Бастауыш сынып жасындағы оқушылардың өзіндік жұмысын дамыту шарттары


І. КІРІСПЕ3
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ5
1 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ӨЗ БЕТІМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУҒА ҮЙРЕТУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ5
1. 1 Оқушылардың өз бетінше жұмыс жасау біліктіліктерін қалыптастырудың педагогикалық -психологиялық негіздері5
1. 2 Бастауыш сынып оқушыларының өздігінен жұмыс жүргізу қабілеттерін дамыту концепциясы12
2 БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ӨЗ БЕТІМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ, ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ18
2. 1 Оқушының өз бетімен жұмыс жүргізу дағдысын қалыптастыру18
2. 2 Өз бетімен жұмыс істеуге баулып, әр оқушының өз мүмкіндіктерін жеке қабілетіне қарай дамуына ықпал ету24
ҚОРЫТЫНДЫ28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ29
І. КІРІСПЕКурстық жұмыстың өзектілігі. Оқу үрдісіндегі қиындықтар, әсіресе егер олар бастауыш сыныптарда байқалса, оқушының міндетті мектеп бағдарламасын игеруіне айтарлықтай кедергі келтіреді. Балалардың алғашқы оқу кезеңінде білім жүйесінің негізі қаланады, ол келесі жылдары толықтырылады, сонымен бірге ақыл-ой және практикалық операциялар, іс-әрекеттер мен дағдылар қалыптасады, онсыз кейінгі оқыту мен практикалық іс-әрекет мүмкін емес. Бұл іргетастың болмауы, бастапқы білім мен дағдыларды білмеу бастауыш сынып бағдарламасын игеруде шамадан тыс қиындықтарға әкеледі. Мұндай жағдай, егер дамудың өрескел бұзылуы болмаса, балаға оның мәселелеріне уақтылы және дұрыс көмек көрсету арқылы болдырмауға болады, бірақ бұл үшін оқу іс-әрекетіндегі қиындықтардың ықтимал себептерін білу керек, олардың қайсысы нақты жағдайда әрекет ететінін анықтау керек (яғни оқу іс-әрекетіндегі қиындықтарды диагностикалау) және оларды жою немесе салдарын түзету керек.
Бастауыш білім беруде оқушылардың оқу іс-әрекетіндегі қиындықтардың себептерін көптеген педагогтар мен психологтар қарастырды және мән - мазмұнынан төмендегідей қорытынды шығады:
- мектептегі оқуға дайын еместік, өзінің шеткі нысаны ретінде әлеуметтік және педагогикалық қараусыздық;
- мектепке дейінгі кезеңдегі ұзақ мерзімді аурулардың салдарынан оқушының соматикалық әлсіреуі;
- мектепке дейінгі жаста түзетілмеген сөйлеу ақаулары, көру және есту кемшіліктері;
- ақыл-ой кемістігі (өйткені мұндай балалардың едәуір бөлігі бұқаралық мектептің 1 - сыныбына түседі және бір жылдық сәтсіз оқудан кейін ғана медициналық-педагогикалық комиссиялар арқылы арнайы көмекші мектептерге жіберіледі) ;
- сыныптастарымен және мұғаліммен теріс қарым-қатынас.
Білім беруді жаңғырту жағдайында бастауыш мектеп оқушыларының үлгерімсіздігі мәселесі өткір күйінде қалып отыр. Бұл үлгермеушіліктің мектеп шындығының күрделі, жан - жақты құбылысы екендігіне байланысты, оны шешуде жан-жақты және біржақты емес тәсілдерді қажет етеді. Біздің еліміздегі түбегейлі әлеуметтік өзгерістер, білім беру мазмұнының заманауи талаптарға сәйкес келмеуі, білім мен мұғалім кәсібінің төмен беделі, қазіргі отбасының дағдарысы мектеп оқушыларын оқыту сапасының төмендеуіне және үлгермегендер санының өсуіне ықпал етті.
Әр түрлі тарихи дәуірлерде көптеген фактілер жинақталды, оқытудың төмен сапасының себептері туралы теориялар мен болжамдар, әр түрлі үлгерімейтін оқушыларға ұсынылды. Бұған Я. А. Коменскийдің, П. Ф. Каптеревтің, П. П. Блонскийдің және отандық және шетелдік педагогиканың басқа да танымал классиктерінің еңбектері арналды.
ХХ ғасырда Н. А. Менчинская, Ю Бабанский, В. С. Цетлин, Н. И. Мурачковский және басқа да зерттеуші-педагогтардың еңбектерінде үлгермеудің себептерін зерттеу жалғасуда, оқушылардың оқуда артта қалуының алдын алу мақсатында мектептегі барлық оқу-тәрбие процесін жетілдіру бойынша практикалық ұсынымдар әзірленуде.
Жетіспеушілік себептері туралы ақпараттың алуан түрлілігіне қарамастан, бұл мәселені зерттеудің әлсіз буыны, біздің ойымызша, жалпы білім беретін мектепте зерттелетін мәселе бойынша белгілі бір ғылыми идеялар мен ұсыныстарды енгізу болып қала береді.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Бастауыш сыныптарда өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамытудың психологиялық-педагогикалық себептерін педагогикалық түзетуге бағытталған әдістемені зерттеу.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- оқушылардың өз бетінше жұмыс жасау біліктіліктерін қалыптастырудың педагогикалық -психологиялық негіздерін жүйелеу;
- бастауыш сынып оқушыларының өздігінен жұмыс жүргізу қабілеттерін дамыту концепциясын зерттеу;
- оқушының өз бетімен жұмыс жүргізу дағдысын қалыптастыруды талдау;
- өз бетімен жұмыс істеуге баулып, әр оқушының өз мүмкіндіктерін жеке қабілетіне қарай дамуына ықпал етуді зерттеу.
Зерттеу нысаны: Бастауыш сыныптарда өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту.
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ 1 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ӨЗ БЕТІМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУҒА ҮЙРЕТУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ 1. 1 Оқушылардың өз бетінше жұмыс жасау біліктіліктерін қалыптастырудың педагогикалық -психологиялық негіздеріБүгінгі таңда өскелең ұрпақтың өз бетінше жұмыс істеу қасиеттерін қалыптастыру, оқу танымдық қызығушылығын арттыру, оқу тәрбие ісіндегі жетістіктердің қыры мен сырын білу міндеттерін айқындау, соның ішінде бастауыш мектептердегі білім мен тәрбие беру тәжірибесіне сүйену ерекше көкейкесті мәселе. Қоғамдық дамудың қазыргі кезеңдегі жаңаша ой-пікірлер мен педагогикалық көзқарастараның қалыптасу белесінде әлеуметтік педагогика ғылымдарының ауқымыдылығы кеңейіп оларды зерттеу жан-жақты толыға түсуде. ҚР-ң Білім туралы” заңы қабылданып, оның негізінде “Білім” мемлекеттік бағдарламасы жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатыдағы білім мазмұнының тұжырымдамасы қабылданды. Осыған орай еліміздің қайта өркендеуі, әлемдік желілерге көтерілуі жағдайында бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымдық көзқарасытарын қалыптастыру, оны педагогикалық-психологиялық тұрғыдан дұрыс басқару қазіргі кездегі объективті қажеттілік. Қызығушылығын дамыту- білім алудың негізі болып отыр. Сондықтан, бұл мәселе оқушыларды ғылыми таным әдістері, логикалық ойлау операциялары және жаңаша әдіс-тәсілдермен таныстырудың жолдарын анықтауды қажет етеді.
Жалпы орта білім беру жүйесінің іргетасы бастауыш білім беруден қаланатыны белгілі. Бастауыш сынып жасындағы оқушылардың өз бетімен жұмыс біліктерін қалыптастыруда бастауыш білімінің маңызы зор. Бастауыш білім беру арқылы оқушыларды жалпы орта білім берудің мақсаты көзделеді.
Бастауыш сынып жасындағы оқушылардың оқу процесін демократияландыру, ізгілендіру принциптері оқушының белсенділігін дамыту, оқу тәрбие ісмін кешенді түрде қарап, ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық тәрбие бірлігін ұлттық дәстүр, әдет-ғұрыпқа негіздей отырып, білім берумен қатар, өз бетіндік жұмысты барлық пәндер арқылы да біліктерін қалыптастыроуға болады. Білім беру- қоғамдық процесс, ол арқылы алдыңғы ұрпақтың әлеуметтік маңызды тәжірибесі кейінгі ұрпаққа беріледі. Жалпы білім беру негәізінен, үш мақсатты көздейді. Біріншісі-табиғат, қоғам, техника, өнер, туралы ғылыми білім негіздерін меңгеру. Бұған ғылымдағы негізгі заңдылықтардан, фактілерден, жетекші ұғымдар мен идеялардан басқа дүниетанымдық идеялар мен сенімдер практикалық біліктер мен дағдылар және өз бетінше ойлау әрекеттері жатады.
Екінші- оқушыларды сабақтан тыс күндері практикалық іс-әрекетке, өз бетімен қоғамдық пайдалы еңбек етуге даярлау.
Үшінші мақсаты- оқу пәндерін оқытуда өзіндлік жұмыстың тәрбиелік мүмкіндіктерін пайдалануды керек етеді.
1 сурет - Бастауыш сынып жасындағы оқушылардың өзіндік жұмысын дамыту шарттары
Көптеген ғалым педагогтардың, практик-мұғалімдердің тәрбиесіне сүйенсек, оқу-тәрбиесі үрдісі негізінде дамыту мәселесінде басты рольді ең алдымен оқушының өз бетімен әрекеті, белсенділігі атқарады.
Себебі, сабақ қанша сапалы болсын немесе мұғалімнің білімі, тәжірибелік шеберлігі мол болсын, бірақ бала тарапынан өзіндік белсенділік әрекет болмаса жұмыстың нәтижелі сапалы орындалуы мүмкін емес. Сол себепті де біз өз кезегімізде оқушыны өзіндік әрекетке бағыттайтын өз бетімен жұмыс, оның түрлері бала дамуындағы мәселелер төңірегінде сөз етпекшіміз. Өз дәрежесінде жете мән берілмей келген өзіндік жұмыс жасауға соңғы жылдары сапалы түрде бетбұрыс жасалуда. Оған дәлел оқушыны дамытуға бағыттала құрылған жаңа бастауыш білім мазмұны соның негізінде жазылған жаңа оқулықтар. Себебі, бұнда оқушының өз бетімен білім алып, дамуына жете мән беріле бастады. Кезінде өз бетіндік жұмыстың бала дамуындағы ролін жете көрген және ол жөнінде еңбек жазған қазақ зиялылыраның бірі ағартушы ғалым Ахмет Байтұрсынов.
Ахмет Байтұрсынов оқу-ағарту саласындағы негізгі көзқарастары оның “Бастауыш мектеп, “Қазақша оқу жайынан”, “Мектеп керектері” атты мақалаларында ашылған. Соның ішінде біздіңше ерекше көңіл аударарлық мәселе-бұл автордың “Қазақша оқу жайынан” автты еңбегінде айтқан пікірі.
Автордың пікірінше, бала білімді тәжірибе арқылы өз бетімен алуы керек. Ал мұндағы мұғалімнің қызметі-балаға орындлалатын жұмыс түрлерін шағындап беру және қойылған мақсатқа жету үшін бағыт-бағдар беріп отыру. Бұдан біз Ахмет Байтұрсыновтың 20-30 жылдардың өзінде-ақ кейінгі жылдары ресей ғалымдары В. Давыдов пен Л. Занковтың дамыта оқыту теориясын негізі болған, -өз бетіндік танымдық әрекеттің ролін көре біліп, оның бала дамуындағы маңызын өз кезінде қозғағағндығын байқаймыз.
Бұл тағы да оның өз заманының озық тәжірибелі педагогы, ғалымы екндігімен қатар, оның баланы дамыту мәселесін көтере отырып басты нысанасы болып табылатын өз бетіндік жұмыстың ролін көре білгендігін көре аламыз.
Бастауыш сыныптарда өз бетімен жұмысты ұйымдастыру оның бағдарлама мазмұнына, талапқа сай болуы, түрлі мазмұнда және формада көрініс табуы шығармашылық бағытта жұмыс істеуге бағыттауы, сондай-ақ бағаланып, марапатталуы сияқты мәселелерге жете мән беріледі. Осыған орай өз бетімен жұмыс бастауыштың өзіне тән әдістемесіне сәйкес түрлі формада және мазмұнда көрініс табуда. Өз бетіндік жұмыс-бұл шығармашылық жұмыстың бастамасы. Сол себепті де оқушылардың шығармашылық қабілеттерін олардың өзбетіндік жұмысынсыз дамыту мүмкін емес.
Бастауыш мектепте өзбетімен жұмысты тиімді ұйымдастыруға жол ашатын қолайлы жағдай- бұл оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес өзіндік ерекшеліктері. Өйткені бұл жастағы балалардың ойлау қабілеті жоғары және қиялдау, елестеу, шығармашылық, жұмысқа талпынысы басым болады. Сол себепті де тиімді түрде ұйымдастыра білген мұғалімге оның берерлік маңызы зор.
Өз бетімен жұмыс түрлеріне қатысты материалдарды саралау және өз тәжірибеміздің қорытындысы негізінде біз шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра түсетін өз бетімен жұмыс түрлеріне төмендегі негізгі үш жұмыс түрлерін жатқыза аламыз (2-сурет) .
2 сурет - Өз бетімен жұмыс түрлеріне қатысты материалдар
Мұнда басты назар аударатын мәселе- бұл оқушылардың ауызша, жазбаша тілдерінің өзара ұштастырыла отырып және соған сәйкес жұмыстың ауызша, жазбаша түрде көрініс табуларын талап ету. Соның негізінде ғана біздіңше, тіл байлығымол, сауапты да шығармашыл жас жеткіншекті тәрбиелей аламыз. Оқушылардың өзіндік жұмысы - мұғалімнің қажетті нұсқаулары бойынша оқушының оқу жұмысының жеке дара және ұжымдық түрі. Өзіндік тапсырмаларды орындау барысында оқушылардан белсенді ойлау, әр-түрлі танымдық есептерді шешу талап етіледі. Осының нәтижесінде оқушылар өздігінен бақылауды үйренеді, оларды тапсырылған істі орындаудағы жауапкершілік сезім еңбексүйгіштік, табандылық, ұйымшылдық, бір-біріне деген жолдастық көмек қалыптасады. Дидактикалық мақсатына қарай өз бетінше жұмыстарды жаңа материалды оқып үйренуге дайындық, жаңа материалды оқып үйрену (игеру), бекіту, қайталап-пысықтау және бақылау деп бөлуге болады.
Оқушылардың өз бетінше жұмыстың педагогикалық тиімділігі- мұғалімнің жұмысқа жасаған басшылығының сапасы мен тікелей байланысты. Егер мұғалім жұмысты дұрыс ұйымдастырса, оқушылардың алдында қойылған мақсат да айқын болса, онда орындалған өзіндік жұмыстың сапасы да ойдағыдай болады.
Бастауыш сыныптарда оқытудың маңызды мақсаттарының бірі-оқушыларға өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Білімнің негізгі бастауыш сыныптарда қаланатыны белгілі. Ендеше, осы бастауыш сыныптардан бастап, оқушылардың өз бетінше жұмыс істей білу іскерліктері де қалыптасуы тиіс. Атап айтсақ: жаңа ұғымды, заңдылықты ережені түсініп, тұжырымдау есепті талдап, шығара білу, жаңадан өтілген ұғым бойынша өздігінен ой қорыта білу, өзінің оқу іс-әрекетіне бақылау жасай білу, т. б. Осындай іскерліктерді қалыптастыру-оқу барысында мақсатты түрде ұйымдастырылған жұмыстар және жаттығулар жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Өз бетінше жұмыстың негізгі ерекшелігі - оқушының берілген тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз орындау. Тапсырманы орындауда жақсы нәтижеге жету үшін, мұғалім оқушының іскерлік дағдысын, бақылау, білу қабілетін, ойлауын есепті шешу жолдарын дұрыс таңдай білуін байқап көреді. Егер тапсырманы орындауда қателер жіберілсе, онда мұғалім сол қателерді оқушылардың өздері жөндеуіне мүмкіндік беріп, оқушының іс-әрекетін дұрыс жолға бағыттағаны жөн.
Оқу - мектеп жасындағы балалардың негізгі таным әрекеті. Баланың жалпы психикалық мектептегі оқу мен өздігінен оқуына тығыз байланысты. Баланың оқу әректі-күрделі, жан-жақты үрдіс, ол баланың барлық әректін, рухани күштерін керек етеді.
Баланың ақыл ой еңбегі белсенді әрекет болуға тиісті. Ол оқушының жалпы психикалық даму ерекшеліктеріне байланысты болады.
Баланың ақыл-ой әрекеті, оның қажеттері мен қызығулары, сезім мен ерік сияқты т. б. Оқушының өздігінен оқуы тиісті болуы үшін ақыл-ой еңбегінің дағдыларын қалыптастыру керек. Баланың ақыл ой-еңбегін белгілі бір жүйемен жасауға, оның жалпы мәдениетін арттырып отыруға көңіл аударған жөн. Ең алдымен баланың өз жұмысының мақсат-міндеттерін анықтауға үйрету керек. Ең алдымен баланың өз жұмысын (тапсырмасын) не үшін, қандай мақсатпен жасау керектігін, ол қандай жаңа нәтиже беретінін білсе, онда оқушы әрекетінің саналылығы артады. Оқу жұмысының мақсат-міндеттеріне сай баланы өз бетімен жұмысын жоспарлай біліуге, уақытты дұрыс пайдалануға. Өз әрекетін қадағалауға, бағалауға, қысқаша айтқанда, өзін-өзі басқаруға дағдыландырудың маңызы зор.
Оқытудың жаңа технологиясы дегенде, ең алдымен педагогикалық технология деген ұғымды түсіну керек. Оқыту технологиясы-оқу бағдарламаларында қарастырылған алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін оқытудың әдіс, құрал және түрлерінің жүйесі арқылы оқыту мазмұнын жүзеге асыру жолы. Сөйтіп, оқыту технологиясында мазмұн, әдіс және құралдардың өзара байланысы мен себептілігі жатыр, ал қажетті мазмұнды педагогикалық міндетке сәйкес іріктей білу мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне байланысты. Педагогикалық технология-оқушылардың жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету жолындағы педагогикалық қызметтің, іс-әрекеттің жүйелі дамып отыратын жобасы. Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың негізгі шарттары мыналар: мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестілігінің өзара байланысы, олардың жұмысты өз еркімен және қолдарымен істеуі, және оған әсер ететін мативтер және т. б. Дәлірек, айтқанда, мұғалім сабаққа дайындалғанда өзінің әрекетін ойластырумен шектелмей, денгейіне қарай оқушының әрекетіне мән беруі тиіс. Уақытты тиімді пайдаланып, оқушының өз бетімен тапсырманы орындауына ұдайы жағдай жасалуы қажет.
Оқу әрекеті барысында оқушылардың өз бетімен тапсырманы орындау дағдыларын қалыптастыруға болады.
Ол үшін мұғалім мына қағидаларды есінде ұстауы қажет:
1. Баланың бойындағы қамқорлығын, қызығушылығын жойып алмай, оның үнемі алға жылжуға деген табиғи талап-тілектерін, сұраныс пен мұқтаждарын ескеру, шығармашылығын жетілдіру.
2. Білімді өз бетінше іздену арқылы алуға қолайлы жағдай . жасау;
Өзін-өзі дамытатын тұлға қалыптастыру. Дәстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құþ крек деген көзқарасқа, ал дамыта оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын принциптерге негізделген. Дәстүрлі оқыту жаттауға, есте сақтауға ал дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді па йдалана білугне үйретеді. Психологиялық зерттеулерге қарағанда оқушылардың “ойша” әрекеттену қабілеттері әсіресе, бастауыш мектеп жасындағы, яғни негізгі оқу іс-әрекеті, дағдылары қалыптасқанда үздіксіз дамиды және сондай-ақ олардың шығармашылықпен өзін-өзі көрсете білу қажеттігі басым. Бұл оның жеке тұлғаның анықтауына, өз қабілеттерін жүзеге асыруға және оның қанағаттандырылуы оқушыға әрқашан қуаныш сезімін тудырады.
В. В. Давыдов оқушыларды осы кезеңде байқалатын психологиялық жаңа сапалық қасиеттерді сипаттай отырып, былай дейді: “Оқушы өз әректетінде барынша көп қадам жасаған сайын, ол түрлі варианттарын салдыстыра алады. ”-деді.
Бастауыш мектепте оқушылар жұмысын әшекейлеп ұйымдастыру формасында әр оқушы тек өзіне арналған (дайындығына және қабілетіне) байланысты тапсырмалар алады. Мұндай тапсырмалар ретінде оқулық пен басқа оқу құралдары мен мазмұндама, шығарма, әр түрлі бақылаулар өткізу т. б.
Тапсырма орындаудың жекелеп ұйымдастырудың екі түрі бар. Біріншісінде оқушы барша сыныпқа бірдей берілген тапсырманы өз алдына, басқалармен хабарласпай лрындайды. Екіншісінде әр оқушы өзіне тиіс өзіндік жұмыстарын орындайды. Осылай әр баланың дайындығына орай жаттығулар беріп, оның алға ілгерілеуін қамтамасыз етуге болады. Оқушылардың өзіндік жұмысты орындау барысында өте маңызды мәселе-мұғалімнің тапсырманы орындауға бақылауы, оқушыларда кездескен қиындықтарға дер кезінде көмек беруі, яғни жұмыс барысында ол шәкірттерге жұмыстың дұрыс қолдануға кеңес беріп, сілтеме сұрақтар қойып, бағытқа салып отырады. Ал егер оқушылардың тапсырманы орындауға күші келмейтінін сезсе, жеке жұмыстарын доғарып, бүкіл сыныпқа қосымша түсініктеме, кеңес береді. Жеке жұмыстарды сабақтың барлық кездерінде де әр түрлі дидактикалық міндеттерді шешумен байланыстырып отырған жөн. Мысалы, жаңа білімдерді игеру және бекітуді ептілік пен дағдыларды қалыптасытру және орнықтыруда өткенді қорытындылау мен қайталауда бақылау кезеңінде, зерттеу - ізденіс әдістерін үйренуде.
Әлбетте, оқушылардың жұмысын ұйымдастырудың бұл формасын бекіту, қайталау әр түрлі жаттығулар үшін қолданған өте қолайлы, бірақ оның тиімділігі жаңа материалмен байланысты өзіндік жұмыстар орындауда, алдағы болатын сабаққа өз бетінше дайындалғанда орынды жемісін береді.
Мысалы, сабақта өтілетін көркем шығармаға байланысты әр оқушыға немесе оқушылар тобына күні бұрын жеке тапсырмалар беріп қоþға болады. Бүкіл сынып болып шығарманы оқып шығуы шарт.
Осы оқу барысында әр оқушы (өз) сұрағына жауап дайындайды. Мұндай жұмысқа орай есте ұстайтын жәйт:
1) әр бала өз мүмкіндігіне сай жұмыс істеп бағасын алады.
2) Әркім шығарманың өзіне тапсырған бөлігі бойынша талдау жүргізеді де, сабақта өзіне тиісті материалды түсіндіріп береді.
Үлгерімі төмен оқушылар үшін дайындалған тапсырмалар орындау үлгерімімен қоса беріледі. Осылай әр оқушының білім дәрежесін, қабілетін ескере отырып, олардың оқу процесінде, қадам, қадамнан алға ілгерілеуіне тиімді ықпал жасауға болады. Қазіргі мектептерде ұжымдық тұрғыда оқыту жүйесі қалыптасқан. Бағдарлама да соған сай жасалған. ұжымдық жүйеде оқытудың пайдасы мол. Алайда, жеке оқушылардың түрлі психологиялық, физиологиялық т. б. өзіндік ерекшеліктері жан-жақты зерттеулер есепке алуды қажет етеді.
Сондықтан, мұғалімнің оқыту барысында жақсы үлгерімге жету үшін, әрбір баланың өзіндік ерекшеліктерін жете білуге үлкен мән беру қажет. Мұнсыз оқу-тәрбие жұмысы іске аспайды. Сыныпқа арналған ана тілі оқулығында берілген оқу материалдарын мұғалім жеке оқушының өзіндік ерекшелігіне қарай сұрыптап әр - алуан жаттығу түрлерін жасауға болады. Осы оқу процесінде әр оқу процесінде жеке оқушылардың әр түрлі өзіндік ерекшеліктерін есепке алу проблемасы. Аса ауқымды, әрі күрделі процесс. Мұның өзі тек диференциялап оқытуды ғана емес, сонымен қатар, бала тілін таба білуді, оны оқуға қызықтыруды, оқу материалдарынан алынған дидактикалық принциптерін тұтасқан бірлігінде үйретуді қажет етеді.
Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруда оларды топқа бөліп, әр қайсысымен жекелеп жұмыс жүргізудің маңызы зор.
Мұндай жағдайларда оқушының ынытымақтастық сезімдер мен ойлау дербестігі дамиды. Осыған орай мына сабақты үлгі ретінде көресетемін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz