Атаулы мөлшерлеме - құнсыздануды ескермейтін пайыздық мөлшерлеме


Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 84 бет
Таңдаулыға:   

Ф. 7. 28-01

Қазақстан Республикасы Ғылым және Жоғары Білім Министрлігі

М. О. ӘУЕЗОВ атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ

«Басқару және бизнес» Жоғары мектебі

«Қаржы» кафедрасы

Келісілді:

Кафедра меңгерушісі

Айтымбетова А. Н.

(қолы, аты-жөні)

«»2021ж

бекітемін:

Жоғары оқу орнынан

кейінгі білім беру

институтының директоры

Қонарбаева З. К.

(қолы, аты-жөні)

«»2021 ж.

МАГИСТРАНТтың жеке жұмыс жоспары

Аты-жөні, тегі: Сайлау Дана Ерболқызы
Аты-жөні, тегі: Сайлау Дана Ерболқызы: Білім беру бағдарламасының тобы: M074 Қаржы, банк және сақтандыру ісі
:
Аты-жөні, тегі: Сайлау Дана Ерболқызы:

Білім беру бағдарламасы: 7M04140-Қаржы

Дайындау бағыты: ғылыми педагогикалық

:
Аты-жөні, тегі: Сайлау Дана Ерболқызы: Бұйрықпен қабылданған: №112-ЖООК«27» тамыз 2021 ж.
:
Аты-жөні, тегі: Сайлау Дана Ерболқызы: Ғылыми жетекшісі: Мауленкулова Гульбана Ержигитовна., э. ғ. к., доцент
:

АҢДАТПА

Бұл магистрлік диссертация микроқаржы ұйымдарының экономикалық жүйесін ұйымдастырудағы ең маңызды мәселелерді қарастырады. Бұл дегеніміз жоспарлау, реттеу және бақылау тұрғыдан экономикалық қызметтеріне магистрлік диссертация оқыту үшін қолданылатын тұжырымдама мен әдіснаманы ғана емес, ғылыми - теориялық тұрғыдан анализ жасап, микроқаржы ұйымдарының экономикалық жүйесінің негізгі элементтерін анықтау, бөлек тәуекелінің түрлері мен оларды басқару ерекшеліктерін көрсеттім, құрылымдық ұйымдастыру процесін анықтадым.

АННОТАЦИЯ

В данной магистерской диссертации рассматриваются наиболее важные вопросы организации экономической системы микрофинансовых организаций. Эта концепция используется для написания магистерской диссертации по экономическим услугам с точки зрения планирования, регулирования и контроля. Я проанализировала не только методологию, но и с научно-теоретической точки зрения выделила основные элементы экономической системы микрофинансовых организаций, показала виды отдельных рисков и особенности управления ими, определила процесс структурной организации.

ANNOTATION

This master's thesis deals with the most important issues of organizing the economic system of microfinance organizations. This concept is used to write a master's thesis on economic services in terms of planning, regulation and control. I analyzed not only the methodology, but also, from a scientific and theoretical point of view, identified the main elements of the economic system of microfinance organizations, showed the types of individual risks and their management features, and determined the process of structural organization.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . .

1. Микроқаржы нарығының негізгі сипаттамалары мен ерекшеліктерінің теориялық негіздері

1. 1Микроқаржы нарығының негізгі сипаттамалары, ресурстық базасы және несиелеу әдістемесі

1. 2Микроқаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу және пайыздық мөлшерлемелерді қалыптастыру

1. 3Микроқаржыландыру тәуекеліне ықпал ететін факторлар және микроқаржыландыру процесіне банктердің қатысу ерекшеліктері

2. Қазақстан Республикасының микроқаржыландыру нарығының даму динамикасын талдау

2. 1. Қазақстан Республикасының микроқаржыландыру нарығы бойынша ағымдағы жағдайын бағалау

2. 2 «Tengo» ЖШС микроқаржы ұйымына қызметтік және қаржылық тұрақтылығын талдау

3. Микроқаржы ұйымдарының тұрақтылығын және «Tengo» микроқаржылық ұйымының тұрақтылығын арттыру шаралары

3. 1. Қазақстан Республикасының микроқаржы секторының дамытудағы мемлекеттік шаралар жүйесі

3. 2. Микроқаржы нарығының және микроқаржы ұйымдарының сыртқы бәсекеге қабілеттілігін арттыру тетіктері

Қорытынды . . . Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .

АНЫҚТАМАЛАР

Осы диссертацияда келесі терминдер тиісті анықтамалармен пайдаланылған:

Микрокредиттік ұйымдар - бұл микрокредит берумен айналысатын ұйымдар болып табылады.

Микроқаржыландыру деп дәстүрлі банктік қаржыландыруға қол жетімділігі жоқ микро- және шағын кәсіпкерлерге, сондай-ақ кедей адамдарға олардың өмір сүру деңгейін жақсарту, еңбекпен (өзін- өзі) қамтамасыз ету және кәсіпкерлікті дамыту үшін қаржылық қызметтер (микрокредит беру, микросақтандыру, микрожинақтау және т. б. ) қатарын беру түсініледі.

Микроқаржы нарығы - әлеуетті сектор. Бұл секторға қаржылай шағын несие беретін ұйымдардан бөлек, онлайн-фирма, ломбард және несие серіктестіктері кіреді.

Микроқаржы ұйымы - коммерциялық ұйым болып табылатын, ресми мәртебесі әділет органдарында мемлекеттік тіркелумен және есептік тіркеуден өтуімен айқындалатын, микрокредиттер беру жөнiндегi қызметтi,

Микроқаржы нарығында пайыздық мөлшерлемелер - қарыз алушы микрокредит ретінде берілген қаражатты белгілі бір уақытқа (ай, тоқсан, жыл) қолданғаны үшін төлейтін, алынған микрокредиттің пайызы ретінде көрсетілетін сома.

Мемлекеттік несиелер - мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасындағы несиелік қатынастар, нәтижесінде мемлекет белгілі бір мерзімге белгілі бір ақыға белгілі бір ақша сомасын алады, мемлекеттік бағалы қағаздарды сату, бюджеттен тыс несиелер түрінде жүзеге асырылады. қаражат және банктерден несие алу тәртібімен.

Нарықтық тепе-теңдік - өндірушілер мен тұтынушылардың түйісетін нүктесін табу арқылы нарықтық тепе-теңдік табылады: теңдестірілген баға ұсынылатын өнім саны оларды тұтынғысы келетін адамдар санына тең болатын бағаға сәйкес келеді.

ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУДЕ ПАЙДАЛАНЫЛҒАН БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

МҚҰ - Микроқаржы ұйымы

ЖШС - жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

АҚ - Акционерлік коғам

ЭЦҚ - Электронды цифрлық қолтаңба

БКБ - Бірінші кредиттік бюро

ҚР МКК - ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті

АЕК - Айлық есептік көрсеткіш

FPD (First payment default) - Бірінші төлемді кешіктіру

ЖІӨ - Жалпы ішкі өнім

ДЭФ - Дүниежүзілік экномикалық форум

NPL (Non-Perfoming loan) - Тиісті емес несие

ХВҚ - Халықаралық валюта қоры

ШОБ субъектілері - шағын және орта бизнес субъектілері

ДСҰ - Дүниежүзілік сауда ұйымы

БЭК - Біріңғай экономикалық кеңістік

ЭЫДҰ - Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы

LCR (Least cost routing) - Өтімділікті жабу коэффициенті

NSFR (Net Stable Funding Ratio) - Таза тұрақты қорландыру коэффициенті

SREF (Supervisoty review and evaluation process) - Банк қабылдаған қаржылық тәуекелдерді тексеруге бағытталған дыл сайынғы процесс

IRIS (Insurance Regulary Information System) - Сақтандырды реттеудің ақпараттық жүйесі

НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР

  1. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы: «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі», 2020 жыл.
  2. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы: «Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі, пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық даму», 2021 жыл.
  3. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы: «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі» Бірінші бағдар жаңа экономикалық саясат, 2022 жыл.
  4. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы: «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы», 2022 жыл

КІРІСПЕ

«Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес енгізілген ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметін жүзеге асыратын микроқаржы ұйымдары қызметі соңғы он жылдықта нормативтік құқықтық актілерінің нормалары бойынша жұмыстарын атқарып келеді. Қазақстандағы микроқаржы ұйымдарының бір жағынан экономикалық жүйенің түбегейлі қайта құрылуынан, екінші жағынан жаңа ақпараттық технологиялардың енгізілуінен және қаржы нарықтарының жаhандануынан туындаған қарқынды өзгерістер кезеңін бастан кешуде. Түбегейлі нарықтық реформалар толқынында елдің экономикалық жүйесі түбегейлі өзгерді: екі деңгейлі құрылымға ие болды, микроқаржы ұйымдарының саны едәуір өсті, ал олардың барлығы өз қызметін нарықтық қағидаттарға негіздейді, бұл бәсекелестіктің дамуына жағдай жасайды.

Толыққанды нарықтық қатынастардың қалыптасуының қазіргі жағдайында несие қатынастарының аясы едәуір кеңейіп, несие қатынастарының аясы едәуір кеңейіп, несие салымдарының көлемі артып келеді, осылайша экономиканың дамуындағы несиенің рөлі артады. Жеке экономикалық бірліктердің қаражатты уақтылы алуы ғана емес, сонымен бірге тұтастай алғанда елдің экономикалық даму қарқыны несие механизмінің мекемелерге және халыққа несиелік қызмет көрсетуді ұйымдастыру, несие жүйесінің жұмыс істеуі экономикалық құрылымдарды дамытуда өте маңызды рөл атқарады. Ең алдымен, өнімді өндіру және сату процесінің үздіксіздігін қамтамасыз етуде несиенің рөлі зор. Кәсіпорындарға, ұйымдарға және басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілерге несие беру қажеттілігі өнімді сатудан түскен қаражаттың түсу уақыты әрдайым материалдық құндылықтарды сатып алуға, жалақы төлеуге және қызметтерге ақы төлеуге шығындар жасау қажеттілігінің пайда болу уақытына сәйкес келмейтіндігімен байланысты.

Тақырыптың өзектілігі кез келген мемлекеттің экономикалық және саяси жағдайларының үздіксіз өзгеріп отыруына байланысты қазіргі таңда микроқаржы ұйымдарының жалпы менеджмент жүйесінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Сондықтан дұрыс ұйымдастырылған микроқаржы ұйымдарының жүйесі тұрақтылығын қамтамасыз етумен қатар кездейсоқ шығындарын минимумға жеткізу процессін басқара отырып контрагенттер тарапынан өзіне деген сенімділікті арттыруға мүмкіндік беретін актуалды мәселелердің білі болып табылады. Микроқаржы ұйымдарында дұрыс ұйымдастырылған қаржы жүйесі тұрақтылықты, сенімділікті, төлем қабілеттілігін және оның тәуекелге икемділігін қамтамасыз етуі тиіс.

Зертеу нысаны микроқаржы ұйымдарының қызметі әр уақытта да белгілі бір тәуекелмен байланысты. Олар құрамы жағынан, әсер ету деңгейі мен шығу себептеріне байланысты несиелік, пайыздық, валюталық, инвестициялық, ликвидтік болып бөлінеді. Сондықтан зерттеу нысаны ретінде «Tengo» микроқаржы ұйымының қаржылай тұрақтылығына эконометрикалық талдау мәселері.

Зерттеу пәні Қазақстан Республикасындағы микроқаржы ұйымдарының тұрақтылығын қамтамасыз ету тетіктерін зерттеу және ретінде микроқаржыландыруды және микрокредит беруді зерттеу халықтың аз қамтылған санатына қаржылық қызметтер көрсететін микроқаржылық институттар қызметінің жалпы үлгерімділігін көрсету болып табылады.

Магистрлік диссертацияның мақсаттары мен міндеттері жүргізілген зерттеудің қаржылай құрылымы мен жүйелілігін көрсететін келесі міндеттерді тұжырымдауға және шешуге әкелді:

  • микроқаржы ұйымдарының экономикалық жүйесін ұйымдастырудағы ең маңызды мәселелер - бұл жоспарлау, реттеу және бақылау қызметтеріне ғылыми - теориялық тұрғыдан анализ жасап, микроқаржы ұйымдарының экономикалық жүйесінің негізгі элементтерін анықтау, бөлек тәуекелінің түрлері мен оларды басқару ерекшеліктерін көрсету, құрылымдық ұйымдастыру процесін анықтау;
  • Микроқаржы ұйымдарының ресурстық базасы және несиелеу әдістемесі бойынша бизнес - жоспар қорғау арқылы несие иеленуді талдау;
  • Кәсібін енді бастап жатқан азаматтар құжаттарын жинап, бірнеше салада несие алуға да мүмкіндіктер көрсетілгенін дәлелдеу;
  • Несиелеу әдістемесінің аясында бизнес-жоспарын қорғаған қазақстандықтар микроқаржы ұйымынан жылдық пайыздық мөлшерлемемен несие рәсімдей алатынын анықтау;
  • Қазақстан Республикасындағы микроқаржыұйымдарының мемлекеттік - жекешелік әріптестік, эконометрикалық жобаларының қазіргі жағдайының ерекшеліктері мен негізгі мәселелерін анықтау.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы Ғылыми нәтижелердің жаңашылдық дәрежесі мәселені тұжырымдауда теориялық негіздеу және микроқаржы ұйымдарының экономикалық жүйесін ұйымдастыру жобаларының тиімділігі бағаланды. Оларды топтастыруға мүмкіндік беретін іріктеу критерийлерін жетілдіруге бағытталған әдістемелік ережелерді әзірлеуден тұратындығы және микроқаржы ұйымдарының экономикалық жүйесінің жобаларды басқару және олардың қаржылай қолдау тетіктерін бағалау бойынша тиімді шешімдер қабылдау үшін қажетті ақпаратты синтездеу, экономика үшін пайдалану шешімдері қарастырылды. Микроқаржы ұйымдарының несие шартының клиенттерге пайыздық мөлшерлемесі, ломбард және сақтандыру кепілдіктері бойынша қолайлы сегменттерді анықтау барысында. қазіргі таңда елімізде, көптеген шет елдердегі секілді, екі деңгейлі қаржылай қызмет жүйесі әрекет ететіндігі, микроқаржы ұйымдарының тұрақтылығын қамтамасыз ету тетіктері анықталып, микроқаржылық ұйымдарының экономикалық - қаржылай жағдайының ерекшеліктері, оларды мемлекеттік еттеу және пайыздық мөлшерлемелерді қалыптастыру қарастырылды. Зерттеу барысында қазіргі таңда көптеген клиенттерге ыңғайлысы микроқаржы ұйымдарының несиелік шарты болып табылғандықтан, микроқаржы ұйымдарының екінші төменгі деңгейін акционерлік банктер, яғни коммерциялық банктер құрайтыны, сонымен қатар бизнес бастамалар үшін депозит пен несие келісімшарттарының қолайлығы қарастырылды. Диссертациялық зерттеу кезінде, әлемдік қаржылық дағдарыс отандық коммерциялық банктердің «осал» тұстарын анықтап берді, және микроқаржылық ұйымдарының клиенттерге тиімділігі анықталды. Анықталғандай банк жүйесінің несиелік қоржының нашарлауы (банктердің өтімділігінің тапшылығымен қоса алғанда) жалпы банк секторының тұрақты қызмет етуіне және даму перспективасына ықпал ететін шешуші факторларға микроқаржылық ұйымдарының жылдам әрі сенімді қызметі болып табылады. Микроқаржы ұйымдарының несиелік қоржынына, сапасына және оның қаржылық жағдайына әсер ету деңгейіне басты көңіл бөлуді жөн көрдік. Бұл жағдайда микроқаржылық ұйымдар қызметінің және бағдарлама клиенттерінің өмір сүру деңгейін арттырумен байланысты қаржылық көрсеткіштерден туындаған экономикалық әсердің үйлесімін анықтау жүргізілді. Микроқаржыландыру үй шаруашылығы мен жеке дара кәсіпкерліктің жыл сайынғы табысының деңгейін біртіндеп көтере отырып, клиенттердің әлеуметтік жағдайын ескере келе кедейшіліктің тамырын жоюға ықпал етуі мүмкін екендігі бойынша дәлелдеу жүргізілді.

Зерттеудің әдістемелік және теориялық негіздері диссертациялық зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі тұтастай алғанда микроқаржылық ұйымдарының әлеуметтік - экономикалық дамуындағы және оның микроқаржы нарығында пайыздық мөлшерлемелерді қалыптастыру, сонымен қатар оның қаржылай тұрақтылығын арттыру шараларын құрайтын жобалардың стратегиялық рөлімен айқындалатын микроқаржы секторын дамытудағы инвестициялық жобаларды бағалау әдістерін жетілдіру болып табылады. Микроқаржылық нәтижелерді бағалау және негіздеу, олардың тиімділігі экономикалық, несиелік жүйесі бойынша талдау әдістеріне негізделген. Нарықтық экономиканың субъектілері бойынша осы диссертациялық зерттеуде пайдаланылған статистикалық көрсеткіштер Департаменттер, жергілікті әкімдіктер деңгейінде, одан кейін республикалық деңгейде қарастырылды: ұлттық компаниялар, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, ҚР Ұлттық экономика министрлігі және микроқаржы және қаржы ұйымдары т. б. Микроқаржы - экономикалық ғылымдағы заманауи инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау үшін «инвестициялық саясат», елдің «инвестициялық ахуалы» және эволюциялық динамизмнің жаңартылған процестері сияқты кеңейтілген тұжырымдамалық тұжырымдамалар пайдаланылды. Бұл өз кезегінде зерттеушілерді несиелік талдаудың жаңа әдістері мен қызметтерін, ұзақ мерзімді жобалардың тиімділігін бағалаудың жеке және жалпы көрсеткіштерін іздеуге және дамытуға белсенді түрде ынталандырады. Бұл ретте микроқаржыұйымдарының қаржылай нарығы бойынша есептелінетін несиелік келісімдерді тұтастай алғанда және инвестициялық қызмет субъектілерінің әрқайсысы тұрғысынан бағалауды жақсарту бірдей қажет.

Диссертациялық зерттеудің теориялық маңыздылығы қабылданған шешімдердің сапасын арттыратын және мемлекеттегі микроқаржылық экономиканың дамуы мемлекет пен жекеменшік микроұйымдардың арасындағы байланысты құрудың маңызды құралына айналдыратын жобалардың тиімділігін бағалау әдістемесін әзірлеуде болып табылады. Дүниежүзілік экономикалық форумның Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік туралы есебіне сәйкес «Микроқаржы нарығының дамуы» факторы бойынша Қазақстан Республикасы 148 елдің ішінен 103-орынды иеленді. Демек, ҚР Бойынша микроқаржы ұйымдарының қызметі өзекті және ыңғайлы, себебі ұйым нарық депозиттерін алға тарта отырып, тұтынушылық несиелеу қызметін де ұсына алады. Әрбір микроқаржылық ұйымның жеке тұлғаларының клиенттік базасы 100 000 - нан асады, олардың қажеттілктері үшін 200 000 - нан астам несиелік шоттар ашылады. 400 - ден астам республика бойынша терминалдар, кассалар орнатылады. Коммерциялық микроұйымның негізгі міндеттерінің бірі, компанияның дұрыс имиджін қалыптастыру және жаңа клиенттерді тарту және бар клиенттік базаны сақтап қалу мақсатында клиенттік аудиторияға кері байланыс беруде екенін негізге алу. Жұмыстың практикалық маңыздылығы барлық нәтижелер микроқаржылық ұйымдардың экономикалық тиімділігін арттыру үшін қолданылуы және бірнеше көрсеткіштер бойынша жобаны басқару.

Диссертацияда әзірленген қағидаларды, әдістерді қолдану бірнеше оңтайлылық критерийлері негізінде сыртқы орта туралы ақпараттың жеткіліксіз ашықтығымен қабылданған шешімдердің объективтілігін және жобаларды басқарудың экономикалық тиімділігін арттырады.

Зерттеу нәтижелерін апробация жасауда нәтижелері мен негізгі ұсыныстары халықаралық ғылыми - практикалық конференциялардың секциялық отырыстарында баяндалды.

Әзірленген мәселелердің арнайы әдебиеттегі дәрежесі экономикалық және ғылыми әдебиеттерде микроқаржылық ұйымдарының несиелік жобаларын тиімдісін таңдау, бағалау және ілгерілету жүйесін қалыптастырудың теориялық және практикалық тәсілдері әлі толық әзірленбеген. Қазақстан Республикасындағы микроқаржы ұйымдарының тұрақтылығын қамтамасыз ету тетіктері бойынша жобаларды таңдау және тиімділігін бағалау әртүрлі факторлардың әсерінен болатын күрделі процесс. Тартылатын ресурстар көздері құрылымының мемлекет пен кәсіпкерлердің, банктермен микроқаржылық ұйымдарының арасындағы жобаларының тиімділігіне әсер ету дәрежесін, сараланған дисконттау мөлшерлемелерін, несиелік әдістерді қолдану мүмкіндігін шектейтін және әсер етуді күшейтетін ерекше емес тәуекелді бағалауға жеткіліксіз назар аударылады. Ұсынысты қысқарту жағдайында микроұйым жобаларының портфелін қалыптастыру кезінде іріктеу критерийлерін анықтау мәселесі шешуші мәселе болып табылады.

Микроқаржыландыру ұйымдарының жұмысын бағалау бойынша жасалынған талдауларда жобаларының тиімділігін бағалау жүйесін қалыптастыру мәселелері мен мәселелері алыс және жақын шетел ғалымдары, отандық ғалымдар тарапынан кеңінен зерттелді және әлі де зерттелуде. Әр уақытта бұл мәселе К. Линдер мен Э. Савас, американдық профессор П. Розенау, В. Г. Варнавский мен Милославский В. Г. сияқты белгілі батыстық экономистердің еңбектерінде қарастырылды.

Магистрлік жұмыстың құрылымы сенімділігі мен тестілеу нәтижелерінің дәрежесі диссертация тақырыбы бойынша жалпы көлемі 0, 7 б. п. болатын 2 жұмыс жарық көрді. Диссертацияның құрылымы мен көлемі бойыншы: диссертация кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. Жұмыс 87 бетте ұсынылған.

1. 1 Микроқаржы нарығының негізгі сипаттамалары, ресурстық базасы және несиелеу әдістемесі

Микрокредиттік ұйымдар - бұл микрокредит берумен айналысатын ұйымдар болып табылады.

2006 жыл әлемдегі микрокредит беру саласындағы жоғары жетістіктерді тану жылы болды, осы жылы әлемнің Нобель сыйлығы пайда болған сонау заманнан бері алғаш рет оның лауреаты кедейшілікпен күрес, кәсіпкерлікті дамыту және экономикалық өсімді арттыру бойынша халықаралық іске қомақты үлес қосқаны үшін Бангладеш Экономика профессоры және банкир Мұхаммед Юнус және ол құрған «Гремин банк» болды. Нобель Комитетінің ресми дәлелдемесі бойынша Мұхаммед Юнус « . . . осындай немесе өзгедей себептермен, ол оны немен төлейтінін білмейтіндіктен, жағдайы немесе жылжымайтын мүлігі жоқ болғандықтан қалыпты банктік кредит ала алмайтын адамдарға микрокредиттер бере отырып айрықша пайдалы қызметпен айналысады . . . ». Бүгінгі күні Мұхаммед Юнустың тәжірибесі барлық әлем бойынша таратылған. [1]

Халықаралық тәжірибемен микроқаржыландыру - кедейшілік деңгейін төмендету және микро- және шағын кәсіпкерлікті дамыту есебінен экономикалық өсімді ынталандыру үшін тиімді құрал болғандығы дәлелденген.

Микроқаржыландыру деп дәстүрлі банктік қаржыландыруға қол жетімділігі жоқ микро- және шағын кәсіпкерлерге, сондай-ақ кедей адамдарға олардың өмір сүру деңгейін жақсарту, еңбекпен (өзін- өзі) қамтамасыз ету және кәсіпкерлікті дамыту үшін қаржылық қызметтер (микрокредит беру, микросақтандыру, микрожинақтау және т. б. ) қатарын беру түсініледі.

Микроқаржы ұйымы - коммерциялық ұйым болып табылатын, ресми мәртебесі әділет органдарында мемлекеттік тіркелумен және есептік тіркеуден өтуімен айқындалатын, микрокредиттер беру жөнiндегi қызметтi, сондай-ақ осы Заңмен рұқсат етілген қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға.

Микроқаржы нарығы - әлеуетті сектор. Бұл секторға қаржылай шағын несие беретін ұйымдардан бөлек, онлайн-фирма, ломбард және несие серіктестіктері кіреді. 2021 жылы барлық банктік емес ұйымды лицензиялау толық аяқталды. Басқарушы құрамға біліктілік талаптары қойылды, қаржылық орнықтылық нормативтері бекітілді, қарыздық жүктемені шектеу бойынша шаралар қа­был­данып, займды беру қауіпсіздігіне байланысты техникалық талаптар қабылданды. Сөйтіп, сала бұған дейінгі сенімсіз көзқарастан арылып, толық нарыққа айналды. [2]

Микроқаржы ұйымдарының нарық тұжырымдамасы өте ескі және тіпті ақшадан бұрын пайда болған. Бұрын бұл алмасулар айырбастау арқылы жүзеге асырылатын және белгілі бір өнімнің құнын, мысалы, олардың салмағы, мөлшері мен функционалдығын анықтау әдістері болған.

Қазіргі уақытта нарық элементтері аз өзгерді, мысалы ұсынылатын өнімдердің болуы және оларды алуға мүдделі сектор. Бұл қоғамның маңызды бөлігі және экономика денсаулығы үшін өте маңызды болғандықтан, нарық зерттелді, өлшенді, талданды, тіпті болжауға тырысты.

Микроқаржыландыру экономикалық дамудың өзінің тиімділігін әлемнің көптеген елдерінде дәлелдеген құралы болып табылады. Әдетте, микроқаржыландыру мынадай міндеттерді шешуге бағытталған:

  1. бастауыш кәсіпкерлерді қаржыландыру;
  2. қаржыландырудың сыртқы көздеріне үлкен емес бизнес иелері -кәсіпкерлердің және дәстүрлі банктік кредит беруді пайдалану мүмкіндігі жоқтардың қол жеткізілімін кеңейту;
  3. өз бизнесін ашқысы келетін, бірақ ақша қаражатын алудың дәстүрлі көздеріне қол жетімділігі жоқ халықтың әлеуметтік аз қамтылған жіктерін қаржыландыру.

Бұл жерде табыс деңгейі төмен, жұмыссыздар және кәсіпкер-әйелдер туралы әңгіме болып отыр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикадағы инфляциялық процесстер
Компанияның қаржы активтері
Коммерциялық банктердің қызыметі
Ұзақ мерзімді міндеттемелер есебі
Инфляция деңгейі
Игіліктер және ақша нарықтарындағы тепе-теңдік туралы
АХС 700 қаржылық есептілік туралы пікір қалыптастыру және қорытынды жасау
Инфляция туралы ұғым
Қазақстанның инфляцияға қарсы саясаты
БАНКТЕРДІҢ ПАЙЫЗДЫҚ САЯСАТЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz