Алматы облысы обл


Диплом алды тәжірибесін өту бойынша ЕСЕБІ
Білім беру бағдарламасы: 6В04109 «Мемлекеттік қызмет және
басқару»
Альмуратова Айгул Маратовна 2-курс, ДГСУ 2-21-1к
Ахметжанова Айкун Хайруллаевна
к. э. н., ассоц. профессор
Қазақстандық ІТ-компаниялар
Қауымдастығының Вице-президенті
Нупбаев Кудайберлы Тайтолеуович
Алматы, 2023
«Бекітемін»
ЭБЖМ-нен іс-тәжірибе жетекшісі Ахметжанова Айкун Хайруллаевна
Аты-жөні
(қолы)
« » 20 ж.
«Келісілді»
Іс-тәжірибе базасынан жетекшісі Нупбаев Кудайберлы Тайтолеуович
Аты-жөні
(қолы)
« » 20 ж.
Студент: Альмуратова Айгул Маратовна
Курс: 2 Группа: ДГСУ 2-21-1к
Мамандық: 6В04109 «Мемлекеттік қызмет және басқару»
Іс-тәжірбие өту кезеңі: 06. 02. 2023 ж. -дан 29. 04. 2023 ж. Дейін
Орындау мерзімі
Орындауы бойынша белгілену
Аяқталуы
06. 02. 2023
08. 02. 2023
орындалды
09. 02. 2023
16. 02. 2023
орындалды
17. 02. 2023
23. 02. 2023
орындалды
23. 02. 2023
28. 02. 2023
орындалды
01. 03. 2023
10. 03. 2023
орындалды
13. 03. 2023
17. 03. 2023
20. 03. 2023
24. 03. 2023
27. 03. 2023
30. 03. 2023
03. 04. 2023
07. 04. 2023
10. 04. 2023
14. 04. 2023
17. 04. 2023
25. 04. 2023
26. 04. 2023
29. 04. 2023
Қолы Ахметжанова Айкун Хайруллаевна
к. э. н., ассоц. профессор
(оқу орнынан іс-тәжірибе жетекшісі)
МАЗМҰНЫ*Оқу және өндірістік практикалардың жетекшісі мектеп деканы болып тағайындалған тұлға болып табылады
* Диплом алдындағы практиканың жетекшісі дипломдық жұмыстың ғылыми жетекшісі болып табылады
Кіріспе . . .
- АЙМАҚТАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІАймақтардың ерекшеліктері, даму алғышарттары және олардың дамуын мемлекеттік реттеудің объективті қажеттілігіАймақтық саясат аймақтардың дамуын мемлекеттік реттеудің негізгі бағыты ретінде
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЙМАҚТАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯСЫН ТАЛДАУ
2. 1 Республиканың экономикалық дамуындағы аймақтардың рөлі мен орнын талдау
2. 2 ЗТБ «Қазақстандық ІТ-компаниялар Қауымдастығының» аймақтардың дамуын мемлекеттік реттеуді жетілдіру жолдарының жоспары
Қорытынды . . .
Пайдаланылған әдебиеттер . . .
Кіріспе
Диплом алды тәжірибесі жоспарға сәйкес 2023 жылдың 6 ақпаны мен 29 сәуірі аралығында ЗТБ «Қазақстандық ІТ-компаниялар Қауымдастығынан» өтілді. Университет бекіткен жетекші к. э. н., ассоц. профессор Ахметжанова Айкун Хайруллаевна., ал Қазақстандық ІТ-компаниялар Қауымдастығынан бекітілген - вице-президент Нупбаев Кудайберлы Тайтолеуович жетекшілермен біріге отырып, диплом алды тәжірибеден өту барысының жоспарын жасалды.
Диплом алды тәжірибені өту барысында көптеген нормативтік-құқықтық актілерді, ҚР Заңдарын, азаматтық, әкімшілік және қылмыстық кеңсе жұмыстарымен, ондағы құжаттарды есепке алу мен сақтауды қалай жүзеге асыратындығын үйреніп қана қоймай оны тәжірибеде қолдануды, заңдарға сілтеме жасау үйретілді.
Бұл диплом алды тәжірибиені өтудің негізгі мақсаты - оқу барысында менгерген теориялық білімді басқарушылық қызмет барысында терең ұғыну және алған білімді тәжірибеде қолдану.
Республикамыздың әрбір аймағы еліміздің шаруашылық кешенінде белгілі бір орынды ала отырып, осыған қоса басқа аймақтармен бүтіндей экономикалық бірлікті құрайды. Сондай-ақ әр аймақтың өзіндік табиғи ресурстары, оларды орналастырудағы ерекшеліктері, экономикалық даму деңгейі, өзіндік шаруашылық құрылымы бар. Соған байланысты аймақтық саясат қалыптастырылып, жүзеге асырылады. Аймақтық саясатты жүзеге асыруда мемлекеттік басқару мәселесі ерекше маңызға ие болары ақиқат. Бүкіл әлемде мемлекеттік басқару тиімділігін көтеру міндеті үлкен мәнге ие болуда. Бірақ барлық мемлекеттер қолдану үшін оңтайлы болып табылатын әмбебап үлгі жоқ, әрбір мемлекет тарихи дамуының белгілі бір кезеңінде өзінің ұлттық ерекшеліктеріне сай келетін ыңғайлы үлгіні жасақтауы тиіс. Мұның барлығы да өз еліміздің және шет мемлекеттердің даму тәжірибелерін тереңірек талдау, ой елегінен өткізу міндеттерін жүктейді. Қазіргі кезеңде негізгі шаруашылық қызметтің аймақтарда жүзеге асырылатындығын ескерсек, оларға әлеуметтік -экономикалық мәселелерді өздігінен шешуге лайықты қаржылық дербестіктің берілуі маңызды болып табылады. Осымен байланысты бүгінгі таңда мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіліктерді ажырату, бюджетаралық қатынастарды реттеу мәселелері еліміз аймақтарының экономикалық өсуіне мүмкіндік беретін негізгі шарттар ретінде қарастырылуда. Осы аталып өткен мәселелер дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауға негіз болды.
Зерттеу нысаны - Аймақтың тұрақты дамуын мемлекеттік реттеуде реформалардың жүзеге асуының аумақтық ерекшеліктері
Зерттеу мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты Қазақстан республикасының - Аймақтың тұрақты дамуын мемлекеттік реттеуде реформалардың жүзеге асуының аумақтық ерекшеліктерін зерттеу, сондай-ақ басқарудағы проблемалардың реттелуін анықтау.
Зерттеудің алға қойған мақсатын іске асыру келесі міндеттерді шешуді көздейді:
Қазақстандағы аймақтық жоспарлаудың теориялық негіздері.
Нарықтық қатынастарының дамуы мен қалыптасуы жағдайында радикалды экономикалық реформалардың ғылыми негізделуіне - аймақтық экономика маңызды роль атқарады. Аймақтық экономика - аймақтардағы өндіргіш күштердің орналасу факторларын және аймақтық дамуды зерттейтін ғылым.
Академик Н. Н. Некрасовтың анықтамасы бойынша «экономикалық ғылымның саласы ретінде аймақтық экономика елдің экономикалық жүйесінде және әрбір аймақта өндіргіш күштердің дамуы мен әлеуметтік процестердің қалыптасуын анықтайтын экономикалық әлеуметтік факторлар мен жағдайларын жиынтығын зерттейді».
Аймақтық экономика өндіргіш күштерді аймақтық дамуының стратегиялық позицияларын өңдейді. Аймақтық өндіргіш күштердің орналасуы аймақтық экономиканың негізгі бөлігі ретінде қарастырылады.
Қазақстан Республикасынның аймақтық мемлекеттік реттеу әлеуметтік-экологиялық-экономикалық тиімділігін бағалау көрсеткіштері ұсынылды.
2011 жыл мен 2021 жылдар аралығындағы статистикалық, экономикалық көрсеткіштерді салыстыру.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері. Зерттеудің мақсаты мен міндеттері аймақтық басқару процесіндегі орталықтанған және орталықтан-дырылмаған басқару шешімдерінің арақатынасы.
Басқарудың экономикалық механизмінің маңызды элементіне ақша айналымын үздіксіз нығайту кезінде жоспарды қаржымен қамтамассыз ету жатады. Сондықтан да жергілікті шаруашылықтың аймақтық жүйесінің дамуы мен қызмет етуіне кешенді әлеуметтік - экономикалық дамуға қызмет ететін механизм қажет, ол механизм мыналарды қарастыруға тиіс:
- аймақтық экономикалық мүмкіндігінің материалдық өндірістік саласының тиімді қызмет етуіне байланысты болуы;
- аймақтық жүйенің барлық тармақтарының тепе - тең болуы;
- аймақтық әлеуметтік - экономикалық дамуының кешенді жоспарын қаржылай және материалды - техникалық қамтамасыз ету;
- әлеуметтік саланың дамуының нәтижелілігі мен аймақтың шаруашылық қызметінің тиімділігін есепке ала отырып бюджеттік жоспарлауды қайта құру;
- әрбір өндірушінің жағдайының жақсаруы әлеуметтік мәселелерді шешуге байланысты болады.
Зерттеудің ақпараттық базасы. Жұмыста аймақтық бюджет, азаматтық қоғам, мемлекеттік қаржы, болжау, ақпараттандыру жөніндегі заңнамалық және нормативтік-құқықтық құжаттар, елдің және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы статистикалық ақпарат.
1 АЙМАҚТАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Аймақтардың ерекшеліктері, даму алғышарттары және олардың дамуын мемлекеттік реттеудің объективті қажеттілігі
Қазіргі кезде әрбір аймақтардың мүмкіншіліктері мен ерекшеліктеріне байланысты нақты экономикалық мәселелерді шешуде дифференцияланған бағытты қолдану ерекше маңызды. Тек аймақтың барлық табиғи, экономикалық, демографиялық, географиялық және тағы басқа ерекшеліктері мен жағдайларын жан - жақты қатаң есепке алу ғана экономиканың көтерілуіне қатысты негізгі тапсырмалар мен мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
Аймақтық экономиканың дамуын мемлекеттік реттеу қазіргі кездегі тез арада шешуді талап ететін өзекті проблемалардың бірі. Аймақтың дамуын реттеудің негізгі мақсаты - аймақтарға экономикалық өсуге жету арқылы бүкіл республиканың экономикасын жақсартуды қамтамсыз ету.
Қазiргi кезеңде мемлекет мiндеттерi экономика мен еңбек ресурстарын экономикалық тұрғыдан перспективалы аудандарға және тыныс-тiршiлiк үшiн қолайлы табиғи-климаттық аймақтарға шоғырландыруды ынталандыруға, нарық субъектiлерiнiң экономикалық белсендiлiгiн өсiру үшiн жағдайлар жасауға және әлемдiк шаруашылық жүйесiне үйлесiмдi кiрiктiрiлген бiртұтас iшкi экономикалық кеңiстiктi қалыптастыруға келiп тiреледi.
Жоғарыда көрсетiлген мiндеттердi iске асыру елдi дамытудың геоэкономикалық және геосаяси факторларын ескеруді және жаһандану мен халықаралық бәсекелестiктiң күшеюi елдiң әлемдiк нарықтарға ұстанымдануының тиiмдi стратегиясын тұжырымдауды талап етедi.
Аймақтар мен iрi қалалар бәсекелiк стратегияны тұжырымдаумен, еңбек бөлiнiсiнiң ұлттық қана емес, аймақтық және әлемдiк жүйесiнен де орын iздеумен айналысуға тиiс.
Аймақ дамуын мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты - аймақтардың тұрақты экономикалық өсуіне мүмкіндіктер жасау негізінде бүкіл республика экономикасының өркендеуіне жол ашу болып табылады. Көздеген мақсатқа жету - мемлекеттік және аймақтық мүдделердің бірлігін, олардың ұштастырылуын көздейді.
Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының ұзақ мерзімге арналған стратегиясы табиғи, әлеуметтік-экономикалық және тағы басқа аумақтық факторларды толықтай ескеріп, оларды мемлекеттік саясаттың барлық бағыттарында нақтылағанда ғана ғылыми тұрғыдан негізделген және жүзеге асу мүмкіндігі жоғары болады.
Қазіргі уақытта республика кеңістігіндегі әлеуметтік-экономикалық даму жағдайларының біркелкі болмауы мемлекет тарапынан жүргізілетін аймақтық саясат ерекшеліктерін анықтайды. Соған орай мемлекеттің аймақтық саясатының мақсаттары мен міндеттері, оларды жүзеге асыру механизмдері анықталады.
Мемлекет нарықтық қатынастардың дамуы барысында кәсіпорындарға толықтай дербестік бере отырып, олардың шаруашылық қызметіне тікелей араласпағанменен де, жанама түрде (салықтар, экологиялық, монополияға қарсы шектеулер т. б. ) араласады. Бұл нарық жағдайында кәсіпорындардың тиімді қызмет етуінің бір шарты деуге болады. Ал егер мемлекет аймақтармен дұрыс өзара қарым-қатынас орнатпаған болса, немесе халықтың өмір сүруін қамтамасыз ететін ортасы болып табылатын мемлекеттің барлық аумақтарының дамуы үшін жауапкершіліктен бас тартатын болса, онда жүргізіліп жатқан реформалардың оң нәтижеге жеткізбейтіндігі анық. Демек, аймақтардың дамуын мемлекеттік реттеу - бұл олардың дамуының қажетті шарты.
Республиканың қазіргі экономикалық кеңістігі әлеуметтік, экономикалық, экологиялық ерекше проблемаларымен сипатталатын әр түрлі аумақтарды қамтиды. Осы тұрғыдан алғанда және аймақтардың мамандандырылу қағидасына сәйкес республика аймақтарын төрт топқа бөлуге болады:
- шаруашылықтарының құрылымы экспортқа бағытталған;
- индустриялық дамыған;
- агроөнеркәсіптік;
- дағдарыстық .
Бірінші топ - стратегиялық сипаттағы минералды ресурстардың айтарлықтай қорларын иеленетін және ғылыми-өндірістік әлеуетінің қарқынды дамуына жеткілікті мүмкіндігі бар, бірақ ауылдық аумақтарының экономикалық-әлеуметтік артта қалуымен, эқологиялық жағдайларының нашар болуымен ерекшеленетін аймақтар. Бұл аймақтарға Қазақстан экономикасын дағдарыстан шығару және тұрақтандырудың рөлі беріледі. Осы аймақ топтары үшін төмендегідей проблемалар кешенін шешу қажет деп атап көрсетуге болады:
- минералдық шикізат және көмірсутек шикізаттарын кешенді өндіру мен өңдеудің жаңа технологияларын енгізу негізінде стратегиялық шикізат түрлеріне бай жерлерді интенсивті игеру;
- отандық және шетелдік инвесторлар үшін қолайлы инвестициялық климатты анықтайтын және әлемдік стандартқа жауап беретін жоғары дамыған өндірістік, әлеуметтік және нарықтық инфрақұрылымдарды құру;
- ауылдық аумақтарының дамуындағы «жинақталған» күрделі проблемаларды (әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, т. б. ) шешу.
Екінші топқа ауыр индустрия салаларына нақты маманданған, жоғары технологиялық ғылымды қажетсінетін өндіріс құру үшін қолайлы экономикалық жағдайлары және жоғары ғылыми-өндірістік әлеуеті бар, негізінен қаржылық ресурстармен өзін- өзі қамтамасыз ете алатын аймақтар жатады.
Бұл аймақтарды дамытуда шешуді талап ететін проблемалар қатарына төмендегілерді жатқызуға болады:
- шетел инвестицияларын тарту жолымен экспорттық әлеуетті қалыптастыру;
- жаңа ғылымды қажетсінетін өнімдер шығаруды ұйымдастыру, жаңа технологиялар негізінде құрал-жабдықтар мен машиналар, электроника құралдары, автомобиль құрылысы, жаңа материалдар, лазер технологиясын дамыту;
- нарықтық инфрақұрылымды дамытуды жеделдету.
Үшінші топ - ауыл шаруашылығына маманданған агроөнеркәсіптік кешенді аймақтар. Бұл топтағы аймақтар үшін халықтың жұмысбастылығын қамтамасыз ету және жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында ауыл шаруашылығы мен оған сабақтаса дамитын салаларда шағын және орта бизнесті дамыту қажет.
Олардың әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақтандыру үшін келесідей мәселелер өз шешімін табуы тиіс:
• ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру үшін тиімді мамандандыруды жүзеге асыру;
• ауыл шаруашылық өнімінің жоғары сапалығын және экспорттық әлеуетінің өсуін қамтамасыз ететіндей өндірістік үрдістерге жаңа технология мен техникаларды енгізу және пайдалану;
• тұтыну нарығын тепе-тең түрде дамыту мақсатында, тұтыну заттарын өндіретін ауыл шаруашылығының және өнеркәсіп салаларының материалдық-техникалық базасын нығайту, міндетті түрде өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдарды құру.
Төртінші топқа - қысылшаң (экстремалды) табиғи-климаттық, әлеуметтік-экономикалық және техника-технологиялық жағдайдағы, шаруашылықтың салалық құрылымы ұтымды емес дағдарыстық аймақтар, сонымен қатар экологиялық дағдарысқа ұшыраған аудандар жатады. Бұл аймақтарда жинақталған проблемалардан «арылу» үшін мемлекеттік реттеудің нақты шаралары қажет. Сонымен бірге осы топтағы аймақтардың дамуы үшін шешілуі тиіс мәселелер келесідей:
• экологиялық дағдарыстың тереңдеу үрдісінің алдын-алу;
• осы аймақтарда тұратын халықтардың өмір сүру сапасын және деңгейін көтеру үшін материалдық негіз құру жөнінде нақты шаралар қабылдау;
• қоршаған табиғи ортасы адамдардың денсаулығына өте қауіпті ауылдық аймақтардан, кіші және шағын қалалардан және басқа да тұрғылықты жерлерден республикамыздың басқа аймақтарына орын ауыстырғысы келетін халықтар үшін қажет жағдайлар жасау;
• шетелдік техникалық және гуманитарлық көмектерді тарту және оларды тиімді пайдалану.
Республика аймақтарын мұндай топтастыру басқарудың аймақтық мәселелерін тиімді шешуге және жергілікті шаруашылықтарды қарқынды дамытуға мүмкіндік береді.
Проблемалық аймақтардың қатарына бірқатар себептердің салдарынан экономикалық әлеуеті орташа республикалық көрсеткіштерден бірнеше есе төмен, ал экономикасы өнеркәсіптің аз әртараптандырылған (диверсификацияланған) құрылымымен, нашар дамыған инфрақұрылымымен сипатталатын аймақтар жатады. Мұндай аумақтар олардың өзіндік дамуын ынталандыратын мемлекеттің көмегіне мұқтаж. Сондықтан да экономикалық ғаламдану үрдісіне қадам басып отырған Қазақстан үшін шешілуі тиіс басты міндет - аймақтар үшін жағымсыз салдарларды бейтараптандыра отырып, олардың дамуы үшін қажет жағдайларды қалыптастыру негізінде тиімді нәтижені ұлғайту.
Аймақтардың дағдарыстығының басты белгілері болып табылатындар:
- өндіріс қарқынының төмендеуі;
- халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуі (жан басына шаққандағы табыстың төмендігі) ;
- жұмысбастылыққа қатысты жағымсыз тенденциялардың өрістеуі (жұмыссыздықтың жоғары деңгейі) ;
- демографиялық, экологиялық, әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы проблемалардың күшеюі және т. б .
Аймақтардың біркелкі дамымауы іргелі әлемдік үрдістерге жатады. Әрбір елде салыстырмалы түрде өркендеген және артта қалған аймақтар бар - бұл әлеуметтік-экономикалық, табиғи -климаттық, ресурстық және басқа да жағдайлармен байланысты табиғи, аумақтық айырмашылықтар. Осы орайдағы мемлекеттің міндеті шектен тыс жоғары аймақтық саралауға жол бермеу болып табылады.
Өмір сүру деңгейі мен сапасындағы шектен тыс аймақтық айырмашылықтар көбінесе аймақтардың экономикалық, табиғи-климаттық, ресурстық және инфрақұрылымдық ерекшеліктерімен анықталады, сондай-ақ олар мемлекеттің «теңестіру» саясатын жүргізу үшін негіз болып табылады. Осы саясатты жүзеге асырудың басқарушылық механизмінің негізгі міндеттерінің қатарына артта қалған аймақтардағы өмір сүру деңгейі мен экономикалық даму параметрлерін ең болмағанда орташа деңгейге (осы параметрлер бойынша) біртіндеп жақындату жатады. Бұл жағдайда негізгі міндет мемлекет тарапынан аймақтардың өзіндік дамуын ынталандыру: халықтың әлеуметтік бейімділігін қолдау (қолайлы жерлерге көшіп-қонуға көмек көрсету) ; артта қалған аймақтарға капитал мен инвестициялардың келуін ынталандыру және т. б. болып табылады
Аймақ дамуының кез-келген аясындағы дағдарысты жою, бір жағынан алғанда, экономикалық белсенділік деңгейімен байланысты. Әлеуметтік даму салыстырмалы түрде дербестікке ие бола отырып, айтарлықтай дәрежеде ресурстық мүмкіндіктермен анықталады, олар өз кезегінде экономикалық даму деңгейіне байланысты. Екінші жағынан, нарықтық шаруашылықтың әлеуметтік жағдайға зиянын тигізе отырып, тек ғана экономикалық басымдыққа біржақты бейімделуі нарықтық экономиканың және тұтас мемлекеттің дамуына қауіп туғызады. Сондықтан мемлекеттік реттеудің әлеуметтік және экономикалық құраушыларының тепе-теңдігі қажет. Экономикалық және әлеуметтік құраушыларды тепе-теңдікте дамыта отырып, аймақ дамуындағы әр түрлі бағыттағы олқылықтардың орнын толықтыруға және халықтың тұрмыс жағдайының деңгейін көтеруге болады, бұл түптеп келгенде мемлекеттің аймақтық саясатының табысты жүргізілуін анықтайтын негізгі шарттардың бірі болып табылады.
Аймақтандыру процессі өндірістік, әлеуметтік, ресурстық және саяси факторлар жүйелерінің әсерімен қалыптасады. Төменде соның біразын қарастырып өтейік.
- Аймақты қалыптастыру факторы ретінде өндірістік қатынастар ең алдымен, ауданның өндірістік күштерін ұйымдастыру нысандары мен деңгейіне және оның шаруашылықтық мамандануына әсер етеді.
- Аймақты қалыптастырудың маңызды элементінің бірі территориялық еңбек бөлінісі. Оның екі жағы бар: шаруашылықтың мамандануы және мамандандырылған территориялар арасындағы экономикалық байланыстың даму деңгейі.
- Аймақты қалыптастыру факторларының тағы бірі ретінде еңбек ресурстарының орналасуын атап өтуге де болады. Себебі, табиғи жағдайлар мен табиғи ресурстар нақты территорияның шаруашылықтық мамандануының бағытын және өндірістік күштердің даму деңгейін анықтайды.
- Аймақты қалыптастыру процесіне ұлттық фактор, елдің дамуының белгілі бір сатысына тән әлеуметтік - саяси жағдайлар, сонымен қатар, территориялардың көлікпен қамтамасыз етілуі, елдің және оның әрбір бөліктерінің геосаяси жағдайы жатқызылады.
Кесте 1.
Қазақстан аймақтарын экономикалық әлует деңгейі бойынша топтастыру
(Қазақстандық ІТ-компаниялар Қауымдастығындағы тіркелген дерек көздері)
(баллмен есептегенде)
Экономикалық әлует деңгейін бағалау келесі көрсеткіштер арқылы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz