Шаруа қожалығының жерге орналастыру жұмысы
Мазмұны
Кіріспе
4
1. Жалпы бөлімі
6
1.1 Шардара ауданы жайлы қысқаша мәлімет
6
1.2 Мұса шаруа қожалығы туралы мәлімет
7
1.3 Мұса шаруа қожалығының табиғи -климаттық жағдайы
7
1.4 Шардара ауданының жер бедері және топырағы
7
1.5 Шардара ауданының гидрологиясы мен гидрографиясы
8
2. Негізгі бөлімі
11
2.1 Шаруа қожалығының жерге орналастыру жұмысы
11
2.2 Мұса ШҚ-ның жер кадастрлық құжаттарын мәліметтер базасына енгізу
16
2.3 Жобаның мазмұны мен экономикалық тұрғыдан негізделуі
20
Қорытынды
24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
25
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: ЖКААЖ жүргізу, шаруашылық жерлердің құжаттарын мәліметтер базасына енгізу арқылы жер есебін құру. Жер дауларын болдырмау, жерлерді тиімді әрі ұтымды пайдалану. Ауыспалы егістер ұйымдастыру арқылы жер жағдайын жақсарту.
Курстық жұмыстың мақсаты: жер кадастрлық құжаттарды мәліметтер базасына енгізу жұмыстарымен, шаруашылық жерге орналастыру және де шаруашылық жүргізу үшін мемлекеттен жер алу тәртібімен танысу, ауыспалы егіс жүйесін ұйымдастыру жұмыстарын орындау болып табылады.
Курстық жұмыстың тапсырмасы: Шардара ауданы, Ұзын-Ата елді мекеніндегі Мұса шаруа қожалығының жер кадастрлық құжаттарын мәліметтер базасына енгізу. Жердің шекараларын анықтап, танаптарға бөлу және де ауыспалы егісті ұйымдастыру
Курстық жұмыстың мазмұны: кіріспеде жалпы шолу, жалпы бөлімде шаруашылықтың орналасқан ауданы бойынша ақпараттар, негізгі бөлімде шаруашылықтың жерге орналастыру жұмысы, кадастрлық құжаттары келтіріліп және де экономикалық табыс пен шығын есептеліп, соңында жұмыс бойынша қортындыланды.
Шардара ауданы жайлы жалпы ақпаратпен оның табиғаты, климаты және гидрологиясымен танысамыз. Жер алу тәртібі мен арнайы жер қоры және де шаруашылық жүргізуге жер алу бойынша заңдар және ережелерді пайдаландық. Заң бойынша арнайы жер қорындағы жерден шаруашылық жүргізу мақсатында жерді уақытша өтеулі пайдалану құқығын алу үшін өтініш жазып, ары қарай жерге орналастыру, жер құқығын беру іс-қағаздарымен жұмыс жасаймыз. Жалпы ауылшаруашылық мақсатындағы жерге құқық алу конкурстық немесе аукцион негізінде жүзеге асырылады. Конкурсқа түсетін жер бойынша ақпарат жинақталып, конкурс болатындығы жайлы аудандық газет журналдарда, интернет ресурстарында жарияланады. Ол жерде жердің жалпы сипаттамасы, көлемі, орналасу орны көрсетіледі сонымен қатар конкурс болатын күн, құжаттар қабылдау күні және де өтетін орны жазылады. Конкурсқа құжаттар қабылдау конкурс алдында 2 сағат бұрын тоқтатылады. Конкурста қатысушыларды аталған жерді игерудегі әлеуетіне қарайды, шаруашылықтық техникамен жабдықталғанын, ол жерді игеруге кететін шығынды өтей алатын және де басқа жағдайларға сүйене отырып комиссия қорытындысы бойынша конкурс нәтижесі шығады. Конкурста ұтқан адаммен жерді жалға алу шарты жасалып, жерге акті беріп, жер пайдалану құқығын табыстайды.
Жер кодексінің 43-бабының 3-тармағына сәйкес жер телімдеріне меншiк және (немесе) жер пайдалану құқықтарының өздеріне берілуіне мүдделi жеке және заңды тұлғалар өтініш берушіге өтініштің берілгенін растайтын құжатты беретін, жер телімі орналасқан жер бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органына, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкiмiне өтiнiш бередi.
Өтiнiште: жер телімін пайдалану мақсаты; оның болжамды көлемi; орналасқан жерi; сұралып отырған пайдалану құқығы; басқа жер телімінің болуы (болмауы) көрсетiлуге тиiс.
Пайдалы қазбаларды өндіру жағдайда, өтінішке жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың көшірмесі қоса беріледі.
Сұралып отырған жер телімін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау үшін жер теліміне құқық беру туралы өтiнiш жер телімі орналасқан жер бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдарына үш жұмыс күні ішінде келіп түседі.
Жер теліміне құқық беру туралы өтінішті қараудың жалпы мерзімі келіп түскен кезінен бастап екі айға дейінгі мерзімді құрайды.
Көрсетілген мерзiмге:
- жерге орналастыру жобасын жасау;
- келісу;
- жергілікті жердегі жер телімінің шекарасын белгілеу кезеңдері кірмейді.
Арнайы жер қоры дегеніміз нысаналы мақсатына сай пайдаланылмай жатқан немесе ережелерді бұза отырып пайдаланылған, басқа мақсатқа пайдалагылған жердерді мониторинг арқылы анықтап, заң жүзінде жер пайдаланушыны құқығынан айырып, жерді мемлекетке қайтарып алынған жерлерден құрылған қор. Ол қорға ауылшаруашылық мақсатына жарамды жерлерді ғана қосады және де ол қордағы жер босалқы жер құрамында болады.
Жер телімдері шаруашылық жүргізу үшін ҚР азаматтарына жеке меншік құқығымен 10 жыл мен 49 жыл аралығында уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы арқылы алады. Ал мал шаруашылығына шалғай жерден Жер Кодексіне және өзге де заңдарға сәйкес уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығы беріледі.
Шаруа қожалығын жүргізу үшін ауылшаруашылығы мақсатындағы жер телемін алу ақылы негізде жүргізіледі. Жерді заңда көрсетілген ережелермен анықталған жер кадастрлық құнын сәйкес немесе жеңілдетілген бағамен алады.
Біздің алған жер суармалы жер болғандықтан ол жерге көптеген егістік егуге ыңғайлы, оның ішінде суды көп қажет ететін мақта, күріш және де т.б жатады. Ол жер пайдаланылмай жату себебінен топырағы сортаңданған. Сондықтан сорды сумен шаю мақсатында ол жерге мақта егу керек. Себебі мақта егілетін жер жылына 2 немесе 3 рет суғарылады. Сол арқылы жердің сортаңданудан сақтаймыз.
Жерді экономикалық көрсеткіштерін мақта және бидай, арпа, жоңышқа сияқты екпелер түрімен есептеп шығардым. Шаруашылықтың жерлерін қоса есептеп, ауыспалы егіс жүйесі арқылы егіп, жердің күшін, құнарын тозудан сақтаймыз.
Жалпы бөлім

Шардара ауданы -- Түркістан облысының оңтүстік-батыс бөлігіндегі аумақтық-әкімшілік бөлініс. Жер көлемі 13 мың км2 (облыс ауданының 11,1%). Халық саны 79,3 мың адам (2018 ж.). Орталығы - Шардара қаласы. Аудан 1969 жылы қазан айында Қызылқұм ауданы негізінде құрылған. Аумақта 27 елді мекенді 1 қалалық және 10 ауылдық елді мекен біріктіреді. Аудан негізінен Сырдария өзенінің сол жағалауында, аллювийлік жазықта (Шардара даласы), Қызылқұм құмының оңтүстік-шығысында орналасқан. 1958 жылы Қызылқұм өңірінде мыңдаған гектар шөлейтті жерлерді игеріп, суландыру арқылы елді қоныстандыру мақсатында Шардара құрылыс басқармасы құрылды. Сол жылы Сырдария өзенінің бойынан 130 шақырымдық Қызылқұм магистральдық каналы іске қосылды.
Шардара ауданы халқының негізгі бөлігін қазақтар - 93,9%, орыстар - 4%, қалғандары өзбек, әзірбайжан, украин, т.б. өкілдері. Халықтың 60,7% ауылдық жерлерде тұрады. Орналастыру тығыздығы 1 км2-ге 5,4 адамнан келеді. Облыстың ірі елді мекендері: Шардара қаласы (25,5 мың адам), Көксу (6,1), Шардара (4,8), Қоссейіт (4,5), Ұзыната (4,3), Қазақстан (4,3 ), Тың (3,5) ауылдары.
Шардара ауданындағы егістік жер көлемі 59,7 мың гектарды құрайды, бұл ауданның 4,6 пайызын, ал ауылшаруашылық жерлері 25,06 пайызын құрайды. Ауданға Сырдария өзені мен Қызылқұм шөліндегі жайылымдық және шабындық кешендері кіреді. Қызылқұм магистральды каналы жайылым кешендерін суаруға, сонымен қатар егістік мақсаттағы жерлерді суаруға мүмкіндік береді. Каналдың төменгі ағысында суармалы шалғындар пайда болды.
Біздің қарастырып отырған Мұса шаруа қожалығы орналасқан жер Ұзын-ата ауылдық округі. Аудан орталығынан Шардара қаласынан 54 км, ал облыс орталығы Түркістан қаласынан 228 км қашықтықта, Сырдария өзенінің сол жағында, Қызылқұм каналының оң жағында орналасқан. Ауыл халқының саны 2009 жылғы санақ бойынша 4243 адамды құрайды. Ұзын-ата ауылдық округінің орталығынан сегіз шақырым жерде 14 ғасырдың соңы мен 15 ғасырдың басында дүниеге келген тарихи жәдігер Ұзыната кесенесі сақталған.
Ауылдарда негізінен күріш, қосымша мақта, сүтті, етті мал, жылқы, түйе, көкөніс, бақша өсіруге маманданған 14 кеңшар, 1 күріш өсіру тәжірибелік шаруашылығы болған (1988 ж. Қазақстан, Целинный біріктіріліп, Жиделі, Аққала, Байырқұм кеңшарлары Арыс ауданына берілді). Олардың негізінде ауданда 5500 ауылшаруашылық тауар өндірушілері тіркелген. Елді мекендер Қызылқұм каналы мен Сырдария өзенінің бойын жағалай орналасқан. Шардара ауданы бойынша ауыл шаруашылықғының жалпы өнім көлемінің 43,0% мақта шаруашылығына тиесілі. Аудандағы егістік жерлердің 91,0% немесе 23,7 мың гектары мақта егістігі. Аудан шаруашылығының негізін НИМЕКС корпорациясының з-ты, Айсиси мақта заводы, Мырзакент, Достық мақта пункттері, Мырзакент АҚ, т.б. құрайды. [20]
Мұса шаруа қожалығы туралы мәлімет
Мұса шаруа қожалығы Түркістан облысы, Шардара ауданы, Ұзын-Ата ауылында орналасқан. Шаруашылық құрамында жер 36 гектар суармалы егістік жерлері бар. Шаруа қожалығының негізгі бағыттары мақта шаруашылығы және де қосымша бидай, арпа, жоңышқа егіледі. Шаруашылық құрамында трактор, тіркемелер, құрал-жабдықтар және де басқа техникалар бар.

Шаруа қожалығы Шардара ауданында орналасқандықтан мәліметтерді сол бойынша келтірсек. Климаты айқын континенттік. Қысы біршама жұмсақ, қаңтардың жылдық орташа температурасы - 4 - 6°С. Алғашқы аяздану қазан айының бірінші жартысында басталып, соңғы аяздану ақпан айының соңына дейін созылады. Жылы аязсыз кезеңдер 190-210 күнді құрайды.Қар жамылғысы тұрақсыз. Топырақтың орташа аяздану тереңдігі 10-15см. Жаз айлары ыстық, аңызақты, шілденің ортасы температурасы 28 - 29°С. Жайлымдық жер орналасқан Қызылқұм шөлінде 35-40°С дейін ыстық болады. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 150 - 200 мм. Аудан аумағында құрылыс материалдары барланған. Жерінің басым бөлігі құмды (Қызылқұм), сұр, сортаң топырақты, өзен аңғарлары шалғынды-сазды топырақты. Мұнда жусан, селеу, сексеуіл, жантақ, жыңғыл, баялыш, Сырдария бойында қамыс, құрақ, тал, жиде өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қарсақ, ақбөкен, қарақұйрық, бауырымен жорғалаушылар, өзен бойында қаз, үйрек, қырғауыл мекендейді.Топырақтың түзілуіне климат үлкен әсерін тигізеді. Температуралық жағдайы, жердің ылғалдылығы, желдің күші, жыл мезгілдері бойынша жауын-шашынның реттілігі мен көп мөлшердегі белгілі үйлесімділігі топырақ түзу процесіне ықпал етеді. Жоғарыда келтірілген мәліметтерге сүйене отырып Мұса ШҚ-ның жерлерін ауыл шаруашылық мақсатына игеруге жарамды.

Шардара аймағы жерінің басым бөлігі құмды (Қызылқұм), боз, сортаң, өзен аңғарлары шалғынды-сазды. Облыстың Қиыр Шығысы Сырдария өзенінің бойындағы құнарлы шалғынды топырақта орналасқан. Облыстың басым бөлігінде жайылым ландшафттары дамыған. Жалпы тұрақты қар жамылғысы қалыптаспағандықтан Қызылқұм қысқы жайылымға қолайлы. Аудан солтүстігі Сырдария өзені мен Қызылқұм каналы аралығын суармалы егістік жерлері алып жатыр. Ал батыс бөлігін, нақты айтсақ Қызылқұм каналының батыс жағын Қызылқұм шөлі алып жатыр. Оңтүстігінде Шардара су қоймасы арқылы Жетісай ауданымен шектеседі. Оңтүстік-шығыс аймағы жазық дала, жайлымдық жерлер орналасқан, Келес ауданымен шектеседі. Рельеф топырақ түзуші фактор ретінде жылу алмасуға, жарық шығаруға, жер үсті және жер асты суларының реттелуіне үлкен әсер етеді. Әр жерде әртүрлі болғандықтан, ондағы жылу мен жарық әртүрлі. Бұл жер үсті және жер асты суларына да қатысты. Шаруашылықтағы топырақ түзуші тау жынысы лесс құм болып табылады. Олардың пайда болу тереңдігі 10 м-ден асады.Лесс құмы құрамында көп мөлшерде кальций карбонаты бар шаң бөлшектерімен сипатталады. Олардан көп серозем түзіледі және ол әр түрлі жер бедері әртүрлі.Лесс тәрізді құмдар тез қосылып, тез ыдырайды. Сондықтан лесс және құмды топырақтар су эрозиясына тез ұшырайды. Топырақ түзілу процесіне жер үсті және жер асты сулары үлкен әсер етеді. Олар топырақтың түрін анықтайды. Шаруашылықтың жанында орналасқан Өзендер: Сырдария өзені, Қызылқұм каналы.

Шардара ауданының гидрологиясына келер болсақ негізгі көзі Сырдария өзені болып табылады. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 150 - 200 мм. Жерасты сулары Қылылқұм шөлінде орташа 25-30 метр болса, елді мекен жерлерінде 3-4 метрден бастап, 12-15 метр аралығында. Жер асты суларының жақын болуының басты себебі суармалы егістік жерлері. Жер асты сулары жауын-шашын мол жылдары көктем мен күзде көтеріліп, ал керісінше құрғақшылық және жаз және қыс айларында төмендеп кетеді. Жер асты сулары, яғни, грунт сулары жер бетіне қаншалықты жақын болса, жылдық өзгеруде көп болады.
Шардара бөгені -- Түркістан облысының Шардара, Мақтаарал, Сарыағаш аудандары жеріндегі ірі жасанды су айдыны. Сырдария өзенінің арнасына салынған. Шардара гидроэнергетикалық кешені (Шардара су электр станциясы мен Шардара бөгені) Қызылқұм өңірінде ауыл шаруашылықғы өндірісін жедел қарқынмен өркендетуге мүмкіндік берді. Қызылқұм өңірінде мыңдаған гектар шөлейтті жерлерді игеріп, суландыру арқылы елді қоныстандыру мақсатында Шардара құрылыс басқармасы құрылды. Бөгетінің биіктігі 24 м. Ауданы 900 км2, ұзындығы 80 - 100 км, ені 20 - 25 км, ең терең жері 25 - 26 м, орташа тереңдегі 6,3 м. Суының мөлшелері 5200 млн. м3, су жиналатын алабы 174 мың км2. Бөген Сырдария өзеннің ағынымен және қар, жауын-шашын суымен толығады. Бөген арқылы жалпы 394,0 мың га жер суарылады (оның ішінде 105 мың га күріш егістігі). [20]
Шардара бөгені салынған соң суармалы жерлерді қалыптастыру мақсатында Шардара су қоймасынан бастау алатын Қызылқұм магистралды каналы салынды. Ұзындығы жоспар бойынша 140км болу керек болған, бірақ қазір 120км, кей деректерде 130км деп келеді. Су өткізіу мөлшері 140 м³с. Бастауы Шардара қаласының жанында, Шардара су электр станциясының батысында. Сырдария өзенімен параллель солтүстік бағытқа қарай ағады. Каналдың соңы Арыс ауданына қарасты Көкжиде ауылынан солтүстік-батыс бағытына қарай 30 км жерде.
Шардара су қоймасы мен электростанциясы құрылысының негізгі жұмыстары еңсеріле бастасымен қолға алынған Чардарастрой басқармасы алдында тұрған келесі тарихи міндет Қызылқұм магистральді каналын қазып, жаңа суармалы жерлерді дайындау және оларға қажетті егін суды жеткізетін ішкі шаруашылықаралық су жүйелерін жүргізу еді. Қызылқұм суландыру жүйелері каналының құрылысы басталып екі кезекте жүргізілді. Бірінші кезек 0-787 бекеттер, екінші кезек 787-274 бекеттерді қамтыды. Жалпы ұзындығы 106,1 шақырым, оның 27,4 шақырымы темір-бетон плиталарымен қапталған. Су өткізгіш қабілеті секундына 200 текше метр. Бұған қосымша екінші кезеңде негізгі каналдың 14-бекетінен бастау алатын, секундына 45 текше метр су өткізетін, ұзындығы 10,2 шақырым (оның 2,3-і темір-бетон плиталарымен қапталған) шаруашылықаралық Шардара каналы қазылып, іске қосылды. Каналдардағы су құрылысы құрылымдары 138 дана, оның ішінде бөгет тоспалары - 15, су босатқыштар - 54, дюкерлер - 3, көпірлер - 5, сарқырама - 1, су өлшегіштер - 59, бір балық қорғау тоспасы.
Аудандағы ішкі шаруашылықаралық су жүйелерінің жалпы ұзындығы 195,5 шақырымды құрайды, онда 18 дана су құрылымы жұмыс істейді. Каналдар бойындағы асфальтты жолдар 89,9 шақырым. Бұдан тыс 325 тік дренажды ұңғымалар мен 14 мелиоративтік - электрлі насос станциялары пайдалануға берілді. Міне, ауданда бұрыннан мал өсірумен шұғылданып келген 4 шаруашылыққа қосымша Қызылқұм өңірін игеруге байланысты жаңадан ашылған 11 кеңшарды (Байырқұм, Жиделі, Аққала шаруашылықтары Арыс ауданына берілді, Целинный Қазақстанға қосылды), олардағы 74 000 гектар суармалы жерді егін сумен қамтамасыз ететін, Қызылқұмның күретамыры деп орынды аталып отырған магистральді канал мен ішкі су жүйелері негізінен осындай құрылымдардан тұрады.
Олардың сенімді де сапалы жұмысын қамтамасыз етіп, тиімді пайдалануға қол жеткізу осы мақсатта арнайы құрылған мекемеге жүктелген. Ол Қызылқұм каналын пайдалану басқармасы, кейіннен Қызылқұм су шаруашылығы жүйелерін пайдалану басқармасы, сосын Оңтүстік су шаруашылығы мемлекеттік кәсіпорнының Шардара филиалы аталса, 2011 жылдан Қазсушар Республикалық мемлекеттік кәсіпорны Оңтүстік филиалының Шардара өндірістік бөлімшесі ретінде қызмет етіп келеді.
Бас жоспарда белгіленген барлық су жүйелері іске қосылып, толық қуатында жұмыс істеген кезде мекеме құрамында 12 бөлімше болады. Оның 4-і суды пайдалануды, 2-і тік дренажды ұңғымаларды, 1-і мелиоративтік насостарды қадағаласа, қалған 5 бөлімше автоматизация мен байланысқа, ішкі шаруашылық су жүйелеріне, Байырқұм су сораптары мен ондағы автомеханизмдерге, Шардара балық қорғау тоспасына қарайды. Мекемеде барлығы 300-ге дейін мамандар, жұмысшылар еңбек етеді. [17]
2 Негізгі бөлім

Жаңадан пайда болған шаруашылық құрылымдарының аудандары мен межелері көбінесе жобасыз, қарапайым техникалық тәсілдер арқылы белгіленген. Дағдарысқа себепті ішкішаруашылық жерге орналастыру жобалары мүлде сұраныссыз қалды, ауылшаруашылық айналымынан орасан зор көлемді жерлер шығарылып, босалқы жерлер қатарына ауыстырылды, ауыспалы егістер сақталмай, жалпы жер пайдалану реттілігі бұзылды. Бүгінгі күннің тәртібінде осы кемшіліктерді жою, жер қатынастары мен жерге орналастыруды жаңа деңгейге көтеру шешімін күттірмейтін мәселеге айналып отыр. [19]
Жерге орналастыру-дегеніміз іс шаралар жүйесі. Ол бір ғана іспен бітпейді. Жерге орналастырудың арқасында жерді тиімді әрі ұтымды пайдаланып, оны эрозиядан қорғап, топырақ құнарын арттыруға болады. Жерге орналастыру мемлекеттік іс шаралар жүйесіне жатады, себебі жерге орналастыру арқылы жер есебін алу, жер заңдарының сақталуы, орыналуын қадағалап, жерді өндіріс құралы және табиға ресурс ретінде қорғаймыз.
Жерге орналастыру жұмыстары шешетін негізгі үш мәселе экологиялық, экономикалық және әлеуметтік деп топтастыруға болады. Экологиялық тұрғыдан қарайтын болсақ, жерге орналастыру арқылы жерді табиғи ресурс ретінде сақтап, қорғап, құнарын арттыруға болады. Экономикалық тұрғыдан жердің дұрыс орналасуы көптеген шығындарды үнемдеп, үлкен пайда, мол өнім алуды көздейді. Ал, әлеметтік тұрғыдан жер дауларын болдырмай, жер заңдылықтарын сақтап, жер қатынасы мен жер иеленушілік және жер пайдаланушылықты қалыптастырады.
Шаруа қожалығының жері суармалы жерде орналасқан. Ішкі шаруашлық жерге орналастыру жұмыстарында суару жүйесі, су ағызы жүйесі, жолдар мен каналдарды ескеріп жасадық. Жердің шекараларына каналардар, жолдарды пайдаланып, тік бұрыштар арқылы суармалы жердің заңдылықтарына сай жасалынды. 36 гектар жерді 12 гектардан 3 танапқа бөлдік. Әр танапты суғаруға үшін және ауыспалы егісті ұйымдастыруға ыңғайлы етіп, кіші бөліктерге, егін алқаптарына бөлінді. Танаптар тігінен бөлінсе, ал танаптың іштері көлденең бөлінді. Бірінші танаптың басында жол, сосын бірінші танап пен екінші танаптың арасында суару арығы, ол каналдан су алады, ені 4 метр. Екінші танаптан соң жол, үлкен су жіберу каналы ені 10-15 метр аралығы одан соң үшінші танаптың жолы жоспарлаған. Үшінші танаптың суару жүйесі соңында.
Бұл суару жүйесі арқылы біз жерді суғаруды толық қамтамасыз етеміз. Су ағызу жүйесі бізге сор шаю жұмыстарында керек, себебі бұл жердің топырағы тұзданған, яғни, сортаң топырақ. Сор шаю жұмыстары қыстың соңғы айы мен ерте көктемде жасалады. Ал, жолдар бізге танаптардың егіншілік аумағын таптамай, ауыл шаруашылық техникалардың кіріп шығуына, өнімдерді егіс алқабынан тасымалдауға ыңғайлы болады. Бұл егіс алқабының тығыздануынан сақтайды. Аталған әрекеттер арқылы біз жерді сақтай отырып, жерден мол өнім аламыз.
Жаңа жер иеліктері мен жер пайдаланушылықтары мынандай бірқатар жағдайларда құрылады:
1) жаңа шаруашылықтар ұйымдастырылғанда;
2) ірі жер массивтері (тың, суармалы, т.б.) игерілгенде;
3) шаруашылықтар ірілендірілгенде немесе ұсақталғанда;
4) бірнеше жер пайдаланушылықтар әр түрлі себептермен қайта құрылғанда.
Жер пайдаланушылықтарды құру кезінде шаруашылықаралық жерге орналастырудың жалпы принциптерін негізге ала отырып, келесідей талаптарды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz