Қадыр Мырзалиевтің тілдік тұлғасы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ
АҚЫН ҚАДЫР МЫРЗАЛИЕВ ДИСКУРСЫНДАҒЫ ҒАЛАМНЫҢ ТІЛДІК БЕЙНЕСІ
Орындаушы ___________________________________ _________Т.А.Ә.
Ғылыми жетекші ___________________________________ ____Т.А.Ә.
Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі ___________________________________ ___Т.А.Ә.
_____ _________________________2023 ж.
Ақтөбе
2023
МАЗМҰНЫ
Анықтамалар
Кіріспе.
1. Танымдық тіл білімі және ақын Қ.Мырзалиев шығармалары.
1.1 Танымдық лингвистиканың бірліктері мен зерттеу әдістері.
1.2 Ақын Қ.Мырзалиев шығармашылығындағы тіл туралы.
2. Ақын Қ.Мырзалиев шығармаларының когнитивті негіздері.
2.1 Қ.Мырзалиев поэзиясының концептілік ерекшелігі.
2.2 Қ.Мырзалиев өлең-жырларындағы әлемнің тілдік бейнесі көрінісі
2.3 Қ.Мырзалиев шығармашылығындағы танымдық бірліктер көрінісі
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе.
1. Қадыр Мырзалиевтің тілдік тұлғасы
1.2 Қ.Мырзалиев тілдік тұлғасының вербалды-семантикалық деңгейі
1.3. Қ.М тілдік тұлғасының лингво-когнитивтік деңгейі.
1.4 Қ.М. тілдік тұлғасының прагматикалық деңгейі
2. Қ.М дискурсындағы ғаламның тілдік бейнесі.
2.1 Поэзиясындағы лингвомәдени бірліктер.
2.2 Афоризмдерінің лингвомәдени мәні.
Қорытынды
Жазушының жеке қолтаңбасын танытатын тілдік оралымдар
АНЫҚТАМАЛАР
Антропоөзектік парадигма (грек. anthropos - адам, лат. сentrum - орталық) - адам феноменін ғаламның басқа да феномендеріне қарсы қоя отырып, адамды ғаламның орталығы ретінде танытатын, дүниедегі болып жатқан процестердің мақсатын адам факторымен байланыстыратын ғылыми бағыт.
Әлем бейнесі - белгілі бір халықтың қоғамдық санасында болмыс туралы жүйеленген білімдер жиынтығы, философия, әдебиет, мифологияда т.с.с. көрініс тапқан халықтың болмыс, тұрмыс, әлем туралы білімі, құндылықтар жүйесі, таным парадигмасы ретіндегі түсініктер жиынтығы.
Әлемнің тілдік бейнесі - тану мен меңгеру үдерісінде тіл тұтынушысына әсер ететін тілде бекітілген сыртқы дүниенің саралануы мен категориялану ерекшеліктері.
Концепт - тілдік ақпараттарды кодтайтын (сөзге айналдыратын, таңбалайтын), оларды репрезентациялайтын (яғни сөздің ішкі мазмұнын, мәнін танытатын, оның затқа, реалийге қатысын, шындықты бейнелеп көрсететін) және оны (сөзді, ақпаратты) трансформациялайтын (келесі ұрпаққа жеткізетін) тілдік таңбалар жиынтығы.
Таным - ақиқаттың санада бейнелену процесі мен қайта жаңғыруының барысында жинақталған білім; қабылдау, түсіну, түсініктің пайда болуы сияқты жүйелердің өзара әрекеттестігімен ақпарат тудыру.
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы.
Қазақ поэзиясына өткен ғасырдың орта тұсынан өте бере келіп, өзіне тән өзгеше мазмұн ашқан, өзіне тән пішінін тапқан, қалың оқырманын таңдандырудан, тамсандырудан бір жаза басып көрмеген, шын мәніндегі шынайы талантты ақындардың бірі Қадыр Мырзалиев еді. Ақынның шығармашылығын паш етіп, ақындық таланты мен сөз зергерлігін танытатын Ақ отау, Бұлбұл бағы, Ой орманы, Дала дидары, Домбыра, Жерұйық, Алақан, Қорамсақ, Көкпар, Қызыл кітап, т.б. қаламынан туған қаздай тізілген кітаптары бар. Оның әр өлеңі бұрын ешкім айтпаған сырды шертіп, ешкім ашпаған шындықты айтып, тылсым сырға толы өзінің өзгеше философиялық қисындарымен тыңдарманды терең ойға шомылдырады. Қадыр ақын шығармалары үндестік пен терең мағынаға құрылған асқан суреткерлігімен, адамның өмірін өнерге көшіріп, ал өнерді өмірмен ұштастырып, шындықты ғажайып сыр қылып, ал сырды қуатты жырға айналдыруымен, мәнді ойға құрылған мазмұны, шебер өрнектелген пішінімен ерекшеленіп тұрады. Қадыр - ақын қалың оқырманын таңдандырудан, тамсандырудан бір жаза басып көрген жоқ деп, әдебиетші ғалым З.Қабдолов айтқандай, Қадыр Мырзалиев шығармаларының өзгеше әлемі әдебиеттану тұрғысынан жан-жақты зерттелсе де, оның өлең-жырларындағы терең мазмұн мен шебер қиюласқан көркемдік келісімді, әр сөзінен ұлттық таныммен көмкерілген мағыналы ой ұшқындайтын тілдік бірліктердің көркемдігі мен мағыналық қызметін танымдық тіл білімі аясында қарастырудың қажеттігі арнайы зерттеуге сұранып тұр. Ақын шығармаларын қазіргі тіл білімінің антропоцентристік бағытындағы зерттеулермен ұштастырып, әлемнің тілдік бейнесінің ақын Қ.Мырзалиев поэзиясындағы көрінісімен үндестіре зерделеу арқылы қазақ тіл біліміндегі жаңа бағыттағы ізденістер қатарын толықтыра түсуге болады. Зерттеуде ақын Қадыр Мырзалиев шығармаларының тілі, сөз мағынасы, танымдық мәні, ұлттық когнитивті қолданысы мен әлемнің тілдік бейнесі аясында концептуалды талдануына ерекше назар аударылды.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі.
Қазіргі таңда ғылым мен техника дамып, қоғамның алға қарай қарыштап дами түскен сайын тіл біліміндегі зерттеулер де күрделеніп, жаңа қырынан таныла бастады. Тіл білімінде де антропоцентристік бағыт аясында тілді жаңа көзқараста зерттеу жұмыстары жүргізіліп келеді. Антропоцентристік бағыт тілді адаммен, қоғаммен, мәдениетпен, табиғатпен байланыста қарастыруды мақсат етеді. Тілді адамды қоршаған ортамен, яғни адамзат қоғамы, адамның менталитеті, мәдениеті, салт-дәстүрімен, адам тіршілік ететін табиғатпен байланыста қарау арқылы тілдің қолданыс аясының да кең, оның қоршаған ортаны бейнелеу мүмкіншілігі де көп екендігін таныта түсті. Тілдің қызметін адаммен байланыста қарастыруда адамның танымы, оның психологиясы, ұлттық мәдениеті де негізгі мәселелердің бірі ретінде ескерілуіне қарай тіл білімінде когнитивті лингвистика, психолингвистика, этнолингвистика, т.б. салада тілді жаңа қырынан зерттеу қолға алынды. Осындай ауқымды зерттеулер нәтижесінде әлемнің тілдік бейнесі деген тіркес пайда болды. Бұл тіл арқылы бүкіл әлемді тануға болатынын, тіл арқылы сол әлем туралы ақпарат беруге болатынын, тіл арқылы ұлттық танымды байқатуға болатынын көрсетті. Қазіргі кезде адам танымы мен тілді байланысты қарастыратын когнитивтік тіл білімі әлемнің тілдік бейнесі ұлттық таныммен байланысты зерттеуге мүмкіндік беріп отыр.
Адам миындағы ақпараттар, оның білу, ойлау және қорытынды жасау сияқты әрекеттермен жүзеге асуы тілдік бірліктер арқылы ғана орындалатын болса, осы тілдік әрекеттер когнитивті тіл білімінде түрлі кестелер мен сызбалар түрінде, гештальт, фреймдер мен сценарийлер арқылы, ойсуреттер немесе ойбейнелер, т.б. тілдің көмегімен әлемнің тілдік бейнесін танытады. Адам баласының ұлттық бейнесі, менталдылық ерекшелігі тіл арқылы көрініс береді. Тілдің бізді қоршаған әлемнің барлық бөлшегін қалдырмай, бәрін де тіл арқылы жеткізуі танымдық тіл білімінде әлемнің тілдік бейнесі деген тіркеспен айтылып жүр. Әлемнің тілдік бейнесі концептік ая, когниция, концепт, концептуалды жүйе, когнитивтік база, танымдық үлгі сияқты т.б. когнитивті лингвистиканың ұғым бірліктері арқылы жан-жақты талданады.
Когнитивті лингвистикада, яғни танымдық тіл білімінде адам танымындағы барлық ақпараттар тіл арқылы жарыққа шығуы, айтылған сөздің жиынтығы, мағыналас жуық ойлардың бір ұғым төңірегінде ортақ атпен танылуы концепт арқылы жүзеге асырылады. Концепт ақпараттың, яғни айтылған сөздің жиынтық мағыналы мәйегі, ойдың жалпы ортақ сыры, мағыналы бірнеше сөз маржандарының бір тақырып аясындағы танылуын концепт бірлігі арқылы атап көрсетеміз. Концепт - ұлттық болмысқа негізделген адам санасындағы ақиқат дүниені танытатын ақпараттар жиынтығы, мағыналық жағынан орайлас бірнеше лексеманы бір тақырып аясына біріктіретін тірек сөз, танымдық тіл біліміндегі термин атауы.
Тілді қолданушы адамның ой-танымы, ішкі ақпараттар мазмұны концептілерге жинақталады десек, осы концептілердегі ой-танымдарды, тілдік тұлғаның дүние танымы мен айтпақ ойын, оның дискурстарының маңызын бағамдау үшін танымдық тіл білімінде когнитивтік, прагматикалық деңгейде концептуалды талдау жасалады. Қазіргі тіл білімінде тілдік тұлға ретінде ақын-жазушыларды алып, олардың шығармаларын концептуалды талдау негізінде зерттеуге алуға маңыз беріліп келеді. Қазақ әдебиетінде әдебиет теориясы тұрғысынан кең түрде зерттелсе де, өлең-жырлары танымдық тілдік аяда зерттеуге алынбағандығын ескеретін болсақ, ақын Қадыр Мырзалиевтың дискурсындағы шығармаларын әлемнің тілдік бейнесі парадигмасында зерттеу ғылыми өзекті тақырыптардың бірі болып табылады. Сондықтан ақын Қ.Мырзалиевтың поэзиясын әлемнің тілдік бейнесі көлемінде ауқымды түрде зерттеуге алу үшін теориялық және практикалық жағынан тілдік концептуалды саралау мақсаты жүзеге асырылды.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Зерттеу жұмысының мақсаты - ақын Қадыр Мырзалиевтың шығармаларын әлемнің тілдік бейнесі парадигмасы қолданысындағы ұлттық ерекшелікті білдіретін тілдік когнитивті бірліктерді саралай отырып, оның дискурсындағы өлең-жырларының тілін танымдық жағынан тілдік концептуалды талдау жасап, ақын айтпақ болған ойларының танымдық мәнін, әлемнің тілдік бейнесін танытатын лексикалық бірліктердің мағынасы мен тілдік- танымдық ерекшеліктерін айқындау.
Зерттеу жұмысында қойылған мақсатты жүзеге асыру үшін ғылыми еңбектің алдына төмендегідей міндеттерді шешу қойылды:
1. Қазіргі тіл біліміндегі антропоцентристік бағыттағы теориялық мәселелерді ғылыми тұрғыда жүйелеп, когнитивтік лингвистикадағы терминдік ұғымдарға сипаттама жасап, соның ішінде әлемнің тілдік бейнесі туралы танымдық тілдік бірліктерге түсінік беру.
2. Ақын Қадыр Мырзалиевтың дискурсындағы өлең-жырларын жинақтап көрсету, поэзиялық шығармаларының тақырыбы мен көтерілген идеялық мазмұны, оның ұлттық таныммен байланысы жөнінде түсінік беру.
3. Қадыр Мырзалиев шығармаларының бойында сақталған ұлттық және мәдени құндылықтар кодын анықтау, ақынның тілдік тұлғасына әсер еткен қоғамдық, әлеуметтік, саяси және мәдени құбылыстар мен олардың көркем тілде берілу тәсілдері мен тілдік ерекшелігін көрсету, сол арқылы көркем шығармадағы ақынның танымдық және тілдік тұлғасын анықтау.
4. Ақын Қадыр Мырзалиевтың шығармаларындағы когнитивтік ой тереңдігі мен концептілік тұрғыдағы әлемнің тілдік бейнесі көрінісін, сөз қолданысындағы лексемалардың мағынасы мен танымдық бейнесін, оның дискурсындағы ұлттық ерекшеліктерін танытатын тілдік бірліктердің берілу жолдарын зерделеу.
5. Ақын Қадыр Мырзалиевтың шығармаларын когнитивтік ой талқысына қарай бағамдап, оның өлең-жыр дискурсындағы әлемнің тілдік бейнесі көрінісіне тілдік концептуалды талдау жасау.
Зерттеу нысаны. Ақын Қадыр Мырзалиев дискурсындағы әлемнің тілдік бейнесі көрінісі.
Ғылыми зерттеу жұмысының теориялық-әдіснамалық негіздері мен зерттелу деңгейі. Зерттеуде тіл білімінің антропоцентристік бағыты туралы теориялық мәселелер мен ақын Қадыр Мырзалиевтың шығармалары туралы жинақталған ғылыми тұжырымдарға сипаттама беріліп, когнитивті тіл біліміндегі әлемнің тілдік бейнесі ұғымы туралы тілдік концептуалды талдау деректері және осы тақырыпқа қатысты т.б. еңбектер қарастырылды.
Қазіргі тіл білімінің антропоцентристік бағытында жазылған зерттеу деректері мен шетелдік зерттеушілер Е.С. Кубрякова, А.Н. Баранов, Н.Д. Арутюнова, В.А. Маслова, сияқты т.б ғалымдар мен қазақ тіл біліміндегі Ж. Манкеева, Б. Момынова, Г. Гиздатов, А. Ислам, М.Күштаева, т.б. көптеген танымал ғалымдар мен зерттеушілер еңбектері пайдаланылды. Қазақ тіл білімі бастауындағы ғалымдар А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов еңбектерінен бастап, қазіргі танымдық лингвистика саласындағы зерттеу деректері зерттеу жұмысымыздың теориялық-әдіснамалық негізі болды.
Зерттеу жұмысының пәні. Ақын Қадыр Мырзалиев дискурсындағы әлемнің тілдік бейнесі көрінісі когнитивті тіл білімі, лингвистикалық стилистика, этномәдени лингвистика пәндері аясында тілдік концептуалды талдаулар арқылы қарастырылды.
Зерттеу дереккөздері. Ақын Қадыр Мырзалиевтың Ақ отау, Бұлбұл бағы, Ой орманы, Дала дидары, Домбыра, Жерұйық, Алақан, Қорамсақ, Көкпар, Қызыл кітап, т.б. жыр жинақтары мен қазіргі тіл біліміндегі антропоцентристік бағыттағы теориялық еңбектер.
Зерттеу жұмысында қолданылған әдістер: Тақырыпқа қатысты дереккөздерді жинау, сұрыптау, семантикалық, мәтіндік, танымдық және концептуалды талдау әдісі, тілдік стилистикалық сипаттау, тілдік концептілік талдау әдісі;
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
1. Алғаш рет ақын Қадыр Мырзалиев дискурсындағы әлемнің тілдік бейнесі көрінісі когнитивті тіл білімі ғылымының аспектісінде қарастырылды.
2. Ақын Қадыр Мырзалиев шығармалары когнитивті тіл біліміндегі концептілер аясында сұрыпталып, концептуалды талдауға алынды.
3. Ақынның тілдік тұлғасына әсер еткен қоғамдық, әлеуметтік, саяси және мәдени құбылыстар ұлттық бояумен ұштастырыла алынып, Қ.Мырзалиевтың дискурсындағы тілдік бірліктердің әлемнің тілдік бейнесі көрінісі ретіндегі ерекшеліктері анықталды.
4. Алғаш рет ақынның дискурсындағы өлең-жырларды тілдік деректері тұрғысынан сұрыптап, лексемалар мағынасы мен сөз қолданысындағы тілдік бірліктерді концептілер аясына жинақтап, тілдік деректерді когнитивтік тұрғыда концептуалды талдау жасап, өлең-жыр тілінің әлемнің тілдік бейнесі көрінісіндегі қолданысына сараптама жасалды.
5. Ақын Қ.Мырзалиевтың дискурсындағы көркем сөз, айшықты сөз қолданыстары мен танымдық мәні зор тілдік бірліктер сұрыпталып алынып, осы тілдік бірліктердің әлемнің тілдік бейнесі көрінісі негізінде танылуына қатысты эксперименттік-концептуалды талдау жұмыстары жүргізілді.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
1. Ақын Қадыр Мырзалиев шығармаларындағы когнитивті тілдік бірліктер сұрыпталып, когнитивті тіл біліміндегі концептілер аясына жинақтап көрсетілді.
2. Ақын Қадыр Мырзалиев дискурсындағы өлең-жырлар тіліне концептуалды талдау жасалып, өлең-жырлардағы тілдік бірліктердің әлемнің тілдік бейнесімен байланысы анықталды.
3. Қадыр Мырзалиев өлең-жырлары мәтініндегі сақталған ұлттық және мәдени құндылықтарды танытатын сөздерді көрсетіп, тілдік бірліктердің ұлттық кодын анықтау, ақынның тілдік тұлғасын танытатын, оған тән қоғамдық, әлеуметтік, саяси және мәдени құбылыстардың көркем тілде берілу тәсілдері мен тілдік ерекшелігі дәлелденді.
4. Ақын Қадыр Мырзалиев шығармаларындағы когнитивтік ой-тұжырымдарды танытатын тіркестерді сұрыптап алып, олар концептілік тұрғыда әлемнің тілдік бейнесі көрінісімен және ақын дискурсындағы лексемалардың мағынасы мен танымдық бейнесін, оның ұлттық ерекшеліктерін танытатын тілдік бірліктер анықталды.
5. Ақын Қадыр Мырзалиевтың шығармаларында когнитивтік тілдік бірліктері, ақын дискурсындағы өлең-жырдың тілдік деректері мен әлемнің тілдік бейнесі байланысы, ақынның тілдік танымдық стилі сақталатыны дәлелденді.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы. Антропоцентристік бағыттағы тіл білімінің когнитивтік лингвистика, лингвомәдени стилистика, дискурстық лингвистика, т.б. салаларының теориясы тұрғысынан қарастырылып отырған осы зерттеуде дәлелденген нәтижелер мен ғылыми жүйеге түсірілген теориялық мәліметтер, тілдік бірліктерге концептуалды талдау жасауда, әлемнің тілдік бейнесі көрінісін теориялық жағынан өлең-жыр мәтіндерімен ұштастыра қарастыруда, теориялық мәселелерін зерделеуде, ақын Қадыр Мырзалиев дискурсындағы тілдік ерекшеліктерді, шығармалары тілін, ақынның тілдік тұлғасы мен стилін зерттеуде пайдаланып, антропоцентристік бағыттағы танымдық тіл білімі саласындағы ғылыми зерттеу жұмыстарының дамуына үлес қоса алады.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы. Осы ғылыми зерттеу жұмысының нәтижелерін антропоцентристік бағыттағы танымдық тіл білімі саласы бойынша оқулық, оқу құралы, әдістемелік нұсқаулықтар, т.б. танымдық сөздіктер жазу барысында, сондай-ақ, ақын Қадыр Мырзалиев дискурсындағы тілдік ерекшеліктерді танытуға арналған практикалық еңбектерде, т.б. таңдау пәні курстарының дәрістері мен семинар сабақтарында пайдалануға болады. Алынған нәтижелер қазақ тілі мен әдебиеті білім бағдарламасы бойынша оқытылатын сәйкес келетін міндетті және элективті пәндердің оқу бағдарламаларын толықтыруға пайдалануға болады.
Зерттеудің жарияланымы мен мақұлдануы. Зерттеу жұмысының негізгі ғылыми нәтижелері мен қорытындылары бойынша түрлі басылымдарда, халықаралық ғылыми-теориялық және тәжірибелік конференцияларда барлығы 4 ғылыми мақала жарияланды. Оның ішінде ҚР БҒБ Білім және Ғылым саласындағы қадағалау комитеті бекіткен тізімге енетін журналдарда 1 мақала, еліміздегі жоғары оқу орындарының ғылыми журналдарында 1 мақала, (Қ.Жұбанов атындағы ӨМУ хабаршысы), түрлі ғылыми конференцияларда 2 мақала жарияланды.
Сонымен бірге Қадыр Мырзалиев дискурсындағы тілдік ерекшеліктер деген атпен оқу-әдістемелік құрал жарияланды.
Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспе, негізгі үш бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Диссертациялық жұмыстың жалпы көлемі - 70 бет.
Кіріспеде жұмыстың жалпы сипаттамасы, зерттеу жұмысы тақырыбының өзектілігі, диссертациялық жұмыстың зерттеу пәні мен нысаны, мақсаты мен міндеттері, әдістері беріледі. Сонымен қатар, зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық маңыздылығы, қорғауға ұсынылатын тұжырымдар, әрі зерттеу жұмысы бойынша жарияланған мақалалар туралы мәліметтер беріледі.
Бірінші бөлімде ... ... теориялық сипаттама беріліп, ... ... ... .. концептуалды талдау жасалды.
Екінші бөлімде ақын Қадыр Мырзалиевтың шығармалары жөнінде ғылыми сипаттама беріліп, оның дискурсындағы өлең-жырлар тіліне концептуалды талдау жасалып, өлең-жырлардағы тілдік бірліктердің әлемнің тілдік бейнесімен байланысы анықталды.
Үшінші бөлімде ақын Қадыр Мырзалиев дискурсындағы когнитивті тілдік бірліктерді танытуға арналған лексемалардың мағыналық ерекшеліктеріне түсінік беріліп, ... ... т.б. концептілер бойынша танымдық тұрғыда зерттеу жүргізіліп, танымдық тілдік деректер көрсетілді.
Қорытындыда зерттеу жұмысының нәтижелері мен тұжырымдамасы беріліп, соңынан пайдаланылған әдебиеттер тізімі көрсетілді.
1. ҚАДЫР МЫРЗАЛИЕВТІҢ ТІЛДІК ТҰЛҒАСЫ
Қазіргі тіл білімінің антропоөзектік бағыттағы зерттеулерінде тілді тек тіл жүйесі ауқымында зерттеп қоймай, сонымен бірге тіл мен мәдениет байланысын, оның ішіндегі тіл иесінің алар орнын анықтаумен ұштастыра қарастыру көзделіп отыр. Осымен байланысты әдеби тілді дамытушы жеке тілдік тұлғаның тіл ерекшелігін когнитивті тұрғыдан зерттеу - тіл біліміндегі өзекті мәселелердің бірі. Осыған орай жеке тілдік тұлғаны екі түрлі қырдан, атап айтқанда, когнитивтік лингвистика аясында және лингвомәдениеттану бағытында зерттеу оның терең қырларын ашуға өз септігін тигізеді. Осы тұрғыдан қарастырылған Қадыр Мырзалиевтің шығармаларының концептілік құрылымы негізінде анықталатын ғаламның тілдік бейнесі мен тілдік тұлға ретіндегі болмысын ашуға ұмтылыс тіл мен мәдениет сабақтастығын дәйектейтін өзекті мәселелердің санатындағы қажеттіліктен туындап отыр.
Қазіргі тіл ғылымында соңғы уақытта дискурс теориясының жедел дами бастауы осыған байланысты зерттеу жұмыстарын топтастырып, бағыт-бағдарын, даму қарқынын, мәселелерінің айырмашылықтар мен ортақ тұстарын, зерттеу еңбектеріндегі қайшылықтар мен қиындықтар, оны шешудің жолдарын табуына белгілі бір деңгейде септігін тигізетін орталықтандырылған жұмыстардың жүргізілуін қажет етіп келеді. Осы тұрғыдан қарағанда, ғылымда кімнің болсын жаза беруінің маңызы бар. Дискурс теориясының өзекті мәселелері тақырыбына арналған ғылыми жұмыстардың қазіргі гуманитарлық ғылымдарда іргелі зерттеу көздеріне айналған дискурс мәселесінің бағыт-бағдарын, әлемдік деңгейде қарастырылуындағы ерекшеліктері мен ұқсастықтарын айқындап отырған жөн. Халықаралық деңгейдегі лингвистикaлық ілімдердің дискурстық сипaты тақырыптың сан-алуандығынан көрініс береді, сондай-ақ, бір-бірімен сабақтас та, қайшы да пікірлердің кезігуі де байқалады. Мұның өзі қалыптасу үстіндегі жаңа ғылым үшін заңды құбылыс. Сондықтан да, дискурс теориясы қомақты мәні бар ілім деп танылады. Дискурсты жаңа деңгейдегі сапалы даму жағдайымен қамтамасыз етіп, ғылымдағы жаңалықтарды қолдауға, оны жүзеге асыруға, ерекше жағдай жасауға, өндіріске енгізуді көздеуге ынталы болып отырмыз. Дискурс зерттеуші М.Л. Макаровтың тұжырымына сай: Қоғам мүшелерінің әлемді тануы, ол туралы білімі абсолютті емес, ол - әлеуметтік конструкт. Тіл белгілі бір салада жұмыс істейтін адам үшін қызмет етеді. Сондықтан нысанаға алынған объектіні сипаттау үшін тілді білумен қатар, сол объекті (нысан) туралы айту үшін сипаттаудың әдіс-тәсілдерін білу қажет. Егер бұрынғы онтологияда талдау объектісін анықтап, айқындау үшін оның кеңістіктік-уақыттық шекарасын көрсету қажет болса, жаңа онтологияда бір нәрсені кім, кімге, қайда, қашан, қалай, не туралы, қандай мақсатпен айтқанын білу аса маңызды. Сондықтан да дискурс - мәтінді жасап, оны қабылдау үшін синхронды түрде жүзеге асырылатын үдеріс - деп, дискурстың әлеуметтік, прагматикалық мәніне назар аударады. Осыған орай зерттеуімізге нысан болып отырған ақын Қадыр Мырзалиевтің дискурсын зерделеу де осындай ойлардан шығып отыр. Қадыр - адам, ал адамның тілі ойлаумен байланысты, сондықтан ол - дискурстық тұлға. Ал шығармашылығын дискурстық кеңістік деп қарап, басты зерттеу нысаны ретінде қарастыратын боламыз. Осы орайда К.Қ.Садированың мына пікіріне тоқталсақ: Дискурстық тұлғалар өздері өмірде болмаса да (өмірден озса да) коммуникативтік кеңістікте олар виртуалды өмір сүре береді. Ол қазақтың Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді деген сөзінде сақталған. Демек, дискурстық тұлғаның адамның тәнінсіз де өмір сүруі мүмкін, ол оның түзген дискурсының маңыздылығы мен мәнділігіне, қажеттілігіне байланысты. (Дискурстық зерттеулердің жаңа сипаты Садирова Күлзат Қаниқызы, филология ғылымдарының докторы,)
Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алғаннан бері жан-жақты қарқынды дами бастауы, өз тарихының зерттелмей жатқан беттерін түсіндіруге, зерделеуге жол ашты. Қазақтың ардақтыларының бірі Қ. Мырзалиевтің тілдік мұрасы түрен түспеген тың өлкелердің бірі. Ардақты ағамыздың тілдік тұлғаға саналу сипатын дәлелдеу осы тектес зерттеулердің басты мақсаты.
Көркем шығарма әр ұлттың әлемді, қоршаған ортаны қалай танитындығынан мол мәліметтер бере алады. Көркем шығарма тіліне танымдық талдау жасау арқылы сол халықтың санасындағы әлемнің бейнесін, қоршаған ортаның болмыс-бітімін тануға болады. Тілдің болмысы мен табиғатын толыққанды тану үшін сол тілді жасайтын адаммен бірлікте қарау керек. Осы талап когнитивтік лингвистикада антропоцентристік бағытты дүниеге алып келді. Когнитивтік лингвистиканың бағыттарына, көркем шығарма тілін осы сала негізінде зерттеудің ерекшеліктеріне тоқталмас бұрын, когнитивтік лингвистика ғылымы қандай ғылым, оның зерттеу нысанына не жатады, қандай өзекті мәселелерді қарастырады, ұғымдары қандай деген мәселелерге шолу жасап өткенді жөн көрдік.
Танымдық ғылымның бастауы өте ертеден тамыр тартатындығы баршаға мәлім. Оның негізгі нысаны таным мен ақыл, ой мен сана адам баласы дүниеге келгеннен бастап өмір сүріп келеді. Ғылымдардың атасы саналатын философия тарихын зерттеген Аристотель, Платон, әл-Фараби еңбектерінде тілдің таным құралы бола алатындығы жөнінде пікірлер кездеседі. Мәселен, ғұлама ойшыл Платон Кратиль атты философиялық еңбегінде: белгілі бір затқа таңылған атаулардың көмегімен қоршаған ортаны тану танымдық құрылымның төменгі сатысын ғана құрайды, ал бұл жүйенің ең жоғарғы сатысы тілдік құрылымдар арқылы көрініс табады [1, 56 б.], Платон. Письма. - М., 1972. - Т. 3. - С. 343. - деп, тілдің таным құралы екендігіне ерекше көңіл бөлген. Тілдің танымдық ғылымнан алатын орнының ауқымды екендігіне бүгінде шетелдік, отандық ғалымдар, зерттеушілер баса назар аударып келеді.
Когнитивтік ғылымның негізгі ерекшеліктеріне, зерттеу нысанына, бағыттары мен ҧғымдарына алғаш рет кӛңіл бӛлген шетелдік ғалымдар болатын. Дж. Миллер когнитивтік ғылымды ХХ ғасырдың 50 жылдарында дҥниеге келген ақпараттар теориясының симпозиумы деп бағалаған. 1960 жылы Гарвард университетінде американдық профессор Дж. Бруннер Дж. Миллермен бірге когнитивтік зерттеу орталығын ашады. Аталған орталық когнитивтік лингвистика ғылымының негізін қалануға айтарлықтай ҥлес қосады.
ХХ ғасырдың ортасында когнитивтік лингвистика қазіргі антропоцентристік парадигмадағы базалық ілім деңгейінде қарастырылады. Осы бағытта біршама зерттеу жҧмыстары жҥргізіледі. Осының нәтижесінде Еуропада ХХ ғасырдың соңына қарай когнитивтік ғылымның теориялық бағыттары жетіліп, терең зерттеліп, қанатын кеңге жая тҥседі. Осы тҧста Дж. Лакофф, Р. Лангакер, Т. Ван Дейк, Дж. Хэйман, Х.И. Шмидт, М. Джонсон, М. Витгенштейн, Г.Н. Кент сияқты шетелдік ғалымдардың
когнитология саласына қатысты зерттеу еңбектері жарық кӛреді. Зерттеушілер танымдық ғылымдар аясында тілдің әлемнің тілдік бейнесін сипаттаудағы қызметіне айрықша назар аударады.
Когнитивтік лингвистика ғылымының ӛзектілігі ресейлік ғалымдардың да назарынан тыс қалған емес. Орыс тіл білімінде когнитивтік лингвистиканың ӛзекті мәселелері Ю.А. Сорокин [2] Е.С. Яковлева [3], Е.С. Кубрякова [4], В.Н. Телия [5], А. Вежбицкая [6], А.П. Бабушкин [7], С.А. Аскольдов [8], А.Н. Баранов, Д.О. Добровольский [9], Н.Д. Арутюнова [10], Н.Н. Болдырев [11], Э.Д. Папова, И.А. Стернин [12], Ю.Н. Караулов [13], В.А. Маслова [14] сияқты зерттеушілердің еңбектерінен кӛрініс табады. Аталған зерттеу еңбектерінде когнитология ғылымының нысаны, бағыт- бағдары, зерттелуі, негізгі ҧғымдары сӛз етіледі. Бҧл еңбектерден танымдық ғылымдар ішінде тілдің атқаратын функциясының жоғары екендігін аңғаруға болады. Сонымен қатар Ресейде Новое в зарубежной лингвистике журналының ХХІІІ томында тілдің когнитивтік аспектісі туралы мақала жарық кӛрсе, 1995 жылы Язык и интеллект атты когнитивтік лингвистикаға қатысты жинақ шығады. Орыс тіл біліміндегі когнитивтік ғылымның дамуына айтарлықтай ҥлес қосқан ресейлік ғалым Ю.С. Степанов болды. Оның 1997 жылы Константы словарь русской культуры атты еңбегінде орыс мәдениетіндегі правда, закон, любовь, слова, душа, грех, наука, интеллигенция, огонь, вода, хлеб, писменность, число, время, родная земля, дом, язык сияқты концептілер қамтылып, когнитологиялық негізде талдау жасалады. Адам іс-әрекеттерінің негізгі ерекшеліктерін тҥсінуде когнитивистер тілді кілт ретінде қолданады.
Когнитивтік лингвистика саласындағы негізгі бағыт тіл мен адам санасын біртҧтас жҥйе тҧрғысынан қарастыру болып табылады. Ол сан ғасырлық тілдік білімді адам миының жемісі ретінде бағалап, кҥрделі қҧрылым, жҥйе ретінде кешенді сипаттауға бағытталған.
Когнитивтік ғылым термині алғашқыда белгілі ақпаратты қабылдау, оны електен ӛткізу, ми қыртыстарында сақтай отырып, қажетті кезде оны тәжірибеде қолдану ҥшін енгізілген. Нәтижесінде адамның миында білімнің қалыптасып және толығу жҥйелерін зерттейтін ғылыми пәндер есебінде қолданылады. Танымдық ҥлгі жҥйесіндегі тілдің қызметі жӛнінде Г. Харман:
Тілдің танымдық ғылымдардың ішіндегі ең маңыздылығы - тілдің ойды жеткізудегі басты қҧралы болып табылуымен байланысты... Тіл танымға ӛзінің әсерін беруі де мҥмкін [15, 43 б.] - дейді. Ал В. Гумбольд Язык - главнейшая деятельность человеческого духа, пронизывающая все сферы человеческого бытия и познания - деген болатын. Бҧл жӛнінде Е.С. Кубрякованың: Мы знаем о структурах сознания только благодаря языку, который позволяет сообщить об этих структурах и описать их на любом естественном языке деген де пікірін келтіруге болады [16, с. 21]. Зерттеушілердің пікірінен адам санасында, миында қалыптасқан білім қыртыстарының кӛрінісі тек тілдің қызметі арқылы жҥзеге асатындығын
аңғаруға болады. Демек, таным негізінде қалыптасқан санадағы білім тек тілдік бірліктер нәтижесінде коммуникативтік қарым-қатынасқа тҥседі. Сондықтан да тілдің когнитивтік лингвистикада алар орны ӛте зор.
Қоршаған ортаның адам санасында бейнеленіп, тілде кӛрініс табуын А.А. Потебня, Н. Хомский, Н.Я. Марр, Г. Гадамерлер де қарастырған. Олардың концепциялары философия, психология, мәдениет пен тілді бірлікте қарауға арналған. Қазіргі кезде бҧл мәселенің аясы кеңіп, ғылымның философия, логика, психология, мәдениеттану, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz