Жасөспірімдер психологиясы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Алматы Гуманитарлы-Экономикалық университеті
Педагогика, бизнес және құқық институты
Педагогика және психология кафедрасы

Реферат
Тақырыбы: Психологтың жасөспірім мен жұмыс жасау технологиясы

Орындады: Жақсылықова Раушан
Тексерді: Еламанова Айдана
Жоспар:
Жасөспірімдер психологиясы.
Жасөспірімдердің анатомиялық- физиологиялық ерекшеліктері.
Жасөспірімдердің тұлға аралық қарым-қатынас орнатуда көмек көрсету

Жасөспірімдер психологиясы - жас мөлшері бойынша балалық шақ пен бозбала шақтың аралығынан табылатын 12-15 жастағы, орта буын және жоғары сынып оқушыларының психологиясы.
Жасөспірімдердің физиологиялық ерекшелігі - олардың дене бітімінің қалыптасуында болғандығы. Кейбір айрықша байқалатын анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктеріне қарай бұл кезеңді өтпе дәуірдің балалары деп те атайды.
Жасөспірімдердің аяқ-қолдарының тездетіле өсуі, бұлшық еттерінің қатаюы олардың дене еңбегіне құмартуларын тудырады, яғни бала жалпы еңбек энтузиазымының әсеріне оңай елігіп, ұжым арасында бар ықыласымен жұмыс істейді. Осы жастағылардан өз шамасын асыра бағалайтын, сондай-ақ әркез үлкендермен пара-пар әрекеттенуге тырысатын жайттарды жиі байқауға болады.
Қазақстанда және ТМД елдерінің оқыту жүйесінде бұл - төртінші сыныптан бастап балаларға жалпы білімнің негіздері оқытыла бастайды. Енді бастауыш сыныптардағыдай сабақты бір мұғалім бермей, қатарынан бірнеше мұғалім оқытатын болады. Бұл айтылғандар балалардың оқу мотивациясына әсер етіп, оларды жаңа жағдайға бейімдеуге мәжбүр етеді.
Жас жағынан алып қарағанда бұлар балалықтан ересектік дәуірге ауысудың аралық кезеңінде тұрады. Жасөспірімдер бұрын санаса бермейтін кішкене бала емес, әйтсе де оның қоғамдағы жағдайына қарап, үлкендер оны әлі де бала санайды. Ал бала болса есейгендігін айтып, өзін жеке адам ретінде көрсетуге тырысады, кейде өзімшілдікке салынып, дөрекілік мінез де көрсетіп қояды. Бұлардың үлкен кісі болып көрінуі кейде қате, жалған жолмен кетуі де мүмкін (мәселен, кейбір осындай балалардың шылым тартуы, үлкендермен қарсыласуы т.б.).
Оқушы басында туындайтын кейбір көмескі ойлар да бұған қосымша себеп болады.
Олардың ересек болуға ұмтылуын ретті жерде қолдап кейбір балалық эмоционаларын, ар-намыс, абырой, борыш, ұят, жауапкершілік секілді жоғары сезімдерге айналдырып оқыту керек. Жасөспірімдердің дербестікке ұмтылуын да қолдап, мінез бен ерік сапаларының ұнамды бітістірін қалыптастыруға жәрдемдесіп, бұларды құр босқа қиқарлықтан, желөкпеліктен ажыратып отыру қажет.
Әрбір мұғалім, әсіресе сынып жетекшілері жасөспірімдердің жеке ерекшеліктеріне тән бейімділіктеріне қарай оларды түрлі қоғам жұмыстарына тартып, қоғамдық пайдалы еңбекке қызу араластырып отырғаны мақұл. Бұл жастағы балалардың оқу әрекетін еңбекпен дұрыс ұштастыру арқылы ғана оларды еңбексүйгіштікке, тәртіптілікке, ұжымдыққа т.б қасиеттерге тәрбиелеуге болады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖАСӨСПІРІМ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАРЫМ - ҚАТЫНАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Даму психологиясының пәні мен міндеттері
Суицид және Суицидтік мінез құлықты нактылау
Жасөспірімдер мен ересектердің қарым - қатынас психологиясы
Бала психикасының дамуындағы сензитивтік кезең
Даму психологиясының пәні, міндеттері және әдістері
Педагогикалық психологияның негізгі теориялары
ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕЛУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қарым - қатынас стилдері
Тұлға денсаулығының психологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz