Көмір республика энергетикасының негізгі қоры

Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Әбілқас Сағынов атындағы
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Қарағанды техникалық университеті
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Геология және пайда қазбалар орынын барлау кафедрасы

Курстық жұмыс
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Пәні:Пайдалы қазба кен орындарын болжау және зерттеу
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Тақырыбы: Орталық Қазақстанда көмір іздеу әдістемесі.

Жетекші
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Амангелдіқызы А.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
(баға) (жет.қолы, т.а.ж.)
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Комиссия мүшелері
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Студент ГПР-19-2
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
(қолы) (т.а.ж.) (топ)
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Жакенов А.М
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
(қолы) (т.а.ж.) (тегі, инициалдары)
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
(қолы) (күні)
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
2022 жыл

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті
___________________________факульте ті
___________________________кафедрас ы

Курстық жобалау (жұмыс) бойынша
ТАПСЫРМА

___________тобының _______________________мамандығының студенті тегі ______________аты _____________әкесінің аты __________________
Жобалау жетекшісі ___________________________________ ___________
Мерзімі ______________________бастап _______________________дейін
Курстық жобалаудың (жұмыстың) тақырыбы ___________________
___________________________________ __________________________
___________________________________ __________________________
Жобанаң (жұмыстың) мазмұны (қандай графикалық жұмыстар мен есептеулер орындалуы қажет) ________________________________
___________________________________ __________________________
___________________________________ __________________________
Негізгі қосымша талаптар ___________________________________ _
___________________________________ __________________________
___________________________________ __________________________
Курстық жобаны (жұмысты) орындау жоспары __________________
Элементтер атауы
Мерзімдері
Ескерту
Орындалғаны туралы белгі

Курстық жоба аяқталды ___________________________________ ___
Жобаның бағасы ___________________________________ _________
ҚАРАҒАНДЫ
Жоспар:

Кіріспе.
Негізгі бөлім.
КСРО кезіндегі көмір өнеркәсібі.
Қазақстандағы жалпы көмір өнеркәсібі.
Қарағанды көмір алабы.
Екібастұз көмір алабы.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе.
Отын - энергетика кешені - күрделі салааралық отын мен энергия (электр энергиясы мен жылу) өндіру, оларды тасымалдау, энергияны тарату және пайдалану жүйесі. Оның құрамына халық шаруашылығының барлық салаларымен тығыз байланысты отын өнеркәсібі (мұнай, газ және көмір) мен электр энергетикасы енеді.
Отын өнеркәсібі электр энергиясын өндіру үшін электр энергетикасын отынмен қамтамасыз етеді. Республика энергияны неғұрлым көп өндіріп, пайдаланса, ол соғұрлым өнімді көп шығарады да, оның экономикалық даму деңгейі соншама жоғары көтеріледі.
Қазақстан халық шаруашылығы негізінен өз энергетика қорына сүйенеді. Барлық салалар үшін отын қорының негізгі көздері - көмір, мұнай, газ, тақтатас. Көмір республика энергетикасының негізгі қоры. Ол фабрика, зауыт, электр станциялары, көлік, металлургияда пайданылады. Қазіргі кездегі өнеркәсіпте көмір - химия өнеркәсібі үшін маңызды шикізат. Кокстелетін көмірден металлургия үшін қажет кокс алған кезде азот тыңайтқыштарын, пластмасса, синтетикалық талшықтар, каучук, бояулар өндіруге жұмсалатын түрлі газдар мен қарамай қоса бөлінеді.
Еліміз энергияны неғұрлым көп өндіріп, көп пайдаланса, ол өнімді соғұрлым мол шығарады, оның экономикалық даму деңгейі соғұрлым жоғары болады.
Қазақстан өзінің меншікті табиғи қоларымен өзін-өзі отын - энергетикалық заттармен толық қамтамасыз ете отырып, сонымен қатар республикадан тыс жерлерге отындарды және электр энергиясын тасымалдауға мүмкіншілігі бар. Республикада отын - энергетикалық қорларды шығару оны пайдаланудан 15,6% - ке артық, қазып алынатын көмірдің 42% - і республикадан тыс жерлерге тасымалданады, бүл оны ішкі пайдаланудан 1,5 есе көп. Мұндай шығару оны пайдаланудан 1,4 есе мол. Республика көмір, мұнай, газ, су ресурстары, жанғыш тақта тас, ыстық су сияқты отын - энергетикалық қорларға ие. Отындар қазып алатын техника - экономикалық жағдайы тиімді жағынан сипатталынады. Екібастұз бассейні көмірінің экономикалық жоғарғы дәрежеде тиімділігі барлығымызға мәлім. Сондай - ақ Қазақстанның мұнай және газ кен орындарының тау - геологиялық және экономикалық көрсеткіштері бірегей.
Мұнай, газ және көмірдің жалпы қоры 13,0 млрд. т. Мұнай эквиваленті шамасында немесе бір адам басына шаққанда - 722 т. мұнай эквивалентіне тең. Бүл көрсеткіш бойынша Қазақстан дүние жүзіндегі мемлекеттердің алғашқы ондығына енеді.
Бірақ та айта кететін жәй, отын - энергетикалық қорлар республика территориясы бойынша біркелкі орналаспаған. Мысалы, пайдаланатын көмір кенінің 100% - і Орталық және Солтүстік - Шығыс Қазақстанда, шығарылған мұнай және газ Батыс Қазақстанда, ал су қорының 90% - інен астамы Шығыс және Оңтүстік - Шығыс Қазақстанда шоғырланған. Осы себептер республиканың жеке аймақтарын отын - энергиямен қамтамасыз етуге әсерін тигізеді.
Отын ресурстары әзірге халық шаруашылығының барлық саласы үшін энергияның негізгі көзі болып отыр. Бірақ адамзат Жердің ішкі жылуының, Күннің және әсіресе атом энергиясын жедел, болашақта термоядролық энергияны өндіріске пайдалана бастайды.

Қазақстан көмір өндірісі бойынша әлемдегі 10 елдің қатарына енеді. Өйткені елімізде қара отынның қоры жеткілікті. Қазақ жерінде пайдаланатын отынның екіден бір бөлігі көмірдің үлесінде. Соған сай көмір өндіретін кеніштердің де жұмысы жыл өткен сайын жандануда.
ҚР Энергетика министрлігінің жыл басындағы мәліметіне сүйенсек, 2016 жылы елімізде 98 миллион тонна көмір өндірілген. Бұл жоспардың 96 пайызы. Өткен жылы ішкі нарыққа 71,8 миллион тонна жеткізілсе, экспортқа 26,2 миллион тонна көмір шығарылды. 2016 жылғы жағдай бойынша, BP Statistical Review of World Energy деректеріне сәйкес, Қазақстан дәлелденген көмір қорларының көлемі бойынша әлемде сегізінші орын алады (33,6 миллиард тонна немесе жалпы әлемдік қордың 3,8  пайызы). Қазіргі уақытта елімізде 400-ден астам тас және көмір кен орындары бар. Ал Қазақстандағы көмірдің қоры 150-160 миллиард тоннаны құрайды. Оның 33,6 миллиард тоннасы қолданыстағы кен орындарының үлесінде. Республикамызда өндірілетін көмірдің 87,7 пайызы Шығыс разрезі, Миттал стил Теміртау АҚ, Қазақмыс корпорациясына тиесілі Бөрлі көмір департаментінің еншісінде.
Жалпы, көмір өнеркәсібі - энергетика, металлургия, химия өндірісі, өнеркәсіптік және коммуналдық қазандықтарды, ауыл шаруашылығын, халықты отынмен қамтамасыз ететін минералдық-шикізат кешеніндегі базалық салалардың бірі. Көмірден түрлі әдістермен шаруашылықтың әр саласына керекті 350-ден астам құнды заттар алынады. Еліміздегі көмір өнеркәсібінің тарихы 1833 жылдан бастау алады. Сол жылы шопан Аппақ Байжанов Қарағанды жерінен отқа жанатын қара тас тауып алған. Ал өнеркәсіп иелері кен орнына тек арада 23 жыл өткеннен кейін ғана назар аударыпты. Сол кездерде Қарағандыда әр жыл сайын орта есеппен 10 мың тонна көмір өндірілген.
Қазақстандағы көмір өндіру қарқыны экспорт көлемін сақтау және жаңа көмір-химия бағытын дамыту қажеттігіне тікелей байланысты. Көмірді тұтыну бүгінгідей қарқынмен жалғасса, еліміздегі көмір қоры шамамен 300 жылға дейін жетеді. Елімізде көмір өндірісі жақсы дамығанымен, қарапайым халық үшін қара отынның бағасы шарықтап тұр. Соңғы жылдары еліміздегі көмір бағасы жыл сайын 20 пайызға қымбаттап келеді. Әлемде көмір өндіруден алғашқы ондықтың қатарына кіретін Қазақстанда көмірдің тапшылығы мен қымбатшылығының орын алуы орынсыз секілді. Көмір қоры болғанымен, сол көмірдің өз елімізге тиетін үлесі тым төмен. Міне, елімізде орын алып жатқан көмірдің тапшылығы мен қымбатшылығының себебі осында. Көмірдің сыртқа кететін үлесі ішкі нарықтағыдан әлдеқайда жоғары. Көмірдің кеніштен шыққандағы алғашқы бағасы тұтынушыларға жеткенше 10 есеге дейін өседі. Ал әлемдік биржаға шыққандағы құны 2 есеге дейін ғана көтеріледі. Оған қоса, көмір тасымалдаушылар қазіргі көмір кеніштерінің кейбірі апатты жағдайда тұрғандығын пайдаланып та бағаны аспандатуда. Кеніштердегі жағдайды, қара отынды қазып алудың қауіптілігін желеу еткендер қыс жеткенде көмір бағасын өсіріп жібереді. Сонымен қатар, көмір бағасының өсуіне делдалдар да әсер етеді. Халықтың қалтасына үлкен салмақ салатындар да нақ осы делдалдар дегенді айтады сарапшылар. Ал делдалдарды ауыздықтайтын ешқандай заң жоқ. Тұтынушылардың басқа салғанға көніп жүргендері де сол. Көмір саудасының делдалдарсыз жүзеге асатын, халыққа тиімді басқа жолын табу қажет деседі сарапшылар.
Жаңа өндіріс орындары қосылған сайын көмірге деген сұраныс та арта түсуде. Сол себепті Қазақстан Республикасының көмір өнеркәсібін дамытудың 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған тұжырымдамасы қабылданды. Бұл тұжырымдама бойынша 2020 жылға қарай жыл сайын көмір өндірісін 145,6 миллион тоннаға жеткізу жоспарланған. Егер жаңа тұжырымдамадағы жоспар жүзеге асса, ішкі және сыртқы қажеттілікті толық қамтамасыз етуге мүмкіндік туады. Келешекте Қазақстан 30-35 миллион тонна көмірді шет мемлекеттерге тасымалдамақ. Қазірдің өзінде 28 отандық және 5 шетелдік компания көмір өндіріп, оны шетелге экспорттаумен айналысады. Халықаралық стандарттарды енгізудің арқасында қазақстандық көмірді таяу және алыс шет елдерге жеткізу аясы қазір де кеңейе түсуде. Қазақстан соңғы жылдары Румыния, Польша, Түркия, Эстония, Украина, Чехия сынды елдерге көмір экспорттауды бастаған.
Соңғы деректерге қарағанда, Қарағанды облысы көмір өндіру деңгейі бойынша посткеңестік кезеңде өндірілген қара алтын көлеміне жетіп қалды. Биылғы жылы өңірде 36 миллион тонна көмір өндіріледі деп жоспарланып отыр. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 21 пайызға артық. Айта кетейік, бұл аймақта 1991 жылы 45 миллион тонна көмір өндірілген. Ал Қарағандыдағы АрселорМиттал Теміртау АҚ көмір департаменті аршу жұмыстарын ашық тәсілмен аяқтау есебінен 2017 жылғы өндіріс көлемін 8,9 пайызға арттыруды жоспарлауда. Қазақмыс корпорациясы Куу-Чекинский разрезі мен Молодежный разрезінен 8 миллион 700 мың тонна көмір өндірмек. 2016 жылдың қаңтар айынан бастап іске қосылған жаңа көмір өндіруші кәсіпорын Шұбаркөл Премиум ЖШС қара алтын өндірісін 4,3 есеге арттырмақшы.
Жалпы, Шұбаркөл кен орнында тұңғыш рет көмір осыдан 30 жыл бұрын өндіріле бастады. Геолог мамандар қара алтынға бай бұл кен орнын кездейсоқ ашқан болатын. Жылдар өте келе Шұбаркөл көмірінің даңқы шартарапқа, бүкіл дүние жүзіне таралады деп ешкім де ойламаған еді. Ал қазір Шұбаркөл Орталық Қазақстанның нағыз қара маржанына айналып отыр. Сонымен қатар, Шұбаркөл көмірі ферроқорыту, глинозем, алюминий, цемент, түсті металдар мен электр қуатының өндірісінде кеңінен пайдаланылады. Қазақстан бойынша бұл шикізатқа деген сұраныс толығымен қамтамасыз етілуде. Қазақстаннан басқа шикізаттың шамамен 50 пайызы таяу және алыс шетелдерге жіберіледі. Атап айтар болсақ, Шұбаркөл көмірі Финляндия, Ұлыбритания, Италия, Румыния, Германия, Польша, Дания, Сербия, Украина, Литва, Эстония, Венгрия, Болгария және Жапония елдеріне экспортталады. Шұбаркөл көмірін экологиялық таза қуат көзіне жатқызуға болады. Мұнда өндіріс көлемі күн санап өсе түсуде.
Ғалымдардың сөзіне қарағанда, көмір қалдықсыз өнім болып табылады және қайта өңдеу саласында маңызы мол шикізат. Қара отынды өндіру кезінде ұшқан шаң мен көлемі төрт милиметрдей ғана болатын ұсақ көмірді қажетке жаратуға болады. Жалпы көмір өндірісі кезінде өнімнің төрттен бір бөлігі осындай күйге түседі екен. Ұсақ көмірге көптің көңілі аумайтыны бесенеден белгілі. Дегенмен көмір шаңы мен ұсағын сығымдап, брикеттелген көмір шығаруға болады. Аталмыш өнім түтін мен газды аз бөледі. Яғни, экологиялық жағынан да тиімді. Сол секілді жылу бөлу қасиеті жоғары. Бұндай өндіріс Павлодар өңірінде бұрнағы жылдары ашылған, қазіргі күні сұранысқа ие тауарлардың біріне айналып отыр.
Қазақстан Республикасы көмір ресурстарымен толық қамтамасыз етілген. Республикамызда көмірдің геологиялық қоры 162 миллиард тонна. 1950 жылдың орта кезінен бастап Екібастұз көмір алабы жағынан Қарағанды көмір алабын басып озып, қазіргі кезде негізгі көмір кен орындары Майкүбі, Шұбаркөл кен орындарымен бірге жұмыс істей бастады. Семей полигоны жабылған соң Қаражыра көмір кен орны игеріле бастады.
Қарағанды көмірінің негізгі тұтынушылары - Қазақстан мен Ресейдің металлургиялық зауыты мен электр станциялары. Екібастұз көмір алабы шеткері орналасқанымен, мемлекетіміздің көптеген өнеркәсіп аудандарымен темір жолдар арқылы байланысқан. Екібастұз көмірі тас көмір болғанымен, күлі көп, сапасы төмен, кокстеуге келмейді. Екібастұз көмірі республикада өзіндік құны ең арзан көмір екенін айта кеткен жөн. Екібастұз көмір алабынан оңтүстікке қарай Майкүбі қоңыр көмір алабы кездеседі. Көмірі төмен сапалы, бірақ күлі аз, құрамында күкірті де аз. Бұл көмірді байытуға, брикеттеуге, сонымен бірге ұзақ уақытқа сақтауға болады. Майкүбі көмірін ашық әдіспен алады, өзіндік құны арзан.
Қазіргі уақытта елімізде көмір өндіру ішкі нарықтағы сұраныстан елеулі түрде артық. Көмір өндіруді арттыруды ұзақ мерзімді келешекте жаңа электр станцияларын іске қосу есебінен ғана болжамдауға болады. Әлемдік трендтерді, сондай-ақ, Қазақстанның жасыл экономикаға көшуін есепке ала отырып, көмір химиясын дамытуға өткір қажеттілік туындады. Бұл бағыт өнімді тұтыну қасиеттерінің сапалы өзгерістерін, сәйкесінше, оның нарықтық құнын арттыруды қамтамасыз етуі мүмкін, ал ең бастысы - энергетикалық көмір нарығының шегінен шығуына мүмкіндік береді.
КСРО кезіндегі көмір өнеркәсібі.

КСРО - да көмір қоры өте әркелкі орналасқан. Оның 90% - ға жуығы Сібір мен Қиыр Шығыстың жеткілікті игерілмеген аудандарына келеді.
Көмір өндірудегі неғұрлым өнімді және арзан әдіс - карьерлерде ашық өндіру әдісі. Мұндай әдісте бір жұмысшы көмірді орта есеппен жер астында өндіруге қарағанда 6 есе көп өдіреді. Мұның өзінде, карьер неғұрлым ірі болса, шығын соғұрлым аз болады. КСРО - да жылына 60 млн. тонна көмір өндіретін карьерлер (бұл Францияның барлық шахталары мен карьерлерінде өндірілетін көмірден көп) жобалануда.
Ашық әдіспен алуға болатын көмір еліміздің шығысында шоғырланған. Болашақта бұл әдіспен 80% көмір өндіріледі. Елдің батысында ашық әдіспен өндіру мүмкіндігі шектелген.
Көмірді жер астында өндіру қымбатқа түссе де, оны ұлғайту қолайлы, өйткені жоғары сапалы кокстелген көмір өте қажет, металлургия мен химия өнеркәсібінің дамуына байланысты бұған мұқтаждық артып отыр. Үнемді гидравликалық әдіс барған сайын зор маңыз алып отыр.
КСРО халық шаруашылығының негізгі көмір базаларына - Донецк, Кузнцк, Қарағанды, Печора, Екібастұз бен Канск - Ачинск кіреді. Бұлар көмірмен төңірегіндегі территорияны ғана емес, сонымен бірге еліміздің шалғайдағы бөліктерін де жабдықтайды.
80 - жылдарда көмірді ашық әдіспен өндіру көбіне Екібастұз және Канск - Ачинск бассейндерінде озық қарқынмен дамитын болды.
Көмір базалары арасында Донецк бассейні жетекші роль атқарады. Ол маңызды өнеркәсіп орталықтарына жақын орналасқан, олармен қолайлы транспорт арқылы байланысып отырады. Сондықтан көмірдің тереңде жатуына, қабаттардың жұқалығына және осыған байланысты өзіндік құнының көтеріңкілігіне қарамастан, иұнда көмір өндіру арта түсуде. Донбасс болашақта да еліміздің европалық территориясындағы негізгі база болып қала береді.
Кузнецк - дүние жүзіндегі ең ірі бассейндердің бірі, жоғары сапалы көмір қаьаты қалың. Оның негізгі тұтынушылары - Урал мен Сібір. Болашақта бұл бассейнде әсіресе ашыш әдіспен көмір өндіру арта түспек.
Печора бассейніндегі кен орны жеткіліксіз барланған. Мұнда кокстелетін бағалы көмір кендері бар, шығынның көп болатынына қарамастан, оны Европалық Солтүстік пен Орталық Россияның мұқтажын өтеу үшін өндіру орынды.
Қарағанды бассейнінің көмірі көбінесе кокстелетін көмір. Бұл көмір Қазақстанда, Урал мен Орта Азияда тұтынылады.
Канск - Ачинскінің қоңыр көмір және Екібастұздың тас көмір бассейндерінде жердің үстіңгі қабатында жатқан көмірдің ең қалың қабатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда электр стансалардың даму болашағы
Қазақстандағы мемлекеттік электр қуатын үнемдеуді дамытудың мәселелері
Қазақстан электрэнергетикасының даму тарихы
Электр энергиясын тұтыну
Дүние жүзілік отын-энергетика кешені және атом энергетикасы
Энергияны таза экологиялық әдіспен алу
Алғашқы электр станциялары
Күн энергиясының қуатын пайдалану
Қазақстанның энергетика жүйесі туралы ақпарат
Қазақстанның энергетика жүйесі
Пәндер