Мерзімді еңбекақыны есептеу


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
:
:
:
:
: КІРІСПЕ
: 6
: 1
: ЕҢБЕКАҚЫНЫ ТӨЛЕУДЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ АЙЛЫҒЫН ЕСЕПТЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
: 8
: 1. 1
: Еңбекақының түрлері мен нысандары
: 8
: 1. 2
: Еңбекақы жүйелері және тариф жүйесі
: 13
: 1. 3
: Есеп саясатының концептуалды негіздері мен қалыптасуы
: 15
:
:
:
: 2
: ЕҢБЕКАҚЫ БОЙЫНША ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫҢ БАСҚАРУШЫЛЫҚ ЕСЕБІ
: 22
: 2. 1
: «РостМеталлГрупп» ЖШС-сінің өндірістік процесіне қысқаша сипаттама және негізгі экономикалық көрсеткіштерін бағалау
: 22
: 2. 2
: Еңбекақының басқарушылық талдамалық және топтамалық есебі
: 32
: 2. 3
: Еңбекақыдан ұсталатын және шегерілетін сомалар есебі мен құжатталуы
: 41
:
:
:
: 3
: ЕҢБЕК ПЕН ОНЫҢ ТӨЛЕМАҚЫСЫН ТАЛДАУ
: 50
: 3. 1
: Еңбек пен оның төлемақысын талдау
: 50
: 3. 2
: Еңбек өнімділігін және еңбекақы төлеу қорын пайдалануды талдау
: 52
:
:
:
:
: ҚОРЫТЫНДЫ
: 55
:
: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
: 57
:
:
:
КІРІСПЕ

Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен ролі арта түсуде. Осыған орай бухгалтерлік есептің мазмұны мен құрылымына өзгерістер енгізілді. Еліміздегі жүргізіліп отырған бухгалтерлік есеп жұмысы толығымен халықаралық қаржылық есеп беру талаптарына сай орындалады. Міне осыларды ескере отырып бұрын есепші деп саналып келген бухгалтер маманы ұйымның қаржылық жағдайын анықтап, бағалап, есептеп отыру мен қатар ұйымның алдағы уақыттағы экономикалық әл-ауқатын дамыту жолдарын жоспарлай білу қажет. Сондықтан кез-келген елде бухгалтер мамандарын барынша білімді етіп даярлау сол елдегі ұйымдардың экономикалық жағынан тұрақты дамуына кепілдік береді.

Еңбек және еңбекақы есебі - жұмысшылар санының өзгеруі, жұмыс уақытының шығындары, жұмысшылар категориясы, өндірістік шығын сияқты мағлұматтар түгел қамтылатын дәл әрі оперативтік деректерді талап ететін аса маңызды да күрделі жұмыстардың бірі болып табылады.

Еңбек және еңбекақы деректері өндірістік процесті оперативті басқару үшін қажет. «Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің» 5-бабына сәйкес жұмыс беруші мен жұмысшылар арасындағы еңбек қатынасы нормативті құқықтық актілермен, еңбек заңына сәйкес бекітілген ұжымдық келісімшартпен реттеледі. [1]

Ұйым дербес болғанымен заңға сәйкес штат кестесі, формалары және еңбекақы, сыйақы жүйесі белгіленеді.

Әрбір қызметкердің еңбекақылық табысы ұйым қызметінің түпкілікті қорытындысына байланысты оның еңбекке қосқан үлесі бойынша анықталады. Ол салықпен реттеледі және ең жоғары көлеміне шектеу қойылмайды.

Өнім өндіруде, еңбек құралын сатуда, бюджетке төлемдер мен сақтандыру органдары мен басқа да төлемдер мен салықтандыру органдары мен басқа да төлемдерді анықтағанда, уақытылы және дұрыс жүргізілген бухгалтерлік есептің маңызы орасан зор.

Мекемелер арасында болатын, жан-жақты есептесулер ақшаның көмегімен іске асырылады.

Оның көмегімен таза кіріс алу мақсатында жұмсалған өндірістік босалқылар алынады. Соның арқасында, айналым қаржылары тоқталмай, өндірістің қызмет нәтижесінде аяқталатын процеске ықпалы зор.

Еңбек - адамдардың өмірі үшін қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтар жасауға бағытталған адам қызметі. Еңбек бұрынғыдай қазіргі шаруашылық жағдайда да өндіріс процесінің негізгі элементі болып табылады. Еңбексіз материалдық игіліктерді өндіру мүмкін емес. Бірақ материалдық игіліктер өндірісі үшін бір ғана еңбек аз, оны өндіру үшін халықта көліктер, станоктар, шикізат және материалдар, яғни өндіріс құралдары болуы керек. Еңбек пен өндіріс құралдары біріккенде ғана өндірістік процесс немесе материалдық игілік өндірісі туындайды. Осыдан келіп, еңбек - өндіріс процесінің маңызды элементі болып табылады. Еңбеккерлердің материалдық және моральдық қажеттіліктерін қанағаттандырудың негізгі көзі де еңбек. Еңбекақы - еңбек үшін оның күрделілігіне, саны мен сапасына сәйкес төленетін ұлттық табыстың бір бөлігі.

Еңбек және оның төлемінің есебі еңбек өнімділігінің өсуіне, өнімнің өзіндік құнының төмендеуіне, оның сапасының көтерілуіне және еңбек тәртібін орнатуға сай болуы тиіс.

Қазіргі халықаралық стандартқа көшу қарсаңында бухгалтерлік есеп және аудит жұмысына қойылатын талап өте күрделі. Ол шетел тәжірибесін тиімді қолдану, бухгалтерлік ақпаратты жедел өңдеу, бір жүйеге келтіру.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі мынада: еңбекақы саласындағы тұрақсыз жағдайға байланысты қазіргі экономика осы салада міндетті өзгерістерді талап етеді. Экономикадағы тұрақсыз жағдайдың әсерінен кәсіпорындар еңбекке ақы төлеудің қажетті нысандары мен жүйелерін табуға және пайдалануға тура келеді, олардың көмегімен ұйым басшысы еңбек қызметімен айналысатын қызметкерлердің мүдделерін ғана қанағаттандыра алмайды. Сонымен қатар, қазіргі уақытта ұйымдағы еңбек ақы өнімділігін арттыру да өте маңызды мәселе болып отыр.

Зерттеу пәні еңбекақының басқарушылық есебін және талдауын ұйымдастыру болып табылады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты еңбекақыны ұйымдастырудың басқарушылық есебін зерттеу, мекеменің төлем қабілеттілігін және қаржылық тұрақтылығын талдаудың арқасында қаржылық жағдайына баға беру.

«РостМеталлГруп» ЖШС-нің негізінде дипломдық жұмысымның алдына қойылған негізгі міндеттері:

  1. Ұйымдардағы еңбекақының басқарушылық есебінің ұйымдастырылуы және қолданылуы - бұл бөлімде еңбекақы төлеудің түрлерін, формаларын және жүйелерін;

2) еңбекақы бойынша есеп айырысу бөлімінде ұйымның жалпы сипаттамасын, қызметкермен есеп айырысудың синтетикалық және аналитикалық есебін, жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамы және жұмыс уақытын пайдалану есебін, құжаттық рәсімдеу және негізгі, қосымша еңбекақы есептерін, жеке табыс салығы, әлеуметтік салық және басқа да салықтар есебін;

3) Үшінші бөлімде еңбекақы есебінің талдауы, оның ішінде:

  • еңбек өнімділігін және еңбекақы төлеу қорын пайдалануды талдау;

- еңбек пен оның төлемақысын талдауды қарастырдым.

Зе‎ртте‎у о‎бъе‎кті‎сі‎ ре‎ті‎нде‎ «РостМеталлГрупп» Жа‎уа‎пке‎рші‎лі‎гі‎ Ше‎кте‎улі‎ Се‎рі‎кте‎сті‎гі‎ а‎лы‎нды‎.

Зерттеу нәтижесінде кәсіпорындағы қызметкерлерді ынталандырудың тиімді жүйесін әзірлеу бойынша ұсыныстар ұсынылды.

Жұмыстың көлемі мен құрылымы . Бұл дипломдық жұмыстың көлемі мен құрылымы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ЕҢБЕКАҚЫНЫ ТӨЛЕУДЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ АЙЛЫҒЫН ЕСЕПТЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

  1. Еңбекақының түрлері мен нысандары

Жұмысшының еңбекақысы - орындалған жұмыстың сапасы мен санына, ауырлығына (күрделілігіне) байланысты анықталады.

Жалпы жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелетін енбекақы негізгі және қосымша деп аталатын екі түрге бөлінеді. [2]

Негізгі еңбек ақы - жұмысшылар мен қызметкерлердің нақтылы жұмыста болған уақытына, яғни олардың істеген жұмысына, атқарған қызметіне төленеді. Негізгі еңбекақыға мына тәмендегі аталғандар жатады:

1. Мерзімді және кесімді еңбекақы.

2. Сыйлықтар мен сыйақылар.

3. Үстеме сыйлықтар.

Қосымша еңбекақыға - еңбек заңына сәйкес шарттарда қаралып белгіленген, жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істемеген, қызмет атқармаған уақытына төленетін төлемдер жатады. Бұндай төлемдер қатарына;

  1. Жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек демалысы үшін төленетін төлемдер.
  2. Жұмысшылар мен қызметкерлердің мемлекеттік, қоғамдық жұмыстарды атқарғаны үшін төленетін төлемдер.
  3. Жас сәбилі аналарға берілетін демалысқа, баланы тамақтандыру үшін берілетін үзілістерге төленетін төлемдер.
  4. Жас өспірімдердің қысқартылған жұмыс уақытына төленетін төлемдер.
  5. Жұмысшылар мен қызметкерлердің кінәсінсіз жұмыстың тоқтап қалған уақытына төленетін төлемдер.
  6. Тегін көрсетілген немесе тегін берілетін қызметтермен заттың құны.
  7. Жоғары немесе арнаулы оқу орындарында және басқа да мамандығын көтеру курсына жіберілген уақытына байланысты жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін төлемдері.
  8. Әскери жиындарға қатысқаны үшін сондай-ақ демалыс немесе мейрам күндері кезекшілік атқаратын адамдарға төленетін төлемдер және тағы дабасқалар жатады.

Өндіріс пен құрылыста халық шаруашылығының басқа да салаларында еңбекақы есептеудің және оны төлеудің мерзімді және кесімді деп аталатын екі нысаны (формасы) қолданылады.

Мерзімді еқбекақы жұмысшылар мен қызметкердің жұмыс істеген уақытына, сағаттык немесе күндік еңбекақы мөлшері бойынша өнім өндіргені немесе өндірмегеніне қарамастан, яғни оның жұмыста болған уақытына төленеді. Мерзімдік еңбекақы өндірген өнімі мен істегсн жұмысын мөлшерлеуге болмайтын, яғни атқарған жұмысының көлемі мен санын анықтау мүмкін емес болып есептелетін инженерлік-техникалық жұмыстағы жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеуге негізделген.

Мысалы: автоматтандырылған өндірісте машина жөндейтін жұмысшылар мен кызметкерлерге ұйымның басшыларына қаржы және есеп бөлімінің қызметкерлеріне, тағы басқаларға. Мерзімдік еңбекақының төмендегідей түрлері бар:

1. Жай мерзімді;

2. Мерзімді сыйлықты.

Жай мерзімді жүйесі бойынша - жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы жұмыс істеген уақытына тарифте немесе штатта көрсетілген мөлшері бойынша төленеді.

Мерзімді сыйлықты - жұмысшылар мен қызметкерелерге олардың тарифте немесе штатта көрсетілген тұрақты еңбекақысына қосымшалардың өндірген өнімдерінің көлеміне, санына, сапасына және тағы да басқа көрсеткіштердің өсуіне қарай сыйлық беру болып табылады.

Кесімді еңбекақы - жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек өнімділігін өсіруге, өнімді өндіруге кеткен еңбек уақытын қысқартуға ынталандыру мақсатына қолданылады. Еңбекақы есептеудің және төлеудің кесімді түрін қолданғанда жұмысшылар мен қызметкерлерге тиісті еңбекақы, олардың өндірген өнімінің көлемін немесе санын тариф бойынша белгіленген өлшем бірлігіне қарастырылған яғни белгіленген кесімді бағаға көбейту арқылы табылады. Кесімді баға белгіленген жұмыс уақытында өндірілуге тиісті өнім көлемі мен сапасына негізделіп белгіленеді. Уақыт мөлшері бір жұмысты орындауға керекті, яғни қажет болатын, адам/сағат, адам/күн өлшемінде көрсетілген уақыт болып саналады. Өнім өндіру мөлшері жұмысшылар мен қызметкерлердің белгілі бір уақыт аралығында жасап шығаратын, өндіретін өнімінің санымен немесе көлемімен анықталады.

Кесімді еңбекақының мынадай жүйелері бар:

  • тікелей кесімді;
  • кесімді сыйлықты;
  • үдемелі кесімді;
  • аккордтық;
  • жанама кесімді. [3]

Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақыны есептеудің тікелей кесімді жүйесі бойынша бір жұмысшының немесе бір бригаданың өндірген өнімінің, істеген жұмысының бәрі тек қана белгіленген еңбек бағасымен есептеледі. Бұл жүйе бойынша еңбекақы мөлшері - бұл құжатта көрсетілген, өндірілген өнімнің санын сол өнімнің бір данасына қарастырылған яғни белгіленген еңбек бағасына көбейту арқылы табады.

Мекемелерде жұмысшылар мен қызметкерлерге кесімді сыйақылар өндірісте өнім өндіруді санымен сапалық жағынан артығымен орындағаны, өнім өндіру барысында шикізаттар мен материалдарды, отындар мен энергияны үнемді де ұтымды пайдаланғаны үшін оларга төлеуге тиісті еңбекақысына қосымша сыйақы ретінде төленеді. Ұйымдарда немесе оның бөлімшелерінде жұмысшылар мен қызметкерлерге сыйақы төлеу жайлы ереже болуы қажет.

Мекемелерде жұмысшылар мен қызметкерлерге кесімді еңбекақыны есептеудің үдемелі кесімді жүйесі бойынша төлем - өнім өндіруге белгілі бір мөлшерден артық көлемде өндірген өнімдері үшін қосымша сыйақы ретінде төленеді. Бұл жүйе көп жағдайда қиын да күрделі, ауыр болып саналатын операциялар мен жұмыстарды орындағандары үшін және еңбек өнімділігін белгілі бір дәрежеден артық орындау қиынға түсетін өндіріс орындарында қолданылады. Жалпы бұл жүйе кез келген ұйымдарда қолданыла бермейді. Кесімді еңбекақының аккордтық жүйесі - ұйымдарда жұмысшылар мен кызметкерлерге еңбекақы төлеуде қолданылады. Кесімді еңбекақының бұл жүйесі жоғары сапалы өндірген өнімнің және орындаған жұмыстың санына, көлеміне қарай алдын ала кесімді баға қоюды қажет етеді. Сондай-ақ бұл жүйе бойынша еңбекақы төлеу үшін алдын ала атқарылатын жұмыстың көлемі мен сапасы анықталуы тиіс. Кесімді еңбекақының аккордтық жүйесі бойынша жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы есептеу көбіне құрылыс салушы ұйымдарда, жөндеу жұмысымен айналысатын ұйымдарда және жүктерді тиеп түсірумен айналысатын өнеркәсіп орындарында қолданылады. Бұл жүйе бойынша еңбекақы есептеу шаруашылықта жұмысшылар мен қызметкерлер санын қысқартып еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіншілік береді.

Халық шаруашылығының әр түрлі салаларыңдағы кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлерге кесімді еңбекақы есептеудің тағы бір жүйесі жанама кесімді жүйе болып табылады. Бұл жүйе бойынша қосымша енбекақы шаруашылықтың негізгі жұмысшылары мен қызметкерлеріне емес, оларға қызмет ететін көмекші өндірістің жұмысшыларына төленеді. Яғни бұл жүйе бойынша еңбекақы ұйымдағы станоктардың, жабдықтардың, тағы да басқа құралдардың тоқтамай жұмыс істеп, белгіленген мөлшерден артық өнім өндіргені үшін слесарьларға, операторларға және жөндейтін және оларды жұмысқа дайындайтын басқа да жұмысшыларға төленеді.

Мерзімді еңбекақыны есептеу

Мерзімдік еңбекақыға жұмысшылар мен қызметкерлердің түнгі уақытта істеген жұмысына есептелетін қосымша төлем, мерзімнен тыс уақытта істеген жұмысына есептелетін қосымша төлем, демалыс немесе қосымша мейрам күніне төленетін төлемдер, жұмыстың ауырлығы мен зияндығына төленетін косымша төлем, өнім өндірудегі ақауға байланысты төлемдер, біреудің орнына жұмысты атқарғаны үшін төленетін төлем, тағы басқа төлемдер және өзіне белгіленген жұмыс уақытында істегеніне есептелетін төлемдер жатады. Халық шаруашылығының әр түрлі салаларындағы ұйымдарда қызметкерлерге төленетін мерзімдік еңбекақы толтырылған табельдердің негізінде ай бойғы қызмет атқарған (белгілі бір есеп айырмасын) уақытқа есептеледі.

Негізінде мерзімдік еңбекақы бойынша есеп айырысатын уақыт есебіне күнтізбелік (календарлық) ай, күн немесе сағат алынады. Егер тұрақты еңбекақы алатын жұмысшылар мен қызметкерлер толық бір ай қызмет атқаратын немесе жұмыс істеген болса, онда оларға штаттық кестеде қаралған немесе мекеменің басшылығы бекіткен мөлшерде еңбекақы сомасы толығымен төленеді. Егер ай сайын тұрақты мөлшерде еңбекақы алатын жұмысшылар мен қызметкерлер есепті айда бірнеше күн жұмысқа немесе қызметке келе алмай қалған болса, онда оларға төленуге тиісті еңбекақы сомасы ол жұмысшы мен қызметкердің толық ай жұмыс істеуіне тиісті белгіленген соманы сол айдағы жұмыс күндерінің санына бөліп алынған нәтижені, яғни сол айдағы бір күнге тиісті еңбекақы сомасын сол айдағы жұмысшының немесе қызметкердің жұмыс істеген күндерінің санына көбейту арқылы табылады.

Мысалы: «РостМеталлГруп» ЖШС-нің негізінде сәуір айында 22 жұмыс күні бар, айына 110 000 теңге тұрақты еңбекақы алатын жұмысшы, сол айдағы 15 күн жұмыс істеп, 4 күн ауырып қалған және 3 күн қоғамдық жұмыс атқарған делік. Жұмысшылар мен қызметкерлердің ауырып қалған күніне, жәрдемақы бюджеттен (әлеуметтік қордан) төленеді. Ал қалған 18 күні үшін (15 күн жұмыс істегені +3 күн қоғамдық жұмыс атқарғаны) еңбекақы ұйымның есебінен төленеді.

Бұл соманы анықтау үшін бір айға белгіленген тұрақты еңбекақы мөлшерін, яғни 11000 теңгені осы айдағы жұмыс күнінің санына яғни 22 күнге бөлеміз (11/22) . Содан кейін алынған нәтижені (5000 тенге) жұмыс істеген және қоғамдық жұмыс атқарған күндері сандарының қосындысына көбейтеміз. Бұл жағдайда жоғарыдағы мысалымызда көрсетілген жұмысшының сәуір айында тиісті мерзімді еңбекақы сомасы 9 теңге болады. (5000х(15+3) ) =9 теңге.

Ұйымдарда жұмысшылар мен қызметкерлерге мерзімдік еңбекақы жұмыс істеген күні мен сағатына байланысты төленетін жағдайларда, олардың бір күнге немесе бір сағатқа белгіленген сомасын нақтылы жұмыс істеген күндері мен қоғамдық жұмыстағы басқадай қосымша еңбекақы төленуге тиісті күндердің немесе сағаттардың жұмысына көбейту арқылы табылады.

Кесімді еңбекақыны есептеу

Ұйымдарда кесімді еңбекақы төлеу жүйесі бойынша жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін еңбекақы олардың өндірген өнімдері мен істеген жұмысының, атқарған қызметінің саны мен көлемі жайлы жазылған алғашқы құжаттар бойынша есептеледі. Ол үшін алғашқы құжаттарда көрсетілген өндіріп шығарған өнімдер мен істелген жұмыстардың және дайындалған детальдардың, сондай-ақ тағы да басқа операциялардың жалпы саны мен көлемі, олардың бір данасын жасап шығаруға, өндіруте белгілеген бағаға көбейтеді.

Ұйымдарда тапсырманы жеке адам орындаған, яғни операция немесе өнім өндіру басынан аяғына дейін бір жұмысшының немесе қызметкердің қолынан өтетін жағдайда мұндай әдісті қолдану ыңғайлы болып табылады. Кесімді еңбекақы жұмысшылар мен қызметкерлердің бригада бойынша істеген жұмысына төленетін жағдайда жоғарыда аталған алғашқы құжаттарға әр жұмысшы мен қызметкердің жұмыс істеген уақыты, мамандық дәрежесі, бригада болып өндірген өнімі мен істеген жұмысының көлемі мен саны және олардың бір данасын жасауға, өндіруге белгіленген бағасы көрсетіліп жазылады.

Жалпы бригада бойынша өндірілген өнімдер мен істелген жұмыстардың саны мен көлемін, олардың бір данасын өндіріп шығаруға (жасап шығаруға, орындауға) белгіленген бағаға көбейту арқылы сол бригада мүшелерінің еңбекақысы есептеліп шығарылады. Бригаданың жаллы табысы ондағы жүмысшылар мен қызметкерлердің арасында олардың мамандық дәрежесіне және жұмыс істеген уақытына сәйкес бөлінеді. Ол үшін алдымен барлық бригада мүшелерінің жұмысқа қатысқан уақыты (ай, күн, сағат) табылады. Содан соң жұмысшылар мен қызметкерлердің мамандық дәрежесіне сәйкес тариф бойынша бір сағатқа белгіленген еңбекақы мөлшері олардың жұмыс істеген сағаттарының санына көбейтіледі. Осының нәтижесінде бригада мүшелерінің әрқайсысының тариф бойынша есептелетін еңбекақысының жалпы сомасы табылады. Алғашқы құжаттар бойынша есептелген бригада мүшелеріне тиісті еңбекақы сомасының жоғарыда көрсетілген тариф бойынша есептелген еңбекақының жалпы сомаларының қосындысына қатынасы қосымша табыс коэффициенті болып табылады. Осыдан кейін тариф бойынша жұмысшылар мен қызметкерлердің әрқайсысына есептелген еңбекақы сомасы осы коэффициентке көбейтіліп, әр жұмысшының немесе қызметкердің орындаған жұмысы мен өндірген өнімінің саны мен оның мамандық дәрежесіне байланысты еңбекақысы табылады.

Егер мекемелерде өнім өндірудің тапсырмасын артығымен орындағаны, жұмыс істеу барысында ақау жібермегені, күрделі де қиын жұмысты атқарғаны, тағы басқалар үшін сыйақы берілетін болса, онда ол сома бригаданың жұмысшылары мен қызметкерлерінің арасында олардың кесімді еңбекақы сомасына үйлесімді (пропорционалды) түрде бөлінеді. Кейбір жұмысшылар мен қызметкерлер бір айдың ішінде бірнеше бригаданың құрамында жұмыс атқаруы мүмкін.

Мұндай жағдайда әрбір жұмысшы өзінің істеген жұмысы туралы мәлімет жазады. Осы деректі мәлімет негізінде сол жұмысшының немесе қызметкердің есепті айдағы еңбекақысы есептеліп шығарылады. Жоғарыда жалпы көрсетілген бригаданың табысын жұмысшылар мен қызметкерлердің арасында олардың жұмыс істеген уақыты мен олардың мамандық дәрежесіне қарай бөлу әдісі, бригада мүшесінің барлығын бірдей адал ниетпен жұмыс істеуге ынталандырмайды.

Соған байланысты соңғы кезде еңбекақы сомасын бригада мүшелерінің арасында олардың еңбекке қатысу коэффициентіне қарай бөлу әдісі кеңінен қолданылуда. Ол үшін бригададағы жұмысшылар мен қызметкерлердің әр-бір мүшелеріне ай сайын олардың еңбекке қатысу коэффищіентін анықтайды.

Жұмысты жақсы істеген, еңбек өнімділігін арттырған жұмысшылар мен қызметкерлерге жоғарылату коэффициенті беріледі де, ал еңбек тәртібі мен техникалық қауіпсіздік ережесін бұзғаны үшін және құрал-саймандарға немқұрайлы қарағаны, тағы басқа кемшіліктері үшін төмендету коэффициенті беріледі. Жұмыстағы жетістіктері мен жіберілген кемшіліктерінің әрқайсысына байланысты ұйымдарда әр түрлі төмендету және жоғарылату коэффициенті қарастырылады.

Мекемелердегі жұмысшылар мен қызметкерлерге негізгі деп аталатын кесімді және мерзімді еңбекақыдан басқа әр түрлі қосымша еңбекақы болып табылатын бір жолғы сыйақылар және жәрдемақылар төленуі мүмкін.

  1. Еңбекақы жүйелері және тариф жүйесі

Өндірістік - шаруашылық қызмет барысында шаруашылық субъектінің еңбек ұжымы мен жұмысшыларға еңбек келісім шартына негізделген қарым - қатынастар пайда болады. Оларға сондай - ақ уақытша еңбек шарты, азаматтық - құқықтық келісім шарт және істелетін жұмыспен қызметке байланысты келісімдер жатады.

Жалақы - өте маңызды экономикалық рычаг, оның көмегімен еңбек пен тұтыну өлшенеді. Шаруашылық жүргізуші субъектінің түріне қарамастан әр жұмысшының табысы оның субъектінің жұмысын аяқтауға қосқан жеке үлесімен анықталады және салықпен реттеледі.

Жалақы тұтынушылардың табысының басым бөлігін құрайтындықтан тұтыну тауарларына сұранысқа және оларға бағаның өсуіне қатты ықпал етеді. Номиналды, яғни қолма - қол және нағыз жалақы деп бөлінеді.

Номиналды жалақы - жалдамалы еңбек жұмысшысының өзінің күндік, апталық, айлық еңбегі үшін алатын ақшасының сомасы. Номиналды жалақының көлеміне қарай жалақы деңгейін білуге болады, тек адамның тұтынушылық деңгейімен бақуаттылығын біле алмаймыз.

Нағыз жалақы - алған ақшаға сатып алатын өмірлік қажеттіліктер мен қызметтер. Ол номиналды жалақымен тікелей байланысты және заттардың бағасы мен ақшалай қызметтер құнына тәуелді.

Жалақы өнімнің өзіндік құнын шығаратын бір элемент, сондықтан оны есептеуді дұрыс ұйымдастыру еңбек өнімділігінің артуына, өнімнің өзіндік құнының түсуіне алып келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қызметкерлердің қысқа мерзімді еңбекақысының есебі
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп
Тарифтік еңбекақы анықтамалары
Еңбекақыны есептеу және еңбекақы төлеу есебі
Еңбекақының экономикалық мәні
Нарық экономикасы кезеңіндегі еңбек және еңбекақы есебінің маңызы
«Кит со» ЖШС еңбекақы есептеу және еңбекақының «1С бухгелтерия» жүйесінде жүргізілуі
Еңбек есебі
Нарықтық экономикаға көшу барысында бухгалтерлiк есеп және аудит қызметiнiң алатын орны және қажеттiлiгi
Еңбекақы төлеу жайында
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz