Банк банктік жүйенің элементі ретінде



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Alikhan Bokeikhan University

Реферат
Тақрыбы: Банк банктік жүйенің элементі ретінде.

Тексерген: Турдиева Зухра Махмутовна
Орындаған:Кумарова Гулим
2022

Жоспар
1. Кіріспе
2. Банктік жүйе элементтерінің мінездемесі.
3. Банктік жүйе элементтері және банк типтері.
4. Ұлттық банк банк жүйесінің басты элементі.
5. Банк жүйесінің негізгі белгілері.
6. Қортынды
7. Қолданылған әдебиеттер

КІРІСПЕ
Қазіргі уақытта нарықтық экономикаға көшу ұзақ әрі қиын, күрделі де қайшылықты жолдарға толып жатыр. Қазақстан тәуелсіздік алғалы экономикамыз ілгері даму үстінде. Әлемдік көрсеткішпен салыстырғанда біздің ел көршілес Еуропа, Батыс елдерінен анағұрлым артта қалуда.
Әр түрлі банктердің жиынтығы, осы елге тән өзара байланыстылық пен банк жүйесін құрады. Банк жүйесі мынадай ерекшеліктерімен сипатталады.
Банк жүйесіне кейбір банк операцияларына қатынасы бар, бірақ "банк" деген мәртебесі жоқ элементтер кіреді. Мысалы, кейбір банк операцияларын жүргізуге рұқсат алған арнаулы қаржы институттары, басқа да банктік инфроқұрылымын құрайтын, және оның жұмыс істеуіне әсер ететін мекемелер.
Банк жүйесінің өзінше ерекшеліктері бар. Бұл жұйе тек өзіне тән қасиеттерді көрсетеді. Оның ерекшелігі өзін құрайтын элементтермен және олардың арасында қалыптасқан қарым-қатынастармен анықталады, әрине банк жүйесін зерттегенде алдымен осы жүйенің басты элементі банктер көзге түседі. Өйткені, олар банк жүйесіне банктік мән береді. Дегенмен банк жүйесінің мазмұны оның элементтерінің, мазмұндарының қосындысы деп түсінбеу қажет. Банк жүйесінің мазмұны ғана емес, оны құрастыратын элементтердің өзара байланыстарына да көңіл аударады.
Банк жүйесін бір тұтас жүйе деп ұсынуымыз керек. Себебі, жеке бөліктерінің өзара байланыстары, керек болған күнде бірін-бірі ауыстыруға бейімделген. Басқаша айтқанда, егер бір банк жұмысын тоқтатса, оның клиенттері басқа банктерден бұрынғы қызметтерін, бұрынғы көлемде пайдалана алады.
Банк жүйесі әр уақытта өсу және жетілу жолында. Олай деуге себеп, ол күн сайын жаңа компоненттермен толтырылады, банк аралық және Ұлттық банкпен немесе Шетелдік банктер арасында жаңа қатынастар пайда болады.
Банк жүйесі жабық жүйе. Өйткені, банктердің кейбір ақпараттары банкілік құпия болып саналады. Мысалы, банкідегі шоттағы қаржының қозғалысы немесе қалдығы жөнінде деректерді банк тек сол шоттың иесінде болмаса, оның сенім хаты бар өкіліне ғана береді. Қазақстанның заңдары бойынша мұндай мәліметтерді тәртіп қорғау орындарының, салық органдарының өкілдеріне беріле береді, тек олардың, сол органда істейтіндігін растайтын құжаттары болса болды. Бірақ көп елдерде бұлай емес.
Банк жүйесі өзін-өзі басқара алады. Ол дегеніміз, егер елде саяси ахуал, экономикалық жағдайлар және басқа да ахуалдар өзгеріп жатса, осыған қарай, банктер өздерінің саясатын өз бетінше, аралымдылықпен өзгерте алады.
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің даму мәселелерін қарастыру себебі, бұл халқымыздың өсіп өркендеуіне, экономикасының дамуына тигізетін пайдасы зор. Біз осы саланың келешек мамандары ретінде банк жүйесінің қазіргі кездегі даму проблемалары мен тенденциялары арқылы оның тиімділігін көрсетуді мақсат еттік.
Жұмыстың негізгі мақсаты банк жүйесінің қалыптасу және даму мәсәлесін ғылымитеориялық негіздеу және банктердің халықаралық стандарттарға сай болуын тұжырымдау. Отандық экономиканы реформалаудың қазіргі уақытындағы сатысында тиімді, нәтижелі және перспективалы бағыттардың бірі банк жүйесінің дамуы болып табылады.
Бұл саланың маңыздылығы әлемдік және отандық экономиканың тәжірибесі көрсетіп отырғандай, нарықтық экономикаға өту жағдайында банк жүйесіне көмек көрсету тұрақтандырылған экономикалық өсуге жетуге елеулі нәтижелер береді. Банк жүйесінің дамуы елдегі қаржы нарығының өркендеуіне және Ұлттық бнактің өз саясатын тұрақты қалыпта жүзеге асыруына мүмкіндік береді.
Соңғы бірнеше жылда, әсіресе 2000 жылдан бастап банк жүйесінің динамикалық дамуы жүруде. Қазақстан банк секторының жанадануы және конденсациялық процестер жалғасуда.
Дегенмен, банк жүйесін мемлекеттік қолдау әлі де жеткіліксіз дәрежеде болып отыр. Бұл саланың өзіндік проблемалары шешілмей қалуда. Мұндай кемшіліктерді жою үшін банк жүйесінде жаңа бағдарламалар, реформалар жүзеге асуы тиіс.
1.1 Банк жүйесінің маңызды элементі -- банктер болып табылады. Ежелгі ғасырлар тарихы кейінгі ұрпаққа банктердің қашан пайда болғаны туралы ғана емес, сон дай-ақ олардың қандай операцияларды орындағандығы туралы да толық мәліметтер қалдырмаған секілді .
Кейбір ғалымдардың пікірінше, алғашқы банк тер капитализмнің мануфактура тұсында және ең бастысы, Италияның жекелеген қалаларында (Венеция, Генуя) 14-15 ғғ. Пайда болған. Олардың еңбектерінде банк тауар шаруа-шылығының ерекше институты ретінде тауар шаруашылығының ерте кезеңінде,яғ-ни тауар-ақша қатынастарының дамуына байланыссыз, ақша айналысын реттеу үшінпайда болған делінеді. XVI-XVII ғғ. Венецияда, Генуеде, Миланда, Амстердама, Гамбурргте, Нюрнбергте саудагер-клиенттерарасында қолма-қол ақшасыз есеп айырысуларды жүзеге асару үшін жиробанк тер құрылады. Жиробанк тер өздерінің клиенттері арасында белгілі салмағы бар бағалы металлдардан жасалған ақша бірліктері арқылы есеп айырысу-лар жүргізді. Өздерінің бос ақша қаражатттарын жиробанк тер мемлекетке, қалалар-ға және артықшылығы бар компанияларға ссудағы берді.
Ал кейбір мамандар, банкті одан да ерте мерзімде-феодализм тұсында пайда болған деп айтадыды. Олар феодалдық шаруашылық тұсында банктердің төлемдегі делдалдық қызметінің қажеттігінен пайда болғандығын растайды. Дегенмен де, деректерге сүйене отырып, банктердің пайда болуының екі мың жылдық тарихы бар екендігін айтуға болады. Өкінішке орай, "банк"сөзінің өзі бізге оның мәнін ғана белгісіз етіп қоймай, алғашқы несиелік мекеме туралы біздің жорамалымыздың ақиқаттығына күмән туғызады.
"Банк" сөзі "banco" деген ағылшын тілінен аударғанда "айырбас столы" дегенді білдіреді. Бұл "айырбас столы" тауарлармен сауда жасалатын алаңдарда құ-рылады. Сауда мемлекеттер мен қалалардың, жекелеген тұлғалардың әр түрлі монеталарымен жасалған. Ол уақытта монеталардың біртұтас жүйесі болмағандық-тан, олармен сауда-саттық барысында әр түрлі формадағы монеталар кездескен. Банктер пайда болардың алдында ақша-сауда капиталының өкілдері саудагерлерің ақшалай салымдарын қабылдап, оларды әр түрлі елдің ақшаларына айырбастауға маманданып отырған. Уақыт өте келе, айырбастаушылар бұл салымдарды, сон дай-ақ өздерінің ақша қаражаттарын ссудаға беріп, пайыз алу үшін пайдалана бастайды. Сөйтіп, айырбастаушылар біртіндеп банкирлерге айналады.
Біздің түсінігімізде, банк ұғымы айырбастаушылардың және олардың айыр-бас орындарының болуымен сиптталады. Алғашқы банктердің Италияда пайда болу себебі, оның сол уақыттарда дүниежүзілік сауда орталығы болғандығын ескеріп, әр елдің ақшалары мен тауарларының сол елге қарай ағылып, банкирлердің сауда опе-рацияларына тікелей қатысуына байланысты түсіндіріледі.
Тарихшылардың пікірінше, б.э .д. 2300жыл бұрын холдейлердің сауда компаниялары пайда болып, олар өздерінің тікелей қызметтерімен қатар, ссудалар берген . Олар б. э. д. VI - ғ. Ежелгі Вавилона салым операциялары : салымдарды қабылдау және оларға пайз төлеу операцияларының жасалғандығын еске сала кетеді. Мұндай операциялар б . э . д. IV ғ . Ежелгі грецияда да жасалған. Бір айта кететіні , ежелгі гректер салым қабылдай отырып .белгілі бір ақы төлеу арқылы ақшалар айырбасын жүргізіп отырған көрінеді . Ежелгі банктер несиелік операциялар жүргізумен қатар салым иелеріне біртіндеп есеп айырысу қызметін де көрсетті . Есеп айырысулар банктердегі салым иелерінің бір шотынан басқа бір шотқа аудару арқылы жүргізіледі . Банктер қызметтерінің қолайлылығы іскер адамдардың назарынан тыс қалмады . Банктің клиенттер қатары ақырындап ұлғая түсті . Банктер өз кезегінде клиенттер арасында жасалатын келісім - шарттарды құруда сенім қызметтерін көрсетіп сауда -саттықта делдал қызметін атқарды . Есеп айырысуларды жеңілдету мақсатында ежелгі банктер өздерінің банктік билеттерін шығарды . Олар толық құнды ақшалармен қатар айналыста жүрді . Ағылшын елінде алғашқы акционерлік банк - Ағылшын банкі 1694 ж. құрылып , үкіметтен банкнота шығаруға құқық алады . Ежелгі Римде банк және несие құқының нормалары болған . Осы нормаларға сәйкес , б .э . д. Ш ғ . айырбас ісіне мамандандырылған Римдік банкирлерді кумулияр деп атады . Оларға несеилік операцияларды жүргізуге рұқсат етілмеген . Тарихшылардың айтуынша , Ежелгі Вавилон банктері тек қана несие беріп қоймай , сондай ақ жер бөлімшелерін сатып алу- сату , және басқа да операцияларды орындаған . Банктің ерекше кәсіпорын ретінде шығаратын өнімі материалдық өндіріс аясының өнімдерінен өзара ажыратылады , ол жай ғана тауар шығармайды , оның тауары ерекше , яғни ақша төлем құралдары түрінде шығарылады .
Қызмет көрсету аясындағы банктің өнеркәсіптік кәсіпорындардан ерекшелігі оның несие беруінен байқалады. Оның негізгі өнімі несие болғандықтан , банкті несиелік мекеме деп атаған . Банктің негізі деп оның басты өнімі - несие ісі түсіндіріледі .
1.2Қазақстанның экономикасы Ресейдің экономикасының бір бөлігі ретінде әр деңгейде дамып келеді . Қазақстанның шаруашылығы бір жағынан , Ресейдің және әлем нарығының тауар айналысына , екінші жағынан , темір жолдарын салу жұмыстарын жедел қолға алу тиімділігін қатар қарастыра отырып , темір жолдарды жүргізу арқылы Қазақстанның ауыл шаруашылық өнімдері мен шикізаттары ( ет, тері жүн т. б. ) сыртқа шығарылып отырған .
Қазақстанның Ресей нарығына интенсивті түрде енуі , нәтижесінде Ресейлік орталық -- өнеркәсіптік аудандарымен өзара экономикалық байланысы одан әрі кеңейді.
Банк капиталының Қазақстанға енгізілуі мерзімі XIX ғасырдың аяқ кезін қамтиды. Революцияға дейінгі Қазақстанның көп укладты экономикасында несиенің әр түрлі формалары дамыған . Қазақстанның несиелік жүйесі негізінен Ресей империясының несиелік жүйесінің бір бөлігі ретінде : Мемлекеттік банк бөлімшелерінен, акционерлік, коммерциялық банктер филиалдарынан , өзара несие беру қоғамдарынан ,қалалық қоғамдық банктерінен , ипотекалық несие банктері немесе ұзақ несие мекемлерінен және жинақ кассаларынан тұрды .
Ресейдің мемлекеттік банкі 1860 ж. өз қызметін бастап , барлық несие жүйесіндегі - Орталық банк болып саналады және оның айналысқа қағаз ақшаларды шығаруда монополиялық құқығы болды. Ресейдің мемлекеттік банкі барлық акционерлік , комерциялық банктердің есеп - ссудалық операцияларының үштен бір бөлігіне жуығын , салымдар мен ағымдық шоттардың жарысынан көбін тартып отырған. Басқа мелекеттердің Орталық эмиссиялық бнктерінен Ресейдің мемлекеттік банкінің айырмашылығы , ол тек банктерді несиелеп қана қоймай , сол сияқты өнеркәсіп , сауда және дайындау ұйымдарын да қатар несиелеумен айналысқан .
Мемлекеттік банктік бөлімшелері Қазақстан территориясында ірі сауда- өнеркәсіп қызметтерінің орталығы болып саналатын Оралда ( 1876 ж.) , Қызылжарда (1881 ж.) , Семейде (1887 ж.) , Омбыда (1895 ж .) және бұрынғы Верныйда (1912 ж.) ашылып жұмыс жасады.
Ірі комерциялық банктер қатарында саналатын Сібір сауда - банкісінің (1872 ж. құрылған) 57 филиалының 7 Қазақстанның бірқатар аудандарында , яғни Омбыда ,Семейде , Қызылжарда , Верныйда , Ақмолада , Қостанайда орналасты. Филиалдары жағынан екінші орынға ие болатын Орыстың сауда -- өнеркәсіп банкісінің бөлімшелеріде Қызылжарда , Қостанайда , Оралда , Омскіде ашылды.
Жалпы , Бірінші дүниежүзілік соғыстың бастапқы кезеңінде Қазақстанның әр аудандарында Мемлекеттік банктің - 6 бөлімшесі , акционерлік - комерциялық банктердің 18 филиалдары , 12 өзара несие беру қоғамдары ,8- қалалық қоғамдық банктер ,сол сияқты 345 несиелік және ссудалық серіктестіктер жұмыс істеді . Несиелік мекемелердің санының көбі жағынан Ақмола бірінші орынға ие болды.
Мемлекттік банк бөлімшелері болмаған аудандарда , қарапайым операцияларды жүргізу міндеті қазына иелеріне жүктелді. Қазына иелері тікелей қазыналық палаталарға , солар арқылы мемлекеттік қазына иелеріне бағынышты болды . Біртіндеп қазына иелерінің жүргізетін операциялары жылдамөсе түсті , мысалға : жіберілген вексельдер бойынша комиссиялық және есептік төлемдерді алу ; жәй және шартты ағымдық шоттарды ашу ; мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу және оларды сақтау ; өмірлік салымдар бойынша пайыз төлеу және т. б. Қазына иелері Қазақстан аумағында үш қазыналық палаталарға : Омбы ,Орынбор және Түркістан палаталарына бағынды .
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында ең басты Қазақстандағы банктер - бұл мемлекеттік банктер болды және олар төмендегідей операцияларды жүзеге асырды :
* вексельдерді есепке алу ;
* тауарларды кепілге ала отырып , ссуда беру ;
* тауар құжаттарын кепілге ала отырып , ссуда беру ;
* ауылшаруашылыққа ссуда беру ;
* бағалы қағаздарды кепілге ала отырып , ссуда беру ;
* қайта есеп жүргізу ;
* вексельдер үшін арнайы шоттар ашу ;
* бағалы қағаздарға арнайы ссуда беру ;
* ұсақ несие мекемелеріне ссуда беру ;
* барлық есеп - ссудалық операцияларымен айналысу ;
* меншікті бағалы қағаздар шығару ;
* салымдық және ағымдағы шоттар ашу .
Банк ісі пәнінің Қазақстанда экономикалык ғылымынын дербес саласы ретінде қалыптасуының терең заңдылықтары Қазақстан Республикасының саяси және экономикалық дербестігі бар тәуелсіз мемлекет ретінде дамып одан әрі өркендеуінің нәтижесінде құрылған және 1993 жылы енгізілген Ұлттық төл теңге айыналысына негізделген екі деңгейлі банктер жүйесінің кемелденіп, халықаралық стандартқа өту процесімен тығыз байланысты. Банк ісі пәнінің практикалық маңызы зор дербес ғылым саласы ретінде дамуына Ресейлік және Қазақстандық ғалымдар үлкен үлес қосты. Солардың ішінде мына зкономист-ғалымдарды атап өтуге болады: Атлас М.С.-Геращенко В.С., Геращенко В.В., Лаврушин О.И., Красавина Л.Н., Панова Г.С., Ширинская З.Г., Усоскин В.М., Белоглазова Г.Н., Коробова Г.Г., Кроливецкая Л.П., Рогова О.Л., Төлебаев Т.Т., Фридман Ц.Л., Панченко И.В., Саниев М.С., Иришев Б.К . Сейткасымов Г.С., Хамитов Н.Н., Кучукова Н.К., Абдильманова Ш.Р., Сазанов С.С., Калиева Г.Т. шетелдік ғалымдар: Дж.М.Кейнс, И.Фишер, Фридман Милтон, Фридрих ,А. Хайек, Рид Э., Коттер Р., Гилл Э., Смит Р., Джозеф Ф. Синки мл. Банк ісі пәнін үйренуде диалектикалық әдіс кеңінен қолданылады. Диалектикалық әдіс қандай-да болмасын экономикалық құбылысты -- үнемі динамикалық күйде зерттейді.
Банк ісі пәні экономикалық ғылымның дербес және арнайы саласы болғандықтан, бұл пәнді оқып үйренудің әдістері, тәсілдері, логикасы жалпы экономикалық ғылымды оқып үйренудің әдістерімен, тәсілдерімен, логикасымен үндес, астарлас.
Қазақстан Республикасының банктер жүйесі ұлттық экономиканың басқа секторларымен салыстарғанда нарық талабына сай өзгерістерді жедел қабылдайтын және экономикалық базистегі өндірістік қатынастар мен өндіргіш күштердің даму заңдылықтарына тез сыңай танытатын, салыстырмалы дербестігі бар ақша секторы. Қазақстан Республикасында екі деңгейлі банктер жүйесінің дамуьының жаңа кезеңі басталды. Екінші деңгейдегі банктердің халықаралық стандартқа өтуімен байланысты Үлттық, Банк және Қазақстан Республикасы қаржылық қадағалау Агенттігі тарапынан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банк жүйесі туралы ақпарат
Банктің несиелік портфелін қалыптастыру және сапасын бағалау
Қазақстан Республикасының банктiк жүйесiнiң қалыптасуы
Қазақстан Республикасының банктiк жүйесiнiң даму тенденциясы
Қазақстанның банк жүйесі
Банктік жүйенің дамуы мен қалыптасуы
Қазақстандағы банктік жүйенің даму кезеңдері
Коммерциялық несие саясатының мақсаттары
ҚР банк жүйесі элементтерінің функциялары. Даму жолдары
1930 – 1932 жылдардағы несие реформасы
Пәндер