Мемлекеттің әлеуметтік саясаты туралы ұғым



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының ғылым және білім министірлігі

Қарағанды Bolashaq жоғарғы колледжі

КУPCТЫҚ ЖҰМЫC

Пәні: Әлеуметтік қорғау

Тaқьɪpьɪбьɪ: Мемлекеттің әлеуметтік саясаты және әлеуметтік жұмыс

Opьɪндaғaн:Ермек.Д ӘЖ-20-1

Ғылыми жeтeкшiсі: Сәбитова.С.Б

Тіркеу нөмері_____________

Бағасы________________

Қолы_________________

2023 ж.

МAЗМҰНЫ

Кipiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

I. Мемлекеттік әлеуметтік саясаттың бағыттары және моделдері
1.1 Мемлекеттің әлеуметтік саясаты туралы ұғым. Әлеуметтік саясатының мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2 Мемлекеттің әлеуметтік саясаты,басты бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
1.3 Әлеуметтік саясат модельдері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

II. Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясатын орнықтырудағы мемлекеттің қызмет істеу бағыттары
2.1 Қазақстан республикасының әлеуметтік саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.3 Жастар және жастар құқығын қорғауға бағытталған жастар саясаты туралы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Қоpьɪтьɪндьɪ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Пaйдaлaньɪлғaн әдебиеттеp ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26

Кipiспе

Мемлекеттің әлеуметтік саясаты- қоғамның әлеуметтік - экономикалық өмір сүру жағдайын реттеудің бір бағыты. Ол елдегі жалпы экономикалық жағдаймен тығыз байланысты және екіжақты қызмет атқарады. Бір жағынан, әлеуметтік саясатта тікелей немесе жанама түрде экономикалық дамудың мақсаттары көрініс алады, өйткені экономикалық іс- әрекет қоғамның барлық топтарына жақсы жағдай жасау мақсатында жасалады. Екінші жағынан, әлеуметтік саясат экономикалық өсудің факторы болып келеді. Егер экономикалық даму халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартпаса, онда еңбек өнімділігі төмендеп,жұмыс күшінің сапасы кемиді; қоғамда әлеуметтік тұрақсыздық пен қарама-қайшылық артады.
Әлеуметтік саясат әр елде әр түрлі әдіспен қалыптасады. Әлеуметтік саясат қоғамның әрбір мүшесіне заңды түрде анықталып бекітілген тұрмыс деңгейін қамтамасыз ететін табыс клемін алу туралы кепілдік береді. Бұл жерде әлеуметтік әділеттілік принципі іске асады. Әлеуметтік жұмыс адам мен адамның инабаттылық қатынастары қажеттігінен туындаған әлеуметтік іс-әрекет құбылысы. Бұның бастауы ежелгі дүниеден келе жатқан адам қайырымдылығы мен Жаратқан алдындағы борышты сезінуден, қасіретті жандарға қол ұшы көмегін беру жүйесі ретінде қалыптасқан. Дегенмен, арнайы дайындықты қажет еткен бұл әлеуметтік жұмыстар біздің заманымызда ғана қоғамдық кәсіп түрінде танылып отыр.
Әлеуметтік жұмыстар, сонымен бірге-адамның қоғам қолайсыздықтарына икемделуін жеңілдететін үздіксіз, жүйелі орындалып баратын іс- шаралар бірлігі. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі міндеттерінің бірі - ол халықты (жұртшылықты) әлеуметтік қолдау және қорғау болып табылады. Оның мәнісі мемлекеттің әлеуметтік саясатының бірінші кезектегі басымдық ретіндегі міндеті табысы төмен, қамсыздануы кемшін, әлеуметтік жағынан әлжуаз тұрғындардың проблемаларын шешуде болса керек. Әлеуметтік реттеудің басты мақсаты әлеуметтік дағдарыстардың ошағы болып табылатын кедейшілік пен әлеуметтік теңсіздіктің алдын алу.

Елдің экономикалық жағдайы ауырлаған сайын халықты әлеуметтік қорғауға үндеулер көбейе түседі. Өндіріс өспей, ішкі жалпы өнім төмендеп мемлекеттің экономикалық жағдайы қиындай түскенде халықты әлеуметтік қорғауға қосымша қаражат бөлу қиын, тіпті мүмкін болмай қалады.

Курстық жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі тарау, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1 Мемлекеттің әлеуметтік саясаты туралы ұғым. Әлеуметтік саясатының мақсаты

Әлеуметтік саясат (ағылш. social politicy; лат. socialis - адамдар өмірімен байланысты) - халықтың, оның негізгі жіктерінің, топтары мен санаттарының тұрмыс жағдайына ықпал етумен байланысты жалпы мемлекеттік саясат бөлігі.
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты - бұл белгілі бір тарихи жағдайлармен шарттастырылған, қажетті ұйымдастырушылық және насихаттаушы күштермен, қаржы ресурстарымен бекітілген, белгілі бір кезеңдік әлеуметтік нәтижелерге арналған, белгілі бір мақсаттарды көздейтін мемлекеттің әлеуметтік саласындағы қызметі.
Әлеуметтік саясат - бұл түпкі мүдделерді және белгіленген халық топтарының ұзақ мерзімді мүдделері мен қоғам мақсаттарын қанағаттандыруға мүмкіндік беретін қоғамдық өнімді құру мен бөлу бойынша әлеуметтік топтар мен қауымдастықтар арасындағы қатынастармен байланысты мемлекеттің немесе (және) қоғамдық институттардың іс-әрекеті.
Әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаты - еңбекке жарамды азаматтарға өзінің еңбегімен ауқаттылығын сақтап қалу үшін жағдай жасау және еңбекке жарамсыздарға-кепілденеген әлеуметтік қорғау мен қолдау көрсету жолымен қоғамдық-саяси жүйенің серпінді дамуын қамтамасыз ету, яғни әлеуметтік саясаттың мақсаты -- кез келген коғамның жоғары құндылығы ретіндегі адамды қолдау және дамыту.
Әлеуметтік саясат үлгісінің нақты іске асырылуы саяси құрылысқа, экономилық даму деңгейіне, меншік қатынастарына, басқару құрылымына, мәдениетке, тарих пен дәстүрлердің ерекшеліктеріне байланысты. Әлеуметтік саясат өндірістік қоғамдық өнімді бөлуге негізделеді.
Қамтитын аумағы: табысты реттеу, жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру саясаты; білім беру және денсаулык сақтау аяларындағы саясат; тұрғын үй саясаты, т. б. Әлеуметтік саясат адамға, оның халықаралық және ұлттық заңнамада көзделген құқықтарын қорғауға бағдарланған.
Әлеуметтік саясат төрт бөліктен тұрады:
::Қоғам мүшелерінің әр түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін әлеуметтік сфера ұйымдарына құқықтық, ұйымдастырушылық, қаржылық жағдай жасау.
::Өмір сүру деңгейін қажетті деңгейде сақтап қалу үшін азаматтарға өз еркімен табыс табуына құқықтық, ұйымдастырушылық, өндірістік алғышарттар жасау.
::Мемлекеттің немесе муниципалды басқару органдары қолындағы жәненемесе меншігіндегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жолымен халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыруға жағдай жасау
::Мемлекеттің немесе муниципалды басқару органдары қолындағы жәненемесе меншігіндегі әлеуметтік сфераның өндірістік кәсіпорындары мен мекемелеріндегі өндірісті ұйымдастыру, бөлек тауарлар мен қызметтерді бөлу және тұтыну.
Әлеуметтік саясаттың субъектілері - бұл әлеуметтік топтың азаматтары, әлеуметтік саладағы белсенді өзара әрекеттесетін, яғни бұл саладағы әлеуметтік топтар азаматтарының мүдделерін білдіретін институттар, ұйымдар және билік органдары.
Әлеуметтік қорғаудың жүйелері келесідей болуы тиіс:
- әділетті - жекелеген елдерде бқл әлеуметтік төлемдердің көлемі азаматтардың аударымына байланысыз барлық азаматтарға бірдей болуы тиіс дегенді білдіреді. Басқа елдерде бұл әрбір адамды әлеуметтік қорғау оның еңбегіне, еңбек шарттарына, аударымдарының көлемі мен ұзақтығына тәуелді болуы керек дегенді білдіреді. Әлеуметтік қорғаудың жаңа жүйесі айтылған екі көзқарасты үйлестіру негізінде пайда болды.
- ынталандырушы - яғни әр азаматтың жеке жауапкершілігін ынталандыруға тиіс. Жалрһпы барлық еңбекке қабілетті адамдар өздерінің болашағы мен өз жанұяларының жағдайы үшін жауапты болады.
- адрестік - жәрдемақылар оларды алуға құқылы және бұл жәрдемақылардағы қажеттілік жоғары болатын барлық азаматтарға берілуі тиіс.
- тиімді - яғни бұл жүйе басқарылатын, аз шығынды және қарапайым болуы тиіс.

Әлеуметтік қорғау - бұл қолайсыз жағдайларға (кәрілік, мүгедектік, денсаулық жағдайы, асыраушынан немесе жұбайынан айырыуы) байланысты экономикалық белсенді бола алмайтын және лайықты еңбекақы төленетін еңбекке қатысу жолымен өзін табыспен қамтамасыз ете алимайтын азаматтар үшін өмірлік қажетті игіліктердің және әл-ауқаттың белгілі бір деңгейін қамтамасыз етуге арналған жүйе.
ҚР мүше болып табылатын Халықаралық Еңбек ұйымының анықтауынша әлеуметтік қорғау жүйесі мынадай шаралар кешенін қамтиды:
- тұрақты, ақылы еңбекке ынталандыру;
- негізгі әлеуметтік қатерлердің алдын-алу, ал ол туындаған жағдайда әлеуметтік сақтандыру тәсілдері арқылы сол қатердің әсерінен айырылған табысының бір бөлігін қалпына келтіру;
халықтың әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспайтын әлсіз топтарына арналған әлеуметтік көмек тәсілдері;
- азаматтардың білім және медициналық көмек сияқты негізгі құқықтары мен қызметтерге қол жеткізуі.
Әлеуметтік қорғау жүйесінде мемлекеттік институттардың қатысуы ең жоғары елдер арасында Францияны, Италияны, Бельгияны, Германияны, Австрияны, Жапонияны атауға болады. Мемлекеттің ең аз қатысуы, әлеуметтік құралдарының көбі жеке меншік институттарына беру Латын Америкасының бірқатар елдерінде таралған. Бірақ, мемлекеттердің көпшілігінде, мысалы, АҚШ, Ұлыбритания, Аргентина, Голландия, дания, Швеция, Польша, Латвияда аралас жүйе пайдаланылады. Әдетте, толық ынтамастық жүйелері - мемлекеттік, жинақтаушы сипатындағы дербестендірілген жүйелерде жеке меншік басым, ал шектеулі ынтымақтастықта, көбінесе, мемлекеттік те жеке меншік те институттар қатысатын аралас жүйелер қалыптасқан.
Халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, әлеуметтік қорғаудың неғұрлым тиімді кешенді жүйелері мыналар:
1) мемлекеттік жәрдемақылар;
2) міндетті әлеуметтік сақтандырулар;
3) жинақтаушы зейнетақымен қамсыздандыру;
4) әлеуметтік көмек және т.б.
Мемлекеттік жәрдемақылар әлеуметтік қорғауға жататын жағдайлар туындаған кезде барлық азаматтарды кепілдікті төлемдермен белгілі бір деңгейде қамтамасыз етуге арналған.
Әлеуметтік сақтандыру бұл жұмыс берушілер мен еңбеккерлер есебінен қаржыландыратын әлеуметтік төленген жарна деңгейіне сай ресми жұмыс істейтін еңбеккерлерді қосымша қорғауға арналған.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі әр азаматтың өзін-өзі зейнетақымен қамсыздандыруға арналған.
Әлеуметтік көмек азаматтардың жекелеген санаттарын бюджет қаражаты есебінен қосымша қорғауды көздейді.
Бұдан басқа азаматтардың әлеуметтік қатерлерден өзін-өзі ерікті сақтандыру құқығы да бар.
Әлеуметтік қорғау жүйесінің тиімділігін шектейтін негізгі кемшіліктері мыналар:
- жетілдірілмеген заңнама: әлеуметтік саланы реттейтін заңнама, әлеуметік қатерлер мен төлемдерге негізделмей, көбіне әлеуметтік төлемдер түрлері бойынша қалыптастырылған, сондықтан күрделі және анық емес.
- әділдігі жеткіліксіз және ынталандыру деңгейі төмен: әлеуметтік жәрдемақылар алу құқығын іске асыру кезінде салық аударылмайтындардың алдында салықты төлеп, азаматтық борышын атқарып жүрген еңбеккерлердің артықшылығының болмауы;
- айқындылықтың жеткіліксізді: дербес сәйкестендіру жүйесі немесе жәрдемақыларды алу мен бөлу процесін қадағалау үшін дерекқордың қалыптасу сатысында болуы.
Қолданылып жүрген жүйені сақтау қызмет ету параметрлерінің нашарлануына және әлеуметтік қорғау міндеттерін шешу мүмкіндігінің төмендеуіне апарып соғады.

1.2 Мемлекеттің әлеуметтік саясаты,басты бағыттары

Мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі міндеттерінің бірі - ол халықты (жұртшылықты) әлеуметтік қолдау және қорғау болып табылады. Оның мәнісі мемлекеттің әлеуметтік саясатының бірінші кезектегі басымдық ретіндегі міндеті табысы төмен, қамсыздануы кемшін, әлеуметтік жағынан әлжуаз тұрғындардың проблемаларын шешуде болса керек. Әлеуметтік реттеудің басты мақсаты әлеуметтік дағдарыстардың ошағы болып табылатын кедейшілік пен әлеуметтік теңсіздіктің алдын алу.

Елдің экономикалық жағдайы ауырлаған сайын халықты әлеуметтік қорғауға үндеулер көбейе түседі. Өндіріс өспей, ішкі жалпы өнім төмендеп мемлекеттің экономикалық жағдайы қиындай түскенде халықты әлеуметтік қорғауға қосымша қаражат бөлу қиын, тіпті мүмкін болмай қалады.

Ел экономикасында игіліктер мен қызметтер өндірісі жеткіліксіз жағдайларда, қажетті өнімдерді импорт бойынша сатып алудың қаржылық мүмкіндіктері шектеулі кезеңде мемлекет өмір сүрудің, игіліктер мен қызмет көрсетулерді тұтынудың күтілген деңгейін қамтамасыз ете алмайды. Әрине, осылайша қалыптасқан жағдайларда бүкіл халықты толықтай әлеуметтік қорғаудың өзі де мүмкін емес.

Сондықтан үкімет те жұртшылық та барша халықты түгелдей мемлекеттік әлеуметтік қорғау мүмкін болмайтындығына түсіністікпен қарауы тиіс. Мұндағы дұрысы мен шынайысы халықтың ең мұқтаж топтарын әлеуметтік қолдау туралы болса керек. Тұрғындардың аталмыш категорияларын әлеуметтік әлжуаз топтар деп атайды. Әлеуметтік әлжуаздар тобына, ең алдымен дербес, өз күшімен әл-ауқатын жақсарта алу мүмкіндіктері жоқ немесе шектеулілерді, өмір сүрудің қажетті шарттарын жүзеге асыра алмайтындарды қосады.
Сөздің кең мағынасында әлеуметтік әлжуаз адамдарға табысы күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарды жатқызады.

Әлеуметтік қолдау әртүрлі формада көрініс табады: ақшалай көмек, материалдық игіліктер, тегін тамақ, түнейтін орын, баспана беру түрінде, медициналық, құқықтық, психологиялық жәрдем ретінде жебеуші, қамқоршы, асырап алушы формаларында болуы мүмкін.

Әлеуметтік көмекті кімге, қандай түрде және формада, қаншалықты көлемде көрсету мәселесі әлеуметтік экономиканың ең күрделі сұрақтары болып табылады. Мұндайда бірқатар экономистер мен әлеуметтанушылардың (социологтардың) пікірінше: Кімде кімнің өзіне-өзі көмектесуге мүмкіндігі жоқ, соған көмектесу қажет.

Рыноктық қатынастар қалыптасуы кезеңінде халықты бағалардың өсуі (инфляция) мен жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау мәселесі өткір болады. Тауарлар мен қызмет көрсетулер бағасының өсуі тұтынуды апатты жағдайға дейін төмендетпеуі үшін ішінара табыстарды индексациялау әдісі қолданылады, яғни жалақы, зейнетақы, шәкіртақы, табыстардың басқа да түрлері бөлшек бағалар өсуіне сәйкес көбейтіледі.

Жасқа, мүгедектікке, шектеулі еңбек жарамдылығына байланысты заңнама негізінде ұзақ мерзімді немесе тұрақты түрде көмекке құқығы бар тұрғындар категориясына әлеуметтік қамсыздандыру деп аталатын экономиканың әлеуметтік саласының қаражаттарынан мемлекет қаржылық қолдау тағайындайды.

Әлеуметтік қамсыздандырудың көп тараған түріне мемлекеттік зейнетақымен қамтамасыз ету жатады.

Рыноктық экономика жағдайында азаматтар мемлекеттік емес зейнетақы қорлары арқылы жеке-дара әлеуметтік сақтандыру мүмкіндігін алады да, өз уақытында мемлекеттік зейнетақыға салмақ жеңілдейді.

Мемлекеттік және жергілікті бюджет қаражатынан зейнетақыдан басқа халықтың мұқтаж категорияларына әртүрлі жәрдемақылар мен төлемдер беріледі. Олар тұрақты, ұзақ мерзімді және уақытша, сондай-ақ бір реттік сипатта болуы мүмкін. Жәрдемақы негізінен балаларды, ауру адамдарды, қарттарды, жұмыссыздарды қолдау үшін тағайындалады.

Әлеуметтік көмектің ерекше түрі - медициналық көмек. Мұндай көмек белгілі дәрежеде тегін көрсетіледі. Дегенмен, тіпті бай елдердің өзі денсаулық сақтауға шығындарды мемлекеттік бюджеттің иығына артып қоймайды, медициналық қызмет көрсетулер мен дәрі-дәрмектердің бір бөлігі ақылы болып келеді.

Қазақстанның рыноктық типті экономикаға өтуіне байланысты тұрғындар мен кәсіпорындардың ақшалай қаражаттарының бір бөлігі ақылы және сақтандыру медицинасы формасында денсаулық сақтау мұқтаждықтарына пайдаланылады.

Мемлекеттік сақтандыру медицинасы (әлеуметтік жәрдемнің бұл түрі әзірше Қазақстанда тұралап қалды) кәсіпорындар мен ұйымдардың жалақысынан және басқа да төлемдерінен сақтандыру қорын қалыптастыру жолымен міндетті медициналық сақтандыруды қарастырады.

Мемлекет жұмыссыздарға едәуір көмек қолын созады. Ең алдымен ол ресми тіркелген жұмыссыздарға мемлекеттік жәрдемақы түрінде жүзеге асады. Жұмыстан айырылып қалғандар үшін мұндай жәрдемақы алғашқы айларда соңғы жалақысы көлеміне жақын сомада төленеді. Кейінгі айларда жәрдемақы деңгейі төмендейді. Әдетте, жәрдемақы жұмыстан босап қалған уақыттан соңғы жарты жыл ішінде төленеді.

Қазақстанда мемлекеттік басқарудың демократияландырылуы және либерализациялануына байланысты мемлекеттік әлеуметтік саясаттың бір бағыты ретінде әлеуметтік реабилитация (ақтау) қажеттілігі туындады. Кең мағынасында реабилитация абыройын қайтарып алу дегенді білдіреді. Әлеуметтік ақтау, ең алдымен жанышталған әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру. Сондықтан мемлекет кінәсіз зардап шеккендерге қамқорлық көрсетеді. Әсіресе, мемлекеттің билік органдарының заңсыз әрекетінен зобалаңға түскен адамдар алдындағы әлеуметтік жауапкершілігі зор болуы тиіс.

Мемлекеттік билік органдарының әлеуметтік үдерістерді реттеу объектілерінің бірі - табиғатты, қоршаған ортаны қорғау болып табылады.

Экономикалық үдерістер мен құбылыстарды адам өмірімен, оның бейнесі және деңгейімен тығыз байланыстыра зерттейтін ғылым - әлеуметтік экономиканың құрамында экологиялық мәселелер де бар. Экология мен адам өмірі тығыз байланыста екендігі даусыз ақиқат. Сондықтан, табиғат пен адам арасында ақылға қонымды тепе-теңдікті сақтау өзекті әлеуметтік мәселе болып табылады.

Экологияның маңыздылығын қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтіруге бөлінетін мемлекеттік бюджет қаражатының арта түсуінен көруге болады. Сонымен бірге бұл қаражаттар өндірістің экожүйеге бүлдіргіш әрекетін тоқтатуға кемшін болып отыр, нәтижесінде Қазақстанның бірқатар аймақтарында экологиялық жағдай нашарлай түсуде. Жоғарыда айтылғандар әлеуметтік экономиканың арнайы зерттеу объектілері болып табылады. Ал, оларды мемлекеттік реттеу, әрине әлеуметтік бағдарланған рыноктық экономиканы мемлекеттік реттеудің зерттеу, оқыту пәнінің еншісінде екендігі даусыз.

1.3. Әлеуметтік саясат модельдері

Әлеуметтік саясат моделі - бұл әлеуметтік саясаттың маңызды элементтерінің жалпы сызбасы, оның мақсаттары , міндеттері, құралдары, оның экономикалық, демографиялық, саяси және басқа да факторлармен өзара байланыста шарттасылған жүзеге асыру нысандары түсіндіріледі.
Соңғы он жылдықта әр түрлі елдерде қолданылған әлеуметтік саясаттың кейбір моделдерін қарастырайық. Әлеуметтік саясаттың потерналистік моделі директивті экономикада және социолистік елдерде іске асады. Я. Корнайдый анықтауы бойынша потернализм моделі дегеніміз - бұл орталық басшылықтың экономикалық жағдайға толық жауапкершілікті өзіне алуы және сол уақытта оған неғұрлым мақсатқа сәйкес болып көрінетін әкімшіліктік құралдар арсеналынан қандай болмасын құралын қолдануға ұмтылады. Бір жағынан қарағанда, мемлекет әлеуметтік және экономикалық дамуы үшін қажетті ресурстардың негізгі массасын өз қолында шоғырландырады, жинайды, топтастырады және қоғам мүшелерінің неғұрлым елеулі қажеттіліктері бойынша оларды үлестіреді. Алайда, тоталитаризмдік басқару жағдайында потернализм озбырлыққа, бақыланбайтын бюрократияға айналады, ол өз кезегінде жемқорлықтың пайда болуына, тиімсіз шешімдердің қабылдануына, азаматтардың жеке өмірлеріне мемлекеттің басып енуіне алғышарт жасайтын болады.
Патернализмнің зардабы азаматтардың әлеуметтік енжарлылығының өсуі, бүкіл әлеуметтік проблеманы шешуде "жоғарғы инстанция" ретінде мемелектке үміттенуі;
- Патернализм моделінің тағы бір сипаты-өндірісті қатаң директивті реттеу, әлеуметтік игіліктер мен қызметтерді бөлу мен айырбастау;
- Патернализм моделінің үшінші сипаты-этатизм, яғни әлеуметтік сфераны, оның бөлек салалары мен мекемелерін мемлекеттендіру. Этатизм потернализмнің жалғасы болып табылады және әлеуметтік сфераның қызмет етуіне тікелей араласады, сонымен қатар бәсекелес немесе әлеуметтік проблеманы шешуде ынтымақтастықты ұсынатын қандай болмасын субъектіні ығыстырып шығарады;
- Төртінші сипаты-әлеуметтік сфера салаларындағы нарықтық қатынастардың мүлдем әлсіз дамуы, көбінесе болмауы. Болса да даму деңгейімен салалар бойынша айрықшаланауы. Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыздандыру салаларында төлем нысандары кездеспейді және олардың дамуы үшін ресурстар мемлекеттік, жергілікті бюджеттен және кәсіпорын қаржысынан бағытталады. Мәдениет, байланыс, дене шынықтыру, жолаушылар көлігінде нарықтық қатынастар модифицирленген, яғни түрленген нысанды иеленді. Бұл жерде төлем нысаны ескерілді, бірақ та бұл салалардағы қызметтердің өзіндік құнымен салыстырғанда төмен бағалар орнатылды. Салалардың үшінші тобында-сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсетуде жекеменшіктің үлесі болғандықтан нақты нарықтық элементтері тарихи сақталған болатын, ал бұл салалардағы ерекше белсенді нарықтық қатынастар "көлеңкелі" экономика нысанында болуы, "қара" және "сұр" нарықтарының қызмет түрінде дамуы;
- Бесінші сипаты-эгалитаризм - материалдық игіліктер мен қызметтерді тұтынудағы теңділік. Маңызды әлеуметтік игіліктен мен жұрттың қолы жететіндіктей қамтамасыздандыруда оң рөлді иеленеді. Біздің елімізде оның негізінде жалпыға бірдей сауаттылық, миллиондаған адамдарға тұрмыс жағдайының жақсаруы, көптеген аурулар бойынша ауыршаңдылықтың төмендеуі, өмір сүру деңгейінің өсуіне қол жеткізілуі;
- Алтыншы сипаты-кепілденген жаппай жұмыспен қамту. Жалпы айтқанда, қоғам дамуының белгілі кезеңінде әлеуметтік саясаттың потерналистік моделі әлеуметтік-экономикалық қатынастарды жетілдірудің тежеуіші болып саналады.
Шведтік модель. Бұл модельдің маңызды ережесі әртүрлі әлеуметтік-экономикалық топтар мен халық қабаттарының ынтымақтастығы, тілектестілігі, бірдейлілігі. Швед мемлекеті қоғамның бүкіл мүшелерінің мүддесін тең қорғауды өзіне алды. Алайда, жалпылай әл-ауқаттылық ұсынылатын игіліктер мен қызметтердің жоғарғы сапасымен бірге швед мемлекеті жағынан көп шығынды талап етті.
Швед әл-ауқаттылық моделіне жоғарғы сапа мен әлеуметтік қызметтердің қол жетерлігі тән. Оған мемлекеттік бюджеттің бүкіл шығыстарынан шамамен 40 пайызы шығындалады. Бұл жағдай швед моделін - рестриктивті (шектеулі) сипатқа әкелді. Бұл рестриктивтілік халықтың жеке табыстарына және кәсіпкерлердің табыстарына тиесілі және мемлекеттік бюджетке бірінші бөлінген табыстардың көп бөлігін алуға мүмкіндік беретін прогрессивті салық жүйесі көмегімен жүзеге асырылады. Қатаң салықтық жүйе жоғарғы сапалы әлеуметтік қызметтердің кең желілерін күшейтуге және түрлі трансферттік төлемдер түрлеріне қаржылық база болып табылды.
Индустриялды дамыған елдерде орын алған әлеуметтік саясат моделі "Мемлекеттің әл-ауқаттылық" концепциясы болып табылады. Бұл концепция бойынша мемлекет-жеке мүддесі жоқ, қазіргі қоғамның жалғыз институты, сондықтан ол класстар арасында делдал болып шыға алады және қоғамдық мүдделерге сәйкес әрекет етеді.
Тарихи "Мемлекеттің әл-ауқаттылық" моделі экономикалық және саяси күйзеліс кезеңдерінде қалыптасты. Мемлекеттің нарық факторларының әрекетін минималдап, әлеуметтік сфераны қоса, бүкіл басқарушылық функцияны өз қолына алды. Бұл функция тек қана әлеуметтік амортизатор функциясын орындаумен қатар (мысалға, жұмыссыздарды қолдау түрінде, жұмыспен қамту бағдарламалары, жұмыстарын жоғалтқандарды қайта және кәсіптік даярлау түрінде), жұмыс күшінің сапасын жақсарту функциясын орындайды. Тағы да бір маңызды функциясы-ол қартайған шақтан және экстраординарлық жағдайларда әлеуметтік кепілдемені ұсыну. Алғашқы кезеңде "мемлекеттің әл-ауқаттылық" концепциясы іскерлік ортада "лояльді" қабылданды, кейін салық ауыртпалығы іскерлік ортасына, сонымен қоса қарапайым халық ортасына да ауыр тиді. Оның үстіне көптеген зерттеулердің көрсетуінше әлеуметтік сфераның "мемлекеттендірілген" бөлігі қызметтің төмен сапасымен ғана емес, сонымен қатар баламалы әлеуметік сала мекемелері мен жеке және қоғамдық ұйымдарына қарағанда, ресурстарды төмен оңтайлылықпен қолданғанымен көзге түсті. Осының бәрі " мемлекеттің әл-ауқаттылық" концепциясын алып тастауға талап болды.
Егер "Мемлекеттің әл-ауқаттылық" моделі Ұлыбритания, Франция және басқа да еуропалық елдерінде дамуын алса, онда "Әлеуметтік нарықтық шаруашылық" моделі Германия Федеративтік Республикасында неғұрлым толық жүзеге асырылған болатын. Бұл концепцияның барысы: кәсіпкерлікке экономикалық еркіндік беру және экономикаға әкімшіліктік қатысуды алып тастау, себебі нарықтық еркіндік әлеуметтік мақсатқа жету үшін экономикалық, ресурстық алғышарттар жасайда. Таза нарық экономикасының дамуы негізінде батыс Германдық мемлекет әр азаматқа белгіленген кедейшілік шегінен төмен түспейтіндей әлеуметтік амортизаторлардың біртұтас жүйесін өрістетті.
Алайда, сонымен қатар мемлекет азаматтардың өз күшімен орындай алмайтын әлеуметтік міндеттерді өз қолына алмауға тырысты. Бұл концепция бірнеше қарама-қайшылықтардан тұрды:
- көптеген әлеуметік қызметтер нарықтық сипатта сақталды, ол өз кезегінде бұл қызметерді тұтынушының еркіндігін қамтамасыз етуге, әлеуметтік сфераның бөлек ұйымдары мен мекемелерінің арасында бәсекені қолдауға мүмкіндік берді;
- сол уақытта, әлеуметтік бағдарламаларды мемлекеттің атқаруы, орындайтын жұмыстағы төмен дәрежелі жауапкершілік пен оған тиесілі тиімсіз проблемалар мен бюрократиялық аппараттың құрылуына әкелді. "Мемлекеттің әл-ауқаттылық" моделіне қарағанда "Әлеуметтік нарықтық шаруашылық" моделі барынша нарықтық негізде жүргізілді. Бұл модельдің негізгі постулаттары шамамен елу жыл бойы өзгеріссіз түрде сақталуда.
Либералды экономиканы жүргізуде әлеуметтік саясаттың "Нарықтық моделі" орын алды. Бұл концепция бойынша әлеуметтік сферада кең таралған мемлекеттік араласудың орнына нарықтық бастауларды қүшейту қажеттілігі қарастырылды. Бұны жүзеге асыруда:
- әлеуметтік сферадағы жартылай мемлекетсіздендіру;
- әлеуметтік салалардың қызмет етуіндегі нарықтық құралдарды қолдану аясын кеңейту; Мемлекетсіздендіру процессінде белгілі халық топтарына қызметтерді ұштастыру, әлеуметтік мекемелерді қызмет көрсету шарттарының жекеменшік нысандары бойынша диверсификациялау жүргізіледі.
Әлеуметтік саясаттың нарықтық моделінің негізгі қалыптастырушы идеясы-оның селективтілігі, яғни таңдаушылығы, мемлекет тарапынан көмекті қажет ететін бөлек өмірлік жағдайларға немесе нақты анықталған халық топтарына бағытталушылық. Осылай, мемлекеттің әлеуметтік саясаты қоғам мүшесінің қандай тобына қолданылуына байланысты екі бөліктен құралады:
- еңбекке қабілетті азаматтар үшін олардың еңбек белсенділігін арттыру және өздеріне өз көмектерін дамыту үшін мемлекеттің жағдай жасауы;
- мемлекет немесе басқа да қоғамдық институттар тарапынан әлеуметтік көмек тек қана ауру себептері, қатерлі жағдай, кәрілік пен жұмыссыздық себептері бойынша көрсетілуі. Бұл модельдің ең басты ерекшелігі - оның дәстүрлі құндылықтарға және жанұя, жергілікті қоғамдастықтар, пайдасыз ұйымдар тәрізді әлеуметтік институттарға бағытталуы.
Әлеуметтік саясаттың "Нарықтық" моделі 70-жылдар ортасында, Маргарет Тэтчермен басқарылатын Ұлыбритания Үкіметінің нақты саясатының негізі болды, яғни бұл моделді жүзеге асыру "Мемлекеттің әл-ауқаттылық" моделінің кемшіліктерін толықтырушы өзгеше жауап ретінде қарастырылды.
4. Әлеуметтік саясаттың ұлттық моделі - бұл әлеуметтік саясаттың маңызды элементтердің жалпы сызбасы, оның мақсаттары, міндеттері, құралдары, оның экономикалық, демографиялық, саяси және басқа факторлармен өзара байланыста шарттастырылған жүзеге асыру нысандары түсіндіріледі.
Елімізде әлеуметтік саясатты жүзеге асыру үшін мемлекеттік реттеу әдістері қоданылады:
- құқықтық реттеу - бұл барлық деңгейде қабылданған құқықтық актілер мен нормативтік құжаттардағы міндеттердің орындалуы;
- қаржы-несиелік реттеу - қаржы ағындағы реттеу құралдары, яғни әлеуметтік саланы қаржыладыру үшін мемлекеттік бюджетте арнайы баптың қаралуы. Сондай-ақ бюджеттен тыс әлеуметтік қорлар құру (зейнетақы, әлеуметтік сақтандыру, міндетті медициналық сақтандыру т.б.)
- жекешеледіру - әлеуметтік саладағы кәсіпорныдардағы жеке меншікке беру шектелген, өйткені мұндай кәсіорындардың шығындардың көпшілік жағдайда мемлекет өтейді.
Елімізде әлеуметтік саясатты жүргізу құралдарына мыналар жатады:
Әлеуметтік кепілдік - мемлекеттің азаматтар алдындағы, азаматтардың мемлекет алдындағы міндеттері мен жауапкершіліктерін заңды түрде қамтамасыз ету.
Әлеуметтік стандарттар - бұл әлеуметтік қызмет көрсетудің әр түрлі формалары мен көлемдерін қалыптастыру. Бұл қаржы нормативтерін белгілеу үшін қажет. Мемлекеттік әлеуметтік стандарттар біріңғай негізде және жалпы әдістемелік негізде жасалады.
Минимальды тұтыну бюджеті - тұрмысы төмен отбасыларына көмек беру үшін, сондай-ақ зейнетақы мен жалақының минимальды көлемін белгілеу үшін қолданылады.
Өмір сүру минимумы - бұл минимальды табыс. Ол әлеуметтік саясаттың маңызды құралы. Оның көмегімен халықтың өмір сүру деңгейі бағаланып, табыстары реттеледі, әлеуметтік төлемдер белігіленгенде қолданылады. өмір сүру минимумы экономиканың білгілі деңгейінде адамның денсаулығын сақтау мен қызметке қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін қажет. Оның негізіне ғылыми негізделген азық-түлік, өндірістік тауарлар мен қызметтердің жиынтық құны және салықтар мен міндетті төлемдер кіреді.
Жалақының минимальды көлемі - квалификациясы төмен қарапайым еңбекке негізделген жалақының ең төмен шегі. он басқа маман жұмысшылардың жалақысын белгілеу үшін қолданылады.

2.1 Қазақстан республикасының әлеуметтік саясаты

Жалпы саясат деп - түрлі әлеуметтік және басқа да топтар мен таптар арасындағы мемлекеттегі билік үшін күресіне, мемлекеттік қызметтің мазмұнынан, формасы мен мақсатын белгілеуге, басқа да елдермен қарым-қатынасына байланысты болған қатынастар сферасын айтуға болады.

Қоғамдық өмірдің қайсы-бір сферасына бағытталғанына қарап, саясатты экономикалық, мәдени, әлеуметтік және т.б. деп атау мүмкін. Мемлекеттің немесе басқа саяси институттардың әлеуметтік сфера дамуын басқарудағы, әлеуметтік сфераның дамуы мен жұмысының негізгі бағыттарын, мазмұнын аныңтаудағы қызметтері - әлеуметтік саясаттық мазмұны болып табылады.

Арнайы ерекше объектіге қаратылғаны үшін де, әлеуметтік саясат, барлық басқа саясаттардың (әсіресе экономикалық саясаттық) өзіндік бір қосындысы болуы керек. Әлеуметтік қатынастар басқа қоғамдық қатынастардың синтезі ретінде түсініледі, олардың мазмұндық жақтары адамның қоғамдағы жағдайы және түрлі мүдделері мен қажеттіліктерін қанағаттандыруы арқылы көрініс табады. Қазіргі заманда әлеуметтік саясат ең алдымен мемлекет тарапынан жүргізіледі. Адамдардың бірге өмір сүруін ұйымдастырудағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттің экономикалық саясаты және оның белгілері
Экономиканың мемлекеттік реттеуі
ҚАРЖЫ САЯСАТЫ, ҚАРЖЫ МЕХАНИЗМІ
Мемлекет туралы ұғым
Мемлекет қызметінің жіктелуі
Нарықты экономиканы мемлекеттік реттеу
Мемлекеттің ішкі функциялары
Экономикалық реттеу әдістері мен құралдары
Мемлекет функциясы
Мемлекет функциясының түрлері, орындалу нысаны
Пәндер