Азаматтық құқықтық қатынастардың жіктелуі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ
І. ЖАНСҮГІРОВ АТЫНДАҒЫ ЖЕТІСУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ
«ZHANSUGUROV COLLEGE»
КУPCТЫҚ ЖҰМЫC
Пәні: Азаматтық құқық
Тaқыpыбы: Қазақстан Республикасында азаматтық құқықтық қатынастардың дамуы
Мaмaндығы: 0201000 «Құқықтaнy»
Opындaғaн: 306Ққ тoбының cтyдeнті
Кенжебекова Айым
aты-жөні.
Жeтeкші: Наурызбаева Сатыпалды Наурызбайқызы
aты-жөні.
Талдықорған, 2023
Мазмұны
І. Кіріспе3
ІІ. Негізгі бөлім6
1. Азаматтық құқықтық қатынастарға жалпы сипаттама6
1. 1 Азаматтық құқықтық қатынастардың жіктелуі12
1. 2. Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуы. 14
2. 1. Азаматтық құқықтық қатынастардың өзгеруі және тоқтатылуы. 18
2. 1. Азаматтық құқық бұзушылықтар21
2. 2. Азаматтық құқықтық жауапкершіліктер. 24
III. Қорытынды27
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі29
І. КіріспеТақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет болғалы бері нарықтық қатынастарды орнату жолын таңдап алды. Бұл жаңа үрдіс біздің өмірімізге түбегейлі өзгерістер алып келді. Мұның көрінісі ең алдымен құқықтық салада айқын көзге түсуде. Сол себепті бұрынғы құқық жүйесінің орнына жаңа құқықтық қатынастарды реттеу мүмкіншіліктері қарастырылған құқықтық жүйе қалыптасып келеді. Елімізде жеке меншікке руксат беріліп, жекешелендіру процесінің бірнеше кезеңдері жүріп өтті. Экономикамыз қайта құрылып, мемлекеттік басқару құрылымы жаңа үлгіде қалыптасуда. Қазақстан қазіргі кезде әлемдік нарықтық қатынастарға белсене араласатын тәуелсіз мемлекет болғандықтан халықаралық қатынастарды реттейтін заңнамалар мен актілерді бекітуде. Мұның бәрі құқықтың сан алуан салаларындағы өзгерістерді туғызуда. Сондықтан менің курстық жұмысымның тақырыбы азаматтық құқық объектілері өзекті мәселелердің бірі. Өйткені бір ғана мысал ретінде азаматтық құқық объектісі болып табылатын бағалы қағаздардың өзін алсақ та жеткілікті. Демек, осы жұмысты жалғастыра отырып менің нарықтық қатынастардағы азаматтық құқық объектілері туралы кеп мағлұмат жинап, білімімді едәуір көбейте түсетінім анық. Және бұл келешекте маған тигізер пайдасы мол болатыны да мен үшін түсінікті. Қазақтардың дәстүрлі құқығында мүліктік құқық маңызды роль атқарғаны бізге тарихтан мәлім. Қазіргі құқықтың дамуы сол құқықтардың жалғасы іспеттес. Қазақ халқының мүліктік құқығын толық ұғынып түсіну тек қана біліп қою үшін ғана емес сонымен қатар нақты практикалық маңызы бар нәрсе. Бұл біздің тәуелсіз еліміздің азаматтық құқығын айқындай түсуге бастау болатыны сөзсіз.
Курстық жұмыстың мақсаты: азаматтық құқық объектілерінің ұғымын, сонымен қатар объектілерді ерекшелейтін белгілерін көрсету және олардың түрлеріне ашып көрсету және осының негізінде оны Қазақстан Респубикасының азаматтық кодексіндегі жаңа тарауды талдап анықтау болып табылады. Бұл жұмыста қазіргі жағдайдағы мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды қорғаудың түсінігін құралдарын және әдістерін анықтау талпынысы жасалған. Қорғаудың ар - намыс, абырой мен іскерлік бедел сияқты жекелеген объектілеріне көңіл бөлінген.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1. Азаматтық құқықтағы обьектілердің ұғымы мен түрлерін зерттеу.
2. Мүліктік құкықтар ұғымы мен түрлерін анықтау.
3. Мүліктік емес өзіндік құқықтық қатынастардың ұғымы мен түрлерін анықтау.
Зерттеу әдістері: зерттеу барысында теориялық деректер мен тәжірибиелік фактілерге жүйелі түрде талдау жасау, синтездеу және топтастыру әдістері, сонымен қатар салыстырмалы құқықтану мен жүйелік және тарихи талдаудың әдістері, құқықтық модельдеу әдістері қолданылады. Курстық жұмыстың құрылымы: Енді осы өзекті тақырыптың мағынасы мен маңыздылығын аша түсу үшін мен курстық жұмысымды үш тарауға, кіріспе мен қорытындыға жіктедім. Және мұнда пайдаланылған әдебиеттер тізімі келтірілген.
Курстық жұмыстың зерттеу нысаны: Зерттеу жұмысының теоретикалық негізін нормативтік құқықтық актілердің ішінен Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Азаматтық кодекстері құрады. Жалпы әдебиеттерден Төлеуғалиев Ғ., Жайлин Ғ. А. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқық туралы оқулықтарды және интернет материалдарын пайдаландым.
Азаматтық құқық нормаларының талаптарына сәйкес туындайтын және бұл нормаларға тәуелді болатын жақтар арасындағы қатынастар азаматтық құқық қатынастар деп аталады. Азаматтық заңдармен тауар - ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай - ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Азаматтық заңдар өздері реттейтін қатынастарға қатысушылардың теңдігін, меншікке қол сұқпаушылықты, өз еркіндігін, жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол бермеуге болмайтындығын, азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру, нұқсан келтірген құқықтардың қалпына келтірілуін, оларды соттың қорғауын қамтамасыз ету қажеттігін тануға негізделеді.
Азаматтық - құқықтық қатынастардың субъектілері билік пен өзара бағыну қатынастарында болмайды, өзара міндеттермен және құқықтармен ғана байланысты болады. Азаматтық - құқықтық қатынастар субъектілерінің теңдігі олардың мүліктік дербестігіне сүйенеді. Азаматтық - құқықтық қатынастар ұғымынан бұл құқыққа қабілетті адамдар арасындағы заң нормалары реттеген қатынас деген түсінік келіп шығады. Демек, құқықтық қатынастарға қатысушылардың бірінің екіншісіне міндеттерін орындау жөнінде талап қоюы биліктің өкілеттігіне емес, оған тиесілі субъективтік азаматтық құқыққа сүйенеді. Азаматтық - құқықтық қатынастар тууы үшін құқықтық норма болуы тиіс, ал ол осы түрдің құқықтық қатынастарының және оның қатысушылары бола алатын субъектілердің құқық қабілеттілігінің пайда болуын көздейді.
Азаматтық құқық сондай - ақ өзіндік мүліктік емес қатынастарды да реттейді. Мүліктік емес игіліктер өзіндік мүліктік емес қатынастардың объектілері болады. Азаматтық құқық нормалары реттеген қоғамдық қатынстар құқықтық қатынастар, атап айтқанда, азаматтық - құқықтық қатынастар сапасына ие болады. Азаматтық - құқықтық қатынастар дегеніміз азаматтық құқық нормалары реттеген қоғамдық қатынастар. Азаматтық -құқықтық қатынастардың ерекшеліктері азаматтық - құқықтық реттеудің оъектісі мен әдістеріне байланысты. Азаматтық - құқықтық қатынастардың аса маңызды белгісі, ең алдымен, оған қатысушылардың заң жүзіндегі теңдігі. Азаматтық - құқықтық қатынастардың субъектілері билік пен өзара бағыну қатынастарында болмайды, өзара міндеттермен және құқықтарымен ғана байланысты болады. Азаматтық - құқықтық қатынастарға қатысушылардың бірінің екіншісіне міндеттерін орындау жөнінде талап қоюы биліктің өкілеттігіне емес, оған тиесілі субъективтік азаматтық құқыққа сүйенеді. Азаматтық - құқықтық қатынастар субъектілерінің теңдігі олардың мүліктік дербестігіне сүйенеді. Алайда олар өзге де себептермен пайда болатын жағдайда мұндай құқықтық қатынастардың мазмұынын құрайтын құқықтар мен міндеттер қатысушылардың ерікті әркеттерімен жүзеге асырылады.
Азаматтар мен заңды тұлғалар әртүрлі іс - әрекет жасасу кезінде өзара әртүрлі қоғамдық қатынасқа түседі. Құқықтық қатынас - құқық нормалары мен реттелу нәтижесінде пайда болған қоғамдық қатынастың бір түрі. Қоғамдық қатынасты азаматтық - құқық нормалары арқылы реттеу нәтижесінде заңды сипат алып, азаматтық - құқықтық қатынас пайда болады. Азаматтық құқықтық қатынас - бұл азаматтық құқық нормаларымен реттелінетін қоғамдық қатынас.
Азаматтық - құқықтық қатынас барлық қоғамдық қатынас сияқты тұлғалардың өзара қатынас болып табылады. Онда кем дегенде екі тарап болды және олардың әрқайсысы не құқыққа не міндетке ие немесе бұл екі жақты құқықтық қатынаста болса, онда тараптардың әрқайсысы құқықтар мен міндеттерге тепе - тең ие. Азаматтық - құқықтық қатынастар азаматтар өз еркін білдірмесе де пайда болады. Мысалы, зиян келтіруге байланысты міндеттемеде зиян келтіруші мен зиян шегуші мұндай құқықтық қатынастың пайда болуын қаламаса да құқықтық қатынас пайда болады. Мұндай жағдайды тараптар, құқық пен міндетті амалсыздан еріксіз түрде жүзеге асырады.
Азаматтық - құқықтық қатынастың мазмұнын оның қатысушыларының құқықтары мен міндеттері құрайды. Қоғамдық қатынастарды азаматтық -құқықтық реттеуді жүзеге асыру кезінде қатысушылары кейін олардың әрекеттерін анықтайтын субъективтік құқықтар мен міндеттерге ие болады. Құқықтық қатынастар өзара әрекет, қатысушылардың субъективтік құқтары мен оларға жүктелген міндетттерге сәйкес жүзеге асырылады.
ІІ. Негізгі бөлім 1. Азаматтық құқықтық қатынастарға жалпы сипаттамаАзаматтық құқықтық қатынастар азаматтық құқықты түсіну үшін маңызы бар. Азаматтық құқықтық қатынастар дегеніміз қатысушылары бір бірімен субъективті азаматтық құқықтар мен міндеттер арқылы жалғанатын, азаматтық құқықпен реттелетін мүліктік не мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес, мүліктен тыс мүліктік емес қатынастар. Азаматтық заңдар өздері реттейтін қатынастарға қатысушылардың теңдігін, жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығын, азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру, нұқсан келтірілген құқықтардың қалпына келтірілуін, оларды соттың қорғауын қамтамасыз ету қажеттігін тануға негізделеді. Азаматтық құқық көбінесе диспозитивтік нормаларға негізделген [1, 10-бет] .
Азаматтық құқықтық қатынастардың элементтері, субъектілері, объектілері мен мазмұны, ал негізгі бастаулары Қазақстан Республикасының Конституциясы, Азаматтық Кодексі, оған сәйкес қабылданған өзге де заңдар және заңға тәуелді кесімдер болып табылады. Азаматтық құқықтық қатынастарды бірнеше түрге бөліп қарастыруға болады. Олар: мәміле; меншік құқығы; міндеттемелі құқық; мұрагерлік құқық; зияткерлік меншік құқығы. Азаматтық құқықты қорғауды сот, төрелік сот және аралық сот құқықтарды мойындату құқық бұзушылыққа дейінгі болған жағдай, құқықтарды бұзатын немесе бұзылу қаупін туғызатын әрекеттерге тиым салу және т. б. негіздерге сәйкес реттейді. Азаматтық құқықтың объектілеріне мүліктік және мүліктік емес жеке игіліктер мен құқықтар жатады. Ал азаматтық құқықтың субъектілеріне жеке және заңды тұлғалар, мемлекет, әкімшілік - аумақтық бірліктер жатады [1, 13-бет] .
Азаматтық құқықтар мен міндеттер құқықтың субъектілері деп аталатын құқықтық қатынасқа қатынасушыларға тән. Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың субъектілеріне: жеке және заңды тұғалар, мемлекет, сондай -ақ әкімшілік - аумақтық бөліністер жатады.
Жеке тұлға - Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттің азаматтары, сондай - ақ азаматтығы жоқ адамдар. Азаматтарда өз құқықтары іс - әрекетін жүзеге асыру үшін құқықтық және әрекет қабілеттілігі болуы тиіс. Азаматтың құқықтың қабілеттілігі дегеніміз азаматтың заңмен бекітілген құқықтарға ие болып, белгілі бір міндеттерді атқара алу қабілеттілігі. Азаматтық құқық қабілеттілігі барлық азаматтарға ортақ, ол туған кезден басталып қайтыс болған соң тоқтатылады [1, 25-бет] .
Құқықтың қабілеттілігінің негізінде азаматтар:
- өзінің меншігіндегі мүлікке ие бола алады;
- мүлікті мұрагерлікке беріп және өсиет ете алады;
- республика аумағында еркін жүріп тұруға және тұрғылықты жер таңдай алады;
- заңмен шектелмеген кез келген кәсіпкерлікпен шұғылдана алады;
- заңды тұлға құра алады;
- заңмен тыйым салынбаған кез келген мәмілелер жасап міндеттемелерге қатыса алады;
- басқа да мүліктік және мүліктік емес құқықтарға ие бола алады.
Тұрақты немесе көбінесе тұратын елді мекен оның тұрғылықты жері деп танылады. Заңдар бойынша азаматтардың жасырын түрде құқықтар иеленіп, міндеттерді жүзеге асыратын жағдайлары немесе бүркеншік ат пайдаланатын реттері көзделуі мүмкін; азамат тұрақты немесе көбінесе тұратын елді мекен оның тұрғылықты жері деп танылады.
Заңды тұлғалардың құқықтық қабілеттілігі олар мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін пайда болып, өздерінің қызметін тоқтатқанда жойылады [2, 35-бет] .
Азаматтық әрекет қабілеттілігі дегеніміз азаматтың өзінің іс қимылымен белгілі бір құқықтарға ие бола алу және сол құқықтарды іске асыра алу және белгілі бір міндеттерді атқару, алып жүру қабілеттілігі, ол 18 жастан пайда болады.
Жасы 18 - ге толмағандардың әрекет қабілеттілігі екі топқа бөлінеді:
- он төрт жасқа толмағандар;
- он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгілер.
Азаматтық қабілеттіліктің әрекет қабілеттілігі жоқ, жартылай, толық емес, толық, шектелген деген сияқты түрлері бар. Алты жасқа дейінгі, жүйке ауруы немесе ақыл есінің кем азаматтар әрекет құбілеттілі жоқ деп танылады. Жартылай әрекет қабілеттілі алты және он төрт дейінгі балаларға тән. Он төрт жасқа толмағандар үшін келісімдерді олардың атынан ата -аналары, бала асырап алған адамдар немесе қамқоршылар жасайды. өздігінен бұл жасөспірімдер тек өздерінің жасына лайықты күнделікті тұрмыстағы жасалған кезінде орындалатын ұсақ келісімдерді жасауға хақылы. Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың толық емес әрекет қабілеттілігі бар деп мойындалады. Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгілер келісімді ата - аналарының, бала асырап алған адамдардың немесе қамқоршылардың ризалығымен жасайды. Өздігінен олар табысын немесе стипендиясын билеуге, өздерінің шығармаларына, өнертапқыштық құқықтарын жүзеге асыруға, сондай - ақ күнделікті тұрмыстағы келісімді жасауға хақылы. Азаматтар он сегіз жасқа, яғни кәмелетке толғанда олардың толық әрекет қабілеттілігі мойындалады.
Жүйке ауруы немесе ақыл - есінің кемдігі салдарынан өз әрекеттерінің мәнін түсіне алмайтын немесе не істегенін білмейтін азаматты сот әрекет қабілеттілігі жоқдеп тануы мүмкін, соған байланысты оған қамқоршылық белгіленеді [2, 89-бет] .
Спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салыну салдарынан өзінің отбасын материялдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратқан азаматтың әрекет қабілеттілігін сот Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде белгіленген тәртіп бойынша шектеуі мүмкін. Оған да қамқоршы белгіленеді. Бірақ, ол тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы.
Заңды тұлға құрмай - ақ мемлекеттік тіркеуге тұрған кезден бастап, азаматтар кәсіпкерлік қызметпен айналысуға және де осы кезден жеке кәсіпкерліктің субъектілері болып табылады. Түрлер: өзіндік, бірлескен кәсіпкерлік. өзіндік кәсіпкерлікті бір азамат меншік құқығы бойынша өзіне тиесілі мүлік негізінде, сондай - ақ мүлікті пайдалануға немесе оған билік етуге жол беретін өзгеде құқыққа, ал бірлескен кәсіпкерлікті жеке кәсіпкерлер ортақ меншік құқығы бойынша өздеріне тиесілі мүлік негізінде, сондай - ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға немесе оған билік етуге жол беретін өзге де құқықтарға байланысты жүзеге асырылады.
Түрлері:
- ерлі - зайыптылардың бірлескен ортақ меншігі негізінде жүзеге асырылатын ерлі - зайыптылар кәсіпкерлігі;
- шаруа (фермерлік) шаруашылығының ортақ меншігі немесе жекешендірілген тұрғын үйге бірлескен ортақ меншік негізінде жүзеге асырылатын отбасылық кәсіпкерлік;
- кәсіпкерлік қызмет үлестік ортақ меншік негізінде жүзеге асырылатын жай серіктестік.
Заңды тұлға құрмастан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы азаматтарды мемлекеттік тіркеу, өзі барып тіркелетін сипатта, оның тұрғылықты жері бойынша аумақтық салық органында (тіркеуші орган) есепке алынуы арқылы жүзеге асырылады. Егер жеке кәсіпкер лицензиялауға тиісті қызметті жүзеге асырса, осындай қызметті істейтін болса, онда оны атқаруға лицензиясының болуы міндетті болып табылады [3, 90-бет] .
Өздерінің қажеттерін қанағаттандыру барысында азаматтар мен заңды тұлғалар үнемі өзара әртүрлі қатынастарға түсуге мәжбүр болады. Адамдар (олар құрған ұйымдар - заңды тұлғалар) арасында қалыптасатын нақты қатынастар сан түрлі болады. Оларды әр түрлі әлеуметтік нормалар, атап айтқанда, моральдық және этикалық нормалар реттеп отырады. Мұндай қатынастардың айтарлықтай бөлігін құқық нормаларда реттейді, олар құқықтық қатынастар нысанына ие болады. Құқықтық реттеудің нәтижесінде қолданыстағы қоғамдық қатынастармен қатар, әлде бір жаңа (құқықтық) қатынастар пайда болмайды. Құқықтық қатынастар дегеніміз бұл нақты қоғамдық қатынастардың нысаны ғана [4, 19-бет] .
Азаматтық - құқықтық қатынастар ерікті болады. Әдетте, мұндай қатынастар оларға қатысушылардың қалауы бойынша жасалады, өйткені азаматтық - құқықтық қатынастардың басым бөлігі шарттың негізінде пайда тауар - ақша айналымы саласында қалыптасатын қатынастарды реттейді. Азаматтық құқық сондай - ақ өзіндік мүліктік емес қатынастарды да реттейді. Мүліктік емес игіліктер өзіндік мүліктік емес қатынастардың объектілері болады. Азаматтық құқық нормалары реттеген қоғамдық қатынстар құқықтық қатынастар, атап айтқанда, азаматтық - құқықтық қатынастар сапасына ие болады. Азаматтық - құқықтық қатынастар дегеніміз азаматтық құқық нормалары реттеген қоғамдық қатынастар.
Азаматтық құқықтық қатынастардың ерекшеліктері азаматтық құқықтық реттеудің оъектісі мен әдістеріне байланысты. Азаматтық - құқықтық қатынастарың аса маңызды белгісі, ең алдымен, оған қатысушылардың заң жүзіндегі теңдігі. Азаматтық - құқықтық қатынастардың субъектілері билік пен өзара бағыну қатынастарында болмайды, өзара міндеттермен және құқықтарымен ғана байланысты болады. Азаматтық - құқықтық қатынастарға қатысушылардың бірінің екіншісіне міндеттерін орындау жөнінде талап қоюы биліктің өқілеттігіне емес, оған тиесілі субъективтік азаматтық құқыққа сүйенеді. Азаматтық - құқықтық қатынастар субъектілерінің теңдігі олардың мүліктік дербестігіне сүйенеді. Алайда олар өзге де себептермен пайда болатын жағдайда мұндай құқықтық қатынастардың мазмұынын құрайтын құқықтар мен міндеттер қатысушылардың ерікті әркеттерімен жүзеге асырылады [4, 22-бет] .
Азаматтық - құқықтық қатынастардың түрлері. Азаматтық - құқықтық қатынастардың нормалары реттейтін объектіге қарай азаматтық - құқықтық қатынастардың мынадай түрлерін ажыратады:
- мүліктік қатынастар;
- мүліктік қатынастармен байланысты мүліктік емес өзіндік қатынастар;
- мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес өзіндік қатынастар;
Азаматтық - құқықтық реттеудің объектісі, ең алдымен, мүліктік қатынастар болатындықтан, азаматтық - құқықтық қатынастардың басым бөлігі мүліктік сипатта болады. Мүліктік азаматтық - құқықтық қатынастардың объектісі материалдық игіліктер мен құқық (мүлік) болып табылады. Меншік қатынастары, мүліктің бір тұлғадан екінші тұлғаға өтуіне (сатып алу-сату, айырбас, займ және т. с. с. ) делдалдық жасайтын қатынастар мүліктік азаматтық - құқықтық қатынастарға жатады. Интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелері мүліктік қатынастармен байланысты мүліктік емес өзіндік құқықтық қатынастардың объектісі болып табылады. Интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелеріне құқық мүліктік емес сипатта болады (авторлық құқығы, шығармаға қол сұғылмау құқығы және т. с. с. ), алайда оларды басқа тұлғалардың пайдалануы ақылы негізде жалпы ереже бойынша жүргізіледі, осының салдарынан аталған құқықтық қатынастар мүліктік емес болғандықтан, мүліктік қатынастармен байланысты болып шығады. Адамның жеке басына қатысты материалдық емес құқықтыр мен игіліктер ар - намыс, қадір - қасиет, іскерлік бедел және т. с. с. мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес өзіндік қатынастардың объектісі болып табылады.
Сонымен қатар, абсолюттік және салыстырмалы азаматтық - құқықтық қатынастар болады. Абсолюттік құқықтық қатынастарда құқық берілген адамға міндетті ретінде үшінші адамдардың беймәлім тобы қарсы тұрады, мұндай құқықтық қатынастарда іс жүзінде әркім және барша жұрт міндетті болып шығады. Мысалы, меншіктің құқықтық қатынастары абсолюттік қатынастарға жатады, мұнда меншіктің субъективтік құқығына барлық үшінші тұлғалардың бұл құқықты бұзбау, оны жүзеге асыруға кедергі жасамау міндеті ұштасады. Салыстырмалы құқықтық қатынастарда нақты адам (адамдар) міндетті болып табылады. Салыстырмалы құқықтық қатынастар құқық берілген тараптың да, міндетті тараптың да нақты тұлғаларын байланыстырады, яғни дербестелген болып табылады. Мәселен, зиян келтіреген адам жәбірленушіге зиянның орнын толтыруға, сатып алушы өзі сатып алған заттың құнын төлеуге міндетті. Кез - келген адам абсолютті құқықты бұзып алуы мүмкін, тиісінше, мұндай құқық субъектісіне оны кез келген адамның бұзуынан қорғау құқығы ұсынылады. Мәселен, автордың шығармасына қол сұғылмау құқығын кез келген адам бұзуы мүмкін. Салыстырмалы құқықты міндетті адам ғана бұза алады. Мердігер атқарған жұмыстың ақысын талап ету құқығын тек тапсырыс беруші бұза алады. Демек, салыстырмалы құқық нақты адамдар тарапынан болатын құқық бұзушылықтан қорғаумен қамтамасыз етілген, келтірілген мысалда - тапсырыс беруші тарапынан қорғалады [4, 30-бет] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz