Бауыржан Момышұлы шығармашылығы және қазақ әдебиетімен байланысы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Ф.7.04 -01
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Филология факультеті
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: ____Б.Момышұлының эпистолярлық мұрасы
Пәні: ________ Қазіргі қазақ әдебиеті ___________________

БББ: 6В01710 - қазақ тілі мен әдебиеті_________________________

Орындаған Әбішева Сара Тобы Фи-19-1к1
(студенттің аты-жөні)

Жетекші ф.ғ.к., доцент А.Б.Қалшабеков

Жұмыс ____________
(бағасы)
бағасына қорғалды
_____ ________ 2022 ж.

Норма бақылау:
______________
аға оқыт. Елтаева Ж.
Комиссия:
ф.ғ.к., аға оқытушы
Тұрдалиеева Р.С.________________
ф.ғ.к., доцент
Әділбекова Ж.Қ. _______________
философия докторы (PhD), аға оқыт.
Таджиев Х.Х.____________________

Шымкент 2022 ж.
Ф.7.05 - 03
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

Бекітемін
Каф. меңгерушісі ф.ғ.к.,
доцент Б.Т. Тасполатов
________________________
________________ 2022 ж.

№____ ТАПСЫРМАСЫ

Қазіргі қазақ әдебиеті пәні бойынша курстық жұмысты орындауға:
Студент: Әбішева Сара топ: ФИ-19-1к_
Жұмыс тақырыбы: Б.Момышұлының эпистолярлық мұрасы
Берілген мәліметтер:


Курстық жұмыстыың мазмұны

Бөлімдер бойынша парақтардың шамамен саны
Орындау мерзімі
1
Кіріспе
4-5
12.09.-23.09.
2
Бауыржан Момышұлының өмірбаяны
6-8
26.09.-21.10.
3
Бауыржан Момышұлының қалдырған құнды мұралары
8-11
24.10.-18.11.
4
Бауыржан Момышұлы шығармашылығы және қазақ әдебиетімен байланысы
11-13
24.10.-18.11.
5
Б.Момышұлының эпистолярлық мұрасы

13-16
1.11.-25.12.
6
Қорытынды
17
12.09.02.12.

Ұсынылған әдебиеттер:
1. Серикбаев К. Благословение батыра. Алматы: Дәуір, 2005, с. 102.
2. Легендарный батыр. М.: Леном, 2010, с. 302.
3. Биримжанова Б. Б. Взгляд Бауыржана Момышулы на мир, звезды и человека... Кокшетау, 2005, с. 23.

Тапсырманың берілген күні___05.09.2022 ж_____________

Жұмысты қорғау күні ____________14.12.2022 ж______

Жұмыстың жетекшісі ___ф.ғ.к., доцент А.Б.Қалшабеков _____________________
(лауазымы, Т.А.Ә.) (қолы)
Тапсырманы орындауға қабылдады _________________________
(студенттің қолы)

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
4
1
Б.МОМЫШҰЛЫНЫҢ ӨМІРБАЯНЫ МЕН ҚЫЗМЕТІ

1.1
1.2
1.3

1.4
Бауыржан момышұлының өмірбаяны
Бауыржан Момышұлының қалдырған құнды мұралары
Бауыржан Момышұлы шығармашылығы және қазақ әдебиетімен байланысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Б.Момышұлының эпистолярлық мұрасы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..

6
7

8
11
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
17
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
18

КІРІСПЕ

Бұл ғылыми талдау тек бір мақсатта жүргізілді. Аталмыш зерттеу өз білімімен бөлісіп, соғыстан сабақ ала отырып, көптеген жылдарға елдің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасалды. Бауыржан Момышұлы соғыста жеңіске жетудің бір себебі ретінде психологиялық фактор идеясын ұсынды. Алайда кеңес дәуірінде бұл фактор назарға алынбағанын атап өту керек. Ол кезде Совет халқының техникасы мен қару-жарағының, жаппай ерлік көрсетуінің арқасында жеңіске жетті деп саналды. Тек соңғы уақытта ғана жергілікті жанжалдар мен соғысты талдай келе, әскерлерді моральдық-психологиялық тұрғыда қолдау туралы әңгімелер айтыла бастады. Демек, бұл Бауыржан Момышұлының стандартты емес көзқарасқа ие екенін тағы бір дәлелдеді.
1963 жылы Кубаға сапары кезінде жауынгерлік дайындық туралы дәріс оқыды. Куба қорғаныс министрі Рауль Кастромен кездесті және сол кезде оған Кубадағы революциялық қарулы күштердің 51-ші полкінің құрметті командирі атағы берілді. Тіпті, АҚШ, Куба, Израиль және Никарагуаның әскери орындарында Бауыржан Момышұлының әскери тәжірибесі зерттелуде.
Әскери ерліктерден басқа Бауыржан Момышұлы жазушы болып тағы бір ерлік жасады. Қаламды қолға алмай тұрып, ол өз мүмкіндіктері мен жауапкершілігін өлшеп алды. Себебі, кейіннен халық оны жазушы және азамат ретінде бағалайтын болды.
Бауыржан Момышұлы: даңқты жауынгердің үздік өлеңдері
Оның барлық кітаптары жүректің қанымен жазылған. Соғысқа қатыстан Момышұлы майданда үлкен тәжірибе алды. Күнделік жазып, ұрыс алаңында көрген-білгенін, басынан өткен жайттарды қағазға түсірді. Ол кез-келген жағдайда қарда да, жаңбырда да және тіпті қоршауда қалған кезде де жазба жүргізді. Осылайша, ол 38 жауынгерлік жазба кітапша жазды. Онда соғыс барысы, сарбаздардың ойы мен әрекеті туралы айтылады. Оның негізгі әдеби шығармалары оқырманды шыншылдығымен таңғалдырады. Бір түннің тарихы оның дарынды жазушы екенін жариялаған алғашқы туындысы.
Ал Бауыржан Момышұлының әдебиетке қалай кіргені жайлы айтатын болсақ, ол әдебиет әлеміне ерекше кірді. Оқырмандар алғаш рет онымен жазушы емес, өнер туындысының кейіпкері ретінде танысты. Бұл Александр Бектің Волоколамск тас жолы повесі еді. Бұл оқиғаның басты кейіпкері - панфиловшы офицер, Мәскеуді қорғауға қатысқан батыр, халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы болды. Александр Бек осы кітапты батырдың әңгімелері мен естеліктері негізінде құрастырған.(3,64)
Соғыста көрген-білгенін үнемі қағаз бетіне түсіріп жүрген Бауыржан Момышұлы халыққа Ұлы Отан соғысының батыры ретінде ғана емес, сондай-ақ шебер жазушы болып танылды. Ол майдандағы естеліктері жайлы Офицердің күнделігі, Бір түннің тарихы, Артымызда Москва секілді көптеген кітаптар мен әңгімелер жазды. Момышұлы генерал Панфилов туралы жазылған Генерал Панфилов өмірбаяндық әңгімелер мен Ұшқан ұя, Мәскеу үшін шайқас, Жауынгердің тұлғасы, Майдан, Майдандағы кездесулер, Төлеген Тоқтаров, Куба әсерлері, Адам қайраты, Елбасына күн туса секілді кітаптардың авторы. Сондай-ақ, Момышұлы 1976 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығымен марапатталды. Ол Кубадағы кездесулер және басқа да саяхатқа қатысты очерктер жазған.(4,23)
Осылайша, майданда шексіз ерлік көрсеткен полковник Момышұлы екі рет бірінші дәрежелі Қызыл Ту орденімен, Ленин және Отан Соғысы ордендерімен, Әскери шайқастағы еңбегі үшін, Мәскеуді қорғағаны үшін орден, медальдарымен марапатталды.
Зерттеудiң көкейкестiлiгi. Адамның тұлғалық бейнесі көрсеткіштерінің бірі - адамгершілік қасиет сапаларының болуы. Адамгершілік - бұл сөз қорындағы ерекше, мәні мәңгілік айқын, салмағы пара-парсыз парасатты сөз. Сөз ғана емес, адамның ең асыл қасиетін анықтайтын бірден-бір аяулы ұғым. Ұғым ғана емес, тіршіліктің мәнін, дүниенің тәнін төрт тағандап ұстап тұрған ұлы принцип. Адамгершілікке негізделген жерде ғана не нәрсеге де құдірет тұратындығы мәлім. Осы ұлы күш - адамгершілік қасиет жеке адамның ғана басындағы емес, жалпы қоғамның да қордалы байлығы.
Студенттердің адамгершілік қасиеттерін, патриоттық сезімін оятып, келешек ұрпаққа батырлық, ізгілік, адамгершілік ұғымын ашып көрсету.
Зерттеу жұмысының мақсат:Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы Бауыржан Момышұлының шығармалары мен батыр туралы жазылған естеліктер.
Зерттеу жұмысының нысаны: Б.Момышұлының эпистолярлық мұрасы
Зерттеу жұмысының міндеттері:
1.зерттеу тақырыбы бойынша Б. Момышұлының шығармаларын талдау;
2.Бауыржан Момышұлының тұлға ретінде, образын ашып суреттеу;
3.Студенттер бойына адамгершілік, батырлық қасиеттерді қалыптастырудың құрылымдық үлгісін жасау, Жазушы шығармаларындағы образдар мазмұнына сипаттама беру.
Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері: зерттеу тақырыбы бойынша Б. Момышұлы шығармаларына, жауынгер жазушы туралы жазылған естеліктерге теориялық талдау жасау;
Зерттеудiң ғылыми жаңалығы мен теориялық мәндiлiгi:
1. Адамгершілікті тұлғаны қалыптастыру әдебиет, философия, тарих ғылымдары тұрғысынан зерделендi және оны iс-жүзiне асырудағы әдiс-тәсiлдер айқындалды.
2. Б. Момышұлы шығармаларына талдау жасай отырып студенттердің бойына адамгершілік, ізгілік, батырлық, ерлікті тудыратын қасиеттерді қалыптастырудың құрылымдық үлгісі жасалды.

Б.МОМЫШҰЛЫНЫҢ ӨМІРБАЯНЫ МЕН ҚЫЗМЕТІ
1.1 Бауыржан момышұлының өмірбаяны

Момышұлы Бауыржан (1910-1982) - екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Туған жері-Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені.
Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады. Туған ауылына қайтып оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. Содан қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота, командирі болады.Жасында Жамбыл қаласындағы интернатта тәрбиеленіп, сондағы орта мемтепті бітіргеннен кейін бірнеше жыл бойына өз ауданында, Қазақстанның астанасы Алматы қаласында, мекеме қызметінде болады.
1936 жылы Бауыржан Момышұлы Совет Армиясының қатарына шақырылады. Содан бергі 15 жыл ішінде ол қатардағы солдаттан гвардия полковнигі дәрежесіне шейін өсті.
1941 ж. Ұлы Отан соғысы басталысымен, Бауыржан даңқты генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316-атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады, батальон, полк командирі қызметтерін атқарады. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады (6,33-34).
1941 жылғы күзгі, қысқы кескілескен шайқастар кезінде өз батальонын 27 рет шабуылға бастап шықты. 5 рет қоршауды бұзып, негізгі жауынгерлік құрамымен аман-есен дивизиясына қосылды. Жауынгерлік іс-қимылдарға қатысты ұрыстан шығу, шегініс жасау тәсілдерінің арнайы тарау болып әскери жарғыға енуі, тактикада ошақты және икемді қорғаныс ұғымдарының қалыптасуы Бауыржан Момышұлының осындай тәжірибелерінің жиынтығы болып табылады. Оның қолбасшы, терең ойлай білетін әскери маман ретіндегі таланты соғыста полк, дивизия басқарған жылдары кеңінен ашылды.Бауыржан Момышұлы жау шептеріне ішкерлей еніп ұрыс жүргізу теориясын соғыс тәжірибесінде алғаш қолданушылардың және оны дамытушылардың бірі болды.
Бауыржан Момышұлы - әкери педагогика мен әскери психологияны байытушы баға жетпес мұра қалдырған дара тұлға. Оның атақ, даңқы, батырлығы А.Бектің Волоколамск тас жолы (1947, 1960, 1962, 1988; қазақ тілінде Арпалыс 1948, 1959, 1977, ауддарған Қ. Сағындықов) атты кітабында суреттеліп, жан - жақты жазылды. Бауыржан Момышұлының өміріне арналған Ә. Нұршайықовтың Ақиқат пен аңыз (1976) роман-дилогиясы жарық көрді. Кітап неміс, чех, еврей, ағылшын, француз, т.б. шет ел тілдеріне аударылды (8,36-44).
Бауыржан бірнеше орден, медальдармен наградталады, Кеңестер Одағының батыры атағын алады. Алайда халықтың өзі батырым деп танып, ардақтаған қаһарман ұлына бұл атақ Отан соғысы біткеннен кейін жарты ғасырдай уақыт өткенде барып берілген болатын. Ел тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен оған Халық қаһарманы деген атақ берілді[4].
Бауыржан Момышұлы - соңғы панфиловшы. 1941 жылы Мәскеу түбіндегі шайқаста үш мәрте қоршауда қалған. Соғысты Бауыржан полковник лауазымында, 9 гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі ретінде аяқтады. 1990 жылы оған Кеңес Одағының Батыры атағы (қайтыс болғаннан кейін) беріледі.
1073-гвардиялық атқыштар полкінің 8-гвардиялық атқыштар дивизиясының майоры Бауыржан Момышұлының әскери мінездемесі:
1910 жылы туылған, ұлты қазақ, әлеуметтік жағдайы бойынша - қызметкер. Жалпы білімі - орта, әскери білімі - бір жылдық. Қызыл армияда 1932 жылдан 1934 жыл аралығында және 1936 жылдан күні бүгінге дейін. Майдандағы армияда 1941 жылдың қыркүйек айынан бастап.
Жолдас Б.Момышұлы 8-гвардиялық дивизиясында оның құрылғанынан бастап қызмет атқарады. Ол каһарлы соғыс мектебінен өткен ажал көзіне бірнеше рет қараған, әр ұлт жауынгерін жеңіске жету мақсатында тәрбиелеген ержүрек командир.
1941 жылдың қазанында Мәскеу үшін шайқаста Б.Момышұлы басқарған батальон жаумен аянбай шайқасып, оған елеулі соққы көрсетті.
Жеке құрамы батыс майданында орналасқан 1073-полк командирі Момышұлымен бірге жау шабуылы мен нақты пәрменділігіне төтеп беріп отырды. Басқа дивизиялармен бірлесіп, Мәскеу түбінде неміс басқыншыларының талқандалуына жол ашты.
1942 жылдың қыс, көктем мезгілдерінде Калининский майданында қалың қар қыс, қатты аяз, жолсыздық, содан соң көктемгі лайсаң мен батпақты жер жағдайларында гвардиялық атқыштар полкінің қарқынды шабуылдары нәтижесінде мыңдаған неміс солдаттары мен офицерлерін, көптеген танктер мен автомашиналарын және басқа да әскери техниканың көзін жойып, ондаған ауылдар мен қыстақтарды босатты.
Дивизияның көпшілікке танымал ерліктері оның гвардиялық атануы, Жауынгерлік Қызыл Ту және Ленин ордендерімен марапатталуы майор Момышұлы басқаратын 1073 атқыштар полкінің жауынгерлік жетістіктерімен байланысты(8,22).
Майор Момышұлы - қазақ елінің даңқты ұлы, Кеңес одағының тағдыры сынға түскен қиын кезеңде қолындағы қаруымен ел намысын қорғаған. Өз елінің үздік өкілі, айбынды жауынгер үкімет наградасына ұсынылады.
Көзі тірісінде - ақ аты аңызға айналған даңқты қолбасшы үлгі тұтар батыр бабаларымыздың бірі болып қала беретіндігі айқын.
Бауыржанның ұлы Бақытжан Момышұлы өз сөзін: Мен үшін әкем басқаларға да сияқты ержүрек жауынгер, танымал жазушы, заманауи адам, ең бастысы жақын адамым болып қалады. Ал, немерелерінің есінде ол гүрілді зор дауысы бар тікенек сақалды қайырымды ата ретіне қала бермек. Әкем халықпен бірге жүрсең жалғыз қалмайсың деуші еді. Мен осы сөзді баршаңызға бағыштаймын, ел аман, жұрт тыныш болсын деп түйіндеді.
1956 жылы отставкаға шыққанға дейін Бауыржанның Совет Армиясы қатарында болғаны белгілі. Ол Ар-мия қатарында жүріп, ара-кідік өлеңдер жазған. Сол азын-аулақ өлеңдерінен-ақ Бауыржанның ақын жанды адам екені, туған елін, советтік Отанын, дос-жаран адамдарын ақын жанымен жақсы көретіні, айнала дүниеге, әсіресе туған жер табиғатына ақын көзімен қарайтыны, ақын жүрегімен тебіренетіні анық байқалды. Әйткенмен әдебиет саласында жазушының өндіріп қызмет еткен кезі соғыс біткеннен кейінгі жылдар. Мұнда ол қаруды тастап, қаламды қолына алған болатын.(7,15)

1.2 Бауыржан Момышұлының қалдырған құнды мұралары

Бауыржан Момышұлы - әдеби және әскери өнерде артына қайталанбас ұланғайыр ұлттық рухани мұра қалдырған бірегей қаламгер. Оның қазақ және орыс тілінде жазылған төрт томға жуық шығармалары бүгінде қалың оқырманның игілігіне айналуда. Сондықтан, мен айтып, жазып жүрген 30 томдыққа енетін тың туындылары қайдан және қандай деректер көзінен құралмақ деген сұрағың көкейге қонады.
Баукеңнің жаңадан шыққалы отырған көп томдығы негізінен ҚР Орталық архивінде, Мәскеудегі арнайы әскери архивте, облыстық, қалалық архивтерде және ұлы Бақытжан Момышұлының үйінде сақталып келе жатқан, бұрын еш жерде жарияланбаған қолжазбаларынан тұрады. Бұған қоса жеке адамдардың қолында және өзімнің архивімде тұрған санқилы жазба деректер де бар. Бұлардың барлығы батырдың тікелей өз қолымен жазылған.
Бұл Бауыржан Момышұлының 1928 және 1982 жылдар аралығында хатқа түсірген дүниелері. Яғни, батыр өмірінің 54 жылын қамтиды. (8,12-16)
Батыр Баукеңнің 1910 жылдың 24 желтоқсанында дүниеге келгенін ескерсек, сонда қолына 18 жасында қалам алып, ой қаузай бастаған екен.
Рас, Бауыржан Момышұлының жазушылық таланты ерте оянған. Оның "менің әкімдік карьерім - мансабым ауылдық милиционерден басталды. Бірақ әдебиеттегі жолымды сол кездің өзінде іздей бастадым. Ол заманда біздерде қазақтың сауатты жігіттерін, жаңа өмірді орнатушыларды саусақпен санауға да болатын. Жай жағдайдың ауанына лайық біздердің ағартушы да, баспагер де, әрі жазушы, әрі редактор да болуымыз керек. Бірақ әрқайсысымыз өзімізге әуелден тәңірі тағайындаған істі іздедік", деп, өзінің маңдайына әскери өмірдің қиындығы мен қызығы бұйырғанын еске алып, тебіренетіні бар. Мысалы, Баукеңнің тырнақалды тұңғыш очеркі 1928 жылы Жуалы ауданының (ол кезде Жуалы, Түлкібас, Сайрам ауданы бір) "Социалистік мал шаруашылығы" деген газетінде "Тау сағыз бен көк сағыз" деген атпен жарияланды. Осы очеркінің өзінде-ақ Баукеңнің қалам сілтесі, сөз саптауы жұп-жұмыр келіп, келешектегі жазушының табиғи болмысы елес беріп тұрады. Бірде інілік ізетпен: "Бауке, баспасөзде тұңғыш жарияланған шығармаңыз қандай еді?" деп сұрағанымда[7], "уақыт талабына үн қосып жазған шығармасымағым осы очерк болатын" деп айтқан екен.
"Тау сағыз бен көк сағыз" дегеннің мағынасы. Бұрын елде резіңке деген бұйым тапшы болған. Сол кезде біздің жақтың басшылары еңбекшілерге бір арнайы шөп өсіртіп, содан резіңке айыратын. Небір замандар өтті ғой қазақтың басынан.
Бірақ Кеңес өкіметінің саясатының ықпалы бар, екінші жағынан әскери қызметтің темірдей тәртібі бар, кезінде орыс тілінде өндіре жазған. Иә, бүгінде аса құнды рухани мұраға айналып отырған жазбаларының басым бөлігі орыс тілінде жазылуымен ерекшеленеді. Бірақ бұдан ол кісіні тек қана орысша ойлайды екен деген ой туындамауы керек. Айтарының бәрі, сайып келгенде, Алаш пен ұлттың мүддесі, халық рухының еркіндігіне келіп тіреледі. Көркем шығарма болсын, тарихи-деректі дүние болсын, қазақ және орыс тілінде еркін жаза білетін жазушы ол кезде некен саяқ болса, соның бірі Баукең еді.
Мысалы, күнделіктер, естеліктер, әлбетте, хат-хабар сияқты эпистолярлық жанрдың да берер азығы мол деген сияқты. Мысалы, Ресей оқырмандары бір ғана Пушкиннің жазған хаттары мен алған хаттарының өзінен оның өмірі мен шығармашылығына байланысты қаншама құнды деректерге қанығады.
Бауыржан Момышұлы әділет жолында һәм шындық үшін өзін де, өзгені де аяған емес. Ащы да болса шындық артық деген жолды ұстанды. Бауыржан Момышұлы сынына, ой-пікіріне түсіне білген адам оны ақылға салып, қабылдай да біледі деп ойлаймын. Ал ойлана білген әрбір жас Баукең сөзінен рух еркіндігін сезініп, санасындағы бодандық сезімнен құтылып, жандүниесі байып, ой-санасы еркіндікке құлаш ұрып, биікке қанат қағары сөзсіз. Баукеңнің ащы сынға толы өміршең ой-пікірлерінің өзі осындай тәрбиелік тереңдігінде жатыр. (9,16-18)
Соғыстан кейін Бауыржан Момышұлы Совет Армиясы Бас штабының Жоғары әскери академиясын бітіреді. Әскери-педагогикалық жұмыспен айналасып, Совет Армиясы әскери академиясында сабақ береді. 1956 жылы полковник атағымен отставкаға шыққан Бауыржан біржола шығармашылық жұмыспен айналысады. Жазушылық талант тез ұшталды. Ол шығармаларын қазақ, орыс тілінде жазып, қазақ әдебиетіндегі әскери проза жанрының негізін қалады. Жазушының өзекті тақырыбы - Ұлы Отан соғысы кезіндегі жауынгерлердің тұлғасын жан­жақты суреттеп сомдауға арналған. Осы шығармашылық мақсаттың айғағы ретінде жазушы қаламынан туған Куба әсерлері (1969), Жонарқа жинағы, екі томдық шығармалар жинағы (1969), Ұшқан ұя (1974), Соғыс психологиясы, Қанмен жазылған кітап (1990, 1991) т.б. туындыларын айтуға болады. Ұшқан ұя кітабы үшін жазушы 1976 жылы Мемлекеттік сыйлық лауреаты атанды. Ол қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз өмірінде көрген-білгендерін арқау етеді. Оның қаламынан туған, өмір шындығын арқау еткен тамаша романы мен әңгіме, повестері қалың оқушының іздеп оқитын шығармаларына айналады. Олар бірнеше қайтара басылып шығады.
Бауыржан соңғы жылдары әскери мамандығын арттырумен қатар, қалам қайраткері болу талабына да зер салып жүр. Оның соғыс жылдарында жазған күнделіктері, солдат өмірінен туған мақал-мәтелдерден іріктеп алғандары, майдан өмірінің елеулі уақыйғаларынан жазған көркем очерк, әңгімелері орталық және республиқалық газет, журналдар бетінде басылып жүргені көпшілігімізге мәлім. Бауыржанның қолжазбалары көп. Олардың көпшілігі орыс тілінде жазылған еңбектер. Бірқатар шығармаларында Бауыржан Совет Армиясының қатарында қызмет ететін жастарды батырлық пен батылдыққа, төзімділік пен тәртіптілікке, тапқырлық пен табандылыққа қалай үйрету керек деген мәселелерді көтереді. Бауыржан өзінің Офицер дәптері атты қолжазбалары туралы: Көрген-білгенімді, өмір шындығынан туған ой-пікірімді қағаз бетіне түсіргенде, мен, өзімді қаламы төселген жазушы болдым деп жүргенім жоқ, менің, жазғандарым жазушыларға материал болса да жеткілікті, - дейді. Бірақ бұдан автордың өз еңбектері бөгде кісінің көмегінсіз жариялауға жарамайды деген ұғым тумайды. Оған осы кітап айғақ.(11,45)
Бұл кітапқа кірген әңгімелер мен очерктер қаламы төселген жазушының шығармасы еместігі де даусыз. Сонымен қатар, бұл еңбектердің әрқайсысында өмір шындығы, солдат сыры, отанын сүйген адамның жан сезімі бар. Бұл шығармалар мындаған совет солдатының тағдырына жауапты командирдің демалыс уақытында ғана жазылған, совет командирінін ауыр борышын атқару жолындағы арпалыспен араласа туған, автордың өз сөзімен айтқанда, аттың, жалында, автоматтың жанында жазылған еңбектер.
Біз Бауыржанның қалың дәптерінің ішінен алынған қолжазбаларын бөлек кітап етіп ұсынғанда, оқушы жұртшылығымыз осы айтылған ерекшеліктерін ескерер деп сенеміз.
Жігіттердің намысын қыздыруға тырысады: Дұшпандарды артымыздан ертіп Москваға не бетімізбен барамыз, жігіттер сүйегіміз осы жерде қалсын, бір адым кейін шегінуге жол жоқ, -- деп солдат кеудесіндегі патриоттық сезімді оятады Ана әмірі әңгімесінде. Ал Бір түннің оқиғасында автор былай деп іштей толғанады: Өлім кімнің денесін түршіктірмейді? Ажал мен азаптан қобалжи қорқу айып емес. Тірі жанға арын ардақтап ұстай білмегендік айып. Жаным - арымның садағасы - дейді. Осы ішкі монолог әңгіме желісіне ауысады. Бауыржан Момышұлы әдебиетімізде алғашқылардын бірі болып соғыстағы адам мінезінің алуан құбылыстарын суреттеу міндетін алға қойды және оны ойдағыдай шешіп отырды.
Бауыржан Момышұлының "Ұшқан ұя", "Наша семья", "Москва үшін шайқас", "За нами Москва" шығармалары жазушының ең танымал туындылары. Бұл шығармалардың бәрі де алғаш басылым көрген кезінде цензураның қатаң бақылауынан өтіп, біраз жерлері қысқартылған болатын. Өйткені "Наша семья" кітабы 1947 жылы жазылып бітсе де, 1956 жылға дейін ешбір баспа орны қабылдамай келді. Осындай алақұйын заманда XX ғасыр басындағы, яғни қазан төңкерісі алдындағы қазақ отбасы өмірінің бар болмысын сол қалпында суреттеген әрі ешқандай таптық саясаттың көрінісі жоқ "Наша семья" кітабының М.Әуезов эпопеясынан кейін басылым ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алаш зиялылары
Бауыржан Момышұлының соғыс өнері
Бауыржан Момышұлы - әкери педагогика мен әскери психологияны байытушы баға жетпес мұра қалдырған дара тұлға
Бауыржан Момышұлы шығармашылығының өзіндік көркемдік сипатын байыптау
Бауыржан Момышұлы - халық қаһарманы
Бауыржан Момышұлының шығармашылық қызметі
Бауыржан Момышұлының соғыс кезіндегі тапқырлығын
Бастауыштың грамматикалық тұлғасы - сөздің атау тұлғасы
Б.МОМЫШҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫ –ЖАСТАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
Қазақ халқының мақалдары
Пәндер