Жылдық жиынтық табыс


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Alikhan Bokeikhan University

Реферат

Тақрыбы: Жылдық жиынтық табыс және регламинттенген есеп берулер

Тексерген:Нурпейсова. А. З

Орындаған:Кумарова Гулим 2023

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Жылдық жиынтық табыс және регламинттенген есеп берулер
  3. Қортынды
  4. Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе.
Жиынтық табыс елдің ұлттық табысының бөлінбейтін элементі ретінде үлкен маңызды орын алады.
Корпорация жұмысының соңғы нәтижесі бола тұра табыс олардың шаруашылық қызметінің тиімділік деңгейін көрсетеді. Табыс - бұл кәсіпорынның және мемлекеттік бюджеттің қаржылық республиканың құрылуының негізі көп. Табыстың тиімділіктің жалпылағыш көрсеткіштерінің негізі ретінде қолдануы экономиканың әрбір корпорация қызметінің нәтижесінде алатын нақты экономикалық әсерін анықтауға мүмкіндік береді. Жиынтық табыстың артықшылығы материал сыйымдылығының қысқаруы еңбектің өнімділігінің қызметтің маңызды жақтары нақты түрде кескінделуінде. Сонымен қатар табыс - шығынды корпорацияның тиімділік деңгейін бағалауға да қолданылады.
Корпорация табысының негізгі көзі - өнімді өткізуден түсетін түсім, яғни оның өндіріске және өнімді өткізуге материалды еңбек және ақшалай шығындарды төлегеннен кейінгі бөлігі.
Сол үшін ш. ж. с -нің негізгі мақсаты - шығындалуда барынша үнемдеу репсиліп сақтай отырып және оларды өте тиімді қолдану жолымен аз шығын шығарып көп пайда алу болып табылады.

Табыс дайын өнімдерден, сатып алынған тауарлардан және көрсеткен қызметтерден алынады; олардың сатылу құны тараптар аясында жасалған келісімшартта (контрактіге) анықталады. Ал, мәміледе шығатын табыс сомасы бағасынан немесе сатудан жасалатын жеңілдіктерін ескере отырып, олардың (мәміленің) құндарын өлшейді. Сатып алушылардың алған активтер үшін төлеген сомасын сату құны деп атайды. Тауарды сатқаннан түскен табыс келесі жағдайды сақтаған кезде табылады: табыс сомасын үлкен деңгейдегі дәлдікпен бағалағанда, яғни екі тарап та мәмлеге қатысқан кезде, сатушы қандай соманы сұрап отырғанын және қандай соманы сатып алушы төлейтіндігін білген жағдайда; мәмілемен байланысты экономикалық олжаның және соны субьектінің алу ықтималдығы бар болуы мүмкін.

Келесі шарт сатушыдан сатып алушыға өтетін меншік құқығы болып табылады., бұл әдетте берілген кезден басталады, ал егер сатушы меншік иесі ретінде құқығын және міндеттемесін сақтаған болса, онда ол сатылған болып табылмайды және табыс танылмайды. ; мәміле бойынша күтілетін шығын үлкен нөлдік деңгейдегі бағалауды қажет етеді.

84-бап. Жылдық жиынтық табыс

1. Резидент заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы осы тұлғаның Қазақстан Республикасында және одан тысқары жерлерде салық кезеңінің ішінде алуына жататын (алынған) табыстарынан тұрады.


Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы осы Кодекстің 198-бабында көрсетілген табыстардан тұрады.


Резидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алынатын табыстары осы бөлімде және осы Кодекстің 27-тарауында белгіленген тәртіппен салық салынуға жатады.

2. Мыналар салық салу мақсатына орай табыс ретінде қарастырылмайды:

1) жарғылық капиталға салым ретінде алынған мүліктің құны;

2) эмитент өзі шығарған акцияларды орналастырудан алған ақша сомасы;

3) егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, мүлікті өтеусіз негізде беретін салық төлеуші үшін өтеусіз берілген мүліктің құны. Өтеусіз орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны осындай жұмыстар орындауға, қызметтер көрсетуге байланысты шеккен шығыстар мөлшерінде айқындалады;

4) осы Кодексте көзделген жағдайларда салық міндеттемесінің мөлшерін азайту сомасы;

4-1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес есептен шығарылған өсімпұлдар мен айыппұлдар сомасы;

5) егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, басқа тұлғадан алынуға жататыннан (алынғаннан) басқа, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бухгалтерлік есепте табыс деп танылатын активтердің және (немесе) міндеттемелердің құнын өзгертуге байланысты туындайтын табыс;

6) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес активтерді қайта бағалауға арналған резервтерді азайту есебінен бөлінбеген пайданы арттыру;

7) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес іс жүзінде орындалуға тиіс міндеттеме мен бухгалтерлік есепте танылған осы міндеттеменің құны арасындағы оң айырма түрінде бухгалтерлік есептегі міндеттеменің танылуына байланысты туындайтын табыс;

8) инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензия негізінде пайлық инвестициялық қор активтерін сенімгерлікпен басқаруды жүзеге асыратын басқарушы компаниялар үшін - Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамасына сәйкес пайлық инвестициялық қорлар алған және мұндай басқарушы компанияның сыйақысын қоспағанда, пайлық инвестициялық қордың кастодианы солай деп таныған инвестициялық табыстар;

9) осы Кодекстің 279-бабының 5) тармақшасында көрсетілген акцизделетін тауарды алыс-беріс шикізатынан өндірген тұлға үшін - алыс-беріс шикізатынан өңделген өнім болып табылатын акцизделетін тауарлар бойынша акцизді төлеу жөніндегі салық міндеттемесін осындай тұлғаның орындау есебінен алуға жататын (алынған) өтем сомасы;

10) мемлекеттік мекемеден мемлекеттік кәсіпорын:

шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында осындай кәсіпорынға бекітіп берілген негізгі құралдар;

шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында осындай кәсіпорынға бекітіп берілетін негізгі құралдарды сатып алуға арналған ақша түрінде алған мүліктің құны.

11) мемлекет атынан алушы үшін - жер қойнауын пайдаланушыдан салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда алынған пайдалы қазбалардың құны және (немесе) ақшалай мәні;

12) есепке жазылған, бірақ төленбеген және осы Кодекстің 111-бабына сәйкес амортизацияланатын активтердің жекелеген тобын құру мақсаты үшін есепке алуға жататын сыйақы мөлшерінде - жер қойнауын пайдалану жөніндегі ұлттық компанияның немесе акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері) тікелей немесе жанама түрде осындай жер қойнауын пайдалану жөніндегі ұлттық компанияға тиесілі заңды тұлғаның "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес инвестициялық қаржыландыру бойынша сыйақы жөніндегі мiндеттемесiн стратегиялық әріптесінің барлау кезеңінде есептен шығарудан коммерциялық табуға дейінгі кіріс.

Көрсеткен қызметте және орындалған жұмыстан алынған табыстар, мына жағдайларда қоспағанда, тауарды сатқаннан алынатын табыс ретінде танылады:

-есеп беру күніне мәміленің аяқталу кезенін үлкен деңгейдегі дәлдікпен анықталса;

  • мәмілені жүргізу кезінде жұмсалған шығыстары да, мәмілені аяқтаушы үшін қажет шығыстары да үлкен деңгейдегі дәлдікпен бағаланса.

Мәміленің сипатына қарап оның аяқталу кезеңін анықтаған кезде мына әдістердің бірін пайдаланады:

-белгілі бір күнге жалпы мәміле бойынша жасалған шығыстардың пайыздық қатынасы ;

  • белгілі бір күнге жалпы мәміле бойынша орындалған қызметтің пайыздық қатынасы;

-орындалған жұмысты талдау.

Аралық негізде жасалатын төлемде, яғни сатып алушылардан алынған аванстар, табыс болып танылмайды.

Қызмет көрсетутін, яғни мәміленің нәтижесінде үлкен деңгейдегі дәлдікпен табысты анықтау мүмкін болмаған жағдайда, табыс жұмсалған шығыс мөлшерінде танылады, яғни сол шығыстың орынын жабады .

Негізгі қызметтерден түскен табыстардың есебі «Негізгі қызметтен түскен табыстар» шоттарында ұйымдастырылады. Бұл топқа төмендегі синтетикалық, әрі пассивтік шоттар жатады.

Субъекті қаржылық есеп берген түсіндірме жазбасын бірге тапсырады, онда: көрсетілген қызметтен түсетін табыстарды анықтаудың жолдары; дивиденттер, роялти, пайыздан алынатын табыс, көрсетілетін қызмет, тауарды сатудың нәтижесінде пайда болатын табыстарымен қоса есептік кезең үшін танылатын табыс түрінің әрбір мәнді сомасы ашылуы тиіс. Тауарды айырбастау немесе қызмет көрсету нәтижесінде пайда болатын табыстар сомасы бөлек ашып көрсетіледі.

Сатылатын тауардың (қызметтердің, жұмыстардың) өздік құнының есебі. Сатылатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің өзіндік құнын есепке алуға «Сатылған тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құны» деп аталатын бір топ шоттары арналған.

Жыл аяғында шығындардың барлығы табыс (зиян) шотына көшірілгеннен кейін, шот жабылуы тиіс.

Бағам айырмашылығы бойынша шыққан шығындары жөнінде жасалатын шоттар корреспонденциясы төменде келтірілген.

Өнім өндіруне кеткен шығыстар болады және олар өндіріс көлеміне тәуелді емес. Шаруашылық жүргізуші субьект, еш нәрсе өндірмесе де, белгілі бір кезеңдердің барысында кезең шығыстарын жасайды.

Кезең шығыстарына мыналар жатады:

-жалпы және әкімшілік шығыстар;

-пайыз бойынша шығыстар;

-тауарлы -материалдық запастарды сату бойынша шығыстар.

Жалпы және әкімшілік шығысы. Шығыстың бұл түріне бүкіл және өндірістік-шаруашылық қызметін басқару байланысты кезеңдік шығыстар жатады. .

Қажет болған жағдайда болған жағдайда кәсіпорын осы келтірілген типтік номенклатураны толықтыра алады немесе кәсіпорын олардв әрбір экономика саласының ерекшеліктеріне қарап қысқартуға да, біріктіруге де құқы бар. Жалпы және әкімшілік шығыстары жиынтық табысқа есептен шығарылғаннан кейін, жабылуы тиіс.

Пайыздар (проценттер) бойынша шығысқа банк несиесі және жабдықтардың берген несиесі бойынша, мүлікті жалға беру бойынша төленетін пайыздар жатады.

Пайыздар (марапаттау) -несие алушының ақша капиталын несиеге алғаны үшін несие берушіге төленетін табыстың бір бөлігі. Пайызды өтеудің көзі қарыз капиталын пайдалану процесінен туындайтын құн болып табылады.

Пайыздардың барлық түрлерінің төлемі 684-шотының дебеті және:

-пайыздар арнаулы шоттардан төленгенде 423 -«Банкідегі арнаулы шоттардағы ақша» шотының;

-пайыздар валюталық шоттардан төленгенде 431, 432-шоттарының;

-пайыздар нақты ақшалай төленгенде 451-шотының кредиті бойынша көрініс береді.

«1С:Бухгалтерия 8. 0» ұсынысының регламинттенген есеп берулері деп - форманы, толтыру ретін, жол мен ретті нормаланған құжаттармен берілген есеп берулерді айтады. Олар әр түрлі мемлекеттік органдармен беріледі.

Регламенттенген есеп берулерге келесілер жатады:

  • Бухгалтерлік есеп берулердің формалары;
  • Айыппұл төлейтін арнайы мекемелер мен айыппұл декларациялар және тағы басқа құжаттар;
  • Мемлекеттік емес әлеуметтік фонттар;
  • Статистика формасы;
  • шы;
  • Статистика формасы;
  • Шығарылым декларациялары мен алкогольдік ішімдіктің айналымы;
  • Әр түрлі ұсыныстар;
  • Жасалынатын форманың тізімі;

Есеп берулердің тізімі арнайы «Регламинттенген есеп берулер» анықтамасында қарастырылады. Есеп берудің барлық формасы әгруппаларға бөлінген - бухгалтерлік есеп берулер және айыппұл есеп берулері.

Бұл программаның көбісі регламинттенген есеп берулерден тұрады. Бұларды жеке мекемелер немесе индивидуальдік қолданушылар қолданады. Бірақ та кейбір мекемелер бұл есеп беру формасын толығымен қамти алмайды.

Бұл жағдайда жұмыс істеу үшін әр түрлі тә»сілдер қолданылады, мысалы: қолданбайтын есеп берулердің формасын тығып қоюға болады, форманы тізім бойынша дұрыстап тізіп қою, немесе есеп берулердің формасын тізіп қоятін группировка құру, мысалы келтірсек, жол бойынша тізіп қою.

Жасалынған регламенттенген есеп берулер ақпараттық базада сақталынады. Бұл сақтаудың ыңғайлығы көп. Бұл арқылы бұрын дайндалған есеп берулерге тез арда баруға мүмкіндік береді және де бұрынғы есеп берулердің қатесін дұрыстау үшін жаңа есеп берулерге лезде оралу үшін өте ыңғайлы болып табылады.

Жасалынған есеп берулермен жұмыс істеу үшін арнайы құжаттар құрылады. Бұл құжатпен ыңғайлы жұмыс істеу үшін құжаттың үстінгі арнайы бөлімінде кнопкалар орналасқан. Бұл кнопкалр арқылы есеп берулердің әр түрлі формаларын қарауға болады: мекемелерге, есеп берулердің периодтары, негізделген есеп берулер, немесе ИФНС, бұнда есеп берулер жай түрде ұсынылады. Таңдауды әр бөлікке бөліп немесе тұтас ретінде қарастыруға болады. Мысалы, есеп беруді құрған кезде, біз бұрынғы периодтағы есеп берулерді жаңа есеп берлер арқылы қарауға болады. Бұл өте ыңғайлы тәсіл

болып табылады. Егер де есеп берулермен бірнеше мекемелер жұмыс істесе бұл жағдайда ФНС кодын қолданып жұмыс істейміз. Бұл бөтен қолданушының кірмеуіне жақсы. Және де осы ұсыныс арқылы жұмыс істесе айыппұл бухгалтері тез арада барлығын тексере алады.

Регламенттенген есеп берулер құжатында да басқа құжаттардағыдай жұмыс жасауға болады: баяғыдан бар есеп берулерді ашуға немесе оларды редактілеуге, жаңа есеп берулер құруға, керек емес есеп берулерді жоюға белгілеуге болады.

Баяғыдан белгілі болғандай есеп берулердің формасы периодтық өзгереді: ұсыныс бойынша айыппұл декларациялары мен басқа да есеп берулер формасы бар болса, оларды өзгертуге, немесе заңды құқық еңгізуге болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жылдық жиынтық табыстың бухгалтерлік есептегі мәні
Негізгі және негізгі емес қызметтердің табыстары мен шығыстарының есебі
Жылдық жиынтық табысты есептеудегі салықтардың экономикалық мазмұны
«Семей жолдары» ЖШС-тың жылдық жиынтық табысы
Бюджетпен есеп айырысулардың есебі
Корпорациялық табыс салығы
Салықтың экономикалық мазмұны
Корпорациялық табыс салығын төлеушілер және салық салу объектілері
Салық салынатын табысты түзету
Өндірістік кәсіпорын инвестициялық шешімдерінің экономикалық тиімділігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz