Құқықтық реттеу механизмі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
Экономика және құқық факультеті
Құқықтану кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: Мемлекет және құқық теориясы
Тақырыбы: Құқықтық реттеу механизмі


Орындаған: Қ-104
Асылбекқызы Наргиз
Тексерген: т.ғ.к
Исибаева Е.И

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1.ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ МЕХАНИЗМНІҢ ЖАЛПЫ ТҮСІНІГІ, ЭЛЕМЕНТТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.1 Құқықтық реттеу механизмінің жалпы түсінігі мен мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2 Құқықтық реттеу механизмінің элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

2. ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ МЕХАНИЗМНІҢ МӘНІ, МАҢЫЗЫ, ТИІМДІЛІГІ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Құқықты жүзеге асырудың мәні мен маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Құқықтық реттеудің тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы.
Құқықтық реттеу механизмі - бұл құқықтық теорияның маңызды категориясы.Яғни құқықтық субьектілердің көздеген мақсатының орындалуына жол бермей болдырмау әрекеттерінде кезекті түрде ұйымдасқан ереженің механизмі.
Құқықтық механизм-адамдардың арасындағы қатынас.Құқықтық реттеу механизмінің элементтеріне келер болсақ құқық нормасы мұнда көздеген мақсатың орындалуына көрнекі ыңғайланады, ұйымдастырушылық- орындаушы акт сияқты нәтижелі дәлелмен біріккен заңды нәтиже және нәтижелі бөлімше, құқықтық байланыс-бұл жердегі нормалық міндеттерге ұқсас субьектілерге байланысты анықталады,құқықтар,жауапкершілікті іске асыру актілері-субьектілердің қорғау,орындау,қолдану сияқты қимылдары, қорғайтын,заңқолданушы акт- нұқсан келтірушілік кезеңінде пайдаланады.
Тақырыптың өзектілігі.
Құқықтық реттеу тиімділігі- құқықтық түзетудің жалпы мен одан ілгері тұрған мақсаттың арасындағы байланыс.Құқықтық реттеудің тиімділігін өсірудің төмендегідей жолын айтуға болады.Құқық шығармашылықты дамыту,бұның қорытындысында ереже шығармашылық әдістің жоғары құзыреттілікке орай құқық нормаларында қоғамдық көздеген мақсаты,заңы көбінесе сөзсіз болады.Бұл мезетте оны заңды немесе ақпараттық құралдардың арқасында заңды сақтау оны үзуден нәтижелі болатын жағдай істеу керек.Құқықты қолдануды дамыту нормативтік реттеудің қорытындысын көбейтеді.Құқықты қолдану әрбір заңды болып жатқан жағдайын өзінің өзгешеліктерін алдын алады. Құқық шығармашылық пен құқық қолдануды дұрыс орналастыру құқықтық реттеуге ептілікті.күрделілікті береді. Қоғамдық қатынастар өзінен-өзі тәртіп, ереже басында. қылығы және адамгершілік міндеттер негізінде бірыңғайлық мағынадағы адам құндылықтары арасында реттелмейді. Құқықтық реттеу механизмін тұтас түрде ашып көрсетеді, талдау жасайды. Құқық әлеуметтік нормалардың бір түрі ретінде нормативтік қасиетке тән. Ол түрді реттеуші ретінде межесі дәл беймәлім есімісіз жағдай жасап жалпы белгілерге (жасы; есі дұрыстығы, адамның белгілеріне) ұқсас жұмыс істейді.
Құқықтың әрекеті қоғамдық қатынастардың көздеген мақсаттарына олардың өзінің өзгешеліктерінен тәуелсіз бірдей істерді қолдану көзқарастарына бағытталған, шындыққа келсек, көздеген мақсаттары тең емес. (формальды принцип).
Құқық нормалары сырттай объективті болуы шарт ақылды, әлеуметтік және белгілі жариялы сияқты накты болуы шарт (құқықтың қайнар көзінде формальды мағынада): нормативті-құқықтық актларда, құқықтық дәстүрде, заңды прецеденттерде т.б.
Құқық ішкі реттеу көруіне байланысты бір-бірімен мақсатқа орай қарым-қатынастағы іс шаралардың жүйесі. Құқық бәріне міндетті. Оның ерекшелігі басқа әлеуметтік нормаларға қарағанда жалпы мемлекеттік нормативтік жүйені құрайды және өзінің әрекетін қоғамның барлық мүшелеріне жүргізеді.
Тақырыптың зерттеу деңгейі. Құқықтық жүйе мәселсін зерттеген бірнеше ғалымдар бар: Мысалы: Г. Адрасулова, Алексеев С. С, В. Д. Попков, В, М, Ведяхин, з.ғ.д М.Н. Марченко, з.ғ.д. М. В. Алексей, з.ғ.д Л. Э. Олег, з.ғ.д Б. Г. Александр, В. А. Евгений, Венгеров А. Б, Диканов В. В. Қазақ ғалымдарынан: з.ғ.д М.Т. Баймаханов, з.ғ.д С. А. Табанов, з.ғ.д Б. Б. Базарбаев, з.ғ.д З. Ж. Кенжалиев, з.ғ.д И. И. Лукашук. Абенов Е. М, Арынов Е. М, Тасмағамбетов
Құқық көздеген мақсатының құқықтық мәдениетінің дәрежесін көтеру құқықтық реттеудің сапасына, заңдылық пен құқықтық тәртіпті күшейтуге әсерін тигізеді
Құқықтық реттеу механизмнің бағасын жақсартуға құқықтық сана мен құқықтық мәдениет өз пайдасын тигізді.Құқытық сана - бұл азаматтардың құқыққа деген қатынасын көрсететін көзқарастармен сезімдердің ,эмоцияның, бағалаудың қорытындысы түріндегі қоғамдық сананың ерекше түрі Құқықтық сана - бұл адамдардың жаңадан қабылданған заңдарға нормативтік актілердің сай жоспарларына және т.б. деген дұрыс немесе бұрыс пайымдауы. Құқытық мәдениет құқықтық санамен жақын байланыста сонымен оны бағыттқа алады.Бірақ құқықтық мәдениет құқықтық санаға қарағанда көп. себебі, ол психологиялық және идеологиялық элементтермен қоса заңды мәні бар жүріс - тұрысты да иеленеді.
Құқытық нормасы - бұл мемлекет таныған және қамтамасыз ететін жалпыға міндетті, формальды анықталған жүріс - тұрыс ережесі. Құқық нормасынан қоғамдық қатынастаразаматтарының құқықтары мен міндеттері пайда болады.Осы ереже айтылған субьектілерді істерін дұрыстауға межелеген.
Зерттеу мақсаты. Құқықтық қатынас категориясын құқықтың жалпы теориясында негізі, орталық категориялардың бірі болып табылады және адамдардың жүріс тұрысын, құқықтық қандай жолмен әсер ететінін түсінуге мүмкіндік береді. Құқықтық қатынас - құқық нормаларымен әсерінен пайда болған қоғамдық қатынас. Құқық нормалары мен құқықтық қатынастар өте жақын,ұқсас.. Құқық нормасы - бұл жалпыға міндетті жүріс - тұрыс ережесі болса ал құқықтық қатынас - құқық нормасының негізінде пайда болатын қоғамдық қатынас.
Зерттеу міндеті. Олардың арасында ұқсастық бар.Яғни,екеуіде құқықтық реттеу механизмінің негізі болып табылады; құқық нормасы - бұл құқықтық қатынастың пайда болуының негізі;
I.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.ҚҰҚЫҚТЫ РЕТТЕУ МЕХАНИЗМНІҢ ЖАЛПЫ ТҮСІНІГІ, ЭЛЕМЕНТТЕРІ
1.1. Құқықты реттеу механизмнің түсінігі мен мазмұны
Құқықтық реттеу механизмі-бұл заңдылық құралдардың жүйесі,олардың көмегімен қоғамдық қатынстарға құқықтық әсер ету жүзеге асырылады,құқық субьектілерінің мүдделері қанағаттандырылады.
Құқықтық реттеу механизмінің мақсаты - көздеген мақсаттарының байланысын құндылықтарға тежеулері бағдар алуын бақылау . Қоғамдағы барлық қарым-қатынасты құқықтық реттеу өте күрделі, ол көп салалы, көп жүйелі процесс. Құқықтық басқарудың екі бағыты бар: құқықтың қоғамдағы бағыттарына тигізетін әсері, пайдасы және құқықтық реттеудің, басқарудың рөлі. Бұл екі процесті қосып айтсақ - қатынасты құқықтық реттеудің, басқарудың механизмі дейді. Құқықтық реттеу механизмінің мақсаттары бар.Олар:
- өркениетті қоғамның қалыпты өмірінің негізі жəне сөзсіз талабы ретіндегізаңдылық пен құқықтық тəртіпті қолдау;
- мемлекеттік құрылымдардыоңтайлы құру, олардың нəтижелі қызмет етуі;
- адамның құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру, адамның өз міндеттерін орындауы, азаматтар мен ұйымдардың заңды мүдделері мен құқықтарын тиімді қорғау;
- қоғам мүшелерінде прогрессивтік құқықтық сана мен құқықтық мəдениетті қалыптастыру Қоғамдағы қатынастағы құқықтық реттеу механизмінің ішінің элементтері : құқықтық норма, құқықтық қатынас және заңды құқық пен міндеттің орындалу туралы актісі. 1) Құқықтық норма әсерінен өмірдегі заңдылықтың, тәртіптің мазмұны, шеңбері, - мақсатты табылады, олардың орындалу бағыттары, жолдары, тәсілдері көрсетіледі. Егер дұрыс орындалмаса жауапкершіліктің түрлері бар.
2) Құқықтық қатынас арқылы субьектіердің арақатынасын мүдде - мақсатын, құқық пен міндеттерін анықтап, біліп отырады. Ол мүдде - мақсаттарды қандай нормативтік актілер арқылы іске асырады, қатынастың басталуы мен аяқталуы көрсетіледі. 3) Заңды құқық пен міндеттің орындалуы туралы актіде - қатынастың толық орындалып, аяқталуы, мүдде - мақсаттың екі жақты іске асыру, дұрыс
орындалмаса - кім кінәлі екендігін көрсетеді, оны түзету, орындау керектігі анықталады. Осы үш элементтерге байланысты қатынасты реттеу механизмі үш кезеңге бөлінеді: қатынастың басталуы, ол қатынасты реттеу үшін жаңа норманың өмірге келуі, субьектілердің құқықтары мен міндеттерінің жақсы жұмыс атқару үшін субьектілердің рухани сана - сезімі, құқықтың білімі, мамандық тәжірбесі жоғары деңгейде болуы керек. Құқықтық сапасы да жақсы, халыққа түсінікті болуы керек. Мемлекет осы мәселелерге аса қатты көңіл бөледі. Себебі бұл механизмнің алдында тұрған мақсат қоғамдағы ең қиын, аса жауапты мақсат - ол нормативтік актілердің дұрыс, уақытында орындалуын қамтамасыз етеді. Сол арқылы халықтың бостандығын, теңдігін дұрыс дамыту, қоғамда әділеттікті, демократияны орнату, құқықтық мемлекетті қалыптастыру. Құқық шығармашылық процесі жақсы жүргізілсе, құқықтық нормалардың да деңгейі жақсы болады. Сапалы нормаларды түсіну оңай, орындалуы да оңай. Сондықтан, осы сапалы процестер құқықтық реттеу механизмінің жұмысын жақсартуға көп үлес қосады. Құқық қоғамда үлкен қызмет атқарады. Ол қоғам өмірінің барлық салаларына, және адамның өміріне өзіне байланысты әрекеттерді әкеледі. Құқықтық саяси қызметі қоғам саласында болады. Құқықтық экономикалық әлеуметтік, тәрбиелік, мәдени жұмыстарының пайдасы көп.Сонымен қатар құқық мемлекетті, қоғамда және адамдардың мүддесін қорғау қызметін де жүзеге асады.
Құқықтық мәдениет мәдени іс - қимылдарды оларды жүзеге асыру және мемлекет органдарының дәрежелерінің іс - әрекеттері жөнінде адамдардың жалпы түсінігі менайтулары. Құқықтық мәдениет - адамдардың құқық туралы ой - пікірлері, сезімдері мен пайымдаулары. Осы қажеттіліктер тұлғаның құқыққа сай мінездерінен, жүріс - тұрыстарынан көрініс табады.
Әр ғасыр өз талғамына сай мәдениетті қажет етеді және сондай мәдениетті жасайды. Сонымен, біз бүгінгі жастарғаөткен өмірдің ескі көз қарастарын сақтау керектігін айтуымыз керек.. Жастарға - мәдени мұраны біл, оны үйрен және оны өз дәуіріне сай етіп пайдалана біл, жетілдір, алға дамыт деп талап қоя білуіміз қажет. Егер жастар мәдени мұрамызды білсе, оны шығармашылықпен байланыстырып, жаңа ұлттық мәдениет жасасақ, қазақ халқының рухы да мәдениеті де зиянды. Республикамыз егемендік алып, мемлекеттік тәуелсіздігіміз өмір шындығына айналды, қолымыздан келгенше оны жақсарту және пайдалану күн тәртібіне айналды. Өзіне ғана үйлесетін құқықтық сезімі, құқықтық ұғымы халықымыздың жанында. Оның ерекшілігін - ұлттық құқықтық мәдениетін - ұмытпауды және соған назар аударудан талап етеді. Заң -мінез - құлық арқылы қоғам басқарылады, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары жүзеге асырылады. Заңды мінез - құлық дегеніміз - құқықтық нормалардың көрсеткіштеріне орай келетін адамдардың мінез - құлқы. Құқықтың әлеуметтінің мақсаты оның істерінен байқалады. Оның қызметі қоғамдық қатынастарға, адамдардың мінез - құлқына, іс - әрекеттеріне әсер ету. Құқықтың қызметінің мәні, біріншіден, құқықтық қатынастастарды баянды ету, тұрақтандыру; екіншіден, жеке адамның, қоғамның, мемлекет органының зиянды іс - әрекетіне тыйым салу; үшіншіден - мемелекет адамдардың құқықтары мен бостандықтарын паш
етумен қатар, оларды қорғау жолдарын, әдістерін, мүмкіндіктерін жан - жақты қарастырады. Құқықтық реттеу механизмнің мәнін жақсартуға құқықтық сана мен құқықтық мәдениет көп көмектесті . Құқықтық сана еліміздің азаматтарының жүзеге асырылып жүрген заңдарға, оларды қолдануға үйретеді. Қазіргі Қазақстан Республикасының көпшіліктегі орны өзгеше. Жеке мемлекет есебіндегі оның дүниежүзілік мемлекетарлық қатынастағы салмағы ерекше. Еліміздің осы жаңа орнын жақсартудың негізі, оның егемендігін нығайтып, тәуелсіздігін арттыра түсу, сөйтіп, бұл құңдылықты халқымыздың мақсат - мүддесіне және иелігіне қызмет еткізу екендігі даусыз. Қазіргі таңдағы республика ғылымының даму бағыт - бағдары да осы айытылған жәйттерден туындайды. Заң ғылымын, оның ішінде дәстүрлі ұлттық, құқықтық мәдениетті зерттеуге арналған ізденістердің алдында да тың көкжиектер ашылуда. Оларға жаңа талаптар қойылуда, жаңа тұғырлар, көзқарастар айтылуда. Ұлттық сананың қайта түлеуі, соған сай ұлттық құқықтық сана - сезімнің де оянуы, билер институттарының пайдалануы айтылған ойыңызды қуаттай түседі. Әдет - ғұрыпқа негізделген құқықтық жүйе мемлекет заңдарымен түзелген құқықтық жүйеге қарағанда басқаша . Бұл өзгешілік әдет - ғұрып құқығының тарихи контексінде, әлеуметтік - саяси астарында, рухани жағынанда, принцип - қағидаларында, өмірдің құндылықтарында, адамға әсер ету ерекшеліктерінде, әдет құқығы өзінің ішкі мәні және мазмұны, сыртқы түр - сипаты, іс - қимылды реттеу және оған әсер ету мүмкіншіліктері, жалпы болмысы, яғни, қандай параметрлері тұрғысынан алса да адамзат мәдениетінің ерекше туындысы екендігіне шүбә келтірмейді. Сондықтан, бұл құқықтық жүйеге, оның тарихтағы орнына сай көзқарас, соған лайық зерттеу әдісі және ұғым - түсініктер қажет. Қоғам тәртіпке, заңдылыққа негізделіп, соған арқа сүйеп қалыптасып, өмір сүре алады. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, қирайды, оның келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден - ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп адамадардың мінез - құлқын, іс - әрекетін реттейтін қағидалардың, есерімен орнатылады. Қоғамдағы барлық қарым - қатынасты құқықтық реттеу өте күрделі, ол көп салалы, көп жүйесі процесс. Құқықтың басқарудың екі қиын бағыты: құқықтың қатынастарға тигізетін әсері, ықпалы және құқықтық реттеудің, басқарудың атқаратын қызметі. Бұл екі процесті қосып айтқанда - қатынасты құқықтық реттеудің, басқарудың механизмі дейді. Сонымен, қатынасты құқықтық реттеу механизмі дегеніміз - субьектілердің арақатынасын нормативтік актілер арқылы реттеп, басқарып іске асыру бағыты, әдісі, тәсілі. Бұл заңда жүйе, заңды механизм. Қоғамдағы
қатынасты құқықтық реттеудің жақсы дамуы мемлекеттің бірлестіктердің, саяси ұйымдардың, дұрыс әділетті жұмыс жасауының сипаттамасы, халықтың бостандығы, теңдігі дамып, жеке адамның, қоғамның мүдде - мақсаттары
бірігіп қалыптасуының сипаттамасы. Заңдылық дегеніміз - мемлекеттің конституциясын, парламанеттің қабылдаған заңдарын, президенттің жарлықтарын бақылап, оларға зиян келтіруге жол бермеу. Заңға тәуелді актілерді бақылау заңдылыққа жатпайды. Заңдылықтың мазмұны үш элементтен құрылады. Қоғамда әділ заң саясаты болу керек. Сол арқылы мемлекеттің заңдары бостандықты, теңдікті, адамгершілікті, инабаттылықты, парасаттылықты т. б. Жақсылықты қорғау керек, мемлекет пен азаматтардың арақатынасын дұрыс басқару. Құқықтық реттеу 3 тәсілі бар: рұқсат берушілік, міндеттеуші, тыйым салушы.
1) рұқсат беруші азаматқа өз мүддесінде нақты бір іс -әрекеттерді жасау құқығын беррумен байланысты болады. Ол мынадай жағдайларда көрініс табуы мүмкін: а) субъективті құқық; б) бостандық; в) субъективті мүдде.
2) міндеттеу адамдарға заңды не шартты көрсеткен іс -әрекеттерді істеу қажеттілігін жүктеумен байланыстырылған. Міндеттеу орындаушы азаматтардың мүдделеріне бағытталады және нақты бір іс - әрекеттерді істеуге міндетті, ерекше бір бұйрықты білдіреді. Міндеттеу белсенді мінез - құлықты қалыптастырады.
3) тыйым салушылық нақты іс - әрекеттерден бас тарту қажеттілігімен байланыстырылған, мінез - құлықты қалыптастырады.
Міндеттеушілер,тыйым салушылардың арасында тығыз байланыс бар. Haқты бір іс -әрекетті істеу міндеттілігі оны орындамауға тыйым салу. Құқықтық реттеу типтері - рұқсат берушіліктердің, не болмаса міндеттеулердің, не болмаса рұқсат бермеушілердің. Құқықтық реттеудің 2 типі болады: жалпы рұқсат берушілік ,шешуші.
1. Жалпыға рұқсат берушілік - нақты тыйым салынғандардан басқа барлығына рұқсат беріледі. Құқықтық реттеудің осы типі қандайда болсын міндеттерді шешкенде, белсенділікке, , азаматтық құқықтық, отбасылық, еңбектік реттеуге тән болып келеді.
2. Тыйым салу қандайда болсын іс - әрекет түріне жалпы тыйым салуға бағытталған, бірақ жеке тәртіпте тыйым салынған мінез - құлыққа рұқсат беріледі. Оның тұжырымдамасы - тура рұқсат етілгеннен басқаларының барлығына тыйым салынады. Құқықтық реттеудің осы типі конституциялық, әкімшілік салық.
3. Құқықтық реттеудің жалпыға рұқсат берушілік типі құқықта әлеуметтік бостaндықты бекітумен, адамдардың еркін білдіруімен байланысты болып келеді. Шeшуші тип әлеуметтік байланыстарды реттеу, заңдылық қағидаларын жүйелі түрде жүзеге aсыру қажеттілігінен туындайды. Ол зaңды жауапкершілікті қолдану кезінде және басқа да мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолданған кезде бірден-бір жалғыз болып келеді. Құқықтық режим - бұл заңды құралдардың белгілі бір бірлігінде көрінетін жәнe қалаулы әлеуметтік жағдай мен құқық субъектілерін қанағаттануы үшін қaлaулы әлеуметтік жағдай мен құқық субъектілерін қанағаттануы үшін қолайлық немесе қолайсыздықтың нақты бір деңгейі болатын құқықтық реттеудің ерекше тәртібі.
Құқықтық реттеудің белгілері:
- заңнамада белгіленеді және мемлекет қамтамасыз етеді;
- қандайда болмасын құқық субъектілерінің немесе объектілерін уақыттық немесе кеңістіктік шектерде бөліп көрсете отырып, қоғамдық қатынастардың нақты облыстарын ерекше түрде реттеу мақсаты болады;
- зaңды құрaлдaрдaн тұратын және олардың белгілі бір бірігімен сипатталатын құқықтық реттеудің ерекше тәртібін білдіреді;
- құқықтың жекелеген субъектілерінің мүдделерін қамтамасыз ету үшін қолайлылықтың немесе қолaйсыздықтың нақты бір деңгейін тудырады.
Құқықтық режимдер әртүрлі классификацияланады:
- құқықтық реттеу пәніне байланысты - конституциялық, әкімшілік, салықтық, кедендік және т.б.
- табиғатына байланысты - материалды және іс жүргізушілік режимдер;
- мазмұны бойынша - валюталық, баж салығының, кедендік және т.б.
- белгіленуші субъектілеріне байланысты - босқындардың, күштеп көшірілгендердің, азаматтығы жоқ тұлғалардың және т.б.
- құқық функцияларына байланысты - ерекше реттеу және ерекше қорғау режимі;
- көрсетілу нысанына байланысты - заңды және келісімшарттық;
- оларды белгілейтін нормативті актілердің деңгейіне байланысты - жалпы, аймақтық, локалды;
- пайдаланылу сферасына байланысты - ішкі мемлекеттік және мемлекет аралық
Құқықтық реттеу механизмнің әдістері:
Құқықтық реттеу әдісі дегеніміз -- ұқсас қоғамдық қатынастарды тиімді құқықтың реттеуді жузеге асыруға көмектесетін заңды тәсілдер. Құқықтық реттеудің мынадай негізгі әдістері бар:
:: имперактивті -- тыйым салу, міндеттеу және жазалауға негізделген жазбаша өкім әдісі;
:: диспозитивті -- рұқсат етілуге, үйлестіруге, бостандық пен теңдікке
:: негізделген тараптардың тең құқықты әдісі.
Cондай-ақ қосымша әдістер де болады:
:: көтермелейтін -- құрметтеуге лайықты іс-өрекет үшін марапаттау әдісі;
ұсынылатын -- мемлекет пен коғам үшін лайыкты мінез-құлықты жүзеге асыруға кеңес беру әдісі. Құқықтық реттеу механизмі - мемлекеттің құқықтық нормалар көмегімен қоғамдық қарым-қатынасқа көмектесуі . Құқықтық реттеуде құқық азаматтарының өз құқықтары мен міндеттерін білуін қалады. Керекті қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеутетігі құқықтық құралдардың бірдей жүйесі болып табылады, мұндай құралдардың көмегімен қоғамдық қатынастарға құқықтық ықпал жасалады. Құқықтық реттеу мағынасы, сондай-ақ құқықтық нормалар, құқықтық қарым-қатынас, құқықтық жауапкершілік, құқықтық сана, құқық қолдану актілері, құқықтармен міндеттерді іске асыру актілері, т.б. қамтылады.
Құқықтық реттеу пәні мен әдісі құқық нормаларын салаларға бөлді.Құқық нормалары екіге бөлінеді: құқықтық реттеу пәні мен әдісін.
Құқықтық реттеу пәні - бұл құқық реттейтін қоғамдық қатынастар. Ол басты негіз болып табылады, себебі, қоғамдық қатынастар объективтік түрде қалыптасады және олардың белгілі бір сипаты сәйкес құқықтық нысандарды талап етеді. Мысалы, еңбек қатынастары еңбек құқығының, ал отбасы қатынастары отбасы- неке құқығының реттеу пәні болып табылады. Қосымша негіз болып құқықтық реттеу әдісі табылады. Егер пән құқықтың нені реттейтініне жауап берсе, әдіс оның қалай реттейтінін көрсетеді.

1.2. Құқықтық реттеу механизмінің элементтері.

Құқықтық реттеу механизмі үш элементтен тұрады:

1) Құқықтық нормалар.
2) Құқықтық қатынастар.
3) Заңды құқықтар мен міндеттердің орындалуы туралы актілер.
Бұл элементтердің әр қайсысына толығырақ тоқталатын болсақ:
1) Құқықтық нормалар - қоғамдағы адамдардың өзара қатынастарын, байланыстарын шешу ережелерін, әдіс - тәсілдерін көрсетіп, реттеп - басқару үшін өмірге келеді. Бұл нормалардың заңды күші әр - түрлі, әр деңгейде болады. Ол нормалардың бұлжытпай орындау міндетті. Құқықтық нормаларды іске асыру түрлері: пайдалану, сақтау орындау, қолдану, бұлардың түсінігі Құқықты іске асыру тақырыбында анық көрсетілген Заң ғылымында және парктикада құқықтық реттеу механизмінің негізін құрайтын нормативтік актілер - заңдар, нормалар. Субьектілердің құқықтық тәртібінің мазмұны, шеңбері, орындалуы, жауапкершілігі нормаларды толық, көрсетілуге тиіс. Құқықтық норма - мемлекет таныған, қаматамасыз еткен, қоғамдық қатынастарға араласып түсушілердің құқықтары мен міндеттерін туындататы, олардың әрекеттерін үлгі, эталон, машстаб, өлшем есебінде реттей алатын жалпыға бірдей ереже, норма. Құқықтық норма - заңға сәйкес келетін мінез, жүріс - тұрыстың айырымдылық белгісін білдіреді. Осыдан құқықтық норма жария айқындылық, нақтылық мәнге ие болады. Оның өзі заңмен көзделген істің шешімін табуға мүмкіндік береді. Әрбір құқықтық норманың үш элементі болады яғни олар: диспозиция ( мінез - құлық ережесі), гипотеза және санкция ( жаза, шара). Құқықтық норманың диспозициясы - құқықтық қатынастарға қатысушылардың мінез - құлқы қандай болуы керек екенін анықтайтын құқықтық бөлшегі. Диспозиция - құқықтық норманың ұйтқысы, мазмұны, өзегі. Құқықтық норманың гипотезасы (жорамалы) - құқықтық норманы қолдану ( немесе қолданбау) үшін қажетті өмірдегі мән - жайлардың бар екенін көрсететін құқықтық норманың бөлшегі. Гипотеза құқықтық нормаға жан бітіреді. Құқықтық норманың санкциясы - құқықтық норманың диспозициясы бұзылған жағдайда қолданылатын жағымсыз шараны көрсететін құқықтық норманың бөлшегі. Санкцияда мемлекет қандай іс - әрекеттерді, мінез - құлықты қолдамайтынын көрсетеді. Санкцияның түрлері: а) абсолютті - анық, б) баламалы, в) салыстырмалы. Құқық нормасы құқықтың басқалай көріністерінен өзінің құрылымымен, сондай - ақ маңызды белгі - нышандарымен ерекшеленеді. Құқық нормасы, оның ішінде бәрінен бұрын жеке - дара ұйғарымнан ерекшеленеді.Құқықтық нормалар қоғамдағы сан алуан қатынастарды реттеп, басқару үшін өмірге келіп өзгеріп, жаңарып, дамып жатады.
Құқықтық нормаларды орындаудың нысандары әр түрлі болады:
12

а) қоғамдағы қатынастардың әр түрлі болуы;
ә) нормативтік актілердің адамдарға әр түрлі әсер етуі; б) норманың ерекше мазмұнының әсері;
в)құқықты іске асырудағы субьектілердің құзыреті мен өкілеттігінің әр түрлі болуы.
а) қоғамдағы қатынастардың әр түрлі болуы;
ә) нормативтік актілердің адамдарға әр түрлі әсер етуі; б) норманың ерекше мазмұнының әсері;
в)құқықты іске асырудағы субьектілердің құзыреті мен өкілеттігінің әр түрлі болуы.
Құқықтық норманың негізгі сипаттары:
1. Норма қоғамға, адамдарға ең қажетті, керекті қарым - қатынастарды реттеп, басқарып отырады. Ол қатынастардың басым көпшілігі бостандықты, әділеттікті, теңдікті, адамгершілікті және қоғамның эканомикалық, саяси, әлеуметтік, рухани, мәдени және тағы басқа даму бағыттарын қамтып, реттеп, басқарады. Бұл басқарудың негізгі бағыттары, қағидалары Констетуцияда және заңдарда көрсетілген.
2. Норма көп қатынастардың мазмұнын, орындалу бағыттарын, әдіс - тәсілдерін алдын ала анықтап, көрсетіп отырады, болашақ қатынастың, оны реттеудің, орындалуының үлгісінәжасайды. Міне осы үлгілерді зерттеу арқылы ғалымдар мемлекеттердің өткен тарихымен танысып жатады.
3. Нормативтік актілердің көпшілігі өзгермей қатынастарды көп жылдар дұрыс, жақсы реттеп, басқарып тұрақты нормаға айналады. Бұл екі жақты әлеуметтік тұрақты процессті типизация деп атайды. Мұның маңызы өте зор. Заңдылықты нығайтуға, құқықтық тәртіпті сақтауға зор үлес қосады.
4. Нормативтік актілер жалпы мемлекеттік норма, оның орындалуы жалпы қоғамдық міндет, оны халық түсінеді, біледі. Сондықтан олар ол нормалардың дұрыс орындалуына үлес қосады. Құқықтық норманың жоғарыда көрсетілген сипаттары, оның мазмұнын, маңызын, қоғамдағы қарым - қатынастарды реттеп, басқаруын толық түсінуге болады.
Құқықтық нормалардың белгілері:
1. норма мемлекеттік органның қабылдаған бекіткен актісі, оның заңды күші бар. Мұндай нормалар қоғамдағы тәртіптің үлесіне айналады. Өйткені ол нормаларды халықтық басым көпшілігі дұрыс орындайды.
2. Нормада субъектілердің құқығы мен міндеттері, орындалу жолдары толық көрсетіледі. Егер де көрсетілмесе субъектілердің еркінде, тек заңға нышан келтірмеулері керек.
3. Норма ерікті түрде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтық реттеу механизмінің маңызы
Құқықты реттеу механизмі. Құқықтық құрал: түсінігі және түрлері
Құқық жүйесінің түсінігі
Құқықтық реттеу механизмінің түсінігі
Қаржы саясаты
Құқықтық реттеу механизмнің жалпы түсінігі, элементтері
Экономикалық механизм жүйесіндегі қаржылық механизм
Құқықты реттеу механизмінің түсінігі
ҚАРЖЫ САЯСАТЫ, ҚАРЖЫ МЕХАНИЗМІ
Заңдылық және құқықтық тәртіп
Пәндер