Мемлекет түсінігі


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
І. Мемлекет түсінігі . . . 4
ІІ. Мемлекеттің түрлері . . . 8
ІІІ. Мемлекеттің функциялары . . . 12
Қорытынды . . . 18
Пайдаланған әдебиеттер . . . 21
Тақырыптың өзектілігі: Мемлекет туралы әңгімені бастардың алдында біз ең алдымен оның қоғамда әрекет ететіндігін, онымен қандай да бір өзара қарым - қатынаста болатындығын, оның яғни қоғамның тарапынан
белгілі бір ықпалдың болатындығын және өз кезегіндет қоғамға өзі де ықпал ете алатындығын ескереміз. Сондықтан да қоғам мен мемлекеттің осы жанама түрде көрсететін аса маңызды институттарының көмегімен
болатын өзара қарым - қатынасының принциптері мен негіздерін теориялық жағынан айқындау қажеттігі туып отыр. Қоғам адамдарының ұйымдасуымен
өмір сүруінің нысаны, соның шеңберінде материалдық және рухани игіліктер өндіріліп, тұтынылып және айыр басталып жатады. Осының өзі белгілі бір тәртіпті адамдар арасындағы қарым-қатынастың орнықтылығы
мен тұрақтылығын нығайтуға бағыттал-ған, өз мүшелерінің мінез-құлқын басқарудың, реттеудің және ықпал етуінің құралдарының болуы мен сипатталады. Мемлекет қоғамның негі-зінде пайда болады және сол
мемлекет құрған ұйымдастырудың бірі болып табылады. қоғам дамуының белгілі бір кезеңіндегі нәтижесі. Қоғамның анатомиясы, бейнесі, сипаты және табиғаты қандай болса да, мемлекетте сондай болады. Жартылай жабайы қоғамның өзіне ылайықты мемлекеті болса, өркениетті қоғам мүлде басқа мемлекет. Өркениеттің әр басқышы әр
алуан мемлекеттер мен сипатталып келді.
Енді мемлекеттің динамикалық процесінің дамуына, жақсаруына, нығаюына, оның өзінің саяси, экономикалық, әлеуметтік міндеттер атқаруға назар аударайық. Мемлекет жалпы дамуға талпынған болса, өз мемлекеттің ішіндегі
көптеген қоғам саласындағы проблемаларды, сыртқы мемлекеттермен саяси, экономикалық т. б. байланыстарды өз мүдделері үшін жүзеге асыруы қажет. Өйткені мемлекеттің өзі жанұя деген негізден шыққан. Жанұяны асырау үшін қызмет істеп, үйге тамақ әкелумен, үйдегі тәртіпке көңіл бөліп, үй ішіндегі проблемаларды шешумен, үйді сырттан торалаған дұшпандардан сақтаумен түсіндіріледі. Әлемдегі дамыған мемлекеттердің өзі сыртқы саяси байланыстар арқылы қазіргі қалпына келіп отыр. Капиталистік заман келгеннен бері бұрынғы СССР
территориясындағы елдердің көбі өз экономикасын нарық талабына сай бұрып бүгінгі шақта дамыған елдердің қатарына қосылды. Мәселен, Жапония,
Қытай, Германия, т. б. көптеген Еуропа елдері АҚШ-тың тікелей капитал енгізу, инвестицияларымен қандай әлеуметтік-экономикалық дәрежеге жетіп, еңсесі биік елге айналып отыр. Бұл даму мемлекеттің саяси, экономикалық, әлеуметтік механизмдердің потенциалына байланысты. Өзіміздің мемлекетіміздің де шаңырағын көтеріп, ел болғалы 10- жылдық уақыт өтсе де үлкен жетістіктерге жеттік. Ол еліміздің демократиялық принциптегі қоғамға айналуы, сол принциптерге негізделген конституциямыздың референдум арқылы қабылдануы, Азия құрлығындағы дамыған елдермен саяси-экономикалық қатынастарда терезесі тең мүше болуымен
көрінеді. Осыларға толығырақ тоқтап түсінуіміз керек. Міне осымәселелердің бәрі бірігіп мемлекеттің функциясын құрайды. Курстық жұмыстың мақсаты: мемлекет функциясының теориялық және әдістемелік ережесін анықтап, оның түрлері мен белгілерін ашу үшін әдебиет
көздерін, мәліметтер мен деректерді, заңнамаларды зерттеу және елеу негізінде курстық жұмыстың міндетін анықтау.
Мемлекет - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың ерекше түрі, саяси жүйенің орталық институты.
Мемлекеттің белгілері
- мемлекеттің орталық және жергілікті билік органдары жүйесі болады, оған заңды, атқарушы және сот органдары, әскер, полиция жатады;
- мемлекеттің тұрғындары әкімшілік-аумақтық бірлестіктерге (облыс, аудан, ауыл, т. с. с. ) бөлінеді (ол бірліктер әр елде түрліше аталады) ;
- мемлекеттің шекарасы анық белгіленген аумағы болады;
- мемлекеттің әскерді, полицияны, сотты, басқа мемлекеттік мекемелерде қызмет істейтін шенеуніктерді ұстау үшін салық жинайды;
- мемлекет заңдар және басқа нормативтік-құқықтық актілер шығарады, солардың көмегімен қоғамда тәртіп орнатады.
Мемлекеттің түрлері
Мемлекет құрылымы бойынша келесі түрлерге бөлінеді:
- Унитарлық(лат. unitas- біртұтас, біріккен) құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекет ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейді. Оның территориясы, конституциясы бір болады. Мемлекеттік биліктің жоғары органдар жүйесі, азаматтығы ортақ. Мысалы, Италия, Франция, Қазақстан т. б. осы түрге жатады.
Унитарлы мемлекет - әкімшілік-территориялық бірлестіктердің саяси дербестігі болмайтын мемлекеттік құрылыс түрі. Мемлекеттік құрылысқа келесі сипаттамалар тән: елдің бүкіл территориясында тең жүретін біртұтас конституция; заңды күші бүкіл территорияға таралатын жоғарғы мемлекеттік билік органдарының біртұтас жүйесі; біртұтас құқық жүйесі; биліктің муниципалды органдарының жалпы мемлекеттік органдарға бағынуы. [1]
- Федерация(лат. foederatio- одақ, бірлестік) - белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар, бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекетті құруы. Федерация мен оған кіретін субъектілердің міндеттері арасындағы айырмашылықтар жалпымемлекеттік конституциямен реттеледі. Әр субъектінің өзінің жоғарғы билеу (заң шығарушы, атқарушы, сот органдары болады) . Мұндай мемлекеттерге АҚШ, Германия, Малайзия, т. б. жатады.
Мемлекет басқаруы бойынша
- Монархия(гр. μοναρχία- біртұтас билік) - абсолюттік және конституциялық болып екіге бөлінеді. Абсолюттік монархия
- мұраланған тақ иесінің (монархтың) ешқандай заңдармен шектелусіз, өз қалауынша дара билік жүргізуі. Шыңғыс хан және оның ұрпақтары билеген Қыпшақ мемлекеттері, XVIII ғасырдың соңындағы буржуазиялық революцияға дейінгі Людовиктер басқарып келген Франция осы абсолюттік монархияға мысал. Атадан балаға мұра боп қалған билік иесінің мемлекеттің сайланып қойылатын басқару органдарымен біте қайнасып, демократиялық ұстанымдармен үйлесім тауып басқаруын конституциялық монархия дейді. Мысал ретінде қазіргі Англия, Жапония мемлекеттерін айтуға болады.
- Республикалық басқару- екіге бөлінеді. Парламенттік жүйесі бар елдерде парламенттегі орындардың көпшілігін сайлауда жеңіп алған партия немесе партиялар коалициясы - премьер-министр басқарады. Үкімет өзі жасап парламент бекіткен бағдарлама бойынша жұмыс істейді, парламентке есеп береді. Парламент жетекші рөл атқарады, қажет десе, басқарушы үкіметті қызметтен кетіре алады. Парламент заңдарды ұсынады және оларды қабылдайды. Премьер-министр де парламенттің қарауына заңдар ұсынады. Сот билігі тек заңдарға сүйеніп жүзеге асырылады. Парламенттік республикалық басқаруға Италия, Германияны жатқызуға болады. Президенттік жүйеде президентті және парламентті халық сайлайды, заңды билік пен атқарушы билік арақатынасы өзгереді, ел президенті мемлекеттің де, үкіметтің де басшылығын өз қолына алады. Президенттік басқару үлгісі ретінде АҚШ-ты келтіруге болады.
- Диктатура(лат. dictare- нұсқау беру) - бір қолға шексіз биліктің жинақталуы, заңды аяққа баса отырып, күш көрсету арқылы мемлекет басқаруды жүзеге асыру. Диктатура мемлекеттік билік формасының ерекше көрінісі ретінде монархиялық және республикалық режімдер жағдайында ұшыраса береді.
Қызметтері
Мемлекет мынадай қызметтерді атқарады: шаруашылық жүргізу (меншік) мәселелерін реттеу (бөлу), жер бөлу, алым-салық жүйесін белгілеу, адамдардың құқықтық жағдайын белгілеу, қорғанысты қамтамасыз ету, тағы басқа мемлекет саяси ұйымдардың ішіндегі ерекше күрделісі және қуаттысы бола отырып, бүкіл қоғамды қамтып, сол қоғам атынан оның ішінде де, сыртында да өкілдік етіп, сол қоғам үшін қызмет ететін саяси ұйым. Осыған орай мемлекеттің қоғам өміріне тікелей және жанама әсер ететін ерекше органдары және оны басқа саяси ұйымдардан ажырататын белгілері бар:
- 1) өз аумағында бүкіл қоғамның жалғыз ресми өкілі ретінде халықты азаматтық тұрғыда біріктіреді;
- 2) жоғарғы билік, тәуелсіздік мемлекетте ғана болады. Ол басқа мемлекеттерден тәуелсіз, яғни сол қоғамның ең жоғарғы билігін өз қолында ұстап, ішкі және сыртқы саясатын өз қалауымен жүзеге асырады;
- 3) заң күші мен құқық нормаларын шығару, құқық шығарма мемлекетке ғана тән;
- 4) билеуші органдарының болуы. Оның органдарында тек қана басқару ісімен шұғылданатын арнайы қызметкерлері болады. Қоғам тәртібін сақтау үшін мемлекет әскері мен жасағы құрылады. Сыртқы күштердің ықпалынан қорғану үшін оларға қарсы барлау ұйымдастырылады;
- 5) мемлекет органдары мен онда қызмет ететін адамдарды қаржыландыратын арнаулы материалдық қор болады, ондай қор жасау үшін алым-салық белгілейді және жинайды;
- 6) өз тұрағы, аумағы бар. Сол аумақта билігі жүреді, өмір сүреді және оны қорғау мақсатында тынымсыз әрекет жасайды. Басқаруды тиімді жүзеге асыру үшін аумақты әкімшіліктерге бөледі.
- 7) құқықтық жүйенің қалыптасуы. Басқарылатын қоғамдық қатынастарды реттеп, оларды қажетті қалыпқа салып, тәртіп орнату үшін құқықтық нормалар жасалынады.
Оларды жасап, қабылдайтын мемлекеттің тиісті өкілетті органы болады. Мемлекетті шаруашылық жүргізу тәсіліне қарай құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық, социалдық деп бөлу олқылықтарына қарамастан бүгінгі күнге дейін сақталып отыр. Сонымен бірге батыс зерттеушілері мемлекетті мәдени белгілеріне қарай ислам, қытай, батыс, православтық деп өркениеттік жіктеу негізінде де бөледі. Осы пайымдауларға қоса мемлекеттерді пайда болған табиғи ортасына қарай ірі өзендер аймағында, теңіз жағалауларында, далалы-орманды жерлерде пайда болған мемлекеттер деп бөлуге болады. Мемлекеттің пайда болуына әр түрлі табиғи орта мен әлеуметтік жағдай әсер етеді, сондықтан да белгілі бір аумақтағы мемлекеттің қалыптасу барысы әр түрлі болады. Ол мемлекет туралы әр түрлі ілімдердің пайда болуынан көрінеді.
Тарихта
Жалпы ежелгі дүниедегі мемлекеттердің қалыптасуы кезінде экономдау, басқару, қорғану мәселелерін шешу барысында адамдар бірлестігі жаңа сапалық қасиеттерді бойына сіңіріп, реттеу мен мәжбүрлеуді күшейтіп отырғаны байқалады. Ал адамдар қауымдастығының не үшін реттеу мен мәжбүрлеуді күшейтіп отырғанының себебі әр түрлі елдердегі мемлекет туралы ұғымның сол кезеңдегі түсініктерінде жатыр. Ежелгі грек ойшылы Платон “ Мемлекет дегеніміз адамдардың азаматтық борышын өтеу үшін бірігуі” деп анықтама беріп, оның пайда болуына еңбек бөлінісі әсер етті десе, ал оның шәкірті Аристотель “Мемлекет дегеніміз адамдардың пайдалы игілік үшін бірігуі” деп түсіндірді.
Көне Рим ойшылы Цицерон “Мемлекет дегеніміз ортақ іс, халық игілігі, ал халық дегеніміз адамдардың көрінген бір қосындысы емес, ол көптеген адамдардың құқық мәселесі бойынша келісімі мен мүдделер бірлігінің нәтижесінде байланысқан бірігуі” дейді. “Мемлекет” сөзінің араб тілінен аудармасы “иелік ету, иелену” деген ұғымды, яғни белгілі бір аумаққа, сол аумақтағы халыққа иелік етуді білдіреді. Ал түркі тілдес халықтардың кейбірі “мемлекет” сөзінің орнына “дәулет” сөзін пайдаланады. Енді дәулет дегеніміз байлық, яғни көшпелі тайпалардағы мемлекеттің қалыптасуына әсер еткен пайда табу идеясынан туындаған. Сонымен мемлекеттің әр түрлі себептердің нәтижесінде пайда болғанын оның атауы да аңғартады. Бірақ ондай себептер көп емес, шектеулі. мемлекеттің қалыптасуына географиялық орта немесе табиғи орта, адам саны, шаруашылық жүргізу тәсілі (экономика), өндіріс тәсілі мен еңбек бөлінісі, дін немесе дүниетаным іспеттес және басқа да сыртқы фактор әсер етеді.
Ең алғашқы мемлекеттер адам санының белгілі бір табиғи ортаға қарама-қайшы келе бастауынан ұйымдасуда, шаруашылық жүргізуде өзгерістер жасауға мәжбүр болғандықтан пайда болса, кейіннен осы мемлекеттердің өздері басы бірікпей жатқан көршілеріне қысым жасауынан көрші аумақтарда да қорғану мақсатында адамдар бірлестігі - мемлекет пайда болды. Кейіннен сыртқы күштерден сақтанып, қауіп нәтижесінде біріккен топтар қауіп нәтижесінде жойылған кезде қайта ыдырағысы келеді. Бірақ шаруашылықты бірлесіп жүргізудің аз уақыт болса да пайдалы екенін көрген сол аумақтағы мүдделі адамдар олардың қайта ыдырауына қарсы болады. Осы кезде жаңа ұйымдасқан топты басқару қиындай бастағандықтан діни көзқарастарды қалыптастыру арқылы басқаруды жеңілдетуге көп күш салынды. Сыртқы күштердің қысымы кей жағдайда басы бірікпей жатқан елдің бірігуіне әсер етсе, кей жағдайда ыдырап кетуіне әсер етеді.
Даму сатылары
Биліктің бір мазмұннан бір мазмұнға өтуі мен күрделіленуіне және өз аумағының кеңеюіне қарай мемлекет мынадай даму сатыларын бастан кешіреді:
- ном, полис - халқы да, аумағы да аз, басқару жүйесі қарапайым протомемлекет) ;
- бірнеше полис немесе тайпалық одақтардың бірігуінен пайда болған, басқару жүйесі әлсіз, ортақ заң жүйесі жоқ немесе нашар дамыған, ыдырап кету қаупі күшті, қазіргі кездегі конфедерацияға ұқсас құрылым) ;
- орталықтанған мемлекет - ішкі әкімшілік аймақтарда экономикалық қарым-қатынастар күшейіп, ортақ ақша, ортақ заң жүйесі енгізілген, ыдырап кету қаупі болмашы ғана. Мұндай елдердің халқы әдетте ұлт деп аталады) ;
- империя; Орталықтанған мемлекеттер күшейе келе көрші елдер аумақтарын басып алады, әр түрлі шаруашылық жүйелерін біріктіріп, әр түрлі қоғамдық құрылысы бар елдерді күшпен бір орталыққа бағындырады, нәтижесінде империя пайда болады.
Ассоциацияланған мемлекет
Ассоциацияланған мемлекет - мемлекет ішілік жиі мемлекет аралық қатынастардың ерекше түрін білдіруге қолданылатын ұғым. Негізінен ассоциацияланған мемлекет ретінде ерікті жолмен басқа мемлекетке өзінің егемендігінің бір бөлігін ( жиі қауіпсіздікті қамтамасыз ету және сыртқы саяси байланыстарды жүзеге асыру, ақша айналымын ұйымдастыру бойынша өкілеттіліктерді ) берген мемлекет түсініледі.
Буферлік мемлекет
Буферлік мемлекет - екі немесе бірнеше үлкен мемлекет территориясы арасында орналасқан мемлекет. Буферлік мемлекет әскери басып кіру шегінде орналасқан, оның территориясы арқылы маңызды транспорттық байланыс өтеді. Мұндай мемлекет геосаяси тұрғыда тиімді аймақты бақылауға мүмкіндік береді.
Көпұлттық мемлекет
Көпұлттық мемлекет - территориясында әртүрлі этностар - ұлттар, халықтар мен басқа этникалық топтар тұратын мемлекет.
Ұлттық мемлекет
Ұлттық мемлекет - белгілі бір ұлттың тарихи-этникалық территориясында пайда болған, оның егемендігін көрсететін мемлекет.
Құқықтық мемлекет
Құқықтық мемлекет - бұқаралық-саяси биліктің ұйымдастырылуы мен әрекет етуі және оның құқық субъектілері ретіндегі индивидтермен өзара қатынасының құқықтық формасы.
Әлеуметтік мемлекет
Әлеуметтік мемлекет - әлеуметтік қамтамасыз етудің дамыған жүйесімен сипатталатын, жалдамалы жұмысшыларға минималды өмір деңгейін және әлеуметтік тәуекелдің төмендеуін кепілдейтін мемлекеттің түрі.
Унитарлы мемлекет
Унитарлы мемлекет - әкімшілік-территориялық бірлестіктердің саяси дербестігі болмайтын мемлекеттік құрылыс түрі.
Мемлекеттік құрылысқа келесі сипаттамалар тән:
- елдің бүкіл территориясында тең жүретін біртұтас конституция;
- заңды күші бүкіл территорияға таралатын жоғарғы мемлекеттік билік органдарының біртұтас жүйесі; біртұтас құқық жүйесі;
- биліктің муниципалды органдарының жалпы мемлекеттік органдарға бағынуы.
Мемлекетаралық төлем келісімі
Мемлекеттер арасындағы сыртқы сауда алыс-берістері мен басқа да операцияларға байланысты төлем төлеу және есеп айырысу шарттары мен тәртібін белгілейді. 1929 - 33 жылдардағы дүниежүзілік экономикалық дағдарыстар кезеңінде батыс елдерінде кең етек алды. Бұл кезде көптеген мемлекеттер валюта шектеуін енгізіп, оның еркін алмасуын тоқтатқан болатын. Мемлекетаралық төлем келісімі көздеген мақсатына және кейбір елдердің ерекшеліктеріне қарай алуан түрлі болып келеді. Негізінен экспорттық және импорттық тауар айналысына байланысты сыртқы есеп айырысу және ол үшін төлем төлеу мақсатын көздейді. Көптеген дамыған және дамушы елдер арасындағы есеп айырысу екі жақты келісімдер негізінде клиринг түрінде жүргізіледі.
Мемлекет функциялары
Мемлекет функцияларын анықтауда, біз ең алдыменмемлекеттің қоғам өміріндегі жалпы рөлін басшылыққа алуымыз керек. Бұл жерде бірінші орынға мемлекеттің адамдарды қоғамға біріктіретін, олардың мүдделерін түйістіретін, жалпы нормаларды сақтауға мәжбүрлейтін және геосаяси тұтастықты қалыптастыратын біріктіруші рөлі қойылады. Бұдан мемлекеттің ең бірінші функциясы мәжбүрлеу функциясы екендігін көруге болады.
Мәжбүрлеу функциясы әр түрлі әдістер мен құралдар арқылы іске асуы мүмкін. Бұл не тікелей күш көрсету болуы мүмкін, не жанама мәжбүрлеу болуы мүмкін. Барлық мемлекеттерде билік құрушы субъект мәжбүрлеуді пайдаланады, бірақ оны әр жағдайда әркалай қолданатындықтан мазмұны мен сипаты, әдістері мен құралдары әрқилы болуы мүмкін.
Осы функцияны жүзеге асыру үшін мемлекеттік биліктің құрылымында мәжбүрлеу күштері қалыптасады, яғни олар: әрекеттерді нормативті тұрғыда бағалайтын және кінәлі немесе кінәлі еместігінің объективті ақиқатын белгілейтін, мәжбүрлеу шаралары туралы мәселелерді шешетін заң органдары; тергеу органдары; полицейлер; мекемелер және басқалары.
Өркениетті мемлекеттерде мәжбүрлеу құқығына тек мемлекеттік билік органдары ғана ие. Мәжбүрлеу функциясы, мемлекеттің басқа да функциялары сияқты, органдар мен билік субъектілерінің биліктік өкілеттіктерінде белгіленеді. Бірақ құқықтық мемлекетте мемлекеттік билік органдары мәжбүрлеу шараларын құқықтық нормалар шеңберінде ғана қолдана алуы мүмкін. Сондықтан мәжбүрлеу әрекеттері заңды деп танылатындықтан азаматтар оларды қабылдауға жөне бағынуға міндетті.
Алайда, билік құру өз мазмұны бойынша агрессивті әрекет болғандықтан билік жүргізуші субъект тікелей тиімділік пен нәтижелілікке қол жеткізу үшін мәжбүрлеу әдістері мен құралдарын қолдануда заңмен белгіленген шектен шығып кетуі де мүмкін. Бұл әрекеттердің заңсыз екеңдігі анық, ал олардың қажеттілігі және іс жүзінде өзін ақтағанына сілтеме жасау жеткілікті негіз болып табылмайды.
Мәжбүрлеу функциясының болуы мемлекетті билік құрушы күштердің қолындағы одаққа, диктаторлық, террордың құралына айналдырып жіберуі мүмкін.
Мемлекеттің келесі функциясы - келісімдік функция. Мемлекеттің саяси қатынастардың әр түрлі субъектілерінің арасын келістіруші орган екендігі сөзсіз, ол айтыс-тартыстарда төреші ретінде қатысады, позициялардың жақындасуына жәрдемдеседі. Мәселен, мемлекеттік органдардың еңбек пен капитал арасындағы келісімдік рөлі белгілі. Сондықтан өркениетті мемлекет үшін саяси қатынастардың барлық субъектілерінің түпкілікті мүдделері туралы қамқорлық басты болып саналады, және бұл қамқорлық тек қағаз жүзінде қалып қоймауы үшін мемлекеттік органдар барлық азаматтардың мүдделерін қамтып, білдіре алатындай және азаматтық қоғам ұйымдарымен кең қарым-қатынасқа түсе алатындай саяси қатынастардың барлық субъектілерінің түпкілікті мүдделерін белсенді қорғай алатын дамыған құқықтық базаға ие бола отырып құрылымдануы тиіс.
Келісімдік функция - мемлекеттің маңызды функциясы, оның іргетасы. Бұл функция қоғамның саяси мәдениетінің қалыптасу мен даму деңгейіне, оның өркениеттенуінің артуына орай жан-жақты және маңызды бола түседі. Келісімдік функция адамгершілік, қайырымдылық, ізгілік, төзімділік секілді ұғымдар басты болатын ділдің дамуымен де байланысты. Мемлекеттің келісімдік функциясының жүзеге асуында азаматтардың қоғам институттары маңызды мәнге ие.
Мемлекеттің үшінші функциясы - ұйымдастық. Мемлекет адамдардың әлеуметтік өмірінің негізгі белгілерінің ұйымдасуына қатысады. Бұл үшін мемлекеттік меншіктің; мемлекеттің қаржылық мүмкіндіктерінің; мемлекеттік органдар қызметінің жалпылық, міндеттілік және басқарушылық сипаттарының; құқықтық базаның; мемлекет шараларының заңдылығының болуы шарт.
Мемлекет өзінің табиғи, функционалдық ерекшеліктеріне орай экономикалық дамудың күшті факторы бола алады. Этатизм (мемлекеттің экономикаға ықпалы) айқын формада барлық мемлекеттерде болады, ал кейбір мемлекеттердің қызметінде басты болып барлығын қамтиды. Этатизм кауымдастықтың тіршілік әрекеті үшін қажетті бағдарламалық мәселелерді, мақсаттарды шешуге кажетті күштерді жұмылдыруға мүмкіндік береді. Мәселен, экономика саласында - бұл мемлекеттің экономикалық куаты мен экономикалық дербестігінің артуы, ішкі рынокты қорғауы, әлемдік қауымдастықта экономикалық белсенділігін камтамасыз етуі және т. б.
Алайда, қазіргі саяси тәжірибе көрсетіп отырғандай, мемлекеттің экономикалық салмағының шектен тыс күшеюі мемлекеттік биліктің ықпалының қалыптан тыс ұлғаюына, азаматтық қоғам институттарының шектелуі мен шеттетілуіне, қоғамның саяси тоқырауына алып келетін демократияға жат тенденциялардың пайда болуына әкеліп соғады.
Мемлекет әлеуметтік өмірдің негізгі аспектілерін реттеуге де қатысады. Ол қоғамдағы әлеуметтік жағдайды қадағалауға, қоғамдық көзқарасты бақылауға, қоғамның кеселді тұстарымен, қайшылықтарын анықтап, алдын алуға міндетті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz