Алматы қаласының өрт жағдайы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРҒЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
КАСПИЙ ҚОҒАМДЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

МҰНАЙ-ГАЗ ІСІ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ IT ИНСТИТУТЫ

НИЯЗБЕКОВА ДАНА

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Мемлекеттік өрт сөндіру бөлімшелерінің құрылымына сипаттама тақырыбы бойынша

6В11229 - Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау білім беру бағдарламасы

Алматы 2023 ж

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРҒЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

КАСПИЙ ҚОҒАМДЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

МҰНАЙ-ГАЗ ІСІ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ IT ИНСТИТУТЫ

6В11229 - Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау білім беру бағдарламасы

ҚОРҒАУҒА ЖІБЕРІЛДІ
ГМГІжеITИ деканы
т.ғ.д., профессор
________Нурпеисова Г.Б.
_____________2023 ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Мемлекеттік өрт сөндіру бөлімшелерінің құрылымына сипаттама тақырыбы бойынша



Орындаған:
_________Ниязбекова Д

Ғылыми жетекші:
т.ғ.к, ассоц профессор
_________ Өмірзақова Э.Ж
(қолы)

______________2023 ж.

Алматы 2023ж
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРҒЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

КАСПИЙ ҚОҒАМДЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

МҰНАЙ-ГАЗ ІСІ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ IT ИНСТИТУТЫ

6В11229 - Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау білім беру бағдарламасы

дипломдық жұмысты орындау
ТАПСЫРМАСЫ

Студент : Ниязбекова Дана
Тақырыбы : Мемлекеттік өрт сөндіру бөлімшелерінің құрылымына сипаттама.
ЖОО-ның __ _____ 2023 № 10-02129-122-23 бұйрығымен бекітілген.
Жұмысты орындаудың соңғы мерзімі __ ______, 2023 ж.
Дипломдық жұмыста әзірленетін сұрақтар тізімі немесе жұмыстың қысқаша мазмұны:
а) Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жедел қызметін талдау
б) Техникалық регламенттер
в) Алматы қаласының өрт жағдайы
Ұсынылатын негізгі әдебиет:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2009 жылдың 16 қаңтарында №16 қаулысына Өрт қауіпсіздігінің жалпы ережелері туралы техникалық регламенті.

дипломдық жұмысты дайындау
КЕСТЕСІ

Бөлімдердің атауы, әзірленетін мәселелер тізімі
Ғылыми жетекшіге тапсыру уақыты
Ескерту
Тақырып бойынша ұжымдық-құқықтық және нормативтік техникалық құжаттарды талдау

Алматы қаласының сипаттамасы

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жедел қызметін талдау

Өрт сөндіру бөлімшелерінің жауынгерлік жұмыстары туралы мәліметтер

Өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің оперативті қызметінің негізгі көрсеткіштері

Мемлекеттік өрт сөндіру бөлімшелерінің шақыру санын болжау мен динамикасын зерттеу

Орындалған дипломдық жұмыс бойынша жетекшінің және норма бақылаушының оларға қатысты бөлімдерді көрсете отырып қорытындысы
Бөлім атауы
Ғылыми кеңесші, аты-жөні
(ғылыми дәрежесі, атағы)
Қол қойылған күні
Қолы
Өрт сөндіру бөлімшелерінің жауынгерлік жұмыстары туралы мәліметтер
т.ғ.к, ассоц профессор Өмірзақова Э.Ж

Өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің оперативті қызметінің негізгі көрсеткіштері
т.ғ.к, ассоц профессор Өмірзақова Э.Ж

Мемлекеттік өрт сөндіру бөлімшелерінің шақыру санын болжау мен динамикасын зерттеу
т.ғ.к, ассоц профессор Өмірзақова Э.Ж

Консультант
т.ғ.к, ассоц профессор Өмірзақова Э.Ж

Норма бақылаушы
т.ғ.к, ассоц профессор Өмірзақова Э.Ж

Тапсырманың берілген күні __ ________ 2023ж

Бағдарлама жетекшісі __________________________ Аршидинова М.Т.
(қолы)
ДЖ жетекшісі ___________________________ Смашов Н.Ж. (қолы)
Тапсырманы студент қабылдады __________________ Ниязбекова.Д.
(қолы)
Күні _________________2023 ж.

Аңдатпа
Бұл дипломдық жобада мемлекеттік өрт сөндіру бөлімдерінің құрылымын және олардың ұйымдастырушылық иерархиясын зерттедім. Ол командалық, операциялық бөлім, кәсіби және еріктілер құрамы және қызмет көрсету қызметтерін қоса алғанда, негізгі компоненттер мен функцияларды талқылайды. Өрт сөндіруді, құтқаруды және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастырудағы әрбір деңгейдің негізгі жауапкершілік аймақтары мен міндеттері талданды. Сондай-ақ қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарға және тұрақты оқыту мен дайындық қажеттілігіне назар аударылды. Аңдатпа төтенше жағдайларға тез және тиімді әрекет етуді қамтамасыз ету үшін өрт сөндіру бекеттерінің тиімді құрылымының маңыздылығын көрсетеді.

Аннотация
В данном дипломном проекте я исследовала структуру государственных пожарных частей и их организационную иерархию. Он обсуждал основные компоненты и функции, включая командный, операционный отдел, профессиональный и волонтерский персонал, а также услуги по обслуживанию. Проанализированы основные зоны ответственности и задачи каждого уровня организации пожаротушения, спасения и обеспечения пожарной безопасности. Также было обращено внимание на требования к квалификации сотрудников и необходимость постоянного обучения и подготовки. Аннотация подчеркивает важность эффективной структуры пожарных постов для обеспечения быстрого и эффективного реагирования на чрезвычайные ситуации.

Annotiation
In this graduation project, I researched the structure of state fire departments and their organizational hierarchy. He discussed the main components and functions, including the command, operations department, professional and volunteer staff, and maintenance services. The main areas of responsibility and tasks of each level of organization of fire extinguishing, rescue and fire safety are analyzed. Attention was also drawn to the qualification requirements of employees and the need for continuous training and preparation. The abstract emphasizes the importance of an effective structure of fire stations to ensure a quick and effective response to emergencies.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

5
1. Тақырып бойынша ұжымдық-құқықтық және нормативтік техникалық құжаттарды талдау
7
1.1. Қазақстан Республикасындағы өртке қарсы қызметтерді ұйымдастыру нормативтері
7
1.2. Нормативті-техникалық әдебиетті талдау
9
1.3. Техникалық регламенттер
9
2. Алматы қаласының сипаттамасы
13
3. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жедел қызметін талдау
18
3.1. 2018-2021 жылдарына арналған Қазақстан Республикасының өрт жағдайы
18
3.2. Алматы қаласының өрт жағдайы
21
3.3. Алматы қаласында болған өрт сандары, қайтыс болғандар, шығындар және басқалары туралы мәліметтер
23
4. Өрт сөндіру бөлімшелерінің жауынгерлік жұмыстары туралы мәліметтер
27
4.1. Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу туралы мәліметтер
27
4.2. Мемлекеттік өрт сөндіру бөлімшелерін шақыру құрылымын талдау
33
5. Өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің оперативті қызметінің негізгі көрсеткіштері
43
5.1. Өрттің өркендеуінің ерекшеліктері мен өртті елеудің уақытша мінездемелері
46
6. Мемлекеттік өрт сөндіру бөлімшелерінің шақыру санын болжау мен динамикасын зерттеу
50
6.1. Романовский критерийлері бойынша Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің шақыру санын болжау мен динамикасын зерттеу
51
6.2. Ең аз квадраттар әдісі бойынша мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің шақыртулар санының динамикасын зерттеу мен болжамдау
55
Қорытынды
63
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
64

КІРІСПЕ

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының әрбір субъектісінде өрт сөндіру бойынша қызметтерді қалаларда мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері атқарады, ал мемлекеттік өртке қарсы қызмет жетпейтін елді-мекендердің тыныштығына Қазақстан Республикасының субъектілерінің құрылып жатқан өртке қарсы қызмет бөлімшелері мен ерікті өртке қарсы құрылымдары жауапты.
Осы орайда Қазақстан Республикасының елді-мекендерінде өртке қарсы қызметтің ұйымдастырылуын анықтайтын басты критерийі, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2009 жылдың 16 қаңтарында №16 қаулысына Өрт қауіпсіздігінің жалпы ережелері туралы техникалық регламентіне сәйкес шақыру орнына алғашқы бөлімшенің жетуі қалалық жерлерде - 10 минут, ауылдық жерлерде - 20 минуттан аспауы керек. [1]
Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету адамдардың өмірі мен денсаулығын, меншігін, ұлттық байлық пен қоршаған ортаны қорғау бойынша мемлекеттік қызметтің бөлінбес бөлігі болып табылады. Жыл сайын елімізде 17 500-ден астам өрт болып, 600-ге жуық адам мерт болады.
Қазақстан Республикасында қолданылатын нормативтік-құқықтық база жекелеген объектілердің және өнеркәсіп салаларының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін регламенттейді. Алайда, осы уақытқа дейін шағын елді мекендер мен ірі қалаларда және бүтіндей алғанда елімізде өртке қарсы қорғаныс жүйелерін жобалау және құру мәселесі шешімін тапқан жоқ. Бұл салада тек жекелеген нормативтер ғана бар, ал шашыраған әдістер мен модельдер мемлекеттің өрт қауіпсіздігі жүйесін жобалау әдістерінің бірегей жиынтығына біріктірілмеген.
Қазақстанда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағыттарының бірі өрттермен байланысты жағдайды болжамдау болып табылады. Ол үшін объектілердің өртке қауіпті сипаты мен олардың өртке қарсы қорғаныс дәрежелері, жедел жағдай жарақтандырылудың жай-күйі, өртке қарсы қызмет бөлімшелері қызметкерлерінің оқытылып-үйретілгендігі, өңірдің ауа райлық және геофизикалық сипаттамалары және басқа да көптеген мәліметтер туралы дәл де шынайы ақпарат болуы қажет.
Елді-мекендерде өртке қарсы қызметтің қалай ұйымдастырылуы туралы заманауи көзқарас келесі жағдайларға негізделуі керек: ол кез-келген елді-мекенде пайда болған кез-келген төтенше жағдайға кез-келген уақытта бар күштері мен мүмкіндіктерін пайдаланып оны елеп-ескеру.
Ол кезде екі негізгі шектеу орындалуы керек:
- Осы қызметтің күштері мен мүмкіндіктері өрт туындаған жерге мүмкін уақыт аралығында, ең бастысы өрт туындауының физико-химиялық заңдарына сәйкес, жетуі тиіс;
- Елді-мекендегі өртке қарсы қызметтің күштері мен мүмкіндіктерінің жалпы саны арнайы типтегі төтенше жағдайларға берілген экономикалық расталған, яғни, тәуекелділік деңгейіне қолайлы болуы тиіс. [2]
Көрсетілген шарттарды өртке қарсы қызмет орналасқан әрбір елді-мекенде орындау үшін төтенше жағдайды жою бойынша қажетті жұмыстар анықталуы керек және оларды орындау үшін қажетті шығындар саналуы керек (қажетті техникалық, адам және уақыт ресурстары. [3]
Осыған орай Қазақстан Республикасының әрбір субъектісінің өртке қарсы қызмет ресурстарының санын анықтау бойынша, олардың субъект төңірегі бойынша үлестірілуі және заңнама талаптарын орындау бойынша оның мүмкіндіктерін бағалау туралы сұрақтар тобы туындайды. Бұл кезде Қазақстан Республикасының барлық аймағын ескере отырып, сонымен қатар бөлек аймақтардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыздандыруға байланысты көптеген ерекшеліктерді ескеру қажет.
Елді-мекендердегі өртке байланысты жағдайлар халық санына көп байланысты болады. Одан басқа осы көрсеткішке аймақтардың социалды-экономикалық құрылымы әсер етеді. Өртке қарсы қызметтің әрекеттері аймақтың табиғи-климаттық шарттармен тікелей байланысты және табиғи сипаттағы мүмкін болатын төтенше жағдайларға байланысты.
Өрт қауіпсіздігін қамтамасыздандыруда айтарлықтай рөл атқару өрттің алдын-алуға да көп күш жұмсалады.
Жұмыстың өзектілігі мынада: елде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін кешенді шешу адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғауға, материалдық, мәдени және табиғи құндылықтарды сақтауға, сондай-ақ елді одан әрі қарқынды индустриаландыру мен Қазақстан халқының әл-ауқатының артуына ықпал етуі тиіс. Халықты қажетті өрт қауіпсіздігі деңгейімен қамтамасыз ету және өрттерден, басқа төтенше жағдайлардан келетін зиянды азайту үшін елді мекендердегі өртке қарсы қызмет туындаған төтенше жағдайдың (өрттің) сипатына бара-бар күштер мен құралдардың тиісті жиынтығымен кез-келген уақытта әрекет етуге дайын тұратындай болып ұйымдастырылуы тиіс.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Алматы қаласының өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің өрттен басқа да шақыртылуларға шығуын анықтау және сол шақыртуларды келер жылға болжау. Алматы қаласының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында: адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау, материалдық, мәдени және табиғи құндылықтарды сақтау.
Зерттеу барысында өрт қауіпсіздігін жобалау жүйесін математикалық модельдеуді әзірлеу кезінде жүргізілген талдау негізінде өртке қарсы қызмет бөлімшелерін орналастыру орнын белгілеуге арналған өлшемдер анықталды.

1. Тақырып бойынша ұжымдық-құқықтық және нормативті-техникалық құжаттарды талдау
Үнемі дамып келе жатқан техника, технологиялық процесстердің күрделене түсуі, жаңа құрылыс материалдарының енуі, құрылыстың интенсивті өсуі осының бәрі өртке қарсы қызметтерінің нормативті-әдістемелерінің базасының өсуіне ықпал етеді. Бүгінгі күні өрт қауіпсіздігі облысындағы нормативті құжаттардың тізімі келесі:
Заңдар, Қазақстан Республикасының Үкімет Қаулысы-66;
Техникалық Регламенттер -4;
ҚР СТ -94;
МЕМСТ- 120;
Әдістемелер, нұсқаулықтар - 21;
Ережелер - 15;
Аймақтық құжаттар -13;
ҚНжЕ, ВСН и СН - 91;
Ережелер жинағы, ҚНжЕ-ге оқу құралы-8.
Нормативті құжаттардың көп мөлшерде сияқты болып көрінгенімен, үнемі ескі құжаттарды түзетіп, жаңа нормативті құжаттарды дайындап отыру қажет.

1.1. Қазақстан Республикасындағы өртке қарсы қызметтерін ұйымдастыру нормативтері
Алдымен, өртке қарсы қызметтерін ұйымдастыру нормативтерінің отандық эвалюциясын өткен ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап көрсетейік (1-кесте).
1-кестеден көріп тұрғандай, қызметтің алғашқы Мемлекеттік өртке қарсы қызмет ғылыми дәлелденген нормативтері кеңес уақытында, нақтырақ 1980 жылдарда пайда болды. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғалы, Елімізде өзіміздің өрт қауіпсіздігі облысында нормативті базасы жасалып келеді.
1-кесте.
Елді мекенде өртке қарсы қызметтерін ұйымдастыру нормативтерінің отандық эвалюциясы
Жыл
Құжат, алғашқы құрастырған мекеме
Нормативтер
Қолданылу мерзімі
1
2
3
4
1930
ВСНХ, НКВД, НКПС РСФСР
Депо оның шығу радиусы
Ro= 3 км
1984 ж. дейін
1951
102-51
1 өртке қарсы автокөлік 5 мың адамға (екеуден кем емес)
1989 ж. дейін
1989

СНиП 2.07.01-89 (градостроительство)
Негізгі өрт автокөліктерінің нормалауы және өртке қарсы депоның шығу радиусы R.
1994 ж. дейін
005
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 1251 қаулысы Мемлекеттік өртке қарсы қызмет өрттен қорғайтын қоныстану аумақтарының және мемлекеттік меншіктегі аса маңызды объектілердің тізбелерін бекіту

Өртке қарсы қызметтерінің бөлімшесінің қала аймағында және елді мекенде орналасуы бірінші өрт қызметінің шақыру орнына келу уақыты 10 минуттан аспауы керек, елді мекен үшін - 20 минуттан аспауы қажет деген есеппен орналасады.

Қалалар мен елді мекендер үшін өртке қарсы деполар мен автокөліктердің саны Қазақстан Республикасының аймағында қолданылатын құрылыстық нормалар талаптарына сай анықталады.

Бүгінгі уақытқа дейін
2009
Өрт қауіпсіздігі үшін қойылатын жалпы талаптар техникалық регламенті [1]
Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін үйымдық-техникалық жүйе келесі іс-шаралардан тұрады:
1)өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуде көпшіліктің назарын аудару;
2)халықты өндіріс пен күнделікті өмірдегі өрт қауіпсіздігіне үйретуді жүйелеу;
3)өрт қауіпсіздігін реттейтін нормативті құқықтық акттар мен нормативті құжаттарды дайындау.
4)өрт қауіпсіздігі облысында насихат жүргізу;
5) Өрт қауіпсіздігінің алдын-алуды қамтамасыз ету;
6) Қолданылатын түрлі өрт сөндіру құралдарын сақтау ретін анықтау;
7) Өрт кезінде адамдарды қауіпсіз жерге эвакуациялау.
8) Өрт шыққан жағдайда тұрғындардың, жұмысшылардың және әкімшіліктің эвакуацияны дұрыс жоспарлауы.
9) материалдардың, бұйымдардың, технологиялық процесстердің, ғимараттардаң және елді мекендердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін төлқұжаттардың болуы.
10) Өндірістік объекттің қауіпсіздік декларациясының дайындалуы.
11) Қалаларда, елді мекендерде және меншіктік түрлі объектілерде өртке қарсы қызметтерін құру мен дамыту.

1930 жылдан бастап осы уақытқа дейін эмпирикалық негіз алған нормативтер негіз болып, практика жүзінде кейбіреуі жарап, бірақ эффективті шешімді бере алмады.[4]
1926 жылдың басында советтік өртке қарсы қызметтерде өрт сөндіру көліктері болды. Олардың қызмет көрсету радиусы 2,5 шақырымға кеңейтілген (өрт көлігінің орташа жылдамдығын есептегенде 30 шақырымсағат нормативті есебі). 1930 жылы ВСНХ РСФСР, НКВД РСФСР және НКПС СССР мен бірігіп қалалық өртке қарсы командасына аумақтық радиус шекарасында салт атты керуендер болса 1,5 км, егер өрт сөндіру көліктері бар жағдайда 3 км-ге дейін қылып белгіледі. Соңғы айтылған норматив қалаларда өртке қарсы депо орнату үшін жалғыз қолданылатын шара, бұған 75 жылдан асты!
1950 жылдардың басында бұл нормативке тағы қосылған біреуі ол өрт сөндіру көліктеріне байланысты (1 кестені қара). Нормативтің екеуі де практика жүзінде ешқашан ауыспағанын ескере кету қажет, өйткені көп жағдайда қызмет көрсету радиусын ұстану мүмкін емес (бірқатар себептерге байланысты), ал өрт сөндіру көліктерінің санының нормативі бірталай қалалар үшін асыра арттырылған. [4] Бірақ жергілікті әкімшілік органдардың бұл бағыттағы маңызды нәтижесі көрінбейді. Мемлекеттік өрт сөндіру қызметтері жоқ жерде, елді мекендерді қорғау үшін өрт сөндіру бекетін құру функциялары мен оларды жабдықтау жергілікті әкімшілік органдардың өкілдігіне заң негізінде бекіту.

1.2. Нормативті-техникалық әдебиетті талдау
Өрт қауіпсіздігінің жалпы ережелері техникалық регламентінің [1] 40 бөлімінің 11) санап шығуына 3.1.3 бөлімшесіне сәйкес келесідей талаптар анықталды:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 1251 Мемлекеттік өртке қарсы қызмет өрттен қорғайтын қоныстану аумақтарының және мемлекеттік меншіктегі аса маңызды объектілердің тізбелерін бекіту қаулысына сәйкес, төтенше жағдай кезінде елді мекендерде, қалаларда немесе мемлекеттік меншіктегі объектілерде өрттер мен басқа да апаттарды жою (болдырмау) Қазақстан Республикасының Төтенше Жағдайлар Министрлігімен орындалады [5].

1.3. Техникалық регламенттер
Өртке қарсы қызметтердің орналасуы қалалар мен елді мекендерде бірінші өрт сөндіру бөлімінің келу уақыты қалалар үшін 10 минуттан аспауы, ал елді мекендер үшін 20 минуттан аспауы қажет. Елді мекендер үшін нормативті оперативті елеуі (20 минут) бір жағынан өртке қарсы қызметтердің қаншалықты алшақ екені саналып, ал екінші жағынан объектілердің өртке қаншалықты қауіпті екенін, ауылдық аймақтарда ондаған жылдар бұрын ағаштан, каркасты-қамыстан салынған тозығы жеткен үйлердің жайын, тез жанатын өртке қауіпті материалдың болуы есепке алынбайды. Бұл факторлар өрттен келген материалдық шығынға Өртке қарсы деполар саны мен өртке қарсы көліктің саны қалалар мен елді мекендерде Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген құрылыс нормаларына сәйкес анықталады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 қыркүйектегі Міндетті түрде өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесін бекіту туралы қаулысына сай мемлекеттік меншікте емес объектілерде (өнеркәсіптерде) өрт сөндіру мен төтенше жағдайларды жою, объектілерде құрылуы тиіс өртке қарсы қызметтерінің объекттік бөлімшесімен іске асырылады [6].
Объектілік өртке қарсы қызметтердің орналасуы оның өртке қаншалықты қауіпті екеніне және өртке қарсы қызметтерінің өртті сөндіруді шығуының мақсатына байланысты анықталады.
Объектілерді қорғау үшін өртке қарсы деполардың қызмет көрсету радиусы Объектілерді қорғауда өрт қауіпсіздігіне қойылатын талаптар Техникалық регламентіне сәйкес анықталады [7].
Объектілік өртке қарсы қызметтерінің өрт сөндіру көліктері мен жеке құрамының саны объектінің әкімшілігімен Қазақстан Республикасының заңымен бекітілген өрт қауіпсіздігі облысындағы уәкілетті орган мақұлдаған есептерге негізделіп бекітіледі.
Объектілерді қорғаудағы өртке қарсы техника қауіпсіздігінің талаптары Техникалық регламентінің 16 және 17 тармақтарына сәйкес келесілер анықталған [7].
16. Қала аймағында немесе елді мекендерде мемлекеттік өртке қарсы қызметтердің орналасуы, өрт сөндіру көліктерінің саны мен жеке құрамның саны Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар Техникалық регламентіне сәйкес анықталады.
17. Өртке қарсы қызметтер өрт сөндіру көліктерімен келесі жағдайларда қамтамасыз етілуі қажет:
1) Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің аумақтық бөлімшесінен құрылымға, ғимаратқа дейін жалпы пайдаланылатын жолдардан объектінің алыс орналасуы (өнеркәсіп мекемесі категориясына жатқызылған жағдайда):
2 км алыс - жарылыс қаупі және өртке қауіпті А, Б және В1-В4 санатындағы, аумақтағы құрылымдары 50%-дан астам өнеркәсіптер үшін.
4 км алыс жарылыс қауіпі және өртке қауіпті А А, Б және В1-В4 , аумақтағы құрылымдары 50%-ға дейінгі және Г мен Д санатындағы өнеркәсіптер үшін.
Егер өнеркәсіп аумағындағы барлық құрылыстардың 50%-дан астамының өртке қарсы деңгейлері III, IIIб, IV, IVa, V болса онда өртке қарсы деполардың қызмет ету радиусын 40%-ға қысқартуға болады.
2) Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің объектілерден алшақ орналасуы (өндірістік кәсіпорындарға жатпайтын санаттар үшін)
2 шақырымнан астам - 100 м-ден аспайтын ғимараттар үшін;
1 шақырымнан астам - 100 м-ден жоғары ғимараттар үшін.
3) мемлекеттік өртке қарсы қызметтің аумақтық бөлімшесінің қол астында өрт шыққан жағдайда қажет мөлшерде сумен қамтамасыз ете алатын және адамдарды жоғары қабаттардан эвакуациялау үшін қажет өрт сөндіру көліктерінің болмауы.
Өрт шыққан жағдайда қажет мөлшерде сумен қамтамасыз ете алатын Өрт сөндіру көліктерінің қажет мөлшерін санау әдісі техникалық регламенттің 3 қосымшасында келтірілген.
Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы шарттар (ары қарай Регламент ) [1] техникалық регламентінің қабылдануы объектілердегі өрт қауіпсіздігінің деңгейін бағалау амалы мен өртті бақылауды анықтау тәсілдерін өзгертеді. Регламент - өрт тәуекелінің анықтамасын береді. Өрт тәуекелі - материалдық құндылықтар мен адамдар үшін өрт қауіпсіздігін іске асыру мүмкіндігінің сандық бағалануы. Өрт тәуекелі дербес және социалды болып екіге бөлінеді. Дербес өрт тәуекелі (өрт кезінде адам өлімінің қауіпі) - өрт кезінде туындайтын қауіпті факторларға байланысты бөлек адам өлімінің сандық сипаттамасы. Социалды өрт тәуекелі (өрт кезінде топ адамдық өлу қауіпі) - өрт кезінде туындайтын қауіпті факторларға байланысты он немесе одан да көп адамның өлімінің сандық сипаттамасы. Көрсетілген анықтамалардан байқалып тұрғандай, барлық өрт тәуекелдері объектілердің өрт жағдайларындағы сандық сипаттамаларға негізделген.
Регламент Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің келесі шарттарында нормативті түрде бірінші рет орналастырып жатыр:
Регламентте және басқа да Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілерімен және өрт қауіпсіздігін реттейтін нормативті құжаттармен белгіленген Өрт қауіпсіздігінің талаптарының толық орындалуы;
Түрлі типтегі объектілер үшін Өрт тәуекелдерінің бекітілген нормативті критерийлік мағынасы 2 - кестеде көрсетілген

2-кесте
Объектінің функционалды мағынасына байланысты тәуекел түрлері мен мөлшерлері
Тәуекел түрі
Объектінің функционалды мағынасы

Қоғамдық ғимарат
Өндірістік ғимарат
Өндірістік объектілердің қоныстану аумақтары
Дербес
10[-6] жылына
10[-6]10[-1] * жылына
10[-8] жылына
Социалды

10[-7] жылына
Ескертпе:
--технологиялық процесстердің функциялық спецификасына байланысты индивидуалды өрт тәуекелінің мағынасын жылына 10-4-не дейін үлкейтуге болады, бұл жағдайда қызметкерлерді оқыту шарттары мен жоғары қауіп жағдайларындағы жұмысын өтейтін қылып қызметкерлерді социалды қорғау қарастырылуы керек.

Осыдан шығатын, өрттен қорғау амалдары мен шарттарын, өрт қаупі төнген жағдайдағы есеп сценарийлері мен технико-экономикалық негіздемесі шығын көлемі мен өрт сөндіру амалдарына кеткен шығын көлеміне байланысты. Бұндай есептерді жүргізу үшін әдістемелер, құралдар мен ғимараттар құрылымдарының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін саласында жұмыс істейтін дәрежелі мамандардың ұсыныстарына құлақ салу қажет.
Өрт қауіпсіздігі өртті болдырмау және өрттен қорғау жүйесімен, сонымен қоса ұйымдық-техникалық амалдармен қамтамасыз етіледі.
Өрт қауіпсіздігінің системасы адамдар мен материалдық құндылықтардың өрт қауіпсіздігіне дайын екенінің дәрежесі осы системалардың материалдық құндылықтары үшін экономикалық критерийлерінің, барлық стадияларды есепке алғанда (ғылыми жобалау, проектілеу, құрылысы, эксплуатациясы) қаншалықты тиімді екенін сипаттайды.
Осыған негізделіп, қауіпсіздік шарттары объектілердің өртке қаншалықты қауіпсіз екенін бағалайды:

Р(фак) = Р(доп), (4.1)

бұл жерде Р(фак) - өрт тәуекелінің нақты санаулы мағынасы,
Р(доп) - өрт тәуекелінің ұйғарынды шектік мәні
Өрт тәуекелінің ұйғарынды шектік мәні 2- кестеде көрсетілгендей анық болған жағдайда, өрт тәуекелінің санаулы мағынасын нақты табуға болады.

Тарау бойынша нәтиже:
Нормативті-құқықтық құжаттардың бар болғанымен, мемлекет территориясы мен халқы өртке қарсы қызметтерімен толық қамтамасыз етілмеген.
Қазақстан Республикасының Азаматтарды қорғау Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін елді мекендерде өртті сөндіру ұсыныстарын шығару қажет.
Алматы қаласының сипаттамасы

Алматы (орыс. Алматы́, Ресейде -- Алма́-Ата́ [8]; 1921 жылға дейін -- Верный; орта ғасырларда -- Алмату (Алмалы)) -- Қазақстанның ең үлкен қаласы. Ол Тянь-Шань тауларының солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында, Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан. Алматыда 1 548 354 адам тұрады (2015) [9]. Алматының ЖІӨ 2010 жылы 18.8 млрд АҚШ долларын, ал жан басына шаққанда 19 мың АҚШ долларын құрап Қазақстанның ЖІӨ бестен бір бөлігін өндіреді [10].
Географиясы: Қаланың аумағы -- 170 шаршы километр. Іле бойы жазығының оңтүстігін ала Тянь-Шань тау селімдерінің солтүстігінде орналасқан. Республика жерінің оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Іле Алатауының солтүстік беткей баурайында, теңіз деңгейінен 700-1000 метр жоғары Үлкен және Кіші Алматы өзендері аңғарларына орналасқан.
Климаты: Алматыда континенттік климат қалыптасқан. Климаттық жағдайы -- желсіз тымық ауа-райы және ауа қабаттарының тау аңғарлары арқылы төмен қарай ығысумен ерекшеленеді. Ең ыстық айлар -- шілде мен тамыз. Ең суық ай -- қаңтар. Орташа жылдық температурасы шамамен 10 °С кұрайды, қаңтардың орташа температурасы шамамен - 4.7 °С, ал шілдеде +23.8 С°. Үсіктер қараша айында басталып, сәуірде аяқталады. Қатты аяздар 67 күн болады -- желтоқсаның 19-ы басталып, ақпанның 23-і аяқталады. Ыстық күндер температурасы 30 С°-қа дейін -- 36 күн болады. Жылыда шамамен 600-650 мм жауын-шашын болады.
Алматы қаласы 8 ауданнан тұрады: Алмалы ауданы; Алатау ауданы; Әуезов ауданы; Бостандық ауданы; Жетiсу ауданы; Медеу ауданы; Наурызбай ауданы [11]; Түрксiб ауданы.
Тарихы: Тянь-Шань жоталарының етегінде орналасқан әсем қаланы бақша-қала деп бекер атамаған. Көктем маусымында оңтүстік алқаптардағы бау-бақшаларда алма, өрік, шие гүлдеген кезде қала ертегіге айналады. Алматы қаласының атауы алма сөзінен шыққан. Дәл осы жерде аты әлемге танымал апорт алмасы өседі.
Кейбір деректерге сүйенсек ескі замандарда осы жерде, яғни, керуен жолы -- Жібек жолында Алматы сауда мекені орналасқан. ХІІІ ғасырда оны Шыңғысхан ордасы тас талқан етті. 1854 жылы ескі қала қалдықтарынан Верный қаласы пайда болды. Кеңес Одағы жылдары қала атауы Алма-Ата болып өзгертілді, 1929 жылдан 1997 жылға дейін Алма-Ата Қазақстан астанасы болды. 1993 жылы тәуелсіздік туралы Ата заң қабылданған сәттен бастап, бұрынғы Верный, одан кейінгі Алма-ата Алматы деп өзгертілді.
Алматы теңіз деңгейінен 650-1200 метр биіктіктегі Іле Алатауының солтүстік бөктерінде орын алған. Қала жазықтықта орналасқан, үш жағын биік таулар мен жасыл массив қоршаған. Алматы -- Еуразия континентінің орталығы. Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында.
Алматының баурайларын Іле Алатауының ұлттық паркі алып жатыр. Онда көптеген табиғи қорықтар орналасқан. Мұнда өмір сүретін сирек құстар мен аңдар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Олардың қатарына Алматының мемлекеттік гербін әшекейлеген барыс жатады. Тау баурайы дәнді дақылдар алқабы, бақша, темекі плантациялары мен жүзімдіктер, жидектер мен жеміс бақшаларына ұласады. Қала территориясының 8 мың га-дан астамын бақшалар, парктер, саябақтар мен бульварлар алады.
Қала 170 шаршы км-ден астам алаңды құрайды. Ол кіші және үлкен Алматы өзендерінің торабында орналасқан. Тау өзендері қаланы сумен қамсыздандырудың басты көзі болып саналады. Алматы 1997 жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығына сәйкес, Астана қаласына көшірілді.
Алматы -- елдің ғылыми, мәдени, тарихи, өндірістік және қаржы орталығы. 1997 жылы қаланы одан әрі іскерлік әрі қаржы орталығы ретінде дамыту туралы шешім қабылданды. 2006 жылы АӨҚО дамыту жөніндегі заңға қол қойылды.
Басты қала құндылықтарының бірі -- Көктөбе. Оңтүстігі қаламен шектесетін жоталы мекен. Ол 1070 метр биіктікте орналасқан. Көктөбенің басына шығу арқылы қаланың алақандағыдай көрінісін тамашалауға болады. Дәл осы жерде қаланың керемет түнгі көрінісінің куәсі бола аласыздар.
28 панфиловшылар паркі. Паркте атақты мемориал, естелік аллеясы мен мәңгі алау от бар. Зенков кафедралдық шіркеуі де осы паркте орналасқан.
Қасиетті-Вознесенский православтық шіркеуін жергілікті сәулетші А.Зенков бірде-бір шегесіз 1940 жылы құрастырған. Ол әлемдегі ағаштан жасалған ерекше тоғыздықтың бірі болып саналады. Шіркеу 1911 жылы болған Рихтер шкаласы бойынша 10 баллдық жер сілкінісіне төтеп берген.
Тәуелсіздік монументі. Республика алаңына көрік берген қайталанбас құрылыс. Аталған монументтің авторы -- Шота Уәлиханов. Монументтің ұшында барысқа мінген алтын адам бейнесі бейнеленген. Ал монументтің айналасында қазақ даласының ежелгі тарихы толықтай қамтылған.
А.Қастеев атындағы өнер музейі мен мемлекеттік орталық музей -- республикамыздағы басты құндылықтардың бірі. Сонымен қатар қазақ халқының ұлттық инструменттерін топтастырған Ықылас атындағы ұлттық музей де ерекшелігімен көз тартады.
Медеу. Әлемге әйгілі Медеу мұз айдыны 1972 жылы құрылған. Ол қаладан 15 км. қашықтықта орналасқан.
Экономикасы: Алматы қаласын халықаралық деңгейдегі қаржы орталығына айналдыру үшін атқарылатын жұмыс көп, ол бәсекелестікті күшейту, бәсекелестік орта қалыптастыру. Жекелеген компаниялардан, жеке тұлғалардан бағалы қағаздар нарығын дамытуға қаржы көздерін тарту, Алматы қаласының қаржы орталығы болуы үшін инфроқұрылымын дамыту және жаңарту, халықтың қаржымен жұмыс жасау жөніндегі мәдениетін арттыру, қолайлы инвестициялық жағдай жасауды жалғастыру, қор нарығына жаңа эмитенттер тарту, қор нарығын дамыту үшін мемлекеттік үстемелеуді жалғастыру, бағалы қағаздар нарығын дамыту, Қазақстанда іскерлік белсенділікті арттыру және т.б. ауқымды істерді жүзеге асыру. Бұл түйткілді мәселелер Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің 2011-ші жылға дейін жасаған стратегиялық жоспарында кеңінен айтылып кеткен. Үлкен жобаны іске асыру жолында ең үлкен мәселелердің қатарына елде белең алған жемқорлықпен күресті күшейту, сот жүйесінің ашықтығын, тәуелсіздігін арттыру жұмыстарын кеңейту, сапалы мамандарды дайындау секілді түйткілді мәселелерді шешуіміз керек. Ұлттық қор нарығын дамыту біздің еліміз үшін ішкі қаржыландыру көздерін табудың үлкен балама шешімі болмақ.
2010 жыл нәтижесі бойынша Алматы бюджеті 5 млрд АҚШ долларынан асқан [12].
Өнеркәсіп: 2005 ж. 1-қаңтардағы мәлімет бойынша, қала аумағында 1668 өнеркәсіптік кәсіпорын тіркелген. Олардың 168 -- ірі және орта (қызметкер саны 50 адамнан асады), жалпы өндіріс көлеміндегі үлесі -- 77,7%. Жалпы алғанда, қала бойынша ірі және орта кәсіпорындары өнім өндірісін 2004 жылы алдынғы жылға қарағанда 10,2% ұлғайтты.
2004 жылы қалада жалпы құны 169563,2 млн теңге өнеркәсіп өнімі өндірілген, бұл 2003 жылдың деңгейімен салыстырғанда 113,4% құрады, ал қаржылық емес сектор бойынша 168274,7 млн. теңге - 113,4%.
Өнеркәсіп өнімдерінің жалпы қала бойынша өсуін өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындары қамтамасыз етеді. Осы сала бойынша өндірілген өнімнің көлемі есеп беру кезеңіне 156 311,8 млн теңгеге жетті, физикалық көлемінің индексі 116,6 % құрады, ал өндірілген өнімнің жалпы салмағынан үлесі 92,2% құрады. Тау-кен өнеркәсібінің үлесі - 0,1%, ал электр қуатын өндіру мен үйлестіру, газ және су үлесі −7,7%.
Өңдеу өнеркәсібінде өнім үлесі ең көп салалар:
Азық-түлік өнеркәсібі - 38,0%;
Көлік жасау - 15,4%;
Целлюлозды-қағаздық өнеркәсіп және баспа ісі - 10,3%;
Кен өнеркәсібі - 10,3%;
Құрылыс заттарын өндіру - 7,6%
Жалпы қала бойынша өнімнің 63,7% азық-түлік саласына, целлюлозды-қағаздық өнеркәсіп пен баспа ісі, көлік жасау салаларына келеді.
2004 жылы өнеркәсіп орындарындағы жұмысшылардың саны 48 750 адам болды. Орта айлық табыс 2003 жылмен салыстырғанда 19,9% өсіп, 36,1 мың теңгені құрады.
2004 жылы қаланың өнеркәсіп орындарында өндірістің дамуына негізінен жаңа құрал-жабдық, жаңа технологиялар алу үшін және өнімнің жаңа түрін өндіруге 15,0 млрд теңге инвестиция салынды.
2004 жылы полиграфиялық өнім, темірден, ағаштан және металлопластикадан жасалатын бұйымдар, сусындар өндіру, сүт өнімдері және т.б. бойынша 44 жаңа өндіріс енгізілді.
35 кәсіпорындарында жаңа технология бағыттары енгізілді және өнімнің жаңа идеялары меңгерілді. Осының барлығы 2004 жылы 2837 жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік берді.
Қандай да болмасын кәсіпорынның ішкі немесе халықаралық нарығында жетістігін қамтамасыз етудегі негізгі әдіс және т.б. сапасындағы менеджмент жүйесін енгізу болып табылады. Бүгінгі күні 54 өнеркәсіптік кәсіпорындар өндіру жүйелеріне сапа менеджменті жүйесін енгізді.
2004 жылғы тауар айналымы (қоғамдық тамақтандыруды санамағанда) 428,9 млрд. теңгені құрады және 2003 жылға қарағанда 22,2% өсті.
Сауда: Сауда кәсіпорындарының тауар айналымы жалпы тауар айналымының 34,4%-ын (130,9 млрд теңге) құрады. Осы кәсіпорындардың физикалық көлемінің индексі оның алдындағы жылмен салыстырғанда 7,2% өсті. Тауар айналымының көп бөлігі орта және шағын кәсіпорындардың үлесіне тиеді.
Жеке меншік кәсіпорындар арқылы сатылған тауар айналымы және киім, аралас, азық-түлік базарларындағы саудадан салық түрінде 419,9 млрд теңге (97,9%) алынды, заңды тұлға және шет ел мемлекеттері азаматтарының қызметінен -- 8973,1 млн теңге (2,09%), мемлекеттік сауда кәсіпорындарынан -- 47,2 млн теңге (0,01%) алынды.
Есеп беру кезеңінде қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарымен 6754,7 млн теңге көлемінде өнім өткізілген. Бұл салыстырмалы бағамен алғанда 25,0% артық, олардың көп бөлігі шағын және орта кәсіпорындармен қамтамасыз етіледі. Олардың үлесі тиісінше 45,6 және 44,5%.
Көтерме сауда айналымы 2004 жылы 522,7 млн теңгені құрады. Бұл қазіргі бағада 2003 жылмен салыстырғанда 23,3% артық. Шағын және орта кәсіпорындар үлесі тиісінше тауар айналымы сәйкесінше -- 57,6 және 41,5%.
2005 жылдың 1-қаңтарына қарағандағы мәлімет бойынша, Алматы қаласында 5140 сауда, қоғамдық тамақтандыру және қамтамасыз ету кәсіпорындары бар:
Өнеркәсіп және азық-түлік тобы - 2922;
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары - 1119;
Тұрмыстық қызмет көрсету - 1021;
Базарлар - 76.
Сауда, қоғамдық тамақтандыру мен қамтамасыз ету салаларында барлығы 69 484 адам жұмыс істейді.
Алматы қаласында Аймақтық қаржы орталығын құру жобасы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевпен ұсынылған болатын және алғаш рет 2004 жылдың қараша айында Қазақстан қаржыгерлерінің Конгресінде жария етілді.
2005 жылы Қазақстан Үкіметімен Сингапур мен Тайланд қаржы орталықтарын құру мен дамытуға қатысқан Boston Consulting Group Inc. компаниясы шақырылды.Бұл компанияның басты мақсаты қаржы нарығын дамытуда артықшылықтар мен кемшіліктерді анықтап, құрылатын қаржы орталығында құқықтық, инфрақұрылымдық басқару позициялары бойынша ұсыныстар әзірлеу болды.
Бүгінгі күні эмитенттер, қатысушылар, сондай-ақ, арнайы сауда алаңында Қазақстанның барлық аймақтарынан дара инвесторлар тарту мақсатында Агенттік Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды және Солтүстік-Қазақстан облыстарында, Астана мен Алматы қалаларында презентация өткізді. Оның аясында облыс әкімдіктері мен Агенттік арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумына қол қойылды. Осы келісімдерге сәйкес 2007 жылдың аяғына дейін әр аймақтан үштен кем емес эмитент тарту бойынша жұмыс жүргізілуде.
Сонымен қатар, Агенттік ААҚО бірнеше шетел, Ұлыбритания, Қытай, Сингапур, Германия, Оңтүстік Корея, Балтық елдерінде, Ресей, Украина және т.б. елдерінде тұсаукесерін өткізді. Осы сапарлардың басты қорытындысы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы, атап айтқанда, Лондон, Франкфурт, Гонконг, Сеул және Варшава қор биржаларымен меморандумға қол қою болып табылды. Қол қойылған құжаттар ұзақ мерзімді ынтымақтастық механизмін әзірлеуге, аталған елдердің қор биржаларымен ААҚО арасында байланыс орнату бойынша нақты іс-әрекетке дайындықты білдіреді.
Қазіргі таңда ААҚО АСА листингінде 14 эмитент бар -- Астана-Финанс АҚ, Астана-Недвижимость АҚ, Банк Центр Кредит АҚ, Қазақстан Ипотекалық Компаниясы АҚ, "Концерн Цесна-Астық ЖШС, ЭКОТОН+ АҚ, MAG АҚ, Қазақтелеком АҚ, Казкоммерцбанк АҚ, Kazkommerts International B.V., АО Kazcat, Темiрбанк АҚ, АТФ-Банк АҚ және RESMI COMMERCE ЖШС. Қор нарығына қойылған осы компаниялардың 55 құнды қағаздарынан 15акция, 40 облигация. Бүгінгі күні ААҚО сауда көлемі 40 млн АҚШ долларын құрады. Акцияның нарықтық капиталдануы 5,3 млрд АҚШ долларын, облигация - 3,6 млрд АҚШ долларын құрайды.
Бүгінде ААҚО ҚРА экономиканың түрлі салаларының -- қаржы, құрылыс, өнеркәсіп, ауыл шаруашылық және т.б. компанияларын АСА шығару бойынша келіссөздер жүргізуді жалғастыруда.

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жедел қызметін талдау

Әлемнің көптеген елдерінде өртпен күрес, жекеменшік, адам өмірі мен денсаулығын қорғау мемлекеттік міндеттердің негізгісі болып табылады, оның мүлтіксіз орындалуына біраз материалдар мен еңбек ресурстары жұмсалады.
Қазіргі таңда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемалары өзекті әрі қиын болып бара жатыр. Өртке қарсы қызметтің жұмысын тиімді жоғарылату үшін бірнеше амал бар. Мысалы материалды-техникалық базаны жоғары деңгейге жеткізу мен оны кеңейту. Бұл әдіс маңызы аз емес болғандықтан, қызметке ірі қаржылық құюларды талап етеді. Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің ұйымдастырылуы мен басқарылуына жатқызуға болатын басқа да тәсілдері бар. Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің жұмысының эффективтілігін жоғарылатудың негізгі резервтерін басқаруды ұйымдастыруды жетілдіру амалдарын іздестіру керек және мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қоғам үздіксіз қатысуы керек.
Өртке қарсы қызметтің жұмысында ғылыми басқарудың принципі оның бөлімшелерін басқару мен оның қызмет істеу процестерінің заңдылықтарын зерделеуді талап етеді, кадрларды орналастыру мен оларды таңдау, басқару процессін ұйымдастыру, басқарудың жаңа бөлімшелерін әзірлеу мен бар бөлімшелерді оңтайландыруда осы заңдылықтарды дұрыс пайдалану [2].
Өрттерді өшіру, жәбірленгендерді құтқару және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу мемлекеттік өртке қарсы қызметтің оперативті бөлімшелерінің негізгі міндеттері болып табылады.
Елді мекендердегі оперативті жағдай (қалаларда, ауылдық елді-мекендерде), олардың өртке қарсы қорғанысы жағдайында, көп жағдайда өртке қарсы қызметтің қауіптілікті сипаттайтын елді мекеннің элементтерінің кешенімен динамикалық байланысымен анықталады.
Мемлекеттік жеке-меншікке жататын қоныстану аумақтары, стратегиялық, мемлекеттік маңызды объектілер мен өмірін қамтамасыздандыру объектілерін Қазақстан Республикасында Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің 415 өрт бөлімшелері қамтамасыз етеді. Тәулік сайын жауынгерлік кезекшілікте 2500 жуық өрт сөндіруші қызметті атқаруда. Республика бойынша бір тәулікте орташа есеппен алғанда 50 өртке жүк болады, өрт бөлімшелері дабыл бойынша 160-қа жуық шығу орындайды. 2014 жылы Алматы қаласында 313 өрт орын алды, 2013 жылмен салыстырғанда анағұрлым аз (339 өрт) [15].

3.1. 2018-2021 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының өрт жағдайы
Еліміздің халқы мен аумағын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың кері әсерінен қорғауды Министрліктің авариялық-құтқару қызметтері қамтамасыз етті, олар авариялық-құтқару жұмыстарына 64 749 рет шықты, 7074 адамды құтқарды, ТЖ аймағынан 7651 адамды эвакуациялады, 6318зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетті.
Қазақстан Республикасының аумағында 2014 жылы жедел деректер бойынша 17 779 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай мен оқиға тіркелген (2013 жылдың осы кезеңіне қарағанда 7,5%-ға өсті). Бұл ретте зардап шеккендер саны 4251 адам (2013 жылдың осы кезеңіне қарағанда 0,3%-ға кеміді), соның ішінде 1202 адам қаза болды (2013 жылдың осы кезеңіне қарағанда 9,8%-ға кеміді). Алдын ала деректер бойынша материалдық залал 3749,8 млн. теңгені құрады, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 61,7%-ға кеміді (2013 жылы - 9787,2 млн. теңге).

1-сурет. Өндірістік және тұрмыстық өрттер

Жедел деректер бойынша 2021 жылы 14 477 өндірістік және тұрмыстық өрт болды. Одан 1011 адам зардап шекті, оның ішінде 401 адам қаза болды. Материалдық залал 3107,3 млн. теңгені құрады [15].

2-сурет. Қазақстан Республикасы аумағында 2014 жылы болған өндірістік және тұрмыстық өрттердің саны 2013 жылмен салыстырғанда

Есепті кезеңде өрт санының кемуі Оңтүстік Қазақстан облысында 89 оқиғаға, Алматы облысында 37 оқиғаға байқалады.
Өрт кезінде адамдардың қаза болуы мына облыстарда: Шығыс Қазақстан 18 адамға, Алматы 10 адамға, Қарағанды 9 адамға, Қостанай 8 адамға, Оңтүстік Қазақстан 7 адамға, Батыс Қазақстан 5 адамға, Ақтөбе және Атырау 4 адамға және Астана қаласында 5 адамға қысқарды.
Өрт санының өсуі мына облыстарда: Павлодар 326 оқиғаға, Ақмола 152 оқиғаға, Шығыс Қазақстан 145 оқиғаға, Қостанай 125 оқиғаға, Батыс Қазақстан 118 оқиғаға, Жамбыл 113 оқиғаға, Ақтөбе 109 оқиғаға, Солтүстік Қазақстан 64 оқиғаға, Қызылорда 44 оқиғаға және Астана қаласында 74 оқиғаға, Алматы қаласында 30 оқиғаға ұлғайғаны байқалады.
Өрт кезінде адамдардың қаза болуы мына облыстарда: Ақмола және Жамбыл 8 адамға және Алматы қаласында 5 адамға өсуі тіркелді.
Өрт кезінде адамдардың қаза болуының негізгі себебі олардың мас күйде болуы болып табылады - есепті кезеңде 165 адам (40,8%).
Өрттер туындайтын негізгі объект тұрғын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы жылжымайтын мүлік нарығының даму мәселелері (тұрғын үй мәселесі)
Өрттерден сенімді қорғаныс
Экологиялық құқық. Орман ресурстары
Мемлекеттік жер кадастры міндеттері мен сипаттамасы және оны жүргізу тәртібі
Орман және аңшылық шаруашылығы
Қапшағай қаласының орталық аумағы
Ақтау қаласына қысқаша мәлімет
Қазақстан Республикасында жер мониторингін жүргізу тәртібі
Сымсыз желі технологиясының дамуы
Төтенше жағдайлардың алдын алудың және оларды жоюдың мемлекеттiк жүйесiн дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасы
Пәндер