымызды көрсетеді, оның ішінде негізгі республиканың интеллектуалды және шығармашылық әлеуетін өсіру, дарынды балалармен жасөспірімдердің одан әрі дамуы үшін өркениетті елге тән жағдайлар жасау болып табылады. Соңғы мәліметтер бойынша, шамамен мектеп жасындағы балалардың бестен бір бөлігі дарынды балалар тобына жатуы мүмкін. Бірақ, олардың талантының дамуы үшін қажетті қолдау көрсетілмей жүр, сондықтан жалпы балалар санының аз-кем бөлігі ғана шын мәнінде дарынды бала ретінде айқындалған. Жүргізілген зерттеулер нәтижесі және балалар мен оқушылар дарындылығын ерте айқындау тәжірибесі осындай балаларды қолдап, олардың ата-анасының, мұғалімдеріне психологиялық, медициналық, педагогикалық, әлеуметтік және экономикалық көмек беретін арнаулы мемлекеттік бағдарлама жасау қажеттілігін дәлелдеп отыр. Қоғам қашанда шығармашыл тұлғаларға мұқтаж болғанымен, дарындылық пен қабілеттілік психологиясын зерттеу кең өріс алған кезен XX ғасырдың орта шенінен басталады. Бұл мәселеге деген үлкен ықылас балалар дарындылығы мен таланты жөніндегі Дүниежүзілік кенестің құрылуына байланысты туды. Оның бірінші конференциясы 1975 жылы Лонданда өтті. Кеңес дарындылықтың психологиялық құрылымын зерттейтін жобалар жасайды, дарынды балаларға білім беретін мамандар дайындайды.
Қазіргі таңда түрлі елдерде дарынды балаларға әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық көмек көрсетудің арнаулы бағдарламалары жасалып, қолданылуда. Қазақстан Республикасы Президентінің Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау және дамыту туралы (1996) жарлығына сәйкес ҚР Үкіметінің 1998 жылғы 24-наурызындағы № 256 қаулысы бойынша талантты жастарды қолдау және дамыту мақсатымен елімізде Дарын ғылыми-тәжірибелік орталығы құрылды. Аталған мәселені шешуге арналған стратегиялық бағдарлама жасалынды.
Әлеуметтік тапсырыстың болуы мен Дарын орталығының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет тәжірибесі білім беру мекемелерінің дарынды балалармен мақсатты, нәтижелі жұмыс жасауына ықпал етеді. Осыған байланысты мұғалімдер мен білім беру қызметкерлері ата-аналар арасында балалар дарындылығының табиғаты, оны айқындау әдістері мен дамыту жолдары туралы ғылыми, жаңаша түсінік қалыптастыру үшін байыпты ағартушылық жұмыс жүргізілуі тиіс. Дарынды балалар мен жастарды айқындау, оқыту және дамыту тұжырымдамасының негізіне мынадай идеялар басшылыққа алынған:
дарынды балаларды әлеуметтік және құқықтық қорғауды ізгілендіру және демократияландыру;
дарынды балаларды айқындау және олармен жұмыс жүргізуде биологиялық, әлеуметтік факторларды есепке алу;
республикада дарынды балалар және жастармен жұмыс жүйесін басқаруды орталықтандыру мен өз бетінше басқарудың үйлесімді байланысы;
дарынды балалар және жастармен жұмыс жүйесін басқарудың мемлекеттік
және қоғамдық ұйымдастыру құрылымындарының бірлігі;
дарынды балалар мен жастарды іріктеу үшін диагностикалық әдістер кешенін пайдалану;
жеке тұлғаның дарындылығымен қалыптасуы деңгейіне балаларды оқыту мен дамытудың арнайы таңдалған бағдарламасының сәйкестігі;
осы категориядағы балалар мен оқушылырды басқару жұмысындағы мемлекеттік және қоғамдық ұйымдастыру құрылымдарының үйлесімділігі;
дарынды балалармен және оқушылырмен жұмысқа мұғалімнің арнайы дайындылығы.
Дарынды балаларды қоғамның ғылыми келешегі ретінде қарап, танып-білу үрдісі өте ертеден басталады.XX ғасырдың басында дарындылық пен оны зерттеу әдістеріне арналған алғашқы ғылыми еңбектер пайда болды. Қазіргі уақытта дүниежүзілік тәжірибе балалар дарындылығының зерттеу және қолдау тәжірибесін жеткілікті мөлшерде жинақтаған.
Дарынды балалармен тәжірибелік жұмыс көбіне дарындылық, дарынды бала ұғымдарының мазмұнын дұрыс түсінуге байланысты. Дарындылық термині дарын сөзінен шыққан, дамудың ерекше қолайлы ішкі алғышарты дегенді білдіреді. Әйтсе де қолда бар әдебиеттердің ауқымына қарамастан, әлі күнге дейін дарындылықтың тура анықтамасы жоқ екендігін айту керек.

Әзірге құрдастарына қарағанда оқуға деген зеректігі жоғары, ерекше шығармашылық қабілеті бар деп саналады. Педагогикалық энциклопедияда мынадай анықтама берілген: Дарындылық - іс- әрекеттің белгілі бір саласында ерекше жетістікке жетуге жағдай жасайтын адам қабілеті дамуының жоғарғы дәрежесі.
Бүгінгі күні психологтердің көпшілігі дарындылық дамуының деңгейі, сапалық өзіндігі және сипаты мұрагерлік (табиғи қаблет) пен бала іс-әрекетімен байланыстырылған (ойын, оқу, еңбек) әлеуметтік ортаның күрделі әрекеттестігінің нәтижесі екендігін мойындайды.Сондай-ақ, жеке дарындылықтың қалыптасуы және іске асырылуы негізінде жатқан тұлғаның өзін-өзі дамытуының психологиялық механизмдері мәнін де ескермеуге болмайды. А.Шведель мен Р.Стоунбермен дарындылықты адам - орта контекстінде бірте-бірте туындайтын қасиет деп түсіндіреді. Өкінішке орай, бұл әрекеттестіктің өзіне тән ерекшелігі әлі ашылмаған.
Дарындылықтың байқалуына екі түрлі көзқарас бар: барлық балалар дарынды және дарынды балалар өте сирек кездеседі.Психологтер мұндай жағдайда мына бағытты ұсынады: іс-әрекеттің әр алуан түрлеріне байланысты әлеуетті дарындылық көптеген балаларға тән, ал асқан дарындылықты балалардың аз бөлігі ғана көрсете алады. Дарынды балаларды іріктеген кезде істің қандай түрінде болсын балалардың ойдағыдай жетістіктерге әлеуетті мүмкіндігін танып білудің орайы келмейтіндігін ескеру қажет.
Дарынды балалармен жұмыс жүргізгенде баланың өсуіне қарай дарындылық нышанының ғайып болу жағдайын ескеру қажет. Сондықтан дарынды деген мәртебе тағуда аса сақ болу керек, себебі жеткіншектің мамандандырылған оқу орнында білім алу кезінде жанға бататын жағдайлар туындауы мүмкін. Осыған орай, ресейлік ғалымдар дарынды балалармен тәжірибелік жұмыс үстінде дарынды бала ұғымының орнына бала дарындылығы белгісі деген терминді (немесе дарындылық белгісі бар бала ұғымын) пайдалануды ұсынады.Дарынды балаларға, әсіресе әлеуеттік бейімделу кезінде мінездерінің қарама-қайшылығы тән. Үлкендер (ата-аналар, мұғалімдер) баланың сезімдік кемеліне келу шағын дұрыс қабылдамай, мінез-құлығын дұрыстауға жоғары талап қояды, дарынды балалар, ең алдымен бала, содан кейін барып талант иесі екендігін ұмытып кетеді. Бала өзінің сирек кездесетін қабілетіне байланысты стандартты өмірлік жағдайларға әрдайым бейімделе алмайды, сол кезде дау-жанжал туындауы мүмкін.
XXI ғасыр қарсаңында білім жүйесін реформалау бала дарындылығын айқындау мен диагностикалауға жаңаша талап қойды. Бұл, әрине, білім саласындағы маңызды өзгерістерге байланысты, біріншіден, оқу мекемелерінің нысандарына жеке ыңғайда қарау: дарынды балаларға арналған арнайы мектептер, мектеп-лицейлер, мектеп-гимназиялар, гимназиялық сыныптар, кейбір пәндерді тереңдете оқытатын арнайы мектептер мен сыныптар. ҚР Білім туралы заңымен таңдаулы білім жаңа ұғымы еңгізілді, ол аса дарынды азаматтар үшін арнайы білім ұйымдарында білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылатын білім болып табылады. Жаңа үлгідегі мекемелер алдында дарынды балалардың қабілетімен талантын барынша толық ашуға жағдай жасайтын күрделі және жауапты мақсаттар мен міндеттер қойылады. Осыған байланысты дарынды балаларды анықтау және іріктеу жөнінде біліктілікті айқындайтын психодиагностикалық жұмысты ұйымдастыру нақты міндеті тұр.
Бала дарындылығын айқындау мәселесінің анық этикалық аспектісі бар екенін ескеру керек. Қазіргі сәтте баланың дарынды немесе дарынсыз екенін анықтай отырып, біз оны келешегіне араласқандай боламыз, өйткені қызметтің бір түрінен әдеттен тыс дарындылық көрсеткен бала есейгенде сөзсіз таланты болады деп кесіп айту қиын. Дарынды балаларды айқындау - белгілі бір баланың дамуына талдау жасаумен байланысты ұзақ үрдіс. Дарындылықты жеке бір әдіске сүйене отырып, мысалы тест арқылы анықтай қою мүмкін емес. Шетелдерде, ең алдымен, АҚШ-та және бірқатар Еуропа елдерінде балалар дарындылығын зерттеу қарқынды жүргізіліп келеді.1972 жылы АҚШ-тың Білім беру комитеті қазірге дейін американдық мамандар пайдаланып жүрген дарындылықтың келесі анықтамасы жариялады: тәжірибелі мамандардың бағасы бойынша дарынды және талантты балалар деп керемет қабілеттілігін арқасында төменде келтірілген іс-әрекеттердің бір немесе бірнешеуі аясында жоғары жетістіктерге жеткендер(немесе әлеуметті мүмкіндігі барлар) саналады:
-интеллектуалды;
-академиялық;
-шығармашылық немесе нәтижелі ойлау қабілеті;
-сұхбаттасу және көшбасшылық;
-көркемөнер;

Американдық педагог Дж. Рензулли дарындылықтың мынандай анықтамасын ұсынады: дарындылық - үш түрлі қасиет үйлесімінің нәтижесі: орта деңгейден асатын ақыл-ой қабілеттілігі, шығармашылық жол табу, жоғары мотивация мен табандылық. Бұл қасиеттер естияр дарынды адамдарда байқалған. Бірақ, естияр адам дарындылығы көбіне балалық шақ тәжірибесімен байланысты (дегенмен, бұл байланыстың табиғаты осы күнге дейін түсініксіз).Ерте байқалған дарындылыққа "вундеркинд'' деп аталады балалар жатады (тура мағынада-керемет, ғажап бала). Вундеркиндтер қағида бойынша, мектеп жасынан кейінгі немесе төменгі мектеп жасындағы балалар іс-әрекеттің қандай болса да бір түрінде тамаша жетістікке жетеді (музыкада, сурет, ән салуда, тағы сол сияқты). Мұндай балалар кейде ерекше ақыл-ой қабілеттігін көрсетеді (ерте оқу, жазу, санау және т.б.). Ұлы музыканттар өмірі дәлелдегендей, дарындылық музыкада анағұрлым ерте, ал бейнелеу өнерінде кештеу байқалады. Ал математикалық қабілеттілік ерте байқалады. Ғылымда маңызды жетістікке әдетте кешігіп жетеді.
Шетелдік ғалымдар дарындылықты келесі типтерге бөліп қарастырған:
-интеллектуалдық, оның бір түрі-академиялық, көркемөнер;
-шығармашылық (креативтілік);
- басшылық (лидерская) немесе әлеуметтік;
-психомоторлық немесе спорттық.
Дарындылықтың бұл типтерінің сипаттамасы туралы жоғарыда айтылғандай, іс-әрекеттің жетекші түрлеріне сәйкес бөлінеді. Ал шығармашылық дарындылыққа байланысты ғалымдардың креативтілікті дарындылықтың жеке түріне жатқызу жөніндегі пікірлері сан алуан. Ғалымдар феномен туралы арнайы айту заңды дейді. Себебі дүниеге көзқарасы ерекше, басқаларға ұқсамайтын, ойлау қабілеті қалыптан тыс балалар бар. Шығармашылық дарындылықтың әртүрлі варианттары көп: кез келген іс-әрекетте әдеттен тыс шығармашылық қабілеттерін көрсете алатын оқушылар бар, сонымен қатар жеке бір салада ғана қалыптан тыс қабілеттілігі байқалатын оқушылар.
Енді бір ғалымдар шығармашылықты дарындылықтың дербес түрі ретінде бөлудің қажеттігі жоқ, ол кез келген еңбек түріне тән болуы мүмкін деп ойлайды. Шығармашылық дарындылық - жай ғана кез келген іс-әрекеттің жоғары деңгейде орындалуының сипаттамасы емес, сондай-ақ оның қайта түрленуінің, дамуының сипаттамасы. Іс-әрекетті әрдайым жеке адам жүзеге асырады. Оның мақсаты мен себебі іс-әрекеттің орындалуына әсер етеді. Дарындылық тек жоғары деңгейдегі қабілеттілік жиынтығы ғана емес, бала мотивациясы, әуестенуі, қызығушылығы.Осыған байланысты дарынды балаларды анықтау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дарынды оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
Дарындылықтың қалыптасу дәрежелері критериі
Дарынды балалардың шығармашылық қабілеттерін анықтау
Дарынды балаларды даярлау арқылы дарындылықты дамыту
ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Мектеп оқушыларының қабілетін оқу-тәрбие үрдісінде дамыту жолдарын теориялық негіздеу және оны іс жүзінде қарастыру
Адамдар арасындағы психологиялық қарым – қатынас
Дарынды балалармен тәрбие жұмысы
Дарынды балаларды анықтау
Бастауыш мектептегі дарынды балаларды оқыту барысында жүргізілетін жұмыстардың теориялық негіздері
Пәндер