Бастауыш мектеп оқушыларының оқуға қызығушылық таныту ерекшеліктері
КІРІСПЕ
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының барлық білім беру ұйымдарының алдындағы басты міндет - еліміздің болашағы - жас ұрпақ арасында бұрыннан бар қызығушылықтарды, атап айтқанда оқуға деген қызығушылықты негізге ала отырып, әлеуметтік құнды мүдделерді мүмкіндігінше көптеп ояту, қалыптастыру және дамыту .
Бастауыш білім беру деңгейінің 2-4-сыныптар үшін Әдебиеттік оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы кіші жастағы мектеп оқушыларына арналған әдебиеттік оқудың негізгі және маңызды тапсырмаларын анықтайды. Әдебиеттік оқу пәнін меңгертудегі ең маңызды міндеттер оқу дағдысын, оқудың рөлі туралы түсінікті, баланың қызығушылығына байланысты әдебиетті өз бетінше таңдау қабілетін қалыптастыру болып табылады.
Әдебиеттік оқу - кіші жастағы мектеп оқушыларына білім беру жүйесіндегі маңызды пәндердің бірі. Бұл оқу курсы оқу сауаттылығын қалыптастырады, яғни оқушы оқу түрлері мен әдіс-тәсілдерін меңгереді, көркем әдебиеттің түрлері мен жанрларының ерекшеліктерін түсінеді, кітаппен жұмыс жасай алады. Әдебиеттік оқу сабақтарында бала көркемсөзді толық меңгеру қабілетін игереді, автордың нені және қалай, не туралы айтып тұрған ойын түсінуге дағдыланады. Осылайша, ақырындап баланың оқуға деген қызығушылығы мен зейіні оянады. Сондықтан да Әдебиеттік оқу пәнін оқыту жоғары нәтижелі болса, бастауыш мектептің барлық пәндері бойынша оқу да жақсы нәтиже көрсетеді.
Қазіргі таңда оқушылардың ақпараттық мәдениетін мақсатты түрде қалыптастыру қажеттілігі туралы көп айтылады. Ал осы ақпараттық мәдениеттің негізін оқу дағдысы құрайды. Заманауи ақпараттық ортадағы оқушының оқу дағдысы қалыптасқан болу керек. Бұл жердегі басты мәселе - оқудың көп қырлылығы мен күрделі үдеріс екендігінде. Мектеп оқушыларын осы үдеріспен жүйелі түрде таныстырып, оның өмірдегі маңыздылығы мен қажеттілігін көрсету керек.
Жаңа Қазақстанның ұлттық мәдениетін дамыту мен сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатындағы аса маңызды мемлекеттік міндеттерінің қатарында оқу мәселесі де бар.
Оқу - жазбаша ақпаратты меңгеру. Оқу құзіреттілігінің деңгейі елдің экономикалық және саяси дамуымен тікелей байланысты. Оқу құзіреттілігі - әдеби шығармаларды жеке деңгейде меңгеретін шығармашылық оқуға қабілеттілік; автор-оқырман диалогына түсіп, кейіпкерлердің уайым-қайғыларын түсініп , оның образына ену; көркем шығарма тілінің ерекшеліктерін ұғыну.
Оқу өте сезімтал, сенімді және белгілі бір мағынада тіпті жалпы қоғам жағдайының әмбебап көрсеткіші екендігіне күмән келтірмейміз , - деп жазады ресейлік социолог С.Н.Плотников. - Сондықтан біз оқуды зерттей отырып , оның атмосферасын сезінеміз, рухани өмірдің үнін, көңіл-күйін естиміз және де керісінше, қоғамдық үдерістерді саралай келе, оқу драмматургиясы орын алған фонды бейнелейміз [42].
Бастауыш оқыту әдістемесінде соңғы жылдары балалардың жалпы дамуындағы мәселелерді шешу, оқу сабақтарында олардың сөйлеуі мен ойлауын дамыту әдістері қарқынды дайындалу үстінде (А. И. Липкина, З. И. Романовская). Оқылған материал негізінде шығарманы зерттегеннен кейін шығармашылық жұмыс қарастырылатын бірқатар зерттеулер жүргізілді (З. А. Агейкина, О. В. Кубасова, Л. Д. Мали). Кіші мектеп жасындағы оқушыларды әдеби шығармашылыққа үйретудің көптеген жүйелері жасалды (Р. Н. Бунеев, Е. В. Бунеева, О. В. Джежелей, Г. Н. Кудина, В.А.Левин, А.А.Мелик-Пашаев, З.Н.Новлянская, Л.Е.Стрельцова, Тамарченко).
Тақырыптың өзектілігі: Білімді меңгерген ұрпақ болашаққа сеніммен қадам басады. Біздің күшіміз - жастардың білімінде деп Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы соңғы халыққа жасаған Жолдауында айтылған білімнің көзі - бастауыш мектепте. Қазіргі заман талабы - жан-жақты дамыған , белсенді, білімді , сауатты, мәдениетті, бәсекеге қабілетті азаматтарды қалыптастыру. Білім беру , білім сапасын көтеру мәселесі әлеуметтік маңызға ие [54].
Білімді қалыптастыра , дамыта отырып, білім сапасының айтарлықтай жоғары деңгейде дамып келе жатқандығын байқауға болады. Білімнің сапасында оқушыларды ғылыми және оқу әдебиеттерін оқуға тартудың орны айтарлықтай ерекше. Бастауыш мектеп білім беру міндетімен ғана шектелмейді, сонымен қатар танымдық қызығушылықты арттыру, шығармашылыққа, білімді өз бетімен игеру мен тапсырмаларды шешу дағдыларын қалыптастыруға , тәжірибеде оны қолдана білуге де баулиды. Бұл мұғалім мен оқушының бірлескен жұмысының нәтижесінде қалыптасады.
Ғылыми және оқу әдебиеттерін оқуға тарту мақсатында жүргізілетін жұмыстар оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын, пәнге байланысты тереңдетілген білім алуға ұмтылыстарын арттырады.
Осыған сәйкес Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектепке (2-4 сыныптар) арналған оқу бағдарламасы бойынша бастауыш сынып оқушыларының шығарманы сезіммен қабылдауы, түсінуі, санасында қайта жаңғырта алуы және шығармадан қабылдағанын өзінің шығармашылық әрекетінде жүзеге асыруға ұмтылуы арқылы функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үшін кіші жастағы оқушыларды ғылыми және оқу әдебиеттерін оқуға тарту - бүгінгі күннің талабы [55].
Зерттеу жұмысының мақсаты: Кіші жастағы оқушыларды ғылыми және оқу әдебиеттерін оқуға тартуға бағытталған тапсырмалар кешенін дайындау және теориялық негіздеу;
Зерттеу жұмысының міндеттері:
Педагогикалық теория мен тәжірибедегі кіші жастағы оқушыларды ғылыми және оқу әдебиеттерін оқуға тарту жолдары мен әдістеріне сараптама жасау;
Кіші жастағы оқушыларды ғылыми және оқу әдебиеттерін оқуға тарту әдістерін таңдау; зерттелетін мәселе төңірегіндегі замануи жалпы бастауыш білім беру бағдарламаларын талдау, педагог-шеберлердің тәжірибелерін зерттеу;
Кіші жастағы оқушылардың оқуға деген қызығушылықтарының қалыптасу көрсеткіштері мен критерияларын анықтау;
Кіші жастағы оқушыларды ғылыми және оқу әдебиеттерін оқуға тартуға бағытталған тапсырмалар кешенін жобалау.
Зерттеу әдістері:
Теориялық талдау әдістері: тақырып бойынша әдебиеттерді талдау, зерттеу; нормативтік құжаттарды, жалпы бастауыш білім беру бағдарламаларын, және оқу хрестоматияларын сараптау;
Эмпериалық әдістер: эксперименттік-зерттеу жұмыстарын қалыптастыратын диагностикалық әдістер (сауалнама, бастауыш мектептегі оқу сабақтарының барысына педагогикалық бақылау жасау, әңгімелесу), ақпараттарды салыстырмалы сараптау әдістері, оқу қызметінің қорытындыларын талдау.
Ғылыми жаңалығы және практикалық маңыздылығы
Бастауыш мектепте әдебиеттік оқу пәні арқылы кіші жастағы оқушыларды ғылыми және оқу әдебиеттерін оқуға тартудың әдіснамалық жүйесін құрастыру;
Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру арқылы білім сапасын көтеру жолдарын қарастыру.
Кіші жастағы оқушыларды ғылыми және оқу бағдарламаларын оқуға тарту әдістерінің арасындағы қазіргі таңдағы заманауи т
Дипломдық жоба құрылымы:
Дипломдық жоба _ бет көлемінде ұсынылады. Магистрлік диссертация кіріспе, 3 бөлім, қорытынды, _ кесте мен _ суреттен, қосымшадан тұрады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі - _.
1. КІШІ ЖАСТАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ОҚУ ӘДЕБИЕТТЕРІН ОҚУҒА ТАРТУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Оқу - жетекші жалпы білім беру дағдысы ретінде
Оқу дағдылары жалпы (пәнаралық) және жеке (жеке пәндерге арналған) болып бөлінеді. Әлбетте, біріншісіне баланың мектептегі алғашқы күнінен бастап оқу үдерісімен бірге жүрегізілетін оқу жататыны сөзсіз. Ақпаратты өңдеу және оқу үдерісінің негізгі функцияларын қабылдау, хабардар болу, өңдеу, сақтау, жеткізу т.б. бөліп көрсетуге болады. Адам өз өміріндегі 80%-ға ақпаратты оқу арқылы игерсе, кейбір мамандар жұмыс уақытының 25%-ын кітап оқуға жұмсайтыны белгілі, ал оқушылар ақпараттың 90%-ға жуығын оқу үдерісі арқылы алады. Компьютерлендірудің маңыздылығының артып келе жатқандығын ескерсек те , кітап оқу адам өмірінде ұзақ уақыт бойы жетекші рөл атқаратын болады деуге негіз бар.
Әдістемелік ғылымда мағыналы оқу және мәнерлеп оқу терминдері бар, олар оқудың басқа да түрлерінің негіздері болып саналады. Бұл терминдерде жазбаша мәтінді қабылдау әрекетінің интеллектуалдық және техникалық аспектілері бекітілген. Барлық оқу жылдарында, қазіргі күнге дейін де, қазірде де әдебиет сабағында ең алдымен оқудың техникалық жағы жетілдіріледі.
Оқушыларды оқуға үйрету жұмысының маңызды кезеңдерінің бірі - оқушыларды оқудың әртүрлі түрлерімен таныстыру және олардың тиісті коммуникативтік және сөйлеу дағдыларын (оқудың интеллектуалдық жағы) дамыту.
Мектеп оқушыларын жақсы оқырманның оқу процесінде икемді екеніне сендіру маңызды: ол өзінің міндетіне байланысты оқудың белгілі бір түрін саналы түрде таңдайды.
Сөйлеу әрекетінің теориясы бойынша зерттеулерде оқудың әр алуан түрлері сипатталады, солардың қатарында шолу, зерттеу, талдау (аналитикалық), шапшаң оқу, буындап оқу т.б. Мектеп тәжірибесінде оқудың екі түрі туралы атап айтқан жөн, ол: ақпараттық және танымдық (жалпы және мазмұнды).
Ақпараттық және танымдық оқудың басты ерекшеліктерін қарастырайық. Оқу тапсырмаларының сипатына байланысты оқушылар осы оқу түрлерін таңдап пайдаланады. Сабақта мазмұны терең ашылмаған мәселеге қызығушылық танытып, хабарлама, баяндама дайындау барысында танымдық оқу түрі қажет болады. Оқушы мақаланы не кітапты оқып зерттейді, жаңа құнды, қызықты ақпарат алу үшін барлығын саралап, кез-келген фактіні, құбылыстар мен оқиғаларды түсінеді. Ал белгілі бір мәтіннің мазмұнымен қысқаша танысу үшін (не туралы, кімге арналған, мәселе жан-жақты қамтылған ба, оқу қиындығы қандай? ) оқушы ақпараттық оқу түрін таңдайды.
Оқу - сөйлеу әрекетінің бір түрі ретінде жазба тілін қабылдау және мағыналық өңдеу (түсіну) үдерісі . Сонымен қатар оқу сөйлеу арқылы қарым-қатынас үдерісі болып табылады және оған кемінде екі адам қатысады: автор (адресант,мәлімет беруші) және оқырман (адресат,мәлімет алушы). Автордың мақсаты - оқырманға өз ойын түпкілікті жеткізу болса, ал оқырман оқылған ойды өзінше қабылдау, яғни түсінуді мақсат етеді.
Танымдық (аналитикалық) оқуды оқу әрекеті үшін оқудың маңызды түрлерінің бірі деп санауға болады. Оқудың бұл түрінің әдіс-тәсілдерін меңгеру мектеп оқушыларының ең маңызды коммуникативтік және жалпы білім беру дағдыларын, ең алдымен оқу мәтінімен өз бетімен және тиімді жұмыс істеу қабілетін қалыптастырады. Тәрбиелік мәтінді оқу оның мазмұнына терең енуді, оны толық және мақсатты түрде түсінуді, яғни есте сақтауды күшейтуді талап етеді. Танымдық оқу әдістерін меңгерген оқушылар қосымша мәтіндермен (тезис, мәнжазба) жұмыс жасай алады. Оқылған ойды қорыту негізінде оқушылардың бойында көпшілік алдында сөйлеудің тілдік жанрымен қатар (баяндама, хабарлама) , жазбаша дағдылары (мәнжазба, шолу) да қалыптасады.
Танымдық оқудың басты ерекшеліктері:
Оқыған ақпаратты ойланып талдау;
Мәтінді терең түсініп есте сақтау;
Оқылым негізінде жаңа (қосымша) мәтіндер құру.
Танымдық оқу кезеңдері:
Оқу алдында мәтінмен танысу (оның тақырыбы аясында ойлану, тақырыпты түсіну, кітап (мәтін) авторының қаншалықты таныс екендігін еске түсіру, мәтіннің мазмұнын, құрылымы мен мағынасын болжауға тырысу).
Оқу барысында белсенді ой жұмысы (мәтін мазмұны бойынша жасырылған сұрақтарды анықтау; туындаған сұрақтарға жауап беру жолдарын ойластыру және жауап табу; маңызды ақпаратты белгілеу (астын сызу, жазып алу)).
Оқудан кейінгі белсенді ой жұмысы (оқылымның негізгі идеясын, мәтіннің негізгі бөлігінің негізгі идеясын тұжырымдауға болатындығын тексеру, нақты тапсырманы орындау үшін дұрысын таңдау(мазмұндау, хабарлама жасау, сабақта жауап беру)).
Танымдық оқу мәтіннің мазмұнын терең түсінуге және оны толық қамтуға мүмкіндік береді. Осы мақсатқа жетуге ықпал ететін негізгі әдіс-тәсілдердің бірі - мектеп оқушыларының мәтінді оқығаннан кейін немесе оқу алдында сұрақтар қоюы (алдын - ала сұрақтар). Алдын-ала сұрақтардың қойылуы ең тиімді әдіс болып табылады, себебі олардың көмегімен оқушылар:
мәтінді мазмұндау барысында оның жоспарын өзгерте алады;
оқылған мәтіннің мазмұнын бұрын меңгерілген материалмен салыстырады;
құбылыстар арасындағы себепті байланыстарды орнатады;
өз бетінше ой қорыту және қорытынды жасау қабілетін арттырады.
Мақсатты және дұрыс тұжырымдалған сұрақ оқудың сипатына айтарлықтай әсер етеді.
Тіл және әдебиеттік оқу сабақтарында түсіндірмелі оқуды қолдану өте тиімді. Ол жан-жақты түсініктеме беруге, оқылымды түсіндіруге, оқу барысында оны түсінуге мүмкіндік береді. Түсіндірмелі оқу оқушылардың сөйлеу мәнерін дамытып, оқылым негізінде жаңа тұжырымды жасауға жол ашады.
1.2 Бастауыш мектеп оқушыларының оқуға қызығушылық
таныту ерекшеліктері
Өмірдің барлық салаларында ең көп белсенділік танытатын - кіші мектеп жасындағы оқуышылар. Олар өзіне таныс емес жаңа ақпаратқа қызығушылық танытады, оны түсінуге тырысады.
Отандық педагогикада қызығушылық тұлғаның іс-әрекет мақсаттарын сезінуіне бағдарлануын, сонымен қатар жаңа ақпаратпен танысуға, шындықтың анағұрлым толық және тереңірек бейнеленуін қамтамасыз ететін танымдық қажеттіліктің бір түрі ретінде түсіндіріледі .
Психологиялық тұрғыдан қызығушылық - ол , қызығушылық тудырған объекті туралы жаңа ақпаратты меңгеру қажеттілінен туындайтын позитивті эмоциялық үдеріс. Бұл үдеріс қызығушылық тудырған объектіге аса назар аударумен сипатталады.
Кіші мектеп жасындағы оқушы оқу үдерісіне үлкен қызығушылық танытып, оқуға қабілетті болады. Әсіресе сауат ашудың нақ осы кезеңінде меңгерге әріптерден сөз, сөйлем құрап, одан шығармаға айналуы өте әсерлі, қызықты.
А.Г.Акимованың пайымдауынша, оқу - тұлғаны қалыптастырушы және дамытушы әрекет. Оқу - қарым-қатынас дағдыларын қалыптастырушы білім алу мен мәдениетті тарату құралы .
В.А.Сухомлинский өз еңбектерінде оқуды ақыл-ой қыбілеттерін қалыптастыратын маңызды жағдай деп атап көрсеткен.
С.Л.Рубинштейннің пікірінше, оқу - біліммен қамтамасыз ететін, адамның ақыл-ойынының дамуына ықпал ететін мақсатты іс-әрекет, ол тұлғаның дамытып мен өзгерте алады,өмірдің барлық саласына , соның ішінде эмоцияға, мінез-құлыққа әсер ете алады.
Сондықта да оқуды кіші мектеп жасындағы оқушының интеллектуалдық дамуына, білімге бай болуына, сөздік қолының молаюына айтарлықтай ықпал ететін мақсатты сөйлеу әрекеті ретінде түсінеміз, ол тұлғалық қасиеттерін жетілдіріп, моральға үйретеді, ой-өрісін кеңейтеді.
Оқырман саналы түрде оқуға қабілетті , оның оқу-танымдық ынтасы болған жағдайда ғана кітап оқуға деген қызығушылығығы пайда болады деп М.И. Оморокова тұжырымдайды.
Ынта субъекттің өмір жағдайының әсерінен туындайтын және оның белсенділік бағытын анықтайтын іс-әрекетті тудырдырады. Ынта қажеттіліктер мен қызығушылықтардан, қозғалыстар мен эмоциялардан, көзқарастар мен ой-тұжырымдардан пайда болады.
Оқушының оқуға деген ынтасын ашу мақсатында қолайлы жағдай жасап, оны жүзеге асыра білу, соның ішінде оқушыны оқуға ынталандыру педагогикалық қызметтің маңызды құрамдас бөлігін құрайды.
Н.Н.Светловкая оқуды оқырманның өзіне маңызды, эмоциялық түрде тартымды, өзінің рухани қажеттіліктеріне сай келетін шығарманы ерекше қызығушылықпен жағымды әсер ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz