Салауатты өмір салтын қалыптастыруда мейірбикенің ролі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Диана Жоғары Медициналық Колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
ТАҚЫРЫБЫ: Салауатты өмір салтын қалыптастыруда мейірбикенің ролі

Студент: Л.Шалимбаева
Ғылыми жетекші: Искандарова Р.А

Жаркент қаласы 2023 жыл

М А З М Ұ Н Ы

Нормативті сілтемелер

Кіріспе
1
Салауатты өмір салтын қалыптастыруда мәселенің қәзіргі жағдай (әдеби шолу )
2
Зерттеу мақсаты
2.1
Зерттеу міндеттері
2.2
Зерттеу обьектісі
2.3
Зерттеу әдістері
3
Сауалнамалық зерттеудің негізгі нәтижелері
4
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2021 жыл 12 қазан Дені сау ұлт ұлттық жобасы
5
Қорытынды
6
Қолданылған әдебиеттер

Нормативті сілтемелер
oo Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 154-бабының 2- тармағына сәйкес,сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29.11.№1113 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған Саламатты-Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы.
oo Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының Ұлттық орталығы
oo Бастапқы медициналық - санитарлық көмек ұйымдары медицина қызметкерлерінің саламатты өмір салтын насихаттау,негізгі әлеуметтік мәні бар ауралардың қауіп факторларының профилактикасы жөніндегі іс қимыл алгаритмдері.
oo Халық денсаулығы және денсаулықты сақтау жүйесі туралы Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі №360-IV Кодексі

Кіріспе
Денсаулық сақтау жүйесінде профилактикалық медицинаны күшейту мен салауатты өмір салтын үшін күрес денсаулықты сақтау,денсаулықты нығайту,дамытудың үш бағыты бойынша денсаулық сақтау мәселесін қайта құру мәселесін көздеп отыр. Саламатты-Қазақстан мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруына сәйкес денсаулық сақтау саласының бастапқы тізбегінде Отбасы денсаулығы орталықтары медицина қызметкерлерінің қауіп-қатер факторларын анықтау мен алдын алу жұмыстарын оңтайландыруға арналған профилактика мен әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшелері ұйымдастырылған.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру мейірбикесі халыққа профилактикалық көмек көрсетудің барлық,яғни бастапқы және қайталама профилактика кезеңдерін жүргізеді.
БМСК деңгейінде медицина қызметкерлердің салауатты өмір салтын қалыптастыру технологияларына мыналар жатады.
1.Мінез-құлықтық қауіп факторларын,қауіптілік топтарын қалыптастыру мақсатында өмір салтын бағалау технологиясы:
1) сұрастыру тексеру;
2) көшпелі патронаж
3) қауіптілік топтарын анықтау
2. Халықты жалпылама,топтық және жеке деңгейлерде хабардар ету технологиясы
Жалпылама деңгейде:
Халықты кең ауқымды акцияларға (айлықтарға,аурулардың алдын алу және қауіп-қатер факторлармен күрес жөнінде өткізілетін Халықаралық күндерге) қатыстыру,ұйымдастыру.
Бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс, өткізілген іс шараларды жариялау.
Ақпараттық - білім беру материалдарын тарату
Жеке және топтық деңгейде :
Пациенттер мен әңгіме
Дәріс оқу,сауалнама алу
Ақпараттық - оқыту материалдарын тарату
Интернет байланыс қысқа хабарламаларды жеткізу қызметін пайдалану
Жеке деңгейде:
1.Профилактикалық кеңес беру
2. Пациенттер мен қауіп - қатер факторы бар тұлғалар үшін денсаулық мектептерін ұйымдастыру жүргізу.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру бөлмесінің мейірбикесі пациенттер мен жұмыс істеу барысында,салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістерін қолдану арқылы жұмыс жасайды.
Сұрастыру - пациенттермен жұмыстың дербес тәсілдерін анықтау мақсатында әдеттерді,мінез-құлық модельдерін,мінез құлықтыайқындайтын диагностика әдісі .Әңгімелесу ұзақтығы-3 мин.
Көшпелі патронаж-пациенттің өмір салтын және оның өмір сүру ортасын бағалау мақсатында нақты ақпараттар жинау.
Дәріс-медициналық профилактикалық тексеру,ұйымдасқан ұжымда қолданылады. Дәріс өткізу барысында ақпараттың тек 5% меңгерілетінін ескерген жөн.Дәріс оқыған кезде басқа әдістерді (әңгіме көрнекі қүралдарды,бейне материалдарын пікірталасты ) пайдаланған қажет. Дәріс ұзақтығы - 20 мин.
Профилактикалық кеңес ( жеке және топтық) медициналық қызметкер пациенттердің сауығуы бойынша нақты ұсыныстарды қабылдай отырып кеңес беру. Кеңес беру ұзақтығы - 10 мин.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру мейірбикесі ақпараттық-оқыту материалдарын халыққа, оқушыларға,студенттерге,медицина қызметкерлерге тарату жұмыстарын жүзеге асырады.Бұл құралдарға салауатты өмір салты мен аурулардың профилактикасы туралы (буклеттер, парақшалар,плакаттар, жадынамалар стендттер ) т.б жатады.
Салауатты өмір салтының мейірбикесі әр түрлі аурулардың алдын алу бойынша тұрғындар,студенттер, оқушылар, арасында семинар-тренингттер дәрігерлер мен психолог мамандармен бірлесе жүргізеді. семинар-тренинг - білімді, танымды,игерудің дағдыларын қалыптастырудың бір түрі. Топтық деңгейде түрлі әдістерін пайдалана отырып өткізуге болады. Тренинг ұзақтылығы- 20 мин.
Қауіп-қатер тобындағы пациенттерге денсаулық мектептері ұсынылады.

1. Салауатты өмір салтын қалыптастыруда мәселенің қәзіргі жағдайы (әдеби шолу)
Қәзіргі таңда жастарды салауатты өмір салтын ынталандыру мен денсаулығын қалыптастыру маңызды мәселе болып отыр. Дені сау ұрпақ, қоғамның қуаты, халықтың болашағы жастардың денсаулығына байланысты. Қазақстанның -2050 стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Жолдауында : Денсаулық, денешынықтыру,салауатты өмір салты бойынша нақты тапсырмалар беріліп жастар жарқын болашақтың негізі екенін атап өтуге болады. Өз Тәуелсіздігін алған егеменді елімізде жан-жақты дамығанденсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан тұлғаларды тәрбиелеу басты талап. Адамның салауатты өмір салты әр адамның өзінің санасына байланысты. Жастар санасына және салауатты өмір салтын қалыптасуына мынандай ішкі факторлар қатысады: денінің саулығы, жұмысқа деген қабілеттілігі,мотивациялар мен эмоциялар.
Салауатты өмір салтын насихаттауда,салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру мәселелерін жетілдіретін,осы саладағы басымдылықтарды анықтайтын ғылым,өскелең ұрпақты оқыту,тәрбиелеу формалары мен жаңа әдістерін ұстанатын білімді қажет етеді.
Салауатты өмір салтына :
oo Айқын жасалған күн тәртібінің болуы ;
oo Дұрыс тамақтану;
oo Дұрыс тынығу;
oo Дене еңбегімен шұғылдану;
oo Таза ауада болып,күн көзінде серуендеу;
oo Зиянды әдеттерден аулақ болу;
oo Үнемі қозғалыста болу;
oo Күйзеліске төзімділікті қалыптастыру
Салауатты өмір салтын қалыптастырудың мазмұны мен ұйымдастыру формаларына мынаны көздейді:
oo Жауапкершілік,өз денсаулығын жауапкершлікпен қарау
oo Ғылыми дәлелденген деректерге ғана сену;
oo Адам организіміне қоршаған ортаның факторларының әсерін білу
oo Әлеуметендіру,үздіксіз оқыту өмір салтын қалыптастыру

Еліміздің болашағы әрбір адам денсаулығына байланысты.Сондықтан білім беру мекемелерінде денсаулықты сақтау мен қалыптастырудың басты мақсаты: тұлғаның психологиялық ,дене қимыл әрекеттерінің мүмкіндіктері мен жас ерекшеліктерін ескеріп,гигеналық ұғымдарды,салауатты өмір салтының негіздерін жеке бас тазалығын түсіндіру.
Созылмалы жұқпалы емес аурулар дамыған елдер тұрғындарының мезгілсіз өлімі мен мүгедектігінің жоғары себебі болып табылатын қәзіргі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ДДСҰ сарапшыларының дерегі бойынша халық денсаулығының 49-53%-ы өмір сүру салтына,яғни адамның өз денсаулығына қалай қарайтынына тәуелді,17-20 %-ы қоршаған ортаға, 18-22%-ы тұқым қуалау себептеріне, біздің денсаулығымыздың тек 8-10%-ы ғана денсаулық сақтау ұйымына тәуелді.
Денсаулық қатерінің негізгі факторлары- қозғалыс күшінің кему салдарынан қимылдың аздығынан (гиподинамия), дене салмағының артуы, жүйесіз тамақтану, қоршаған ортаның уытты заттармен ластануы,өндірісте және тұрмыста күйзеліс тудыратын жағдайлар, зиянды әдеттер ( шылым шегу, спирттік сусындарды пайдалану,нашақорлық,қорқор тарту).
Статистика бойынша; 2021 жылы созылмалы инфекциялық емес аурулар 10 миллион адамның өліміне әкелді,қант диабеті,созылмалы жүрек қантамырлар ауруларының оның ішінде; қан қысымының жоғары болуы-50%, дене белсенділігінің төмен болуы, 30% -ы семіздікке әкелді.
Салауатты өмір салты мен денсаулықтың арасындағы өзара байланыс орасан зор мағына береді. Салауатты өмір салты - адам үшін аса маңызды денсаулықты нығайтуға, сақтауға арналған адамзаттың тікелей іс әрекеті.
Жастардың салауаттылық бойынша білім беру мекемелерінде, әр түрлі іс шаралар : (Туберкулез ауруының алдын алу, Нашақорлықтың, алкоголь, темекінің, ЖИСТ ауруларының алдын алу,) жүргізу арқылы насихатталады.
2021 жыл жастар арасында 14-16 жас аралығында спортпен шұғылдану
15% қамтылса, студенттер мен оқушылар арасында, электрондық шылым шегу 12% , 14-18 жас аралығында 1-2 дәрежесі семіздік 48% артқан.
2022 жыл жасөспірім қыздар арасында 12-14 жас аралығында Ерте жыныстық қатынасқа түсіп,ерте жүктілік 18 %-ы артты.
Қазақстан халқының өлім-жітім көрсеткіші біртіндеп өсе бастаған. Өмір сүру орташа ұзақтығы 2019 жылы 66,9%, 2020 жыл (68,7%) жетті.
Оның ішінде; әйелдер (73,4% ) ер кісілерде 63,9% анағұрлым төмен.
Жыл сайын 615 мыңнан астам жарақаттану мен улану оқиғалары тіркеледі. Ең жоғарғы көрсеткіш ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дененің артық салмағы және семіздік
Асқазан - ішек жолдарының ауруларының негізгі себептері студенттерде
Асқазан - ішек жолдарына түсініктеме
Салауатты өмір салтын насихаттаудағы мейіргерлік процесс
Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы мейірбикенің рөлі
Халыққа амбулаториялық көмек көрсету
Өкпеден тыс туберкулезбен ауыратын науқас жағдайы
Жоғары білімі бар мейірбикенің мамандығы, біліктілік талаптары және қызметтік міндеттері
Мейіргерлердің пациенттерге сапалы күтімін арттырудағы бас мейіргердің рөлін анықтау
Жүректің ишемиялық ауруы ауруының теориялық негіздері
Пәндер