Қазақстан Республикасындағы банктік несие алушының несие қабілеттілігін бағалау жүйесі


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Экономика және бизнес факультеті
Макро-микроэкономика кафедрасы
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
БАНКТІК НЕСИЕ АЛУШЫНЫҢ НЕСИЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН БАҒАЛАУ
Орындаған: Шенеева М. М
(қолы)
Ғылыми жетекші: Спанкулова Л. С
э. ғ. к., доцент (қолы)
Норма бақылаушы: Сәметеева М. А.
(қолы)
Қорғауға жіберілді:
«» 2006 ж.
Макро-микроэкономика
кафедрасының
меңгерушісі э. ғ. д.,
профессор Мұхамедиев Б. М.
(қолы)
Алматы, 2006
КІРІСПЕ
Қазіргі несиелеу жүйесі несие алушының несиелік қабілетін анықтау әдістеріне де негізделеді. Айта кету керек, несие алушының несиелік қабілеті - бұл коммерциялық банк балансының өтімділігін қолдану әдісі болып табылады.
Несиелеу процесі белгіленген мерзімде сауданың қайтарылмай қалуға себепкер болатын көптеген тәуекел факторлардың іс әрекетімен байланысты болып келеді. Сондықтан да, банк ссудасының берілуі алдын-ала ықпал ететін факторларды оқып-үйрену арқылы несиелік қабілетті оқып үйренуге жағдай жасайды.
Банктер және оның клиенттері араларында несие берілуіне байланысты пайда болатын қатынастарды несиелік қатынастар ретінде қарастырамыз. Несиелік қатынастар несие болмысының формасы болып табылады, осы ерекше қатынастар шегінен тыс пайда болуы және қызмет етуі мүмкін емес Банктің несиелендіруін ұйымдастыруда менеджменттің жоғарғы деңгейін сақтап отыру үшін несиелендіру бөлімі мамандарының жоғары біліктілігі сәйкес болуы қажет. Несиелендіру процесінде несиелендіру қызметтерінің әр түрлі салаларындағы нарықтық тұтынуды зерттеу үшін маркетинг талдауы қолданылады. Мұнда несиелік қызметті сәтті жүргізу және максималды пайда табу мақсаты көзделеді. Қазіргі несиелік қатынастардың дамуында болашағы бар бағыт болып, банктің несие алушының іс-әрекетін зерттеуі және банктің жобаны іске асыруға қызығушылығы табылады, өйткені ол несие қайтару негіздерін қалайды.
Банк тәжірибесінде көп кездесетін жағдай - несие алушы несиеқабілеттілігінің қажетті көрсеткіш деңгейіне жету үшін берілетін ақпараттарды әдейі өзгертіп береді. Қаржы есептерінің деректері пайдакүнемдік мақсатпен бұрмалануы, алдын ала жалған есептерге негізделген несиелерді алуға мүмкіндік береді. Банк осындай несие алушымен қарым-қатынасқа отырғанда шығындарға ұшырайды. Сондықтан банктік несие алу кезінде несие алушының несие қабілеттілігін бағалау өте маңызды болып табылады. Бітіру жұмысының мақсаты Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктерден несие алушылардың несие қабілеттілігіне талдау жүргізіп, осы саладағы негізгі және өзекті мәселелерді зерттеп, шешу жолдарын іздестіру.
1 БАНКТІК НЕСИЕ АЛУШЫНЫҢ НЕСИЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ
- Банктік несиелеу мен несиелік қарым-қатынастардың концептуалды тұжырымдары. Банктік несие түрлерінің сыныпталуы
Банктер және оның клиенттері араларында несие берілуіне байланысты пайда болатын қатынастарды несиелік қатынастар ретінде қарастырамыз. Несиелік қатынастар несие болмысының формасы болып табылады, осы ерекше қатынастар шегінен тыс пайда болуы және қызмет етуі мүмкін емес. К. Маркс бұл пайда болған қатынастар «несиелік жүйе негіздерін қалаушы болғанымен, ол соңғысы пайда болғаннан бұрын да еркін дамып келуі әбден мүмкін» деп көрсеткен /1, Т-13. 125б/. пайда болған қарым-қатынастар әр түрлі болып келді және өзінің даму кезеңдеріне сәйкес ұтымды жақтарынан талқыланып қарастырылған. Мұны XVIII ғасырдағы экономистер материалды құндылықтарды заттай түрде қайта бөлу әдісі деп түсіндірген. Бұл ағымның бас қалаушылары- ағылшын экономистері А. Смит және Д. Рикардо, француз экономистері Ж. Сей мен Ф. Бастия, американдық Д. Мак-Куллох болып табылады. Қоғамның дамуы және әрбір жаңа формацияға көшуі барысында несиеге деген көзқарастар өзгеріп отырған, жаңа концепция негіздерін ағылшын экономисі Дж. Ло тұжырымдаған, ол оны ақша жіне байлық түсінігімен теңдестірген. Бұл концепцияны қолдаушылар XX ғасырдың басындағы экономистер: автриялық И. Шумпетер, неміс А. Ган, ағылшындар Дж. Кейнс пен И. Хоутри болып табылады. Аталмыш концепцияның кемшілікті болып отырғаны, мұнда несиелік қатынастар бір жақты қаралған, процесие екі жақ-несие беруші мен несие алушы қатысатын, және де несие берушінің пайдасы несие алушының мүмкіндіктерінен қаланатын жағдайы ескерілмеген. АҚШ-та 1923 жылдан 1933жылдарға дейін болған дағдарыс бұл несие теориясын толық жоққа шығарды. Кейіннен несие монетаризм теориясында өз дамуын алды, оның өкілдері: АҚШ-та- М. Фридмен, П. Роуз, А. Бернс, Францияда - Ж. Рюэфф, Германияда - О. Файт болып табылады /2, 9б/.
Бұл теорияға сәйкес, несиенің көлемі мен оның пайызы арқылы экономиканы реттеуге қол жеткізуге болады, мұнда барлық құрамдас факторлар ескеріледі. Несиелік қатынастарда әр түрлі меншік формалары қатысады, мұның себебі өндірісте немесе жекеменшік тұтынуда қаражаттардың жетіспеушілігінен пайда болатын қажеттіліктерге байланысыты.
Несиелік қатынастар әр қоғамның экономикалық даму деңгейіне тән факторлар ықпалымен дамып отырғандықтан, бұл категория экономикалық сипатпен қатар, тарихи сипатқа да ие болады. Несиелік қатынастар «өндірістің материалдық құралдары мен өндіргіш күштердің өзгеруіне және дамуына байланысты өзгеріп, қайта құрылып отырады» /3, 442б. /.
Н. Д. Барковскийдің айтуынша, «несиелік қатынастар кез келген экономикалық қатынастар секілді, тарихи сипатқа ие, яғни олар өндірістік қатынастар дамуының ықпалымен өзгереді». /4, 162б/. Несие қатынастары «ақша» категориясымен салыстырғанда кейінірек пайда болды, өйтені ақша ежелгі заманда туындап, тауарлық өндірістің даму жағдайында оның несиелік сипаты пайда болды, ал кейін мемлекет қалыптасқанда «қаржы» категориясы туды. К. Маркс: «Ақша капиталдан, банктерден, еңбекті жалдаудан т. б. бұрын тарихта тіршілік еткен» деп көрсеткен /5, Т-12. 728 б. /.
Несиелік қатынастар несие капиталының қозғалу процесінде пайда болғандықтан, оның жылжу кезеңін бөліп қарастыруға болмайды, мысалы, Ю. А. Жангериев несие қатынастарын : АҚША-КАПИТАЛ-НЕСИЕ жүйесі бойынша қарауды ұсынады.
Осы көзқарасты И. М. Крол да ұстанады, ол несиені зерттеуде бастапқы қатынасты жүйе ретінде қарастырады :«Осы жүйенің бастапқы қатынасына- деп жазады ол- шын мәнінде оның қозғалысының алғашқы тармағы ретінде осы банк қаражаттарының жинақталуына байланысты бос ақша қаражаттарын тарту бойынша қатынастар несие негізінде алынады » /6, 8б/.
Д. А. Аллахвердян осы ссуда капиталының қозғалу жолын мақұлдай отырып, жұмыста ссуда капиталын қалыптастырудың бастапқы сатысын несие бөлудің соңғы кезеңі ретінде банктің депозит шоттарындағы жинақталған бос ақша қаражаттары түрінде қарауды ұсынады. Ол сондай-ақ, «халықтың жинақтары тұрғындардың мемлекетке қайта бөлу принциптеріне сәйкес бөлінетін материалдық байлықтардың тұтыну мерзімін ұзарту түрінде берген несиелері тәрізді қызмет атқарады» деп жазады.
Несие қатынасын қалыптастыру қоғомның кейбір формацияларының ықпалымен шартталған өзгерістерге ұшырады, бұл функциялық құрылыстың артықшылығын дәлелдейді, бірақ өзгерістердің көпшілігі экономикалық емес, саяси сипатқа ие. Мәселен, саяси экономика оқулықтарында капитализмдегі несие капиталдың қайта айналымы мен айналымын талдаған соң өнеркәсіптік капиталдың оқшауландырылған формасы ретінде қарастырылады, ал социализм кезеңіндегі несие қорлардың қайта айналымы мен айналымын талдау бөлімінде көрсетілген. Алайда, несие өндірістік қорлардың оқшауланған қызмет ету формасы ретінде қарастырылмайды /7, 203 б/.
Несиелік қатынастарды қорлардың қайта айналым тұрғысынан О. И. Лаврушин қарастырады, ол былай деп жазады: «Ссуда қоры - социализмдегі жалпы мемлекеттік қорлардың жиынтығы, ол өзінің қозғалысында қаражаттардың қайта айналымы мен айналымның заңдылығын көрсетеді және қайтарымдылық негізінде құнның қозғалыс салаларында туындайтын қатынастарды білдіреді».
Несиелік қатынастарды қарастырғанда, ссудалық капиталдың қозғалыс қадамдарын талдауда несие алушының маңызды орнын толық бағаламай отырмыз. Несие алушының алатын орнына нақты толық баға беру үшін несиелік қатынасты екі экономикалық ғылымдар қиылысында - банк менеджменті және банктік маркетинг - қарастырамыз. Ф. Котлердің анықтамасы бойынша, маркетинг - қоғамның тұтыну қажеттіліктерін, оның өнімдерін айырбас жүргізу арқылы қанағаттандыруға бағытталған адамның әрекет түрі, ал «маркетинг» деген терминнің өзі ағылшынша «market» сөзінен алынған, ол нарық деген ұғымды білдіреді. Алғашқы кезде «marketing» термині «рынокта өнімді өткізу» деген мағынасын білдірген және 1935 жылы алғашқы рет АҚШ Ұлттық мұғалімдер ассоциациясының енгізуімен ресми түрде танылды. Несиелік қатынастарды түсінуді банк саясатын басқаруды зерттеуші ғылым басқа тұрғыдан бағалайды. Бұл ғылым - банктік менеджмент. «Management» термині ьасқару түсінігін береді, ол ағылшынның «manage» - жетектеу деген сөзінен пайда болған . «Менеджмент» өз алдына пән болып құрылу барысында дамудың ұзақ жолынан өтті, оның құрылу кезеңдері өркениеттің даму тарихындағы жарқын уақиғалардың бірі болып табылады. Менеджменттің 7000 жуық тарихы бар, бірақ ғылыми пән ретінде соңғы 100 жыл шамасында ғана танылып келеді /6, 15б. /. Банк менеджментінің өз ерекшеліктері бар, мұнда басқару объектісі болып банк және оның ұжымы табылады, ал субъекті ретінде банктің іс-әрекетін тиімді басқаратын әдістер және шешу қолданымы жүйелері саналады. Банктік маркетинг пен менеджмент ғылым ретінде өзара тығыз байланысты және екеуі де «басқару» ұғымын береді: біріншісі - банктің қызмет көрсетуін тиімді дамыту мақсатында оның іс-әрекетін басқару ғылымы, ал екінішісі - ұжымды басқару мен олардың іс-әрекетінен максималды қайтарымдылықты жоғарылатуды көздейтін ғылым. Банк пен оның клиенттерінің арасындағы несиелік қатынастарды қарастыру барысында, біз бұл екі ғылымның тәсілдер жүйелерін қолданбасақ, олардың жағдайына толық, нақты баға бере алмаймыз. Банк сәтті қызмет жүргізу үшін өзінің тактикасы мен стратегиясын әзірлейді, олар маркетинг ізденулері және іскер менеджмент негіздеріне сүйенеді.
Қазіргі іскер адамның ойынша, беделді және орнықты банк жарғылық капитал көлемінің мөлшерінен емес, оның менеджерінің сәтті қаржылық іс-әрекет жүргізуінен көрінеді. Банк менеджері мақсаттарды анықтайды және соған байланысты басқару іс-әрекетінің тиімді жүйесін құрайды, бірақ барлық уақытта қойылған мақсаты жүйеден тыс орналасады. Банктің несиелендіруін ұйымдастыруда менеджменттің жоғарғы деңгейін сақтап отыру үшін несиелендіру бөлімі мамандарының жоғары біліктілігі сәйкес болуы қажет. Несиелендіру процесінде несиелендіру қызметтерінің әр түрлі салаларындағы нарықтық тұтынуды зерттеу үшін маркетинг талдауы қолданылады. Мұнда несиелік қызметті сәтті жүргізу және максималды пайда табу мақсаты көзделеді. Қазіргі несиелік қатынастардың дамуында болашағы бар бағыт болып, банктің несие алушының іс-әрекетін зерттеуі және банктің жобаны іске асыруға қызығушылығы табылады, өйткені ол несие қайтару негіздерін қалайды. Қазіргі кезде банктің ақша-несиелік басқару саясаты екі бағытта дамып келеді, біріншісі - осы мезетте пайданы қамтамасыз етуді көздейді, ал екіншісі - ұзақ мерзімді даму болашағына бағытталған. Бірінші бағытта жоғарғы пайда алу көзделгенмен, оның қауіп-қатері өте жоғары, мұнда несиелендірудің негізгі принципі болып бизнес-жобасы және несие алушының қаржылық жағдайы емес, оның тек несие қайтаруына заттай мүлік кепілдігі танылады. Банк дамуының екінші бағытында несие алушымен біріге отырып оның ұсыныстарын қарастыру, оның бизнес-жобасын талқылау негізінде жоба мүмкіндігіне нақты баға беру, қажет жағдайда келісім-шарт бойынша белгілі жеңілдіктер көрсетіледі. Банк бұл іс-әрекетінде қаржыларын қайтару базасын құрады және пайда табубағытын көздейді. Екінші жағдайда банктер кепілдік немесе заттай мүлік талап етпейді деуге болмайды, әрине кепілдік қажет, бірақ оның мақсаты - болашақта болуы мүмкін шығындардың қайтарылуын қамтамасыз ету және сақтандыру. Несиелендіруде банктік менеджмент пен маткетингтік талдау жүйесі әдістерін тиімді пайдалану оның кірісін қалайтын қайнар көзін ұлғайтады, ал бұл болса пайданы да өсіреді.
Несие беруші мен несие алушы арасында қалыптасатын жағдайды тек банк тұрғысынан жұмылдырған бос ақша қаражаттарын орналастыру жолы деп алсақ, несие белгілі мөлшерде, аралық уақытта және өсімімен қайтарылады, мұнда пайда болған байланыс түрін несиелік қатынастар дейміз. Осындай жолмен қалыптасатын банктік несиелендіру операциясы тек бір жақты қарастырылып, несие қайтарылу кезінде байланыс аяқталуымен сипатталады.
Несиелік қарым- қатынастар дегеніміз - бұл несие беруші мен несие алушы арасының байланысы ретінде кеңінен қарастырылып, кері қатынастар болуымен анықталады. Банк мекемелері қарым-қатынастарын қарастыратын болсақ, бір жағынан ол несие беруші ретінде танылады, ал екінші жағынан - несие алушы. Банк мекемесі мен клиенттері арасындағы қарым-қатынастарды қарастыратын болсақ, банк бір жағынан несие беруші, ал екінші жағынан клиенттер бос ақша қаражаттарын қайтарымдылық, төлемділік және мерзімділік принциптерінде жұмылдырып, қатыстырғандықтан несие алушы ретінде байланысы сипатталады.
Банк несиесі- құқық нормасына негізделген қаржылық қатынастар, жеке және заңды тұлғалардың уақытша бос қаржыларының банктің атынан несие алушылардың қарамағына тартылып, жан-жақты келісімдер негізінде тиімді орналастырылуы. Банктік несиелендірудің ең маңызды үш еоекшеліктерін бөліп шығаруға болады. Біріншіден -несие беруді банктер әрдайым кәсіби түрде, арнайы Ұлттық банк лицензиясы бойынша ғана жасайды және олар жалпы экономиканы несиелендірумен айналысады. Екіншіден, банк несиесі тек қана ақшалай беріледі, ал басқа несие беру келісім-шарттардың объектісі тек қана ақша емес, басқа да тауарлар, материалдық құндылықтар бола береді. Үшіншіден, Банктердің қатысыуымен өтетін несиелендіруде қайтарылу, мерзімділік, төлемділік принциптері болады, ал басқа несие беру түрлерінде тегін берілуі мүмкін/8/. Банк несиелері классификациясы несие алушылардың түрлеріне қарай бөлінеді де, төменде берілген суреттегі үлгіні құрайды.
Сурет. Банктер несиелерінің типтік классификациясы
Экономикамыздағы банктердің несиелендіру шараларының ең көбі сауда-өндіріс өнеркәсіпті несиелендіруге арналған. Бұлардың ішінде несиелендіру мерзіміне қарай айналым активтеріне авансылауға арналған қысқа мерзімді және қаржы салымдарының маңызды бір қайнар көзі болып табылатын ұзақ мерзімді нсиелендірулерді бөліп қарауға болады. Несие тек компанияның қаржылық жағдайын мұқият тексеруден кейін ғана беріледі. Несие берілгеннен кейін де банк несие алушының жағдайын бақылап отыруға тиіс. Бұл шараның мақсаттары-біріншіден, берілген несиенің келіскен мерзімде қайтарылу ықтималдылығы, екіншіден, мерзімін ұзату қажеттілігі.
Несиенің шетелде тағы да көп тараған түрі-жылжымайтын мүлік кепілдігіне берілетінипотекалық несиелендіру. Бұл несиелер тұрғын үй және өндірістік ғимараттар салу, реконструкция жасау және сатып алуға баытталған. Ипотекалық несиелендірудің жақсы жақтары:
-несие берудің, басқаға қарағанда, қаупі төмен, өйткені берілген қарыз кепілдікте тұрған мүлікпен қамтылған;
- бұл несиелер ұзақ мерзімге берілетін болған соң, банкті клиентпен жиі кездесуден босатады;
-ипотекалық несиелендіру банкті үздіксіз клиентурамен қамтамасыз етеді, кепілдемелер қайталама нарықта жылдам айналып тұрады да, банкке өзінің тәуекелін диверсификациялауға несие берілгеннен кейін ипотеканы ату арқылы мүмкіндік береді.
Сонымен қатар ипотекалық несиелендірудің бірқатар кемшіліктері де бар:
- банк штатында арнайы мамандардың болуы қажет, ал ол қосымша қаражаттардың шығынына алып келеді. Бірақ бұл мәселені арнайы мекемелермен жұмыс өткізу арқылы шешуге болады, соның өзінде де банк шығындарға ұшырайды;
- ипотекалық несие берудің ұзақ мерзімдік сипаты банк қаржыларының ұзақ уақытқа оқшаулануына ықпал етеді. Бұл жағдайда банк әдетте кепілде тұрған мүлікті қайталама рынокқа шығару арқылы шешім табады;
- ипотекалық несиелендірудің ұзақ уақытқа берілетіндігі банктің болашақтағы табысына кері ықпалын беруі мүмкін, өйткені бірнеше жыл бұрын пайыздық мөлшерлемелердің өзгерісіне болжам жасау өте қиын. Депозиттер бойынша пайыздардың көтерілуі қауіп туғызуы мүмкін. Осы сияқты проблемалар өзгермелі пайыздың мөлшерлемелерін пайдалану арқылы шешіледі.
Жеке адамдарға көбінесе тұтынушылық және дербес түрде несие беріледі. Шетел тәжірибесінде тұтынушылық несиелерді ұзақ уақытқа пайдалануға арналған тұтынушылық тауарларды сатып алуға арналған ссуда деп атайды/10, 187б/. Несие беушілердің айырмашылығына қарай, халықты тұтынушылық мақсатқа несиелендірудің тікелй және жанамалы тұлғамын бөліп шығаруға болады. Бұл несиелердің қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген түрлері болады.
Мысалы, көлік алуға, сол көлікпен қамтамасыз етіліп несие берілген кезде несие алушы банкке қарызын төлей алмайтын болса, көлік те, оның қамтамасыз етілген мүлігі де банк меншігіне аударылады. Сонда көлік сатылады да, банк алдындағы берешектер содан түскен қаржыдан төленеді, бірақ бұл жерде қауіп деңгейі жоғары болады, өйткені сатылу бағасы берешектен төмен болуы мүмкін, л бұл жағдай банктің тағы да артық шығынына әкеледі.
Дербес несиелер қайталанатын жаңартпалы несие түрінде, не болмаса қамтамасыз етілмеген формасында несие алушының қаржылық жағдайын тарең тексеру мен сараптаудан кейін беріледі. Жаңртплы несиелендірудің бір жақсы қасиеті- несие алу процесін едәуір қысқартады да, алдын ала белгіленген келісілген шарттар негізінде қайта-қайта беріле береді, бұл келесі жолы берілетін несиеніңбелгілі бір мөлшерін ғана жаңартуға мүмкіндік береді. Осындай несиелендіру түріне кредит карточкалары жатады. Несие карточкалары тауарлар мен қызмет түрлерін алдын ала банкпен келісілген лимит мөлшерінде пайдалануға арналған. Банк өзінің клиентінің қаржылық міндеттемелерін несие есебіне төлеп отырады. Егер карточка иесі банктің несиесін 25 күн аралығында төлейтін болса, онда ол үстінен төленетін пайыздан босатылады.
Ауыл шаруашылық несиелеріне қажеттілік науқандық сипатқа ие, өйткені аграрлық өндірістің өзі де циклға байланысты болады. Несиелер науқанның шығынын жабуға арналады да, өзінің табиғаты бойынша сауда-өнеркәсіптік несиелерге ұқсас болып келеді. Әдетте, мұндай несиелер болашақ астықпен, малмен және ауыл шаруашылық техникасымен қамтамасыз етіледі. Өндіріс құралдарын сатып алуға арналан несиелер көбінесе орташа, кейде ұзақ мерзімге берілетін болғандықтан, салмақты қамтамасыз етуді талап етеді. Ауыл шаруашылық неиелеріне қауіп туғызатындар: ауа райының құбылыстары, болашақ астықтың болжамды сатылу бағасының өзгеруі. Бұның бәрі де қарызды қайтара алмау қаупін туғызып отырады, болмаса банк алдындағы міндеттемелерін толық атқара алмаған жағдайда банк шығынға ұшырап отырады. Жалпы Қазақстандағы ауыл шаруашылыққа арналған несиелендіру жүйесі ең алғашқы құру кезеңіндегі қалпында қала берсе, бұл жүйенің құрылуына мемлекеттік саясаттың әсері де зор екенін білдіреді. Тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттің аграрлық секторды тікелей несиелендіруде қатысуға тырысуы көбінде кері ықпалды нәтиже береді. Бұл жағдайда мемлекеттің қаржы құралдарын шаруа субъектілерін тікелей несиелендіруге емес; ауыл шаруашылығын несиелендіру рыногында жұмыс істегісі келетін жаңадан құрылып келе жатқан құрылымдарға кепілдік ретінде беруге пайдалану жөн болар. Демек, мемлекет, бір жағынан, өзінен аграрлық саланы шексіз және тиімсіз қаржыландыру жүгін алып тастаса, ал екінші жағынан агробизнес институттары мен банк жүйелерінің бастамаларын қолдар еді.
Бағалы қағаздар алуға арналған несиелер де беріледі. Мұндай несиенің өзіндік ерекшеліктеріне орй, несие алушылар- бағалы қааздар рыногында алып-сатумен айналысатын дилерлер мен брокерлер болып табылады. Берілетін несие арқылы несие алушы баға құнының айырмашылығының арқасында табыс түсіріп, қарыз берушінің де пайыздарын беріп отырады. Жалпы несие рыногында сатылатын бағалы қағаздар экономиканың дамуы мен өсуіне ілгерінді ықпалын тигізіп отырады .
Коммерциялық банктердің несиелері банк мекемелерінің арасындағы несие ресурстарының қайта бөлнуінің құралы болып табылады.
Банкаралық несиелер рыногы банктердің қажеттілігіне қарай қызмет етеді, ол қысқа мерзімге негізделеді. Бұл несиелендірудің тиімділігі жасалатын келісімдердің ерекшеліктеріне байланысты болады, себебі несиелендіру рыногы өзгермелі келеді және оның негізгі мақсаты-банк балансының қажетті өтімділік деңгейін сақтап отыру.
Банктік емес қаржы мекемелеріне берілетін несиелер. Банктік емес қаржы мекемелеріне-қаржы компаниялары, инвестициялық банктер, дербес несие беру банктері, ссуда-жинақтау ассоциациялары, кепілдеме операцияларымен шұғылданатын компаниялар, несие одақтары және т. б. жатады. Коммерциялық банктерге берілетін несиелер, олардың қаржы қорын құрайды да, басқа қаржы түрлеріне айналдырылып, несие алушыларға беріледі, олар пайыздағы айырмашылықтан пайда түсіреді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz