Жас ерекшеліктеріне қарай топтастыра оқытуды қадағалау


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі
«Қорғауға жіберілді»
«___»2023 ж.
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Физикадан 7-9 сыныпта бөлім бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырма әзірлеу әдістемесі»
Мамандығы: 0111000 «Негізгі орта білім беру»
Біліктілігі: 0111073 «Физика мұғалімі»
Орындаған 20-ФМ -1
тобының білім алушысы Т. Бүрлен
Ғылыми жетекшісі К. Б. Толегеновна
«___» 2023 ж.
Өскемен, 2023ж.
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. Жиынтық бағалауды қарастыру . . . 6
1. 1 Жиынтық бағалау . . . 8
1. 2 Жиынтық бағалау . . . 11
1. 3 Жиынтық бағалау . . . 13
2. Жас ерекшеліктеріне қарай топтастыра оқытуды қадағалау . . . 15 2. 1 7-сынып бөлім бойынша жиынтық бағалау сараптама . . . 23 2. 2 8-сынып бөлім бойынша жиынтық бағалауға сараптама . . . 27
2. 3 9-сынып бөлім бойынша жиынтық бағалауға сараптама . . . 28 Қорытынды . . . 29 Пайдаланылған әдебиеттер . . . 30
... жалғасы2. Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға - мұғалім. Мұғалім балаларды білім нәрімен сусындатуда барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізуге қолайлы орта жасауға ұмтылады. Сабақта пайдаланатын стратегиялар мен тәсілдер тақырыпқа сай оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырылып іріктелу керек. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу бұл әр түрлі жастағы оқушылардың өзгерісті қалай қабылдайтынын анықтау.
Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту сараланған оқытуға қатысты болып отыр. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқу балалар дамуында оқудың қолжетімділігі дәрежесін анықтайтын кезеңдеріне қатысты. Әртүрлі жастағы балаларда байқалатын метасана әр жастағы балалар мүмкіндігіне сай болады.
Танымдық даму және жас ерекшеліктер баланың оқу және проблемаларды шешу қабілеті. Дәлірек айтқанда, танымдық дамуға, оқуға деген қабілеттілік, сондай-ақ зейін, сөз дағдылары, ойлау, негіздеу және шығармашылық зияткерлік сияқты қабілеттерді дамытуға және тұрақтандыруға қатысты. Аталған зияткерлік қабілеттер ойлау үдерістерінің сипаты және жасына қарай олардың өзгеру ықтималдығы туралы маңызды ақпараты бар танымдық даму теориясы шеңберінде сипатталады.Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып есте сақтау, зейін тұрақтылығы және жадыны жақсарту арқылы танымдық қабілеттерін арттыру болып табылады.
Хаген мен Хейлдің зерттеулеріне қарасам, 5-6 жасар балаларды бірнеше ашықхаттағы есте сақтауды сұрау арқылы селективті зейіннің дамуын көрсетті. Алайда 14-15 жастағы балалар аса маңызды дүниені көбірек есте сақтайды депті. Демек ересек балалар зейіндерін тиімдірек шоғырландыра алады деген. Осыған сәйкес қорытынды - тапсырмаларды балалар үшін тартымды, қызықты және оларға сәйкес келетіндей етіп жасау маңызды. Сыныптың жас ерекшелігіне және түсіну деңгейіне байланысты барлық тапсырмалар және сол тапсырмаларды іске асыру үшін қолданатын әдіс - тәсілдерді таңдап алу сәттілігіне байланысты оқушының білімін анықталатыны белгілі . Сабақта оқушылардың жауаптарынан өзімнің ойыма түйгенім оқушылар сұрақтарға жауап берген кезде . Әр бала өз жас ерекшеліктеріне сай ой-өрісін білдіреді. Осы жерде айта кететін мәселе менің ойымша баланың жас ерекшелігі оның білім алуына, ойлауына үлкен әсер етеді. Сыныпта отырған әр түрлі жастағы балалар әр түрлі ойлайды, әр түрлі сөйлейді. Сол себепті мұғалім оқушыларға тапсырма дайындаған кезде оқушының жас ерекшелігін міндетті түрде ескеру керек. Себебі тапсырма оқушы талабына сай болмаса баланы зеріктіріп жібереді. Жас ерекшеліктерін ескере отырып алынған тапсырманы орындау барысында оқушылар бірін-бірі, топты бағалайды. Оқушының сөздік қоры, тілі, қиялы да жас ерекшелігіне сай болады. .Өзіміз білетіндей жас ерекшеліктері бірнеше топтарға бөлінеді соның ішінде мысалы Жеткіншек шақ кезеңін алдым. Себебі мен практика кезінде мектепте көбінде осы жеткіншек шақ кезіндегі балалармен жұмыс жасадым. Осы шақ туралы көптеген ақпараттар білдім. Айта кетсем: Жеткіншектік кезеңнің шектері шамамен орта мектептің 5-8 сыныбына сәйкес келеді де, 11-12 жастан 14-15 жасқа дейінгі аралықты қамтиды. Жеткіншектік кезеңнің баланың дамуындағы ерекше орны оның «өтпелі», «бетбұрыс», «қиын», «сыналатын» кезең деген атауларында бейнеленген. Бұл - ең тынымсыз, ең қиын, ең қызба жас. Жеткіншектің жеке басы дамуының аса маңызды факторы -оның өзінің ауқымды әлеуметтік белсенділігі, ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді игеруге, үлкендермен, жолдастарымен қарым-қатынас орнатуға бағытталады. Жеткіншектік кезеңнің маңыздылығын айта кетсем, адамның жеке басының моральдық, әлеуметтік негіздерін қолданып, қалыптасуының жалпы бағытының белгісі. Бұл кезеңдегі дамудағы биологиялық және әлеуметтік жағдайлардың рөлі туралы теориялық талас жарты ғасырдан астам уақыттан бері болып келеді.
Өзіміз көргендей жеткіншектер дамуындағы ерекшеліктер әр түрлі теорияларға негіз болды. Жеткіншектік шақтың басында балалардың сырт пішіні мен мінез-құлқы ересектерге ұқсамайды. Олар көп ойнап, көп жүгіреді, алысып-жұлысып тентектіктер жасайды, әлі де бала бола жүріп, елеусіз есейеді. Осы жастағы балалар көбінде өздерін:«енді бала емеспін, ересекпін » - деген түсінік өздерінде пайда болып, өзіне жұрттың осылай қарауын қалайды.
Мектеп пен оқу жеткіншектердің өмірінде үлкен орын алады. Оқу қызметіндегі ол қылықтардың сырттай көріну дәрежесі әр түрлі болуы мүмкін. Жеткіншектер білімді, әділ, мейірімді, сабақтағы жұмысты ұйымдастыра білетін мұғалімдерді бағалайды. Мұғалім міндеті - оқу материалдарын қайталау арқылы мағынаны есте сақтауға үйрету болып табылады
Оқушылардың оқу жұмыстарының қиыншылығы оқу материалының ерекшелігіне, оның ұғынуының, зейін қоюының, ой-өрісінінің жекедара ерекшеліктеріне және жас ерекшеліктерне байланысты. Сондықтан оқушылардың әрқайсысының жекедара ерекшеліктерін ескеріп, деңгейлік тапсырмалар берілу керек деп ойлаймын. Сыни тұрғыдан ойлауға арналған сұрақтарды жас ерекшеліктерін ескеріп дайындаған дұрыс. Сондықтан педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі ширақтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын қарым - қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді. Оқыту барысында әр оқушыны жан-жақты зерттей келе мұғалім осы өлшемдерге дәл келетін оқушыны тауып және де сол өлшемдерді өзгертуге, қолдануға болатын тиімді, әр қилы тапсырмалар қолдану керек.
Сапалы оқыту-мұғалім бейнесімен танылатын сан алуан элементтер арасындағы байланыс болып табылады, ол өзі белгілі бір деңгейде тәуелді жағдайлар жасалған кезде жүзеге асырылады. Сапалы оқыту оқушылардың, қоршаған орта жағдайы және оқыту, білім алу мүмкіндіктерінің бірлігі ретінде қарастырылады.Басында айтып кеткендей Хаген мен Хейлдің 5-6 жастағы балаларға қарағанда, 14-15 жастағы балалар ақпаратты көп есте сақтайды деген зерттеуінен кейін мен практика барысында осы зерттеуге сүйене отыра көптеген тапсырмалар құрастырдым. Айта кетсем мысалы қазіргі кезде оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында «Пицца», «Попкорн», «Тәтті кекстер» әдістерін қолдандым. Бұл әдіс-тәсілдермен мен көптеген тапсырмалар құрастыдым. Физика пәнінде әрбір өткен тақырып сайын оқушылардың ынтасын арттыру бір жағына қызыға қарап, сабаққа деген зейіні ашылсын деген мақсатта жасадым. Сонымен қатар тек осындай практикалық жұмыстармен тоқталып қана қоймай электронды ойындарда құрастырдым. Бұл ойындар тек Осы шақтағы 7-9 сыныптармен ғана тоқталып қалмайды одан басқада жастарға да қолданылуымызға болады
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz