Компьютерлік технологияларды пайдаланудың артықшылықтары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Қaзaқстaн Республикaсының Білім және ғылым министрлігі
Қaрaғaнды Bolashaq жoғaрғы кoлледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тaқырыбы: Физика сабағында компьютерлік технологияны қолдану

Пәні: Физикaны oқыту әдістемесі және мектептегі тәжірибе техникaсы

Тіркеу №_____
Бaғaсы_______
Қoлы_________

Oрындaғaн: Еркин Бердигул
ФЗ-19-1 тoбының студенті
Ғылыми жетекшісі: Н.Б.Сырбаева

Қaрaғaнды, 2023 ж.
МAЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1 бөлім. ФИЗИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ ... ... ... ... ... ...5
1.1Компьютерлік технологияларды пайдаланудың артықшылықтары ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

1.2 Физика сабақтарында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...8

2 бөлім. ФИЗИКАНЫҢ ҚАЗІРГІ ҚОҒАМ ӨМІРІНДЕГІ АЛАТЫН ОРНЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10

2.1 Интерактивті тақтаны физикада қолдану негізі ... ... ... ... ... ... ... 1 0
2.2 Физика пәні бойынша компьютер арқылы есеп шығару жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
Қoрытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
Пaйдaлaнылғaн әдeбиeттep тiзiмi ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..18
Қoсымшaлaр ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19

КІРІСПЕ

Адам байлығының ең тамашасы - білім.
Барлығы соған ұмтылады, бірақ ол өзі келмейді
Әбу - Райхан әл - Бируни

Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Тіпті бірқатар дамыған елдерде бұл идея ұлттық қағидаға айналған. Сондықтан халықаралық ұйымдар әлем елдерінің бәсекеге қабілеттілігінің рейтингін анықтауға кірісті. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі деп атап көрсетіледі.
ХХІ ғасыр - бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Бүгінгі білім мазмұны мұғалім мен оқушының арасындағы байланысты субъективті деңгейде көтерудегі демократиялық бастамалардың барлығы мұғалімдер арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі мұғалімге тек пән мұғалімі ретінде қабылдау олқылық көрсетеді. Мұғалім қоғам айнасы.
Қоғамдағы жаңа өзгерістер және оның тез ақпараттандырылуы мен даму жылдамдығы білім беруге қойылатын талаптарды да түбегейлі өзгертіп, қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласына төмендегідей міндеттерді қойып отыр:
oo білім сапасын арттыру;
oo әлемдік білім беру кеңістігіне ену;
oo орта білімді ақпараттандыру;
oo интернет жүйесін пайдалану;
oo электрондық оқулықтар;
oo қашықтықтан басқару:
Мұғалім жеке көзқарасы бар, соны қорғай білетін жігерлі тұлға, зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар маман, білімді де білікті, көп оқитын, көп тоқитын, білімін күнделікті ісіне шебер қолдана білетін, өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға үйрете алатын болу керек. Бұл өмір талабы. Мұғалімде ұйымдастырушылық, құрылымдық, бейімділік, сараптамалық қабілеті болуы шарт. Ол сонымен қоса ұлттық құндылықтарды яғни, этнопедагогика, этнопсихология негіздерін меңгеру қажет. Ғаламдасуға байланысты ғаламтор жүйесін жетік меңгерген, әлемдік білімге сай, мәдениеті жоғары, жеке тұлға тәрбиелей алатын ұстаз болуы қажет. Осыған қарап ХХІ ғасырда мұғалімге қойылатын талаптар зор екенін көреміз.
Ертеңгі күнімізге аттамас бұрын бүгінгі ұстаздың кім екендігіне баға беріп көрейік. Бүгінгі мұғалім ата-ана, бала бағбаны, қоғам қайраткері. Мұғалім- оқытушы, мұғалім - ұстаз, мұғалім - оқулық авторы, мұғалім - технолог, мұғалім-жаңалықты дәріптеуші, таратушы.
Қазіргі таңда дәстүрлі оқыту әдістемесінің заман талабына сай толық білім беруге, меңгертуге кепілдік бермейтіндігін мектеп тәжірибесі көрсетіп отыр. Сондықтан жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту процесінде іске асу үшін оны технологияландыру қажеттілігі туады.
Білім беру үрдісін ақпараттандыру - жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді.
Зерттеу объектісі: компьютерлік технология арқылы есептер шығару.
Зерттеу пәні: физика сабағында компьютерлік технологияның алатын орны.
Зерттеудің мақсаты: физика сабағында есептерді компьютер көмегімен шығарып оларға талдау жасау, оқу процесінде қолданудың маңыздылығын көрсету.
Зерттеу міндеттері:
- Зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді зерттеу және талдау;
- Физика пәнін оқытуда компьютерлік технологияларды пайдаланудың маңыздылығын қарастыру;
- Компьютерлік технологияларды пайдаланудың артықшылықтарын көрсету;
- Физика пәні бойынша компьютер арқылы есеп шығару жолдарын келтіру.
Зерттеудің болжамы: егер физика сабақтарында компьютерлік технологиялар арқылы есептер жиі қолданылатын болса, онда оқушылардың физика пәніне деген қызығушылықтары оянып, физикалық заңдар мен құбылыстарды тереңірек түсініп, оқушылардың білім сапасы артатын болады.
Теориялық маңыздылығы: компьютерлік технологияның маңызды өзектілігі және физика сабағында оларды қолдану әдістемесі көрсетілген.
Практикалық маңыздылығы: физика пәнінен компьютерлік технология арқылы берілген есептерді сабақ барысында тиімді қолдану.
Зерттеу әдісі: тақырып бойынша педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, салыстыру, жалпылау.
Зерттеудің құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

1 бөлім. ФИЗИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ
0.1 Компьютерлік технологияларды пайдаланудың артықшылықтары

Оқытудың жаңа ақпараттық - коммуникациялық технологияларын меңгеру - қазіргі заман талабы. ХХІ ғасыр ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми-технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты технологияны жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңның 11-бабының 9-тармағында оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қасиеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық - коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану міндеті қойылған [1].
Физика сабағында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру атты баяндамада қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік беретіні туралы баяндалады.
Оқушылардың ақпараттық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру қазіргі таңда үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесіндегі ең көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр.
Жаңа ақпараттық технологияларға (ЖАТ) ғалымдар әр түрлі анықтама беріп отыр. Мысалы, Н.Макарова ЖАТ - қысқаша компьютер негізіндегі технология, - деп тұжырымдайды. М.И.Жильдак бұл терминнің неғұрлым кеңірек анықтамасын береді. Ол ЖАТ - адамдардың білімін кеңейтіп, олардың техникалық және әлеуметтік үрдістерді басқару мүмкіндігін дамытатын, ақпаратты жинау, ұйымдастыру, сақтау, өңдеу, тасымалдау және жеткізудің техникалық құралдары мен әдістерінің жиынтығы, - деп бағалайды.
Біз жоғарыдағы анықтамаларды өз іс-тәжірибемізге қолдану бағытында оларды негізге ала отырып жұмыс жасалынуда. Әсіресе ақпаратты оқушыға компьютер арқылы әзірлеу мен тарату үрдісіне ерекше мән беріліп келеді. Себебі әр түрлі зерттеулерге қарағанда ақпараттық біліммен қаруланған оқушының ойлау мүмкіндігі жоғары болады. Оқушылардың көпшілігі алған білімдерін практикада қолдана алады. Бұл оқушылардың оқу материалын формальды жағынан да жақсы білетінін көрсетеді. Кез келген сабақта электронды кешендерді, виртуальды бағдарламаларды пайдалану оқушылар-дың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуге жағдай жасайды.
Мектептің қазіргі даму кезеңінде оқу жүйесін жаңа сападағы оқу жүйесіне ауыстырудың мақсаты - өте білімді, өздігінен тиімді ойлай алатын, қазіргі қоғамда өмір сүруге бейімді адамды тәрбиелеу. Бұл жағдайда оқушылардың өздігінен білім алуы, өздігінен оқуы және өзін-өзі тануы туралы мәселе қою оқу-тәрбие процесінің өзегі болады. Осыған байланысты қазір балаларды оқытуда жекедара оқытуға (тұлғаны қалыптастыруға бағытталған), олардың өздігінен ізденіп, білім алудың сан түрлі жолдары мен әдістерін игеруіне, өз шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуына айрықша жағдайлар жасалуда. Бұл мәселені шешудің ең тиімді бағыттарының бірі оқу процесіне ақпараттық құралдар мен технологияларды енгізу болып саналады.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың артықшылықтары:
Мұғалім үшін:
* Оқу уақытын тиімді пайдалану, сабақтың мазмұнын байыта түсу;
* Аудио-видео арқылы ақпаратты визуалды беру және қабылдау мүмкіндігі;
* Оқушыларды белсенді іс-әрекетке қосу;
* Сабақта оқушылардың ақпараттық-коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру;
* Оқушылармен жекедара және іріктей жұмыс істеу мүмкіндігі;
* Оқушылармен жұмыстың әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану;
* Жалықтырар қағаз жұмысынан босату;
* Сабақтардың қызықты да іскерлік көңіл-күйін жасау.
Оқушы үшін:
* Ақпараттың қолжетімділігі;
* Сабақ оқушының заманауи технологиялық дүниетанымына сай әдістермен өтеді;
* Әр оқушы өз қабілеті мен екпінінде оқи алады;
* Өзінше ойлауды дамытады;
* Дербестікке, өзінше шешім қабылдай білуге тәрбиелейді;
* Өз қабілет-қарымына сенімді бекітеді.
Компьютерлік сабақтардың түрлері
1. Мультимедиалық жабдықтармен өтілетін сабақ
2. Компьютерде өтілетін сабақ
3. Интернетпен өтілетін сабақ
Мультимедиалық жабдықтармен өтілетін сабақ
Мұндай сабақта мультимедиалық техникалық құралдар түрлі ұсынымдағы ақпараттарды аралас пайдалануға мүмкіндік береді: дыбыстық, графикалық, видео және аудио ақпараттарды. Мұғалім оқу процесінің басты тұлғасы да, басты ақпарат көзі де болып қала береді, ал мультимедиалық құралдар ақпараттың барынша көрнекі және жан-жақты, тартымды да қолжетімді болуына қызмет етеді, сол арқылы оқу мазмұнының жеңіл де сапалы қабылдануын қамтамасыз етеді [2].
Мультимедиалық сабақ мына бағыттарда өтілуі мүмкін:

Бұл сабақта мынадай мультимедиалық оқу құрал-жабдықтары қолданылуы мүмкін:

Мұғалім сабақтарда түрлі электрондық оқу материалдарын - мәтіндік құжаттарды, электрондық оқулықтар, суреттер, графиктер, плакаттар, флипчарттар мен презентациялар-ды, клиптер мен фильмдерді кеңінен пайдалана алады. Мысалы, физикадағы фундаментал-ды тәжірибелердің компьютерлік сызбалары мен модельдерін (Резерфорд тәжірибесін, Франка және Герц тәжірибелері және т.б.). Сондай-ақ, мысалы, атомдық реактордың, электростанцияның, элементар бөлшектерді үдеткіштің құрылысын сипаттайтын сызбалар мен модельдерді көрнекі түрде көрсету өте тиімді. Интернетте физиканың түрлі оқу фильмдері кең таралған - Фотоэффект, Молекулалық физика, Электромагнетизм. Трансформатор, Радиоактивтілік және атом ядросы, Атом мен оның ядросының құрылысыжәне т.с.с [3].

0.2 Физика сабақтарында ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі

Физика сабақтарында ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:
- Оқушының өз бетімен жұмысы;
- Аз уақытты көп білім алып, уақытты үнемдеу;
- Білім - білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;
- Шығармашылық есептер шығару кезінде физикалық құбылыстарды түсіндіру арқылы жүзеге асыру;
- Қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
- Қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстау сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;
- Оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.
Оқытушы сабағында ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оның тиімділігін жүйелі түрде көрсете біледі. Ақпараттық - коммуникациялық технологияны пайдалану оқытудың тиімді әдістерінің бірі деп ойлаймын.
Физикалық процестер мен құбылыстарды модельдеу оқу процесін дамыту мен жетілдірудің болашағы болып табылады, әсіресе оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыруда, зерттеу жұмыстарын дамытудағы ролі ерекше. Физикалық эксперименттерді модельдеу - оқытушыға сабақты физикалық ұғымдардың мағынасын тереңірек ашуға, оқушыларды физиканың қазіргі эксперименттік базасымен таныстыруға, физикалық құбылыстармен зерттеу әдістерін толық түсіндіруге мүмкіндік береді. Оқытушы үшін электрондық оқулық - бұл күнбе - күн дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны әрбір оқытушы өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, әрі қарай жетілдіре алады. Электрондық оқулық арқылы үй тапсырмасын, жаңа сабақты түсіндіруге және тест тапсырмаларын орындауға болады [4].
Физика пәнінде ақпараттық технологияларды қолдану пәнді оқытуда оқушыға дүниенің заңдарын терең меңгертіп қоймай, оқушының ойын дамытып, эмоциясына, сезіміне қозғау салады. Өзіне қажетті мазмұны мен мәліметті ақпарат көзінен таңдап өз бетінше ойланып, шешім қабылдауға дағдыланады. Компьютердегі ғаламтор жүйесіндегі ақпараттық мәліметтерді сабақ тақырыбына байланысты қажеттісін таңдап тікелей қолдануға болады.
Сонымен қатар оқушыда интернеттен материал іздеп қана қоймайды, әлемдік байланыс торабына кіруді де үйренеді. Әр сабақта жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқушылар бойынан төмендегі қабілеттерді дамытуды мақсат қоя аламыз:
1. Білім, білік дағдыларын дамытуға қызығушылығын арттыру;
2. Жауапкершілік пен міндеттерін қалыптастыру;
3. Есеп пен талдау жасау дағдыларын үйрету;
4. Логикалық және ақпараттық ойлау қабілеттерін дамыту;
5. Өз бетінше ізденуге үйрету және компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу;
6. Алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу;
Соның нәтижесінде оқушылар сабақта білімге деген қызығушылығы оянумен қатар, сабақта көрсетілген презентация мен бейне көріністер қандай бағдарламалармен жасалғанына қызығушылығын танытады. Қазіргі заманда ғылым мен техниканың жедел түрде дамуы қоғамда жас жеткішіктердің, оқушылардың ақпараттық - коммуникативтік технологияларды тез меңгеруі мектепте көрсетілетін кейбір қарапайым презентациялар олардың ішін пыстыратыны анық, оларға жаңа түрдегі бейне және растрлық сюжеттегі материалдармен қанықтыруға тура келеді. Сондықтан әрбір сабақта пайдаланатын материалдардың өзгешілігі болуы өзекті. Ол үшін АКТ-ны пайдаланғанда мұғалімнің өзі мына бағдарламаларды жақсы меңгергені дұрыс: бірінші кезекте Microsoft Office топтамасынан мәтіндік редактор Microsoft Office Word, слай-презентация жасауға арналған редактор Microsoft Office PowerPoint, түрлі есептеу жүйесін жүргізетін редактор Microsoft Office Excel. Содан кейінгі кезекте растрлық бағдарламалар, мысалға Adobe Photoshop сияқты. Ал, егер бейне материалдармен жұмыс атқаратын болса онда ең Format Factoru, Sony Vegas бейне-бағдарламалар. Әр бір мұғалімнің өтетін сабақтарында, АКТ-ны пайдаланғанда осы бағдарламалар міндетті түрде бірін-бірі толықтырып отырады [5].

1 бөлім. ФИЗИКАНЫҢ ҚАЗІРГІ ҚОҒАМ ӨМІРІНДЕГІ АЛАТЫН ОРНЫ
2.1 Интерактивті тақтаны физикада қолдану негізі
Физика оқу пәнінің мақсаты-оқушылардың ақыл-ойын, танымдық және шығармашылық қабілетін дамыту, физиканың қазіргі қоғам өміріндегі және жалпы адамзат мәдениетін дамытудағы рөлін ашу, табиғатқа ғылыми көзқарасты бекіту, физикадан берілетін білімді түрлі мәселені шешуде шығармашылықпен қолдануға алғы шарт болатын әлеуметтік мәні бар біліктер мен дағдыларды оқушы бойында қалыптастыру болып табылады.
Физика ғылым ретінде адамзат мәдениетінде маңызды орын алады. Өз мазмұнына физиканың деректерін, түсініктерін, заңдарын, теорияларын, модельдерін, тәжірибелері мен әдістерін т.б. енгізе отыра, физикалық теориялар аясында адамзат іс-әрекетінің түрлі саласында қолданылатын біршама түсініктер қалыптасады. Физиканың жалпы мәдени мәнін ашу және осы негізде ғылыми көзқарас және ойды қалыптастыру қазіргі жағдайда оқу пәнінің басымдық мақсатын құрайды [6].
Қазіргі заманда ғылым мен техниканың жедел түрде дамуы әр оқушының білім дәрежесінің жоғары болуын талап етеді. Сондықтан оқушылардың шығармашылық пен белсенді түрде жұмыс жасауы, өз бетінше терең ойлауы арқылы білім алуы өмір қажетіне айналып отыр.
Білім сапасының қазіргі таңда қойылып отырған талабы - оқушылардың ғылым мен техниканы кез-келген саласын меңгере отырып, бәсекелестікке қабілетті, құзырлы болуы. Білім жүйесінің соңғы жетістіктерінің бірі кез-келген сабақты интерактивті тақтамен өткізу болса, сол тақтаны емін-еркін пайдалануды тек мұғалім ғана емес, оқушының да білгені абзал.
Мектеп қабырғасынан ел болашағы - жастарымыз заманға сай білімнің бастауын алады. Оқушылардың ойлауы мен тілінің дамуына жағдай жасау, дарынды балаларды назарда ұстау сияқты озық идеяларды жүзеге асыру үшін, оқыту әдістемелерінің жаңаша тұрғыдан құрылуы міндетті болмақ. Әр оқушының болмысы арқылы дамытушылық, шығармашылық ойлау, өз бетінше шешім қабылдау қабілетінің қалыптасуы тиіс. Орта білім берудің негізгі мақсат-міндеттерінің бірі - білім алушылардың тұлғалық қалыптасуына, олардың рухани әлеуетін дамытуға, өзіндік әлеуетін анықтауға, өзін-өзі дара көрсете алуына жағдай жасау болып табылады.
Қазіргі уақытта жаратылыстану-ғылыми білім беруде сабақ барысында интерактивті құралдарды қолдануда. Интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр.
Білім берудегі интерактивті технология - мұндағы интерактивті сөзі - inter (бірлесу), act (әрекет жасау) ұғымын білдіреді, сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін-бірі толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы. Интерактивті тақта- бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. Бүгінгі күні бірнеше интерактивті тақта түрлері бар. Олардың ішінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім беруді ақпараттандыру қоғам дамуының факторы ретінде
Сабақтың әртүрлі кезеңдеріндегі ақпараттық технологиялар
Бастауыш сыныпта АКТ қолдану
Жаңа педагогикалық технологиялар
Математиканы оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану теориясы мен әдістемесі
Қолданбалы мультимедиялық бағдарлама
Шет тілдерін оқытудағы мультимедиялық құралдар
Ақпараттық коммуникативтік технологияны пайдаланудың тиімділігі мен ерекшеліктері
Бастауыш шет тілі
Жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану жолдары
Пәндер