Зерттеудің теориялық маңыздылығы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жұмыстың жалпы сипаттамасы
Диссертацияда шетел, кеңес және Қазақстан психология ғылымындағы зерттеулерге сүйене отырып, дарынды балалармен педагогикалық-психологиялық жұмыстарды ұйымдастыруда педагог-психологтың қызметі анықталды. Сонымен қатар, дарынды балалардың қабілеті талданып, олардың танымдық процесстерінің ерекшеліктері талданды. Дарынды балалармен педагогикалық-психологиялық жұмыстарды ұйымдастыруда қабілет ерекшеліктерінің категориялары мен критерийлерін ескеру қажеттігі дәлелденді.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі таңда болып жатқан қоғамдық-тарихи бетбұрыстар жеке тұлға туралы көзқарасты қайта қарауды талап етіп отыр. Бүгінде Қазақстан Республикасы 2005-2010 жылға арналған білімді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында, ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдаған ҚР 2010 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарына сәйкес жарлығымен бекітілген Бәсекеге қабілетті Қазақстанға, бәсекеге қабілетті экономикаға, бәсекеге қабілетті ұлтқа байланысты білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың басым бағыттары мен тетіктерін қамтиды. Бұл бағдарлама ҚР Білім мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың нәтижелерін талдау негізінде әзірленеді. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңына мемлекеттік саясат негізінде тұңғыш рет әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллекттік дамуы, тұлғаның ерекше қабілеті, яғни, дарындылығын дамыту сияқты өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі. Себебі, ғылым мен техниканы және өндірісті бүгінгі әлемдік стандарттағы деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді, жоғары дайындығы бар, білікті мамандар қажет. Міне мұндай мамандар дарынды балалардың ішінен шығатыны сөзсіз.
Тұлға дарындылының ерте көрінуі қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі. Осы орайда, психологиялы ғылымындағы дарындылық туралы жеткілікті пайымдаулар болса да әлі жүйелі ғылыми зерттеулерді талап етіп отыр. Себебі, "дарынды балалар" ұғымының астарында жатқан психологиялық мәселелерге терең үңілу қажет. Бүгінгі күні дарынды және талантты балалармен оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру Қазақстандық білім беру жүйесінің жетілуіне жаңа міндеттерді қояды. Дарынды балаларды тұлғалық дамыту мен тәрбиелеу мемлекеттің шығармашылық әлеуеті қалыптасуының мүмкіндігін шешеді. Сонымен қатар, қарқынды ғылыми- техникалық және әлеуметтік прогресс, өндіріс пен әлеуметтік өмірдің барлық салаларының, білім мен мәдениеттің әрі қарай даму мүмкіншіліктерін қамтамасыз етеді. Психология ғылымында дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеу адамның шығармашылық дамуының тамаша үлгілерін құрайды. Көптеген зерттеулер мен тәжірибелер көрсеткендей дарындылықтың дамуы қандай да болмасын дамудың бір кезеңінде тоқталып қалуы, ал кей жағдайда тереңдетілетінін көрсетеді. Осы орайда, дарынды тұлғаны дамытуда арнайы ұйымдастырылған психологиялық көмек және қолдау қажет. Бүгінгі күні дарындылық мәселесінің феноменін зерттеуде төңкеріс немесе жарылыс кезеңі байқалуда. Психология ғылымында бұл мәселені зерттеуге көптеген шетел ғалымдары Г. Мелхорн, Х.Мелхорн, Дж. Гилфорд, Т.Мейснер және Ресей психологтары А.М.Матюшкин, В.С. Юркевич, Б.М.Теплов, В.Э.Чудновский, Ю.Д.Бабаева, сонымен қатар, Қазақстандық зерттеушілер У.Б.Жексенбаева, Л.М.Нарықбаева елеулі еңбек сіңірді.
Зерттеушілердің анықтауынша үстіміздегі ғасыр шығармашылық дамуының өзектілігінің себебі: қазіргі кездегі қоғамның әлеуметтік экономикалық жағдайларымен шешіледі. Дарынды да талапты жас ұрпақ-бүгінгі мемлекеттің келешегі. Осы адам ресурстары мен капиталын тиімді пайдалану үшін дарынды балаларды өз мүмкіндігін толығымен пайдалана алатын тұлға ретінде қалыптастыру үшін қажетті жұмыстарды жүргізіп, оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыру қажет. Жоғарыдағы айтылған мәселелерге қойылған міндеттерге орай мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетін ғылыми тұрғыда негіздеп, оны дұрыс ұйымдастырғанда ғана қол жеткізіледі.
Қоғамдағы тарихта халыққа басшылық етіп, әр салада жаңалықтар ашып, таңдаулы шығармалар мен қызметтер ұсынған дарындылық аса жоғары бағаланатыны белгілі. Оларға дұрыс тәрбие берудің алғы шарты - дарындыларды жастайынан анықтай білу. Кез-келген мемлекеттің стратегиялық міндеттерінің бірі елімізде өзінің алдында түрған міндеттерді өзбетімен шешім қабылдауға қабілетті ұрпақ тәрбиелеу болып табылады.
Тұлғаның білімге құмарлығы немесе ми қызметінің белсенділігі, жалпы түрде ми қабілеттілігінің мотивациялық факторлар ретінде ұсынылады. Білімге құмарлықтың тұруы тағы да бір маңызды ерекшелікке байланысты, зерттеулер қатарында белгіленген.
Қазіргі өскелең ұрпақ еліміздің болашақ зиялы қауымы мен өкілдері болып табылады. Сондықтан, дарынды балалардың бойындағы ерекше қасиеттері мен әлеуетін бағалап, психологиялық ерекшеліктерін тиісті деңгейде зерттеп, білу, өмірде өз орындарын табуға педагогикалық және психологиялық жағдай жасау - ең басты мәселелердің бірі болып табылады. Бұл мәселе жалпы білім беретін орта мектептерде әлі де болса зерттеулер жүргізуді талап етіп отыр. Осы орайда, дарынды балалардың қабілетін анықтауда мақсатқа бағытталған жүйелі жұмыстар бағдарламасын жасау қажеттігі туындайды. Аталмыш мәселелер бойынша қазіргі қоғамның қажет етіп отырған бәсекелестікке қабілетті тұлға қалыптастыру мен мұның негізінде теориялық және әдістемелік бағдарламалардың арасындағы қарама-қайшылық тақырыпты Дарынды балалармен жұмыстарды ұйымдастыруда педагог-психолог қызметі деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеу мақсаты: Мектептегі дарынды балалармен жұмыстарды ұйымдастыруда педагог-психолог қызметін ғылыми-әдістемелік негіздеу.
Зерттеу мақсатына сәйкес, келесі міндеттер қойылады:
психология ғылымындағы дарындылық мәселелерінің зерттелуін ғылыми теориялық талдау;
дарынды балалардың қабілет ерекшеліктері мен танымдық процестерін теориялық жүйелеу;
дарынды балалармен жұмыстарды ұйымдастыруда педагог-психолог қызметін анықтау;
дарынды балалармен жүргізілген жұмыстарды қорытындылау, педагогикалық-психологиялық ұсыныстар жасау.
Зерттеудің жетекші идеясы: дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктері бойынша зерттеулер мазмұны байытылып, олармен жүргізілетін жұмыс түрлері жүйеленіп, сол арқылы педагог-психолог қызметі ғылыми-әдістемелік тұрғыда негізделеді.
Зерттеу пәні: дарынды балалармен жұмыстарды ұйымдастыруда педагог-психолог қызметі.
Зерттеу нысаны: дарынды балалармен ұйымдастырылатын жұмыстар.
Зерттеудің болжамы: егер, дарынды балалар психологиясы ғылыми-теориялық тұрғыда негізделіп, олармен жұмыстарды ұйымдастыруда педагог-психолог қызметі жүйеленсе, онда қабілет құрылымындағы дарындылықты дамыту әлеуеті жоғарылайды.
Зерттеудің жаңалығы:
дарынды балалардың қабілет ерекшеліктері теориялық талдау негізінде зерттелінді;
дарынды балалармен жұмыстарды ұйымдастыруда педагог-психолог қызметі жүйеленді:
Дарындылықты психодиагностикалау деңгейін анықтау бағдаламасы ұсынылды;
Дарынды балалармен жұмыстарда кездесетін келеңсіз жағдайлар анықталды.
Қорғауға ұсынылатын жағдайлар:
дарынды балалардың танымдық процесстері мен тұлғалық ерекшеліктеріне тұпнұсқалық тән;
дарындылықты дамытуда педагог-психологтың рөлі ерекше;
психология ғылымында педагог-психологтың дарынды балалармен психодиагностикалық жұмыстары жүйеленген;
дарынды балаларға тұлғалық жағымсыз қасиеттер де тән.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері. Бiздiң зерттеуiмiзге дарындылықты зерттеудің теориясы мен тұжырымдамасының негізі (Ю.З.Гильбух, К.А.Хеллер, К.Юнг, Н.С. Лейтес), жеке тұлғаны қалыптастырудағы шығармашылық іс- әрекеттің рөлі (Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, А. М. Матюшкин) мен ерекшеліктері туралы (И.П. Волков, А.И. Савенков, В.В. Давыдов), Қазақстандық ғалымдар У.Б. Жексенбаеваның, Қ. Әбдібекқызының, Л.М. Нарықбаеваның ғылыми зерттеулері құрайды.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан-2030 бағдарламасы, Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдаулары, Қазақстан Республикасы 2005-2010 жылға арналған білімді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы, оқу-әдістемелік құралдар, зерттеу проблемасы бойынша психологтарының, педагогтарының, философтардың ғылыми еңбектерi.
Зерттеуде қолданылған әдістер.
Алдымызға қойылған міндеттерді шешу мен болжамдарды тексеру үшін зерттеу әдістерінің тобын анықтадық:
теориялық (құжаттар мен іс -әрекеттер түрлеріне, ғылыми әдебиеттерге, терминдік түсініктерге психологиялық - педагогикалық талдау);
эмпирикалық (эксперименттік жұмыстар).
Эксперименттік зерттеу жүргізу үшін төмендегі әдістер таңдалып алынды:
П.Торренстің шығармашылық дарындылықты анықтау тестісі;
Дарындылардың когнитивті әрекетін дамыту жаттығулары.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы.
Зерттеуде мектептегі дарынды балалардың әлеуетін анықтау мақсатындағы педагог-психолог қызметі жүйеленді. Алынған мәліметтер мен қорытындылар: дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктері, оны оқу-тәрбие процесінде ескеру мәселелері анықталған.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы.
Зерттеу нәтижелері мектеп психологының дарынды балаларды анықтаудағы тәжірибелік жұмысына ғана емес, пән мұғалімдерінің жұмысында да қолдануға болады.
Ғылыми нәтижелердің дәйектілігі мен негізділігі. Дарынды балалармен жұмыстарды ұйымдастыруда педагог-психолог қызметі жөніндегі тұжырымдар теориялық - эксперименттік тұрғыдан негізделуімен және қабілет құрылымындағы дарындылықты зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес зерттеу әдістерін қолданумен, эксперименттік жұмыстың тұтастылығымен қамтамасыз етіледі.
Зерттеу жұмысының мақұлдануы мен жариялануы.
Зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда, сонымен қатар, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің хабаршысы баспа беттерінде жарияланды.
Зерттеу жұмысының кезеңдері.
Бірінші кезеңде (2011 жылдың қыркүйек-желтоқсан айларында) дарындылыққа байланысты әдебиеттерге теориялық талдау жасалынды, зерттеу жұмысының обьектісі, пәні, жалпы және жеке болжамдары, мақсаты мен міндеттері, зерттеудің әдіснамалық негіздері мен әдістері анықталды.
Екінші кезеңде (2012 жылдың қаңтар -мамыр айларында) дарынды балалармен жұмыстарды ұйымдастыруда педагог-психологтың қызметі эксперименттік тұрғыда жүйеленіп, нәтижелері талданды.
Зерттеу базасы. Қызылорда қаласындағы № 264 мектеп-лицейі. Зерттеуге 2-4 сынып оқушыларынан 80 оқушы қатысты.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі:
Магистрлік диссертациялық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиет тізімінен және қосымша тіркелген материалдардан тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі - 81 бет, қолданылған деректер тізімі- 90 әдебиеттерден тұрады.

Негізгі бөлім

Диссертациялық жұмыстың кіріспе бөлімінде тақырыптың өзектілігі және зерттелу деңгейі, зерттеудің нысаны, жұмыстың мақсаты мен міндеттері, деректі көздері, әдістері мен тәсілдері, теориялық-әдістемелік негізі, ғылыми жаңалығы айқындалады. Зерттеу жұмысының теориялық практикалық маңыздылығы көрсетіліп, қорғауға ұсынылатын тұжырымдар, зерттеу жұмысының талқылануы мен жариялануының барысы баяндалады.
Зерттеу жұмысының Дарынды балалар психологиясының ғылыми-теориялық негіздері деп аталатын бірінші бөлімі үш тараушаға бөлінген. Дарынды балаларды зерттеудің педагогикалық-психологиялық сипаттамасы деп аталатын бірінші тараушада дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктерін, олармен ұйымдастырылатын бірлескен танымдық әрекетті ғылыми -әдіснамалық тұрғыда негіздеу қажеттігі туындайды десек қателеспеген болармыз.
Психологиялық зерттеулерде дарынды баланың бірден көзге түсетін ерекшеліктеріне төмендегілерді жатқызады:
оның шектен тыс жоғары белсенділігі;
физиологиялық қажеттілігінде аз ұйықтауы;
танып- білуге деген құштарлығы;
қолына түскен заттарды реттеп, жүйелеуі;
қайта құрастыру арқылы жаңа нәрсені ойлап табу әрекеттерін ұнатуы;
ерте сөйлеуі;
естігенін сөзбе-сөз қайталауы және тағы сол сияқты қасиеттер жатады.
Сонымен, дарынды баланы тәрбиелегенде қызыққұмарлықтан білім құмарлығына өсуі өте қажет. Осы орайда, білім құмарлығы тұрақты психикалық білім, яғни білу қажеттілігіне ауысады. Біз зерттеумізде бұл мәселеге тоқталмаймыз. Бұған кеңес педагогтары А.К. Дусовицкийдің, Н.Б. Шумакова, Г.И. Щукинаның көптеген қызықты арнайы зерттеулері берілген. Дегенмен, айта кететін мәселе балалардың жартысының көбінің қызыққұмарлығы, қоршаған әлемді зерттеуге ұмтылысы білімге деген құмарлыққа ауыса бермейді. Керісінше, көбінесе дарынды балалар білімге, қоршаған ортаны зерттеуге ұмтылады. Дарынды балалар өзінің зерттеулеріне шектеу қоюды ұнатпайды және бұл оның қасиеті болып табылады. Атақты психолог Н.С. Лейтес зерттеулерінде дарындылық- бұл мидың ізденуінде ерекше қажеттілік. Көп жағдайда, ең жоғарғы деңгейде қабілеттіліктердің дамуын қамтамасыз етеді. Аталмыш ғалым баланың білімге құмарлығын сақтап қалса, онда қабілеттіліктерге тұрақты дамуға стимул береді деп есептеген.
- оқыту барысында өзіндік жауапкершілікті, яғни бала өзін-өзі басқара отырып өз бетімен оқуын қамтамасыз ету;
- зерттеу жумыстарын жургізу тәсілдерін дамыту;
- абстрактілі-логикалық, шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыру;
- жаңа ой таба білуге ынталандыру;
- алуан түрлі әдіс-тәсілдер, мәліметтер қолдану арқылы жаңа жұмыстар табуға ынталандыру;
- өзін-өзі танып білу, өз мумкіндіктерін сезіну, өзге адамдардың жеке ерекшеліктерін түсіну қабілеттерінің дамуына әсер ету;
- әр түрлі критерийлер көмегімен жұмыс нәтижелерін, өз жұмысын бағалай білуге ынталандыру.
Дарынды балаларды оқытудың мақсатты бағдарламасы барлық талаптарға жауап беруі тиіс. Алайда, тәжірибе барысында бағдарламалардың кейбір түрлері бір талапқа сәйкес келсе, екіншісіне сәйкес болмай жатады. Бүл жай бағдарламаның кемеліне жетпегендіктен ғана емес, олардың шешілу жолдарына да байланысты. Сондықтан бар бағдарламаларды шешілу жолдарына қарай топтастыруды қолданған дұрыс. Топтастыру кезінде барлығы талапқа сай болуы керек екендігіне назар аударуымыз қажет. Жіктеудің "таза" және "аралас" (әр түрлі топтардың бірігуінен жасалған) түрлері бар.
Ортақ бағыт ретінде білім, білік, дағдыларының мазмұнының ерекшелігіне, оқыту әдістеріне, сонымен қатар олардың нәтижелеріне қарап анықтаймыз. Бұл екі бағыттың өзара байланысын Д.Дьюи жақсы аңғарған: "...мәлімет алу барысында ойды жанама жағдай етіп қарастыруға да болады, керісінше, ойды дамыту үрдісінде мәліметтер алуды негізгі жағдай етіп қарастыруға да болады".
Зерттеулер көрсеткеніндей, дарынды балаларға арналған білім беру бағдарламаларын құрудың екі тәсілі бар. Біріншісі, оқу үрдісін жеделдетумен байланысты. Жоғарғы деңгейдегі балаларға қарапайым мектеп бағдарламасы бойынша білім берілгенімен, жекелеген ерекшеліктеріне байланысты даму деңгейінің мүмкіндіктері ескерілмейді. Жеделдетіп оқыту сыныпаралық оқу арқылы, әр түрлі пәндер бойынша кейбір оқушылар үшін жекелеген бағдарламалар құру арқылы жүзеге асады. Жеделдетіп оқыту дарынды баланың жеке даму ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік береді. Мұндай оқыту түрі баланы жалығудан сақтайды. Дарынды балаларды оқыту ісінің көрнекті маманы Г.Пас-сов "Дарынды балаларды жеделдетіп оқыту кезінде "нақты ойланып мәселені шешіп, оның шешімін тауып алуға" уақыт жетпейді" деп жазады. Осы кезде мектепті ерте аяқтап, "үлкен өмір жолына" ерте араласу мәселелері талас туғызады. [17;7]
Екінші тәсіл, оқыту мазмұнын өзгерту немесе байыту, яғни тереңдету-оқыту бағдарламалары балаға бір немесе бірнеше білім саласында жоғары құзыреттілік деңгейіне жетуге көмектеседі. Жеделдете оқытуды ескере отырып баланың кейбір ерекшеліктерін арттыруға болады: баланың таңдауға қызығуы артады, ақыл-ой қажеттілігі дамиды.
Өз ерекшеліктерімен қатар бұл тәсілдің кемшіліктері де бар: біріншіден, бұл бастапқы оқыту сатыларында толық жүзеге аспайды; екіншіден, математиканы оқуды жеңіл меңгеретін кіші жастағы балаларды сол пән бойынша тереңдетіліп оқытылатын мектептерге жиі әкеліп жатады, ал кей жағдайда пәнді тез меңгеру баланың бейімділігімен сәйкес келмеуі мүмкін; үшіншіден, бастауыш сынып оқушыларына "өзін-езі танып білуіне" мүмкіндік берілмейді. Сондықтан да тереңдете және жеделдете оқыту кезінде баланың шығармашылық қабілеттерінің дамуына арнайы көңіл бөлінуі қажет.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, баланың шығармашылық ойлау қабілеттерінің дамуы дарынды балаларды оқыту бағдарламасының ең басты мәселесі. Сол себепті баланың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту мәселесін барлық бағдарламалар өз алдына негіз етіп қоюы керек деп есептейміз.
Оқыту мақсатына сәйкес бағдарламаларды екі түрге белуге болады: бірінші тобына, жоғарғы ойлау үрдісін, яғни шығармашылық, қисынды ойлау, мәселені шеше білу қабілетін дамытуға бағытталған барлық бағдарламалар жатады. Мүндай бағдарламалар баланың шығармашылық, интеллектуалдық мүмкіндіктерін одан әрі дамытуға әсерін тигізеді. Оларды кез келген мәселелерді шеше білу қабілеттілігімен "қаруландырады"; екінші тобына, өз мәселелері ретінде жеке-эмоционалды даму саласын қарастыратын бағдарламаларды жатқызуға болады.
Жеке-эмоционалды даму жоспарының қиындықтары: өзін-өзі төмен бағалау, сескену, өз-өзіне сенімсіздік білдіру. Осы қасиеттер баланың шығармашылық қабілеттерінің дамуына кері әсер етеді. Сол себепті де өзін-өзі тану
қабілетінің дамуына ерекше назар аударылуы қажет. Мұндай бағдарламалардың тиімділігі көп жылдық шетел тәжірибелерінде дәлелденген. Соңғы онжылдықта осындай бағдарламалар біздің елімізге де келіп жетті.
Демек, жеделдете дамыту да, мектеп курсын тереңдету де, тренингтік бағдарламалар да барлық, оқыту мәселелерін және дарынды балалар дамуын толық қамтамасыз ете алмайды. Бұл мәселелер тек қана оқыту мен дамыту бағдарламасында ғана шешіледі. Өйткені, бұл бағдарламалар балалардың дамуына ықпалын тигізіп, оқытудың барлық тәсілдерін жүзеге асыру мүмкіндіктерін ашады.
Оқыту мен дамыту бағдарламалары баланың шығармашылық қабілеттерінің дамуы мен білімді меңгеру бағыттарын бірдей дамытатын бағдарламалар болуы қажет. Бұл тәсілдердің оқыту үрдісіне еңгізілуін Д.Эльконин-В.Давыдовтың дамыта оқыту теориялары негізінде жасалған бағдарламалардан көруге болады.
Мектеп дарынды балаларды оқыту, дамыту ортасы болу үшін оқыту үрдісі осындай бағдарламалар талаптары негізінде құрылуы тиіс.
Оқу пәндерінің көбеюі, қазіргі кездегі ақпараттық-технологиялық өзгерістердің пайда болуы бізге оқыту мазмұын кіріктіру керек деген ой салады. Біз жоғарыда көп пәнділіктен және пәнаралық мазмұнның тұтастығы болмауынан қандай қосымша мәселелер пайда болатындығын айтып кеттік. Сондықтан соңғы 7-8 жыл ішінде елімізде кіріктірілген бағдарламалардың саны күрт өсті десек, таңқаларлық жай емес.
Кіріктірілген бағдарламалар - тақырыптарды, бөлімдерді кіріктіру ұстанымымен құрылған оқыту мен дамыту бағдарламалары. Осы анықтама негізінде кіріктірудің екі түрін атап айтуға болады: 1) пәнішілік, белгілі бір пән ішіндегі тақырыптарды кіріктіру; 2) пәнаралық, әр түрлі пәндер арасындағы тақырыптарды кіріктіру.
Аталған мазмұндық ортаның ерекшелігіне және тақырыптар арасындағы байланысқа қарай жай және жанама кіріктірулер деп бөліп айтуға да болады.
Дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеуді өз деңгейінде жүзеге асыруды мақсат етсек, олардың білімге деген құштарлығын, мүмкіндіктері мен абстрактілі теориялар мен ойларға қызығуын дарынды балалардың ерекшеліктері тізіміне еңген барлық жайларды ерекше назарға алуымыз қажет.
Пәнаралық кіріктіре оқыту моделі білім беру, дамыту, оқыта отырып дамыту бағдарламаларының пайда болуына әсер ететіндігі белгілі. Тереңдету және оқу мазмұнын кеңейту, жай және жанама кіріктіру, пәнішілік және пәнаралық кіріктіру, барлығы тақырыптық пәнаралық оқыту моделі негізінде өңделген оқыта отырып дамыту бағдарламасының ішіне енеді. Бұл мүмкіндіктердің толық таралуы оқыта отырып дамыту жүйесінің тұтастай пайда болуымен қатар жүзеге асады. Шетелдік тәжірибелерде пәнаралық оқыту бағдарламалары кең таралған. Олар дарынды балалардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін бейімдеу мақсатында оқу бағдарламаларының мазмұнын жіктеу үшін қолданылады.
Мазмұнды біріктіру міндетті бағдарламаларда қарастырылған бөлімдерді тереңдете оқыту уақытының бір бөлігін босатуға мүмкіндік береді. Өткен тақырыпты қайталау бұл жағдайда өзінің репродуктивтілік белсенділігін жоғалтып, оқушылардың білімді меңгеру мен ойлау қабілеттерінің дамуына әсер ететін шығармашылық әрекетке айналады.
Пәнаралық тақырыптық шығармашылық оқыту технологиясы дарынды балалар үшін әр пән бойынша жіктелген бағдарламаның меңгерілуін қамтамасыз етеді.
Барлық балалар үшін шығармашылық оқытудың тиімділігін айтпай кетуге болмайды. Үйренудің алғашқы формасы - шығармашылық оқыту. Дәл осы жайды Фрэнсис Бэкон "Ғылым патшалығына ену үшін біз кішкене бала кейпіне енуіміз керек" дейді. Әрбір дені сау бала үшін зерттеу мен білімге ұмтылу, жаңалыққа құштарлық туа біткен қасиет екендігі таңқаларлық жайт. Мектеп жасында осы қасиеттердің тез жеңілдікпен жойылатындығы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері
Ғылыми зерттеу жұмыстарының тақырыбын таңдап алу өзектілігін анықтау мен негіздемесін жазу
Педагогикалық зерттеулердің логикалық құрылымы, зерттеу тұжырымдамасы (проблемалық дәріс)
Педагогика ғылымының ерекшелігі
Педагогикалық зерттеулердің эмпирикалық әдістері
Болашақ мамандарды дайындаудың әдістемесі
Шешендік сөз өнерінің тәрбиелік маңыздылығы
Жоғары оқу орындарында болашақ маманды дайындаудың педагогикалық-психологиялық негіздері
Кибернетикалық және математикалық әдістерді педагогикалық әдістерге енгізу
Студенттердің түлғалық жэне кәсіби даярлығына психологиялық кеңес беру тәсілдерінің тиімді эсерін зерттеу
Пәндер